Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ..3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесінің теориясы ...
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ..
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл.ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу жолдары..
ҚОРЫТЫНДЫ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ҚОСЫМША
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауында: «Біздің балалармыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанда өмір сүргенді артық көретіндей,өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. «Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс,сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі керек»[1,3].
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндетінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалдыптастыру,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту» - деп атап көрсеткен.Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналы жағынан жаңарту,жалпы білім беретін ХХI ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау,балалардың жеке басын дұрыс дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Бала тәрбиесінің негізі жанұясында қаланатындықтан,халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін фольклорлық мұраларын,логикалық есептермен түрлі тапсырмалар балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын қалыптастасты,тілін дамыту мақсатымен көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізді.Солардың бірі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А.В.Запарожец, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская, В.И.Логинова, В.В.Давыдовтың еңбектері.
Білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский әрекет жасады.Ол өзінің «Ана мектебі» деген кітабында – 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Кімде баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе,ең алдымен оның ой-өрісін қабілетін дамытуы тиіс»- деген.
Джон Локк өзінің «Адамның ақыл-ой тәжірибесі» еңбегінде төмендегідей пікір айтты: адамда туа біткен ой- пікірлер болмайды,олар тәжірибе негізінде пайда болады; адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы «Таза тақтай» (tabula rasa) секілді; сезімде жоқ нәрсе,ақыл-ойда да болуы мүмкін емес.
1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған жолдауы.Орал өңірі,15 желтоқсан,2012 жыл.
2. www.stud.kz
3. Мұқанов М. «Ақыл-ой өрісі».- Алматы,1980.
4. «Бала және балабақша» журналы. №8,9,11,2011.
5. «Психология» журналы, №6,8,11, 2012.
6. Мухина В.С. «Мектеп жасына дейінгі психология».- Алматы,2002
7. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы,1992.
8. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994.
9. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы,1985.
10. Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері Ұлт тағылымы-2003-№4.
11. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
12. www.google.kz
13. www.mail.ru
14. Аралбаева Р.Қ. «Мектепке дейінгі педагогика».- Алматы, 2012.
15. www.yandex.kz
16. www.wikipedia.kz
17. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
18. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988.
19. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
20. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
21. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.
22. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
23. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
24. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ..
0.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол-болашаққа бастар жол жолдауында: Біздің балалармыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанда өмір сүргенді артық көретіндей,өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс,сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі керек[1,3].
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндетінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалдыптастыру,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту - деп атап көрсеткен.Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналы жағынан жаңарту,жалпы білім беретін ХХI ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау,балалардың жеке басын дұрыс дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Бала тәрбиесінің негізі жанұясында қаланатындықтан,халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін фольклорлық мұраларын,логикалық есептермен түрлі тапсырмалар балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын қалыптастасты,тілін дамыту мақсатымен көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізді.Солардың бірі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А.В.Запарожец, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская, В.И.Логинова, В.В.Давыдовтың еңбектері.
Білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский әрекет жасады.Ол өзінің Ана мектебі деген кітабында - 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский: Кімде баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе,ең алдымен оның ой-өрісін қабілетін дамытуы тиіс- деген.
Джон Локк өзінің Адамның ақыл-ой тәжірибесі еңбегінде төмендегідей пікір айтты: адамда туа біткен ой- пікірлер болмайды,олар тәжірибе негізінде пайда болады; адамның сәби кезіндегі ақыл-ойы Таза тақтай (tabula rasa) секілді; сезімде жоқ нәрсе,ақыл-ойда да болуы мүмкін емес.

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі балалар кездеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін тәрбиешінің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны -балалардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды [12,4].
Зерттеудің мақсаты. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Зерттеудің міндеттері:
- танымдық қызығушылықты дамыту;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
- ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде, ертегі, аңыз-әңгімелердің, мақал-мәтел, жаңылтпаштардың асыл сөздер мұрасының әсері әлдеқайда басым. Осы курстық жұмысымыз баланың ақыл-ой тәрбиесі жайында барша пайдалы мәселелерге толы деген сенімдеміз!

0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы.
Ақыл-ойдың дамуы- бұл,баланың жасына,тәжірибиенің молаюына мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әркетінде пайда бролатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшан қарқын мен жүргізіледі,тіпті қалыптасады.Таным процестері жетіледі,бала ақыл-ой әркетінің қарапайым әдістерін менгереді.Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой дамуын қамтамасыз етудің оның барлық кейінгі іс-әркет үшін маңызы зор.
Бала айналадағы құбылыс қоршаған орта туралы сан мағлұматтар мен дағдылар,білімдер игереді.К.Д.Ушинский айтқандай ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенің ескерсек,баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай,сан-алуан,дегенмен,ақыл-ойы дамуының қайнар көзі бола алмайды.Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымждастырылып,түсіндірілмеген,өзі нің тікелей өмір тәжірибесі арқылы менгерген мәліметтер мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап,жасалған түсініктердің тууының негіз болады.
Баланың ақыл-ой дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады.Ол айналадағылармен қарым-қатынасқа тілді сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін менгереді.Соның нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай,оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.
Ақыл - ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелеу ықпалымен жүзеге асырылады.
Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру,олардың қорын жинау,шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін менгеру деп есептейді.Ғалымдар ақыл-ой мен тәрбиені дамытудың көптеген мәселелерін зерттеуде мектепке дейінгі шақтағы балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің негізі ретінде сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдістері талдауға қажетті түйсік пен қабылдаудың даму заңдылықтары реттеліп отыр; олардың көрнекі-қимылдық,бейнелі-образдық және ұғымдық,логикалық ойлауының қалыптасуы зерттелуде; танымдық қабілетінің қалыптасу ерекшеліктері айқындалуда; мектепке дейінгі балалық шақтан әр түрлі кезеңдеріндегі ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны мен әдістері және басқалары талданып жасалуда.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен міндеттерін білу керек.Осыларды ескере отырып,ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері,мазмұны,ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.Мектепке дейінгі шақтың аяғында балалардың бойында айналадағылар жөнінде қарпайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады,олар негізгі ойлау опеерацияларын менгереді (салыстыру,жалпылау т.б),заттар мен құбылыстардың елеуіл және елеусіз белгілерін айыруға,кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілет болады,олардың іс-әркетінің бастамасы қалыптасады.Ақыл-ой думуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әркет нәтижесінде ғана іске асады,сондықтан педагогтардың міндеті бұл үшін жағдай тудыру мен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады [29,6].
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мынадай міндеттері белгіленген.Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыпру,танымдық психикалық процестерді; түйсінуді,қабылдауды,сақтауды,қиялд ауды,сөйлеуді дамыту: білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту; интеллектуальдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту; ақыл-ой әрекетінің қарпайым тәсілдерін қалыптастыру.
Балалар бақшасы алдында баланың ақыл-ой қабілетін дамыту міндеті тұр.Психологияда,қабілеттілік деп қандай да бір іс-әрекетті табысты игерудің алғы шарттарын жасайтын жеке адамның қасиеттерін атау белгіленген.Қабілет тиісті қызмет барысында пайда болып,дамиды.Адамның ақыл-ойы саналық (ақыл-реакцияның жылдамдығы), сыншылдық (фактіні,құбылысты,еңбек нәтижесін дұрыс бағалауға және оларды талдап,қателерін байқауға т.б. қабілеттілік), талаптанғыштық (ақыл-ой міндетін шешуді табандылықпен іздестіруге қабілеттілік,дұрыс жауап іздеп табу үшін түрлі әдістерді пайцдалану), ойлампаздық сияқты ақыл-ой саналары арқылы сипатталады.
Ақыл-ой тәрбиесі құралдарының бірі ойын болып табылады,ойын балаларға тән іс-әрекет үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп,өз білімін анықтайды,оны жолдастарымен бөліседі.
Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әртүрлі әсер етеді: сюжетті- рольдік ойындар айналасындағылар жөніндегі түсініктерін кенейтеді және тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі; драмалау ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды және тіл белсекділігін арттырады; құрылыс-құрастыру ойындары құрастыру қабілеттерін арттырады және геометриячлы фигуралар мен кеңістік қарым-қатынастары туралы білімін кеңейтеді.Тәрбиеші ойынның мазмұнын байытып,дұрыс ұйымдастырса,ол баланың ақыл-ойын дамытуға зор әсерін тигізетін болады.
Ойын үстінде балалар білім алмасып,ойынның әртүрлі жағдайдағы нұсқаларын ойлап табады.Ойынды бақылай отырып,тәрбиеші оның ұғымдарын нақтылап,жаңа рольдерді ойын әрекеттерін,жағдайларын ұсынады,сөйтіп балалардың ой-өрісін кеңейтекді.Ойын үстінде балалар алдын ала ойын тақырыбын белгілейді,жоспарын талқылайды,қандай құралдар әзірлеу қажеттігін ойлайды,оларды әзірлейді,ойын ережелерін тағайындайды.Бұл балалардан ақыл-ой белсенділігін және мақсатты талап етеді,және оларды қалыптастыруға көмектеседі.
Ақыл-ой тәрбиесінде ерекше маңызды орынды танымдық мазмұнымен ақыл-ой міндеттері қажетті элементтері болып табылатын дидактикалық ойындар алады.Ойынға сан рет қатынаса отырып,бала алған білімдерін (мысалы,өсімдіктің аты мен сыртқы түрі,еңбекке қажетті заттар,әдеби қітаптың мазмұны т.б) мықтап игереді.Ойын үстінде ақыл-ой міндетін шеше отырып сәби өз еркінмен есте сақтауға және қайта айтып шығуға,жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге,жекелеген белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады.Мысалы Не өзгерді?, Жоқ нәрсе қайсы? деген ойындарды бала бірнеше заттарды немесе олардың тұрған орындардың еске сақтауы,онан кейін сол көріністі ойша қалыпқа келтіріп қандай өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға тиіс, Формасы осындай затты тап?, Түсіне қарап ал деген ойындарды заттарды жалпы белгілері бойынша топтау қажет, Суреттеуші бойынша тап, Ғажайып дорба, ойындарында балалар заттарды жеке қасиеттері бойынша анықтайды.
Сөйтіп,дидактикалық ойындар балалардың алған білімдерін нақтыландырып бекітіп қана қоймай,олардың ойлау қызметін де арттырады.
Еңбек,ойын және тұрмыстық қызмет балалардың ақыл-ойынның дамуына үлкен әсер еткенімен ақыл-ой тәрбиесінде жетекші роль оқытуға беріледі.Оқытудың артықшылығы- оның мақсатты бағытталуында.Оқыту жүйелі,жоспарлы түрде жүзеге асырылады,сол арқылы білім мен дағдыны жинақтауда белгілі бірізділік және беріктік қамтамасыз етіледі [160,7].

0.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелеудің негізгі әдістері.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары,
міндеттері және мазмұны оны жүзеге асырудың түрлерінің, әдістерінің
және құралдарының өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Түрлері,
әдістері мен құралдары тәрбиелеу процесінің процессуалдық жағын
құрайды. Бұл құралдар іс жүзінде тәрбиелеу әрекетін іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін
шешуге мүмкіндік туғызады. Биенің тиімділігі педагогикалық процесте бұл компоненттерді дұрыс таңдап алуға, мектепке дейінгі балалық
шақтың барлық кезеңдерінде балаларды тәрбиелеудің заңдылықтары
мен принциптеріне бағдарлауға байланысты.
Тәрбиелеу түрлері - тәрбиелеу процесінің сыртқы көрінісі.
Мектепке дейінгі педагогикада тәрбие түрлері дара, кіші топтық,
топтық болып бөлінеді. Тәрбиенің нақты мақсаты мен міндеттеріне,
балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің түрі
таңдалады.
Мысалы, баланың нақты бір қылығы бойынша этикалық әңгімені
онымен жеке өткізуге болады, этикалық әңгіме соңынан талқылау
түрінде өткізілуі де мүмкін - топтық түрі; эстетикалық циклдағы
сабақтар топтық және кіші топтық түрде өтуі мүмкін; еңбек әрекеті жеке
тапсырмаларды орындау (кіші топтарда өсімдіктерді күту, бөлмені топ
болып жинау) түрінде өтуі мүмкін. Ерте жаста негізінен барлық тәрбие
процесі үлкендер жағынан назар аударуды талап ететін күн тәртібі процестерден басқасы жеке түрде немесе кіші топтарда өткізіледі.
Тәрбиенің бұл түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Педагогика курсында ашылған. Қайталау қажет болған жағдайда
осы курстың оқулықтарын пайдаланыңыздар (Тәрбие түрлері
бөлімін қараңыздар).
Тәрбие түрі әртүрлі құралдардың көмегімен орындалатын тәрбиенің
әдістері мен тәсілдерінің кешенін қамтиды[194,8].
Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеу мақсатына жетуге бағытталған
үлкен адамдар мен балалардың өзара байланысты әрекетінің тәсілдері.
Тәрбиелеу әдістерінің көмегімен балалардың тәртібі түзетіледі,
тұлғалық қасиеттері қалыптасады, олардың іс-әрекет, қарымқатынас, өзіне және айналасындарға көзқарас тәжірибесі байытылады. Әдістер мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің әртүрлі
жағдаяттарында, бала іс-әрекетінің түрлерінде пайдаланған жағдайда, сол сияқты педагог оларды бірге және ұдайы алмастырып қолданған
жағдайда тиімді болады. Әдістерді алмастырып тұру тәрбие тәсілдерін керек етеді, олар әдістің бөлінбес бөлігі, бұл тәрбиешінің нақты әдісінің ішіндегі жеке амалы. Мысалы, жазалау әдістерінің тәсілдері - уақытты созып жазалау, ұжым болып талқылау түрінде жазалау, үлкеннің жақтырмаған
көзқарасы, жақсы көретін ісінен айыру. Тәрбиелеу тиімділігі сол сияқты тәрбиелеу заңдылықтары мен оларды есепке алуды білуге байланысты. Мектепке дейінгі педагогикада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бүтін бір кешені айтылады. Тәрбиелеу әдістерінің бірнеше классификациясы бар. Олардың біріншісі тәрбиенің барлық әдістерін тұлғаға ықпал көзіне қарай бөледі: көрнекілік, сөздік, практикалық. Екінші классификацияның негізіне адам (оның ішінде баланың да) іс-әрекетінің құрылымы жатады. Бұл классификацияны Ю. К. Бабанский ұсынған. Бұл баланы тәрбиелеу мен дамытуға іс-әрекеттік көзқарастың мағынасын
көрсетеді. Оның мәні тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту оны іс-әрекеттің
және айналасындағылармен қарым-қатынастың әр түріне қатыстыру
процесінде тиімді түрде жүзеге асады. Тәрбиелеу әдісі 4 топқа бөлінеді:
- тұлғаның санасын қалыптастыру әдісі;
- іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық тәртіп тәжірибесін
қалыптастыру әдістері;
- тәрбиеленушілердің тәртібі мен іс-әрекетін ынталандыру
әдістері;
- тәрбие процесін бақылау мен оның тиімділігін талдау әдістері.
Мектепке дейінгі мекемеде және отбасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері (Тәрбие әдістерін Ю. К.
Бабанскийдің классификациялауы бойынша). Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Балалардың қоғамдағы
тәртіптің, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің нормалары мен ережелері
жөніндегі білімін қалыптастыруға, оны балалардың мектепке дейінгі
оқушы әлеміне кіруді саналы түрде түсіндіруге бағытталған. [8,254]
1. Сөздік әдістер: этикалық әңгімелер, айтып беру, түсіндіру,
нандыру, әдебиет оқып беру, кітап, мультфильм кейіпкерлерінің,
өмірдің әртүрлі ситуацияларындағы үлкендер мен балалардың істеген
қылықтарын талдау.
2. Көрнекі әдістер: үлкендер мен балалардың іс-қимылдарын
байқау, кино- және видеоматериалдарды, өмірдегі жағдайларды, үлкен
адамдардың ісі мен қарым-қатынастарының мысалдарын көрсету, тәрбиелік мазмұны бар слайдтар, картиналар, иллюстрациялар, өмірдегі
және ертегідегі ситуацияларды, кейіпкерлердің істерін көрсететін
суреттерді қарау.
Іс-әрекетті ұйымдастыру және тәртіп тәжірибесін
қалыптастыру әдістері. Бұл қоғамдағы практикалық тәртіп пен ісәрекет аясындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тәжірибесін
қалыптастыруға бағытталған.
1. Үйрету (белгілі бір қалыппен әрекет ету әдетін қалыптастыру).
2. Жаттығу (бір істі есте қалу үшін бірнеше рет қайталау, дағдыны
қалыптастыру).
3. Тәрбиелеуші ситуациялар, олардың негізінде келіспеушілік -
тиісті норма мен баланың ішкі нанымының күресі.
4. Ойын әдістері: ойын-көрсетілімдер, рөлдік ойындар, өмірлік ситуациялар мен ондағы тәртіп нұсқаларының көрсетілімі.
Іс-әрекет пен тәртіпке қарқын беру әдістері. Бұл бала тұлғасының
әлеуметтік көріністеріне қарқын беруге бағытталған. Мектеп жасына дейінгі бала үлкен адамдардың қолдауы мен мақұлдауына мұқтаж;
сондықтан бұл оны тәрбиелеу мен дамытуда нағыз күшті ынталандырады.
1. Марапаттау (мақұлдау, әдепті қатынас, мақтау, мақтаулы көзқарас,
дене қимылымен және ыммен қолдау білдіру, алдын ала сенім көрсету,
марапат тапсыру, төс белгі, жетондар).
2. Ұялту, бетіне басу (жақтырмаған көзқарас, ескерту жасау, уәде
етілген марапаттан айыру, іс-әрекетіне шектеу қою, тыйым салу, табиғи
салдарлар әдісі).
3. Балаға үлкен адамдардың тарапынан табысқа жеткендік,
мақұлдағандық, қолдау білдіргендік жағдаяттарын жасау.
Тәрбие процесін бақылау және оның тиімділігін талдау әдістері.Ол
тәрбие процесін бақылау және оның тиімділігін талдауға бағытталған;
мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиеленгендік деңгейін диагностикалау; қойылған мақсат пен қол жеткізілген нәтижелерді салыстыру.
1. Баланың тәртібін, қарым-қатынасы мен іс-әрекетін байқау.
2. Баланың тәрбиеленгендік деңгейін диагностикалайтын арнайы
ситуациялар (Егер сенде сиқырлы таяқ болса, онда сен не істер едің?).
3. Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
4. Мектепке дейінгі мекемелердің мамандарымен, ата-аналармен
сауалнама жүргізу.
5. Адамгершілік талғамға негізделген өмірлік проблемалық ситуацияларды көрсету.
6. Тәрбиеленгендік пен баланың топтағы орнының
жағдайлылығының арасындағы тәуелділікті анықтайтын социометрия.
7. Тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлық белгілерінің, тұлғаның
бағыт-бағдарының, қабілеттерінің, білігінің дамығандығын бағалаудың
арнайы әдістемесі[34,11].
Әдістердің тізімін жалғастыра беруге болады, оларды құрайтын
тәсілдер де ашылған. Педагогтар мен ана-аналардың тәрбиелеу
жұмысының жемісті болуы тәрбиеге кешенді көзқарас болған жағдайға,
мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынаста әдістердің әртүрлі
топтарын пайдалануға байланысты. Балалардың өмір әрекеттерін
ұйымдастырғанда тәрбие - бағытталған процесс, ол табиғи түрде
жүруі тиіс, үлкендердің жағымды үлгі көрсетіп әрбір баланың қол
жетістіктерін мақұлдап отыру қажет екендігін білу аса маңызды.
Әдістерді таңдағанда тәрбиенің нақты мақсаты мен мазмұнын, тұлғалық,
ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық жағдайларын
ескеру керек; бір ғана әдіс емес, әдістер жүйесі пайдалану, олардың
үйлесімін келтіріп ауыстырып отыру қажет; мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін және құралдарын қолданғанда
стереотиптерге жол берілмеуі тиіс; тәрбие әдістерін таңдағанда баланың
жас және жеке ерекшеліктерін байланыстырып отыру қажет.
Тәрбиелеудің тиімділігінің қажетті шарты - мектеп жасына
дейінгі баланың дамуының заңдылықтарына бағдарлау, тәрбиелеу
принциптерін сақтау болып табылады.
Заманауи тұлғалық-бағдарлық тәрбиелік парадигмадағы жетекші
принциптер мыналар:
:: білім берудің басты нәтижесі ретінде дамыған тұлғаға бағдарлау;
:: тұлғаны әртүрлі іс-әрекет барысында, балалардың күн тәртібі
ережесі аясында тәрбиелеу;
:: ата-аналар мен педагогтардың балаға талаптарының бірдей болуы;
:: баланың жағымды жақтарына сүйену, оны барлық
ерекшеліктерімен қабылдау;
:: тәрбие процесін ізгілендіру;
:: педагогикалық басшылықты баланың ынтасы мен өзінділігінің
дамуымен үйлестіру;
:: тәрбиенің (мақсатының, мазмұнының, технологиясының)
баланың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы;
:: балалармен өзара іс-әрекетте екі жақты қарым-қатынас болуы
принципі[23,11].

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу жолдары.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.
Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті, - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген;
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
- Түрлі - түсті текшелерден үйді қалай салу керек?
- Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз? - деген болмашы сұрақтарды өздері олар ересектер ше талқылап жатады.
Сонымен мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл - ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский:"Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс "- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.
Кішкентай балалар тез еліктегіш жан - жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.
- Тілді дұрыс меңгеру;
- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға үйрету
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді. Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады. Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.
Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді [214,14].
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті, - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Қазіргі Қазақстан балабақшаларында білім бері беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі. Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың таным қабілеттерін дамыту
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны және оның қасиеттері
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Пәндер