Мүлікті сенімгерлікпен басқару ұғымы


Контракт құқығы
Тапсырма № 7
Орындаған: Иргебекова Фариза Болатқызы 2 курс сырттай бөлім
Тексерген: Кусаинова Айнур Казыбековна
МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ
1-есеп
Шетелге тұрақты түрде қоныс аударуға бел шешкен Ержанов қозғалмайтын мүліктерді сенімгерлікпен басқарумен айналысатын агенттікке өтініш жасап жеке меншігіндегі тігін ательсін өзінің пайдасы үшін ұтымды басқарып беруді сұрайды. Агенттіктің қызметкерлері бұл тектес қызмет үшін Ержанов өз қалауы бойынша тапсырма немесе мүлікті сенімгерлікпен басқару және ательені заңды тұлға ретінде басқару шартының бірін жасауы қажет деп түсіндіреді. Ержанов аталған шарттардың бір-бірінен қандай айырмашылығы барын түсіндіруді сұрайды. Агенттіктің қызметкерлері қандай жауап берулері тиіс?
Бұл есепті Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 846, 883- баптарына сәйкес реттейміз.
846-бап. Тапсырма шарты
1. Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.
2. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.
883-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ұғымы және оның пайда болу негiздерi1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару:
1) мәмiле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиеттi орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша) ;
2) сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда) ;
3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады (белгiленедi) .
3. Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.
4. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессиялар туралы заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.
2-есеп.
Қаланың коммуналдық меншігіндегі «Мейман» қонақ үйі ұтымсыз басқарудың нәтижесінде ешбір табыс етілмейді. Сол себептен қала әкімшілігі қонақ үйді «Рахат» акционерлік қоғамына сенімгерлікпен басқаруға береді. Олар қонак үйді қайта жабдықтап жөндеуден өткізеді. Алайда, осыдан кейін де қонақ үйді пайдаланудан түскен табыс оның өз шығындарынан артылмайды. Сондай-ақ «Рахат» акционерлік қоғамы шарт бойынша қонақ үйді қайта жабдықтап жөндеуден өткізген мердігерлермен әлі күнге дейін есеп айырыспаған, себебі аталған шартқа акционерлік қоғам тек сенімгерлікпен басқарушы тарап ретінде ғана қатысты болғанын желеу етеді. Мердігерлер сотқа талап арыз беріп, қала әкімшілігінен шарт бойынша міндеттемелерін орындауды талап етеді. Сот мердігерлердің талабын қанағаттандыру мақсатында шешім кабылдап «Мейман» қонақ үйін жария саудаға салып сатады. Осыдан кейін жергілікті әкімшілік сотқа арызданып «Рахат» жабық акционерлік қоғамынан сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктен айыру нәтижесінде келтірілген шығынды өтеп беруді талап етеді. Ал «Рахат» акционерлік қоғамы өзіне қойылған бұл талапты орындаудан бас тартып өз тарапынан әкімшіліктен өзінің қонақ үйді басқаруға жұмсаған шығындарын етеуді және сыйақы беруді талап етеді. Сот жергілікті әкімшілікпен «Рахат» акционерлік қоғамының өзара бір-біріне қойған талаптарын қанағаттандырмай тастайды. Соттың шығарған шешіміне баға беріңіздер.
Бұл есепті Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 888- бабына сәйкес реттейміз .
888-бап. Сенiмгер басқарушының құқықтары мен мiндеттерi1. Сенiмгер басқарушының мүлiктi дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген iс-әрекеттi жүргiзуге құқығы бар.
Сенiп берілген мүлікке сенімгер басқарушының құқығы заң актiлерiмен, шартпен немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару пайда болғанда негiзге алынған өзге де актiмен шектелуi мүмкiн.
Сенiмгер басқарушы қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру мен кепiлге салуды сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу туралы актiде ол тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жасауға құқылы.
2. Сенiмгер басқарушының мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару кезiнде өзi жасаған қажеттi шығындарды құрылтайшының (пайда алушының) есебiнен, не сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен, не сенiп тапсырылған мүлiктi пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен өтетiп алуға құқығы бар.
Егер мүліктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу туралы актiде көзделсе, сенiмгер басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.
3. Сенiмгер басқарушының басқа бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне сенiп тапсырылған мүлiктi қайтарып алуға, сондай-ақ оның басқару құқығын бұзушылықты жоюды, бұл құқық бұзушылық иеленудi бұзумен байланысты болмаса да, талап етуге құқығы бар.
4. Сенiмгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында белгiленген мерзiм мен тәртiп бойынша өз қызметi туралы есеп бередi. Құрылтайшының және (немесе) пайда алушының талап етуi бойынша сенiмгер басқарушының қызметi туралы есеп өзге жағдайда да дереу берiлуге тиiс.
5. Сенiмгер басқарушының өзi үшiн белгiленген шектеулердi бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мұндай мәмiлеге қатысушы үшiншi тұлға ондай шектеулердi бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, жарамды деп танылады. Бұл жағдайда сенiмгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
Сенiмгер басқарушы өзiне берiлген құқықты асыра пайдаланып немесе өзi үшiн белгiленген шектеулерді бұзып жасаған мәмiле бойынша мiндеттеменi сенiмгер басқарушы өз мүлкi есебiнен мойнына алады.
Қорытынды: Сенiмгер басқарушының мүлiктi дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген iс-әрекеттi жүргiзуге құқығы бар.
3-есеп
Азамат Шалқаров «Жігер» акционерлік коғамының акцияларын «Алтай» фирмасына сенімгерлікпен басқаруға береді. Үш ай өткеннен кейін Шалқаров фирманың акцияларды номиналдық құнынан бірнеше есе қымбат бағаға сатып жібер-генін біледі. Ол фирмадан сатылған акциядан түскен ақшаны беруді талап етеді. Фирманың жетекшісі Шалқаровтың бұл талаптарын орындаудан бас тартып екі тараптың жасаған сенімгерлікпен басқару шартының бір жыл мерзімге жасалғанын ес-кертеді. Фирма акциялардан түскен ақшаларға құнды қағаз-дардың басқа түрлерін сатып алып оларды құнды қағаздар рыногында ұтымды пайдаланып, олардан мол табыс табуға ниеті бар екенін айтады. Фирманың пайымдауынша Шалқаров құнды қағаздармен жасалған операциядан түскен табысты тек сенім-герлікпен басқару шартының мерзімі аяқталғаннан кейін ғана алуға кұқылы. Шалқаров сотқа талап арыз беріп фирмадан акцияларды сату нәтижесінде түскен ақшаларды қайтарып беруді талап етеді. Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?
Бұл есепті Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 892 - бабының пп. 4 п. 3 сәйкес реттейміз.
892-бап. Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару
1. Сенiмгер басқарушының сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген және (немесе) сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен не сенiп тапсырылған мүлiктi пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен сатып алынған акциялармен және өзге де бағалы қағаздармен операциялар жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының шоты бойынша көрсетiлуге жатады.
3. Егер мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде өзгеше көзделмесе, сенiмдер басқарушы өзiне сенiп тапсырылған акцияларды (акцияны) басқару кезiнде:
1) акционерлік қоғамды басқаруға қатысады;
2) акцияларға тиесілі дивидендтер алады және оларды пайда алушыға бередi;
3) акционерлiк қоғам таратылған жағдайда акцияға тиесiлi мүлiктi алады және оны шартқа сәйкес пайда алушыға немесе құрылтайшыға бередi;
4) акцияларды иелiктен айыруды және кепiлдiктi қоса алғанда, олармен өзге де операцияларды жүзеге асырады.
4. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Қорытынды: Сенімгер басқарушы акцияларды иелiктен айыруды және кепiлдiктi қоса алғанда, олармен өзге де операцияларды жүзеге асырады
4-есеп
Делавер штатының заңы бойынша АҚШ-тың заңды тұлғасы болып табылатын «Пица-Пица» корпорациясы жеке кәсіпкер Ануфриевпен коммерциялық концессия шартын жасады. Осы шарт бойынша кәсіпкерінен өндірушінің өнімдерін сату кезінде корпорацияның фирмалық атауын, іскерлік беделін және тауарлық белгісін пайдалану құқығына ие болды. Шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдары бойынша белгіленеді. Ануфриев тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық әкімшілікке Қазақстанның патент пен тауарлық белгілері жөніндегі ведомствоға коммерциялық концессия шартын тіркеуге алуды өтініп, арыз береді. Әкімшілік төмендегі негіздер бойынша шартты тіркеуден бас тартады. Біріншіден, коммерциялық концессия шарты лицен-зияттың түрған жерінде емес лицензиялардың тұрған жерінде тіркелуі тиіс. Екіншіден, шартта пайдаланушыға тиісті құжаттар мен ақпараттарды беру және сонымен бірге пайдаланушы мен оның қызметкерлеріне коммерциялық концессия шарты бойынша берілген құқықтарды игеруге байланысты кеңес беру жағдайлары көзделмеген. Сондай-ақ «Пица-Пица» тауарлық белгісіне лицензия беру де көзделмеген. Осылайша тараптар коммерциялық концессия шартының елеулі жағдайлары жайлы келісімге жетпеген. Сол себептен шарт жасалды деп танылмайды. Ал Қазақстан Республикасының патент және тауар белгісі жөніндегі ведомствосы тауар белгісін пайдалануға беру туралы шартты тіркеуге ала алмайтындығы туралы хабарлайды, себебі «Пица-Пица» тауар белгісі ведомствода тіркелінбеген. «Пица-пица» корпорациясына қызмет көрсетуші заң фир-масы кәсіпкер Ануфриевтің сұрауына қайтарған жауабында Де-лавер штатының заңында тауарлық белгілер арнайы тіркеуге алынбай-ақ қорғалатыны туралы хабарлайды. Делавер штатының заңында коммерциялық концессия ІІІартын арнайы тіркеуге алу мүлдем көзделмеген. Тараптар өз қатынастарын заңға сәйкес дұрыс рәсімдеуі үшін қандай шаралар жасауы қажет? Әкімшілік пен Қазақстанның патент және тауар белгісі жөніндегі ведомоствасының пайымдауларына сараптама жасаңыздар. Коммерциялық концессия шартының елеулі жағдайларына нелер жатады? Егер коммерциялық концессия шарты бойынша пайымдаушыларға берілген кейін құқық иеленуші өндіріс меншік объектісіне айрықша құқықтарынан айрылса қандай құқықтық салдар туындайды?
Бұл есепті Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің негізгі 906-бабымен, 998-бабымен реттеледі, дауда туған мәселелер бойынша келесі баптарды қосып өтсек болады: 1001-бап, 966-бап, 1002-бап, 897-1-бап сәйкес реттейміз.
906-бап. Пайдалануға берiлген бiр немесе бiрнеше айрықша құқықтардың өзгеруi кезiнде шарт күшiнiң сақталуы
Пайдалануға берiлген бiр немесе бiрнеше айрықша құқықтарды лицензиар өзгерткен жағдайда, егер лицензиат шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап етпесе, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты сақталады және лицензиардың жаңа айрықша құқықтарына қатысты қолданылады. Лицензиат шарттың күшi сақталған жағдайда лицензиарға тиесiлi сыйақы мөлшерiне қарай азайтуды талап етуге құқылы.
1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт
1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
2. Лицензиялық шарттың мазмұны осы Кодекстiң 966-бабында жазылған талаптарға сәйкес келуге тиiс.
966-бап. Лицензиялық шарт
1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
2. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия) ;
2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия) ;
3) интеллектуалдық меншік объектісін пайдаланудың заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларын беру көзделуi мүмкін.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.
3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.
Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.
1002-бап. Ашық лицензия
1. Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады.
2. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi.
Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды.
998-бап. Патенттің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi орган берген өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патенттер қолданылады.
2. Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патенттер, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады.
3. Егер белгiленген тәртiпте мәлiмденген шешiм тиiсiнше өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсiптiк үлгiлерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қойылатын талаптарға сай келсе, шетелдіктер мен шетелдiк заңды тұлғалар немесе олардың құқықтық мирасқорлары Қазақстан Республикасында өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгіге патент алуға құқылы.
897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тіркеу
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, интегралдық микросхемалар топологияларына айрықша құқықтар кешенін беру туралы талаптарды қамтитын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты патенттік органда (ұйымда) тіркелуге жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шартты тіркеу тәртібіне лицензиялық шартты тіркеу туралы ережелер қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz