Жауап алу жəне беттестіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Жауап алу жəне беттестіру
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 2-курс
Тексерген: Бисенғали Лилия
Алматы 2017ж.
Жоспары:
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
2. 2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
2. 3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
2. 4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістері
2. 5. Беттестіру
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушініңосы тергеу әрекетін өткізу алдьшда жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең - оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші - осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа белінеді. Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, тығыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
2. 1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады. Бұлар - заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сондықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.
2. 2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушініңосы тергеу әрекетін өткізу алдьшда жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде осы адамның мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады. Жауап алынатын әр адамға арнап құрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
2. 3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең - оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші - осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа белінеді. Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, тығыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемістігімен, есту, көру мүшелерінің қабылдау қабілетінің төмендігімен бірге, оқиғаны толық және анық қабылдауға жауап беруші адамның мамандығы, жасы, интеллектуалдық кабілеті, ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осының бәрі әсер етеді. Айталық, жол-көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлердің біреуі - айталық қарт адам, екіншісі - автокөлік жүргізушісі. Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашықтықтан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнің қайсысынан оқиға жөнінде толық мәлімет алуға болады? Әрине, оқиғаны бірдей жағдайда көргенімен толық мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машинаның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның оқиғаны қабылдау қабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалақ адамдардан мұны күту қиын. Сондай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялындағысын қосып, өсіре айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондықтан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Жауаптың толықтығына, шындығына, сонымен қатар куәнің, жәбірленушінің болған оқиғаны ұмытпай, ойында сақтау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр түрлі - кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сақтайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, қажеттілік туса ұмытылған жәйттерді еске түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.
Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінің болған оқиғаның мән-жайын еркін баяндауынан басталады. Куә, не жәбірленуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауабын өз қолымен жазуына құқығы бар. Тергеуші толық жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сұрақтар қойып, істің кейбір мән-жайын нақтылайды.
Қосымша сұрақ бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:
· қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;
· жетектеуші сұрақтарды қоюға болмайды;
· берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қорлауға, қорқытуға бағытталмауы керек.
Жауап алғанда осы тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, қобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-құлқын, мінезінің психологиялық ерекшеліктерін (мақтаншақ, қызба, сабырлы) ескерудің маңызы айрықша. Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағытұстауына негіз бола алады.
- Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.
Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.
Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады.
Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.
Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.
Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез түсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін.
Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажетоқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б. - ға тергеуші мынандай сұрақ қояды.
Тергеуші: Сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылғы тамыздың басында көрдіңіз бе?
Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не көрмегенім есімде жоқ.
Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаңғыртуына сонымен қатар, жауап үстінде құжаттарды, фотосуреттерді көрсету де үлкен әсер етеді. Кейде куә көрген адамның бет-әлпетін сипаттап беруде қиналады. Мұндай жағдайда криминалистикада қалыптасқан, бет-әлпетін сипаттау терминдерін айтып көмектесуге болады.
Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерге барып алса, жауап беруші көптеген мән-жайды қайтадан көз алдына келтіріп, оқиға жөнінде толығырақ, қанықты жауап бере алады. Естіген фактілерді де ойға түсірудің тиімді әдістері бар. Айталық, куә бір кісінің тегін, немесе есімін есіне түсіре алмай отыр дейік, бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын ұмытпаған. Мүндай жағдайда оған телефон анықтамасы берілсе, ондағы есімдерді тізбектей оқи келе ұқсас есімге келгенде ол ұмытылған есімді есіне түсіріп, айтып береді.
Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қайшылықты жағдай қалыптасқан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағдай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қылмысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарған кезінде кездеседі. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шығарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.
Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану керек.
Деректерді пайдалану тәсілдері бар. Ең алдымен дәлелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойындамаса неғұрлым маңызды, бұлтартпас деректерге көшіп, жалған жауапты әшкерелеуге болады. Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақ айыпкер ол пәтерде болғанын мойындамады делік. Мұндай жағдайда стол үстінде қалған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің қалған қолтаңбасын көрсетіп, айыпкердің ол пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Қолтаңба сараптама қорытындысымен бекітілуі тиіс.
Айыпкерден жауап алудың тағы бір тактикалық әдістерінің бірі ішкі істер органдары арқылы жауап алу процесіне жедел-іздестіру деректерін пайдалану. Мұндай деректер:
· жауап берушінің қылмысты оқиғаға қатыстылығын, оның жасалған қылмыс жөнінде каншалықты хабардар екендігін болжаттыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оның аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне;
· қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың ашылуына;
· жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне қатысты пайдаланылады.
Аталған деректерді жауап алу барысында пайдалану сипаты әрқилы. Егер жауап берушінің жеке басына қатысты мәліметтер жауап алу тактикасын саралаған кезде ескеріліп, бірақ оның жауабында айтылмаса, жауапты тексерудің мүмкін жолдары туралы мәліметтер, жауап алу процесінде ғана ескерілсе, онда қылмысты оқиға және оның жасалу тәсілі туралы жедел-іздестіру деректері, жауап берушінің жауабына қолданылуы керек.
Жауап алу кезінде жедел-іздестіру барысында алынған деректердің орнын мейлінше құпияландырудың маңызы өте айрықша. Сондықтан, тергеуші жедел-іздестіру деректері бойынша айыпкерден жауап алғанда, қойылатын сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс. Егер жауап алу күрделі жағдайда өтетін болса, онда тергеуші ең маңызды сұрақтарды алдын ала іріктеп, құрастырып алғаны жөн. Жедел-іздестіру деректерін пайдаланғанда, мұның маңызы өте зор болады. Әйтпесе, сәтсіз қойылған сол сұрақтың өзі жедел-іздестіру деректерінің алынған көзін айпкерге сездіріп алуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ, мұндай деректерді қай кезде, қалай пайдалану керектігін де ескеру қажет. Жедел-іздестіру деректеріне қатысты сұрақтар, оның құпиясы берік сақталған кезде қойылуы тиіс.
Жедел-іздестіру деректерін белгілі бір мәліметтермен бірге қатарластыра пайдалануға болады. Мұндай жағдайда, бұл деректерге жауап берушінің назары әдейі аударылмайтындай деңгейде әрекет еткен жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz