Балдырлар классы



КІРІСПЕ

1 БАЛДЫРЛАР КЛАССЫ
1.1 Балдырлардың жалпы сипаттамасы
1.2 Балдырлар бөлінуі мен түрлері

2 КӨК ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАРДЫҢ АНАТОМИЯСЫ
2.1 Көк.жасыл балдырлардың құрылыс ерекшеліктері, көріктенуі, көбеюі
2.2 Көк жасыл балдырлардың табиғаттғы орны мен маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Көк Жасыл Балдыр, цианея (Cyanophyta) – балдырлардың ішіндегі құрылымы жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі, барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9 қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация, форма) анықталған.
Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар) түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған. Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан – көк жасыл түсті, фикоэритрин – қызыл, каротин – алқызыл; әр түрлі каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады.
Клеткалары талшықсыз, ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді. Соңғылары шіріген органикалық заттар мен ластанған суларды мекендейді де фотосинтезбен қатар дайын органикалық қалдықтармен қоректенеді.
Осының арқасында жаз айларында тез көбейіп, судың сапасын төмендететін түрлері (Anabena) де бар. Мұндай сулар көк жасыл түске боялып “гүлдейді”, түйсік органдарын тітіркендіретін (органолептикалық) қасиеттері бұзылады, жағымсыз иіс пайда болады, ал Көк Жасыл Балдыр су бетін түгел басып кетсе, жәндіктер мен балықтар оттек жетпей тұншығып өледі.
Көк Жасыл Балдыр фотосинтез кезінде өсімдіктер сияқты крахмал түзбейді, оның орнына жануарларға тән гликопротеидтер (полисахаридтер) пайда болады. Клеткалары құрылымы жағынан бактерияларға өте жақын, басқа типке жататын балдырларға мүлде ұқсамайды. Клетка органоидтарынан, плазмадан оқшауланған ядросы, сондай-ақ, хлоропластары, митохондриялары болмайды.
1. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
2.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
3.“Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том
4.Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
5.Голлербах М. М. Почвенные водоросли / М. М. Голлербах, Э. А.Штина Почвенные водоросли – Л., 1969.
6. Звягинцев Д.Г. Биология почв / Д.Г. Звягинцев, И.п. Бабьева, Г.М. Зенова Учебник: Биология почв – М.: Изд-во МГУ; Наука
7. Кабиров Р.Р. Почвенные водоросли: качественный состав, количественные характеристики, использование при проведении экологического мониторинга / Р.Р. Кабиров, Е.С. Пурина, Л.М. Сафиуллина // РАЕ Успехи современного естествознания. – 2008. - № 5

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

кІРІСПЕ

1 балдырлар Классы
1.1 Балдырлардың жалпы сипаттамасы
1.2 Балдырлар бөлінуі мен түрлері

2 Көк жасыл балдырлардың анатомиясы
2.1 Көк-жасыл балдырлардың құрылыс ерекшеліктері, көріктенуі, көбеюі
2.2 Көк жасыл балдырлардың табиғаттғы орны мен маңызы

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Көк Жасыл Балдыр, цианея (Cyanophyta) – балдырлардың ішіндегі құрылымы
жағынан ең қарапайым тобын құрайтын, прокариотты (ядролы) организмдерге
жататын бір бөлімі. Бұлар автотрофты организмдердің ішіндегі ең ежелгілері
болып саналады. Көк Жасыл Балдырдың қазба қалдықтары кембрийге дейін
түзілген шөгінді жыныстар арасынан табылған. Көк Жасыл Балдыр табиғатта өте
кең тараған. 3 класқа бірігетін 150 туысы 2 мыңға тарта түрлері белгілі,
барлық құрлықтар мен суларда (ащы, тұщы) кездеседі. Қазақстанда 3 класқа, 9
қатарға, 30 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 549 таксоны (түр, вариация,
форма) анықталған.
Көк Жасыл Балдыр бір клеткалы, шар тәрізді, бірігіп шоғыр (колониялар)
түзеді, ал көп клеткалы түрлері жіпше тәрізді, кейде бұталана тарамдалған.
Түсі, әдетте, көк жасыл болғанымен, алқызыл, күлгін, тіпті қара түсті
түрлері де кездеседі. Ол клетка құрамындағы пигменттерге (фикоциан – көк
жасыл түсті, фикоэритрин – қызыл, каротин – алқызыл; әр түрлі
каратиноидтар) және олардың ара қатынастарына байланысты болады.
Клеткалары талшықсыз, ал көп клеткалы жіпше тәрізді түрлері сырғанай
жылжуға қабілетті келеді. Автотрофты және миксотрофты (аралас) қоректенеді.
Соңғылары шіріген органикалық заттар мен ластанған суларды мекендейді де
фотосинтезбен қатар дайын органикалық қалдықтармен қоректенеді.
Осының арқасында жаз айларында тез көбейіп, судың сапасын төмендететін
түрлері (Anabena) де бар. Мұндай сулар көк жасыл түске боялып “гүлдейді”,
түйсік органдарын тітіркендіретін (органолептикалық) қасиеттері бұзылады,
жағымсыз иіс пайда болады, ал Көк Жасыл Балдыр су бетін түгел басып кетсе,
жәндіктер мен балықтар оттек жетпей тұншығып өледі.
Көк Жасыл Балдыр фотосинтез кезінде өсімдіктер сияқты крахмал
түзбейді, оның орнына жануарларға тән гликопротеидтер (полисахаридтер)
пайда болады. Клеткалары құрылымы жағынан бактерияларға өте жақын, басқа
типке жататын балдырларға мүлде ұқсамайды. Клетка органоидтарынан,
плазмадан оқшауланған ядросы, сондай-ақ, хлоропластары, митохондриялары
болмайды.
Көк Жасыл Балдыр, негізінен, вегетативтік жолмен, яғни клеткаларының
екіге бөлінуі, шоғырларының ыдырауы, көп клеткалы жіпшелерінің бөлшектенуі
арқылы көбейеді. Аналық клеткаларында пайда болатын споралары арқылы да
көбейетін түрлері бар. Бұлар жыныстық жолмен көбеймейді. Қоршаған ортаның
қолайсыз жағдайына өте төзімді, әрі бейімделгіш. Температурасы 80°С-қа
жететін ыстық суларда да, полюстардағы немесе биік тау басындағы мұз-
қарларда да тіршілік ете беретін түрлері бар.
Кейбір түрлері саңырауқұлақтардың белгілі бір түрімен селбесіп
тіршілік етіп, қыналардың денесін құрайды. Шаруашылыққа пайдалы түрлері де
кездеседі. Оларды ластанған суларды биологиялық әдіспен тазартуға, малға
азық ретінде және тағамға (Nostos, Spyrulіna), егістікке тыңайтқыш ретінде
пайдаланатындықтан арнайы өсіреді. Көк Жасыл Балдырдың 100-ден аса
түрлерінің (Phormіdіum, Plectonema, т.б.) атмосфералық азотты бойына
сіңіріп, топырақты азотқа байытатын қасиеті анықталған

БАЛДЫРЛАР КЛАССЫ

1.1 Балдырлардың жалпы сипаттамасы

Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп.Олардың арасында ұзындығы 40
метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі.Бар болғаы бір клеткадан
тұратын балдырлар да бар.Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су
бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп,оның бетін түрлі түске бояйды.
Түсі жөнінен жасыл көк,жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар болады.
Жасыл көк балдырлар тек суда ғана өспейді.Қазақстан мен Орта Азия
шөлдерінде олар топырақ бетінде кездеседі.Бұл жерлерде жаңбыр жауатын
көктем мен күзде жасыл көк балдырлар барынша көбейеді,ал құрғақ кезде
қабыршаққа айналып топырақ бетін жауып тұрады.Жел бұл қабыршақтарды
Жан-жаққа ұшырып әкетеді.Жаңбыр жауса болғаны- жасыл көк балдырлар
қайта жанданады.
Жасыл балдырларда топырақ бетіне өсе алады, бірақ олар көбінесе суда
тіршілік етеді.Олардың арасында бір клеткалы балдырлар да бар- олар су
бетінде қалқып жүреді,ал ірі балдырлар су түбіне бекиді.
Қоңыр балдырлардың бәрі ірі өсімдіктер.Олар теңіздер мен мұхиттарда су
асты орманын-нағыз джунгли түзеді.Саргасс теңізінде саргасс балдырлары
өседі. Теңізде соған орай Саргасс аталған.Бұл балдырлар теңіз жағасында су
түбіне бекиді,ал ашық теңізде қалқып жүреді-ығады.Балдыр қалың болған
кезде,тіпті олар кемелердің жүзуіне кедергі жасайды.
Қызыл балдырларда теңіздер мен мұхиттарда өседі,бірақ олар ыға
алмайды, жартастарға, бақалшақтарға немесе басқа балдырларға бекиді.
Су бетінде қалқып жүретін ұсақ балдырлар ескек аяқты шаяндар мен
жәндіктерге қорек болады.Ал бұл теңіз жәндіктерінің бірін көптеген балықтар
өз кезегінде сүйсіне қорек етеді.Міне, сондықтан да балдырлары бар жерде
балық аулау тиімдірек болады.
Алайда балдырлар тек теңіз жануарларына азық болып қана қоймайды.Олар
суды оттекпен байытады және оны шіріту бактерияларынан тазартады.
Адам көптеген балдырларды тамаққа пайдаланады.Олардың ішінде біздің
солтүстік теңіздерімізде өсетін ламинария да бар.
Балдырлар –үй жануарлары үшін жақсы азық.Олар тіршілігін жойған соң
су қоймаларының түбінде қалың тұнба қабат-сапропель түзеді.Бұл үй
жануарларына азыққа жарайды,сонымен қатар өте жақсы тыңайтқыш болып
табылады.
Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған
көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді
орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен
көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке
жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан
спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының
цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға
бекінеді. Су түбіндегі қайыр – балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар
қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі.
Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры
жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл
жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып,
төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп
улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы
бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді.
Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады.
Түрлі түсті қағаз,қатты қағаз,файл,жіптер көмегімен жасалған балдырдың
спора ,зооспора,зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру.(Жынысты
,жыныссыз көбейу)
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше
келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып
өседі. Оған – қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Қоңыр балдырға ламинария,
саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым
аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270 м)
көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) – таспа, тақташа, жіп
тәрізді, кейде жіптері тарамдалған
Эукариоттар – клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты
өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары:
біріншіден, оның ядросы, цитоплазмасы және т.б. органеллалары
морфологиялық, физиологиялық тұрғыдан анық жіктелген. Екіншіден, жынысты
көбеюі арнаулы клеткалар – гаметалар арқылы жүреді (изогамия, гетерогамия,
оогамия). Ядролық организмдерге көптеген бір клеткалық жасыл балдырлар,
диатомды балдырлар, сары жасыл балдырлар жатады.
Систиматика ғылымының балдырлар тексеретін бөлімі альгология деп
аталады. Балдырларды Algae деп латынша атпен атауды бірінші рет П л и н
и й С т а р ш и й ұсынды.
Algae дегеніміз теңіздің шөптесін балапан бұталары. Орыс ғалымы М. А.
Максимович 1827 жылы балапан бұталар деп атаудың орнына балдырлар деп
атауды ұсынған. Аз уақыттың ішінде балдырлар деген жаңа ұғым тез тарап
кетті. Альгология ғылымының дамуы микроскоп техникасының жетістіктері мен
жасуша теориясының дамуына тікелей байланысты. Балдырлардың онтогенезін
зерттегенде ғалымдардың назары аса маңызды процесс – жыныссыз және жынысты
көбеюлерге ерекше көңіл аударды.
Жер жүзінде кең таралған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы –
балдырлар. Олардың қырық мыңан астам түрі бар. Бұлардың барлығына ортақ
белгі – қосымша пигменттерден басқа жасыл пигиент – хлорофилдің болуы;
басым көпшілігінің тіршілік ортасы су – біртекті болуына байланысты,
олардың құрылысы жоғарғы сатыдағымен салыстырғанда қарапайымдау болып
келеді. Балдырлардың бір клеткалы, клеткаланбаған, колониялы, көп клеткалы
түрлері бар. Олардың денесінде жіктелген арнаулы мүшелері жоқ, оның орнына
тек қатпарлары (талломдары) ғана болады.
Бір немесе екі талшығы арқылы қозғалатын бір жасушалы, не колониялды
организмдерді зоологтар талшықтылар немесе флагеляттылар (Flagellae) деп
атап, қарапайым жәндіктер типіне (Protozoa) жатқызады. Кейбір талшықтардың
жасушаларының ішінде хлорофилл және басқа пигменттер сіңген хроматофорасы
болады, көпшілілігінде пектинді не целлюлозалы жасуша қабықшасы болып, қор
зат ретінде крахмал не оған жақын көмірқышқылдар жиналады. Бұл белгілердің
бәрі өсімдіктерге тән қасиет, олай болса, ботаниктер талшықтыларды денесі
жағынан алғанда біртекті организмдер демей, олардың кейбіреулерінің –
белгілері жануарларға жақын болғанымен, екіншілерінікі - өсімдіктерге жақын
тұрады деп есептейді.
Балдырлар – ботаника ғылымында (өсімдіктер систематикасында) бірнеше
бөлім түрінде берілетін төменгі сатыдағы өсімдіктердің өте үлкен тобы.
Сонымен қатар, бактреиялар мен балдырлардың арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықты анықтағанда балдырлардың құрылысы мен тіршілік әрекетінде
бірқатар күрделіліктердің болатындықтан, олардың даму сатысының бір шама
жоғары жататындығын аңғаруға мүмкіндік береді.
Құрылысы – күрделі балдырлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің
жапырақтарына немесе сабақтарына ұқсап, жапырақ пластинкасы немесе сабақ
сияқты болып келеді. Бірақ бұл тек сыртқы ұқсастық қана, өйткені олардың
денесі біртекті жасушалардан ғана түзілген.

Балдырлардың бөлінуі мен түрлері

Балдырлардың құрылысы мен тіршілік әрекетінде бірсыпыра ортақ
белгілері болуына қарамастан, сыртқы формалары алуан түрлі болып келетін
және әрбір тобының жеке ерекшеліктері бар алуан түрлі организмдер.
Балдырлардың филогенезі сыртқы құрылысының ұқсастықтары мен
айырмашылықтарына байланысты қарапайым формалардан күрделі формаларға қарай
даму бағытында қалыптасқан, оларды бірнеше ұқсас топтарға біріктіруге
болады. Мұндай структура әрбір систематикалық бөлімдерде қайталанып
отырады, сөйтіп бұл олардың дамуындағы параллельдікті дәлелдейді.
Қ а р а п а й ы м (м о н а д а) құрылысты балдырларға көбінесе сопақ
кейде алмұрт тәрізді немесе дөңгелек болып келетін бір жасушалы, не бір –
біріне жасуша пішіні, құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас бірнеше
жасушалардан құралған колониялы организмдер жатады. Монада құрылысты
балдырларды қозғалысқа келтіретін жасушаның алдыңғы жағында бір, көбіне
екі, кейде төрт және одан да көп талшығы болады. Қарапайым балдырлардың
балдырлардың вегетативтік тіршілігінің барлық кезеңінде монада құрлысты
екендігі байқалады, ал құрлысы күрделі балдырлардың жынысты және жыныссыз
жасушалары ғана монада құрылысты болады. Кейбір қарапайым балдырлардың
құрылысы амеба тәрізді яғни а м е б о и д құрылысты болады. Мұндай
балдырлардың қатты қабықшасы, талшығы болмайды. Олар амеба тәрізденіп, жуан
немесе жіңішке, қысқа не ұзын жалған аяқтарымен қозғалады. Тіршіліктің
алғашқы дәуірінде амеба тәрізді формалар бірінші пайда болуы ықтимал, ал
тез қозғалуға қабілетті талшығы және көзшесі бар монада құрылысты балдырлар
олардан кейін дамыған болса керек.
Құрылысы п а л ь м е л л о и д т ы болған балдырлардың жасушалары бір
– біріне байланыссыз болып, сырты кілегейленіп жатады. Мұндай жағдай
балдырдың даму циклының басынан аяғына дейін, не белгілі бір кезеңінде
пайда болады.
К о к к о и д т ы құрылыстыларға – табиғатта кең тараған, жасуша
пішіні әр түрлі, қозғалмайтын бір жасушалы не колониялы организмдер жатады.
Ж і п т ә рі з д і – балдырлар табиғатта жиі кездеседі; кейде олар
жан –жаққа тарамдалып та кетеді. Мұнда қозғалмайтын жасушалар бір немесе
бірнеше қатар болып орналасады. Көпшілік жіп тәрізді балдырлардың төменгі
жағындағы ұзынша ризоид жасушалар арқылы субстратқа бекініп тіршілік етеді.
П л а с т и н к а л ы құрылысты балдырларға – жіңішке және жалпақ
пластинка пішінді балдырлар жатады. Мұндай балдырлар өзінің онтогенездік
дамуын жіп тәрізді формадан бастайды. Мұнда жасуша көлденеңінен және
ұзынынан бөлінудің нәтижесінде жіп тәрізді форма пластинкалы формаға
айналады. Теңізде тіршілік ететін көпшілік қоңыр және қызыл балдырлар
жасушаның жан – жаққа бөлінуінің нәтижесінде пластинка тәрізді болып
келеді.
С и ф о н д ы құрылысты балдырлар сирек кездеседі. Бұған
вегетативтік денесі перделерге бөлінбеген, орасан үлкен, ядросы өте көп,
бір жасушадан тұратын, ол жасушаның мөлшері 1 сантиметрден, кейбір
түрлерінде бірнеше сантиметрге жететін балдырлар жатады.

Балдырлардың көбеюі. Вегетативтік көбею жасыл және диатомды
балдырлардың ішінде көп таралған. Көпшілік көк – жасыл балдырлар,
хризомоналдылар, эвгленалар, пирофиттер тек вегетативтік жолмен ғана
көбейеді. Ал, хлорококты балдырлардың жыныссыз жолмен көбеюі жиі ұшырайды.
Дұрыс ұрпақ ауысуы болмайтын балдырлар қолайлы жағдайларда тек вегетативтік
немесе жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл балдырлар біраз уақыт өткеннен кейін,
жыныс органдары пайда болып, дамудың соңғы сатысында жынысты жолмен
көбейеді. Жынысты көбею процесі қолайсыз қоректену жағдайларында және
температураның өзгеруіне байланысты пайда болады. Жыныс процесінің
нәтижесінде пайда болған зигота көбінесе қолайлы жағдай болғанша тыныштық
күйінде жатады.
Әр түрлі топтардағы балдырларда ядро фазаларының алмасуы және ұрпақ
ауысуы біркелкі болмайды. Көпшілік жасыл балдырлардың, бангиевалылардың,
немалионды қызыл балдырлардың барлық тіршілік жағдайлары гаплоидты фазада
өтеді де, зиготасы ғана диплоидтты болады. Зигота өсер алдында редукциялы
бөлініп қайтадан гаплоидтты күйге көшеді. Диплоидтты зиготаны жеке ұрпақ
деуге келмейді, сондықтан бұларда ұрпақ ауысуы болмайды, тек ядро
фазаларының алмасуы ғана байқалады. Ульва, кладофора сияқты кейбір жасыл
балдырларда, эктокарпустар мен диктиоталар сияқты біраз қоңыр және көпшілік
қызыл балдырлардың даму циклдарында изоморфты ұрпақ ауысу байқалады. Мұнда
гаметофит пен спорофиттің дамуы бірдей және сыртқы құрылысы жағынан бір –
бірне өте ұқсас келеді. Ламинариялар және басқа да қоңыр балдырлар мен
аздаған жасыл балдырларда да гетероморфты ұрпақ ауысу байқалады. Мұнда
өсімдіктің өзі спорофит болып есептеледі, ол ұзақ өмір сүреді, ал гаметофит
нашар дамыған өскін түрінде болып, аз тіршілік етеді. Бірақ кутлерия сияқты
кейібр қоңыр балдырлардың даму циклында гаметофит басым, ал спорофит
кішкене пластинка түрінде ғана болады. Мұнда гаметофит болып ұзындығы
жиырма метрге жететін өсімдіктің өзі есептеледі. Бұл өсімдік мұхит
жағалауларында көп таралған.
Теңізде тіршілік ететін сифондылардың және басқа аздаған жасыл
балдырлардың, диатомдылардың, қоңыр фукустардың барлық тіршілігі диплоидтты
фазада өтеді, тек жыныс элементтері ғана – гаплоидты, олай болса ұрпақ
ауысуы болмай, тек ядро фазаларының ғана алмасуы болады. Балдырлардың
қарапайым түрлерінде гаплоидты фазалары басым, ал диплоидты фазаның ұзаруы,
оның басым болуы соңғы даму белгілеріне жатады. Диплоидты фазаның немесе
спорофиттің артықшылығы – тіршілікке лайықты әр түрлі сапалы (аталық пен
аналық) тұқым қуалау белгілерінің болуында, сондай – ақ, тіршілік
жағдайларының әр түрлі өзгерістеріне тез бейімделетіндігінде.
Бір жасушалы балдырларда вегетативтік жолмен жасушаның жай бөлінуі
арқылы, колониялды формалары колонияның ыдырауы немесе аналық жасушаның
ішінде жаңа колонияның түзілуі арқылы көбейеді. Жіп тәрізді формалары
жіптің бөлшектерге бөлінуі, ал кейбір хара тәрізді балдырларда ерекше
түйнектердің пайда болуы арқылы көбейеді.
Ж ы н ы с с ы з к ө б е ю балдырларда өте көп тараған және ол
аналық жасушада пайда болған споралар арқылы көбейеді. Көпшіліктерінің
споралары қозғалғыш, жасуша қабықшасы жоқ монада құрылысты келеді.
Қозғалғыш болуына байланысты оны зооспора деп атайды. Зооспоралар брнешеу,
кейде көп болып зооспорангияда түзіледі. Зооспора вегетативтік бір жасушалы
балдырға өте ұқсас болып келеді де, біраз қозғалып жүргеннен кейін қабыққа
орналасып, жаңа балдырға айналады. Бірқатар балдырлардың споралары
қозғалмайды. Оларды аппаноспора деп атайды.
Ж ы н ы с т ы к ө б е ю кейбір төменгі сатыдағы балдырлар да
(вольвокстер) екі особь бүтіндей қосылады. Бұл жынысты көбею процесінің ең
қарапайым түрін хологамия дейді. Көпшілік балдырларда жынысты жолмен көбею
процесі екі жыныс жасушаларының – гаметаларының – қосылуы арқылы жүреді,
соның нәтижесінде бір жасушалы зигота түзеді. Мұнда хологамия сияқты екі
гаметаның ядросы және протоплазмалары қосылып, жасушадағы хромосома саны
екі есе көбейеді. Гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына қарай жыныс
процесінің үш түрі байқалады.
И з о г а м и я процесінде сыртқы түрі жағынан айырмашылығы жоқ өзара
ұқсас, қозғалғыш аналық және аталық гаметалар қосылады. Г е т е р о г а м и
я д а аталық гамета аналық гаметаға қарағанда кіші және екі гаметаның
екеуі де қозғалғыш келеді. Изогамета және гетерогамета түзілетін
клеткаларды гаметангия деп атайды. Егер бр особьтан түзілген гаметалар
қосылса, онда мұндай балдырларды гомоталдық балдырлар, ал әртүрлі
особьтардың гаметаларының қосылуынан түзілген организмді гетероталдық
балдырлар деп атайды. Гетероталдық особьтардың сырттай қарағанда
морфологиялық жағынан жыныс айырмашылығы білінбейді. Егер олардың
гаметаларынан айырмашылық байқалмаса (изогаметалар түрінде болса), ондай
особьтарда тек физиологиялық жағынан ғана айырмашылық байқалады.
Балдырлардағы жынысты көбеюдің ең жоғарғы типі – оогамия, басқа жыныс
процестеріне қарағанда өте күрделі келеді. Мұнда жұмыртқа клеткасы
қозғалмайды және ол қозғалғыш аталық жыныс клеткасы – сперматозоидтан
бірнеше есе үлкен болады. Оогамия жыныс процесінде аталық жыныс клеткасын
түзетіп гаметангияны антеридий, ал жұмыртқаны түзетін аналық гаметангияны
– оогоний деп атайды, тек қызыл балдырларда ғана оны карпоген дейді.
Антеридийде көптеген спермотозоидтар жетіледі, оогонийде бір, кейде бірнеше
жұмыртқа клетка дамиды.
Жыныс процесінің барлық кезеңдерінде аталық, аналық жыныс клеткалары
қосылады. Соның нәтижесінде қолайсыз жағдайларға өте берік, қалың қабықпен
қапталған, қоректік заттардың қоры жеткілікті зигота түзеді. Зигота екі
клетка ядроларының жиынтығы болғандықтан, оның ядросындағы хромосома саны
жеке гаметағыдан екі есе артық, яғни диплоидты болады. Зигота кейде теңіз
балдырларында бірден, ал көбіне тыныштық кезеңінен кейін теңіз
балдырларында бірден, ал көбіне тыныштық кезеңінен кейін редукциялық жолмен
бөлінгеннен соң пайда болған гаметалардағы хромосома саны екі есе азайып
кемиді де, бұлар гаплоидты зооспораға ажырап төрт ұрпақ береді. Олардың
әрқайсысы жаңа особьқа айналады.
Бұлардан басқа ерекше жыныс процесі – з и г о г а м и я немесе к о
н ь ю г а ц и я болады. Бұл процесте екі клетка көлденең өсінділер беріп,
бір – бірімен түйіседі де бір клетканың ішіндегі протопласт екіншісіне
құйылады. Бұларда талшықтар болмайды, сырт қарағанда гаметалар аналық және
аталыққа айқын ажырамайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спора пайда
болудың алдындағы редукциялы бөлінуден кейін диплоидты хромосома жиынтығы
гаплоидтыға ауысады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде, олардың ішінде
балдырлардың әрбір систематикалық топтарында редукциялы бөліну, даму
циклдарының әр түрлі кезеңінде өтеді. Олардың біреулерінде жыныссыз ұрпақ –
с п о р а ф и т, жынысты ұрпақ – г а м е т о ф и т п е н дұрыс алмасып
отырады. Мұндай жағдайда редукциялы бөліну, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
сияқты, гаметофит түзілетін спорафиттен спора түзілудің алдында жүреді.
Балдырлардың көбісінде редукциялық бөліну зигота уақытында болады да,
олардың барлық даму циклы гаплоидты фазада өтеді, ал диплоидты фазасы –
зигота ғана. Демек, мұндай жағдайды ұрпақ ауысу демей, ядроның фазасының
алмасуы деген жөн. Сонымен қатар бұған қарама – қарсы кейбір балдырлардың
дамуы диплоидты фазада өтеді, ал гаплоидты болып, тек редукциялық бөлінудің
нәтижесінде пайда болған гаметалар ғана есептеледі.
Балдырлар – су өсімдіктері, олар теңіздерді, көлдерді, өзендерді,
тоғандарды мен батпақтарды мекендейді; жыралардың, шалшықтардың қай –
қайсысында болсын олар өте көп кездеседі. Біз балдырларды сазды жерден,
ағаштардың қабығынан, гүл еккен құмыралардан, дымқылды топырақтардан да
кездестіреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен балдырлар
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Азотфиксациялаушы цианобактериялардың биологиясы және таралуы
Азотфиксациялаушы цианобактерия NOSTOC CALSICOLA – ның морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық қасиеттерін зерттеу
Қоңыр балдырлар (Phacophyta) типіі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Биомассаны пайдалану жолдары. Энергия үнемдеуші технологиялар
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Оқу-дала практикасы
Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері
Пәндер