Торайдың кіндік жарығын анықтап оны медеу жұмыстарын жүргізу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
« Ветеринариялық медицина» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Ветеринариялық хирургия III
Тақырыбы:
Орындаған: Тексерген:
Топтың студенті:
(қолы) (қолы)
(өткізген күні) (бағасы) (күні)
2017 Семей
Жоспар
I. Кіріспе . . . 3
II. Әдебиетке шолу . . . 4
- Жарықтардың жіктелуі . . . 4
- Этиологиясы . . . 6
- Жарықтың құрлысы . . . 6
- Клиникалық көрінісі мен диагностикасы . . . 6
- Ажыратып балау………. . . . . 8
- Емі . . . 9
- Кіндік жарығы . . . 10
III. Өзіндік зерттеу . . . 15
- Ауру тарихы . . . 15
- Анамнез . . . 15
- Клиникалық тексеру . . . 16
- Диагноз . . . 18
- Курация . . . 19
- Эпикриз . . . 22
- Қорытынды. … . . . 23
V. Қолданылған әдебиеттер . . . 24
І. Кіріспе.
Қазақстан Республикасының жоғарғы білімді мамандардың міндеттері мен мақсаттары ол қандай да болмасын ауыл шаруашылық салаларында жұмыс атқарғанда малдәрігерлік ісін ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жоспарлау, малдардың өсуін, құнын жоғарлату қандай да болмасын ауру жаладан сақтау болып табылады. Кез келген ауру ол экономикалық шығын әкеледі. Ал сондай шығындардан сақтану үшін ауыл шаруашылығында алдын алу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіні маңызы зор. [1]
Ел басы өзінің халыққа жолдауында көрсеткендей ауыларуашылығын дамыту, мал басын көбейту сапалы мал өнім алу мен ауыл бағдарламасы азық - түлікпен қамтамасыз етуді басты мәселе етіп көрсетті. «Агроөнеркәсіптік кешен айрықша туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса мыңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртартандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарды - сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды жалғастыру» - деп атап өтті. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген мәселе шешіледі. Осы тұрғыдан қарағанда біздерге көптеген міндет пен талап қойылуда.
Ветеринарияның басты міндеті - ауылшаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.
Іштің қабырғасының дефектілері- туа біткен немесе жүре пайда болған іштің жарықтары, сонымен қатар жарықтар жануарлар әлемінде кең таралған патологиялар болып табылады. Негізгі хирургиялық ем қолданылады, әсіресе құрсақ қабырғасының бұлшықеттік-апоневротикалық қабатының ірі дефектісі туралы айтқанда оған альтернативі жоқ. Хирургиялық практикада құрсақ қабырғасының дефектілері лапаротомиядан, асқынған перитониттан, операциядан кейінгі асқынулардан пайда болады. Құрсақ қабырғасының бұлшықеттік-апоневротикалық қабатының жүре пайда болған ірі дефектілерінің негізгі себебі болып механикалық беріктігінің құрсақ қысымымен сәйкессіздігі болып табылады, ол кей кездерде әжептәуір ұлғаяды. Буаздық және туу, қатты күшенулер, майлану және басқа да факторлар ішкі қысымды арттырып, тканьнің және аневроздың беріктігін азайтады.
Құрсақ қабырғасының бұлшықеттік-апоневротикалық қабатының ірі дефектілері өткір және топас жарақаттаушы заттармен тікелей жарақаттаған кезде, сонымен қатар мал тістеуінен кейін пайда болады. Ашық және жабық жарақаттар құрсақ қабырғасының үзілуінің дәрежесіне байланысты дефектілерге әкеледі. Мал дәрігерлік тәжірибеде құрсақтың жарақаты кезінде, 15 см дейінгі жарықтың пайда болғаны кездескен.
Тек консервативті емдермен емдеу, байлам салу кезінде қысылу, ішек өткізгіштігінің төмендеуі және ішкі органдардың жарақаттануы сияқты асқынулар пайда болады.
Тәжірибе және салыстырмалы қателіктер куәлендіреді: кіші көлемдегі мен қарапайым жарықтармен салыстырғанда, ірі дефектілерді емдеу анық емес. Қарапайым лигатурлы әдіс тігістің тартылуын тудырғанда жұмыс қиындайды. Хирург алдын ала барлығын қарастыру керек, себебі операциядан кейін тігілген жерге мал қозғалған кезде күш туседі. Сол себепті құрсақ қабырғасының дефектілерін жабу әістерін іздеу жалғасуда және үздіксіз дамуда.
ІІ. Әдебиеттерге шолу
Жарық (hernia) - іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы.
2. 2. Жарықтардың жіктелуі
Сыртқы жарықтар: iш қуысындағы ағзалардың жасанды немесе физиологиялық дефектілер арқылы iш пердесiмен бірге терi астына шығуы. Ал iш пердемен жабылмаған жағдай - эвентерация деп аталады.
Сурет-1. Жануардың сыртқы жарықтарының көрнісі шошқада.
Ішкi жарықтар: iшастардың немесе шажырқайдың әртүрлi қалталарына iшкi қуысы ағзаларының шығуы немесе диафрагма саңылауы арқылы iшкi мүшелердің кеуде қуысына түсуi. Шығу тегi бойынша:
- Туа бiткен
- Жүре пайда болған
Орналасуы бойынша:
- Шап (71, 5 %)
- Сан (10, 4 %)
- Кiндiк (3, 9 %)
- Іштің ақ сызығы (11 %)
- Сирек кездесетін: бел, шат аралық, спингелиев сызығы (3, 2%) .
Ал ағымы бойынша жарықтар жіктеледі:
- Толық және толық емес
- Асқынған және асқынбаған.
2. 3. Этиологиясы
- Туа бiткен жарықтар iш қабы қабырғасының даму ақауы немесе жетiлмеуi нәтижесiнде дамиды. Мұндай мал төлінің жаңа туған кезiнде дайын жарық қабы болады. Мысалы, туа бiткен қиғаш шап жарығы.
- Жүре пайда болған жарықтар незiнде операция немесе жарақат нәтижесiнде жұлын зақымдалуының немесе нерв талшықтарының қиылуы нәтижесiнде. Ағзаның жалпы жағдайымен байланысты әлсiздiк: жастық - «тіндердiң қарттық болбырлық» ауруы, аштық нәтижесiндегі, жүдеу кезінде шамадан тыс семiру кезінде асцит, аналықтың буаздық кезiнде iшастар қабырғасының созылуынан.
Жарықтың құрлысы
- Жарық қақпасы
- Жарық қабы
- Жарық қабаттары
Сурет-2. Мал организміндегі жарық көрнісі
Жарық томпаюы - вертикальды жағдайда немесе күшену кезiнде шар тәрiздi немесе сопақша формалы iсiну пайда болады. Өз орнына келуi -өздiгiнен немесе қолмен келтiру арқылы жүргiзiледi. Бұл жарықтың классикалық белгiсi болып табылады.
2. 4. Клиникалық көрінісі мен диагностикасы
Жарық қысылу жіті, кенеттен, күшенгеннен немесе физикалық-механикалық күш түскеннен кейін пайда болады. Ұстағанда ауырсынатын жарық біртіндеп үлкейеді, ал ауру сезімі бұл аймақта күшейе түседі. Жарыққа сәйкес жергілікті белгілері: кенеттен пайда болған жергілікті ауру сезімі, жарықтың түзетілмеуі, жарық аймағындағы пальпация мен перкуссияда жергілікті ауруы. Кейде бүкіл ішке тарайтын ауру сезімі, жиі жеңілдік алып келмейтін түсу пайда болады. Жарық аймағындағы ауру сезімі бірнеше сағат сақталады, жарық пайда болған мүшенің некрозы дами келе біртіндеп әлсірейді. Бұл кезде аурудың клиникалық көрінісі және ауырған малдың жағдайының ауырлығы көп жағдайда жарықтың орналасқан орнына байланысты болады. Шажырқай мен ішектің бірге жарық қақпасына қысылуынан біртіндеп жіті странгуляциялық түйілу пайда болады. Эластикалық типте қысылған мүшелердегі қайтымсыз процесстер баяу дамиды, ал улану белгілері әлсіз байқалады, ағзаның жалпы реактивтілігінің төменділігімен түсіндіріледі. Бұл категориядағы жануарды диагностикалау қиындығы, бұл жарық аймағындағы бұрыннан болатын ауру сезіміне байланысты. Ауырған малды маманның кеш қарауы аскынуларға алып келеді. Бір мезгілде жедел обтурациялық ішек бітелу симптомдары пайда болып, оның әсерінен улану белгілері дамиды. Малдың жалпы жағдайы нашарлап, құсу, нәжіс пен газдың жүрмеуі, тахикардия байқалады. Көбінесе іш кебеді. Алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық бетінде дерлік тимпанит анықталады. Қысылудың берілген түрінде мал дәрігернінің көмегіне кеш келетін болса, жедел қабынудың немесе жарық қабы флегмонасының көрінісі орын алады. Жарық үстіндегі тері түсі көкшіл - қара түстес және ұстағанда ыстық болады. Жарық аймағын пальпациялағанда флюктуация және ауру сезімі анықталады. Қысылған жарық диагнозын қоюда дұрыс және толық жиналған ауру анамнезінің үлкен маңызы бар. Ережеге сәйкес, егер ауырған малдың ішінде шығу тегі белгісіз ауру сезімі болса, оны қарап тексеру үшін малдың құрсақ және кеуде аймағын кеңінен зерттеу керек. Жарықтың шығатын мүмкін жерлерінің барлығын дұрыстап қарап және пальпаторлы тексеру қажет (алдыңғы құрсақ қабырғасы, аралық, бел, шап-ұма аймағы, шап-сан қыртыстары) .
Қысылған жарықтың ажырату диагностикасын жүргізу кезінде, жалған қысылуды естен шығармау қажет. «Қысылу» деп аталатын Брок жарығы келесі себептерге байланысты құрсақ ішілік қысымның жоғарлауынан пайда болады: асциттік сұйықтық жиналуы, метеоризм және т. б. Нәтижесінде айқын ауыру сезімді жарық қабының және оның ішіндегі мүшенің жарық қақпасынан томпаюы гипердиагностикаға себеп болады. Анамнезді тиянақты жинау, ауырған малды зерттеу және «жалған жарықтың» себебін анықтау оны шынайы қысылған жарықтан ажыратуға мүмкіндік береді.
Сурет-3. Қабандағы ен жарығы
2. 5. Ажыратып балау
Қысылған жарықтың жиі кездесетін түрлерін келесі аурулардан ажырату қажет:
- қысылған шап жарығын - шап лимфаденитімен,
- ұманың жедел водянкасымен, орхи эпидидимитпен,
- аталык без және ұрық шылбырының бұралуымен.
- қысылған сан жарығын - лимфаденитпен,
- үлкен терең венаның тереңге өтетін жеріндегі варикозды түйіннің жедел тромбофлебитімен.
Жіті лимфадениттен ажыратқан кезде, оның біртіндеп дамитынын және оның көзі аяқ-қолдың шеткі сегменттерінде орналасқан инфекция ошағы екендігін есте ұстау қажет. Жедел лимфаденит, жоғары дене температурасы мен қалтыраумен өтеді.
Қысылған шап жарығынан жарықтық томпаюдың болмауымен, аталық бездің биік тұруымен, ұстағанда ауру сезімінің, жөтел түрткісінің болуымен ерекшеленеді. Ауырған малда қысылған жарықтың клиникалық көрінісі болса немесе оған күдіктенсе, оны маман тез арада клиникаға жіберу қажет. Ауырған малға ешқандай анальгетиктер мен спазмолитиктерді салуға болмайды. Ауруханаға дейін жарық аймағына жылу және ванна тағайындауга болмайды.
Сурет-4. Жылқыдағы травматикалық жарық
2. 6. Емі
Оперативтi түрде жүргiзiледi. Операция екi кезеңнен тұрады: жарықты кесу - жарық қабын ашу, шығару. Ішкi мүшелердi орнына келтiрiп, мойын бөлiгiндегі қапты тiгiп байлау. Жарық қақпасының пластикасы Жансыздандыру жергiлiктi түрде жасалады (новокаин немесе лидокаинмен) Операция алдындағы дайындық - гигиеналық ванна және операциялық алаңды қыру, операция алдында тазарту клизмасын қояды. Операциядан кейiнгi кезең - өкпе асқынуын алдын алу, метеоризмен күрес жүргiзiледi.
2. 7. Кіндік жарығы- Herinia umbilicalis
Жарықтың бұл түрі көбінесе жас төлдерде жиі байқалады. Оның ішінде торайлар мен күшіктерде. Бұл жарық туа пайда болады. Індік тұсында ақ сызықтың үстінен жарық қақпасы пайда болады да, ішкі органдар жарық қақпасы арқылы тері томпиып, сыртқа теріні керіп шығып кетеді.
Сурет-5. Торайдағы кіндік жарығы
Этиологиясы.
Негізігі себептері тқлдің енесінің ішінде жатқан кезде түрлі факторлардың әсерінен кіндік сақинасының дұрыс дамуынан деген болжамдар айтылуда. Тағы бір себептерінің қатарына ол тұқым қулалайтын кіндік жарығы. Осы дұрыс дамымаған кіндік сақиналары төлдің таласа емуінен, секіріп-шоршуынан, түрлі механикалық соққылардан болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері
- Кіндік аумағындағы әр түрлі көлемдегі жарық қабы.
- Абцесс
- Пальпациялау кезіндегі ауырсыну
- Ішектеррдің жарық қабына шығуы
Ажыратып балау. Кіндіктің абцессті ауруынан ажырату керек.
Емі
Емі оперативті түрде, кіндік жарығын тігу. Консервативті емі бандажбен тарту, натрий хлоридтің гипертониялық ертіндісі., жақпа майлар.
Абсцесс . Бұл ауруда тканьдар мен органдарға шамалы ірің жиналып, бұрын мүлде қуыс болмаған жерде, қуыс пайда болады.
Абсцесс іріңді инфекцияның кішкене жара арқылы не қан арқылы тканьдарға енуі салдарынан пайда болады.
Бактериялар енгенен кейін пайда болған қабыну процесінде тканьдары іріп-шіріп, ірің жинала бастайды. Бактериялардың өзгешелігіне қарай одан шығатын ірің де әртүрлі болады . Жиналған іріңнің айналасына пиоген қабығы пайда болады . Қабық ауырған жерді сау жерден бөліп, бактериялардың денеге таралуына кедергі жасап тұрады . Абсцестің көлемі әртүрлі болады.
Өзінің барысына қарай ыстық және суық абсцеске бөлінеді. Ыстық абсцесте жіті қабынудың барлық белгілері болады . Суық абсцесте жіті қабынудың ешбір белгілері байқалмайды және ол өте жәй ісінеді, сондықтан оны суық абсцес деп атайды, суық абсцестердің іріңі сұйық және ақтау келеді. Суық абсцестер көбінесе туберкулез, актинамикоз, бурцеллез текті болады. Суық абсцестердің пиоген қабығы тіршілікке нашар келеді.
Клиникалық белгілері. Жіті абсцестер өзінің көлеміне, шыққан жеріне (үстіңгі және астыңғы тканьдарда ) және енетін инфекцияның күшіне байланысты түрліше болады. Үстіңгі ткандарда пайда болған жіті абсцеске алғашқы кезде жайылып, содан кейін ықшамдалып тоқтаған ісік пайда болады, ол ісік ауырып, денесі қызарады, қолмен басып қарағанда бұлтылдап тұрады . Мұндай белгілері, астыңғы ткандарда пайда болатын абсцесте, үнемі кездесе бермейді. Суық абсцесте тек қана ісік шығады да, денесі қызбайды . Кейде ауруды анық білу үшін, тазалықтың барлық тәртібін сақтап, іскен жерді шамалап қана теседі.
Абсцесті емдеу үшін ісіктің іріңдемей және үлкеймей тұрған алғашқы кезінде, жылы компрестер қойып, тыныштық береді . Кейіннен, ісігі үлкейіп, іріңдеген кезінде операция жасайды.
Абсцестердің көпшілігін ісіктің үлкейіп, іріңнін көп жиналған жерін жарады, өйткені ол жер жұқа және қансыз болады. Ісңкті жарған кезде сол жерінен іріңнің сыртқа қарай сорғуын қамтамасыз ету керек.
Операция жасалынатын аймақтың топографиялық анатомиясы.
Құрсақ қабырғасын келесі қабаттарға бөлуге болады:
1-ші қабат- тері - фасциалды: а) тері, б) тері асті тіні, в) фасциал асты тінмен беткейлі фасция ;
2-ші қабат- бұлшықет-анвротикалық : а) терең фасция, б) бұлшықет, в) тамырлар мен нерв.
3-ші қабат- құрсақ қабырғасының ішкі беткейі, құрсақ қуысының органдары : а) көлденең фасция, б) құрсақ клетчаткасы, в) паритальды құрсақ бұлшықеті, ішкі органдар.
Операцияға дайындық:
Малды дайындау:
Операцияға 10-12 сағат бұрын аштық диетасын тағайындайды, су беруге болады. Катетерлеп қуықты босатады.
Құрал- жабдықтар және оны стерильдеу:
Жарықтарға операция жасауға керек :
Скальпель, қайшы, пинцет, қан тоқтатқыш пинцет, шприц, инелер, ілмектер, терілік және ішектік инелер, марлі дәкелер.
Антисептиктар мен антибиотиктар
Септо сперй
Шеми спрей
70 және 96 % спирт
Мақта, тампон, салфетка, сабын, орамал.
Операция алаңын дайындау:
Дайындықты 4 этапта жүргізеді:
- Механикалық тазалау.
- Майсыздандыру.
- Антисептикпен өңдеу.
- Операция алаңын оқшаулау.
Механикалық тазалауға сабынмен жуу, жүн жабындысы алу немесе қырқу жатады. Бұд жағдайда операция алаңының көлемі операция стерильді өту үшін кең болу керек. Механикалық тазалау этапы өте маңызды болып келеді жән еоны өте мұқият жүргізу керек. Себебі соған байланысты микробтардың және кірдің көп мөлшері кетеді.
Қыруға көп көп мән береді, себебі асептизация жүргізу жақсы болады. Тәжірибеде көбінесе қауіпсық бритваны қолданады. Қыруды операция алдында ған жүргізген дұрыс болып табылады, себебі сол кезде операция алаңын жуып-тазалау оңай болады.
Операция алаңын майсыздандыруды 0, 5% -ды 1-2 сағат нашатыр спиртінің ерітіндісінде тұрған стерильді марлі тампонымен жүргізеді. Майсыздандырылған аймақты операциядан кейін төмендегі әдістердің бірімен антитсептикпен өңдейді.
Филончиков-Гроссих әдісі. Механикалық тазалаудан кейін, тілік салар алдында немес инфильтрациялық анестезиядан кейін 5%-ды йодпен өңдеп отырады. Сонымен қатар өңдеулердің арасы 5 минуттан кем болмау керек. Операция алаңын антисептикпен өңдеуді ортасынан бастап периферияға қарай бағыттайды. Тек теріде іріңді ошақтар кездессе, өңдеуді перифериядан бастап, ортасында аяқтайды.
Операция алаңын қоршауды стерильді простыниямен немесе клеенкамен жүргізеді. Оларды бір-біріне арнайы клемдармен қысады.
Жансыздандыру
Іштің бүйір қабырғасында қысылған жарығына салмағы ауыр жануарларға терең немесе инфильтрациялы анезтезия жүргізу арқылы беткей наркоз тағайындаған жөн, ал ұсақ жануарларға нейролептиктерді жергілікті анестезиямен бірге қолданады.
Қазіргі кезде ветеринарлы медицинада тыныштандыратын ауырсынуды басатын және миорелаксантты әсер беретін қасиеті бар преператтар кең қолданады.
Рометар 2%(оның құрамына ксилазин кіреді)
ІҚМ 0, 05-0, 25 мл 100 кг салмағына б/е, т/і
Шошқаларға 4мл/100 кг тамыр ішілік немесе 10 мл/100 кг бұлшықетке
Операцияның жоспары мен техникасы:
Кез- келген жарықтарды емдеудің радикалды әдісі болып, хирургиялық ем табылады.
Операция жасаудың 20 аса түрі бар. Оларды жарықтың түріне және жарықтық сақинаның көлеміне байланысты таңдайды. Операция төрт этапта жасалынады:
- Жарық қабын бөлу.
- Жарық қабын сылу.
- Жарық қақпасын жабу.
- Тері жарақаттарына тігіс салу.
ІІІ. Негізгі бөлім
Өзіндік зерттеулер.
3. 2. Ауру тарихы
Мал иесі: Нургалиев Д. Д.
Мал түрі: торай
Жынысы: ұрғашы.
Түсі : ақшыл қызыл
Лақап аты: Майка
Қондылығы: орташа
Жасы: 6 ай.
Түскен кездегі диагнозы: кіндік жарығы.
Бақылау кезіндегі диагнозы: травматикалық кіндік жарығы.
Клиникаға келген күні: 25. 03. 17
Ем жүргізген күні: 05. 04. 2017
Мал дәрігері: Дулатов К. Д.
3. 3. Анамнез
Anamnesis vitae- Тұрған жері таза, едені тақтайдан төселген. Қора саз кірпіштен қаланған, төбесі цемент плиталармен көмкерілген. Қораның жалпы жағдай жақсы зоогигиеналық талаптар сақталған. Торай тұрған қорада тек бір ғана терезе бар екен. Азықтандыру күнделікті, берілетін азық көбінесе дәнді-дақылды, құрғақ. Витамин мен минералды заттарға бай емес десе де болады.
Anamnesis morbi- Басында мал жабырқаған. Біртіндеп күйі төмендеген. Қиналып демала бастаған. Терісінде гематома мен лимфоэкстравазат табылды. Қабыну белгілері кеткеннен кейін ісік шектелген және ауырсынуы аз болды. Кейде жарық ішіндегіні қайтадан құрсаққа итеріп жіберуге және тесікті сезуге болады.
3. 4. Клиникалық тексеру
Температурасы 39, 5 о С
Пульсі 50-80мин/соғыс
Дем алысы 15-25 мин/соғыс
Габитусы: коституциясы мықты; қоңдылығы орташа; темпераменті жабырқау; мінезі жуас; қимыл қозғалысы бұзылған, мал көбінесе жатады;
Тері : бүтіндігі бұзылған; беткейлігі тегіс; серпімділігі қалыпты; ылғадылығы қалыпты; иісі спецификалық; түсі ашық қызыл; температурасы қалыпты;
Тері жабындысы : қалыпты.
Лимфа түйіндері : - жауырын алды безі ұлғаймаған, ауырсыну жоқ;
- шап безі температурасы ұлғайған;
-жақ асты безі температурасы ұлғаймаған;
Көзге көрінетін кілегей қабықтары :
Қан айналысының нашарлауынан тұмсықтары, көз склерасы және құлақ тұсы көгерген; коньюнктивасы бозғылт тартқан, ауырсынуы жоқ және бүтіндігі сақталған;
Қорытынды: жарақаттардың салдарынан кіндік жарығы.
Жүйелерді зерттеу.
Жүрек қан тамырлар жүйесі.
- Жүрек тұсы: жүрек түрткісі байқалады; пальпация кезінде ауырсыну белгілері байқалмайды;
- Жүрек түрткісі : жүрек соғысы жиілеген;
- Жүрек тоны : анық, қатайған,
- Жүрек тұсындағы шулар : естілмейді.
- Артериальды пульсы : жиілеген, ритмі қатайған.
- Көк тамырлар : индуляция жоқ; күре тамыр қанға толы;
Қорытынды: Индуляция жоқ, патологиялық шулар естілмейді, жүрек соғысы жиілеген.
Тыныс алу жүйесі.
Жоғары тыныс алу жүйесі :
- танау қуысы : конфигурация өзгермеген,
- танаудан аққан сұйықтық : ек жақты, түссіз;
- ауаның шығуы : ауаның шығуы екі жақты, бірдей, жылы, жиі-жиі, иісі спецификалық,
- қосалқы қуыстар : терісі қозғалмалы, жергілікті температурасы көтерілмеген, ауырсынуы жоқ, қатты, конфигурациясы бұзылмаған;
- трахея : жергілікті температурасы көтерілмеген, шеміршегі қалыпты;
- жөтелу рефлексі : қалыпты;
- қалқанша безі : сәл ұлғайған, ауырсыну белгісі байқалмайды;
Кеуде қуысы : пальпация кезінде ауырсыну байқалмайды, симметриялы, қабырға мен аралық бұлшық еттері зақымданбаған.
Дем алу қозғалысы : демікпе бар.
Өкпе шекарасы : шекарасы қалыпты, ұлғаймаған.
Қорытынды: тыныс алуы жиілеген.
Ас қорыту жүйесі.
- Тәбеті : азыққа деген тәбеті өте төмен.
- Азықты қабылдау : жұтыну қалыпты, ауырсыну жоқ және патологиялық дыбыссыз.
- Кекіру, күйіс қайтару : күйіс қайтару әлсіз.
- Ауыз қуысы : қалыпты; кілегейлі қабаты зақымданбаған, қызыл еті өзгермеген; тілі қалыпты, зақымдалмаған, тістерінде өзгерістер байқалады. Тістерінің арасы сиреген, босап тұр.
- Өңеш пен жұтқыншақ : шеміршектері деформацияланбаған, жергілікті температура көтерілмеген, ауырсыну байқалған жоқ.
- Бауыр : пальпация кезінде аурсыну жоқ, консистенциясы тығыз.
Қорытынды: Тәбеті нашар. Күйіс қайыру әлсіз.
Зәр шығару жүйесі.
- Бүйрек тұсы : пальпация кезінде ауырсыну белгілері байқалмады.
- Бүйректер : бүйректері қалыпты жағдайда, консистенциясы қалыпты, өзгермеген.
- Қуық : серпімді.
Қорытынды: ешқандай өзгерістер байқалмайды. Бүйрек қалыпты жағдайда.
Жүйке жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz