Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 М. Монтессори педагогикалық жүйесі және оның маңыздылығы . . . 5

1. 2 М. Монтессоридің технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері . . . 7

1. 3 М. Монтессоридің дидактикалық материалдарын математика сабағында тиімді қолдану ерекшеліктері . . . 14

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 22

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бүгінгі таңда маңызы зор екендігін атай келе, балабақшалар желісін дамытуға бағытталған “Балапан” бағдарламасын 2020 жылдарға дейін созғаны белгілі.

Ал, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ісін жаңарту- заман талабы. Оны педагог қауымы ғана емес, ата-аналар да түсініп бала тәрбиесіне деген көзқарас пен қарым-қатынасты өзгерту қажет екендігін біліп отыр. Өйткені, әрбір ата-ана, білім беру ұйымдары балаларға саналы тәрбие, сапалы білім бергісі келеді. Осы орайда, бұдан бір ғасыр бұрын пайда болған итальян педагогі М. Монтессори педагогикасының мектепке дейінгі ұйымдарға енгізуге деген қызығушылық пен қажеттілік күннен күнге артып келеді.

М. Монтессори педагогикасының негізі арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. Ол ортаны жасақтаудың өзіндік жолы мен логикасы: баланың психологиялық дамуын ескере отырып жабдықталады.

М. Монтессори “Жас ұрпақтан мықты, күшті тұлғалар тәрбиелеп шығаруымыз міндет, ал мықты адамдар деп біз өзіне сенімді, тәуелсіз тұлғаны айта аламыз деп өз ғылыми еңбегінде тұжырым жасаған.

Астана қаласында «Республикалық балаларды оңтайландыру» орталығы ашылды. Жетекші орталықтарының бірі болып, балаларға 1 жастан 18 жасына дейінгі мамандырылған медециналық, әлеуметтік психологиялық-педагогикалық көмек беруде. Сонымен қатар орталықта медициналық оңалту, невропатология, емдік дене шынықтыру

(кинезотерапия)
саласындағы денсаулық сақтау мамандарды даярлауда. Оңалту орталығында мамандардың оқу тегін жұмыс істейдіОрталықта 300 орын. Оңтайландыру курсы 24 күнде өтеді. Ең басты жұмыстардың бағыты жаңа технологияларды қолдану. Оңтайландыру орталығындағы жоғары технологиялық жабдықтар:

Биологиялық кері байланыс әдісі (БКБ-логопедиялық, БКБ-тірек-қимыл апараты, кері байланыс БКБ-психо-эмоционалдық)

  • Ортопедиялық;
  • Постурография,
  • Стабилометрия;
  • Ботулинотерапия;
  • Гидрокинезотерапия;

Кинезотерапия (ЛФК) арнайы жабдықталған бөлмелерде;

  • Монтессори - педагогика;
  • Робототехникалық кешен «Локомат»;
  • Сенсорлық кабинеттер

Оңтайландыру орталығында арнайы Мария Монтессори жүйесімен жұмыс істейтін «Халықаралық медециналық холдинг» ашылады. Ресейдің педагогтардың М. Монтессори ассоциациясымен тығыз жұмыс жасайды. Орталықта үш айлық Монтессори курстарын оқытып Монтессори педагогтарды дайындайды. Бұл курстарды Ресейдің Монтессори педагогтар ассоциациясының өкілі педагог-математигі Лариса Юривна Климанова келіп курстарды өткізеді. Лариса Климанова «анамен бірге» деген бағдарламаның авторы. Сонымен қатар «Мәдениет» телеканалында ата-аналарға Монтессори педагогиясын насихаттау үшін бағдарламаны жария еткен. Оңтайландыру орталығында педагогтардың балалармен жұмыс істеуі тегін болып келеді.

2010 жылы оңтайландыру орталығы елімізде мектепке дейінгі мекемелердің балаларды оқыту және тәрбиелеуде Мария Монтессори әдісін іске асыру үшін грант жеңіп алды.

Алғаш рет 2011 жылы Қазақстанда осы жүйеде мамандарды даярлау үшін оқу курсы өтті, оған 38 педагогтар қатысты.

2012 жылы курс 70 адамға арналған болған, бірақ оған ниет білдірген адамдар әлдеқайда көп болды. Оңтайландыру орталығында 5 тен 12 жас аралықтарындағы балалардың әртүрлі топтары орналасқан. Қазіргі ауқытта оңтайландыру орталығында 3 Монтессори кабинеті жұмыс атқаруда. Монтессори терапиясы - арнайы дайындалған ортада баланың өзін-өзі дамытуда, итальян педагогі, психиатр мен психолог және педиатр балалар дәрігері философ Мария Монтессори өткен ғасырдан бүкіл әлемге әйгілі адам . Орталықта Монтессори жүйесінің басты қағидасы -баланы өзін-өзі дамыту. Қазіргі уақытта бұл әдіс балалар педагогикасын оңалтуға ең тиімді бағыттарының бірі болып табылады.

2008 жылы Алматы қаласында толық Мария Монтессори жүйесімен жұмыс істейтін «Бала Би» балабақшасы ашылды. Бұл балабақшаның басшысы Новикова Л. Н және әдіскері Мусаева А. Ж. Бұл балабақшаның барлық ұжымының Мария Монтессори жүйесімен жұмыс істеуге арналған сертификаттары бар. 3 жыл бұл балабақша жұмыс істеп Ресейдегі педагогтардан әсіресе Монтессори педагогтар ассоциациясының өкілі Лариса Климановадан дәріс алды. 2008 жылдан бастап Лариса Климанова «Бала би» балабақшасына 3 рет дәріс келіп берген. Қазіргі уақытта бұл балабақшада екі түрлі Мария Монтессори бағдарламамен жұмыс істейді:

  • «Аналармен топтастыру» орталығы. Мұнда ата-аналар мен балалар жарты сағаттық сабақ алады. 8 айдан 1, 5 жасқа немесе 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.
  • «Бала би» балабақшасы 8. 00-18. 30 дейін жұмыс істейді. Мария Монтессори жүйесімен Балапан бағдарламасы іске асырылады. Оқыту екі тілде жүргізіледі. Қазақша және орысша. Аптасына екі рет ағылшынша және қазақша сабақтары өтеді. Балабақшада Тойота автобусымен балаларды үйден балабақшаға және балабақшадан үйге жеткізуге жағдай жасалған.

Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында Мария Монтессори жүйесімен жұмыс істейтін «Топелек» пен «Ақбөпе» балабақшалары бар.

Өзіне-өзі сенімді, тәуелсіз, өзін сыйлайтын тұлға тәрбиелеу М. Монтессоридің алға қойған мақсаты болғаны осыдан-ақ белгілі. Монтессори педагогикасының ерекшелігі балаға деген көзқарас пен қарым- қатынас. Қайталанбайтын өзіндік көзқарасы, алға қойған мақсат-мүддесі бар тұлға ретінде қарау. Сондықтан Монтессори өзінің педагогикалық жүйесін бала табиғатына байланысты құрды [1, 5] .

Баланың өсіп жетілуіне не қажет? Оның қажеттілігі: өзіне қызмет атқаруға деген ұтылыс екендігінде. Монтессори пікірінше, бала анасының көкірегінен ажыраған күнді өзіндік қызметке көшудің басы деп есептейді.

Зерттеудің мақсаты : Ресейде М. Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

- Ресейдегі алғашқы М. Монтессори педагогикасын зерттеген педагог ғалымдарды анықтау.

- Ресейдегі алғашқы М. Монтессори жүйесімен жұмыс жасаған

балабақшаларды анықтау;

- Ресейдегі М. Монтессори жүйесінің жұмыс мазмұнымен танысу, зерттеу;

1. 1 Ресейде М. Монтессори жүйесінің дамуы және қалыптасу кезеңдері

Итальян ағартушысы, Юлия Ивановна Фаусек, біздің еліміздегі, балабақшалар мен мектептерде Мария Монтессори жүйесін дамуына көп үлес қосқан адам. Ю. Фаусек Монтессоридің еркін білім беру жүйесін, ресейлік білім беру жүйесіне тән болуы тиіс деп санады. Юлия Ивановна Фаусек(Андрусова) 1863 жылы 15 маусымда штурман отбасында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған. Керческий қыздар гимназиясында оқыды. 1884 жылы Бестужевсий жоғары қыздар курсын бітірді. Геолог және палеонтолог академиктің Н. И. Андриусовтың апкесі.
Мәскеу мемлекеттік университеті В. А. Фаусек биолог профессорының әйелі. Ресейдегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің педагогі. 1918 жылы мамыр айында Петроградта ең алғашқы Мария Монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейтін балабақшаны ашты. Бұл балабақшада 1-9 жас арасындағы 200-ге тарта бала болды. Жас кезінде М. Монтессори мен Юлия Ивановна екеуі бірге театр мен музыкаға қызыққан. Монтессори жүйесімен Фаусек 1908 жылы отбасымен Италияда саяхат жасау кезінде танысқан. Бірақ Мария Монтессори жүйесімен толығымен 1913 жылы танысқан. Бұл жыл оған қиын жылдардың бірі болды. Күйеуі дүниеден өтті. Өткен дүниенің орнын балалары толтыра алмады, жақындары өздеріне келе алмай ауыр күндерді бастан өткізді. Сондай уақытта Юлия Ивановна Фаусек кішкентай балалармен жұмыс жасауды ұйғарды. Сол кезде Ресейде Фребелдің жүйесі оны қызықтырған жоқ. 1913жылы Ю. Е. Иванованың көзіне ең алғаш Е. Н. Янжулдің «Италияның балабақшаларының бірінде» деген мақалалары көзге түседі. Кейіннен М. Монтессори «Балалы үй», «Ғылыми педагогиканың әдістемелері»атты кітаптармен танысып, оқып жүреді. Қазан айында Фаусектың тырысуымен М. А. Шидловской атыңдағы Ресейдегі ақылы училищеде Мария Монтессори жүйесімен жұмыс істейтін топ ашылды. 1914 жылы көктемде училищенің директорының қолдауымен С. И. Сазонова Юлия Ивановна Римге жол жүріп бір ай болып, Монтессори жүйесімен жұмыс істеуге арналған курстарға қатысады. Мария Монтессори жүйесімен толығымен танысқаннан кейін өз еңбектерін жаза бастады. 1928 - 1976 жылы 4000 дана Монтессори жүйесінде «Жас балалардың грамматикасы» атты еңбегі жарық көрді. Эксперимент және бақылау 1923-1962 «Монтессори мектебінде сызудың мәні» атты еңбегі шықты.

Ресейде Монтессоридың педагогикасының алғашқы тәжірибесі Ясная Поляна деген ауылдық жерде болды. Оның алғашқы ұйымдастырушының бірі Лев Толстойдың сүйікті қызы - Татьяна болған. Ол ең алғаш Монтессориға арнап жазылған «Монтессори әдістері» атты енбегін жарыққа шығарды. Татьяна Львовна Толстой-Сухотинойдың Монтессори педагогикасымен жұмыс жасауы бастапқы ғана кезеңі болған. Бір жылдан кейін Елизавета Ивановна Тихееваның және Юлия Ивановна Фаусектың «Мектепке дейінгі балалардың болашағы» атты кітап бүкіл әлемге танымал болып шықты. Ресейде педагогикалық тәжірибеде Монтессори әдісі бойынша пікір таластар әлі көп жүргізілуде. Статистикаға сүйенсек соңғы жылдарда балабақшаларда және мектептерде Мария Монтессори әдісін 1, 5 мыңнан астам педагогтар қолдануда. Омск және Санкт-Петербург қалаларында дидактикалық материалдарды шығаратын екі фабрика ашылды. Сонымен қатар бүкіл Европаға Мария Монтессори ұлымен қаланған бір ғана фабрика ашылды. 1929 жылы өзінің ұлымен Монтессоpи Халықаралық Ассоцациясын ашады (АМI), бұл Ассоциация бүгінгі күнге дейін өз жұмысын атқаруда.

Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бүгінгі күні М. Монтессори жүйесі- бала дамуындағы ең сұраныстағы әдістемелердің бірі. Монтессори жүйесі бойынша балалардың дамуы- ол еркіндік және дисциплина, қызықты ойын және күрделі жұмыс бір уақытта. Өз педагогикалық әдістемесін Мария Монтессори дидактикалық дайындалған ортадағы баланың өз бетінше даму жүйесі деп атаған. Монтессори жүйесіне 100 жылдан асты, көп уақытқа дейін Монтессори кітаптары бізге қол жетімсіз болды.

Монтессоридің педагогикалық жүйесі бізде тек 90-жылдан белгілі болды. Негізінен, әдістеме 3-6 жас аралығын қамтиды. Балабақшада «Монтессори жүйесіндегі ұсақ саусақ моторикасы» тақырыбында топтатарда күнделікті өмір жаттығулары жүргізіледі. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала - ата - ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы

Мария Монтессори үш рет (1949, 1950 және 1951 жылдары) әлемнің нобелдік сыйлығын алуға ұсынылды.
Монтессори жүйесі бойынша Билл Клинтон - АҚШ - тың 42 президенті, Франсуа Миттеран - Францияның 21 президенті, Уильям мен Гарри ханзадалары - англияның патшалары отбасынан, Жаклин Кеннеди Онассис - АҚШ - тың бірінші ханымының бірі, Джимми Уэйлс - Википедияны шығарған, Габриэль Гарсиа Маркес - жазушы, әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері, Google ізденістік жүйесін шығарған Ларри Пейдж пен Сергей Брин оқытылды.
Лев Толстойдың қызы Татьяна Сухотина - Толстая мен Диана ханшайымы Монтессори - педагогы болған.

  1. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі негізгі қағидалары және теориялық негіздері

М. Монтессори педагогикалық, жүйесінің негізгі қағидаларына тоқтала кететін болсақ олар бірнеше қағидаға бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзету әдістерін қарастыру
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы
Музыканы оқыту әдістемесі
Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама
Педагогиканың жалпы мәселелері
Конструктивті оқыту заңдары
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz