Құстар класын зерттеу
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Тері жамылғысы және оның туындылары
2.2 Ет жүйесі
2.3Ac қорыту мүшелері
2.4 Тыныс мүшелері
2.5 Қан айналу жүйесі
2.6 Жүйке жүйесі
2.7 Сезім мүшелері
2.9Зәр шығару мүшелері
2.10 Жыныс мүшелері
2.11 Жұмыртқа
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Тері жамылғысы және оның туындылары
2.2 Ет жүйесі
2.3Ac қорыту мүшелері
2.4 Тыныс мүшелері
2.5 Қан айналу жүйесі
2.6 Жүйке жүйесі
2.7 Сезім мүшелері
2.9Зәр шығару мүшелері
2.10 Жыныс мүшелері
2.11 Жұмыртқа
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындыларыболмайды, тек ғана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттарықауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін құстарда болмайды.
Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізделген туындыларытері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрлерінің денесі біртегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды.
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка пәрден (опахала) тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене -екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өзара байланысып, бір серіппелі тақташа желпіуіш құрайды.
Қалыпты-контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды. Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды қақпа қауырсындар, құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы қауырсындар, қанатының үстін жауып тұратын қауырсындар-қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар депаталады

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құстардың дене құрылысы
Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек ғана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін құстарда болмайды.
Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізделген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрлерінің денесі біртегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды.

Қалыпты-контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды. Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды қақпа қауырсындар, құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы қауырсындар, қанатының үстін жауып тұратын қауырсындар-қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ мамық қауырсындар орналасады. Бүл қауырсындардың сабағы жіңішке екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды-нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететін құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі-ағзадағы жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі. Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады. Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына бір-үшке дейін түлейді.
Ет жүйесі. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда құстардың бұлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене қаңқасына орналасып, екіншісінің ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекіген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20%-іне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бүлшық еттер болады. Бұлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстіне сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қонғанда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгіліп бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түседі де, саусақтары бұтақты бүре түседі. Сондықтан да бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.
Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақтарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтардың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық еттің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бекиді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлденең орналасқан қабырғалар бар. Қүс бұтаққа қонып, саусақтарымен бұтақты бүргенде, сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді құс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылған саусақтары жазылады.
Қаңқасының ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық қаңқаның жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерде қуыстың болуынан, ал беріктігі-даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.
Омыртқа жотасын-мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ- құйрық бөлімдерінен қалыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез қимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқаларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және епистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары (үштен онға дейін) бір-бірімен сегізкөз және құйымшақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекінген. Қабырға және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Осының нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алуының орындалуында маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құйымшақ омыртқаларымен қосылып кеткен соның нәтижесінде (10-20) тек қана құстарға тән күрделі сегізкөз-құйымшақ қалыптасады, жая, омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесенің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз ағзаға тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады-мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйымшақ омыртқаларынан тұрады. Құйымшақ сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі болып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттары бекуіне мүмкіндік береді.
Құстардың бас сүйегінің-құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына үқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек құстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, таңдай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан-қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы- жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағына- бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты-буынды сүйектен және тері тектес-тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады.
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші жұбына сәйкес келеді.Есту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінің рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілермен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: құстардың миының көлемінің әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен болады; құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып азықтық затты қармап алуға қолайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұқа және жіктері өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты және жеңіл болады.
Қанаттары және иық белдеуі-ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді-мұны айыр сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді. Қанат қаңқасы бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері өзгермеген, керісінше нашар дамыған.
Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екендігін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, оң және сол жамбас сүйектерінің құрсақ жағына қараған ұштары бір-бірімен қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, қатты қабықпен қапталған ірі жұмыртқа тууына байланысты болған.
Артқы аяқтары-ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі- ортан жілік деген үлкен сүйектен, екінші бөлімі-асықты жілік және оның шыбығынан, үшіншісі-сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы келіп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетілген сүйек-табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бірқатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.
Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Ac қорыту мүшелері. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді палстинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері (қалтасы) болады.
Құстардың ауыз қуысының түп жағында тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі-етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі-өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Сілекей бездері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бездері жоқтың қасында (мысалы, ешкіемерде). Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды. Оны жұрт қарлығаштың ұясы деп дұрыс атамайды. Жыртқыш құстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады.
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т.б.) өңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын (қуыс) кеңістік болады, оны-жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан сүт деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарынан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден етті қарынның қабыршағы себепші болса, екінщіден-құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады. Мысалы, насеком жемді және жыртқыш құстардың ет қарыны нашар дамыған. Дәнмен қоректенетін құстарда ол жақсы жетілген. Өсімдіктердің ірі, жас бөліктерімен қоректенетін тауық түқымдас құстардың қарыны басқалармен салыстырғанда соншалықты жақсы дамыған. Құстардың ащы ішегі едәуір ұзын болады. 12 елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішекпен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-бірінен ажырату қиын.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен құралады. Өт көпшілік құстарда болады, ал көгершіндерде өт болмайды. Өт жолы 12 елі ішекке келіп ашылады.
Қорыта келгенде, ас қорыту жүйесінің мына ерекшеліктерін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында етті қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүтқоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын болады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы-ішегінің қысқа, қарынының екіге бөлінуіне әкеліп соққан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі қоректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.
Тыныс мүшелерінің-өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі мүшелерге қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғарғы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz