ТАПСЫРМА ШАРТЫ. КОМИССИЯ. САҚТАУ ШАРТТАРЫ


Контракт құқығы
Тапсырма № 7
Орындаған: Иргебекова Фариза Болатқызы 2 курс сырттай бөлім
Тексерген: Кусаинова Айнур Казыбековна
ТАПСЫРМА ШАРТЫ. КОМИССИЯ. САҚТАУ ШАРТТАРЫ
1-есеп
Сырымов Науқанбаевпен шарт жасасып, Науқанбаев үшін құрылыс материалдарын сатып алуды өзіне міндет етіп алады. Құрылыс материалдары алынған соң, Науқанбаев материалдардың өте жоғарғы бағамен алынғанын сілтеп, оларды қабылдаудан және Сырымовқа олардың құнын төлеуден бас тартады. Сырымов өзіне берілген және нотариалды түрде куәландырылған сенімхатта құрылыс материалдарын сатып алуға қажетті бағалардың көрсетілмегенін, тек Сырымовқа «қазіргі бағалармен құрылыс материалдарын сатып алу тапсырылады» делінгеніне сүйене отырып, материалдардың құнын төлеуді талап етеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын қабылдауды кешіктірілуіне байланысты оларды сақтау үшін қосымша шығындалған Сырымов, сол шығындардың да орнын толықтыруды талап етеді. Науқанбаев болса, сенімхат беру кезінде Сырымовқа нақты сома көлемінде сауда жасауын атағанын айтып өз дегенінен қайтпайды. Келісімге келе алмай, тараптар заң кеңесшісіне барады. Оларға қандай түсініктеме берген жөн?
Есепті шешу барысында ҚР-ның азаматтық кодексінің 849-бабы қолданылады.
849-бап. Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi
1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:
1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.
3. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.
Қорытынды: Сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.
2-есеп
Иманов өзіне берілген тапсырманы орындап болған соң, Біржановтан тұрғын үйді жалға алу мәмілесін іске асырғаны үшін 2 000 теңге мөлшерінде сыйақы төлеуді талап етеді. Біржанов ондай мөлшерде сыйақы төлеуден бас тартады, өйткені шарт жасасқанда сыйақының нақты сомасы көрсетілмеген болатын, бірақ ол Имановтың жасаған мәмілесіне өте риза екенін білдіріп, 500 теңге сыйақы төлеуге дайын екенін айтады. Имановтың ойынша ол өзіне тиісті сыйақы мөлшерін өзі тағайындауға құқылы. Оның үстіне, оның білуінше, тұрғын үйді жалға беру агенттіктері ондай қызмет көрсету үшін 5 000-нан 7 000теңгеге дейін мөлшерде сыйақы алатынын, ал оның өте төмен соманы сұрағанын айтады. Бұл дауда кімдікі дұрыс? Егер Иманов жеке кәсіпкер - тұрғын үйді жалға алып беру агенті болатын болса, шешім өзгере ме?
Есепті шешу барысында ҚР-ның азаматтық кодексінің 850-бабы қолданылады.
850-бап. Тапсырма шартындағы сыйақы1. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.
2. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.
Қорытынды: Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.
3-есеп
«Сәуле» фирмасы азамат Әшекеевпен келісім жасасып, қолына сәйкес сенімхат береді. Әшекеев «Сәуле» фирмасы атынан өзі өкілі болып табылатын «Гауһар» акционерлік қоғамымен шарт жасасады. Шарт фирма үшін де, акционерлік қоғам үшін де олжалы еді, алайда фирма басшылығы Әшекеевтің қоғамның да агенті болып табылатынын біле салысымен, жасасқан шарттың жарамсыздығы жайлы жариялайды, өйткені ол өкілеттік туралы заңға қайшы келеді деп тапты. Әшекеевтің ойынша, фирма басшылары сенімхатты заңсыз қайтарып алған, агенттік келісім фирманың да мүддесін, заңды да бүзған жоқ. Тараптар заң кеңесшісіне кеңес сұрап барады. Істі шешіңіздер.
Есепті шешу барысында ҚР-ның азаматтық кодексінің 853-бабы қолданылады.
853-бап. Тапсырма шартын тоқтатудың зардабы1. Егер тапсырма шарты сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырманы толық орындағанға дейiн тоқтатылған болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау кезiнде шыққан шығынын төлеуге, сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы тиесiлi болған жағдайда, оның орындаған жұмысының көлемiне мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырманы оның тоқтатылғаны туралы бiлген соң немесе бiлуi тиiс болғанда орындаған болса, бұл ереже қолданылмайды.
2. Сенiм бiлдiрушiнiң тапсырманы өзгертуi, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет жасайтын сенiм бiлдiрiлген өкiлмен шарт тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiлге шарттың тоқтатылуымен келтiрiлген залалдардың өтелуi үшiн негiз болып табылмайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң сенiм бiлдiрушiнiң тапсырмасын орындаудан бас тартуы, сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң сенiм бiлдiрушi өз мүдделерiн өзгеше қамтамасыз ету мүмкiндiгiнен айрылған кезде бас тартуы жағдайларын, сондай-ақ кәсiпкер ретiнде қызмет жасайтын сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң шартты тоқтатуы жағдайларын қоспағанда, шарттың тоқтатылуынан сенiм бiлдiрушiге келтiрiлген залалдардың орнын толтыру үшiн негiз болып табылмайды.
4-есеп
Комиссиялық дүкенде стереомагнитофон қарап жүрген бір адам абайсызда оған зақым келтіреді. Комиссионер зақымды тек бірнеше күн өткен соң байқайды. Магнитофонды, оның сынып қалуынан, комитентпен келістірілген бағамен сата алмағандықтан, дүкен оның бағасын төмендетіп, шартта қарастырылғаннан 2 есе арзан бағамен сатып жібереді. Комитент магнитофонның шартта айтылған бағасының толық сомасын төлеуді талап етеді, сонымен қатар комиссионср өз міндеттерін дұрыс орындамағандықтан, комиссияяық сыйақы алуға үміт артпасын деп мәлімдейді. Комиссиялық дүкен комитентке магнитофонның іс жүзінде сатылған бағасы бойынша төлемін береді және комиссиялық сыйақы ұстап қалады. Комитент сотқа барады. Істі шешіңіздер.
Есепті шешу барысында ҚР-ның азаматтық кодексінің 873-бабы қолданылады.
873-бап. Комиссионердiң комитент мүлкiнiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiгi1. Комиссионер өзiндегi комитент мүлкiнiң жоғалуына, кем шығуына немесе бүлiнуiне ұшыратқан әрбiр қателiгi үшiн комитент алдында жауап бередi.
2. Егер комиссионердiң комитент жiберген мүлікті не комитентке арнап комиссионерге келiп түскен мүлiктi қабылдауы кезiнде бұл мүлiктi сырттай қараған кезде бүлiну немесе өзге де ақаулар байқалған болса, сондай-ақ комиссионердегi комитенттiң мүлкiне бiреулер зиян келтiрген жағдайда, комиссионер комитенттiң құқығын қорғау шараларын қолдануға, қажеттi айғақтар жинауға және осылар туралы комитентке дереу хабарлауға мiндеттi. Аталған шарттар орындалған жағдайда комиссионер комитенттiң шеккен залалдары үшiн жауап бермейдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz