Бала бақшадағы бейнелеу өнер сабақтарында сәндік өнерді оқытудың маңызы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Бала бақшадағы бейнелеу өнер сабақтарында сәндік өнерді оқытудың маңызы “
МАЗМҰНЫ
1КІРІСПЕ
- ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМБАЛА БАҚШАДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МАҚСАТЫҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
5 ТІРКЕМЕЛЕР
Жаратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданғандала, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететінән, күй, сиқырлы сөз, сұлу картина секілді әсерлері адам жанында бір ләззат, сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды, архитектура, сұлу сурет, скульптура сықылды пластика исскуствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады. Ал енді, музыка, ән, поэзия сықылды тон исскуствосы есту сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті. Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу сүреттен, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті балада искуствоның қандай ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, сұдың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағвн, буыны жоқ бұрандаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.
2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қата. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қата ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тәртіпті болсын. Ойдың іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былықтыққа үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолмен мұрнын сіңбіріп, яки баланың нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан, яғни асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс көруі надандықтың әбден асқандығы ғой.
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс. Кейбір мырзалар сұлу боламыз деп жүргенде қиқаңдай ма керек, бұраңдайма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады. Қазақ, жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру жоламайды.
3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам-тірі өлік.
Мағжан Жұмабаев
КІРІСПЕ
1. 1 ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.
Бүгінгі таңда қоғамның негізгі мәселерінің бірі - прогресшіл дәстүр болып саналса, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми көз қарасы, демократиялық ой пікірлері, әдет-ғұрпы, байлықтары болып табылады. Халықтың әдет-ғұрпы дәстүрі қоғамдық өмірдің материалдық жағдайының өзгеруімен сипатталады. Осы орайда жоғары оқу орындарында рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім берудің құмарлығын арттыруда халықтың сәндік қолданбалы өнерін пайдаланудың теориялық және практикалық қажеттілігі өзекті мәселе ретінде туындап отыр. Қойылған мәселелердің бірі -бастауыш мектептің оқыту үрдісінде қолданбалы-сәндік өнерлі қолдану, пайдалану. Қазақстанда ұлағатты мұра қалдырып кеткен орта ғасырдағы бірқатар философ ғұламалары, оның ішінде (Әл-Фараби) : адамдардың танып білетін мөр таңбасы табиғат -деп, табиғатты танып білуді, игеруді ұсынған. Ж. Баласағұн жеке тұлғаның қоғаммен қарым қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін, оның әлеуметтік этикалық, адамгершіліктік -психологиялық деңгейін анықтауды көздеген. М. Қашқари «жеке тұлға идеалы - өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын, білімге құштар, өзінің бақыты үшін күресе алатын адам» -деген. Оқу білім өнер, тәлім-тәрбие беру туралы демократ ағартушылар - Ы. Алтынсарин
Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы, мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы туралы тарихшы- этнограф ғалымдар Қ. Ақышев, Т. Басенов, Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев, М. Мұқанов, Ә. Тәжімұратов, Ә. Нұсқабайұлы т. б еңбектерінде қарастырылған.
Атап айтқанда, қазақ халқының мәдени мұрасы арнайы пәндер циклінің 03. 15. 40-Бастауышты оқыту педагогикасы әдістемесі және оқыту практикумы оқу пәнінде сәндік - қолданбалы іс - әрекет - деп берілген.
Сәндік-қолданбалы өнер ХIХ ғасырда өз алдына өнер түрі болып бекітілген, демек, зергерлік, ағаш ою, оның топтарға бөлінуі қолөнер түрлері - деп, ал ою- өрнек қолөнердің тірі және өлі табиғи зат формаларының өрнектелген әшекей сюжеті болып ою-өрнек классификациясы деп аталуы тиіс. Сәндік- қолданбалы өнерді бейнелеуге де, образдар жасауға да, тірі құрақ ою-өрнек құрастыруға да, компьютерді кеңінен қолданып, тұрмыстық заттардың суретін салуға болатындығы, көркем өнер каллиграфиясын, киім кешек дизайнын жасауға болатындығына көңіл бөлінбеуі, тек қана іс- әрекетпен шектелуге жол беріліп отыр.
Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекет бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жоғары интеллекті, эстетикалық және адамгершілікте тәрбие алған, өз отанын сүйетін, тарихын, прогрессивтік дәстүрінен терең хабардар, жан- жақты гормониялық тұрғыдан дамыған жеке тұлғаның кәсіби біліктілігі иен білімділігін талап етеді. Дегенмен, жасөспірімдердің ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттың мұраларды игеріп, дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Осындай ұлтық мәдениеттің ежелден келе жатқан оқу- тәрбиелік маңызды бөлігі халықтың қолөнер туындылары, ол бүгінгі таңда сәндік - қолданбалы өнері болып табылады. Зерттеу барысында қазақ халқының қолөнерінің бүгінгі күнге дейінгі тарихи даму жолдарын дәріптейтін тарихи - этнографиялық, әдеби, ғылыми еңбектерге берген талдау жұмыстары мынаны байқатты.
- Қазақстан мәдениетіндегі қолөнер туындыларының құрылым жүиесіне тоқталатын болсақ, Евразия аймағының тарихи және мәдени бірлігі мен сабақтастығы тас қола дәуірінде басталып, скиф кезеңінде өркендеп, жаңа этникалық бояуға бөленіп, ежелгі түрік дәуірінде бастауыш тапты. Түрік аңұзақ дала көшпенділерінің біріккен тайпасы, олардың генетикалық тілі, генеалогиялық тайпалардың туыстығы, мәдениетінің ұқсастығы осыдан келіп шығады. Сонымен бірге қолөнер халық өмірінде табытты жерлеу рәсімдерінің нор маларын атқарған, тұрмыстық заттарды жасаумен безендіріп, сәндеп әшәкейлеуде қолданылғандығына мән берілген.
- Ежелгі қолданбалы өнер қоғамның құрылымымен дамып, сананың оянуымен көркемдікте ойлау фомасының өзіндік ерекшелікте дамып отырғандығы этнографиялық тұрғыда жинақталып сипатталады.
- XIX ғасырдасәндік - қолданбалы өнерөнер түрі болып бекітіледі .
Біздің ойымызша, сәндік-қолданбалы өнердің адамның сана- сезімінің негізінен және практикалық мәнділігін түйсінуден, одан өзін табмғаттың бір бөлігі ретінде, сонымен тығыз байланыста, танып білуден жалықпай, оны одан жетілдіруден туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұратын ортаның табиғи шикі заттарын жаңа қоғамның сұранысына орай заттар мен бұйымдарды жаңа технология негізінде жасай білуге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы жатады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім береді, тәрбиелейді, дамытады. Демек - Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз - қолөнердің түрлеріін дәріптеушілердің интеллектуалды тұрғыдан тірі және өлі табиғи заттарды эмоционалды қабылдап және рационалды шешімде туындыларды өмірге әкелуі - деп анықтама беруімізге түрткі болды.
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. vii-vi ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және оңтүстік Еуропаның тайпалары арасындағы тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік- сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыпарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланды.
Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең таңдаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, қасқыр мен қоянның, өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Аңдарды бейнелеуде әртүрлі материалдар қолданылды. Бізге дейінгі жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған аңдардың бейнелері де кездеседі.
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне, өрлеу, құлдырау кезеңдері. Б. з. б. VIIIVII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұтған бұғылардың бедерлеп салынған суреттер көп кездеседі. Қос шеберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр. (тасмола)
Жетісудан табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда көрсетілген: мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю құю өнерінің тағы бір үлгісі - Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары көтерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс қаруы - балғашотқа салынған. Шығыс Қазақстаннан табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасаған шағын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басып салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жуген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.
Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл қозғалысының болмауы тән, олар ең жақсы дегенде мысалы, Шіліктіден табылған Бүркіттің алтын мүсіндері секілді, басы сәл бұрылып бейнеленеді. Бейне бір құрсақта жатқандай кейіпте орала бүктеліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері Евразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік Тувадан, Қазақстаннан табылған мысық тұқымдас жыртқыштардан басқа осындай бүктетіле оралған кейіпте қасқыр, қабан, киік бейнеленген.
Б. з. б. VI-IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялары көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің бұратылуы тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарама - қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: қисық сызықтар жүиесі, жануарлардың дене мүшелерін бұрамалар, шырмауықтар, оромалар, үш бұрыштар, жақшалар және т. б түріндегі арнайы белгілермен бару әдістері қолданылады. Көп мүсінді композициялар арасынан Орталық Қазақстаннан табылған қола тоға-айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жыртқыштың шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласысының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын мұрағаттардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған басқа да археологиялық олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінінің, оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекшк сипаттары да бар. Мұндай қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудің кейбір құрбандық ыдыстары менқазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.
Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында жатқан күйінде бейнеленген аңдардың ширатылуын орындау шеберлігі жөнінен бірдей дүние. Ақинақ жүзінің екі жағынан алтын қаптырмалар көмкерілген; олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екіншісінде - тоғыз бейне бар. Олардың арасында жыланның, түлкінің, қасқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, қоянның шағын мүсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезең өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген. Б. з. б. III-II ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі ою- өрнекке айналады. Оның орнына түрлі- түсті тастармен көз саоып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемаға айналып полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.
Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою- өрнектік полихромияның кейбір әдістері б. з. б. VII-VI ғасырларда- ақ жетілеғ бастады. Мәселен, түрлі- түсті тастан көз салу бедерлеу, тоспа эмаль Шілікті, Жыланды, Арасан ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі болған. Б. з. б. V-IV ғасырлардағы полихромдық өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б. з. б. 1 мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошағының негізі қалыптасқан да болуы да мүмкін. Бірақ оның реалистік бейнелері із- түссіз жоғалып кеткен жоқ. Аң стилінің шығуы жөніндегі тарихи әдебиетте екі негізгі қөзқарас бар: бірінші болжамды жақтаушылар скиф- сақ тайпавлары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған деп санайды. Евразияда оның пайда болу мерзімін б. з. б. VII ғасырдың 70 жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман орналасқан аймаққа скиф тайпаларының басып кіруімен байланыстырады. Мидиялықтармен этникалық жағынан туыстық пен мәдени жақындық скиф- сақтар арасында көне шығыс өнерінің кейбір үлгілерінің тез тарауына себепші болды, кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің талғамдары мен қажеттеріне бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б. з. б. V ғасырдан бастап еуропалық және азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Грекия ықпалының күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне алдыңғы азияның Ахеменид өнері тікелей ықпал жасады.
Екінші пікірді жақтаушылар аң стилі өнерінің қалыптасуына Алдыңғы Азия мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бұл ықпал б. з. б. VI ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше күшті болды делінеді. Нақ осы кезеңде сақ өнерінде оған бұрын тән болмаған арыстанның, жарты денелі арыстан самұрықтың бейнелері, негізгі мүсіні қасиетті ағаш не құдайдың мүсіні болып табылатын геральдикалық кқмпозициялар, гүлдер немесе тұтас алғанда лотос түйнегі түріндегі өсімдік тектес ою- өрнектер пайда болады. Алайда, аң стиліндегі өнердің шығуын бұл зерттеушілер жергілікті ортамен байланыстырады да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады, сөйтіп оның шыққан негізі карасук мәдениеті деп аталатын мәдениеттің мүсіндік бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп санайды.
Аң стилі өнерінің мазмұнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де борлса айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы ықтимал. Скиф- сақ өнерінің мазмұнына кіретін хайуандар бейнелері нақты этникалық және тайпалық топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Әр түрлі бұйымдарға салынған бұл мүсіндер өзінше бір үлгідегі бойтұмарлар мен тұмаршалар болды. Сонымен бірге аң стилі өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Бұл өнер аллегориялық формада, аңдар таласының көптнген сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және тайпа аралық күресті, ерлік даңқы мен
жаулап алушылықтың қатігездігін бейнелейді.
Сақ заманында, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде дала тайпаларында батырлар жыры пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір бейнелері мен сюжеттері барынша өзгерген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейін жетті. Батырлар жырының кейбір тақырыптары, мәселен, аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта тірілуінің көріністері, батырлардың соғыс жорығының оралуы I Петрдің Сібір коллекциясындағы Сақтардың алтын тоғаларында бейнеленген.
Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою- өрнек болды, ол аң стилі өнерімен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз (тері, киіз, ағаш, жүн маталар) тез шіриді. Сондықтан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба тоңында саңталған, оның ішінде бұл үлгілер Алтайдың Пазырық қабірлерінен табылған.
ОЮ-ӨРНЕК ЖАСАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан, музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де, оқушылардың рухани өрісі мен дүниетанымын арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz