Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер



Кіріспе

1 Негізгі бөлім
1 Қазтамақ тұқымдасы (Geraniaceae)
1.1 Ормандық қазтамақ (Geranium sllvaticum L.)
1.2 Шалғындық қазтамақ гүл (Geranium praterise L.)
1.3 Сасыққұрайлы айстник (Erotilum cicula.rium)
1.4 Қазтамақ тұқымдасы өсімдіктерінің маңызы
1.5 Емдік мақсаты


2 Зығыр тұқымдасы (Linaceae)
2.1 Егістік зығыр (Linum usitatissimum L.)
2.2 Қаратопықтарты өңдейдін және қаратопырақты емес өңірде егілетін түрлері
2.3 Жабайы өсетін зығыр
2.4 Емдік мақсаты


3 Адыраспан тұқымдастары
3.1 Кәдімгі жұмсақ жемісі(Malacocarpus crithmifolius)
3.2 Жемісті күреңкүлі, қызыл адыраспан (Malacocarpus crithmifolius)
3.3 Емдік мақсаты

4 Көкнәр тұқымдасы (Papaveraceae)
4.1 Көкнәр туысы (мак — Papaver).
4.1. 1 Ұйықтататын көкнәр (Papaver rhoeas)
4.1.2 Көкнәр самосейка (Papavеr r.omniferum L.)
4.1.3 Мүиіз көкнәр (глауциум бахромчатыи)
4.2 Үлкен сүйелшөп (Chelіdonium majus L.)

4.3 Дымянка (Fumaria.ceae)
4.4 Емдік мақсаты

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өзіне тән ерекшелігі, оларда дәнекті (макроспорангий) ұрық қамшығын қорғап тұратын жатынды аналықтың болуы болып табылады. Аналық, тұтасып біткен бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан құралады.
Жоғарғы сатыдағы өсідіктерді зерттеген кезде әр түрлі туыстар мен тұқымдастар өкілдерінің құрлысы мен дамуындағы ұсқастық пен айырмашылық көзге түседі. Ал бұл өзара туыстас тұқымдастарды анағұрлым үлкенірек топқа – белгілі бір система бойынша орналасқан ретке біріктіруге мүмкіндік береді.
Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен — кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы (Archegoniata) және пестикті (Gynoeciatae) болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор жинайтын ұлпасы- эндоспермнің (Зп) есебінен жетіледі.
1. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы. Дәуір 2005-512 бет. Ә56
2. Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер. Алматы. 1982 ж.
3. В.Г. Хржановский. Курс общей ботаники. Москва "Высшая школа", 1976, том I.
4. Е. Агелеуов, К. Дөненбаева, К. Агитова, С. Иманкүлова. Ботаника: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы "Санат", 1998.
5. Иващенко А.А. Өсімдіктер әлеміндегі Қызыл кітапқа енген гүлдер тұқымдасы.
6. Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Кaзақстан өсімдіклері. "Ғылым" баспасы, Алматы, 1977. — 285 б.
7. Беспасв С.Б., Ляшенко Н.В. Цветы родной земди. Адма-Ата, 1981. — 144 с.
8. Бессч тнова М. В., Исаева Б. К., Ларионова Н. И. и др. Цветы ддя всех. Адма - Ата, 1988. — 144. с.
9. Бессч тнов П.П., Грудзинская Л.М. Туранговые тополя Казахстана. Алма-Ата 1981. - 152 с.
10. Бижанова Г, Курочкина А.Я. Арпропогенные смены пастбищ Мойынкумов и их картографирование. Алма-Ата,1989.- 164 с.
11. Вахрамеева М.Г., Павлов В.Н. Растения Красной книги СССР. Москва, 1990. — 228 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Негізгі бөлім
1 Қазтамақ тұқымдасы (Geraniaceae)
1.1 Ормандық қазтамақ (Geranium sllvaticum L.)
1.2 Шалғындық қазтамақ гүл (Geranium praterise L.)
1.3 Сасыққұрайлы айстник (Erotilum cicula-rium)
1.4 Қазтамақ тұқымдасы өсімдіктерінің маңызы
1.5 Емдік мақсаты

2 Зығыр тұқымдасы (Linaceae)
2.1 Егістік зығыр (Linum usitatissimum L.)
2.2 Қаратопықтарты өңдейдін және қаратопырақты емес өңірде егілетін түрлері
2.3 Жабайы өсетін зығыр
2.4 Емдік мақсаты

3 Адыраспан тұқымдастары
3.1 Кәдімгі жұмсақ жемісі(Malacocarpus crithmifolius)
3.2 Жемісті күреңкүлі, қызыл адыраспан (Malacocarpus crithmifolius)
3.3 Емдік мақсаты

4 Көкнәр тұқымдасы (Papaveraceae)
4.1 Көкнәр туысы (мак — Papaver).
4.1. 1 Ұйықтататын көкнәр (Papaver rhoeas)
Көкнәр самосейка (Papavеr r.omniferum L.)
Мүиіз көкнәр (глауциум бахромчатыи)
4.2 Үлкен сүйелшөп (Chelіdonium majus L.)

4.3 Дымянка (Fumaria-ceae)
4.4 Емдік мақсаты

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өзіне тән ерекшелігі, оларда дәнекті
(макроспорангий) ұрық қамшығын қорғап тұратын жатынды аналықтың болуы болып
табылады. Аналық, тұтасып біткен бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан
құралады.
Жоғарғы сатыдағы өсідіктерді зерттеген кезде әр түрлі туыстар мен
тұқымдастар өкілдерінің құрлысы мен дамуындағы ұсқастық пен айырмашылық
көзге түседі. Ал бұл өзара туыстас тұқымдастарды анағұрлым үлкенірек топқа
– белгілі бір система бойынша орналасқан ретке біріктіруге мүмкіндік
береді.
Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра
тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен — кеңейген түп жағынан және жоғарғы
жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы
жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы
жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді,
оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың
тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың
антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею
органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
архегониялы (Archegoniata) және пестикті (Gynoeciatae) болып екі топқа
бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін
қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз
спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық
гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор
жинайтын ұлпасы- эндоспермнің (Зп) есебінен жетіледі.

Қазтамақ гүл тұқымдастар (Geraniaceae)
Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі
көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де
кездеседі, Қазтамақ тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10
туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және
биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар. Қазтамақ
тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп
немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос
қабатты гүлсерігі қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша
жапырақшасынан тұрады. Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте
10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі - бес тұқымды. Қазтамақ тұқымдасының
кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында арам шөп
түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі.
Қазтамақ гүл тұқымдастар — гүлді шөптер, оның гүл сыйдымдарында екі гүлден
немесе дара шатырша гүл болып қүралған, бірнеше гүлден болады. Жапырақтары
бөбешік жапырақты, қарама-қарсы немесе кезектесе бітіп орналасады, саусак,
салалы не қауырсын-айрықты болып келеді. Гүлдері бес типті, тостағаншасы
жеміс жанында болады, күлтесі ерікті біткен гүл жапырақшаларынан тұрады.
Аталығы он, олардың жіпшелері түбіне таяу жуандап, сәл ғана бірігіп кетеді.
Бес аталықтың көбіне тозақ қабы болымды. Аналығы біреу, бес жеміс
жапырақшасынан тұрады. Тозаңданғаннан кейін діңсекшелер құстың ұясығы
сяк,танып тартылады. Жемісі құрғақ, піскен кезде шатынап бес бөлекке
(тұқымшаға) бөлініп кетеді. Шатынап жарылған кезде 5 гигроскоптық серіппеге
бөлініп кететін діңгекше маңызды роль атқарады [1, 2]. 1,2 [5] [7]

Ормандық қазтамақ гүл (Geranium sllvaticum L.)
Ормандық қазтамақ гүл (Geranium sllvaticum L.) — көпжылдық өсімдік,
көктемгі өсімдіктердің көбіней кейін орманда гүлдейді. Сабақтары, түзу,
жоғарғы жағы бұтақты келелі, бұтақтарының бірінен-бірі алшак, біткен
жапырақтары болады. Жапырақтары жеті тісті, саупы-ойықты болып
бітеді. Өсімдікті төмен қарап біткен түктер жауын тұрады. Гүлдері
ірі, бес типті, күлдібалам жүйкелі, алқызыл гүл жапырақшалары болады.
Қазтамақ гүлді кейде тырна гүл деп атайды, өйткені оның жемісі шоғы
тырнаның басына ұқсас келеді. Қазтамақ гүлдің тұқымдары жемістерінен бес
жаққа қарай атылып шығады.

Шалғындарда қазтамақ гүл (Geranium praterise L.)
Басқа түрлерден шалғындарда қазтамақ гүл (Geranium praterise L.)
гүлдері және үриіп тұратын темірдей қатты түктері болады.

1.3 Сасық қурайлы aистник (Erotilum cicula-rium)
Сасық қурайлы aистник, яки грабелька, буська (Erotilum cicula-rium) (2-
сурет) - үнемі жаздық егістерде, огородтарда және арамшөп басқа жерлерде
кездесетін кішкентай (биіктігі 8–45 см) біржылдық өсімдік. Сабағы тік
немесе жерге жайылып 6ітеді, қатты безді түк қаптап тұрады. Жапырақтары
қауырсын-айрықты иректенген телімі бар қауырсын-жармалы болады, тамырына
тақау әдемі жапырақ дегелегін құрады, сабақ жапырақтары екі жаққа айырылып
бітеді. Гүлдері бес типті, дара шытыршагүл болып жайнақтайды. Тостағанша
жапырақтарының қатты ұшы болады.
Аналығы алқызыл, үш қарақоңыр жүйкесі болады. Аталығы 10, олардың 5-і
тозаңқапсыз, 5-нің күлгін тозалдабы болады, төмен қарай жуандай түсетін
жіпшелері және түбінде шырын безі болады. Дінгекшелер (олар бесеу) ортаңғы
діңгекшені айнала құс тұмсықтанып өседі, жеміс піскен кезде олар бес
жеміспен қоса сол ортаңғы діңгекшеден бөлініп кетеді. Әрбір жемісі —
ұзындығы 6 мм тұқымша, ол ұршық формалы, түктері болады, төменгі жағы
иілген үшкір, жоғарғы ұшы қылтанақты келеді. Қылтанағы өте кішкене болады
және кепкен кезде мойшақ гүл тәрізді шыныршықталып қалады. Тұқымша жерге
түскен кезде, ол ылғалдың өзгеруіне байланысты қайтадан жазылады, ал кепкен
кезде тағы да шайыршықталады бұл кезде қылтанақтың ұшы топырақтың адыр-
будырына тірелді, ол жеміс айналмалы қозғалыс жасайды да, топыраққа
тереңдеп ене береді.[5][7]

1.4 Қазтамақ гүл тұқымдастардың қолданылуы
Қазтамақ гүл – тұқымдастар көбіне пайдасы аз өсімдіктер. Олар гүл өсіру
үшін ғана және эфир майын, мысалы, алқызыл пеларгонияны, алу үшін
пайдаланылады. Қазтамақ гүл мал азығына оншылықты жарамды емес. Өйткені
олардың көпшілігінің жағымсыз иісі болады, сондықтан оларды мал жемейді.
Қазтамақ гүлдердің көгентамырлары илеу заттарына бай келеді.

азыққурайлы аистник (Erodium cicutarium): 1 –гүлден тұрған жемісті
бұтақтар, 2 - жапырақ делегі, 3-гүлі, 4-жемісінің, жерге бойлап енуі

1.5 Емдік мақсаты
Бұл — көп жылдық өсімдік. Жапырақтары кезектесе өседі. Күрең түсті гүлдері
кебіне шоқталып, кейде жеке-жеке шығады. Өсімдіктен эфир майының иісі шығып
тұрады. Биіктігі 20 — 50 сантиметрдей.
Июнь — август айларында гүлдейді.
Қазтамақ еліміздің соның ішінде Қазақстанна көптеген аймақтарында
кездеседі. Негізінен ол ормадарда, шалғынды жерлерде, бұта арасында өседі.
Химиялық құрамы. Қазтамақ илік заттарға баланысты оның гүлдерінде 16
проценттен астам танин бар, әсіресе қазтамақтың сабағында көп болады.
Сонымен бірге қазтамақта бояғыш заттар, кальций мен каротин С витамині мен
геранин бар.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа қазтамақтың шөбі гүлдері мен тамырын қолданады.
Шөбін июнь — август айларында, ал тамырын сентябрь — октябрь айларында
жинайды.
Қазтамақтың тамырын немесе кепкен шөбін суға салып қайнатады да, оны бір ас
қасықтан бір-екі сағат сайын іш жай немесе қан аралас өтуіне, әр түрлі
қателергеа кетулерге қарсы ішеді. Сондай-ақ, қазтамақтың тұнбасымен
бүйрекке байланған тұзды ерітуге, ревматиз мен құяды емдеуге болады. Оның
шөбінен жасалға тұнбамен дизентерияны, балалардың аса қатты іш өтулерін,
жатырдан, өкпеден және мұрыннан қан кетулерін емдейді. Қазтамақ шебінен
жасалған тұнбамен, баспамен ауырғанда тамақ шаяды, сүйек сынғанда ванна
жасайды, шаш түсе бастаса бас жуады. Тұнба дайындау үшін қазтамақтың екі
шай қасық кепкен шөбін, екі стақан қайнаған ыстық суға салып 8 сағат
тұндырады. Оны күніне бірнеше үрттап ішу керек[2]

2. Зығыр тұкымдастар (Linaceae)
2.1 Егістік зығыр (Linum usitatissimum L.)
Егістік зығыр (Linum usitatissimum L.) талшығы мен майын алу үшін егіледі.
Зығыр — біржылдық өсімдік, сабағы ұзын, жікішке, жапырақтары кезектесе
бітіп орналасқане. Жапырақтары — майда, отырмалы, ұзыншақ немесе жіңішке
лаицет формалы. Гүлдері — шашақты, бес типті келеді, ерікті біткен
жапырақтары болады, кірпік сыяқты тостағаншасы және ерікті біткен гүл
жапырақшалы көгілдір болады. Аталығы бесеу, олар өсіп жетілмеген, тіс
тәрізді аталықтармен кезектссе біткен. Аталықтарының түбі тұтасып бітеді,
шырын шуқырлары болады. Жемісі — шар тәрізді бес ұялы қауашақ. Әрбір ұяда
қауашақтың ортасына дейін жетпейтіи аралық перде болады. Тұқымы өте манлы
келеді.[5][7]

2.2 Қаратопықтарты өңдейдін және қаратопырақты
емес өңірде егілетін
Зығырды екі түрге айырады: бұйра-зығыр және салалы-зығыр. Бұйра-зығыр
сабағының жоғарғы жағы бұтақты және қауашақты келеді, салалы-зығыр сабағы
жінішке ұзын болады. Біріншісі май алу үшін қаратопырақты өнірде, екіншісі
— талшық және май үшін қаратопырақты емес өңірде егіледі.

2.3 Жабайы өсетін зығырлар
Жабайы өсетін зығырлардан: Мың-жылдық зығыр, жүргізгіш зығыр (Linum
catharticitm) және сары зығыр (L. fiavum) белгілі.[5][7]

І-салалы зығыр және ІІ-бұйра зығыр отырмалы жапырақтар. Салалы зығырдың
сабағы әлсіз бұтақтанған, ал бұйра зығырдың сабағы күшті бұтақтанған; а-
зығырдың гүлі, б-аталықтар мен аналық, в – жеміс-қауашық

2.4 Емдік мақсаты

Бұл — зығыр тұңымдас, жұмыр сабақты бір жылдық өсімдік. Жапырақтары
кезектесіп өседі. Гүлдері шатырша тәрізді шашаққа жиналып өседі.
Жемісі шар тәрізді қауашақ. Биіктігі 30—60 сантиметр.
Июнь — июль айларында гүлдейді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында,
еліміздің орталық бөлігінде, Сібірде өсіріледі. Химиялық құрамы. Дәнінде
май, белокты заттар, көмірсутегі, шырын, А витамині, ферменттер мен
органикалық қышқылдар бар. Дәнінің қабығында линокофеин-линоцинамин,
минамарин глюкозиді және метил эфирі болады. Су тиген кезде линамарин
синиль қышқылына, глюкозаға және ацетонға бөлінеді.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа зығырдың июль – август айларында жиналған
дәндерін пайдаланады. Ол халық медицинасында да кең қолданылады.
Дәндерінің шырышты қайнатындысымен халық медицнасында асқазан мен
ішектің, несеп жолының, органдары шырышты қабығының қабынуын емдейді,
іш жүргізуге береді.
Неміс халық медицинасында дәнінің шырышты қайнатындысын құрғақ
жөтелге, дауыс қарлыққанға, қуық қабынғанда, бүйрек ауруларына,
генорройға, ревматизм мен құяңға ем ретінде қолданады.
Зығыр майын әкті сумен қосып дененің күйген жеріне жағады. Сондай-ақ одан
әр түрлі майлар дайындалады.
Ұсақталып ыстық суға шыланған зығыр дәнін ауруды бәсеңдететін және
қабынудан сақтайтын дәрі рерінде пайдаланады.[2]

3. Адыраспан тұқымдасы
3.1 Кәдімгі жұмсақжеміс (Malacocarpus crithmifolius)
(Адыраспан тұқымдасы)

Cирек кездесетін, калдық түр. Маңғыстау түбегі мен Солтүстік Үстіртте
кездеседі. Бұл – ежелгі Жерорта теңізі субтропикалық саванна калдығының ең
қиыр солтүстік таралу нүктесі. Қазақстан жерінен тыс Түркіменстан,
Солтүстік Памир-Алай, Иран, Ауғанстанда таралған. Жартастарда, үстірт тік
жарларында, тасты беткейлерде, құмды және сазды сортаң топырақтарда өседі,
Төселіп өсетін өдемі бұта, ұзын бұтақтанған сабағының ұзындығы 1 м. Сирек
кездесу себебі — тұқымы арқылы нашар өсуі және топырақ жабынының бүлінуі
(мұнай өндіру және тасымалдау жұмыстары кезіңдегі бұрғылау жұмыстары мен
құбырлар салу). Кей жағдайда өте өсімтал, кескен ағаш түбірінен өсіп
шығады, сұлама бұтақтан тамырланады, атмосфераның ластануына төзімділік
етеді. Сәндік бақ ісінде қолайлы (тік көгалдандыру). Ірі, жеуге жарамды
жидегімен бағалы, құрамында С витамині көп. Мәдени түрде (Ташкент) жақсы
гүлдеп, жеміс береді. Көшеттері екінші жылы гүлдейді. Жекелеген даралары
ботаника бақтарында 30 жылға дейін, табиғатта 50 жыл өседі. Үстірт
қорығында қорғалады.
Адыраспан — түйетабандар тұқымдас, тарамдаған бұтағы мол көл жылдың
шөптесінді өсімдік, a пырақтары кезектесе бітеді. Бозғылтсары гүлдері жеке-
жеке өседі. Жемісі — қоңыр түсті ірі ұрығы бар диаметрі 1 сантиметрдей шар
тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей, май — июль айларында
гүлдейді.[5]

Кәдімгі адыраспан

3.2 Жетісу күреңкөкгүлі, қызыл адыраспан
(Neidzwedzlia semireschenkia)

Өте сирек кездесетін, тар эндемикті, жеке типті туыстың жоғалып бара
жаткан қалдық түрі. Шу-Іле тауларының бірнеше жерінен (Қопалысай өзенінің
жоғарғы жағы, Ащысу, Ақшоқы, Айдерке, Андысай, Ұзынбұлақ сайлары)
кездеседі. Керемет өсімдік, үштік дәуірдің ежелгі тропикалық флорасының
қалдығы. Бірінші рет 1909 жылы Недзвецкий бастаған Жетісу облыстық санақ
басқармасы экспедициясына қатысқан Лютик деген студент жинаған. Осы жеке
типті туыс Недзвецкий құрметіне аталған, оны 1915 жылы Б.А.Федченко
сипаттап жазған. Бұдан кейін бұл өсімдікті бірнеше рет (1925, 1936, 1960)
тапты және қайта жоғалтып алды. Л.В.Денисова мен Л.С.Белоусовтың 1974 жылы
жарық көрген кітабында былай деп жазылған еді: "...Шу-Іле тауларының 2-3
жерінен табылды, бірақ одан әрі іздегенмен еш нәтиже шықпады. Мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы пәні бойынша қысқаша дәрістер мазмұны
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Оқу-дала практикасы
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Пәндер