Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:
І Танымдық белсенділікті арттыруда және математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың теориялық негіздері
1.1 Таным процестерінің педагогика.психологиялық негіздерінің дамуы және қалыптасу жолдары мен баланың дамуындағы танымдық компаненттер ... ... ... ... ... ..5
1.2 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Көрнекілікті пайдалану арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу.танымдық іс.әрекетін белсеңдіру ... ... ...13

ІІ Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану жолдары мен ережелері және танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер
2.1 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың қазіргі жолдары ... ... ... ... ... .19
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру және танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер жүйесі

IІI Математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын көрнекілік әдістердің әдістемелік негізі
3.1 Ұйымдастырылған іс .әрекет барысында математикалық түсініктерді қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ..27
3.2 Тәжірибелік . эксперимент жұмысының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...33

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 34

Қосымшалар
Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні балабақшада әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда балабақша баласының төменгі н бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін тәрбиеші өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес балабақшадагі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты «Білім беру туралы» ҚР заңында алға қойылып отыр.
Білім беру және оқыту теориясының балаларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бастылары – танымдық белсенділік, саналылық пен қызығушылық. Бұл талаптардың орындалуы балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Балалардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған «білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады».
Бүгінгі таңда балалардың пәнге қызығушылығы мен оқу белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қoзғаушы күші. Баланың қызығу жәрдемімен oқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бoла бастайды. Танымды қызығу oқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде oны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана: Акорда. - 2007.
2 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы //Егеменді Қазақстан. - 2010. - № 22 (33). - Б.1-4.
3 Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика 3 басылым. Алматы 2004 226-228; 296-297 бет.
4 Әбиев Ж.Ә., Бабаева С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика Дарын. Алматы 2004. 189-191бет.
3 Т.А. Ильина. Педагогиканың жалпы негіздері. Мектеп. Алматы 1977. 223-225, 229-230 бет.
4 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Мектеп. Алматы 1978. 135-137 бет.
5 Н.В. Савин. Педагогика. Мектеп. Алматы 1983. 100-101, 104-105 бет.
6 Ю.К. Бабанский. Педагогика. Москва. Просвещение 1988. 214-216 бет.
7 В.А. Сластенин. Педагогика. Издание третье. Москва “Школа-Пресс” 2000. 193-196 бет.
8 П.Г. Сидоренко. Школа и педагогическая наука. Москва 1975. 323-325 бет.
9 М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы “Ана тілі” 1992 152-154 бет.
10 М.К. Крупская. Педагогическое сочинение 1 том Издательство АПН 1960. 280-281 бет.
11 Ж.Б. Қоянбаев. Педагогика Алматы. Рауан 1992. 195-197 бет.
12
13 Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992.
14 Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.
15 Дүйсенбай Е. Санамақ. – А., «Ана тілі», 1996.
16 Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика. – М., 2008.
17 Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.
18 Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.
19 Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.
20 Новикова В.П. Балабақшадағы математика – М., 2003.
21 Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993.
22 Сербина Е.В. Бөбектерге арналған математика. – М., 1992.
23 Вербицкая Н.О. Педагогические условия эффективности педагогического процесса. М.: Наука. 2004. – 299 с.
24 Әбілқасымова А. Е. және басқалар. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Білім, 1998 ж. - 202 б.
25 Әбілқасымова А. Е. Математикадан дидактикалық тапсырмалар жинағы. - Алматы: Қазақ университеті баспасы, 1991. - 71 б.
26 Рахымбеков Д., Кенешев Ә. Математикалық ұғымдарды оқыту. – Жезқазған: ЖУ, 1997 - 61 б.
27 Ананьев Б.Г., Ломов Б.Ф. Проблемы развития мышления. - М.: 2011- 256 с.
28 Чошанов М.А. Обзор таксономии учебных целей в педагогике США (Блюм Б.). – К.: Кондор, 2009. – 150 с.
29 Абуова М. Баланың қызығушылығы мен белсенділігің қалыптастыру.// балабақша. №5, 2006, 20 б.
30 Шамова Т. И. Развитие познавательной активности в процессе обучения: Учеб. пособие.- М., 2008. – 450 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА КӨРНЕКІ
ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мамандық атауы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәні Мектеп жасына дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыру негізі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім:
І Танымдық белсенділікті арттыруда және математикалық түсініктерді
қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың теориялық негіздері
1. Таным процестерінің педагогика-психологиялық негіздерінің дамуы және
қалыптасу жолдары мен баланың дамуындағы танымдық
компаненттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Көрнекілікті пайдалану арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық
іс-әрекетін
белсеңдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .13

ІІ Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану
жолдары мен ережелері және танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер
2.1 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың
қазіргі
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру және
танымдық белсенділікті арттырудағы әдістер жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ..

IІI Математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын көрнекілік
әдістердің әдістемелік негізі
3.1 Ұйымдастырылған іс –әрекет барысында математикалық түсініктерді
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.2 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 34

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру,
алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар
ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған
адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін
тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні балабақшада әлеуметті
жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере
білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты
қазіргі жағдайда балабақша баласының төменгі н бастап оқуға деген
қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін тәрбиеші
өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік
стандартына сәйкес балабақшадагі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі
өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және
дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық
іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын
қалыптастыру мақсаты Білім беру туралы ҚР заңында алға қойылып отыр.
Білім беру және оқыту теориясының балаларды оқыту мәселесіндегі
талаптарының бастылары – танымдық белсенділік, саналылық пен қызығушылық.
Бұл талаптардың орындалуы балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді
жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған
білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге
ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға
мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске
аспайды. Балалардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі –
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде
дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімдерін
өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Бүгінгі таңда балалардың пәнге қызығушылығы мен оқу белсенділігін
қалыптастырудың маңызы зор. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қoзғаушы күші.
Баланың қызығу жәрдемімен oқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны
ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара
тұлғалық сипаттарға ие бoла бастайды. Танымды қызығу oқыту мен тәрбиелеу
нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде oны қалыптастырудың үш
жағдайы туралы жиі айтылады.
Біріншісі – oқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнның
берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын
тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қoлданылуы, бұрыннан білетін
мағлуматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі – балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын
және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін
өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін
арттыру; танымдық oйындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті
ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру;
ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып
көрсету; балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім
алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді
қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану
арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшіншісі – тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатынаста
сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала
өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәніне ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа
алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.
Оқу сапасын, балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық
және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді
пайдалану оның уақыта талабына сай  түрлерінің жаңаруымен баса назар
аудартады.
Педагогикалық ғылым мен практикада танымдық қызығушылықты арттыру
бойынша мәнді тәжірибелер жинақталған. Біздің зерттеу мәселеміз XVII-XIX
ғасырдың педагогтары Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А.
Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде көрініс тапты.
Қазақтын ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғам
қайраткерлері және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов
өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекетінде балаларды шығармашылықты
дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.
Профессор Ж. А. Қараев және көптеген ғалымдар М. Б. Есбoсынов, С.
В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарoва, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. К.
Төлбасова, Б. Абыканова, О. К. Ахметoва және т.б ақпараттық-қатынастық
технoлогияны жалпы орта білім беретін балабақшаның оқу үрдісінде, кәсіби
дайындықта және жоғары оқу орындарында оқу құралдарды қолданудың
әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді.
Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк
әдебиеттердi және балабақша жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi
кезде көрнекіліктерді пайдалану әдістемесін балабақшада бiлiм беру
мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей
қолданылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн
көрсеттi. балабақшада математика сабағында көрнекілікті пайдалануға
болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi
байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарасырылмаған. Жоғарыда жасалған
талдаулар зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгiн көрсетедi.
Қазіргі кезеңде көрнекілікті пайдалану үшін кіші балабақша жасындағы
балалардың жас ерекшеліктері мен балабақшаның оқу үрдісінің ерекшеліктері
туралы білім жүйесі ретіндегі педагогикалық инструментарияны талап ететіні
байқалып oтыр. Жoғарыда аталған мәселелерге орай балабақшада көрнекілікті
пайдалану әдістемесін жузеге асыру қажеттiлiгi мен математикалық
түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану әдiстемесiнiң
жасалмағандығы арасында қарама-қайшылық бар екендігі анықталды.
Осы қайшылық негiзiнде математикалық түсініктерді қалыптастыруда
көрнекілікті пайдалану әдiстемесiн жузеге асыру қажеттілігі, оны
тәрбиешідердің қолдана білу, мәселелері туындайды.
Зерттеу мақсаты: математикалық түсініктерді қалыптастыруда
көрнекілікті пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе
жүзінде сынақтан өткізу және оның тиімділігін дәлелдеу. Мектепке дейінгі
балалардың танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және
әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі
Зерттеу пәні: математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті
пайдалану жолдары
Болжамы: егер балабақша тәрбиешісі математикалық түсініктерді
қалыптастыру оқытуда көрнекілікті жүйелі түрде қолданылса, онда балалардың
математика есептерін шығару біліктіліктері, математика пәніне қызығушылығы,
білім деңгейі, логикалық ойлау арта түседі және танымдық белсенділігін
арттыру ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау
жасалып, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда
қамтамасыз етілсе, онда иектепке дейіңгі балалардың танымдық белсенділігі
артуы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы
қалыптасады.
Зерттеу объектісіне, пәніне, болжам мен мақсатына сәйкес келесі
міндеттер анықталды:
1. Балабақша балаларының математикалық түсініктерді қалыптастыруда
көрнекілікті пайдалану мәселесінің теориялық аспектілерін
зерттеу;
2. Есеп шығаруда көрнекілікті пайдалануға тәрбиешілеріне
қойылатын талаптарын айқындау;
3. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті
пайдаланудың әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.
4 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын теориялық
тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық
бағыттарын айқындау.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді
талдау, модельдеу. Балабақша ішілік құжаттарды талдау (жоспарлар,
оқулықтары, есеп берулер, конспекттер). Педагогикалық эксперимент (тест,
сауалнама, бақылау, әңгіме). зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу
әдістерін қолдану; тәжірибелік – эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық
жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші ролі туралы философиялық концепция,
құндылық бағдарлар теориясы, білім беру дидактикасының жетістіктері,
балабақшада оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, білім беруді
ақпараттандыру концепциясы. Мектепке дейіңгі балалардың танымдық
белсенділігін арттыру теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген
сауалнамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы
нақтыланды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: балабақша балаларының
құзығушылықтарының арту деңгейін анықтау әдістемесін құрастыру.Қазіргі
жағдайда мектепке дейіңгі балалардың танымдық белсенділігін арттырудың
әдістемесі жасалынды. Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін
арттырудың теориялық әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп
мұғалімдер қызметінде, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру
институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру
мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеу базасы:
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен және қосымшалардан құралады.

І Танымдық белсенділікті арттырудың және математикалық түсініктерді
қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың теориялық негіздері

1.1 ТАНЫМ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ДАМУЫ
ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
Түйсік және қабылдаудың дамуы,оны қалыптастыру жолдары
Балаларда түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан
кейін бернеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның
аузына хинин ерінтіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы
айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың
есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері құлақ түтігі суға толы
болады да, ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа
біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елеңдемесе,
оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып
көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен дауысын естіп,
көңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан
былай қарай бала көзін жарық түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы
заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған
нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше
күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін
айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне,
біртіндеп оның көлеміне, одан соң барып, бояуына көңіл аударатын болады.
Бала тілінің шығуы, оның жүре бастауы- түйсіктердің дамуына қолайлы әсер
етеді. Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту,
сипай сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгереді. Мектепке дейінгі
балалардың түйсіктерін де жан-жақтылы дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін
балалардың оқу әрекеті белсенді де творчествалы, қызғылықты да сан қилы
болып ұйымдастырылуы тиіс. Түйсік дамытуды баланың өзі қажетсінсе, тіптен
жақсы. Егер бала мектепке дейін сурет салумен әуестенсе, және оның
салғандары сәтті шықса, мектепте де сурет салуға ынталанып, бояу біткеннің
қасиетін білуге ықыластанып тұрады. Осындай баланың түсті айыру қабілеті өз
құрбыларынан әлдеқайда жоғары болады. Түйсікті дамытуға нұқсан келтіретін
факторлардың бар екенін ұмытпау қажет. Мәселен, бала партада дұрыс отыра
алмайтын болса, оқыған немесе, жазған кезде қисайып жатып алса, кітапқа,
дәптерге көзін өте жақын дағдыланса, оның көру қабілеті нашарлайды.
Тәрбиеші осы айтылғандардың, сондай-ақ жатып оқудың да зияндылығын балаға
ескертуі тиіс. Тәрбиеші көзі нашар көретін оқушыны жеке бақылауға алып,
қадағалап отырмаса болмайды. Көзі нашар көретін баланы қадағаламаса, оның
сабақты нашар үлгеруі де мүмкін. Мектепке дейінгі балалардың есту
түйсіктерін жетілдірудің де маңызы зор.
Балалар жоғары дыбыстарды да сезе алатын болуы тиіс. Мұндай қабілет
арнаулы жаттығулар арқылы тәрбиеленеді.
Мәселен, мектепке дейіңгі балалардың көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен
ажырата алмауы, оқу жазу дағдаларының қалыптасуына кедергі эксперименттік
зерттеулерде анықталып отыр. Сөйтіп балалардың түйсіктері тәжірибе жүзінде
дамитындығы атап айтқанда, ән айту – есту түйсігін, сурет салу – көру
түйсігін, еңбек сабақтары – қозғалыс, сипай сезу түйсіктерін кемеліне
келітіріп отыратындығы байқалды.
Қабылдау. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің
дамуымен бірге жүріп, отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы
зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру – оның мағынасын
ұғынуға жәрдем етеді, мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға
болады.
Мектепке дейіңгі дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз. Сондықтан олар
заттарды көбінесе үстірт қабылдамайды. Мәселен, 4-5 жастағы бөбектер
кеңістік пен уақытты, алыстық пен қашықтықты, нашар ажыратады
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді,
жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді кешегі
мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады.
Мектепке дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне
байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың
қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы
нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан мектепке дейінгі оқитын балалардың
қабылдауында мына төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде болса
құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Бала заттың
көлденеңнен кезіккен жеке қасиеттері мен белгілерн ғана көреді, заттарды
талдай қабылдау жағы да жетпей жатады. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын,
олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.
Мұндай қабылдауда белсенділік жағы да аз болады. Егер объектіні қабылдау
қиынға соқса, бала оған қынжылмайды, екіншісіне ауысады, қабылданған
затының жеке бөліктерін тізбектей алғанмен, бірақ онда жүйе болмайды.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай
қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын
болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік
белгісін ұққысы келеді, оның мәніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу
принципіне зер сала бастайды, Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді.
Заттарды дұрыс қабылдай алу мәніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей
болмайды. Мәселен, күнбе-күн өтілетін ана тілі сабақтарына қарағанда сирек
болатын ән-күй, сурет сабақтарынан бала қабылдауының даму дәрежесі баяу
болады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің
көрінуімен ұштасады. Байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып
оқушыларында да бар. Мәселен, қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны, аяғы бар
деп баланың тізбектеуі – оның байқай алатындығының белгісі. Үшінші,
төртінші сынып оқушылары объектінің түсіне, түріне, үлкен-кішілігіне де
назар аудара алады, байқаудың мақсатын түсінеді, нәтижесін сөз арқылы
тұжырымдап, бірнеше объектілерді қатарынан байқай алуға шамасы келеді.

Байқаудың белсенді жүріп отыруына сезім мен қызығу жақсы әсер
етеді. Сондықтан да мұғалім байқау кезінде оқушылардың әрқайсысының
белсенділігін қадағалап отырғаны абзал. Өйткені бала объектілерді қарауға
селсоқ кірісетін болса, байқау дәрежесі өте төмен болады.
Бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, тәрбиеші мына
төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:
1)Көрнекті құралдарды
2)Балалар байқаудың, қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар
мен құбылыстардың мәнін түсінген болу шарты
3)Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа
материалды оқушылардың бұрынға білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға зер
салу қажет.
4)Балалардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі,
көлемі, қиындығын мұғалім еске алу шарты
5)Балалардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу, дұрыс қабылдап үйренуге
әдеттендіру шарты.
Естің дамуындағы елес және оны тәрбиелеу. Қайта жаңғырту процесі
елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендегіні қайта жаңғырту түрлі
елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойлауға өтердегі көпір деуге болады. Елес
арқылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей алуға
мүмкіндік алады.
Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес.
Егер бала да әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза
алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі
елестері анық болса ғана ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады.
Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың
қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады. Бала өзі байқап
отырған нәрсені кейін қажет блатындығын сезінетін болса, оның елесі де
тиянақты қалыптасады. Мәселен, бала табиғаттану сабағында үй қояндары
туралы мәлімет алғанда, кейін мұны жатқа саладыны ескертілсе, баланың
байқауы тереңірек болып, елесіне жақсы тірек болады. Баланың елестерін
дамытуда арнаулы жаттығулар жасап отыру қажет. Мәселен, сурет сабағында
алдымен салынатын затқа баланың зейінін аударып, кейін одан жатқа сол затты
салуды талап етсе және осындай әдісті бірнеше рет қайталаса баланың көру
елесі дами түседі. Мектепке дейінгі балалардың өмір тәжірибесі аз, ой-өрісі
әлі жетілмегендіктен, затты жалпылай алу қабілеті нашар болады. Тәрбиеші
осы жағдайды ескере отырып, балада нақтылы елестердің мол болуын ойластыруы
тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру, оларды оқу
әрекетіне дайындаудың негізгі бір элементі екендігі ата-аналардың естерінде
болуы тиіс.
Зейінннің дамуы және оны тәрбиелеу. Балаларда тілдің шығуына
байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін
үлкендердің ықпалымен балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай
дамытып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру,
үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т.б) Мектеп жасына дейінгі
балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын
арқылы бала түрлі обьектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен
құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларды
зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б) жақсы
байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі. Мектепке
дейінгі балалардың зейінін оқу-тәрбие процессінің талаптарына байланысты
жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, тәрбиеші –
балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойлағаннан басқаға
көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан
аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың
аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің
басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші
топтағы балалар түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы
формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті есеп шығаруды
ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік-
зейін көлемінің өте тары келетіндігі. Тәрбиеші осы жағдайды есінде қатты
ұстағаны дұрыс. Ол сабақта бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп
берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір обьектіге
тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні
негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін
билеп алмайынша, тәрбиешінің сөзі оның зейініне қонбайды, қиялын
толғандырмайды.
Зейін тәрбиесінде әр бір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына
төмендегілер:
1. Бірінші топтан бастап балаларды зейінділікке әдеттендіру, олада зейіннің
жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын.
2. Бүкіл топқа не жеке балаларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа
болып келсін.
3. Бала қайда жүрсе де, (балабақшада, үйде, далада) байқағыштыққа
тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі –ерік. Сондықтан
зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің әлде болса, қатая
қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз
жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне
талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар
шаралар. Ы. Алтынсарин: егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, оқытушы
оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға
тиіс -деп өте дұрыс айтқан. [9]
Ойлаудың дамуы және оны қалыптастыру Жаңа туған балада ешқандай ойлау
болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасаудың
нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Он бес айлық
бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп
оларды азайта бастайды, содан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады.
мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың үстінде болады. Ойлау бұл
кезеңде нақтылы-бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Мектепке дейінгі жағдайында бала ойлауын дамыту үшін тәрбиеші
тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты
кейбірі мына төмендегілер:
1.Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық математикалық) жөнінде өз
беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше
эвристикалық методты жиі пайдаланып отыруы қажет.
2.Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға
үлкен әсерін тигізеді
3.Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жазылады.
4.Тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу
процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын
мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
5.Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс-
бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге
үнемі бағыттап отыру
6.Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз
ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, таныту қызығуларын,
көзқарасымен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс.
Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу. Бала алдымен дауысты дыбыстарды,
кейінірек дауыссыз және сыңар дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, ұяң
түрлерін меңгереді. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі.
Мәселен, жас жарымдағы балада 10-15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста
мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын
стихиялы түрде үйренуге кіріседі.
Жанұяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл
бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгеріп кетеді.
Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады.
Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас ролін атқарса, мектепте
жүргенде білім жүйелері меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады.
Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай
туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін өз бетінше
меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық трғыдан) оқып-үйрену бала тілін дамуына бұрын-соңды болып
көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу
ерекшеліктері онан сайын жетіле, дами түседі.
Жазбаша сөйлеу – баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал
жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеуді меңгеруге бала мектеп есігін
аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Балалардың орфографиялық дағдылармен
қатар жазу жұмысы дағдыларын үйрену жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі
элементі болып табылады.
Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден басталады. Хат тану арқылы
арнаулы дағдылары болуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды оқу дағдысы дейді.
Хат негізгі үш кезеңнен тұрады.
Мұның бірінші кезеңде бала әріптің аттарымен танысады. Оқу дағдысының
бірінші кезеңін психологияда анализдік (талдау) кезеңі деп атайды.
Екінші кезеңде бала сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне
жеңіл қоса алатын болады.
Үшінші кезеңде бала әріптерді тез танып, бір-біріне қосып оқи алады.
Бала балабаұшаға келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу
дағдысын да меңгере бастайды.
Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі
бар. Жазу дағдысының осы үш кезеңі жылдам тез жазуға жасалған дайындық
кезеңі болып табылады.
Баланың жазу қарқыны әр сыныпта әр түрлі болып келеді. Мектепке
дейінгі балалардың ішінде жазумен көбірек шұғылданатын – бірінші
сыныптағылар. Өйткені бұл кезде жазуға көп көңіл бөлінеді. Екінші, үшінші
топтарда баланың жазу қарқыны біршама төмендейді де, төртінші сыныпта
қайтадан көтеріледі. Психологиялық зерттеулерде балабақшаны бітіретін
баланың жазу темпі минутына 60-70 әріп болатындығы анықталған. [8]
Балалар сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе балабақша жағдайында
қолға алу үшін тәрбиешіге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады.
1). Балалардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық,
лексикалық дұрыс жаза айта алуына қамқорлық жасау керек.
2) Балалардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш,
тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау т.б.) жою
3) Тәрбиешілер балалардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлу
4) Балалардың сөйлеу мәдениетін
Халқымыздың классик жазушысы Мұхтар Әуезов: Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де
болады- деді. [11]
Қиялдың дамуы және оны қалыптастыру. Қиялдың алғашқы көріністері үш
жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын көріп,
бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай
сияқты болып көрінгенімен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.
Мектепке дейіңгі ұйым – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады.
Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен,
табиғаттағы суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір
материалды түсіндіргенде тәрбиеші арнаулы тәсілдер арқылы балалардың қиялын
оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей,
қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі. Мектепке дейінгі
балаларда алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, ересек
топтағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай
алмайды. Осы салада тәрбиеші істейтін іс – ұшан теңіз. Мәселен, тәрбиеші
балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда балалар әрбір
ағашты, өсімдік түрлерін көздерісен көріп, қолдарымен ұстайды,
білмегендерін бірінен-бірі сұрап не тәрбиешіден біліп алады. Ертеңіне
тәрбиеші оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра,
тропика т.б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге
көп пайдасын тигізеді.
Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын
да дамыта түседі. Мәселен, мектепалды даярлық топтағылар сурет сабағында
алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа
затпен салыстырып көреді.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін
қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен,
сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың
осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Мектепке дейіңгі балалардың қиялын дамыту – олардың эстетикалық
сезімдерін оятады.
Балалардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған
балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына топ саяхат
жасау, тапсырмаларды балаларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында
кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын
тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІҢГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ БАҒЫТТАРЫ,
ДӘРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ МЕН КОМПЕНЕНТТЕРІ
Мектепке дейінгі бөлімнің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы
қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе
танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы
төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастап алады. Оның көрнекті
өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың
белсенді және өз бетімен білім алыуының маңыздылығын, өз бетімен білім
алудағы жетістіктері өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-жақты
жетілудің әрі объекті, әрі субъекті екендігін жан-жақты негіздеген. Олардың
пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің
алғышарты болып табылады және ойлап отырып бала іздену арқылы өз бетімен
білім алады. Өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш
сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы
болып келді.
Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын
тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат
тйрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс
жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын
дұрыс таңдап алуы қажет болды.
Дидактикалық-әдістемелік бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау
алады. Оның Ұлы дидактика еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін
ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру
және оқыту, тәрбиеші мен баланың әрекетін талдау мәселелерін қарастырды.
Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж.
Руссоның, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервергтің және т.б. еңбектерінде дами
түсті.
Үшінші бағыт психологиялық-дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский, Ы
Алтынсарин еңбектерінде бастау алады. Балалардың өзіндік әрекеті тек қана
оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай-
ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.
К. Д. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, өз бетінше
жұмыс – оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы [15] деп есептеді.
Осы жұмыстың нәтижесінде жету үшін тәрбиеші мен балалардың оқу үрдісіндегі
еңбегін дұрыс болуы деп түсіндірді. К. Д. Ушинский педагогикалық ғылымда
алғаш рет балалардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-
педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-
әрекетін жаттықтыруда тәрбиешілердің ролін жоғары бағалады. Ал
К. Д. Ушинский тәрбиешінің ролін ескере отырып, ол баланың белсенділігін
дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу,
көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталады.
К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше,
сабақта тәрбиеші бағыттаушы ғана, ал баланың білімді игеруі өзіндік ішкі
мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.
Бұл бағытта П. Ф. Каптерев, А. П. Вахтерев, Ы. Алтынсариннің және
т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады. В. П. Вахтерев баланың оқу-
танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді көрсетіп, көптеген
экспериметтер жүргізді.
Төртінші жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа
кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен
айқындалады.
Қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны
қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге баланың
шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен
салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті
дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп дейгейлік негізде, мультимедия жүйесін
қолдану т.б.) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогика идеясы мектепке дейінгі
жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипатәкелді.
Танымдық іс-әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық
мәселелері жөнінде оқу-әдістемелік, психология-педагогикалық әдебиеттерге
ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық
бағытты бөліп көрсетуге болады.
Ю. К. Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М. А.
Ланилов пен Б. П. Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық
белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы
классификациясын жасады.
Балалардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін
дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В. И. Зазвязинский, М. И. Махмутов,
Ж. Б. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева атап көрсеткен.
Баланың оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін артырудың
тиімді құралдарының бірі – баланың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу
әрекеті жайлы Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смаилов, М. А.
Құдайқұлов, Р. С. Омарованың еңбектері маңызды.
Балалардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А. Н. Ильясова,
Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, Р. Н. Төлеубаева, О. С. Сыздықов, Б. И.
Мұқанова, М. С. Молдабекова, Г.Ж Менлибекова, т.б. еңбектерін ерекше атап
өтуге болады.
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым,
оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын
болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды
таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Баланың танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу
барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың бетінше танымдық
ықылас-ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады.
Баланың қабылдауы, негізінен, тәрбиешінің сабақты жүйелі түрде
жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз
болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін
арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік
сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы,)әсерленуі негізінде
қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар: [14]
1-дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап,
қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен
сипатталады. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш – баланың бойында
білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-дәреже – түсіндіруші белсенділік – баланың оқығанын зерделеуге, оны
өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану
жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш баланың
бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны
жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3-дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – баланың тапсырманы
(мәселені) шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.
Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның
негіздері мен әр алуандығы.
Сөйтіп оқудағы белсенділік – баланың іс-қимыл жағдайы ғана емес, осы
іс-қимылдың санасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен,
өзінің рухани-ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға
деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.
Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен, мотивті
және белсенді қылықтың балаға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін
синтезделумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына баланың тұрлаулы,
мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталған жүйелі білім алу
ретінде қарастырылады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып, сондай-
ақ педагогикалық экспериметтік нәтижелерін пайдаланып, баланың танымдық
белсендік белгілері жүйелерін Мұстаяпова былай анықтайды. [14] Оған үш
белгі тән:
1)оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
2)оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
3)оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
Бұл үш белгіні балалардың белсенділіктерін әртүрлі зерттеулер
нәтижесінде, әрі ғалымдардың әртүрлі топтастыруларын қарай отырып ең тиімді
деп өз қорытындыларымен топтастырады. Мен бұл топтастыруды қолдаған себебім
танымдық әрекеттің қоғамдық, әлеуметтік және педагогика-психологиялық
жағынан интеллектуалдық тұрғыдан алып қарағаны ұнады. Яғни жан-жақты
қарастырылған. Баланың белсенділігі осы үш белгі нәтижесінде жан-жақты
қарастырылғанда оның белсенділік деңгейін анықтауға көп мүмкіндіктер
береді.
Еліміздің алға қойған мақсаттарының бірі 12 жылдық білім беруді жүзеге
асыруда мектепке дейінгі білім беру стандартында мектепалды даярлық
тобынан бастап барлық пән бойынша Таным әліппесі оқытылатыны белгілі.
Міне, сол кезеңде танымдық жүйенің теориялық негіздері тәрбиешілерге ауадай
қажет болады. Танымды оқуда белсенділік белгілері, оның компоненттері
ерекше рол атқарады.
Баланың танымдық белсенділігі, оның дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыру, дамытуда таным компоненттерінің алатын орны ерекше. Таным
компоненттерін зерттеген ғалымдар оны төмендегідей негізгі топтарға бөледі.

Танымдық белсенділік компоненттерінің құрамын төртке бөліп қарастырады:
- мотивтік;
- мазмұнды-операциялық;
- еріктік;
- бағалау-нәтижелік.
Танымдық белсенділік компонентерінің құрамы 1- суретте көрсетілген.
Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет
проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға
әкелді: белсенділік – жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып
табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық
мотив пен өз беттілік тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс
болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Танымдық белсенділік компоненттерінің моделіне қарасақ онда
оқушылардың танымын арттыруда барлық жағынан қарастырылып, зерттелген. Бала
қызығушылығын арттырудан бастап танымды басқару, әдіс-тәсілдері
қиындықтарды жеңу, оны қалыптастырудағы барлық бірліктер қарастырылған.

Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың
теориялық негіздері

1.2 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану
ерекшеліктері
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті дұрыс пайдалану
айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына
көмектеседі, балалардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады,
нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада
қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайында балабақшаның
ролі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, балабақшаның - басты
міндеті балаларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың
жоғары сана-сезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде
мамандық таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді
жетілдіре түсу мақсатымен балабақшада берілетін білім мазмұнын қазіргі
кездегі ғылым, техника және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес
ғылыми негізделген оқу жоспарын және бағдарламасын енгізу керек – деп орыс
ғалымы Н. О. Вербицкая дәлелдеді.
Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары
балабақшада білім беруді қайта құру жөнінде үлкен жұмыс істелді, соның
нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде математикадан да, жаңа
бағдарлама енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен балабақша балаларына
математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге
қарастырады. Әдістемеде математиканың курсының мазмұны мен құрылысы ашылып
айқындалынады, яғни математикадан балабақшаларда қандай материал оқылатыны
және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі
балабақшаларда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары
қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді
екендігі айтылады. Математиканы балабақшаларда оқыту әдістемесінде курстағы
әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10 көлеміндегі
сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы
тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) оқып үйренудін дербес
әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі балаларға теориялық
білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін
қолдана білуге үйрену, балаларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді
ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ әдістемесінде математиканы оқытуда зор
нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай ұйымдастыру керектігі
жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру сипатты екендігі
белгілі, олай болса, методиканың міндеті - жаңа адамды тәрбиелеуге
балалардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін оларды математикаға
қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып қалыптасуына
көмектесетін оқыту әдістерімен тәрбиешіді қаруландыру.
Қазақстандағы белгілі әдіскер Әбілқасымова А. Е. бойынша: Балабақшада
математиканы оқыту, кез келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру,
тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс .
Математиканы оқып үйрену процесінде балалар бәрінен бұрын теориялық
білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бірқатар
біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі балалардын саналы білім
алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін
болуы керек. Егер оқыту ісі жетілдіріліп отырса, яғни балалардың
интеллектуалдық даму дәрежесі, олардың танымдылық қабілеті және ынтасының
дамуы жеткілікті қамтамасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға
мүмкіндік болады.
Математиканы оқыту кезінде балаларда материалистік көз қарастын
бастамасы қалыптаса бастайды. Сан арифметикалық амалдар, санау системасы,
геометриялық фигура т.с.с. математикалық алғашқы ұғымдар берілетін рдың
өзінде-ақ бала математиканын объектісі - шын дүниенін кеңістік формалары
мен сандық қатынастары екенін, демек, мұнын өзі реалдық материал екенің
сол сияқты сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағаның нақты дүниеден
алынғанын бала түсініп білуге тиіс. Сондықтан математиканы оқытудың
өмірмен байланысын жүзеге дұрыс асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан,
Әбілқасымова А. Е. пікірі бойынша, балабақша балаларын бізді қоршаған өмір
құбылыстарынан математикалық фактілерді (абстракцияларды) тани білуге
үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу
үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық
білімдермен балаларды қаруландыру мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау,
онша күрделі емес есеп-қисапты шығару т. с. с.
Математиканы оқыту ісі өз Отанын (елін) сүйетін біздін қоғамымыздың
игі мақсаттарын сезіне білетін өз білімін коғамдық мұраттарды жүзеге асыру
үшін сарып етуге дайын қоғам адамдарын тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруға
көмектесуі тиіс.
Математиканы оқыту жеке адамның енбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сияқты
ерекшеліктерін қалыптастару міндетін шешіп, балалардың еркін, зейінің,
қиялын қамтуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс математикаға деген ынтасын
арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі
бір материалмен жұмыс істей білуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге
дағдыландыру қажет – деп Бантова М. А. математика пәні бойынша
әдістемесінде көрсетті.
Математиканы балабақшаларда оқыту оны әрі қарай оқып білу үшін
балалардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой-өрісінің дамуына сенімді
негіз болуы тиіс.
Оқытуда көрнекілік әдістер әртүрлі болып табылады. Бакылау оқыту әдісі
ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті
қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба – нұсқасын
өңдеу; балаларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу
тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу
дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік деп,
оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру)
ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын
көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара
байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен балаларды
таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін
немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі балабақшада осы мақсатпен
экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін
шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы балаларға иллюстрациялық құралдар – атап
айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер
көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Балалардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді
елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін
құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен
таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы
немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс балалардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті
өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып
заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологиялар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолдану
Оқытудың ғылымилық принципі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқыту әдістері және тәсілдері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Пәндер