Адамды күдікті деп тану жəне күдіктінің іс -əрекетінің саралануын айқындау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Адамды күдікті деп тану жəне күдіктінің іс -əрекетінің саралануын айқындау
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 2-курс
Тексерген: Бисенғали Лилия
Алматы 2017ж.
Жоспары:
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Күдікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
- . Адамды күдікті деп жариялау;
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектілерінің бірі - күдікті болып табылады. Күдікті қылмыстық іс әрекетті жасады деп күдік тудырған, күмән келтірген жеке тұлға. Осы сезіктінің қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық жағдайларының негізі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексінде (64-бап) тікелей бекітілген. Сондықтан да қылмыстық процестегі өте маңызды субьекті болып танылады. Күдіктінің қылмыстық іс бойынша заңда көрсетілген негіздерде құқықтық реттеу өте маңызды болып саналады. Бұл жердегі басты мәселе күдіктіні ұстау сәтінен басталады. Соның ішінде, құқықтық құрал арасында, заңда көрсетілген құқық қорғау органдарының қылмыстық сот ісін жүргізудегі жұмыстарының ішіндегі - күдіктіні ұстау үлкен орын алады. Бұл тиімді шара, күдіктінің қылмысқа қатысты бар ма және оған жаза ретінде қамауға алатындығын көрсететін өте маңызды жағдай. Күдіктіні уақытында ұстау оған алдын ала тергеуден қашуын және қылмыстық істің шындығын ашуға қарсы келуінен, қылмысты әрі қарай жалғастыруын тоқтатуына себеп болады.
Қылмыстық процестік кодексінде көрсетілген тәртіптер мен негіздерді сақтай отырып күдіктінің конституциялық құқықтарымен бостандықтарын заңды түрде рәсімдеу басты мәселе болып саналады. Бұл жердегі күдіктіні ұстау тікелей жеке адамның құқығына қол сұғушылыққа жатады, осыған байланысты бұл шара өте қатаң түрде тексеріледі. «Жалпы Адам құқығы» Халықаралық декларациясында «ешкім қамауға, ұстауға немесе қуылуға алына алмайды», - деп айтылған.
Бұл қылмыстық әрекет бойынша ең алдымен күдікті деп тану мәселесін жан - жақты қарастырып заңда көрсетілген тәртіптерде прокурордан санкцияны алу негіздері мен дәлелді қаулы шығару кезеңінен басталады. Осы сәттен бастап қылмыстық іс бойынша іс қозғалып тергеу әрекеттерінің процесі жүргізіледі. Күдікті деп тану қаулысынан бастап күдіктінің қылмыстық процестік заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қатаң түрде сақтау басшылыққа алынады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық іс бойынша күдіктінің құқықтық мәртебесін жан - жақты, заңды тәртіптер мен негіздерде реттелуін талқылау болып танылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың мазмұнын қылмыстық істер жүргізу субьектілері мен іске қатысушылардың қылмыстық іс бойынша заңдарда бекітілген құқықтары мен міндеттері ашып көрсетуден бастауды негіз етіп отырмын. Сондықтан да сезікті қылмыстық іс жүргізу субьектілерінің екінші топ субьектілеріне, яғни қылмыстық іс бойынша өз мүддесін қорғап түсуші тұлғалардың бірі болып танылады. Осының әсерінен құқық қорғау органы заңда бекітілген күдіктіні ұстау процедурасын құқықтық тәртіптер мен негіздерде ұстауды іс бойынша субьектінің маңыздылығын айқындайды. Осындай ұстау процедурасын заңды түрде жүргізілу тәртіптерін, негіздерін прокурордың берген санкциясы негізінде бекітіледі, ал кейбір жағдайда кезек күттірмейтін мән - жағдайлар бойынша прокурордың тиісті санкциясынсыз күдіктіні ұстау орын алады. Дегенмен, бұндай процедура жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға хабарлануы тиіс. Осындай тәжірибе барысында туындайтын бірнеше келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін және олардың заңды түрде жүргізілуі үшін күдіктіні ұстау тәртіптері жан - жақты қарау негізінде қарастырылады.

Күдіктіні ұстау тек іс кейінге қалдыруды көтермейтін жағдайда қолданылады. Бұл жағдай мынадай екі шарттың үйлесуімен туындайды.
1) қауіпсіздік мақсатында күдіктіні дереу оқшаулау қажеттілігі, яғни еркіндікте қалған ол анықтау және алдын - ала тергеуден жасырынады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен айналысады;
2) жеткілікті негіздердің жоқ болуы немесе тиісті түрде рәсімдеуге обьективтік кедергілердің болуынан қамауға алу бұлтартпау шарасын дереу қолданудың мүмкін еместігі.
Егер де осы талаптардың кем дегенде біреуі болмаса, ұстау қолданылмайды, оның ішінде, егер де күдікті жасырынады ақиқатты анықтауға бөгет келтіреді немесе немесе қылмыстық әрекетпен айналысады деген қорқыныш туындамаса, ол бостандығынан айырылуға тиіс емес. Осындай салдардың түсуін болжауға жеткілікті негіздер және нақты мүмкіндіктер болса, шығарып және прокурордың санкциясымен күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы - қамауға алу қолданылады.
Бұл байланыс ұстаудың қамауға алуға қатысты бағыныштылық сипатын куәландырады.
Теоретикалық талдауда және тәжірибелік қолдануда ұстау нормасын саралау барысында бірнеше қарама - қайшылықтар туындайды. Күдіктіні ұстау мен тұлғаны ұстау екі үлкен мағынаны білдіреді. Себебі, күдіктіні ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу түріндегі бұлттартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы. Бұндай ұстау негіздері қылмыстық прцестік кодексінің 17 - тарауының баптарында көрсетілген жағдайларда жүргізіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрақты жері болмағанда және күдіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады. Бұл кезеңде, заңды түрде іске қатысушы күдікті ретінде құқықтық дәлелді қаулы толық қабылданбаған. Сондықтан да, алдымен тұлғаны ұстау жүргізіліп құқықтық негізде дәлелденгеннен кейін күдіктіні ұстау ретінде қарастырылады.
«Қылмыс жасады деп күдік келтірген адамды ұстау тәртәбі» деп аталатын бапқа тоқтала кетелік. Ұсталған адамды анықтау не тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негіздері мен дәлелдері, жері мен уақыты ( сағаты, минуты көрсете отырып ), жеке тінтудің нәтижелері, сондай - ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілген хаттама жасайды. Хаттамамен ұсталған адамды таныстырады, бұл ретте оған Қылмыстық процестік кодексінің 64 - бабында көзделген күдік келтірген адамның құқықтары, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген негіздер мен алдыма қойған мақсаттарды жан - жақты ашып көрсету үшін бұл жұмыстың мазмұнын үш тараудан құрастырдым. Соның бірінші тарауында қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы, ұстаудың мәні және негіздері, күдікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі, екінші тарауында ұстаудың криминалистикалық тактиканың түсінігі жалпы ережелері, уақытша ұстау изоляторының ішкі тәртіп ережелерін бекіту.
Мен бұл жұмысты жазу барысында көптеген ғалымдардың еңбектері мен мақалаларын пайдалана отырып, қазіргі таңдағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алдым. Мәселен, Б. Қ. Төлеубекованың, В. И. Силвесторовтың, Н. А. Власованың, еңбегін және көптеген заңгер ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын пайдаландым.
Күдіктінің процесуалдық тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде анағұрлым күрделі болып табылады.
Күдікті дегеніміз, Қылмыстық процестік кодексінің 64 - бабында көрсетілген, ол - тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгені хабарлап, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. Яғни оған қатысты іс қозғалған, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды, айыптау табыс етілгенге дейін бұлттартпау шаралар қолданылатын адамды білдіреді. Сонымен бірге күдікті дегеніміз - қылмыстық процестегі құқықтық қатынастарының бірден -бір қатысушы, оның мәртебесі - адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесіндегі немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді.
Күдіктінің процесте пайда болуының заң белгіленген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады. Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны, күдіктінің жағдайына қояды.
Күдіктінің процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты. Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді. Күдікті өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ащатын маңызды процессуалдық тұлғалардың бірі.
Күдіктінің жағдайы ұстаудың шекті мерзімі - жетпіс екі сағатты сақтау туралы заң талабымен күшейе түседі. Күдіктіге бұлттартпау шараларын қолданған жағдайларда адам күдікті жағдайында он тәуліктен астам бола алмайды. Аталған мерзімдердің аяқталуы төмендегі шаралардың бірін қолдануды талап етеді:
- күдіктіні қамаудан босату;
- таңдап алынған бұлттартпау шараларын жоққа шығару;
- адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
Күдіктінің процессуалдық мәніне қатысты ғылымда оны іс жүргізушілікті реттеудің аяқталмағандығы және қарама - қайшылығы сияқты факті танудан басқа біріңғай пікір жоқ. Төмендегідей екі көз қарас анағұрлым кең тараған.
Бірінші көзқарасқа сәйкес айыптау табыс етілгенге дейін ұсталған немесе бұлттартпау шараларытаңдап алынған адам емес, сондай - ақ жүргізушілік мәжбүрлеудің кез келген шаралары (тінту, почта - телеграф хат хабарына тыйым салу, айдап жеткізуге және т. б. ) қолданылатын.
Мынаны есте ұстау керек. Адамның күдікті ретінде болуының мерзімі 10 тәулік деп белгіленген. Сонымен бірге Қылмыстық процестік кодексінің 65 және 109 - баптарының тікелей мағынасынан адамның күдікті ретінде болуының мерзімі отыз тәулікке тең деген ұғым туындайды. Тап осы мағына Қылмыстық процестік кодексінің 380 - үкімнің қаулысына дейін сотталған адам қамауда болса, алдын ала қамауда ұстау мерзімі есепке алынады.
Заңның адамның қамауда болуына ерекше назар аударуы, түсінуге де мүмкіндік береді. Бұл орайда ұстаудың мәні (азаматтың заңды құқықтарын шектеу) және адамды қамауға алу сәйкес келіп тұр. Сондықтан, бостандықтан іс жүзінде шектеу отырғызу мерзімін белгілеген кезде негізге алынады. Осыған байланысты М. С. Строгович әділетті түрде былай деп атап өтті: «Күдікті ұсталған уақыт бұлттартпау шаралары болып табылатын қамауға алынған мерзімге есептелуге тиіс деп тану қажет, олай болса адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылғанға дейін бар болғаны әрі кеткенде 10 тәулік қамауда болуы мүмкін».
Күдіктінің құқықтары жекеленген ерекшеліктерді есептемегенде айыпталушының құқықтарына сәйкес келеді.
Күдікті:
- қандай қылмыс жасағанына байланысты өзіне күдік таңылғандығын білуге;
- дәлелдер келтіруге;
- қалау - тілектерін мәлімдеуге және анықтаушының, тергеушінің, прокурордың іс - қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуына;
- ана тілінде әңгімелесуге және аудармашының қызметтерін пайдалануға;
- анықтаушыға, тергеушіге, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылық білдіруін мәлімдеуге;
- жекелеген тергеу іс - қимылын жүргізуге қатысуға;
- өзіне ұстау хаттамасын немесе күзетпен қамауға алу түрінде бұлттартпау шараларын қолдану туралы қаулыны жариялаған сәттен бастап қорғаушы көмегін пайдалануға құқығы бар.
Қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлттартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
Қылмыстық процестік кодексінің 128 - бабы бойынша көрсетілгендей, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:
1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;
2) көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе;
3) ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;
4) жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалында ол адамға қатысты ол жасаған немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға құқылы.
Адамның қылмыс жасағандығына күдіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе күдіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
Ал кейбір заңи әдебиеттердегі көзқарастар мен негіздерге зер салар болсақ. Күдіктінің ұстау қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды қысқа мерзімді қамауға алудан тұратын қылмымтық іс жүргізу шарасы ретінде сипатталады.
Заң әдебиеттерінде күдіктіні ұстаудың негізгі мәні жайында өзге де көзқарастар кездеседі. Олардың бірі: күдіктіні ұстау - адамды бостандығынан қысқа мерзімге айыратын және дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерінен тұратын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы. Мұндай түсініктеме бірқатар келіспеушіліктерді туғызады.
Күдіктіні ұстау - тергеу әрекеті деген көзқарас оның қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыс оқиғасы орнын қарау, тінту, алу, беттестіру, сұрау алу секілді қылмыс іздерін анықтау және бекітуге бағытталған негізгі тергеу әрекеттерінің қатарына қосылуына байланысты негізделеді. Дегенмен, Қылмыстық процестік кодексінде бекітілген аталған әрекеттердің жүргізілуі тәртібіне талдау жасай отырып, ерекшелігін байқауға болады.
Қарау, тінту, алу, беттестіру және жауап алу өзінің заңи құрылымы бойынша қылмыстық мән - жайы туралы дәлелдемелер алуға бағытталса, күдіктіні ұстау қылмыстық процестегі бұлттартпау (немесе мәжбүрлеу) шарасы болып табылады. Бұл жағдай, әсірессе, «Қылмыс жасаған деп күдік келтірілген немесе айыпталушы тұлғаларды қаралуымен ұстау» заңның мәтінінен жақсы байқалады. Ұстау дәлелдеме жинаудың әдісі ретінде сипатталуы үшін, онда қылмыстық процестік заңымен бекітілген тергеушімен жүргізілетін іздеу, тану және бекіту әрекеттері жүргізу арқылы іздердің белгілі бір ерекшеліктеріне сәйкес іздеу, алу және ондағы дәлелдемелік ақпаратты бекітуге бейімделген әрекеттерден тұруы тиіс». Дегенмен, ұстау өздігінен іздеу, тану, бекіту әрекеттерін қамтиды.
Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұлғаны қылмыс жасады деп ойласа, оны жақын маңдағы орналасқан қызмен бөліміне апарады не болғаны жайында қылмыстық - процесуалдық сұрақтарды шешу үшін.
Қылмыс болған жерде тергеу көп жағдайларда дұрыс болмайды. Техникалық құралдардың жоқтығынан сол жерден ақпарат алу үшін картотекадан, тез талдау (анализ, сараптама) жүргізу үшін және басқа да тексеру әрекеттерін жасауға тиімді емес. Одан басқа күдікті деген немесе басқа да адамдарды пайдалана отырып өкімет басшыларына қарсы тексеру акцияларын жүргізілуі мүмкін.
Тұлғаны полиция қызмет бөлімшесіне орналастыру мына әрекеттерден тұрады: жеткізілу негіздерін анықтау, тұлғаны қызмет бөлімшесіне жеткізу.
Осы әрекеттерді жасаған уақытта Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өте жинақы, сақ, шешім қабылдағыш, шыдамдылық, уақиғаны тез түсініп және қатаң түрде заңда бекітілген тәртіптер мен негіздерді басшылыққа алып жұмыс жүргізуі тиіс.
Жеткізілу негіздерін анықтағаннан кейін, тұлғаның қылмыс жасағанына көз жеткеннен кейін оны басып алады. Бұл жерде әр - түрлі жағдайлар кездеседі:
-егер, нақты тұлғаны қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық істің талдау нәтижесінен немесе басқа да ақпараттардан көріп ұстаса;
-аяқ асты табылған қоғамға қауіпті әрекеттерден көрінсе.
Жәбірленушінің, сондай - ақ өзге де кез келген азаматтың жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігінің жолын кесу мақсатымен қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы бар. Ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде дене күші мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе өзге де қауіпті заттар немесе қылмыстық іс үшін мәні бар заттар бар деп ұйғаруға негіз болса, оны ұсталған азамат ұсталушының киімінен тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет органдарына беру үшін ондағы заттарды алуға құқылы.
Егер ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушының өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы іс жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды. Ұстау орнының бастығы бұл талапты орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады. Яғни жетпіс екі сағат ішінде күдіктіге қатысты қылмыстық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қамауға алу жөніндегі бұлттартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады екен. Ұсталған адамды босату кезінде оған оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz