Қазақстанның мұнай саласының шетел компанияларымен экономикалық байланысын қарастыру


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорны, «Қазақойл-Ембi» АҚ, «Атырау мұнай компаниясы», «Қазақстанкаспийшельф», «Каспиймұнайгаз», «Қазгермұнай» ЖАҚ-дары, т. б.

Соңғы жылдары бұл салада көрші Қытай компанияларының үлесі артып барады. Олар 939 миллион долларға «ҚазМұнайГаздың» 14, 5 пайыз акциясын сатып алып қойды. Бір таңқаларлық дүние «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниямыздың үлесінен Қытайдың «CNPC» компаниясының үлесі асып кетіпті. Жалпы көршінің үлесі Қазақстандағы энергетика саласының жартысына жуықтады. Қысқасы, елдің мұнай-газ саласындағы монополист компания «ҚазМұнайГаз» емес, «CNPC» болды деген сөз. Білгенге бұл жақсылық емес.

ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңның 12-бабына сәйкес нарықтағы үлесі 35 пайыздан асқан компания үстем деп табылады. Өйткені, алғашқы жылдары елдегі кен орындарының 80 пайызға жуығы шетелдік компанияларға 24-50 жылға басқаруға берілгені белгілі. Әлемдегі қалыптасқан норма бойынша шетелдік компаниялардың басқаруына кен орындары мен кәсіпорындардың 15-20 пайыздан астамын беру - ел қауіпсіздігіне ерекше нұсқан келтіреді екен.

Ендеше, еліміздегі жетекші саланы шетелдіктердің қанжығасына байлап жіберуге болмайды. Қазірдің өзінде мұнай өндіру кәсібінің 80 пайызы шетелдік компаниялардың қолында. Қазақстан бұл саланы тұтастай өз қолына алғанда ғана шынайы тәуелсіздікке қол жеткізетін боламыз. Экономикалық тәуелділік тұрғанда, саяси тәуелсіздіктің құны жоқ.

Жалпы, мұнай саласындағы түсімді реттейтін халықаралық стандарт бойынша қазынаға әрбір баррельден 90 доллар түсуі керек болса, бізде бұл көрсеткіш 4-6 есе кем түседі. Яғни қазына жылына 5-6 млрд. доллардан айырылып отыр. Осынша пайданы Қазақстан емес, шетелдік компаниялар көруде.

Жұмыстың мақсаты - Қазақстанның мұнай саласының шетел компанияларымен экономикалық байланысын қарастыру.

Жұмыстың өзектілігі - экономиканың өркендеуі үшін шетел компанияларымен экономикалық қарым-қатынастарын нығайту.

1 Қазақстанның мұнай газ саласы

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы - мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай қоры 1, 1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі екінші орында тұр.

Кесте 1

ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның мұнай қоры бойынша алатын орны (2013 жылдың аяғы)

ТМД елдері
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %
ТМД елдері: 1. Ресей
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 6. 7
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 73. 6
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 4. 7
ТМД елдері: 2. Қазақстан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 1. 1
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 12. 1
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 8
ТМД елдері: 3. Әзербайжан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 1. 0
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 11
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 7
ТМД елдері: 4. Түрікменстан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 0. 1
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 1
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 1
ТМД елдері: 5. Өзбекстан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 0. 1
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 1
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 1
ТМД елдері: 6. ТМД-ның басқа елдері
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 0. 1
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 1
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 1
ТМД елдері: 7. ТМД елдері - барлығы
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 9. 1
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 100
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 6. 4
ТМД елдері: 8. Қалған елдер
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 133. 9
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: -
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 93. 6
ТМД елдері: 9. Әлемдік қорлар
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 143. 0
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: -
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 100
ТМД елдері: Ескертпе-BP statistical review of world energy мәліметтері

Қазақстан Республикасы газ саласының ерекшеліктері оның негізінен - шикізат қорының құрылымынан басталады. Каспий маңы ойпатын қосқанда Қазақстан газының жорамал ресурстары 6-8 трлн м³ бағаланады. Бекітілген және қабылданаған мемлекеттік баланс А+В+С1 категориялы газ қоры 3, 011 трлн м³ болып табылады. Каспий маңы ойпаты кен орындарының арасында бұл категорияға тек 227 млрд м³ бекітілген қоры бар Қашаған кен орны жатады. Мемлекет территориясында және жер қойнауда газ қоры әркелкі таралған. Баланс қорының 64% Қарашығанақ және Теңіз кен орындарға (300 млрд м³ -тан жоғары газ қоры бар), ал 16% (100-300 млрд м³ газ қоры бар) Қашаған, Имаш және Жаңажол кен орындарда барланған. Бұл кен орындар және басқалары Каспий ойраты маңайында таралған. Республиканың табиғи және ілеспе газдың дәлелденген қордың 90% Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жерінде таралған. Қазақстан Республикасының табиғи газдың қоры 1, 84 млрд. тоннаны құрайды және сәйкесінше төртінші орында тұр, яғни Ресей, Түрікменстан және Өзбекстаннан кейін:

Кесте 2

ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның табиғи газ қоры бойынша алатын орны (2013 жылдың аяғы)

ТМД елдері
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %
ТМД елдері: 1
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 2
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 3
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 4
ТМД елдері: 1. Ресей
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 47. 57
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 84. 7
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 30. 7
ТМД елдері: 2. Түрікменстан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 2. 86
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 5. 1
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 8
ТМД елдері: 3. Өзбекстан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 1. 87
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 3. 3
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 2
ТМД елдері: 4. Қазақстан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 1. 84
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 3. 3
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 2
ТМД елдері: 5. Украина
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 1. 12
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 2. 0
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 7
ТМД елдері: 6. Әзербайжан
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 0. 85
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 1. 5
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 5
ТМД елдері: 7. ТМД-ның басқа елдері
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 0. 02
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 04
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 0. 01
ТМД елдері: 8. ТМД елдері - барлығы
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 56. 14
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: 100
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 36. 2
ТМД елдері: 9. Қалған елдер
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 98. 94
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: -
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 63. 8
ТМД елдері: 10. Әлемдік қорлар
Дәлелденген қорлар, млрд. тонна: 155. 08
ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %: -
Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %: 100
ТМД елдері: Ескертпе-BP statistical review of world energy мәліметтері

1. 1 Қазақстанның мұнай газ саласының дамуы

Мұнай − біздің елдің басты бағдары, асыраушысы, мақтанышы, сонымен бірге түрлі дау-жанжал мен пәленің бастау көзі де. Биыл Қазақстанда көптеген мерейтойларды атап өтуге себеп бар: Доссор кенішінің ашылғанына 100 жыл, Маңғыстау мұнайына 50 жыл және Құмкөл кенішіне 25 жыл толды. Осы күзде жарыққа шығатын "Қазақстан мұнайы. Суреттер сыр шертеді" атты кітапта біздің республикамыздың мұнай-газ саласының дамуы туралы баяндайтын сирек кездесетін суреттер жинақталған.

1899 жылы қарашада Қарашұңғыл шатқалында 40 метр тереңдіктен құбыр арқылы алғаш рет мұнай шықты, Қазақстан мұнайының тарихы осы кезден бастау алады. 1911 жылы сәуірде ашылған Доссор кенішінен шыққан жоғары сапалы мұнай әлемдік деңгейде назарға ілінді. Екі жылдан соң Гурьев облысында Мақат кеніш орны ашылды. 1914 жылы Мақат пен Доссор екеуінен 200 мың тоннада астам мұнай өндіріледі.

1922 жылы "Ембімұнай" тресті ашлып, Орал-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпорындарының басқармасы құрылды. 1926 жылдан бастап Ембіде мұнай барлау ісінде айналдыра бұрғылау және геофизика әдістері қолданыла бастады. Гурьев-Доссор темір жолы іске қосылып, онымен Доссор мұнайы тасымалдана бастады.

1930 жылдары Гурьев облысы дәуірлеп дами бастады. Зертханалар пайда болып, мұнай техникумы ашылды, «Ембімұнайжоба» кеңсесі құрылды. 1932 жылдың маусымында Гурьев ‒ Ембі ‒ Орск мұнай құбырының құрылысы басталды. Байшонас, Қосшағыл, Шұбарқұдық және Құлсары сияқты жаңа кеніштер ашылды.

1935 жылы қазақстандық мұнайшылар арасында стахановшылар қозғалысы өріс алды.

Соғыс жылдары, Майкоп пен Грозный аудандарында мұнай өндірісі уақытша тоқтап қалғандықтан, оның орнын толтыру үшін Қазақстанда мұнай өндіруді еселей ұлғайту міндеті қойылды. Орал-Ембі ауданының мұнайшылары бүкіл соғыс жылдары демалыссыз тәулігіне 12-13 сағаттан жұмыс істеп мыңдаған тонна мұнай өндіріп, Совет армиясын жанармаймен қамтамасыз етті. Фашизмді талқандап жеңіске жетуде Ембі мұнайы өлшеусіз үлес қосты.

Соғыс қиыншылығы, сапалы отынға сұраныстың үнемі артуы тұтастай алғанда мұндай өндіру және мұнайды қайта өңдеу салаларының қарқынды дамуына түрткі болды. Қазақстандық өндірушілер КСРО-де алғаш болып мұнайды қайталама әдіспен өндіруді меңгерді. Сағыз, Жақсымбай, Комсомольское, Қошқар, Тентексор кеніштерін игеру басталды. Мұнайлы, Бекбике, және Қаратон кеніштері іске қосылды. Трубиналық әдіспен бұрғылау меңгерілді. Гурьев мұнай өңдеу зауыты салына бастады. 1965 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауыты маңғышлақ мұнайының алғашқы эшелонын жөнелтті. Қазақстанда жыл сайын өндірілетін мұнай көлемі 2 миллион тоннаға жетті.

Маңғышлақтың оңтүстігінде Өзен мен Жетібай сияқты ірі кеніштер ашылған соң барланған мұнай қоры 20 есеге, ал жылдық мұнай шығару 14 есеге көбейді. 1969 жылға қарай Қазақстанда жыл сайын шығатын мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарын мұнайға қатысты үлкен жаңалықтар кезеңі деп батыл түрде айтуға болады. Аз ғана мерзім ішінде Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кеніштері ашылды. 1974 жылға қарай Маңғышлақта жылына 21 миллион тоннаға дейін мұнай өндіріле бастады. Осылайша, Қазақстан Совет одағында мұнай өндіруден екінші орынға шықты.

Қазақстан-америкалық «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы «Chevron» корпорациясымен келісімге қол қойылды. 1993 жылы Алматыда алғаш рет «KIOGE» халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті, ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі құрылды, «Мұнай туралы» заң қабылданды, «Agip», «British Gas», «Газпром» ААҚ, «Қазақгаз» және Қазақстан Республикасы арасында Қарашығанақ кенішіндегі өнімді бөлісудің принциптері туралы келісімге қол қойылды. Жылына 60 миллион тонна мұнай тасымалдайтын құбыр желісін (КТК) салу туралы Қазақстан, Ресей, Оман және Халықаралық мұнай консорциумы арасында келісім жасалып, қол қойылды. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы құрылып, оған ірі мұнай-газ кеніштері жобаларына қатысуда Қазақстанның мүддесін таныту құқықтары берілді, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы құрылды.

1998 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері Каспий теңізі акваториясының солтүстік бөлігінің шекарасы туралы тарихи келісімге қол қойды. Ақтау портын қайта құру жұмыстары аяқталды. 1999 жылы Қазақстан отандық мұнай саласының 100-жылдығын атап өтті, ол бастауын Қарашұңғылда алғаш рет мұнай атқылаған 1899 жылдан алады.

2000-шы жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ құрылды. Шикізат саласындағы ірі компаниялардан түскен қаражатқа болашақ ұрпақтың қажеті үшін қаржы активтерін жинақтау мақсатында Ұлттық қор құрылды.

Каспий қайраңында соңғы 30 жылда әлем бойынша өте ірі шикізат қоры анықталған Қашаған кеніші ашылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылды.

Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында Каспий түбіндегі үш елге тиесілі жерлердің тоқайласар нүктелерін анықтауға қатысты үшжақты келісім жасалып, қол қойылды.

2006 жылы Теңіз кенішінде алғашқы миллиард баррель мұнай өндірілді. Жыл сайын өндірілетін мұнай көлемі 2010 жылы 76 миллион тоннадан асты.

Қазақстандық мұнайды тасымалдау маршруты. ҚР -ғы мұнай және газ өндіру көлемін талдау.

1. ҚР ежелгі мұнай өндіретін мемлкеттердің бірі болып табылады. Мұнай өндіріс тәсілімен шамамен 100 жыл бойы өндіріліп келеді. Мұнай мен газды игеру көлемі бойынша Атырау және Маңқыстау облыстары алғашқы орында, осыған байланысты облыс аймағында қазіргі ірі компаниялар құрылды.

Қолда бар геолого-геофизикалық мәліметтер мұнайгеологиялық аудандастыруды жүргізуге және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі мұнайгаз потенциалын бағалауға мүмкіндік береді. Ірі, ұлттық «МұнайГаз» компаниясының болжамы бойынша 2010 жылға қарай Қазақстан 102 млн т мұнай өндіреді делінген. Мұнай өндіру көлемінің жоғарлауы және Каспий ауданына 7 млн қоры бар Шығыс Қашаған кен орнының кіріктірілуімұнай өндіру перспективасын қарқынды дамытуда.

2010 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіруді 3-4 есе өсуруді жоспарлауда. Қазіргі уақыттағы мұнай өндірудің жылдық көлемі 25-30 млн т құрайды. Бұл төменгі көрсеткіш болып саналады.

Көптеген кен орындары ұзақ уақыт қолдануда, содықтан олар аздебетті саналады. Мысалы, Маңғыстау облысының түелдей дерлік барлық мұнайы «Жетыбай», «Қаражанбас», «Қаламқас» және «Өзен» сияқты ірі кен орындары елде өндірілетін көмірсутек шикізаттың 1/3-ін өндіреді, қиын өндірілетін мұнай категорияларына жататын 60% қалдықты мұнай қоры бар, дегенмен «Өзен» және «Жетібай» қорлардың түгелдей дерлік өндірілуімен, «Қаламқас» және «Қаражанбас» 30% және 9% өндірілуімен сипатталады.

Сонымен, қазіргі уақытта мұнайдың экоөнімді қорын қарқынды өндіруде, ал ол өз кезегінде қордың қиын өндірілуіне әкеледі, бірақ көмірсутекті өндіру өсуде. 2012 жылы 100 млн т нүктесіне жету болжанды. Көпшіліктің пікірі 2010-2015 жж. қарай Қазақстанның ірі үш кен орындары - «Теңіз», «Қарашығанақ» және «Қашағаннан» мұнай өндіру тәулігіне 9 млн баррелге жетеді деген оймен келіседі. Құрамында парафин және меркаптанның көп болуы, қазақстандық мұнайды тасымалдауға, сақтауға және өңдеуге тиімсіз, себебі қосымша шығынды талап ететін оның коррозияға түсу қасиеті жоғары, қоршаған ортаға кері әсерінің болуымен сипатталады.

2 Қазақстанның мұнайгазды кешенінің дамуы энергетикалық шикізаттың сыртқы нарыққа шығару мәселелерімен тығыз байланысты, сосың салдарынан транспортты фактор аса маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі уақытта шамамен мұнайдың 80% -ы Қазақстаннан мұнай құбырлары арқылы эксплуатацияланады, 12% темір жолдармен және 7% су көлігімен тасымалдау үлеісне тиесілі.

Республикада мұнай өндірудің қазіргі деңгейі бектілген бар қордың көлемінен шамамен 1% -ын құрайды және бұл ағынға қазіргі уақытта бар құбырлардың қызмет көрсетуі жеткілікті. Экспорттық баға бойынша қазіргі уақытта қалыптасқан құбыр жолдар желісі мұнайдың жалпы өндіру көлемнінің 70-80 млн т-дағы республиканың экспоттық қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта мұнайды экспорттау көлемі бар мұнай құбыр жолдардың тасымалдау мүмкіндігінің артуымен жыл сайын өсу үстінде. Он жылдық соңына қарай Каспий қайраңының қазақстандық бөлігіндегі кен орындарының меңгеруімен байланысты жағдай радикальды өзгеруі мүмкін: әртүрлі бағалар бойынша 2013 жылға қарай Қазақстанна мұнайды экспорттау қазіргі деңгейінен 6-10 есе өсуі мүмкін ол жылына 10-150 млн т -ға жетеді. Сонымен, республикаға тағы да ірі мұнай құбыр жолы қажет болады.

Қазіргі уақытта әртүрлі елдердің эксперттері экспортты құбыр жолдарының нұсқаларын қарастыруда:

Ресей аумағы арқылы энерго жабдықтаушыларды тасымалдау;

Жерорта теңізінен Синьцзян қытай провинциясына дейінгі доғаны қосатын тасымалдау бағыты;

Қазақстандық экспорттау жолы. Ұсынылған экспортты құбыр жолдардың жобалары ішінен «Каспийдің Құбыржол Консорциумы» (КТК) практика жүзінде іске асқан. Құбыр жол жүк тасымалдаушыларды тартады, тарифымен бәсекеге қабілетті және сапа банкінің бар болуымен сипатталады. Оның алғашқы өтімділік қабілеті 28, 2 млн т/жылына тең. 2012 жылдың 8 ай ішінде КТК жүйесі бойынша 7, 1 млн т ган көмірсутек шикізаты тасымалданды. оның негізгі бөлігі СП «Тенгизшевройлдың» мұнайы құрайды.

КТК жүйесіне басқада кен орындарының мұнайын қосу үшін НК «Қазмұнайгаз» республиканың ішілік құбыр жолдар жүйесін дамыту жобаларын қаржыландыру жобаларын іске асыруды жоспарлауда. Атырау қ. ауданындағы құрылыс қосқыш құрылғылар Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орныдарындағы мұнайды КТК-ға бағыттауға мүмкіндік береді.

Жыл ішінде 10 млн т мұнай өткізетін Кенқияқ-Атырау құбыр жолының құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Әлібекмола» және «Кенкияк», Кроме того, планируется прокладка 46-километрового участка трубы между месторождениями «Алибекмола» и «Кенқияқ» кен орындарының аралығында 46 км-лік құбыр тарту жоспарлануда, ал ол өз кезегінде КТК және Атырау - Самара мұнай құбырларының ресурстық потенциалын айтарлықтай өсреді.

Сонымен, ортатәуліктік песрспективада (2012 ж. дейін) КТК бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 32 млн т жетеді, олардың 22 млн т ТШО-ның мұнайы, 7 млн т - «Қарашығанақ» үлесін және 3 млн т «Кенқияқ» және «Әлібекмола» құрайды.

КТК-мен шектеліп қалмай, Қазақстан Ресеймен басқа да жобалармен қарым қатынас кеңейтуде, соның ішінде Атырау-Самара мұнай құбырларын қуаттылығын 15 млн т-ға дейін өсіру. 2013 жылға қарай мұнай құбырының өтімділік қабілетін 25 млн т-ға өсіру жоспарлануда. Атырау - Самара маршрутына қосымша қызығушылықты 2011 ж желтоқсандағы эксплуатацияға қуаттылығы жылына 12 млн т алғаш Балтық құбыржолы жүйесі берілгендігі туғызады.

БТС-ң экплуатация сызбасы бойынша қазақстандық мұнайды Атырау - Самара және

Батыс - сібір мұнайы аралас болуы мүмкін Сургут - Полоцк мұнай құбырынан Самара - Альметевск - Приморск маршруты арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Приморскіде мұнай өңдеу тереңдігі 95% және қуаттылығы жылына 6 млн т экспортты-бағытталған МӨЗ-ның құрылысын салу туралы шешім қабылданды.

Перспективті жобалар. Ресейлік - каспийлік мұнайды барлық бағытқа тасымалдау ішінен істе тұрғандарының бірден-бірі болып саналады. Бірақ болшақта экспорттық инфрақұрылымды дамыту міндеттілігін ескере отырып, қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан - Қытай» және «Қытай - Түркменстан - Ауғанстан - Пәкістан» мұнай құбырлаы, Иран бағытындағы және «Баку - Тбилиси - Джейхан», мұнай құбырлары, украиндық маршрут «Одесса - Броды» және грек-болгарлық «Бургас -Александропулис» және т. б жобаларды түрлендіру мақсаты қарастырылуда.

Батыс Қазақстан - Қытай маршруты. Қазақстанна Қытайға бағытталған мұнай құбырларының идеясы ақтөбе және Өзен мұнай өндіріс орнын приватизациялаған Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясының қатысуымен байланысты шықты. ТЭО жобасына сай трасса ұзындығы 3 мың км-ден асады, соның ішінде 2, 4 мың км-ы Қытай шекарасына дейн созылған, өндірудің минимальды көлемі жылына 20 млн т, 3 млрд долларға бағаланды. Батыс Қазақстан - Қытай маршруты Атырау - Кенқияқ - Құмкөл - Атасу - Дружба маршруттары бойынша мұнай құбырларының құрылысын салуды жоспарлауда және каспийлік мұнайды Қытай және Азия-тынық мұхит елдеріне шығаруға мүмкіндік береді. Қытайлық нұсқаны іске асыру этап түрінде өтуде: Құмкөл - Қарақойын мұнай құбыры қызмет етуде, Кенқияқ - Атырау құбыр жолы құрылып жатыр. Құмкөл - Арал -Кенқи мұнай құбыры оның жалғасы болып табылады. Кенқияқ - Атырау құбыр жолы мұнай өндіру компанияларына Атырау - Самара және КТК құбыр жолдарына тікелей қосылуға мүмкіндік береді. Капий және Қара теңіздерге дейін транспорт шығындарын төмендету. Батыс және Орталық Қазақстандағы мұнайдың едәуір көлемін өндіру арқылы талап етілген көлемге жетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай газ саласы
Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру
ҚР сыртқы сауда саясаты
Мұнай - газ саласындағы импортығыстыру саясаты
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары
Туризмнің экономикалық сала ретінде
ЭМР - дің мақсаттары
Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж.ж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz