Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолдану
КІРІСПЕ 3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Көрнекілік әдістерінің даму тарихы және атқаратын функциясы 15
1.2 Математика сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру ... ... ... ... ...31
1.3Көрнекілікті пайдалану әдіс . тәсілдері 44
ҚОРЫТЫНДЫ. 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 58
ҚОСЫМШАЛАР

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепке дейінгі қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Бұған Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, “Қазақстан Республикасы Жалпы орта Білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары” (Жалпы мектепке дейінгі білім)айғақ болады.Мұнда мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсіп, оқу сапасын арттыру міндеті көзделіп отыр.
Қазіргі жалпы білім беретін балалбақша жан-жақты дамыған, интеллектілік деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс. Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де, олқылықтың да негізі балалар бақшасына берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі. “Мектепке дейінгі бөлімнің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен балалар тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып, негізделеді.” Сондықтан балалар бақшасындағы балаларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс - әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу – тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы “Рауан”, 1991.
2. Бабанский Ю.К. Педагогикалық процесті оптималандыру.
Алматы “Мектеп", 1984.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы “Ана тілі”,1984.
4. Бержанов Қ. Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы
“Мектеп”,1971.
5. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.
6. Мәжитқызы Р. Қызықты математика. – А., 1996.
7. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.
8. Новикова В.П. Балабақшадағы математика – М., 2003.
9. Жарықбаев Қ. Психология.Алматы “Рауан”, 1993.
10. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары.
(І-ІҮ-сыныптар). Алматы, 1997.
11. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы “Рауан”, 1993.
12. Ильина Т.А. Сочетание слов учителя и средств наглядности
обучения. Москва, 1958.
13. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1995.
14. Мүсәлімов Т., Самылтыров М. Бейнелеу өнерінің негіздері.
Алматы “Рауан”,1996.
15. Сағымбаев Ә.Ә. Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу
өнері арқылы шығармашылық іс- әрекетін
қалыптастыру. Пед. ғыл. канд. дисс.
Алматы, 2003.
16. Ростцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного
искусства в школе. Москва “Просвещние”,1990.
17. Бастауыш мектеп. 2005, №3.
18. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992.
19. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.

Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Көрнекілік әдістерінің даму тарихы және атқаратын функциясы 15
1.2 Математика сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...31
1.3Көрнекілікті пайдалану әдіс – тәсілдері 44
ҚОРЫТЫНДЫ. 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 58
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның
ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепке дейінгі
қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Бұған
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, “Қазақстан Республикасы
Жалпы орта Білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары” (Жалпы
мектепке дейінгі білім)айғақ болады.Мұнда мектепке дейінгі оқу-тәрбие
үрдісіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсіп, оқу сапасын арттыру
міндеті көзделіп отыр.
Қазіргі жалпы білім беретін балалбақша жан-жақты дамыған,
интеллектілік деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке
тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс. Әрбір жеке тұлғаның бойындағы
жетістіктің де, олқылықтың да негізі балалар бақшасына берілетін білім мен
дағдыға байланысты болатыны белгілі. “Мектепке дейінгі бөлімнің маңызы мен
қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас
болуымен ғана емес ең алдымен балалар тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен
дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен
анықталып, негізделеді.” Сондықтан балалар бақшасындағы балаларға берілетін
ғылым негіздерін олардың болашақ іс - әрекетінің берік негізі әрі тірегі
болатындай етіп оқытуды, оқу – тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен
қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бүгінгі жағдайда білім беру ісін жетілдіру мақсаты мен
балалардың таным әрекетінің белсенділігін арттыратын әдіс – тәсілдерді
іздестіруге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай балабақшада оқытудың
дидактикалық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігіне
сай сабақтың әдістемелік жабдықталуын (оқу әдістері, құралдары, оқу
әрекетін ұйымдастыру формасы) қамтамасыз ету керек. Егер мектепке дейіңгі
балада көрнекі іс-әрекеттік және көрнекі бейнелі ойлау түрлерінің деңгейі
басым болатынын ескерсек, оқытудың көрнекілік әдісін жетекші, негізгі әдіс
деп қарауымызға әбден болады. Соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық
зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда көрнекілік пайдалану сабақта
балаларды жалықтырмай, жаңа білімді игеру кезеңінде оң нәтижеге жетудің
басты шарты болатыны дәлелденді. Балалар бақшасындағы оқу– тәрбие
жұмысында көрнекілік әдісін пайдалану бағдарламалық материалды оқыту
әдісіне ықпал жасаумен қатар, оқу ісінің тәрбиелік, дамытушылық жақтарының
жақсаруына да жәрдемін тигізеді. Оқыту үрдісінде көрнекілік пайдаланудың
маңызы көне кезеңдерден бастап, күні бүгінге дейін айтылып, дәлелденіп,
танылып келе жатқаны ғылымда белгілі. Классикалық дидактикада көрнекілік
оқыту принципінің бірі деп танылды және онда оқушыны заттың өзімен немесе
оның суретімен таныстыру көрнекілік принципінің негізі болып саналды.
Педагогика классиктерінің (Я.А.Коменский, Н.М.Пирогов,
И.Г.Песталоцци)еңбектерінде балаларды оқытуда көрнекіліктің маңызын талдап,
көрнекілік принципін ғылыми тұрғыдан негіздеп берді. Оқыту процесінде
көрнекілік әдісі қазақ халқының ағартушы ғалымдарының (Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж. Аймауытов) еңбектерінен де көрініс тапқан.
Бірсыпыра ғалымдардың (Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов, Р.Т.Лемберг,т.б.)оқыту
әдістерін классификациялауды жүйелеп көрсете отырып, оқыту әдістерін
ұштастыра пайдаланудың балалардың танымдық белсенділігін арттырудағы маңызы
өзіміздің педагог-ғалымдардың Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаевтардың еңбектерінде
жан- жақты қарастырылған.
Мектеп тәрбиеші де сабақта көрнекі құралдарды
пайдаланудағы өздерінің іс - тәжірбиелерін ортаға салып келеді. Балабақша
тәжірбиесінде байқалып отырғандай, балалар бақшасында тәрбиеші сабақта
көрнекілікке қойылатын талаптарды орындауда, жас ерекшелігіне сай
балалардың танымдық іс - әрекетін арттыру мақсатында көрнекілік пайдалануда
олқылықтар орын алып отыр. Осындай балабақша практикасындағы елең еткізер
кемшіліктер диплом жұмысымыздың тақырыбын “математика сабақтарында
көрнекілікті қолдану жолдары” деп алуымызға себеп болды. Осы жұмысты жазу
барысында алға қойған мақсатымыз: “ мектепте дейіңгі оқыту үрдісінде
көрнекілікті қолданудың теориялық негізін оқып түсіну әдістемесін көрсету”.
Осы мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттер анықталды:
1) Мектепке дейіңгі оқыту сатысында көрнекілікті қолданудың маңызын
анықтау, түсіну, көрсету.
2) Озат тәрбиешілер тәжірбиелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді
әдіс – тәсілдерді саралап, жинақтау.
Зерттеу объектісі:
-мектепке дейіңгі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
- Қарапайы математика негіздері сабақтарында көрнекілікті қолдану
әдістемесі.
Зерттеу әдістері:
- әдебиеттермен танысу.
- бақылау, байқау.
Демек, баланың оқу материалын игеруі, оқытудың нәтижелі болуы сабақтың
әдістемелік жабдықталуына тікелей байланысты, яғни сабақта қолданылатын
оқыту әдістері мен тәсілдеріне, оқу құралдарына және сабақта оқу
әрекетін ұйымдастыру формасына байланысты. Біздің талдау жасайтын
бөлігіміз- оқыту әдістері мен тәсілдері.Жоғарыда (сызбадан) көріп
отырғанымыздай оқыту әдістері оқытудың мақсат, міндеттері мен мазмұнына
сәйкес, сонымен бірге ең бастысы балалардың жас және дербес ерекшелігіне
және тәрбиешінің мүмкіншілігіне сәйкес таңдап алынады. Алдымен әдіс
дегеніміз не? Тәсіл деп нені айтамыз? Осыны анықтап алалық. Осы екі
ұғымның ара жігін ашып түсіндіруде педагог ғалым Ж. Қоянбаев:
“Әдістемелік тәсіл оқыту әдістерінің элементі”- деп келіп, “әдіс” пен
“тәсілдің” тығыз байланыстылығын “әдіс кейде тәсілге, ал тәсіл оқыту
әдістеріне айналатындығымен төмендегідей түсіндіреді”
“1.Егер тәрбиеші баяндау процесінде суреттерді
демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
2. Балалар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып
бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал
баяндау тәсілге жатады”- делінген.
Біздің пікірімізше, мұнда 2 жағдайда да сөздік әдіс пен
көрнекілік әдісі қатар пайдаланылып отыр.
Тек, 1- жағдайда сөздік әдіс басым болып, ол көрнекілік
әдісімен ұштастырылып қолданылған, яғни түсіндіру мен көрсету қатар
қолданылып, бір – бірін толықтырып тұр.
Ал, 2- жағдайда көрнекілік әдісі басым қолданылып, сөздік әдіс
оған қосымша ұштастырылып қолданылған.Сонымен,баяндау- сөздік әдісінің,
демонстрациялау-көрнекілік әдісінің тәсілі болып табылады. Яғни, тәсіл-
әдісті іск асырудың түрлері, жолдары іспеттес,оның құрамды бөлігі болып
табылады. Демек, оқыту әдістері, бұл, тәрбиеші мен балалардың оқу – тәрбие
жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс -
әрекеінің тәсілдері. Білім беру ісін жетілдіру үшін әдістерді бірыңғай
жүйеге келтіру басты міндет. Бірақ , бұл жөнінде ұзақ жылдар бойындағы
зерттеушілер нәтижесінде бірыңғай көзқарастардың жоқ екендігі байқалды.
Әрбір ғалым оқыту әдістерінің жіктелуін өзінше дәлелдейді.
50- жылдардан бастап оқыту әдістерін жіктеуге айрықша көңіл
бөлінді. Осы кезеңде орыс ғалымдары Е.Я.Голант, С.Т.Шаповаленко,
Н.М.Верзимен білім көзін негізге алып, оқыту әдістерін үш топқа бөлді:
I. 1. Сөздік әдіс: әңгімелеу, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс.
2. Көрнекілік әдіс: демонстрация, иллюстрация, бақылау.
Практикалық әдіс: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар,
жаттығулар.
II. Сабақтың дидактикалық міндеттерін негізге алып:
(И.А.Данилов, Б.П. Есипов)
1. жаңа білімді меңгеру әдісі.
2. іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдісі.
3. білімді практикада қолдану әдісі.
білімді бекіту.
білім, білік, дағдыларды тексеру және бағалау әдістері.
III. Оқушылардың танымдық іс- әрекетін негіз етіп алады.
(М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер).
түсіндірме – иллюстративті әдіс.
репродуктивті әдіс.
проблемалы баяндау әдісі.
ішінара іздену немесе эвристикалық әдісі.
Зерттеу әдісі.
Мектепке дейіңгі зерттеу әдісі, прогроммалау әдістері, сонымен
бірге лекция, лабораториялық сабақтар жайлы шартты түрде ғана айтуға
болады. Бұл әдістер оқушылардың ой белсенділігін арттыру үшін өте құнды
екендігін ескерсек, оларды кіші жастағы оқушылар үшін қажетті мөлшерде ғана
пайдаланып отыруға болады. Бірақ балабақшада лайықты бүкіл әдістердің
жиынтығын мектепке дейіңгі бөлімде сол күйінде көшіруге болмайды.
Осыған орай, біз соңғы жіктеулердің бірі Ю.К.Бабанский ұсынған
оқыту әдістерін қарастырайық. Ю.К.Бабанский бірсыпыра ғалымдардың
(Е.Я.Галант, Б.П.Есипов, И.Я.Лернер, М.И.Махмудов,С.Т.Шаповаленко т.б.)
оқыту әдістері жіктеуіне сүйеніп, оларды үш топқа бөлуді ұсынды.
Ю.К.Бабанскийдің жіктеуі бойынша оқыту әдістерінің І тобына балалардың оқу-
танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру және іск асыру әдістері жатады.
Олар: - сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер;
-индуктивтік, және дедуктивтік, аналитикалық және синтетикалық
әдістер;
- репродуктивті, проблемалық – іздену әдістері.
Әдістердің ІІ тобы –балалардың оқу – танымдық іс -әрекетін
бақылау және өзін - өзі бақылау әдістеріне:
- танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістері.
- танымдық ойындар;
- оқу талаптарын қою әдістері;
- мадақтау, ұялту әдістері жатады.
Ал, ІІІ топтағы әдістер-оқушылардың оқу-танымдық іс -
әрекетіни бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері.
Бұл әдістердің барлығы орта және жоғары мектеп жасындағы
балалар үшін өте маңызды. Ал кіші жастағы оқушылар үшін бұлар оқыту
әдістерінен гөрі әр әдіске тән психологиялық негіз сияқты (әсіресе, ІІ
тобы). Мектепке дейіңгілер үшін ынталандыру, олардың танымдық
қызығушылығын ояту- кез-келген әдіске әдіске тән ерекше психологиялық фон
деп есептейміз.Кейінгі уақыттарда І топтағы әдістер дамыта оқытуды іске
асыруда ұтымды әдістер ретінде қолданылып жүр. Алайда педагогикада ең көп
тараған жіктелу түрі – оқыту әдістерінің білім алудың көзін негізге алып
бөлінуі (сөздік, көрнекілік , практикалық).Жоғарыда көрсетілгендей оқыту
әдістерін жіктеуді әрбір автор өзінше дәлелдейді. Қазіргі жағдайда,
қоғамдық өмірдің барлық салаларын жаңарту кезеңінде оқыту әдістерін жасау
педагог – ғалымдардың міндеті деп санаймыз.Енді біздің кеңінен қарастыратын
әдісіміз- мектепке оқытуда ең қолайлы, тиімді болып табылатын көрнекілік
әдісі. Оқыту жұмысы нәтижелі болуы үшін оқыту әдісін таңдағанда ең алдымен
басшылыққа алатын критерийіміз - әдістердің оқыту заңдылықтары мен
принциптеріне сәйкестігі.Оқытудың барлық дидактикалық принциптерімен бірге
көрнекілік принципіне сай келетін көрнекілік әдісі бастауыш сынып
оқушысының таным мүмкіндігін іске асыратын бірден – бір құрал болып
табылады. Оқыту үрдісіндегі көрнекілік әдісінің маңызы көне кезеңдерден
бастап дәлелденіп, танылып келе жатыр. Бұл жөнінде 2-де толық
қарастытырылады. Алдымен көрнекілік әдісін талдап көрелік.
Көрнекілік әдістер тобына: демонстрация, иллюстрация және бақылау әдістері
жатады.
1.Бақылау әдісі: Қазіргі кезде оқыту өмірмен тығыз байланыстың
негізінде құрылып отырғанда оқу процесінде бақылау әдісін пайдалану кеңейе
түсті. Табиғат, адам еңбектері, қоғамдық өмір құбылыстарының сан алуандығын
байқамайынша, мұғалім бағыттап,ұйымдастырған бақылауларды, оқытудың өмірмен
байланысты міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды көз алдына келтіруге
болмайды.Бақылау әдістерін кеңінен қолданудың қажеттігі қоршаған шындық
–болмыс құбылыстарын балалардың танып- білу процесін есте ұстаудан туады.
Бақылаулар негізінде оқушылардың ұғымы қалыптасады және олардың білімі
тереңірек, тиянақтырақ бола түседі.Дұрыс жолға қойылған бақылау балалардың
ақыл - ой қабілеттерін дамытуға жол ашады. К.Д.Ушинский “егер оқу балаларда
ақыл- ойды дамытуға талап қоятын болса, онда бұл олардың бақылау қабілетін
жаттықтыруға тиіс”- деп әділін айтқан болатын.Бақылау арнайы мақсат қойып,
қабылдауды белгілі жоспармен жүргізуге байланысты келеді. Бақылау жұмысы
мақсатпен жүргізілмесе, онан ешбір нәтиже шықпайды. Дидактика бақылаудың
тиімділігін арттыратын кейбір шарттарды белгіледі. Бұлардың біріншісі
оқушыларды бақылау жүргізуге дайындау болып табылады, оларға бақылаудың
мақсаты, пәні мен әдістері белгілі болуға тиіс. Екінші шарт- ұғып
қабылдауға бір мезетте мүмкіндігінше көптеген сезім мүшелерін қосу.Өз
бақылауларының нәтижелерін ауызша немесе жазба түрінде жасаудың да олардың
тиімділігінің маңызды шарты болып саналады. Бұл бақылаған материалды айқын,
саналы, әрі жан- жақты ұғып қабылдауға көмектеседі.Байқау кезіндегі
теңестіру, салыстыру тәсілдері ұғынып ойлауды жеңілдетеді, материалдың есте
беріктігін арттырады.
Педагог-ғалым Т.Сабыров оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі
әдістемелік ережелері мен тәсілдерін төмендегіше жүйелеп көрсетеді:
1) Тәрбиеші балалардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен,
бақылаудың мақсатын, бақылайтын нәрсенің мөлшерін немесе көлемін анықтап,
жоспарын жасап беру керек;
2) Бақылауда мүмкіндігінше, оқушылардың барлық сезім мүшелерін
қатыстыру арқылы нәрсенің неғұрлым көп және әр түрлі қасиеттерін жан –жақты
байқатқан жөн;
3) Тәрбиеші бақылау кезінде балалардың анализ бен синтез,
салыстыру, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау
амалдарын қолданып, қорытындылар жасауына басшылық ете білу;
4) Бақылау кезінде тәрбиеші өз сөздерінің басшылық етудегі
ролі мен балалардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс
болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту
мақсатын көздеуі керек. Бақылау нақты көріністердің өзіне тән қасиеттерін
ажырату мақсатымен жүргізілетіндігінен мектептегі көрнекі оқытуды
дәлелдеуге мүмкіндік береді.
2. Демонстрациялық әдіс дегеніміз - түрлі заттарды,
материалдарды, құралдарды көрнекілеп көрсету. Демонстрацияны кеңінен
пайдалану оқу материалын қабылдаудың алғашқы кезеңінде балалардың бірінші
сигнал жүйесінің қосылуын қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде мұғалім заттарды,
картиналар мен сызбаларды, диапозитивтерді, диафильмдер мен оқу
кинофильмдерін демонстрациялауда қолданады. Оқыту үрдісінің теориясына
сәйкес таным процесі сезім арқылы қабылдаудан басталуы тиіс. Мұнда затты
немесе құбылысты қабылдауға қатысатын сезім мүшелері неғұрлым көбірек
болса, оқушы жаңа білімді соғұрлым жақсы және берік меңгереді.
Демонстрациялаудың бүкіл маңыздылығына қарамастан, бөлектеп алынған күйінде
бұл әдіс ешуақытта нәтиже бере алмайды, ал әңгіме, әңгімелесу, кітаппен
жұмыс істеу дербес әдіс болып табылады. Демонстрациялық әдіс, ең жақсы
және жетілдірілген көрнекі құралдың болуына қарамастан, егер мұғалімнің
сөзімен толықтырылмаса, онымен қоса жүргізілмесе ешуақытта қажетті нәтиже
бере алмайды. Сондықтан ол түсіндірумен, баяндаумен қоса қолданылады.
3. Иллюстрация әдісінің көмегімен балаларға иллюстративті
құралдарды көрсетуге болады. Топта заттың бәрін бірдей көрсете беруге
болмайды, сондық-тан да оқу процесінде картиналар мен суреттерді
пайдаланудың зор маңызы бар. Картиналарды іріктеп алғанда мұғалім
оқушылардың қабылдап ұғуына картиналардың ықпал ететін кейбір психоло-
гиялық жағдайларын ескермей қала алмайды. Оқу мақсатында пай-даланылатын
картиналар, суреттер барлық бала көре алатындай әсем боялған, көлем жағынан
жеткілікті, ал төңірегінде бөгде зат болмауға тиіс.
Көрнекілік әдісінің негізделген бірнеше факторлар мен оның маңызын
И.Ф.Харламовтың жүйелеуі бойынша түсіндіреміз. I-ден.Оқыту көрнекілігі
дегеніміз – оқушыларды айнала қоршаған дүниені тану құралы ретінде
қолданудан шыққан, сондықтан бұл процесс біршама сапалы болады, егер затты,
құбылысты және оқиғаны бақылауға және зерттеуге негізделсе. Ұлы педагог
Я.А.Коменский: “Егер біз оқушылардан заттың ақиқаты терең мазмұнды, білімді
болуын қаласақ, олардың өздерінің жеке бақылауы мен сезімдік нанымдар
арқылы білім алуын қамтамасыз етуіміз керек”.
ІІ-ден.Танымдық процесс білімді меңгеру мен қабылдауда әр
түрлі сезім мүшелерінің бірігуін талап етеді. К.Д.Ушинскийдің айтуынша,
білімді меңгеруде сезім мүшелерінің саны жөнінен көп мөлшерде қызмет
атқаруды, оның, яғни, білімнің толығырақ және сапалы болуын қамтамасыз
етеді.Осы ойды дамыта отырып, ол былай деп бекітеді.Қандайда да болмасын
бір әсерді қабылдауда біздің сезім мүшелеріміз қаншалықты көп мөлшерде
қабылдаса, осы әсер біздің есте көбірек сақталады және оны еске түсіру
жеңілірек болады. “Оның пікірінше көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың
көңілін көтеріп, білімді тереңірек меңгеруге ықпал жасайды.
III-ден көрнекілік арқылы оқыту балалардың ойлау қабілетінің
нақтыдан абстрактіге қарай даму ерекшелігіне негізделген.Балалар бейнелер
көмегімен көбірек ойлана алады.2-жағынан алсақ, түсінік пен абстрактан
жағдай оқушыларға оңай түсіндіріледі, егер олар нақты фактлармен,
мысалдармен келтіріліп бекітілсе.
IV-ден көрнекілік балалардың білімге қызығушылығын арттырып,
оқыту процесін біршама жеңілдетеді.Көптеген теориялық ұғымдар, жағдайлар
көрнекілікті тиімді пайдалану барысында балаларға түсінікті, мағыналы әсер
етеді.Осыған байланысты К.Д.Ушинский былай деген “Баланы өзіне таныс емес
кез-келген бес сөзбен оқытсақ, олар оны жаттаймын деп ұзақ уақыт бойы әрі
босқа әуреленеді, егер сондай сөздерді суреттермен түсіндірсек, бала оны
бірден үйреніп алады”.
Жоғарыда көрсетілген классикалық дидактиканың мәселелері
өзінің ғылыми мәнін қазіргі таңдағы оқыту процесінде де жойған жоқ.Оның
айырмашылығы қазіргі таңда көрнекілікті оқыту құралдардың жүйесі кең
көлемде дамып жетілдірілген.
I.2.Көрнекілік әдістерінің даму тарихы және атқаратын функциясы Оқыту
процесіндегі көрнекілік принциптерінің маңызы көне кезеңдерден бастап, күні
бүгінге дейін айтылып, дәлелденіп, танылып келе жатқан ғылымда белгілі.
Классикалық дидактикада көрнекілік оқыту принциптерінің бірі деп
танылды және онда оқушыны заттың өзімен немесе оның суретімен таныстыру
көрнекілік әдісінің негізі болып саналды.
Көрнекілік арқылы оқытудың қажеттігін біздің жыл санауымыздан бұрын IV
ғасырдың 322-384 жылдарында өмір сүрген грек философы Аристотель де
мадақтап, дәріптеп, соны жақтаған болатын.(2;16)
Көрнекілік принципін ғылыми тұрғыдан XVII ғ. ұлы педагогы Ян
Амос Коменский негіздеді. Сол кездің өзінде Я.А.Коменский өзінің құнды
шығармаларының бірі - “Чувственный мир в картинках” деген еңбегін жазды.
Сонымен бірге атақты “Ұлы дидактикасында” да көрнекілікке байланысты құнды
пікірлер айтты.
Я.А.Коменский балаларды оқытуда мына жағдайды ең бағалы ереже
деп санады: “тәрбиеші үшін “алтын ереже” – бала сезім арқылы қабылдай
алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге
болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін
иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қаттылығы мен
жұмсақтығын тағы-тағыларын байқасын, кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен
бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы”(21;53)
Мұнан кейінгі кезеңдерде педагогиканың классиктері, әдіскерлер
жеке пәндердің оқыту әдістерін зерттеп, оқытудың көрнекілік әдісін нақты
анықтай түсті.
Орыс ғалымы Н.И.Пирагов негізгі дидактикалық принциптерді
саналылық, көрнекілік, балалардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.
Ол әдіскерлік өнердің негізі – көрнекілік пен сөзді орынды бірлікте қолдана
білу,- деді.Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу жұмысын бір ғана
көрнекілікке не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы болды.
“Көрнекіліктің,- деп жазды Н.И.Пирогов, - негізгі мақсаты
балалардың сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету. Сөз де сырттан ықпал жасай
отырып, адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілеттілігіне әсер етеді”.
Демек, Н.И.Пирогов көрнеклік пен сөздің оқу- тәрбие үрдісіндегі бір-
бірімен байланыстылығын көрсетіп берді. Бірінсіз екіншісінің жүзеге
аспайтындығын өз еңбектерінде дәлелдеп түсіндірді. “Көрнекіліктің бір өзі
сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды”.
Швед педагогы И.Г.Песталоцци “оқыту бақылауға, тәжірибеге
негізделіп ұйымдастырылып, қорытынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілуі
керек”, - деді.
“Бақылау арқылы балада көру, есту және т.б. түйсінулер пайда
болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды”.
Оқытуды жеңілдету мақсатымен И.Г.Песталоцци дүние заттары
туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені
таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын
жатқызды. Оқыту процесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы
санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, білім
беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді. Ол
“көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы
дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды”,- деп көрсетті. Ал, ұлы
педагог К.Д.Ушинский кіші мектеп жасында көрнекілік арқылы оқытудың маңызын
ерекше атап өткен: “Бала табиғаты көрнекілікті анық талап етеді. Егер
балаға өзіне таныс емес бес сөзді үйретіп көріңіз, ол көп уақыт тектен-
текке әлгі сөздерді жаттаймын деп әлек болады, ал сондай жиырма сөзді
суреттермен байланыстыра үйретсеңіз,бала оларды тез- ақ үйреніп алады. Бір
оқиғаны қабілеті бірдей екі балаға: біреуіне суретпен, екіншісіне суретсіз
айтып беріп байқаңыз, бала үшін суреттің маңызы бар екенін сонда ғана
ерекше бағалай аласыз”, - деді. “Суреттерді көрсетіп, оның мәнін
түсіндіріп әңгімелеу – мұғалім мен балаларды бір- бірін жақындастырудың
таптырмайтын құралы. Тәрбиеші мен балалардың арасындағы тосқауылды
балаларға сурет көрсетіп, оның мәнін түсіндіру арқылы тез-ақ бұзуға болады.
Егерде сіз сұрағыңызға жауап ала алмайтын сыныпқа айтқаныңызды орындау үшін
сурет көрсетсеңіз, сынып бірден – ақ назар аударып, өздерінің пікірін айта
бастайды, тіпті ойларын именбестен, еркін айтатын болады”.Көрнекілік арқылы
оқытудағы басты мақсат оқушыны байқа-ғыштыққа, оймен топшылауға
жаттықтыруға және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ
одан логикалық қоры-тынды шығаруға үйрету болып табылады. Қазақстандағы
педогогикалық ой-пікірдің тарихында ұлы ағар-тушылардың, қазақтың алдыңғы
қатарлы зиялы өкілдерінің оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы
көзқарастары ерекше орын алады.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің Я.А.Коменский мен
К.Д.Ушинскийдің дидактикалық принциптерін қолдап, оларды шығармашылықпен
пайдаланып отырғанын оның “Қырғыз хрестоматиясы” еңбегінен байқауға
болады. (19;401)
Ұлағатты тәрбиеші баланың пәнге деген ынтасын, сабақтағы
белсенділігін арттырудың маңызды бір жолы-көрнекіліктер, техникалық
құралдар деп санайды. Ол өзінің бір хатында “...Қазір түрлі көмекші
көрнекті құралдар алдырғалы жатырмын, бұлар: микроскоп, компостар, т.б.
Менің бұларды керек деп тапқан себебім, біріншіден, мысалы, компос сияқты
заттарды жалаң кітаптан түсіндіру балаларға олар жайында толық түсінік
бермейді, ал екіншіден балабақшадан тек өздеріне түсініксіз кітаптарды ғана
көрмей, мүмкін болғанша ғылым мен өнердің үлгілерін де көрсін деген ой
еді”, - деп жазды.
Сонымен бірге, оқу жылының қорытындысы туралы Орынбор оқу
округіне жазған есебінде: “...оқулықтар, көрнекі құралдар, карталар,
глобустар, атластар, тарихи суреттер жеткілікті” – деп жазды. Ол
мектептерге арнап барометр, микроскоп, әр түрлі коллекциялар жаздырып алып
отырған. Бұдан көрнекіліктің оқыту үрдісін ұйымдастыруда маңызды орын
алатынын байқауға болады. Ы.Алтынсарин оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне
ерекше көңіл бөлген. Балаға сапалы білім берудің жолын үнемі қарастырып
отырған. Мысалы, қазақ балаларын орыс тіліне үйретуде алдымен заттың өзін
көрсетіп, қалай аталатынын балалардың есінде сақтатып, сонан соң сол заттың
сынын, іс- қимылын білдіретін ұғымдарды қосу арқылы сөйлемдер құратып, тіл
дамыту жұмыстарын басты назарда ұстаған. Ы.Алтынсариннің құнды
педагогикалық пікірлері Ж.Аймауытовтың еңбектерінде де ұштасып жатыр. Ол
өзінің “Тәрбиеге жетекші” атты еңбегінде оқытудың тиімді болуының бірнеше
шарттарын атай отырып: “Сабақтарда, әсіресе пәнді оқытудың бас кезінде
көрнекі құралдарды қолдану қажет”, - деп көрсткен. Қазақ тіл білімі мен оны
оқыту әдістемесінің негізін қалаушы ғалым А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту
әдістемесінің теориялық мәселелерін жазуда оқыту әдістерін айқындаудың
маңызын өте жақсы түсінген. Сондықтан оқытудың әдіс- тәсілдерін талдап,
олар қашаннан қолданылып келе жатқанын, қай халықтың ғалымы қандай әдісті
ұсынды, әр әдістің пайдалы жақтары туралы өз пікірін айтып отырып жазған.
Қазіргі тілмен айтқанда, бұл әдістеме ғылымының даму тарихы туралы мәлімет
деп түсінуге де болады. Бірақ ғалым осы мәселелерді “Қай әдіс жақсы?” деген
тақырыппен жазған. Тақырып осылай қойылғанымен, А.Байтұрсынов әдістердің
бірі жақсы, бірі нашар деп қарауға болмайтынын, әңгіме оны орынды қолдануда
екенін жақсы білген. Сондықтан да Лев Толстойдың төмендегі пікірін
келтірген: “Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың
белгісі – бір ғана әдісті болу; шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу:
керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Тәрбиеші әдісті көп білуге
тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек”.
А.Байтұрсынов ірі әдіскер ғалым ретінде оқулықтың
көрнекілігіне ерекше мән берген. “Әліп-би”- сауат ашудың алғашқы құралы.
Мұнда ғалым оқушы санасына сауаттылықтың тез ұялауына барлық жағдай жасауға
тырысқан. Сөзді оқу, жазуға үйрету жолында сол жазған заттың суретін беру
арқылы баланың көзбен көру қабілетін іске қосуды ойлаған. Сонымен бірге
заттың суретін беру баланың қызықтыратыны, оның назарын бірден тартып
алатыны ғалымға, әрине, мәлім болғаны сөзсіз. Міне, сондықтан да тек бір
“Әліп-биде” 131 сурет берілген. Бұл ғалымның оқыту, үйрету ісінде
көрнекіліктің маңызына ден қойғанын айғақтайды. Сонымен бірге “Әліп-биде”
таблицалар қолдануда бірсыпыра орын алады. Оған дәлел ретінде осы құралда
28 таблица берілгенін келтіруге болады. Бұл шағын әліппе үшін аз емес.
Ғалым кейде сурет пен кестені аралас түрде бірнеше жерде берген. Қазіргі
кездегі оқулықтың А.Байтұрсынов оқулықтары үлгісі мен жасалуы, оның
әдістемелік мұрасының өміршеңдігін көрсетеді. Өмірде бар заттар мен
құбылыстарды көрнекі құрал арқылы көрсету оқытуды өмірмен байланыстырады.
Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі дидактикалық принципті
жүзеге асыруға көмектеседі. Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінде көрнекілік
әдісін пайдаланудың маңызы оның психологиялық жағымен де анықталады. Кіші
мектеп оқушысында мектепке дейінгі жастағы балаға тән нақты-бейнелі
ойлаудың әлі сақталып қалғандығы орыс психологы А.Л.Люблинскаяның еңбегінде
нақты дәлелденген. Көрнекіліктің мәнін психологиялық жағынан алып көрсеткен
К.Д.Ушинскийдің пікірі психологиядағы тұжырымдармен үндесіп жатыр. Ол:
“...Бұл дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес, балалар ті-келей қабылдайтын
нақты бейнеге құрылған ілім. Нақтыдан дерексіз, түйсінуден ойлауға қарай
оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделген”, -
деді. (39, 172) Заманымыздың аса көрнекті ғалымы, философы әрі педагог-
әдіскері Әл-Фараби шәкірттерді оқытуда жас ерекшелігіне сәйкес көрнекілік
принципті қатаң сақтау керектігі жайлы аса маңызды дидактикалық ережені
тұжырымдады. (5; 204) Ғұлама-ғалым: “Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде
ғана пайда болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ
ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы
да адамды сыртқы дүниедегі заттармен байланысқа түсіреді”, - деді. Оның
біріншісі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес процестері жатады.
Түйсік – дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен
елесінің сапалы, әрі нәтижелі болуы оның дұрыс түйсіктене алуына
байланысты. Ойлау дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді, бұл танымның екінші басқышы, оның ең жоғарғы сатысы.
Түсіну әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер мен қисындар жөнінде талдау
жасауға мүмкіндік береді. Жаттағаннан түсінген артық, - деп санады.
Ғалымның бұл пікірімен ұлы Абайдың “Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен
естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар
алады”, - (23; 42) деген дана ойы ұштасып жатыр. Ұлы педагог Ян Амос
Коменский көрнекілікті психологиялық талаптармен байланыстырды. Осыған
байланысты ол өзінің атақты. “Ұлы дидактикасында” мынадай 3 ереже ұсынды:
Таным түйсіктен басталады. Түйсікте болмағанның ақылды болуы
мүмкін емес. Сол үшін оқу ісін зат жайындағы бос сөзден емес, соны нақты
түрде бақылаудан бастаған жөн. Ол жөніндегі сөзді затпен тікелей танысып
алған соң жүргізсек, оның белгілері жан-жақты анықталмақ.
Білімнің шыншылдығы мен дәлдігін түйсіктен басқа нәрсе куәландыра
алмайды. Себебі не нәрсе болса да әуелі тікелей түйсікке әсер етіп, сол
түйсік арқылы ғана ақылға қонады. Ақылдың көрсеткендеріне біз мысалдармен
дәлелденген жерде ғана сенеміз. Ал оның дұрыстығы түйсіктен анықталады. Өз
түйсігіне, өз тәжірибесіне қонбаса, адам ешкімнің дәлелдемесіне сенбейді.
Сонымен білім неғұрлым сезім түйсіктеріне сүйенсе, солғұрлым ол нанымды
болады. Ендеше шәкірттердің заттар жайында алған білімі ақиқат және орнықты
болсын десе, қандай пәнді оқытсақ та, соны олардың өз бақылауы мен сезім
мүшелері дәлелдемесінен өткізуіміз керек.
Есте сақтау – түйсіктің нәтижесі. Егер түйсік естің нағыз сенімді
серігі болса сезім мүшелерінің көрнекі түрде қабылданғандары, ұғынғандары
ғана адамның есінен шықпастай болып орнығады. Егер бала затты бір рет болса
да өз көзімен көріп, бақыламаса, оны ұзын сөздермен түсіндіріп болмайды.
Бұдан туатын қорытынды: өз көзімен көріп білу – дәлелдеудің орнына жүреді.
“Заттарды танып білу дегеніміз – адамның сыртқы бақылау немесе байымдау
мүшелері сияқты, затты іштей байымдаудың көрінісі болып табылады. Көріп
білу дегеніміз тек сол бөлшектің қызметінен туады. Адамның ішкі көзіне
жататындар – ақыл (сана), ақылға тән қабілеттер, объектісі – заттар. Затты
сыртқы көзбен көріп-білудің де өзіне тән белгілі әдістері бар. Соған
сүйенген кезде ғана зат ақылға таңба түсіріп, оны дәл және оңай қабылдап,
танып білмек” (21; 24)
Оқуда көрнекілікті қолдану арқылы балалардың білімі нанымды,
дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі.Сонымен бірге көрнекілік оқылатын
нәрсе заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерінбілуді жеңілдетеді,
нәрсе – заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзара
қатынастарын түсінуге көмектеседі, деректерді есте берік сақтауға ықпал
жасайды. Бұл жөнінде ұлы педагог М.Жұмабаев “Бір затпен танысқанда сыртқы
сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды.Балаға бір нәрсені білдіру
керек болғанда, осы жолды ұстау керек. Яғни, мүмкін болғанша, баланың
сыртқы сезімдерінің көбі қатыстыру керек. Мысалы, бір заттың түрін де
көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат,
суретін салғыз.Баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің көрген
нәрсесін ұстағысы келеді.Осы жолды ұстағанда баланың білімі нақты
болады.Мысалы, дұрыс жазу үшін құр ережелерді білу жетпейді. Қолдың,
көздің, құлақтың әдеттенуі шарт”(15;53) – деп өзінің “Педагогика” атты
еңбегінде құнды пікір айтты. Педагогиканың классиктері оқылатын нәрсе мен
заттар және құбылысы, оқиғаларды алғашқы рет білуде байқаудың ролін жоғары
бағалай отырып, байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты
болатындығын ескертті. Сондықтан олар байқауларды ақыл- ой арқылы
бағыттауды талап етіп, сыртқы сезімдер ақыл арқылы бағытталуға тиіс
екендігін айтты. Я.А.Коменский өз кезінде “егер ең жоғарғы байқаушың ақыл-
ой сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ
материал болып қалуы мүмкін”, - деген. Осы кезде байқау мен сөзді тиімді
трде байланыстыру мәселесін шешуде академик И.П.Павловтың адам санасындағы
бірінші және екінші сигналдық жүйелерінің өзара байланысы жөніндегі іліміне
сүйенеміз. Бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар,
екінші сигнал -сөз, сөйлеу. Екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды. Екеуі
бір- бірінен айырылмайды. Адамда сөз бен ойлау дамыған сайын, екінші сигнал
жүйесінің функциясы өсе береді. Бірақ, сөз сөйлеу өоздырғыштарды бірінші
сигналдың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу қайталана берсе, ол
адамды ақиқат шындықтан алыстата береді. Сонымен бірге, бірінші сигнал
жүйесі арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат- нәрселерді
тек қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді,логикалық
дәрежеге,топшылау, қорытындылау дәрежесіне көтерілмей қалады.Топшылау,
қорытындыларды ұғыну және меңгеру оқушылардың белсенділігін туғызатын
әңгімлесу, есеп шығару, тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі. Өз
кезінде Я.А.Коменский оқылатын нәрсе- заттарды оқушылардың мүмкіндігінше әр
салалы сезім арқылы қабылдауын талап етті. Шынында да,оқуда көбінесе көзбен
көру арқылы қабыдау кең орын алады. Балалар білімінің сапасы көзбен көрумен
бірге, оқуда бұлшық етпен сезіну арқылы қабылдауда да арта түседі. Егер
балалар көрсетілген тәжірибелерді көріп қана қоймай, сол тәжірибені өзі
жасаса білімдері нақты және негізді болады.
К.Д.Ушинский көрнекілікәдіске психологиялық анализ жасай келе,
көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді
сынады. Себебі, қандай нәрсені болса да, қабыдағанда сезім мүшелеріміз
нғұрлым көбірек қатынасса, зат немесе құбылыс жөніндегі қабылданған ұғым,
түсінік есімізде соғұрлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске
түседі. Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс мүшелерімен есту, қомен
жазу,т.б. сезім мүшелеріміз белсенді қатысу тиіс “егерде педагог баланың
есінде бірдемені берік қалдыруды еөздейтін болса, ол көз, құлақ сияқты
сезім мүшелерін көбірек қатыстыруға тырысуы керек”,- деді. Психологиялық
тұрғыдан қарағанда, көз көрнекі құралдағы объектінің, белгілердің ерекше
назар аударатын бөлігін есте сақтайды, кейін бұрынғы тіжірибесі арқылы
қабылдануға тиісті объектіні толықтырады. Егер оқытудың көрнекі
құралдарының мазмұны қабылдауды тездете алса, көру- есту бейнесін оқушы
шығармашылық түрде қабылдай алады. Көру арқылы қабылдау мен есту арқылы
қабылдаудың артық қасиеттері мол, өйткені адам миының белгілі бөлімінің
ұйымдастырушылық қызметіне байланысты. Көру арқылы қабылдау мен есту арқылы
қабылдаудың артық қасиеттерінің болуы және олардың қабылдау процесінде бір-
біріне көмегінің әдістеме үшін маңызы зор. Өйткені, көру арқылы қабылдау
есту арқылы қабылданған объектіні жақсы түсінуге көмектеседі. Көру мен есту
объектілердің бір жүйеге бірігуі сөйлеудің қабылдау және түсіну процесін
тездетеді, күшейтеді. Міне, сондықтан да тез түсіну үшін; жақсы тісіну үшін
оқушылардың оқу материалын тек есту арқылы қабылдауы жеткіліксіз, оны көруі
де керек. Психологиядағы бұл пікір педагогтардың еңбегінен де көрініс
тапқан. Педагог- ғалым В.П.Стрезикозин “Оқыту үрдісінде көрнекі құралдар
мен мұғалімнің өз сөзін бір –бірімен ұштастырып отырудың мәні зор.
Мұғалімнің сөзі, егер ол балалардың сезім тәжірибесімен байланыстырылмаса,
“таным құралы” ролін атқара алмайды, ал балалардың сезім тәжірибесін
қарауда көрнекіліктің әр түрлі құралдарын пайдалану зор роль атқарады”,-
деп сөз бен көрнекілікті ұштастырып пайдаланудың қажеттігін көрсетті.
Алайда тәрбиешінің сөзі мен көрнекі құралдар әр түрлі вариантпен
ұштастырылуы мүмкін. Оқыту тиімділігі, даралай алғанда оның теориялық
дәреже – деңгейі осыған да байланысты болады. Көрнекі құралдар мен тәрбиеші
сөзін ұштастыру проблемасы Л.В.Занковтың “Мұғалімнің сөзі мен көрнекі
құралдардың оқыту ісіндегі ұштастырылу” және “Оқыту ісіндегі көрнекілік пен
оқушылар белсенділігін көтеру” деген еңбектерінде толық талданған.
Л.В.Занковтың пікірінше, тәрбиеші сөзі мен көрнекі құралдарды
ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:
1. Тәрбиеші сөздің көмегімен балалар жүргізетін бақылауға
жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын
қасиеттері мен қатынастары туралы білімді балалар бақылау процесінде
көрнекі объектінің өзінен алады.
2. Тәрбиеші сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі
объектілерге жасаған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері
негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне
қоймайтын байланыстарды сапалы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды.
3. Объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын
қасиеттері мен қатынастары туралы мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз
мәлімдемесінен алады, ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәлімдемелерді
дәлелдеп немесе нақтылай түсу қызметін атқарады.
4. Мектеп дейіңгі балалардыың көрнекі объектіге жасаған
бақылауларына сүйене отырып, тәрбеші құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей
қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, қорытынды жасайды,
жекелеген деректерді біріктіреді, жинақтайды.
5. Не сөз жәрдемімен, не көрнекі түрде көрсете отырып мұғалім
оқушыларға қолда бар объектілермен жұмыс істегенде орындалуға тиісті іс-
әректтерге қатысты, сондай – ақ сол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне
қатысты нұсқау береді.
6. Тәрбиеші сөздің көмегімен балаларға қолда бар объектілермен
олар жасауға тиісті іс-әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді,
мұның өзінде тәрбиешінің нұсқауы қолма-қол көрсетіліп отырады. Л.В.Занков
көп жылғы зерттеу жұмыстардың нәтижелерін талдай отырып, оқушыларға заттың
сыртқы бейнесін таныстырған кезде тәрбиешінің сөзі мен көрнекі құралдары
ұштастырудың 1-формасының аса тиімділігіне байқаса, ал 3-формасының
тиімділігінің төмен екендігін көрсетті. Сондай-ақ балалардың білімді
саналы, әрі сапалы меңгеруде мұғалім мен көрнекі құралдары ұштастырудың 1-2-
формасының тиімді екендігі байқалса, ал көрнекілік құралдар мен білім
көздерінің бірі ретінде пайдаланылмай, тәрбиеші өзінің иллюстрациясы
ретінде ғана қызмет атқарса, оларды қолданудың тиімділігі анағұрлым төмен
болатындығы зерттеу арқылы дәлелденген.Демек, оқу процесін жетілдіруде
сабақтарда көрнекі құралдарды мәлімет берудің дербес тәсілі ретінде кеңінен
пайдалану қажет деп ойлаймыз.Көрнекі құралдарды пайдаланудың танымдылық
тиімділігі, Л.В.Занковтың пікірі бойынша, оларда берілетін мәліметтерді
балалардың өздігінен қорыта алу дәрежесімен айқындалады. “Оқушыларға
объекті мен оның қасиеттерін көрсету және атап өту, бұл әлі сөз бен көрнекі
образдың баланың басында тиісті дәрежеде қабысуына қол жеткізу деген сөз
емес. Егер оқушы объектінің тәрбиеші оның зейінін аударып қана қойған
қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен сипаттама бере алса, мектепке
дейіңгі балалардың бойында объект туралы ап- айқын түсінік қалыптасады және
қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі”- деп
тұжырымдады Л.В Занков. Мектепке дейіңгі балалардың ойлауың дамытуға
көрнекіліктің, бір жағынан, көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән
анағұрлым ортақ қасиеттерін айырып тануға және олардың мәні шамалы
қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан –
ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қолдануға жәрдем
етеді.Бұл жөнінде Ю.К.Бабанский: “Көрнекілік әдістер оқытудың, әсіресе,
ойлау қабілеті көрнекі-образды сипатта ойлайтын балаларды оқытудың
тиімділігін артырады, оқуға деген ынтасын күшейтеді, балалардың жұмыс
қабілетін дамытады. Бірақ оны шектен тыс көп қолдану балалардың ойлау
қабілетінің, қиялының дамуын, сондай – ақ тілдің қалыптасуын, өз ойын
жүйелеп айта білуін тежейді”. Оқу үрдісінде көрнекі құралдарды пайдалану
белгілі бір жағдайларда ғана әсерлі болады. Көрнекіліктерді өз орнымен
пайдаланып отыру балалардың абстрактілік ойын дамытуға ғана емес, сонымен
бірге балалар тарапынан аса маңызды ойлау операцияларының меңгерілуіне
септігін тигізеді. Педагог-ғалым В.П.Стрезикозин: “Бастауыш сыныптарды
оқытудың актуальды проблемалары” деген еңбегінде көрнекілік туралы
бірсыпыра келелі пікірлер айтты. Автор көрнекі құралдарды балалардың оқу
үрдісіндегіроліне қарай екі үлкен топқа бөледі. а) заттық-бейнелік көрнекі
құралдармен ә) таңбалы көрнекі құралдар. Бірінші топтың көрнекі құралдары
(картиналар, фотосуреттер, суреттер, диапозитивтер, кинофильмдер, табиғи
объектілер т. б.) тәрбиешілерге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырудың
кезінде сезімдік қабылдауына балалардың арқа сүйенуіне жәрдем беріп
отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар (модельдер, сызбалар, т.б.)
оқылатын объектілердің қүрделі байланыстарын, өзара тәуелділігін және
қатысын, олардың нақтылы, бейнелі қабылдауға көндікпейтін ішкі құрылымын
түсіндіру үшін керек”. Сонымен қатар ол: “Танымның әр түрінің өзіне тән
ерекшелігі болады және ол таным процесінде,оның ішінде оқу танымында да
белгілі бір орынға ие болады. Осыған байланысты көрнекіліктің бір түрлерін
жеткілікті түрде бағаламауға болмайды. Оқу процесінде заттық-бейнелік және
таңбалы көрнекілікті бір-бірімен ұштастырып отыру қажет, мұның өзі оқылып
жатқан объектінің қасиеттері мен белгілерін барлық жағынан алып қарастыруға
мүмкіндік береді”, - деді. Көрнекіліктің әр түрі оның жоғары әсерлілігін
қамтамасыз ететін оқу процесінде өзі атқара алатын, өзіне ғана тән ерекше
қызметке ие болып отырады. Көрсетілетін объектілер барлық балаларға
көрінетіндей болуы, анағұрлым маңызды болып табылатын белгілері балаларға
көбірек әсер ететіндей болуы қажет. Заттарды сезім мүшелерімен қабылдағанда
оның әсері (суреті) көңілде орнықты болып қалу үшін қандай тәсіл немесе
әдіс қолдануға болады.
Заттарды көзбен көріп білу үшін мынадай шарттар керек:
1) Затты адамның көз алдына қою қажет;
2) Ол көзден алыс болмай, оның нұры жететін жерде болсын;
3) Ол қырынан емес, тұп-тура алдыңғы жағына қойылсын;
4) Ол төңкерілмей, көзге дұрыс бағытталып тұрсын;
5) Сонда адам әуелі затты тұтас көріп алуға тиіс;
6) Бұдан соң оның әрбір бөлшектерін байқап көру керек;
7) Сол бөлшектердің өзін де ретімен, басынан бастап аяғына
дейін көрсету;
8) Әрбір бөлшегіне тоқталып, оларды бала дұрыс айыра
білетіндей болғанша байқатады. Осы айтылғандар ойдағыдай орындалмаса,
байқау дұрыс болмайды.Осылардың бірі жетіспесе де байқауда із қалмайды
немесе ол бұлдыр болады.Көрнекі құралдар әрқашан да сөзбен қосарлана
жүргізіледі. Егер ол мұғалімнің сөзімен толықтырылмаса, онымен қоса
жүргізілмесе ешуақытта қажетті нәтиже бере алиайды.Сөз баланың назарын ең
басты және маңызды нәрсеге аударуға, көрініп тұрған құбылыстардан оқыту
мақсатына қажеттіні таңдап алуға көмектеседі.Ал көрнекіліктер балалардың
зейінін аударып, істің мәнін біршама түсіндіруге көмектесетін болуы керек.
Балабақшада қолданылатын көрнекі құралдарды төмендегіше бөлуге болады:
1.Табиғи көрнекі құралдар: Бұл табиғи түрдегі көрнекі
құралдар.Мұндай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz