Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
І. Негізгі бөлім4
1. 1. Эстетика ғылымының шығу тарихы. Және оның міндеттері. 4
1. 2. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері8
1. 3. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері12
1. 4. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының қолөнері арқылы әсемдікке тәрбиелеу19
Қорытынды30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі33
КіріспеЗерттеудің өзектілігі:
Қазіргі кездегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың өнерімен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары - В. Маяковский, С. Маршак, К. Чуковский, С. Михалков, А. Барто, композиторлары - Д. Шостакович, С. Прокофьев, А. Н. Александров, Д. Кобалевский, М. Красев, М. Раухвергер, Е. Тиличеева, Т. Потапенко, суретшілері - Н. Жуков, А. Пластов, А. Каневский, Е. Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады.
Курстық жұмыс кіріспеден, Негізгі бөлім, бөлімшелерден, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Зерттеу нысаны: Эстетика ғылымын жан-жақты зерттеу
Курстық жұмыстың мақсаты: балаларға эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығын көрсету.
Міндеттері:
1. Эстетика ғылымының шығу тарихы. Және оның міндеттері.
2. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері
3. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері
4. Бейнелеу өнері пәні - балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру көздерінің бірі екендігінің мағыналарын ашу.
І. Негізгі бөлім 1. 1. Эстетика ғылымының шығу тарихы. Және оның міндеттері.Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын - Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т. б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі - шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.
Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф. Петрарка, Л. Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А. Дюрер, Бруно, Монтель, т. б. ) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У. Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды.
Кант эстет. пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын-идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады.
Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физ. қасиеттерінен, ал эстет. сезімдер мен талғамдарды - биол. заңдылықтардан, адам “табиғатынан” алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс демократтары Белинскийдің, Чернышевскидің, Добролюбовтың еңбектерінде реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т. б. мәселелерде көтерілді. Қазіргі философия ғылымында [1, 172]
Эстетика мәселесі мен міндеттері
Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
- объективті шындықтағы эстет. ұғым
- субъективті эстет. үғым (эстет. сана)
- өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде) .
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. [2, 157]
Эстетикалық категориялар
Негізгі эстетикалық категориялар - сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында - өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т. б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы - ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.
Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор. және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика- негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады.
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т. б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді. [3, 59]
Эстетика - философиялық ғылым.
Эстетика - философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.
А. Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А. Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы - адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған. [4, 87]
Эстетика және өнер
Өнер - мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер - мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы . . . Өнердің шынайы мәнінің діңгегі - сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік - адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты - адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы-ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие - имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы. [5, 168]
Эстетикалық ой тарихы
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2, 5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір кеңіл күйлері - таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т. б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз жүгіртіп етейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның космологизмі. [6, 172]
Космологизм
Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктщ адамзат әлемінен орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын езіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни әз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның енері макроғарыштың, үлкен ғарышқа ұқсап бағуынан, еліктеуінен, яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші - "еліктеу") туады. Осылайша грек ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Грек эстетикасын сонау грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік (Гомердің "Илиада", "Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен бастаса да болады. Антикалык эстетиканың орталық категориясының бірі болып табылатын "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің бастапқы нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған ағаш кесінділерін бірік- тіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал "Илиадада" "гармония" қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз бірте-бірте философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген.
Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері ііпінде өсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады. Тіпті, онымен қоймай, адам жанын да, төнін де ауру-кесел, бөлекеттерден тазартады деп білген. Осы түста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы - катарсиске тоқталып кету керек. [7, 289]
Катарсис
Катарсис (грекше "тазару") - адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.
Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка - ғарыш үндестігінің жердегі керінісі болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның айтуынша, катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрын адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы параграфтардағы мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш салатын) тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика, тарих, поэзия және т. б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген Сократ болатын. Шынайы сұлулық - ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына айналып кетті. [8, 147]
1. 2. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру мәселелеріЭстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие - күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.
Жеке оқушының сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А. П. Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болу керек.
Сонымен бастауыш мектеп оқушылыраның эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің белгілі бір шамада даму қажет.
Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін - эстетикалық тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын ашып көрсетеді.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынады.
Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс педагогтары өз жұмысында академик И. П. Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.
Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.
Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді. [9, 146]
Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С. Шацкий, П. Блонский, Е. Аркин, К. Корнилов, В. Гориневский өздерінің сөйлеген сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің бетін ашты.
Бұрынғы педагогикалық теориялардың негізсіздігі дәлелденді. Бірақ тәрбиенің нақты формаларында, әсіресе көркем тәрбиеде олардың әсерлерінің зардабынан туған кедергіден өту оңай болған жоқ. Жекелеп айтқанда, баланың эстетикалық әсерленуі басқарылатын және қалыптасатын құбылыс дейтін оймен келісу қиын болды.
Ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибені қорыту негізінде мектептегі балаларға эстетикалық тәрбие беру жүйесі қалыптасып бітті, тәрбиенің барлық процесін баланың дүниеге келген алғашқы айларынан жеті жастан кейінгі психикалық және дене дамуының бірлігін көрсетуге, бала әрекетін ойын кезінде және сабақта, тұрмыста, еңбекте, әр түрлі қабілеттері байқала бастады.
Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.
Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз - оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.
Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден - ақ байқала бастайды.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г. Гошаль, В. Шацкая, М. Гумер, Н. Преображенский, Н. Даламонова және басқалар.
Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар бері алсақ онда оның талғамы да жоғары болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.
Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz