Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар

Ұлттық тәрбие атауын өздерiнiң докторлық диссертацияларында Қ. Бөлеев пен К. Оразбекова енгiзiп, өзектi мәселе ретiнде қарастыру қажет екенiн дәлелдедi.
Қ. Бөлеевтің айтуынша:”. . ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. Өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан этнопедагогиканың саласы. . ”, -деп, анықталады. [63, 76-329] .
Ғалымның ойынша ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi - болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi және олардың бiлiмдерiн қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алғанда артады деп топшылайды.
К. Оразбекованың пайымдауынша ұлттық тәрбие - болашақ қоғамымыздың құрлысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: “. . ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды . . . ”, -деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттыј идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi [64, 28] .
Байқап отырғанымыздай, ұлттық тәлім-тәрбие жөнінде екі ғалымның түпкі мақсаттарының бір екенін көріп отырмыз. Негізінде ұлттық тәрбие дүниесінің халықтың рухани-мәдени мұраларымен тығыз байланыста дамып келгенін ескере, отырып, ғалымдар анықтап кеткендей ғылыми педагогиканың өзекті бір саласы екендігі туралы қоғамдық пікірді барынша дамыта түсу керек деп санаймыз.
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектердi талдай және оған негiзделе отырып, бiз мектептегi оқушылар ұжымында ұлттық тәрбие құндылықтарын пайдалану мен жүзеге асыру ісін кешендi түрде жүргiзу қажет деп санаймыз.
Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы - оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды. Аталмыш ой-түйін арқылы біз ұлттық педагогика дүниесінің қалыптасуы - қоршаған ортадағы тіршілік қаракеттер байланысы мен адамдар тәжірибелерінің эмпирикалық өмір сүру заңдылығының қалыптасуына сыртқы және ішкі ортадан ауқымды әсер еткен құбылыстың болғанын растаймыз. Олар төмендегідей ықпалдар көрсеткіштерін анықтады [9-сурет] .
Этнотәлiмдiк құндылықтардың тарихи сабақтастығының халық тұрмысындағы бейнесi - ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi ата-бабаларымыздың эмпирикалық тәжiрибелерi. Демек, ұлттық тәлiм-тәрбие ата-бабаларымыздың көне дәуiрден бүгiнге дейiн жас ұрпақ өкiлдерiне жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық қасиеттер негiзiнде сапалы бiлiм һәм саналы тәрбие беру жөнiндегi тәжiрибелер жиынтығы деп анықтама беруiмiзге болады. Ұлттық тәрбие генезiсiн зерделейтiн және жүйелейтiн этнопедагогика ғылымы болуы керек деген профессор Қ. Бөлеевтiң пiкiрiне қосыламыз.
Бiздiң ойымызша ұлттық тәлiм-тәрбие дүниесiн қалыптастырушы екi заңдылық бар деп есептеймiз. Бiрi - халықтың тәлiм-тәрбие жетiстiктерiнiң ой-таным мен ұлттық психологиямен тұтастығы, екiншiсi - аталмыш дүниелер синтезiнен туындаған әдiс-тәсiлдер жиынтығы болмақ. Ұлттық тәлiм-тәрбие мұраларының көне замандардан берi сан қилы белестерден өтiп бiрде үстем тап өкiлдерiнiң идеологиялық құралына айналып, бiрде прогрессивтiк рөл атқарып келе жатқанына қарамастан бүгiнгi таңдағы бiлiмтану мен тәлiмтану жүйесiне арқау болып келе жатқаны шындық.
Әлемдегi әр халықтың өкiлдерi - өне бойындағы барлық асыл қасиеттер мен құндылықтарды өскелең ұрпағының санасына ғұмыр бойына сiңiрiп келудi басты мақсат еткен.
М. Ғабдуллин айтқандай ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi халықтың “ой-армандары” - уақыт өте келе озық тәжiрибелерге ұласып, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiмен, әдет-ғұрыптарымен, ой-пiкiрлерiмен, кәсiптiк-интеллектуалдық жетiстiктермен байланысып, сараланып, жинақталып және реттелiп отырды.
Тарихи дамудың қай кезеңiнде болмасын, адамзат перзентi ата-бабалары мирас етiп қалдырған - асыл қасиеттерiн пайдаланбай, қастерлемей бөлек ғұмыр кешкен емес. Ұрпақ танымы үшiн өткен ата жолы мен бабалар жұрты, аманаты мен өсиеттерi, киелi ұғымдары мен даналық ұлағаттарынан артық дүниенiң жалған екенi туралы мәңгiлiк қағида - халық философиясының бастауы екенi хақ.
Табиғат Анадан кiндiгi, Аспан Атадан түндiгi ажырамаған қасиеттi атамекендегi адамның дүниеге келуi, ғұмыр кешуi және соңғы сапарға аттану рәсiмiнiң ұлт дүниетанымында айырықша үйлесiмiн табуы - ерекше тәлiм-тәрбиелiк құбылыс ретiнде танылған. Адам пендесiнiң жарық дүниеге шырылдап келiп, О дүниеге күңiренiп аттанғанға дейiнгi ғұмырнама арнасының тәрбие бесiгiнде тербелiп өтетiнiн бабаларымыз жақсы бiлген. Ел арасында жиi айтылатын “тал бесiктен - жер бесiкке” деген киелi ұғым бар.
Қоршаған ортаның күрделi сырларын, табиғаттың құпия жаратылысы мен Аллатану дүниесiн ұғынуға деген күрделi философиялық сезiмдермен қанаттанған Ата танымы - ұшы-қиыры жоқ дүние екені даусыз. Табиғат, адам және қоғам тұтастығы - диалектикалық заңдылықтың тұтқасы болса, адамның iс-әрекетiне, яғни еңбегiне сүйене отырып, ұрпақты еңбек етуге баулыған негiзгi күш тәрбие құралы арқылы мақсатқа жеткiзсе, онда тәрбиенiң - әлеуметтiк категория екендiгiне дау жоқ.
Демек, тәрбие - қоғам дамуының қозғаушы күшi адам әрекетiнiң бiр құралы болғаны ақиқат.
Тәрбие құралын - ұлттың ұлттық қасиеттерiн танытуға арналған әрекеттерiне пайдалану бүгiнгi Қазақстан халықтары үшiн аса қажет болып отыр. Ұлттың ұлттық ерекшелiктерiн (менталитетiн) таныту әрекеттерi жалпы өркениеттi қоғам мойындайтын, адамзат құндылықтарына негiзделуi шарт.
Атақты француз жиһангерi Бронислав Залевский өзiнiң “Қазақ сахарасына саяхат” деген күнделiгiнде қазақтар арасында ұлы дала төсiнде мекендейтiн барлық аңдар мен құстардың тiлдерiнде сайрайтын адамдар болғанын тамсана жазған екен.
Мұндай ұлттық ерекшелiктердi иеленген халықтың өнерi кез келген адамның назарын өзiне аударары хақ. Осы мәселе бойынша баяндалған тұжырымдар бойынша мынадай қорытынды жасаймыз:
• Ұлттық тәлiм-тәрбие дүниесiнiң қалыптасуына мынадай факторлар әсер етуi мүмкiн:
• Дүниетанымдық-мифологиялық және дiни-рухани факторлар.
• Тарихи-әлеуметтiк және мәдени-этнографиялық факторлар
• Ұлттық болмыс һәм құндылықтар факторлары
• Қазiргi заман ықпалдары
Аталмыш факторлар ұлттық тәлiм-тәрбие Алғышарттарының хронологиясын жасауға негiз болады деп жорамалдаймыз.
Олар:
• Жұмыр Жер жаратылысы және Аллатану (Тәңiртану) iлiмдерi жөнiндегi Алғышарттар:
• Жер планетасының пайда болуы жөніндегі діни түсініктер мен ғылыми болжамдар;
• Ежелгі аңыздар мен мифологиялық мағлұматтар;
• Қоршаған орта және адамзат жаратылысы жөніндегі тотемистік, тарихи-географиялық және діни-болжамнамалық ілімдер;
• Алғашқы адамдар ғұмырнамасындағы палеотәлiмдік Алғышарттар:
• Алғашқы адамдар өмірі жөніндегі тарихи-археологиялық мағлұматтар;
• Алғашқы адамдар ғұмыр кешкен ежелгі қоныс орындары;
• Қазақстан территориясындағы ежелгі қоныстар;
• Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі ұжымдық бірлесу негіздері;
• Адамдар ұжымындағы эмпирикалық тәрбие элементтері;
• Әлемдiк дiндердiң (Мұсылман, Христиан, Будда т. б) теотәлiмдік Алғышарттары:
• Әлем діндерінің тарихнамасы;
• Мұсылман дініндегі адамгершілік қасиеттер;
• Христиан дінінің этикасы;
• Будда дініндегі өмір мен өлім мәселелері;
• Діни ғылым мен тәлім-тәрбие;
• Киелі кітаптардағы (Құран, Библия) гуманистік тағылымдар;
• Ұлы Дала кеңiстiгiндегi Номадтардың (Арий, сақ-скифтер және ғұн-сармат тайпалары) тәлiм-тәрбиелiк Алғышарттары:
• Далалық ауызша тарихнама;
• Номадтар ғұмырнамасы туралы көне «Авеста» кітабындағы шежірелер;
• Номадтардың әскери-жауынгерлік дәстүрлері;
• Аң бейнелі мүсіндерді жасаушы жасампаз номадтардың өнер туындылары;
• Номадтардың түсті металға және тасқа қашап қалдырған петроглифтік мұралары;
• Номадтардың салт-дәстүрлері мен далалық данышпандық дәстүрлері;
• Номадтар заманында ғұмыр кешкен тұлғалардың (Заратуштра, Анақарыс, Адакер, Атилла) тәлімдік идеялары;
• Тұран Ренессансының гуманистiк тәлiм-тәрбиелiк Алғышарттары:
• Ұлы Түркі қағанаты дәуіріндегі мәдени-рухани мұралар;
• Көнетүркі руналық жазбаларындағы тағлымдық өсиеттер;
• Қорқыт ата тағылымдары;
• Қыдыр ата мен Ұмай ана өсиеттері;
• Сарыарқа төсіндегі Тұран дәуірінен қалған астрологиялық белгілер мен мұртты тас обалар;
• Тас мүсіндер мен жазу-шимайлар;
• Тұран ғұламаларының (Аль Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Йассауи) тағылымдық мұралары;
• Мұсылман (Ислам) Ренессансының дiни тәлiм-тәрбиелiк Алғышарттары:
• Мұсылман ойшылдары мен ғұламалары;
• Мұсылман медреселерінің пайда болу тарихы;
• Медреселердегі оқу-білім жайы;
• Араб-түркі ғұламаларының медицина, арифметика, философия, тарих, география, астрология саласы бойынша ащқан жаңалықтары;
• Мұсылмандық ғылым мен білім;
• Мұсылман оқымыстыларының (Ибн Хаукаль, Ат Табари, Аль Идриси, Аль Казвини, Ибн Батутта т. б. ) тәлімдік мұралары;
• Алтын Орда тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбиелiк Алғышарттар:
• Қыпшақ-шағатай тілінің дамуы;
• Алтын Орда тұсындағы діни медреселердегі оқу-тәрбие жайы;
• «Қабус-нама» (Қайқауыс) кітабындағы тәлімдік алғышарттар;
• «Бабыр-нама» (Захреддин Бабыр) кітабындағы тағылымдар;
• Алтын Орда тұсындағы ғұламалардың (С. Сарай, Құтып ад дин Ар Рази, Дүрбек, С. Бақырғани, Рабғузи) тағылымдық идеялары;
• Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбиелiк Алғышарттар:
• Қазақ хандығы тұсындағы діни медреселер;
• Қазақ жырау-шешендерінің (Асанқайғы, Ө. Тілеуқабылұлы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиренше, Бұхар) тәлім-тәрбиелік мұралары;
• Қазақ билерінің (Аяз би, Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) тағылымдық өсиеттері;
• Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары;
• Мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер;
• Қазақ халқының рухани һәм материалдық мәдениеті;
• Қазақ зиялыларының (А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Қ. Сағырбаев) танымдық-тағылымдық мұралары;
• ЕврАзиялық Реннесанс дәуiрiндегi тоталитарлық авторитарлы- педагогикалық Алғышарттар:
• Патшалы Ресей және Кеңес үкіметі тұсындағы демократиялық-педагогикалық жетістіктер;
• Қазақ зиялы қауым өкілдерінің (А. Байтұрсынов, М. Әуезов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Н. Құлжанова, С. Сейфуллин, Ш. Кұдайбердиев) тәлім-тәрбиелік мұралары;
• Отан соғысына дейінгі ұлттық педагогикалық мұралар;
• Ұлы Отан соғысынан кейінгі педагогикалық жетістіктер;
• Қазақ ғылымдары мен зиялыларының (М. Ғабдуллин, Т. Тәжібаев, Б. Момышұлы, Х. Арғынбаев) педагогикалық мұралары;
• Халық педагогикасы тақырыбына арналған (А. Мұқамбаева, И. Оршыбеков, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, А. Сейсембаев) диссертациялық еңбектер;
• Тәуелсiз Қазақстандағы ұлттық тәлiм-тәрбиелiк Алғышарттар:
• Халық педагогикасы материалдарын мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына кешенді түрде жүзеге асыруға бағытталған авторлық және мемлекеттік тәлім-тәрбие бағдарламалары;
• Қазақ этнопедагогикасының ғылыми педагогиканың бір саласы ретінде дамуы;
• Қазақ этнопедагогикасы бойынша ғылыми зерттеулер мен диссертациялық еңбектер;
• Қазақ этнопсихологиясы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары;
• Ұлттық тәлім-тәрбие және этнопсихология мәселелері жайында хабарлама жасайтын газет-журналдар, радио және теледидар хабарлары;
• Қазақ этнопедагогикасы және этнопсихологиясының бүгінгі күндегі өзекті мәселелері бойынша өткізілген ғылыми-практикалық конференциялар;
• Ғаламдық жаһандану кеңiстiгiндегi ұлттық тәлiм-тәрбие генезiсiнiң неопедагогикалық-неопсихологиялық Алғышарттары:
• Әлемдік жаһандану кеңістігіндегі ұлттық білім беру жүйесінің моделі;
• Ғаламдық жаһандану үрдісіне ұлттық тәлім-тәрбие тәжірибелерінің трансформациялану һәм адаптациялану жағдаяттары;
• Неопедагогика және неопсихология - ұлттық тәлім-тәрбие мен ұлттық мінез-құлықтың жаһандану заңдылықтарына бейімделудің ғылыми-практикалық алғышарттары;
• Ғаламдық жаһандану өркениетінде ғұмыр кешетін жеке тұлғалардың (постхомо, хомороботикус, хомоэлектроникус, хомоинформатикус, хомотехнологикус) танымдық-интеллектуалдық қасиеттерін диагностикалық тұрғыда зерделеудің неопедагогикалық-неопсихологиялық мүмкіндіктері;
Ата-бабаларымыз - асыл қасиеттердiң ұрпақ санасына халық бiлiмi мен ұлттық тәрбие тәжiрибелерi арқылы даритынын табиғи құбылыс ретiнде бағалап, оған терең мән берiп тұрмыс үрдiсiнде кешендi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші педагогтардың сөйлеу мәдениетін қарастыру
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Өнеге от басынан басталады
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz