Теміржол бөлігіндегі кабельдік желіні жобалау жұмыстары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

IТеміржол көлігінің маңызы мен ақпараттық . есептеу жүйесі
1.1 Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Теміржол көлігінің ақпараттық . есептеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

IIКабельдік байланысты жобалау мен оның архитектурасы
2.1 Кабельдер типтері мен кабельдер жүйесін жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2 Желілердің архитектурасы ... ... ... 11

Қорытынды ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ..17
Теміржол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Теміржол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Теміржол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда қазіргі таңда теміржолы желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың км-ден асады. 1913 локомотив, 77029 жүк вагоны және 2094 жолаушылар вагоны бар. Қазақстандағы теміржол торабы мен теміржол көлігі «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның құзырына бағынады. Оның құрамында «Жолаушылар тасымалы», «Арнаулы әскерилендірілген күзет қызметі», «Электрмен жабдықтау», «Ақсу - Конечная», «Темір - терсек», «Теміржолмаш», «Қазкөліксервис», «Теміржол мүлік» еншілес кәсіпорындары жұмыс істейді.
Қазақстан экономикасының шикізатты бағытына байланысты, теміржол көлігі қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық кешенінде маңызды роль ойнайды. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2000 ж. барлық көлік түрінің жүк айналымында оның (теміржол көлігінің) үлесі 63% құрады.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Оқу орынының атауы

Ф.И.О

ТЕМІРЖОЛ БӨЛІГІНДЕГІ КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІНІ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Курстық жоба

Ғылыми жетекшісі:

Қарағанды., 2017 жыл
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Теміржол көлігінің маңызы мен ақпараттық - есептеу жүйесі
1.1 Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Теміржол көлігінің ақпараттық - есептеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5

II Кабельдік байланысты жобалау мен оның архитектурасы
2.1 Кабельдер типтері мен кабельдер жүйесін жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Желілердің архитектурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе
Теміржол көлігі - көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Теміржол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы реліс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Теміржол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда қазіргі таңда теміржолы желісінің жалпы ұзындығы 14,4 мың км-ден асады. 1913 локомотив, 77029 жүк вагоны және 2094 жолаушылар вагоны бар. Қазақстандағы теміржол торабы мен теміржол көлігі Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы АҚ-ның құзырына бағынады. Оның құрамында Жолаушылар тасымалы, Арнаулы әскерилендірілген күзет қызметі, Электрмен жабдықтау, Ақсу - Конечная, Темір - терсек, Теміржолмаш, Қазкөліксервис, Теміржол мүлік еншілес кәсіпорындары жұмыс істейді.
Қазақстан экономикасының шикізатты бағытына байланысты, теміржол көлігі қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық кешенінде маңызды роль ойнайды. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2000 ж. барлық көлік түрінің жүк айналымында оның (теміржол көлігінің) үлесі 63% құрады.

I Теміржол көлігінің маңызы мен ақпараттық - есептеу жүйесі

1.1 Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы

Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен.
Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.
Теміржол көлігінің спецификалық ерекшеліктеріне орай оның активтерінің 80% ұзақ мерзімді активтер құрайды. Сондықтан да саланың техникалық қарулануы көліктің негізгі қызметінің - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру үшін анықтаушы ролге ие.
Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз.
Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек. Мені бұл мәселелер іштей өте қызықтырды. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын осы мәселелерге сай таңдадым. Бұл жұмысымда Қазақстан теміржолдарының жалпы жағдайы, мәселелері және оны шешу жолдарына назар аударылған.

1.2 Теміржол көлігінің ақпараттық - есептеу жүйесі

Кабельдік байланыс желілері бар учаскелерде СОБ және байланыс электр механиктерінің қызметтік байланысы болуы тиіс.
Аралықтардағы байланыс және БОС кабельдік желілері жер төсемі шегінен тыс магистральдық темір жол желісінің бөлінген алқабында салынуы тиіс. Жекелеген жағдайларда кабельдік желілерді қолданыстағы ережелерді сақтай отырып жер төсемінде салуға жол беріледі. Талшықты-оптикалық кабельдер негізіндегі байланыс желілері түйіспелі желінің немесе автобұғаттау желілерінің тіреулеріне аспа әдісімен орындалуы мүмкін.
Байланыстың аспа әдісімен орындалған кабельдік желілері иілуінің барынша ұзын жебесі болғанда кем дегенде:
1) тұрғындар тұрмайтын жерлердегі жерден 5,0 м;
2) тұрғындар тұратын жерлердегі жерден 6,0 м;
3) жолаушылар платформаларының бетінен 4,5 м;
4) темір жол өтпелеріндегі автомобиль жолдарының тінінен 7,0 м биіктікте болуы тиіс.
Иілудің барынша ұзын жебесі болғанда СОБ және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жерге дейінгі қашықтық кем дегенде:
5) аралықтарда 2,5 м;
6) станцияларда 3,0 м;
7) автомобиль жолдарымен қиылысқанда 5,5 м (бар желілерде оларды қайта орнатқанға дейін 4,5 м қашықтықты сақтауға рұқсат етіледі).
Темір жол жолдарымен қиылысқанда СОБ және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен рельс бастиегінің үстіне дейінгі қашықтық кем дегенде 7,5 м болуы тиіс. Электрлендірілген темір жол жолдарының СОБ және байланыс әуе желілерімен қиылысуына жол берілмейді. Мұндай қиылысулар жерасты кабельдік ендірмелермен орындалады.
Ақпараттық-есептеу жүйесі:
1) деректердің енгізілуін, берілуін, өңделуін және сақталуын;
2) есептеу нәтижелерінің белгіленген мерзімде тұтынушыларға берілуін;
3) темір жол көлігінің ішкі салаларындағы жоспарлау, оперативті басқару, есепке алу, статистика міндеттерінің шешілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық және бағдарламалық құралдар жұмысқа қабілетті және активті күйде тұрақты ұсталуы, талап етілетен сенімділік пен нақтылықпен қамтамасыз етуі тиіс.
СОБ және байланыс желілері зақымданған кезде оларды қалпына келтіру мынадай кезектілікпен жүргізілуі тиіс:
1) поездық диспетчерлік байланыс сымдары;
2) жол бұғаттамасы, энергодиспетчерлік байланыс сымдары;
3) электр асатаяқ жүйесінің, поездық станция аралық және бағыттамалық байланыс сымдары; электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары;
4) СОБ пен байланыстың қалған сымдары.
Учаскеде қолданылатын екі және одан артық байланыс пен СОБ желілері бір мезгілде зақымданған қалыпта қалпына келтіру басымдылығы желілердің қуатымен белгіленеді және мынадай болуы тиіс:
1) талшықты-оптикалық байланыс желілері;
2) металл кабельдер негізіндегі байланыс желілері;
3) байланыс және СОБ әуе желілері.
СОБ және байланыс құрылыстары мен құрылғылары тартым тогының, электр беріліс желілерінің және найзағай разрядтарының кедергі келтіретін және қауіпті ықпалынан қорғалуы тиіс.
Солардың көмегімен түрлі тәуелділіктер жүзеге асырылатын СОБ аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болуы және пломбылануы тиіс, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына міндетті түрде алдын ала жаза отырып, сигнал беру және байланыс дистанциясының соған уәкілеттілігі бар қызметкерінің жүргізуіне жол беріледі. СОБ және радиобайланыс аппараттарындағы пломбылардың тұтастығы үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру қосынының операторлары, бағыттамалық қосынның кезекшілері, локомотивтердің машинистері және т.б.) жауапты болады.
Сигнал беру және байланыс дистанцияларында дистанцияда бар СОБ және байланыс құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен суреттемелері, тиісті стандарттар мен нормалар болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер уақтылы енгізіліп отыруы тиіс.
СОБ құрылғылары бойынша үлгі шешімдерді сигнал беру және байланыс басқармасы бекітеді. СОБ құрылғыларында үлгі емес техникалық шешімдерді қолдануға жол берілмейді.
СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар және белгіленген тәуелділіктердің бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетін басқа жоспарлық жұмыстар Ұлттық темір жол компаниясының басшылығы бекіткен оларды орындаудың ең аз мерзімдерін көздейтін кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Қандай да болмасын жағдайларда станцияларды мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргізуге тыйым салынады. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерінің келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс.
Құрылғылар станция бойынша кезекшінің жайынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан кезде бұл құрылғыларды іске қосу туралы жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою жөніндегі алдын ала көзделмеген жұмыстарды жүргізу үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату туралы жазба кейіннен жұмыс басшысы СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жеке қолын қоюы арқылы, сол журналда тіркелетін, станция бойынша кезекшіге берілетін телефонограммамен ауыстырылуы мүмкін.
Белгіленген тәуелділіктерді бұзбай жекелеген СОБ құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату станция бойынша кезекшінің (диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің) келісімі бойынша ғана СОБ, байланыс және түйіспе желісі құрылғыларын қарап тексеру журналына жазбастан жүргізілуі мүмкін.
Қолданыстағы СОБ құрылғыларын сынау барлық жағдайларда СОБ станция бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерінің келісімі бойынша және соның қадағалуымен жүргізіледі.
Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерінің айқын көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Уақтылы және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету:
1) бағдаршамдарды және маршруттық нұсқағыштарды - сигнал беру және байланыс дистанцияларының бастықтарына;
2) бағыттамалық нұсқағыштарды, жол қоршауларын түсіру құрылғыларының және гидравликалық бағандардың станциялардағы нұсқағыштарын - станциялар бастықтарына;
3) локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигнал аспаптарын - тиісті бөлімшелердің бастықтарына жүктеледі.
Жасанды құрылыстар шегінде токқабылдағыштың ток әкелетін элементтерінен және түйіспе желісінің кернеулі бөліктерінен құрылыстардың жерге қосу бөліктеріне және жылжымалы құрамға дейінгі қашықтық тұрақты токтағы электрлендірілген желілерде кем дегенде 200 мм және ауыспалы токтағы электрлендірілген желілерде кем дегенде 350 мм болуы тиіс.

II Кабельдік байланысты жобалау мен оның архитектурасы

2.1 Кабельдер типтері мен кабельдер жүйесін жинақтау

Ақпаратты беру кезінде кабельдің түрлері қолданады. Оған: клоаксальды, экрандалған және экрандалмаған орам жұбы және оптолокондық кабельдер жиынтығы жатады. Мәліметтерді жіберудегі ең жиі қолданылатын кабель түрі, яғни кіші қашықтыққа (100 м-ге дейін) экрандалмаған кабельдер қолданылады. Оптолоконды кабель кең ауқымды және локальдық байланысты құру кезінде кеңінен қолданылып, онымен қоса магистральдық глобальды жүйелерді қалыптастыруға пайдаланылады. Кабель жүретін каналдарды өткізу қызметі жағынан жоғары және оларды біршама қашықтыққа тасымалдайды.
Теміржол бөлігінде кабельдік желіні ұйымдастыру үшін құрылымданған кабельдік желіні пайдаланған жөн.
Мәліметтерді тасымалдау ортасы ретінде есептелетін жүйелерде КВ, УКВ, СВЧ сияқты әр түрлі электромагнитті толқындарды. Бірақ локальды жүйелерде радиобайланытар кабельдерді құру мүмкін емес кезде ғана қолданлады. Мысалы:кез келген мекеме, ғимарат.
Құрылымданған кабельдық жүйе (Structured Cabling System-SCS)-камутациондық элементтер жиынтығы (кабельдер, шкафтар т.б.), сонымен қатар оларды ортақ қолданудың методикасы болып табылады.
Құрылымданған кабельдық жүйенің артықшылығы:
Универсалдығы. Локальдық есептік жүелерде алдын ала ойластырылып қойылған құрылымданған кабельдық жүйе, ондағы компьютерлік мәліметтерді ортақ ортада локальдық жүйеде тарту.
Қызмет ету уақытығының ұзақтығы. Жақсы құрылымдалған кабельдық жүйенің ескіруі 8-10 жылдан тұруы мүмкін.
Жаңа қолданушыларды қосу және олардың орналасу орнының өзгеруі кезінде бағасының азаюы. Кабельдық жүйенің бағасы негізінен оның кабелінен емес, оны орналастыру жұмысына байланысты анықталады.
Жүенің оңай кеңейуінің мүмкіндігі. Құрылымданған кабельдық жүйе модульдық болып табылғандықтан оны жеңіл өсіруге болады.
Ең жақсы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету. Құрылымданған кабельдық жүйе қызмет етуді жеңілдететді және тұйықталуды іздейді
Сенімділік. Құрылымданған кабельдық жүйе жоғарғы сенімділік бере алады.
Кабельдік жүйелер
Негізінен кабельдың екі үлкен класын ерекшеленеді:
Электрлік және оптикалдық, олар сигналдарды тасымалдау әдісі бойынша ерекшелінеді. Ресейді оптоталшықты кабельдермен қамтамасыз етуші-WohawkCDT, Lucent Technologies және AMP.
Кабельдердің типтері
Қазіргі жаңа жүйелерде, бірнеше түрлі кабельдер типтері қолданылады. Төменде жиі қолданылатын кабельдер типтері көрсетіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр желісінің құрылымдары
Оптикалық кабель типі
Оптикалық байланыс кабелі
Сымсыз оптикалық байланыс арналары
Металл бұйымдары зауыты
Интелектуалды желі
Байланыс жолдарының типтері
«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де №3 цехының электрлік желілерін құрылымдау үшін электрмен жабдықтау жүйесін жасау»
Байланыс анықтылығын есептеу
КАБЕЛДЕРДІҢ ТҮРІН ЖӘНЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ
Пәндер