Мектепалды даярлықта қарапайым математикалық ұғым қалыптастыру



1 мектепалды даярлықта қарапайым математикалық ұғым қалыптастырудың кейбір мәселелері
2 Педагогикалық импровизация . педагогикалық шығармашылық іс.әрекеттің бір бөлігі
Өркениетке қадам басып, қабілетті елу елдің қатарына қосылуды мақсат еткен мемлекетімізд еөнеркәсіп, түрлі шаруашылық салаларын дамытумен қатар халықтың әлеуметтік, рухани ахуалын жақсарту, еліміздің болашағы — жас ұрпаққа білім және тәрбие беру мәселесіне де баса назар аударылып отыр. Мұны күнделікті өміріміздің барлық саласындағы қарқынды даму көріністерінен де айқын байқауымызға болады. Әсіресе тәрбие мен білім беру саласында да оң өзгерістерге қадам бастық. Еліміздің егемендік алуына байланысты үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұнда қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білімберу жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуі, алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім беру жүйесінің ең алғашқы сатысы – мектепке дейінгі мекемелерде баланың білімге деген құштарлығы негізінің элементтерін қалыптастырудан бастағанның маңызы өте зор. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет-тiк бағдарламасында: «Мектепкедейiнгi тәрбиемен оқытудың сапасын арттырудың негізгi бағыты балалардың жеке бас мәдениетiнiң негіздерiн, мектепте оқытуға қажеттi дағдыларды, мемлекеттіктiлдi үйренуiне, зияткерлiк және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады» делінген [1].Бұлбағыттыжүзегеасырудақарапайымматематикалықтүсініктерқалыптастырупәнініңдеаларүлесіаземес.
1. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.- Астана, 2004
2. Г.И. Глейзер «Мектептегі математика тарихы».- Алматы, «Мектеп», 1985.
3. Люблинская А.А. Детская психология.- М.: Просвещение, 1971.
4. Михайлова З.А., Непомнящая Р. Методы формирования элементарных ма-тематических представлений // Дошкольное воспитание. 1988 г. № 2- с.26-30.
5. Ерофеева Т. Использование игровых проблемно-практических ситуаций в обучении дошкольников эле- ментарной математике //Дошкольное воспитание. 1996 г. с. 17-20.
6. Леушина А.М. Формирование элементарных математических представлений у детей дошкольного возра- ста. -М.: Просвещение, 1974.- 368

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Mathematical concepts and problems of formation of them in children before school are considered in this article. Өркениетке қадам басып, қабілетті елу елдің қатарына қосылуды мақсат еткен мемлекетімізде өнеркәсіп, түрлі шаруашылық салаларын дамытумен қатар халықтың әлеуметтік, рухани ахуалын жақсарту, еліміздің болашағы -- жас ұрпаққа білім және тәрбие беру мәселесіне де баса назар аудары- лып отыр. Мұны күнделікті өміріміздің барлық саласындағы қарқынды даму көріністерінен де айқын байқауымызға болады. Әсіресе тәрбие мен білім беру саласында да оң өзгерістерге қадам бастық. Еліміздің егемендік алуына байланысты үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұнда қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуі, алғашқы ұлттық даму стратеги- ясын жасап, моделін құру. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім беру жүйесінің ең алғашқы сатысы - мектепке дейінгі мекемелерде баланың білімге деген құштарлығы негізінің элементтерін қалыптастырудан бастағанның маңызы өте зор. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі - бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тiк бағдарламасында: Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгi бағыты балалардың жеке бас мәдениетiнiң негіздерiн, мектепте оқытуға қажеттi дағдыларды, мемлекеттік тiлдi үйренуiне, зияткерлiк және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады делінген [1]. Бұл бағытты жүзеге асыруда қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру пәнінің де алар үлесі аз емес. Қазіргі таңда мек- тепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша жаңа тұрпатты жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар және соның негізінде әр түрлі бағыттағы Балбөбек, Қарлығаш, Тәй-тәй, Қайнар сияқты төлтума бағдарламалар қолданысқа ендіріле бастады. Математика - өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазірігі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді. Математикалық білім беру математика ғылымның бір бөлігі ғана емес, жал- пы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді.Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр[2]. Математикалық ұғым дегеніміз не? Математикалық ұғымды мектепжасына дейінгі балаларда қалыптастыруда қандай мәселелер кездеседі? Деген сұрақтарға тоқталсақ, мәселені шешу жолдары, тірек сөздер: үшбұрыш, шеңбер, көлем, қосу, алу, математикалық ұғым және терминдер. Еліміз егемен- ді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Математикалық ұғым-мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым-біздің ойлауымызда шындықтың белгілі-бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің тиімді тәсілінің бірі-түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 316 анықталатын ұғым-түрлік ерекшелігі-тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз - барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады. Ұғым мазмұны-нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы. Ұғым көлемі-нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: Үшбұрыш ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың жиыны. Мек- тепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Белгілі орыс психологтары А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, А.А.Люблинская [3] мектепке даяр- лау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау және материалды есте сақтау біліктілігін жатқызады. Е.Е.Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында қарым-қатынас негізгі рөлді атқарады деген тұжырымға келді. Ал, Л.И.Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді. Р.В.Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды, оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады.Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б.Баймұратова, Қ.Сейсенбаев, Н.Айғабылов, Б,Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Математиканы оқыту мәселесімен мектепке дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру үшін әдістеме жасап шығарған педагог - практиктер Р.А.Березина, З.А.Михаилова, Не- помнящая Р. [4], Т.И.Ерофеева [5] айналысты. Математиканы оқыту мәселесі қазіргі таңда жоғары маңызға ие. Ең алдымен таным көзі - сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы мен жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Сонымен қатар, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орнала- суын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйрене отырып, балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар,балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) - жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индук- тивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа материалдарды бағдарламаның кез -келген бөлігінде (Сан және санау, Көлем, Пішін, т.б.) ке- зектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін екінші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі. Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс форма- сы - сабақ болып табылады. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Бала- ларда бірізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын, жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар не- гізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау және кезекте- стіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады. Сабақ құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі шақтағы балаларды оқыту тәрбиелеу ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың ойындағы танымдық белсенділігі
Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі дидактика. Мектепке дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Пәндер