Есеп айырысужәне несиелік қатынастар


Контракт құқығы
Тапсырма № 6
Орындаған: Иргебекова Фариза Болатқызы 2 курс сырттай бөлім
Тексерген: Кусаинова Айнур Казыбековна
ЕСЕП АЙЫРЫСУЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР
1-есеп
«Қуат және компания» атты сенім серіктестігі «Агрегат» ақционерлік қоғамының сұрауы бойынша ас үйдің жабдығын сатып алуы үшін оған бір млн. теңге аударады. Ақша аудару «Агрегат» АҚ-ның хаты негізінде жүзеге асырылады. Ол хаттың мазмұнында «Агрегат» ақшаны 60 күннен кейін қайтаруға міндеттеме алады. Көрсетілген мерзім өткен соң «Агрегат» АҚ ақшаны қайтарған жоқ, осыған байланысты Серіктестік сотқа талап арызын береді. Сотта АҚ өкілі тараптар арасында несиелік міндеттеме туғанын, ал ұйымдарды несиелендіру-Ұлттық банк лицензиясы бойынша жүзеге асырылатын банк іс-әрекетінің көп түрінің бірі екенін мәлімдейді. Ал Серіктестік болса, лицензия алмай жатып, несие шартын жасасады. Серіктестік мүдделері жақтайтын қорғаушы тараптар арасында несие шарты емес, қарыз шарты жасалғанын айтады. Қарыз шартын жасасу үшін лицензияның қажеті жоқ. Сонымен қатар, ол сотқа қарыз шарты, несие шарты мен банктің ссуда шарты арасындағы айырмашылықты ажырата білуді ұсынады. Бұл дауда кімдікі дұрыс? Қарыз шартына, несие шартына және ссудалық шартқа сипаттама беріңіз.
Есепті шешу барысында ҚР-ның азаматтық кодексінің 728-бабының п. 1 қолданылады;
728-бап. Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың ерекшелiктерi
Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың мынадай ерекшелiктерi бар:
1) банктік қарыз шарты бойынша банк немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді;
Қорытынды: қарыз беру үшін лицензия болуы керек.
2-есеп
Акционерлік банкке шот ашу жөнінде төрт арыз түседі: а) толық серіктестік қатысушылары өкілет берген коммуналдық кәсіпорынның бас директорынан толық серіктестікке есеп шотын ашу жөнінде; ә) жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның орналасқан жерінен тыс екінші есеп шотын және неміс маркасының валюталық шотын ашу жөнінде; б) кәсіпкер ретінде тіркелген азамат Сырымов клиенттерімен есептесу үшін банк шоты шартын жасасуды сұрап; в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрмақшы болған бір топ азаматтардың жарғылық капиталдың 50%-ін төлеу үшін шот ашуды сұрап. Банктің заң қызметі әрбір жағдай бойынша қандай жауап беруі тиіс? Коммерциялық банктерде шот ашудың жалпы тәртібі қандай, оларды ашу үшін қандай құжаттар қажет? Банктегі шот пен банкке ақша салу шарттарының айырмашылығы неде?
Есепті шешу барысында ҚР-ның азаматтық кодексінің 747-750 баптар аралығы қолданылады;
747-бап. Банктiк шот шарты
1. Банктік шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екінші тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi тұлғаларға тиiстi ақша сомаларын аудару (беру) туралы клиенттiң өкiмдерiн орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
Банктік шот шартында айқындалған талаптар басталғанға дейін немесе оларды орындағанға дейін ағымдағы немесе жинақ шот иесінің шығыс операцияларын жасау құқығынсыз осы ағымдағы немесе жинақ шоттағы ақшаны депонирлеу (бұғаттау) талабымен үшінші тұлғаның атына банктік шот шарты бойынша ағымдағы немесе жинақ шот ашуға жол беріледі.
Банктік шот ашқан кезде клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға клиенттiң банктегi ақшасын есепке алу мақсаты үшін тараптар келiскен шарттармен клиенттiң жеке сәйкестендіру коды берiледi. Клиенттiң жеке сәйкестендіру кодын беру, жою, банктiң клиент ақшасының есебін жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерiн өз бетiнше таңдайды және олар банктiк шот шартын бiр банкпен де, бiрнеше банкпен де жасауға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.
748-бап. Банктік шот шартының нысаны
1. Банктiк шот шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Банктiк шот шартының жазбаша түрiн сақтау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
749-бап. Клиенттiң ақшасына билiк ету
1. Банк клиенттiң банктегi ақшасын алып қоюды егер заң актiлерiнде немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, клиент өкiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Егер заңдарда немесе банктiк шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттiң ақшаны пайдалану бағытын белгiлеу мен бақылауға және оның өз қалауынша ақшаға билiк ету құқығына заңдарда көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ.
2. Егер ақшаны азамат салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын не азаматтың өзi, не ол осы құқықты сенiп берген адам пайдаланады.
Егер ақшаны заңды тұлға салған болса, банктегi ақшаға билiк ету құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкiлдiк берген өзге адамдар пайдаланады.
3. Банктегi ақшаға клиент атынан билiк етудi жүзеге асыратын адамдардың құқықтары клиент банкке заңдарда және шартта көзделген құжаттар ұсыну арқылы расталады.
4. Банктiк шот шартында банктегi ақшаға билiк етудiң тәртiбi белгiленуге тиiс. Мұндай тәртiпке қойылатын талаптар банктiк заңдармен белгiленедi.
750-бап. Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар
1. Банктiк шот шартына сәйкес банк:
1) клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;
2) клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;
3) клиенттiң үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкiмiн орындауға;
4) үшiншi тұлғалардың, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) банктiк шот шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы өкiмдерiн орындауға;
5) банктiк шот шартында белгiленген тәртiп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған берудi жүзеге асыруға;
6) клиенттiң талап етуi бойынша клиенттiң банктегi ақша сомасы және жүргiзiлген операциялар туралы ақпаратты шартта көзделген тәртiппен беруге;
7) клиентке шартта, заңдарда және банктiк тәжiрибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге мiндеттi.
2. Банк клиенттiң пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттiң ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын берудi, егер заң актiлерiнде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған нормативтiк құқықтық актiлерде өзге мерзiмдер көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келiп түскен күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргiзуге мiндеттi.
3-есеп
Мемлекеттік кәсіпорын «Найзағай» кооперативіне тігін жабдығын жөндеу қызметі үшін 36 млн. теңге төлеуі қажет еді. Кәсіпорынның бас директоры есептесу чсгіне қол қойды, бірақ төлеуге тиісті ақырғы соманы көрсетпейді, оны бас бухгалтерге келесі күні істеуге ұсынады. Белгісіз себептермен чек бас директор сейфінен жоқ болып кетеді және жоғалған чекте көрсетілген лимиттің барлық сомасы шегінде «Кентавр» серіктестігінің 257млн. теңге алғаны белгілі болады. «Кентавр» серіктестігінің шотынан ақшаны қайтарып алуға тырысқанмен нәтиже болмайды, өйткені барлық қаржы оның есеп шотынан алынған, ал серіктестік басшылары зым-зия жоқ болып кеткен екен. Кәсіпорын чектің жоғалуында кінәсі жоқтығын айтып, ал банктің чекті тексеруі үшін, әсіресе чекте көрсетілген соманың бөлек шотта депозитке берілген чек берушінің барлық каржысына тең екенін ескере отырып, барлық шараларды қолдану керектігін айтып, наразылығын білдіреді. Чек беруші көзқарасының негізі бар ма? Чектердің қандай түрлері сізге белгілі?
Чек - ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
-ақшалай чек - банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
-ордерлі чек - бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
-мәлімдеуші чек - чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
-есеп айырылысу чегі - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
-жол чегі - туристік сапарларға арналған төлем құралы;
-кепілдендірілген чек - банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай: біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді; екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады; үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар - компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
4-есеп
«Қыран» машина жасау зауытынан металл кесетін станоктарын сатып алған «Құрылыс» акционерлік қоғамы «Қыран» МЖЗ-нан сатып алынған өнім үшін төлем ретінде аударма векселін береді. Аударма векселінде «Құрылыс» АҚ-ның «Заман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне вексельде көрсетілген соманы «Қыран» зауытына немесе оның бұйрығына төлеу жөнінде бұйрығы көрсетілген. Вексель «Заман» ЖШС-мен акцептелген болатын. «Қыран» зауыты вексельдің келесі бетіне индоссамент жасап, оны өз несие берушісі - «Сапар» акционерлік қоғамына береді. «Сапар» АҚ үш айдан соң вексельді төлеушіге - «Заман» ЖШС-не ұсынғанда, соңғысы жасалған акцепт бастапқы вексель ұстаушы «Қыран» зауытына ғана қатысты екенін келтіріп, оны қабылдаудан бас тартады. «Сапар» акционерлік қоғамы вексель бойынша наразылық жасап, «Қыран» зауытына талап арызын береді. Аударма векселі, индоссамент, акцепт және авальдің шығу тегі қандай? ЖШС «Заманның» көзқарасы негізделген бе? Егер вексель жасалу сәтінен 7 ай өткен соң төлеуге ұсынылған болса, шешім өзгерер ме еді?
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуiрдегі N 97 Заңымен реттейміз.
Аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Акцепт - вексель төлемiне берiлетiн жазбаша келiсiм.
Индоссамент - вексель сыртындағы немесе аллонждағы табыстау жазбасы, бұл осы вексель бойынша иелену құқығының басқа тұлғаға берiлгенiн куәландырады.
Аударым векселi (тратта) - вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трассатқа) бiрiншi вексель ұстаушының (ремитенттiң) немесе оның бұйрығы бойынша алдағы белгiлi бiр уақытта не ұсынуы бойынша төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнәрсеге негiзделмеген ұсынысы (бұйрығы) бар вексель.
5-есеп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz