Буынаяқтылар сыртқы және ішкі құрылысы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

ӨЗЕН ШАЯНЫ

  1. Тіршілігі және сыртқы құрылысы

1. 2 Қоректенуі

1. 3 Тыныс алуы

1. 4 Қан айналымы

1. 5 Зәр шығаруы

1. 6 Жүйке жүйесі және сезім мүшелері

1. 7 Көбеюі

1. 8 Шаянтәрізділер түрінің сан алуандығы

1. 9 Шаянтәрізділер класына жататын жәндіктердің үнегізгі ерекшеліктері

2. 1 ШАРШЫЛЫ ӨРМЕКШІ

2. 2 Қоректенуі

2. 3 Тыныс алуы

2. 4 Қан айналымы

2. 5 Зәр шығаруы

2. 6 Жүйке жүйесі және сезім мүшелері

2. 7 Көбеюі

27. Өрмекшілер түрінің сан алуандығы.

Улы өрмекшілер және олардан сақтану шаралары

2. 9 Өрмекшітәрізділер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Буынаяқтылар - омыртқа жотасы жоқ жәндіктер. Бұлардың аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан құралатындықтан, буынаяқтылар деп аталады

Буынаяқтылар - Жер шарыңца өте кеп таралған жәндіктер. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда буынаяқтылардың екі миллионнан астам түрі белгілі екен, ал жануарлар әлемінің қалған 15 типіндегі жануарлар түрі 200 мыңнан аспайтын көрінеді. Буынаяқты жәндіктер суда да (теңізде, түщы суда), құрлықта да мекендейді, олардың көпшілігі тіпті құрлықтағы жануарлардың денесінде де тіршілік етеді.

Буынаяқтылардың денесі негізінен алғанда үш бөліктен (бас, көкірек, құрсақ) құралғанымен де, барлығында бірдей айқын білінбейді. Олардың денесі әктенген тұздар сіңген органикалық заттармен - хитинді жабынмен қапталады. Хитинді жабын жәндіктің ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды. Жабынның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Кейбір буынаяқтылардың, мысалы шаянтәрізділердің жабыны денені қаптайтын нағыз сауыт тәрізді болады.

Буынаяқтылардың ішкі құрылысы буылтық құрттарға көбірек ұқсайды, сондықтан да олардың арғы тегі қарапайым теңіз буылтық құрттары деп есептеледі. Олардың дене қуысындағы мүшелерінің (асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәршығару, жыныс, жүйке жүйелері, сезім мүшелері) одан әрі дамып, жетіле түскенін байқау қиын емес.

Сендер буынаяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысын оқып-үйренген кезде бұрын оқып өткен жәндіктердің, әсіресе буылтық құрттар мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметіндегі ерекшеліктерді еске түсіріп көріңдер, сонда сендерге эволюция барысында қандай өзгерістер болғанын, әр түрлі мүшелер жүйесінің жоғары сатыға көтерілуі мен мәнін түсіну оңайырақ болады.

  1. ӨЗЕН ШАЯНЫ

1. 1 Тіршілігі және сыртқы құрылысы

Өзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді (1 сурет) . Бұл - судың тазалығын қалайтын жәндік. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі - ұзын, бірі - қысқа екі жұп бунақтанған мүртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл теменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.

Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяқталады. Құрсақтың соңғы бунағында аналь тесігі болады.

Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі кабықшамен қапталған денені шүбалшаң тәрізді соза да, жиыра да алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді де, суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жузбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Сөйтіп, су түбінде қозғалғанда - алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұл кезде хитинді жабынмен капталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды. Сондықтан шаянның сауыты қорғаныш жабын ғана болып қалмай, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылы буындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.

1сурет . Өзен шаянының сыртқы құрлысы

1. 2 Қоректенуі

Шаян аузының айналасында үш жұп жақ және қысқыштарына тақау үш жұп жақаяқтары болады. Шаян қорегін жақаяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды. Шаянның аузы хитинмен қапталғандықтан, ашылмайды да, ұсақталған қоректі бірден жұтады (2 сурет) . Қорек кеңдеу келген қысқа өңешке, одан екі бөліктен тұратын қарынға түседі, оның біреуі - күйіс қарын, екіншісі - сүзгілі қарын.

2 сурет. Өзен шаянының ішкі цурыпысы. Ac цорытуы, жүйке және жыныс жүйелері.

Күйіс қарында хитинді тісшелер болады, қарынның қабырғасы жиырылған кезде тісшелер жұтылған қоректі ұсақтайды. Қорек одан әрі сүзгілі қарынға түсіп, ондағы хитинді өскіншелер арқылы сүзіледі де, ортаңғы ішекке қарай жылжиды. Ортаңғы ішекке асқорыту безі - бауырдың өзектері ашылады, асқорыту безінің сөлі сол өзектер арқылы ішекке құйылады. Осы сөлдің әсерінен қорек толық қорытылып, еритін затқа айналады да, ішек қабырғасына және бауырға сорылып, қанға өтеді.

Қоректің қорытылмай қалған қалдығы артқы ішекке барады да, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Шұбалшаңның асқорыту жүйесін еске түсіріп көріңдер: ауыз жұтқыншақ, өңеш, жемсау, бұлшықетті қарынша, ішек, аналь тесігі. Жүйелер бөліктерінде жүретін әрекеттер шаянтәрізділердегідей болады.

1. 3 Тыныс алуы

Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік ескіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы канға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.

1. 4 Қан айналымы

Қан айналымы. Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек - пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған коректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді де, мүшелердегі көмірқышқыл ғазды (желбезекке) және бөлінген сүйық өнімді (зәршығару мүшелеріне) алып кетеді.

1. 5 Зәр шығаруы

Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер - сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі де, еріген заттар сыртқа төгіледі.

1. 6 Жүйке жүйесі және сезім мүшелері

Шаянның жүйке жүйесі шұбалшаңның жүйке жүйесіне ұқсас. Өте күшті дамыған жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндерінің бірігуінен «ми» түзіледі. Көз және мұртшаларды - жұтқыншақүсті, ал ауыз мүшелерін жұтқыншақасты жүйке түйіндері қамтамасыз етіп, жұтқыншақ айналасындағы сақинаға айналады. Жұптасқан ірі жүйке түйіндерінен құралған ұзын құрсақ тізбекшесінен таралатын жүйкелер шаян денесіндегі әр түрлі мүшелерге таралады.

Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған және олар жүйке жүйесімен тығыз байланысты болады. Сезім мүшелері сыртқы орта әрекетін жүйке түйіндеріне жеткізіп, соның нәтижесінде дене тітіркенеді де, оған тиісті жауап қайтарады.

Шаянның сезім мүшелері баскөкіректің алдыңғы бөлігінде жатады. Бұл бөліктен ең алдымен сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп ұзын мұртшалар мен тепе-теңдік, есту мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп қысқа мұртшалар көрінеді. Бунақталған мұртшалардың сезімтал талшықтары жанасқан затты және иісті сезеді, мұның шаян тіршілігінде (әсіресе түнде) маңызы зор.

Өзен шаянында баскөкіректің алдыңғы бөлігінде қозғалмалы сабақшада екі көз болады. Сондықтан шаян мойны жоқ болса да (оның басы мен көкірегі бітісіп, баскөкірекке айналған) денесін бұрмай-ақ айналасындағыны толық көре алады.

Өзен шаяны - күрделі көзді жәндік. Күрделі көз - көптеген көзшелерден құралады. Мұндай көздің ерекшелігі - әрбір көзше алдындағы заттың тек өзіне қараған бөлігін ғана көреді де, күрделі көз құрамындағы барлық көзшелер бірігіп, затты толық көре алады. Сондықтан көрудің бұл тәсілі жинақтап көру деп аталады. Күрделі көздегі көзшелер саны бірнеше мыңға дейін жетеді, мысалы шаянтәрізділерге жататын асшаянның күрделі көзіндегі көзшелер саны - 3020.

1. 7 Көбеюі

Өзен шаяны - дара жынысты жәндік. Аналығының -құрсақ бөлігі, аталығының баскөкірек бөлігі жалпақ болатындықтан, бірінен-бірін сырттай ажырату оңай. Аналық шаян қыс соңында 60, кейде 500-600 жұмыртқа салады, шаянның жұмыртқасы уылдырық деп аталады. Ұрықтанған уылдырықтар жабысқақ болады да, аналық шаянның құрсақ бөлігіндегі аяқтарына жабысып, жұмыртқадан жаңа шыққан жас шаяндар да алғашқы кезде сонда тіршілік етеді.

Жас шаяндар хитинді жамылғыны мезгіл-мезгіл алмастырып, түлейді. Жаңа түлеген жас шаянның хитині жұмсақ және түссіз болады. Осы кезде шаян тез өседі де, хитинге әк сіңіп, қатаяды. Хитин әктенгенде шаян өсуін тоқтатады, өйткені хитинді жабын өте тығыз және созылмайтын болғандықтан, шаянның денесін қысады.

1. 8 Шаянтәрізділер түрінің сан алуандығы

Шаянтәрізділердің табиғатта сан алуан түрлері кездеседі 200 миллион жылдан бері Жер бетінде келбетін өзгертпестен тіршілік етіп келе жатқан дулығар - жаңбырдан соң сүрлеу жол торабынан табылатын шаянтәрізді жәндік.

Шаянтәрізділердің кездеспейтін жері жоқ, олар тоқтау суларда да, теңіз бен мұхитта да, арктикалық көлдерде де, суқоймалар мен тартылып кететін суларда да, жағажай құмында да, шабындықтарда да, тіпті үйде де тіршілік етеді. Олар судың тұздылығына, температурасына, қышқылдығына, судағы газ құрамына оп-оңай бейімделеді. Каспий теңізіндегі ең тұзды бұғаз - Қарабұғаз көлін суында артемия деген шаянша тіршілік етеді. Ал кейбір тармақ-мұртты шаяншалар суы тартылған суқоймада үш жыл бойы тірші-лігін жоймайды.

Шаянтәрізділердің мөлшері де алуан түрлі - дафния және циклоптың тұрқы 1-8 мм, ал жапондық таңқышаянның алдыңғы аяқтарын созғанда қысқыштарының аралығы 3 метрге жетеді. Олардың пішіні, сондай-ақ реңі бірін-бірі қайталамайды, кейбір онаяқты шаянтәрізділер реңін мекен еткен жерінің түсіне келтіріп, өзгерте алады.

Шаянтәрізділердің біреуі еркін жүріп, жүзе алатын болса, енді біреуі астындағы заттарға бекініп, тапжылмай отырады. Теңізжаңғақ, теңізүйрек тәрізді мұртаяқты шаянтәрізділер қозғалмай тіршілік ететіндіктен, олардың денесі әктенген бақалшақпен қапталады.

Теңіз планктонының 90 процентке жуығы шаянтәрізділерден құралады. Планктон дегеніміз - су бетінде қалқып жүретін ұсақ тірі ағзалар. Олардың кейбіреуі - өсімдікпен, енді біреуі жәндіктермен қоректенеді. Қалқыма шаяншалардың негізгі қорегі - ұсақ балдырлар. Суда да, ылғалды құрлықта да тіршілік ететін жылбысқа - өсімдікпен қоректенетін шаянтәрізділердің бірі, оның Өзбекстандағы түрі шабындықтағы өсімдіктерді жайпап жібереді. Ал онаяқты шаяндар - өзен шаяны, қысқышсыз шаян, омар, таңқышаян - жыртқыш жәндіктер, бұлардың кейбіреуі шіріген жануар және өсімдік қалдықтарымен қоректеніп, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді.

Шаянтәрізділердің тіршілік ету ұзақтығы түрліше болып келеді. Мұртаяқты шаяншалар - 7 жыл, ал жамбасқұрттар 30 жылға дейін әрекетін тоқтатпайды.

Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Теңізде тіршілік ететін шаянтәрізділер балықтардың, мұртты киттердің, былқылдақ денелілер мен құстардың жемі болып табылады. Көптеген шаянтәрізділердің кәсіптік маңызы бар. Балтық теңізі алқабындағы суқоймаларда тіршілік ететін жалпақ саусақты шаян мен Каспий теңізі алқабындағы суқоймаларда мекендейтін жіңішкесаусақты шаяндар тағам әзірлеу үшін ауланады. Бұрынғы КСРО-да кәсіптік жағынан камчаткалық таңқышаян тиімді деп есептелді. Шетелдерде, әсіресе Қытай, АҚШ, Үндістан, Жапонияда онаяқты шаяндардан асшаян көбірек ауланады. Сендер көптеген жануарларға қорек, адам үшін тағамға пайдаланылатын шаянтәрізділерді қорғап, өнеркәсіп немесе ауылшаруашылық қалдықтарымен судың ластанбауына ат салысыңдар.

1. 9 Шаянтәрізділер класына жататын жәндіктердің үнегізгі ерекшеліктері

Негізінен алғанда шаянтәрізділер суда тіршілік ететіндіктен, олардың тынысалу мүшесі - желбезек.

Жәндікте денесінің жұмсақ бөлігін қорғайтын қатты хитинді жабын болады.

Шаянтәрізділердің денесі екі бөліктен құралады: қомақты бөлігі - баскөкірек, екінші бөлігі - бунақтанған құрсақ.

Өзен шаянының қаны түссіз, әрі жүректің әсерінен ашық тамыр жүйесі арқылы қозғалады.

Шаянтәрізділер екі жасыл бездер арқылы зәр шығарады.

Шаянтәрізділердің жүйке жүйесі жақсы жетілген. Баскөкіректің алдыңғы жағындағы сояудың екі жағында екі жұп бунақтанған мұртшалары бар. Екі ұзын мұртшалар - сипап сезу және иіс сезу қызметін, ал екі қысқа мұртшалар тепе-теңдік және есту қызметін атқарады. Қозғалмалы сабақшада орналасқан көздері де, сояудың екі жағында болады.

Өзен шаянының аузы баскөкіректің астыңғы жағында, ауыз төңірегінде ауыз мүшелері бар, бұлар - аяқтың өзгерген түрі: олардың бірінші жұбы - үстіңгі жақ, екінші және үшінші жұптары - астыңғы жақ.

Шаянның көкірегінде 8 жұп аяқ бар, олардың алғашқы 3 жұбы-қорегін қармап ауыз бөлігіне беретін жақаяқтар, ал қалған 5 жұбының бірінші жұбы - қысқышты аяқтар, төрт жұбы - жүретін аяқтар.

Шаянтәрізділер жұмыртқа арқылы көбейеді. Өзен шаяны - дара жынысты жәндік.

Шаянтәрізділердің көзі - көптеген көзшелерден құралатын күрделі көз, сондықтан олар затты жинақтап көреді.

  1. ӨРМЕКШІ ТӘРІЗДІЛЕР

2. 1 Шаршылы өрмекші

Тіршілігі және сыртқы құрылысы. «Түз тағысы - табиғатпен тілдес» демекші, табиғат аясына назар аударсаң, небір ғажаптарға тап боласың. Шілде және тамыз айларында орманды немесе шиі қалың өскен алқаппен жүгіріп өтсең, бетіңе, денеңе нәзік жіп оралғандай болады. Кейде ағаш бұтақтарының қолтығынан, дөңгелене керілген өрмекау ортасынан аулағыш торға түскен олжасын жәу-кемдеп отырған өрмекші де кезігіп қалады. Үркітіп алмай, зер сала қарасаң, оның денесінің айқын екі бөліктен құралғанын көресің: бірінші шағын бөлігі - баскөкірек, буылтықсыз доп тәрізді, екінші үлкен бөлігі - құрсақ. Өрмекшінің үстіңгі жағынан қарағанда арқасындағы (құрсағының үстіндегі) ақ шаршы анық көрінеді. Өрмекші сондықтан шаршылы өрмекші деп аталды.

Шаршылы өрмекшінің баскөкірек және құрсақ бөліктері белдеуленіп, жіңішкереді. Өрмекшінің баскөкірегінің алдыңғы бөлігінде сегіз жай көздері болады. Олар әр жаққа бағыттала орналасқандықтан, өрмекші айналасындағы заттарды түгел көре алады. Баскөкіректің астыңғы жағында, ауыздың үстіне қарай улы безді, ұшы тырнақ тәрізді болып аяқталған екі күйісаяқ және жүретін сегізаяқтардың алдыңғы жағында екі тұтқыаяқ бірден көзге шалынады. Өрмекшінің буылтықсыз құрсақ бөлігі, құрсақтың соңын ала өрмек бездерінің өзегі ашылатын үш жұп өрмек сүйелдері болады.

3 сурет. Шаршылы өрмекші және оның ішкі құрылысы

2. 2 Қоректенуі

Өрмекші ұшатын бунакденелілер: шыбын, көбелек, өсімдік бітесімен, сондай-ақ әр түрлі қоңыздармен қоректенетіндіктен, жыртқыш жәндік болып саналады. Қорегін аулау үшін өрмекші құрсағының ұшындағы үш жұп өрмек сүйелдерінен бөлінетін жіп тәрізді бөлінді мен өрмекау тоқиды. Өрмек сүйелдерінің бір жұбынан - берік те жуантық өрмек; екінші жұбынан - қорегін аулайтын жабысқақ өрмек; үшінші жұбынан пілдеге жұмсалатын нәзік жіп тәрізді өрмек шығады.

Аулауыш торды аналық өрмекші тоқып әзірлейді. Өрмекші ең алдымен жуантық өрмектен көпбұрышты жақтау дайындап, одан аулауыш тордың тармақтарын созып, бірімен-бірін түйістіру арқылы өрмекау жасап шығады. Ауға түскен қорегін өрмекші өрмек-аудың ортасынан созылған хабаршы жіптің қимылынан сезеді. Өрмекауға түскен шыбын бұлқынған кезде хабаршы жіп тербеледі де, өрмекші жасырынып жатқан жерінен қорегіне қарай ұмтылады. Өрмекші өрмекаудағы қорегін күйісаяғымен қармап, дереу тырнағын батырып, улы безінен у жібереді де, өрмегімен шырмап тастайды. У қорегін тек өлтіріп қана қоймай, асқырыту сөлі ретінде әсер етіп, шыбынның ішкі мүшелерін шала-шарпы қорытады. Бір сагаттай жасырынып жатқан өрмекші қайта оралып, тұтқыаяқтарымен езгілеу арқылы қорегінің ішкі мүшелерін қоймалжың сұйықтыққа айналдырады да, жұтқыншағы арқылы қоймалжың затты сорады. Сөйтіп, шыбын немесе қоңыздың хитинді қабығынан басқа еш нәрсе қалмайды.

Өрмекшінің аузы сорып алуға бейімделген, сондықтан ол қатты қоректі қорыта алмайды, қоректенуден бұрын оған умен әсер етіп, ректі асқорыту мүшесінен тысқары қорытып алады.

2. 3 Тыныс алуы

Өрмекшілердің тынысалу жүйесі алуан түрлі (3 сурет) . Біреуі - өкпе қапшықтарымен, екіншісі - демтүтікпен, үшіншісі - аталған тынысалу мүшелерінің екеуімен де, кейбіреулері тек терісі арқылы тыные алады. Бұлар - құрлықта болсын, суда тіршілік етсін, қашан да ауадағы оттегімен тыныс алатын жәндіктер.

Шаршылы өрмекшінің тынысалу мүшелері - құрсақтың төменгі жағындағы ұсақ қатпаршақты өкпе қапшығы мен демтүтіктер. Қан өкпе қапшығының қатпаршақтары арқылы өткенде тазарып, оттегіне қанығады да, өрмекшінің денесіне таралады. Сондай-ақ өрмекшіде ауа тарататын демтүтіктер де болады, демтүтіктердің екі түйдегі топтаса келіп, алмасқан газды бір тесік арқылы далаға шығарады. Сөйтіп өрмекші денесінде газ алмасу үздіксіз жүзеге асады.

2. 4 Қан айналымы

Өрмекші денесіндегі қан түссіз болады. Қан дененің арқа жағында жатқан бұлшықетті қантамыр - жүрек ар-қылы қозғалысқа келеді. (4сурет)

4сурет

Жүректен қақпақшалары бар бірнеше жұп тесіктерді көруге болады, сондай-ақ қантамырлар әр түрлі мүшелерге таралады. Мүшелер арасына жиналған қан жүрекке қарай ағып, қақпақшалы тесіктер арқылы жүрекке құйылады.

2. 5 Зәр шығаруы

Өрмекшілер аяғындағы сатанбез және мальпигин тамыршалары - 1-2 жұп жіңішке тұйық түтікшелер арқылы зәр шығарады. Сатанбез - көкіректегі, ал мальпигий тамыршалары дененің құрсақ бөлігіндегі ыдыраған өнімдерді бөліп шығарады.

2. 6 Жүйке жүйесі және сезім мүшелері

Өрмекшіде де басқа буынаяқтылар тәрізді құрсақ жүйке тізбекшелері болады. Көкірек және құрсақ жүйке тізбекшелерінің түйіндері бірігіп, біртұтас үлкен жүйке түйінін (ганглий) түзеді.

Өрмекшінің 8 жай көздері болғанмен заттарды айқын ажырата алмайды: өрмекші ортаңғы үлкен екі көзімен төңірегіндегі бір метр қашықтықтағы көріністі ғана бағдарлайды.

Ғалымдар өрмекшінің есту мүшесін әзірге анықтай алған жоқ, дегенмен кейбір өрмекшілер (мысалы, кезеген ермекшілер) шыбынның ызыңын, шегірткенің шырылын естиді, ал дыбысты қалай қабылдайтыны әзірге беймәлім. Өрмекші тұтқыаяқтары және жүру аяқтарының үшымен иісті сезе алады, сондықтан бұлар иіс сезу мушесі болып табылады. Жұтқыншақ - өрмекшінің дәм сезу мүшесі.

2. 7 Көбеюі

Шаршылы өрмекші - дара жынысты жәндік, оның аталығы аналығынан кішкене болады. Аналық өрмекші күзге қарай өрмектен сары пілде тоқып, оған мыңға жуық ұрықтанған жұмыртқаларды құндақтайды да, қалқалы жерлерге салады. Жұмыртқалар қыс бойы жылы пілдеде жатып, көктемде жас өрмекшілерге айналады. Өрмекшінің аналығы қысқа қарай өледі.

27. Өрмекшілер түрінің сан алуандығы.

Улы өрмекшілер және олардан сақтану шаралары

Қазақстанда кездесетін өрмекшілер. Жер бетінде өрмекшілердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі, солардың 2 мыңы Бұрынғы КСРО территорйясында мекендейді. Қазақстанда да өрмекшілердің түрі көп. Шыбын, тарақан және басқа бунакденелілерді аулайтын үй өрмекшісі баршаға мәлім. Суқоймаларда өрмектен қоңырау тәрізді үйшік жасап алатын мизан - су өрмекшісін кездестіруге болады. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында улы өрмекшілер түрі өте көп. Енді республикада кездесетін жұртқа мәлім улы өрмекшілерге жеке тоқталып көрейік.

5 сурет. Қазақстанда мекендейтін өрмекшітәрізділер

Бүйі - шөл және шөлейт аймақтың өзен аңғарлары мен сайларында, кейде орманда тіршілік ететін жәндік. Ол кезбе өрмекшілер тұқымдасына жатады. Мұның түкті тұрқы 4 сантиметрге дейін жетеді. Бүйінің реңі тұрақты болмайды, кейде қызылсары, кейде тіпті қошқыл түске дейін өзгереді, ал бауыр жағы ақшылдау болып келеді. Ол жерден тереңдігі 60 сантиметрдей етіп тік қазылған інде күндіз жасырынып, түнде қорегін аулауға шығады. Жаздың соңғы айларында аналық бүйінің уы күшейеді, алайда қарақұрттың уындай адамды өлтіріп жібермейді. Қысқа қарай аналық бүйі бұрынғы інді тереңдетіп, жас дараларымен бірге қыстап шығады. Қысты күні іннің аузын топырақпен бекітіп алады. Бүйі жұмыртқа арқылы көбейеді. Бүйілер тек құрғақ жерлерде ғана емес су маңын да мекендейді, мысалы Көкшетау маңындағы көлдердің жағалауында бүйілер өте көп кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Буынаяқтылар дара жыныстылар
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Аталық өрмекшінін
Буынаяқтылар типі жайлы
Ішекқуыстылар типі. Екіжақты симметриялы жануарлар бөлімі
Буынаяқтылар типі
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Буынаяқтылар
Буынаяқтылардың классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz