М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ..3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 М.Монтессоридің педагогика жүйесінің маңызы және негізгі қағидалары
1.2 М.Монтессори техналогиясын қолданудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ..
1.3 Балабақшада М. Монтессори тобында балаларды ұйымдастыру ерекшеліктері..
ҚОРЫТЫНДЫ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...
ҚОСЫМША.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік отбасы болса, екінші бесік – мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін, қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. «Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.
«Бөбек» қорының президенті С.А. Назарбаеваның сөзімен айтқанда «Әр баланың қабілетін, өзіне жол табу, өзінің күш-жігеріне, өзінің жұмысына сену өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүріп, жансақ қадамдарының неге соқтыратынын нақты білу үшін керек». Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырудың негізгі бағыттардың бірі. Өзіне - өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Бұл іс - әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне - өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне - өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.
Балабақша тәрбиесі балаларды жеке күнделікті қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған өзіне – өзі қызмет көрсету процесінде балаларға дербестік, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, заттарға деген ұқыпты көзқарасы, мінез-құлық мәдениетін қалыптастырады.
1. ҚР МЖМББС. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
Астана, 2013
2. Г.Ахметова, Ж.Қараев. қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогикалық
жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық. Алматы 2013
3. Калиев С. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушы. Отбасы және
балабақша. 2007 №6
4. Қалдыбаева Т.Ж. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының іске асырылуы. Отбасы және балабақша. 2009 ж. №1.
5. Р.Қ. Аралбаева. Мектепке дейінгі педагогика . Алматы 2012.
6. Субботский Е. В. «Ребенок открывает мир» М – Просвещение 1991г.
7. Кравцов Е. С. «Шестилетний ребенок психологическая готовность к
школе» М – педагогика 1991г.
8. «Өзін өзі тану» пәнінің МЖМБС 2010ж.
9. Л.А.Венгер.Э.Г.Пилюгина.Н.Б.Венгер. Воспитание сенсорной культуры ребенка. Москва «Просвещение» 1988г.
10. Школьные технологии. Педагогический журнал. - №6, 2002.
11. Дошкольное воспитание. Педагогический журнал, - № 10, 1994.
12. Буторина М.. Хилтунен Е. Монтессори - материал. (часть1) Школа для малышей.
13. Журнал: Дошкольное воспитание. Педагогический журнал. - №4, 1994.
14. Дошкольное воспитание. Педагогический журнал, - № 12, 2000.
15. Қызықты психология.- 2014 .-№11.-.4-9 бет.
16. Монтессори М. Балалар үйі. Ғылыми педагогика әдісі. – Гомель, 1993. 332б.
17. Сорокова М.Г. Система М.Монтессори. Теория мен практика. Москва, 2005.
18. Венгер Л.А. 6 Пилюгина Э.Г. Воспитание сенсорной культуры ребенка.- 1988. 146ст.
19. Поддьяков Н.Н. Способы сенсорного воспитания в детском саду.
20. Курашова Р.А. Сенсорное развитие дошкольников, - М. Новое знание, 2006.
21. http://orleu.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 М.Монтессоридің педагогика жүйесінің маңызы және негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 М.Монтессори техналогиясын қолданудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . .
0.3 Балабақшада М. Монтессори тобында балаларды ұйымдастыру ерекшеліктері..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік отбасы болса, екінші бесік - мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін, қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Жас бала - жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың, - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор.
Бөбек қорының президенті С.А. Назарбаеваның сөзімен айтқанда Әр баланың қабілетін, өзіне жол табу, өзінің күш-жігеріне, өзінің жұмысына сену өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүріп, жансақ қадамдарының неге соқтыратынын нақты білу үшін керек. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырудың негізгі бағыттардың бірі. Өзіне - өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Бұл іс - әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне - өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне - өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.
Балабақша тәрбиесі балаларды жеке күнделікті қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған өзіне - өзі қызмет көрсету процесінде балаларға дербестік, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, заттарға деген ұқыпты көзқарасы, мінез-құлық мәдениетін қалыптастырады. Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі
қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті
дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды
жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың
қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға
құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде - ақ өзіне - өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі тәрбиешіден
сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті, көтермелеп отыруды талап
етеді. Балалардың өзіне - өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен
жеке - дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті 5 құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын кеңейтеді.Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді,ересектерге сүйіспеншілік сезімі мен сенімі қалыптасады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын
қалыптастыру жұмыстарын атқаруда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін
түрлендіре отырып, әр формада технологияларды пайдалана отырып жүргізу
қажеттілігі заман талабына сай туындайды. Балабақша тәрбиешісіне арналған
бұл әдістемелік құрал, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартының талаптарына қол жеткізуге бағытталған, және мұнда бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италиялық ағартушы-ғалым М.Монтессори әдісінің
элементтері еңгізілген. Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында
қарастырылған бес білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді. Бұл әдістің мақсаты еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан: Өзіме істеуіме көмектес, Мен өзім!, - деген, М.Монтессори әдісі бойынша девиз пайда болды. Бұл әдістемелік құрал балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, еркін қозғалысын Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан, сондықтан ұсақ моториканы дамытудың маңызы зор. Ұсақ моторикаға әсер етіп және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Яғни, бұл дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығы қолдың икемділігін арттырумен қатар, баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді.
Бұл курстық жұмыста М.Монтессори педагогикасы элементтері негізінде дайындыққа арналған, өзіне-өзі, қоршаған ортаға, қамқорлық жасауға арналған жаттығулар топтамасы жас маманға үлгі ретінде ұсынылып отыр. Жас маман ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жетілдіру үшін, мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруда жұмыс түрлері де берілген.
Зерттеудің мақсаты: М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Балабақшада М. Монтессоридің техналогиясын қолдану әдіс-тәсілдерін зерттеу
- М. Монтессорри жасаған мектепке дейінгі балаларға арналған оқыту жүйесін қолдану
- М.Монтессори жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру ,оларды іс-жүзінде дамыту

1.1. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің маңызы және негізгі қағидалары
Итальяндық дәрігер және педагог Мария Монтессоридің (1870-1952) педагогикалық жүйесі - әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл жүйемен көптеген балабақшалар, дамыту орталықтары, тіпті мектептер жұмыс атқарады. Қазір Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында М. Монтессоридің педагогикалық жүйесінің элементтерін енгізіп жатқан мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. Анаммен бірге, Мен өзім, Ақылдылар секілді орталықтар білікті, тәжірибелі педагогтар мен қызметкерлермен, дәрігер педиатрлармен, психологпен, логопедпен қамтамасыз етілген. Монтессори педагогикасында жұмыстың негізгі бағыты - мектепке дейін балалардың еркін дамуымен тәрбиесін қамтамасыз ету.
М. Монтессори педагогикасының негізгі ерекшелікткрінің бірі оқу үдерісінде белсенділік орталығының педагогтан балаға қарай ауысуы. Бала педагогтің түсіндіргенін енжар қабылдап отыратын тындаушы болмайды, керісінше, өз бетімен эксперименталды іс-әрекеті барысында жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес оқып үйренеді.
Бірінші қарағанда, оқу үдерісінде педагогтің рөлі төмендеген секілді көрінеді. Бірақ іс жүзінде отандық педагогика ұғымдарына қайшы, мұғалім көрсететін көмек - балаға материалмен қалай жұмыс істеуге болатынын, қалай қолданатынын көрсету болып табылады. Педагог әрқашан балаға материалмен жұмыс істеудің рационалды әдісін көрсетеді, іс-әрекеттің үлгісін береді, осылайша материалда жасырынған қасиеттер мен қатынастарды ашып береді.
Монтессори тәрбие мен оқыту үдерісін балаға өмірге келгеннен бастап психикалық дамуына берілетін көмек деп түсінді, ал кейін бұл көмек өміріне беріледі. Көмек деген ұғым бұл жерде негізгі болып саналады. Дәл осы нәрсе көбіне балаға деген педагог ұстанымының рөлін анықтап береді. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады. Сондықтан, педагог үнемі баланың жанынан табылады, оған кедергі жасамай, мұқият бақылап отырады, бір қадам алға жылжып көмек пен басшылығын ұсынса, енді бір мезет, бір қадам артқа шегініп, балаға өз бетімен жұмыс істеп, рахаттануына мүмкіндік береді. [1,172].
Монтессори педагогикасында балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. Кішкентай балаларда өзі-өзіне де қызмет көрсете алу дағдыларын тәрбиелеу - бүлдіршіндерді білу және тәрбиешіден үлкен шыдамдылықты қажет ететін ұзақ процесс.
Мектепке дейінгі шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.
Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар. Мектепке дейінгі шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т.т. дағдыларды қалыптастырады. [2,72].
Монтессори әдісінің мәні баланы өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі оқыту, өзін - өзі дамытуға бағытталған. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді. Тәрбие үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау. М.Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психикалық және физикалық дамуымен тығыз байланысты. Монтессори саналылық пен ойлаушылық қабілетінің дамуы үшін сезім мүшелері қабылдауының, қозғалыс дамуының маңыздылығынын үнемі көрсетіп отырды. Монтессори педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары құрылған:

Антропологиялық қағидасы

Монтессоридің педагогикасы баладан басталады, оның ортасында білімі антропология мен психология тұрғысынан құралатын бала тұрады. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді. Тәрбие үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау. Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психикалық және физикалық дамуымен тығыз байланысты. Монтессори саналылық пен
ойлаушылық қа-білетінің дамуы үшін сезім мүшелері қабылдауының, қозғалыс дамуының маңыздылығынын үнемі көрсетіп отырды.

Бала дамуы еркіндігінің қағидасы

Тәрбие құрылымы өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үдерісінде еркіндік жағдайларын жасауды түсінді . Дәл осыған байланысты жұмыс түрі мен құралдарды өз еркімен таңдау монтессори - топтардағы оқу үдерісін ұйымдастыруды дәстүрлі сынып сабақ жүйесі мен кәдімгі балабақшалардағы топтық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін өткізу жүйесінен ерекшелендіреді. Басты мақсаты еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан Монтессори бойынша білім берудің дефизі пайда болды: Өзіме істеуіме көмектес. Мен өзім! - педагог үшін баланың бұл тілегі орындалуға міндетті. Монтессоридің ойынша, кішкентай баланың өзімен өзі болуға тауелсіздікке ұмтылысын ересектер құрметтеуі керек, жауапты адам өссін десе, тәрбиелеу үдеріснде одан әрі
бекітіліп қолдауға ие болуы керек. Монтессори педагогикасына үстіртін көзқарас балаларға олардың дереу орындалуға тиіс тілектері мен анықталатын шектелмеген еркіндік берілген, яғни олар не қаласа, сонны істейді деген жалған ұғымға әкелуі мүмкін. Іс жүзінде олай емес. Монтессори педагогикасында біріншіден, басқа балалардың және ұжымның сұранысында (басқаларға кедергі жасамайтын нәрсенің бәрі болады, Әрбір затты орнына қою керек), екіншіден жұмыстың қажеттілігінде (ешнәрсе істемеуге болмайды, бастаған істі аяғына жеткізу керек) еркіндіктің өзінің шекарасы бар. Монтессори тек осылай ғана өз ісінің шебері болуға үйренуге болады деп санады. Оны жүйесіндегі еркіндік баланың дидактикалық түрде әзірленген ортада еркін қозғалысын, өзінің іспен айналысуына орынды еркін таңдауын, танымдық қызығушылығына керекті заттар мен дидактикалық материалды еркін таңдауын, өз ісімен айналысуға қажеттті уақытты еркін белгілеуін, білім деңгейін таңдау еркіндігін, коммуникациямен іс кезінде балармен бірігу еркіндігін білдіреді. Еркін тірлігінің арқасында бала өзінің мүмкіндіктерін бағалай алады және материалды, орынды, серіктесін, тағы басқа таңдағанда дұрыс шешім қабылдай алады, сол қабылданған шешімге өзінің жауапкершілігін түсінеді, үдерістен және ісінің нәтижесініен қуаныш алады.
Назарды шоғырландыру қағидасы
Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып жұмыс істеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, материалымен қалай жұмыс істеуді көрсетіп беретін педагогтың қимылын мұқият бақылау, егер қажет болғанда түсініктемелерді тыңдау, өздігінен жұмыс істеу және өзінің қателерін бақылауда басқаларға бөгет болмау орындалғанда ғана еркін және өздігінен бір іспен айналысуға болады. Монтессори мұны назардың поляризациясы деп атады. Бұл феноменді ол кішкентай балалармен жұмыс істегенде ашты.
Монтессори назарды шоғырландырудың жоғары деңгейі ақыл - ойдың басшылығымен қолдардың белсенділігін тудырады деген тұжырымға келді. Балалық эксперменттеу өз еркімен алынған затқа белсенді зерттеушілікпен қараудың салдары болып табылады, бұл өз кезегінде баланың назарын, ойлау қабілетін белсендіреді және оларды ұзақ уақыт нәтижелі бірігуге әкеледі - бұл құбылыс поляризация деп аталады.
Белгілі бір затқа іштей шоғырланудың арқасында баланың ақыл- ойының өздігінен даму үдерісі мүмкін болады. Мұнан басқа ақылмен жұмыс істеуге қажетті шыдамдылық, табандылық сияқты қасиеттер пайда болады. Ішкі шоғырлану қасиеті қаншалықты дамыса, соншалықты жұмысқа бір қалыпты тереңдей түсу жүре бастайды, бала тәртібі феномені осылай анықтыла түседі, - деп жазды М. Монтессори. Тәртіпте баланың өзінің қалауына қарай істеу қабілетінің жақсаруы байқалады, ішкі тәртіп еркіндіктің келесі беті бола бастайды.
Арнайы дайындалған оқыту орта қағидасы

Қоршаған оқыту ортасын жасағанда баланың физикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеріледі. Оңай қол жететін сөрелерде оқып үйрену үшін жан - жақты дамытатын керемет мүмкіндігі егжей - тегжейлі ойластырылған көптеген дидактикалық материал қойылады. Монтессори - материалдың қасиеттері сапасы жаттығу үдерісі кезінде назардың поляризациясына септігін тигізеді. Өз еркімен таңдап алынған істің мәнін ақылға салу пайда болады.
Монтессори - материал жалпыланған білімнің нақты, заттық бейнесін, адам жаратылысының кейбір элементін, барынша деперсоникацияланған, субъектіліктен ажыратылған, адамдардың ол жайлы ұрпақтан ұрпаққа жалпыланып келген білімін көрсетеді (Монтессоридің айтуынша - материаланған абстракциялар ).
Монтессори педагогикасында дидактикалық материалы бар жаттығуларды берілген бұрын белгілі элементтерден бала үшін жаңа істерді жинақтау үдерісін белсенділендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Монтессори сондықтан, жазуға - жазумен, оқуға - оқумен, сурет салуға - сурет салу мен үйретпейді, керісінше балаға осы қиын іс - әрекеттерді элементтерден құрастыру мүмкіндігін береді, оның үстіне арқайсының өз уақыты келгенде, яғни сенситивті кезең басталғанша күтеді. Баланы жазу мен оқуға қосымша дайындау үш жасында басталады, дидактикалық материал баланың дамуына сәйкес ақыл - ой тәртібін хабарлау үшін пайдаланылады. Монтессори материалы баланың қоршаған ортада сіңірілуіне қажетті көмек болып табылады.
Педагог бала мен дамытушы заттық-кеңістіктік ортаның арасында байланыс жасап орнатады. Ол балаларды мұқият балаларды бақылайды, ешқашан көмегін ұсынбайды, бірақ бала сұрағанда, қанша болса, сонша көмегін аямайды. Егер көмек қажет болмаса, педагог баланың ісіне араласпайды, баланың қателесуіне және ол қатені өздігінен табуына мүмкіндік береді, себебі бақылау функциясы сол дидактикалық материалдың ішіне кіргізілген.
Монтессори - материалдары бала үшін - әлемге кілт болып табылады, соның арқасында ол өзінің әлем жайлы хаостық ұғымдарын тәртіпке келтіреді, құрастырады. Монтессоридің сөздерінше, материал ... баланың ішкі жұмысының басшысымен көмекшісі болуы керек, басқаша айтқанда, бала әлемнен оқшауланбаған , оның қолына бүкіл әлем мен оның мәдениетін жаулап алуға болатын құрал беріліп отыр.
Сензитивтілік қағидасы

Монтессоридің дидактикалық материалы өзінің құрылымы мен заттық логикасы бойынша бала дамуының сензетивті кезеңдеріне сәйкес келеді. Монтессори, мысалы, алты жасқа дейінгі баланың дамуын алты сензетивті кезеңдерге бөлді: сөйлеу дамуының сензетивті кезеңі , қабылдаумен тәртіп орнатудың (ұқыптылықтың сензетивті кезеңі), ұсақ заттарды үйрену, қимыл мен істі үйрену әлеуметтік дағдылардың дамуы.
Монтессори бала кішкентай кезінде өзінің айналысы туралы толық ұғымды интуициямен сезінеді деп топшылады. Осыдан ол санамен емес, дәл сол кезде, өзінің сенситивті кезеңінде оған қалыптасуына керектісін ғана алады.
Шектеу мен тәртіп қағидасы

Тәртіпті бұзу мен қайта қалпына келтіру - бала іс - әрекетінің ең күшті мотиві деп санады Монтессори, себебі балаға өзінің айналысындағы заттардың бір орнында тұрғаны ұнайды, ол осы тәртіпті бұзған болса, қайтадан өз орнына келтіргісі келеді. Монтессори баланың тәртіпке деген сезімталдығын бала дамуының (екі - үш жас) маңызды және сиқырлы сенситивті фазасы деп бағалайды. Ересектердің өздері жасаған тәртіпті баладан талап етуін Монтессори ең үлкен санады. Тәртіпті жасағанда және орнатқанда баланың табиғи қажеттіліктерін ескеру керек.
Тәртіптен басқа дайындалған дидактикалық ортаны ұйымдастыру қағидасының маңызды нәрсені шектеу болып табылады. Өзін қоршаған өте көп материал мен баланың қабылдау қарқындылығын төмендетіп алмас үшін әрбір материал, оқулық, жұмыс түрі жалғыз данада болуы тиіс.
Дидактикалық материалдың әрбір компенентінің жалғыз болуы сондай - ақ балалардың қайшылықсыз әлеуметтік жүріс - тұрысының дағдыларын жасау үшін де керек. Егер бірнеше бала бір материал мен жұмыс істегісі келетін қиын жағдай туғанда, ол өзара өркениетті шешім іздеулеріне септігін тигізеді, яғни балалар бір біріне жол беруге, күтуге, келісуге, бірігіп жұмыс істеуге үйретеді.
Әлеуметтік тәрбиелеу мен интеграция қағидасы

Жеке жұмыс пен жеке қызығушылықтың болуы жасы мен тәжірибесі гетерогенді (даму кезеңі мен тәжірибесі бойынша әртүрлі және әр жастағы) топтарда жеке жұмыс істеуге арналған оқу құралдарына байланысты болады. Монтессоридің айтуынша балардың бірге жұмыс істеуіне жасына қарай бөлу жеткіліксіз және нәтижесіз болады. Оның бала бақшаларында жасақталған топтар үш жас айырмашылығымен балаларды біріктіреді (мысалы, 3,4,5 жастағылар біртопта болады). Аралас жастағы балалардан құралған топтар рольдік дистанцияның дамуына әсер етеді, бұл балалардың адамгершілігінің дамуында жақсы байқалады. Балалардың арасында өзара көмектің табиғи жүйесі дамиды: кіші жастағылар үлкеніректерден көмек сұрайды (сондықтан, кейбір қиналған кезеңдерінде педагогтың көмегі керек бола бермейді). Олар үлкендерінің ісін қайталайды, тәртіпті үйренеді. Үлкенірек балалар материалымен жұмыс істеуді кішкентайларға көрсетіп, олардың сұрағына жауап береді, өздері ол жұмыстың мән - мағынасын жақсығырақ түсіне бастайды, көмек көрсметуге, кішкентайлаға қамқор болуға үйренеді. Мұндай топтарда, көп балалы отбасылардағы сияқты, әлеуметтік дағдылар табиғи пайда болып дами бастайды, материал мен үлкеннірек балалардың жұмыс істеуі кішкентайлар үшін осы жұмысқа қызығушылықпен мативациясының күшті көзі болып табылады. Педагог бұл жағдайда матеиралға балалардың қызығушылығын арттыруға жұмысқа балаларды белсендіруге қосымша күш жұмсаудан босайды. [3,264].

Жеке кеңестік

Дайындалған ортада бала кеңістік санаты деген секілді маңызды ересек ұғымдрмен танысады. Бұл тек сананың өсуі ғана емес, сондай- ақ, әрбір материалдың топта өз орны болады. Жай ғана балақай жұмыс істеу үшін кілемшені орай бастаса, ол өзінің жеке кеңістігіне ие болады, ол кеңістік оның егесінің рұқсатынсыз бұзхылуға болмайды.
Монтессори топтарында балалар маңғаздана сөйлеген тәрбиешіге қарап партада отырмайды. Бұл жерде әркім кілемшеге , не болмаса кішкене үстелде отырып өз жұмысымен айналысады. [4,195].
Егер ортада тек бір ғана зат екі балаға керек болатын болса, әрине, кезектілік туралы келісуге, не бірігіп жұмыс істеуге тура келеді. Осы жағдайда балалаор социумда қарым - қатынаста болу, келісу өнері бірін бірі тыңдау секілді бағасы жоқ дағдыларға үйренеді.
Әлеуметтік қарым - қатынас дағдысына үйрену мақсатына топтарды әр түрлі жастағы балалрмен толықтыру қағидасы жатады, сонда үлкенірек балалар кішірек балаларға көмектесетін болдады, бұл өз кезегінде жақындарына қамқор болуға және топтағы жағдайды отбасылыққа айналдыруға тәрбиелейді. Монтессори - материалдар жас балақайлар үшін - әлемнің кілті, осы арқылы олар әлем жайлы хаостық ұғымдарын тәртіпке келтіреді. Арнайы дайындалған ортада олар барлық физикалық және рухани қызметтерді жаттықтырады және жан- жақты дамытады. [5,182].

Өмірлік тәжірибе

Бірінші кезекте өмірлік тәжірибе аумағынан алынған бұл жаттығулар баларға жайшылықта үйде анасы рұқсат бере бермейтін түймелерін салу, аяқ киімінің бауын байлау, көкөністерді тазалау мен кесу,дастархан жаю сияқты қарапайым дағдыларды,һөзіне қарауды үйретеді.
Монтессори топтарында балалар сен енді үлкенсің, мұны сен өзің де жасай аласың, - дегенді естиді. Мұғалім тек материалмен қалай жұмыс істеуді ғана көрсетеді. Жаттығулар заттарды бір - біріне құю, себу, алып жүру, сұрыптау секілді материалдардан тұрады, яғни бұлардың барлығы қолдың қимылын дамытып, оны жазуға, оқуға, математикалық абстракцияларға дайындайды.
Барлық заттар шынайы болу керек, себебі Монтессори топтарындағы балалар жай ғана емес, шын мәнінде үйренуге пейілді. Егер балақайдың құмырасы еденге құлап, ішіндегі су төгілсе, оның нәтижесі айқын: педагогиканың тағы бір қағидасы жұмыс істейді - қателікті автоматты түрде бақылау. [6,129].

1.2. М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық Бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы Өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім
қабылдауына, топтада,жекеде жұмысжасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғимінезін,
қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында
тәрбиелеу. Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұлжастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім,қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.
Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін - монтессори әдісін қолдану тиімді.Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны
қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке
итермелейді. Монтессори материалы төрттүрлі жолмен іске асады:
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.ең алғашқы жылында балақозғалыс жасау үстінде жүреді.Онда сензитивтік периодтың даму жолықалыптасады.Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлықжүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі.Моторлық даму жеке-дарақозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді.Оған қозғалыс жасау үшінтүрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді.Бір сызықтыңбойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді.Басқа да топтықжаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.Мысалы, рөлді койындар бір-бірін сыйлауға үйретеді.Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек.Жаттығудың шарты түсінікті болу керек. Нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйренеді. Жаттығулардың негізгі мақсаты:баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік Қасиеттерін Қалыптастыру болып табылады.
Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға
үйренеді.Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен
таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек
сіңіреді.Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда
монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын. Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі - заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады.Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдаумен түйсікке негізделеді.Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер:ес, қиял,
ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көруіне
есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады
әртүрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.
Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор.Мысалы:музыкалық
шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді
қабылдаусыз,поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.
Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі
Бір біліммен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте
маңызды.Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы
болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін
дамыту қажет ,яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс
айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік
қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады.Дәл осышақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады. [7,246].
Мария Монтессори (1870-1952) - балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушы-ларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан италиялық педагог.
Мария Монтессори 3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуы және тәрбиелеуін жүйелі түрде айналысқан.Ол осы жасты ең маңызды кезең деп көрсетті. М.Монтессори өз жұмысын ең алғаш жан ауруларын емдейтін клиникада бастады. Оның балалар үйінің мақсаты - бала дамуына жағдай жасап, олардың табиғи қабілеттерін дамытуға бағытталған. Монтессори тек ақыл-ой кем балалармен ғана емес, қалыпты балалармен де жұмыс жасады. Ол өзінің тәжірибесі мен бақылауын Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне ғылыми педагогикалық әдістерді қолдану деген кітабына жазып отырған.
М.Монтессори Балалар үйінің мақсаты - балалар қабілеттерінің дамуына жағымды жағдай жасауға бағытталған. Қиындықтарды жеңу мен тынымсыз еңбек М.Монтессоридің бүкіл өмірін қамтыды.
Ата-анасының сүйкімді қызы бола тұра, ол сол кезде университетте оқи алу құқығы үшін күресті. Дегенмен, Римде әйелдерге оқуға жол берілсе де, бұл қадам қыз үшін жат болып есеп-телді. Бірақ соңында М.Монтессори ата-анасының келісімімен университетті жақсы аяқтап, медицина докторы атағын алды. Ол Римдегі жоғары дәреже алған ең алғашқы әйел болып есептелді.
Лондонда және Парижде М.Монтессори адамның жүйке жүйесі мен миының жұмысын теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде де зерттеуді жалғастырды. Дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істей отырып, М.Монтессори көптеген француз ғалымдарының еңбектерін оқыды, алдымен аударып жазған, кейін каллиграфиялық түрде, әрбір сөздің мағынасын саралап, ав-тордың жан-дүниесін түсіну үшін уақыт үнемдеу мақсатымен көшіріп жазған. Тек 1 томдық еңбе-гінің өзінде 600 бет болған.
Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М.Мон-тессори ғажайып нәрсеге тап болды: өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген. Т.Л.Сухотинаның айтуы бойынша Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ойы кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектептегі емтиханды өте жеңіл және еркін түрде өткен. Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады.
Балалардың тәрбиесі мен дамуы жүйесін құрған оның ойлары қарапайым және әйгілі болып келеді. Олар: бостандық, білім (ғылым), махаббат. Бұлар Л .Г.Песталоцци теориясында, Л.Н.Толстой мектебінде қолданылған. [12,174].
Уақыт өте келе адамдар бұл үш түсінікке басқаша мағына берген және олар сенімсіздік тудыра бастады. Бірақ осы түсініктердің өзі тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Бала - Монтессоридің айтуынша, өздігінен дамиды. Дамуға кедергі жасауға, оны тоқтатуға болады. Мәжбүрлеу - дамуды кідіртеді, осы үрдістерді тоқтатады және тәрбиешіге қажетсіз күйлердің: агрессия, өшпенділіктің пайда болуына мүмкіндік береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыканы оқыту әдістемесі
М.Монтессоридің өмірі мен педагогикалық жүйесі
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
М.Монтессори педагогикасының жүйесі
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Инновациялық педагогикалық технология ұғымының мәні
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Монтессори әдісін пайдаланудағы негізгі ойындаған сиияқты болу
Пәндер