Ірі қара туберкулезі кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. ӘДЕБИ ШОЛУ
2.1Ірі қара туберкулезі
2.2 Сояр алдындағы диагностикасы
2.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы
2.4 Сойыс өнімдерін ветеринариялық.санитариялық сараптау
ІІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары
3.2 Зерттеу нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ветеринарияның міндеті мал шаруашылығының ветеринариялық тазалығын сақтау адамдардың денсаулығын мал мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру территорияның малдардың аса қауіпті ауруларының сақтандыру.
Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау - мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал, т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдерін толық
Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және кҥрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және қҧрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың қҧрылу мҥмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен[6].
Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу ҥшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis [4].
1. Сайдулдин. Т.С Ветеринарлық індеттану, - Алматы 1999 ж, -б.90
2. Әмірбек. Е Жануарлар ауруының клиникалықдиагностикасы, - Алматы,2006 –б.70
3. Ілиясов Б.КАлғашқы ветеринарлық жәрдем, - Алматы , 2001.-б85
4. Қасымов Е.И., Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен, -Алматы, 2006ж.-б69
5. Дүйсембаев С.Т Ветеринариялық-санитариялық сараптау, 2013 ж
6. Горегляд Х.С. Ветеринарно–санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства, -Москва: Колос, 1981 г, -б.110
7. Макарова В.А. Практикум по ветеринарно–санитарной экспертизе с основами технологии продуктов животноводства, - Москва:Агропромиздат, 1987 г, -б60

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Мал және құс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ІІІ
Тақырыбы: Ірі қара туберкулезі кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Орындаған:
Топтың студенті:
Орындаған:
Топтың студенті:
Тексерген:
Тексерген:

(ТАӘ)
(ТАӘ)
ВС-105
(қолы)
(қолы)
(ТАӘ)
(ТАӘ)
Жетекші:
Жетекші:

(күні)
(күні)

(қолы)
(қолы)

(баға)
(баға)
(күні)
(күні)

Коммисия мүшелері:

Семей, 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. ӘДЕБИ ШОЛУ
2.1 Ірі қара туберкулезі
2.2 Сояр алдындағы диагностикасы
2.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы
2.4 Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
ІІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары
3.2 Зерттеу нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Ветеринарияның міндеті мал шаруашылығының ветеринариялық тазалығын сақтау адамдардың денсаулығын мал мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру территорияның малдардың аса қауіпті ауруларының сақтандыру.
Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау - мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал, т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдерін толық
Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі - бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және кҥрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және қҧрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың қҧрылу мҥмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен [6].
Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу ҥшін БЦЖ вакцинасын (BCG - Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды. Туберкулез қоздырғышы - Mycobacterium tuberculosis [4].

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. ӘДЕБИ ШОЛУ
2.1 Ірі қара туберкулезі.
Туберкулез - tuberculosis (tuber - төбе, төмпешік) - мал мен құстың, кейбір жабайы жануарлардың, сондай-ақ адамның сан қилы органдарын зақымдап, оларда әрбіреуі тарыдай көптеген төмпешіктер қалыптастыратын, кейін осы төмпешіктердің ірімшіктей ыдырап, бойға сіңуіне байланысты мал денесін улап, мұнда күрделі өзгерістер тудыратын, туберкулез микробтары қоздыратын созылмалы жұқпалы ауру.
Туберкулез біздің жыл санауымыздан 2250 жыл бұрын-ақ белгілі болған. XVI ғасырдың аяғына дейін ірі қара туберкулезі (інжу-маржан түйіршіктер) мен адам мерезі бір-ақ ауру деп есептеліп келді. Кейін, 1865 жылы інжу, түйіршіктер мен адам бугорчаткасы бір ауру- туберкулез екенін, оның жұқпалы екенін тұңғыш Виллемен дәлелдеп берді. 1868 жылы туберкулездің сау малға (адамға) ішек-қарын, тыныс органдары арқылы жұғатыны белгілі болды. Ауру қоздырғышы - туберкулез микобактериясын бірінші болып 1882 жылы неміс ғалымы Р.Кох тапқан еді. Келесі жылдарыР.Кох туберкулез микобактериясын осы ауруға шалдыққан ірі қара мен жылқы, қой мен ешкі, маймыл мен адам органдарынан тапты. Арада 19 жыл өткен соң 1901 жылы Лондонда өткен конгресте Р.Кох адам туберкулезі мен ірі қараның інжу түйіршіктері екі түрлі ауру, демек, мал туберкулезі адамға жұқпайды, ауру мал адам үшін қауіпті емес деген жаңсақ пікір айтты. Кейін көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелері Р.Кохтың бұл пікірін теріске шығарды.
1911 жылы ағылшын комиссиясы 1054 адамнан туберкулез тауып, олардың 88 проценті адам туберкулезімен, 10 проценті ірі қара туберкулезімен, 1-2 проценті аралас типті туберкулезбен ауырғанын анықтады.
Қазақтың мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеулерге қарағанда, республика ірі қара туберкулезін көбінесе бовинус типтес микобактериялар (89,3 процент) тудыратыны белгілі болды. Сонымен қатар бұл түліктен гуманус (адам) типтес (2%), авинус (құс) типтес (1,5%) микробтар да табылады. Ірі қара туберкулезі өте кең тараған ауру. Ол дүние жүзіндегі барлық елдерде кездеседі. Мәселен, Германия, Англия, Швейцария, Голландия секілді елдерде барлық малдың тең жартысына жуығы, ал бұрынғы Пруссияның Саксония провинциясында тіпті 70 проценті туберкулезге шалдыққан. 1850-1910 жылдарда ауру мал саны Германияда 59-84, Францияда 29-30, Австрияда 24-53, Швецияда 19,8, Норвегияда 16,3% болған. С.Н.Вышелескийдің деректеріне қарағанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Солтүстік Германияның бірсыпыра ірі шаруашылықтарында туберкулезге шалдыққан ірі қара саны - 60-86 процентке, ал бұзау саны - 30 процентке жеткен [4].
Біздің елімізде ірі қара туберкулезі жөнінде патшалық Россиядан өте ауыр мұра қалды. Кейбір деректерге қарағанда, мұндағы помещик шаруашылықтарындағы ірі қараның 30,4 проценті туберкулезге шалдыққан.
Кеңес үкіметі орнасымен малдың жұқпалы ауруларына, оның ішінде туберкулезге қарсы пәрменді шаралар қолданыла бастады. Мұның нәтижесінде 1940 жылы совхоздардағы малдың 2,4 процентінен, ал колхоздардағы малдың 1,1 процентінен ғана туберкулез табылады.
Революцияға дейін Қазақстанда мал туберкулезіне қатысты ешқандай есеп болмайтын. Республикамызда туберкулезді зерттеу Кеңес дәуірінде ғана басталып, кейін кең өріс алды. Алайда, өкінішке орай, осы уақытқа дейін мұндағы шаруашылықтар ірі қара туберкулезінен әлі де болса толық арыла алмай отыр.
Қоздырғышы: Ірі қара туберкулезінің микробактериясы қоян мен теңіз шошқасында 3 аптадан 2-3ай арасында, адам туберкулезінің микробактериясы оларды 4 аптадан бастап 2-3 ай аралығында өлімге апарады. Теңіз шошқасын 6 аптада өлімге жеткізетін туберкулез микробактериясының штаммдары-күшті вирулентті, 45-90 күндігі орташа вирулентті, 4-5 айлық-әлсіз вирулентті, 5 айдан жоғарысы-өте әлсіз вирулентті деп есептеледі.
Микробактерияның химиялық құрамына - майлар, ақуыздар, минерал тұздар, липидтер кіреді. Белгілі бір жағдайларда микробактерия түрлері қышқыл емес формада көбейеді, бірақ кәдімгі ортаға сепкенде қышқылға төзімді формада өседі. Қышқыл емес ортаға шыдамайтын микроорганизмдер кездеседі, басқа ортаға сепкен кезде де өз қасиеттерін генетикалық өзгерістерге байланысты олар сақтай алады. Олар бөлме температурасында өспейді [6].
Микроб Циль-Нильсен әдісімен бояғанда қызғылт-қызыл түске боялады, ал қалған микрофлора көк түсті болады. Қаныққан тұз ерітіндісінде 3 ай, мұздатылған етте - бір жылға дейін, тұздалған етте - 45-60 күн, сары майда - 45-күн, ірімшікте - 45-100 күн, сүтте - 10 күнге дейін тіршілігін сақтайды. Сүтті 70С-қа қыздырғанда 10 минутта, қайнатқанда - 3-5 минутта өледі. Зақымдалған өнімде, шаң - тозаңда микроб 7 айға дейін, шіріткіш ортада 170 күнге дейін, суда 5 ай, топырақта 7 ай сақталады. Тікелей түскен күн сәулесеі 1,5-2 сағат, 90-95С-та пісірілген шұжықта микробтар 1 сағаттан соң, шұжықтың диаметрі - 5-8см болса, 1,5 сағаттан соң ғана өледі.
Туберкулездің қоздырғышын 3% сілтілік формалдегидтің, 10% хлорлы иодтың ерітіндісі тез арада өледі.
Қышқылға төзімді ұрығы бар, ұзақ сақтаған уақытта не басқа ортаға сепкенде жылдам өледі. Олардың түрлері сфералық дене, дән, шар, біркелкі емес формада, бұралған жіптектес құрылымда және әртүрлі пішінде болады. Л-форманың вируленттілігі күрт түсіп, жоғалып кетуі мүмкін.
Қышқылға төзімсіз және Л-формадағы микробактериялар адамдардың және жануарлардың тәнінде пайда болуы мүмкін. Л-формалар қолайлы жағдайда бастапқы формасына келіп, вирулентонісін қалпына келтіре алады. Л-форманың пайда болуының себебі, көбеюі кезіндегі бұзылыстан өсу функциясының сақталуы. Л-форманың индукция механизмі, реверсиясы әбден анықталған емес. Л-формадан шыққан микробактериялар анық полиморфизммен, жылдам өсуімен, қоңыр дақ пайда болуымен және теңіз шошқаларындағы төмен вирулентосімен ерекшеленеді.
Туберкулез лимфаденитінен алынған ірің сүзбесін егуден алынған. Жануарларда бірнеше рет салынған суспензиядан кейін шап бездерінің ұлғаюы байқалып, туберкулез өрши бастаған. Кейіннен туберкулез микробактериясының сүзбелерінде көбейе алатын бактериялы форма түрінде және өмірге қабілетті бөлшектер және Л-форманың протопласты анықталған.
Әртүрлі жағдайда туберкулез микробактериясының қасиеті мен сапасы өзгеріп тұрады: морфологиялық (колба түріндегі, дифтероидты бұтақтектес және басқа формада), тинкториялды (қышқылға және спиртке төзімділікті жоғалтуы), культуральды (жасанды ортада өсіруде түрін және морфологиясының өзгеруі), биологиялық (вирулентосінің түгел жоғалғанша өзгеруі) [4,6].
Ірі қара туберкулезінің потогенезі мен эпизоотологиясында микробактерияның Л-формасын анықтау өте маңызды болып табылады.
Патогенді микробактериялардан морфологиялық және биологиялық қасиетіне байланысты адамдарды ауруға ұшырататын микробактериялар микобактериоздар деп аталады.
Қазіргі кезде микобактериялардың түрлері үнемі өсуде, саны 200-ге жетті. Д.Бергей (1974) анықтамасында микобактерияның 30 түрі жазылған. Бұл микобактериялардың шығуымен және бір-бірімен генетикалық байланысы түгелдей анықталмаған.
Қазіргі уақытта екі түрлі көзқарас бар:
а) Атипикалық микобактериялар - бұрын белгісіз болған патогендік микробтардың жаңа түрі;
б) Атипикалық микобактериялар - туберкулез микобактерияларымен туыстас және содан тарайды.

2.2 Сояр алдындағы диагностикасы
Сырт белгілері. Туберкулезді процестің білінуі мен жинақталған жеріне байланысты ірі қарада өкпелік формасын (тыныс алу мүшелері зақымданғанда), ішектік (прцесс ішекте жинақталғанда) және генералданған формаларын, сиырларда желіннің зақымдануы, сонымен қатар генералданған туберкулезді ажыратады.
Өкпе зақымданған жағдайда жануарларда демікпе, дене температурасының көтерілуі,и қатты жөтел, әсіресе таңертен, дем алуы ауыр, тәбеттің жоғалуы байқалады. Кеуде қуысы аумағын аускультация кезінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Егер процесске плевра енсе, онда қабырға араларын басып қарағанда жануар ауырсынады. Процесс шықшыт асты және жұтқыншақ лимфа түйіндерінде жинақталғанда олар ұлғайып, жұтынудың ауыршаңдығы мен тұншығуға алып келеді. Ішек зақымданғанда оның жұмысы бұзылып іш өту, іш қатып ауруы байқалады.
Желін зақымданғанда оның тканьдері тығыздалып, пішіні өзгеріп, басқанда ауырады, желін түбіндегі лимфа түйіндері ұлғайған. Сүті сулы, кейде қан аралас немесе ұлғайған. Бұқаларда аталық жұмыртқалары зақымданып клиникалық белгілері орхитке ұқсайды. Туберкулездің генералданған созылмалы түрінде үстіңгі сөл түйіндері: жұтқыншақтың, шықшыт астының, құлақтың, мойынның, жауырынның, тізе бүкпесінің және т.б. зақымданады. Олар тығыз, ауыратын, көлемі ұлғайған болады. Малдың қондылығы төмендеп тез арықтайды. [1,2,3].

2.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы
Өкпенің кіші бөлікшесі зақымданып, қабынған. Қабынған жерлер ақшыл-сары түсті, көлемі - 2,3мм, жиектері біркелкі емес, кедір-бұдыр. Зақымдалған ацинустар эпителиоид және алып торшалар аралас жалқақпен кернелген. Ошақтар ортасы казеозды затқа айналған. Казеоз қоймалжың, ірің тәрізді болып тұр.
Микроскоппен туберкулдің ортасындағы түр-сипатсыз, ядро сынақтары аралас өлі зат көрініп тұр. Онда әк тұздың түйіршіктері де бар. Өлі тоқыма тікелей эпителиоид және алып Пирогов-Лангханс торшаларымен қоршалған, сыртында лифоид торшалар бар. Бұл торшалар қабынудың алғашқы сатысында пайда болған.
Туберкулдер эпителиоид торшаларынан құралған-продуктивті туберкул. Арнайы әдіспен боялған. (Фут, Бильшовский әдістері) гистологиялық тілінділердегі туберкулдерде аргирофильді талшықтар көрінді. Альвеолдар қаңқасы бұзылып, жаңадан пайда болған аргирофильді талшықтар ұлпа құрылымын өзгертіп жіберген [3,5].

2.4 Сойыс өнімдерін санитариялық бағасы.
Толықтай ұша мен басқа да сойыс өнімдері екі жағдайда утилизацияға жіберіледі: бірінші - ұшалар өте арық болғанда, мүшелер мен лимфа түйіндерінің туберкулезбен зақымдануының кез-келген формасында, екіншісі - генералданған туберкулезді процесс (кеуделік және құрсақтық мүшелер мен регионарлық лимфа түйіндері қатар зақымдағанда) кезінде қондылығына байланыссыз.
Зақымдану лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелердің біреуінде немесе басқа ұлпаларда болғанда орташа қондылықты ұшаларды (шошқа ұшасы мен зақымданбаған мүшелерден басқасы) шартты жарамды деп танып қайнату әдісімен залалсыздандырады немесе жоғарғы температуралы режиммен өңдеп консерві дайындайды. Іш майларды шыжғырады. Туберкулезбен зақымданбаған ішекті кәсіпорында тек пісірілген шұжық дайындағанда қабық ретінде пайдаланады, ал ондай мүмкіндік болмағанда құрғақ азық өндіруге жібереді. Туберкулезбен зақымданған мүшелер мен ұлпаларды зақымдану дәрежесіне қарамастан утилизацияға жолдайды.
Егер шошқа ұшаларында әктенген ошақтар түріндегі туберкулезді зақымдану тек шықшыт асты лимфа түйіндерінде табылса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарының кеселге шалдығуы
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Мал шикізат өнімдері
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жұқпалы аурулар туралы
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Пәндер