Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Алты сатылы сабақ ... ... ... 5
1.2 Аукцион сабақ ... ... ... ... ... ..7
1.3 Дәріс сабақ ... ... ... ... ... ... ..10
1.4 Жарыс сабағы ... ... ... ... ... .11
1.5 Кіріктірілген сабақ ... ... ... ... ... ...12
1.6 Ойын сабағы ... ... ... ... ... ...14
1.7 Панорамалық сабақ ... ... ... ... ... ..17
1.8 Пікірталас сабақ ... ... ... ... .20
1.9 Сайыс сабақ ... ... ... ... ... .21
1.10 Түрлендірілген сабақ ... ... ... ... ... ... ...25
1.11 Үндестік сабақ ... ... ... ... ..26
1.12 Элитарлық сабақ ... ... ... ..28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ..31

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Білім беру дегеніміз адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алады. Биологиялық процестерді, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз биологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы- орынды жағдай.
Білім саласының деңгейін көтеруде оқытудың ақпараттандырылған жаңа түрлері «Электрондық оқулық», «Модульді оқыту», «Оза оқыту технологиясы» пен «Қашықтықтан оқыту- жер серігі» т.б. арнасы бойынша берілген іс- тәжірибеде пайдаланылған сабақты өткізудің бірнеше түрін ұсынуға болады.

1. Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2. Жұмағұлова Д. Панорамалық сабақ. // Биология және салауаттылық. №6. 2005. -Б. 43-46.
3. Ж.У.Кобдикова. Орта мектепте білім беру алуды технологияландыру.1998.
4. Байғараева Жазира. Оза оқыту технологиясы. // Биология және салауаттылық. №2. 2006. -Б. 24-27.
5. Есмамбетова Маружан. Модульді оқыту. // Биология және салауаттылық. №5. 2006. -Б. 56-60.
6. Жаушева Сандуғаш. Элитарлық сабақ. // Биология және салауаттылық. №5. 2005. -Б. 43-45.
7. Батырбекова Айымша. Алты сатылы сабақ . // Биология және салауаттылық. №2. 2006. -Б. 29-31.
8. Жиенқұлов Қымбат. Сайыс сабақ. // Биология және салауаттылық. №2. 2006. -Б. 16-20.
9. Жағыпаров Б. Ойын сабағы. // Биология және салауаттылық. №3. 2006. -Б. 49-52.
10. Әлімқұлов Р., Сәтімбеков Р. Биология. Алматы. «Атамұра». 2004.
11. Мамашева Айнұр. Сайыс сабақ. // Биология және салауаттылық. №1. 2006. -Б. 25-26.
12. Шетенов Ермек. Түрлендірілген сабақ. // Биология және салауаттылық. №1. 2006. -Б. 23-25.
13. Мұсаева Нұрзада. Кіріктірілген сабақ. // Биология және салауаттылық. №1. 2006. -Б.35-37.
14. Нұриева Ханымкүл. Үндестік сабақ. // Биология және салауаттылық. №2. 2005. -Б.44-46.
15. Есенаманова Ғ. Аукцион сабақ. // Биология және салауаттылық.
№3. 2006. -Б.28-32.
16. Нақыбай Гүлжахан. Дәріс сабақ. // Биология және салауаттылық.
№5. 2005. -Б.31-35.
17. Рысқұлбекова Ш. Пікірталас сабақ. // Биология және салауаттылық.
№4. 2006. -Б.44-47.
18. Бижанова Құралай. Жарыс сабақ. // Биология және салауаттылық.
№6. 2005. -Б.49-51.

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Сабақ түрлерін биология сабақтарында
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Алты сатылы
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .5
2. Аукцион

... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Дәріс
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
1.4 Жарыс
сабағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..11
1.5 Кіріктірілген сабақ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...12
1.6 Ойын сабағы

... ... ... ... ... ... .14
1.7 Панорамалық сабақ

... ... ... .17
1.8 Пікірталас

... ... ... ... ... ... .20
1.9 Сайыс

... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.10 Түрлендірілген

... ... ... ...25
1.11 Үндестік

... ... ... ... ... ... ..26
1.12 Элитарлық

... ... ... ... ... ..28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..31
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз білім мен тәрбие беру мәселесі
мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Білім мен тәрбие беруді негіздейтін
құжаттар мен заңдар қабылдануда. Білім беру дегеніміз адамзат қауымы,
қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын
ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын
тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін
адамгершілігі мол, ізгілікті, білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты
тәрбиелеу маңызды орын алады. Биологиялық процестерді, табиғат пен қоршаған
ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, жаппай және үздіксіз білім беру
нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз биологиялық білім беруді
ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы- орынды жағдай.
Білім саласының деңгейін көтеруде оқытудың ақпараттандырылған жаңа
түрлері Электрондық оқулық, Модульді оқыту, Оза оқыту технологиясы
пен Қашықтықтан оқыту- жер серігі т.б. арнасы бойынша берілген іс-
тәжірибеде пайдаланылған сабақты өткізудің бірнеше түрін ұсынуға болады.
Биологиядан білім беру әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты, сондықтан
қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіреді
отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру
көзделеді.
Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз
білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.
1 САБАҚ ТҮРЛЕРІН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА
ҚОЛДАНУ
Биологиялық білім берудің мақсаты- жеке адамның бойында табиғатқа деген
ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам-қоғам-табиғат арасындағы
толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Биологиялық білім беру жеке адамның
табиғатқа деген мәдениетін қалыптастырудан бастап көншілікке үздіксіз білім
беруді қарастырады.
Ақпараттандырылған оқытудың бұл жүйесінің негізгі мақсаты: оқушы жер
серігі арнасынан берілген сабақты ұқыпты тыңдап, көргенін бақылап одан әрі
шығармашылықпен ізденіп, өз бетінше жұмыс жасай алатын, ойын ашық жеткізіп
тұжырымдап білімін күнделікті өмірмен ұштастыратын жеке тұлға қалыптастыру.
Биология пәнінің әр сабағында жаңа технология элементтерін, соның ішінде
оза оқыту технологиясын да қолдануға болады. Оза оқыту технологиясының
мақсаты- оқушыларды өз беттерімен еңбектеніп, ізденіп, шығармашылықпен
айналысуына, өз ойларын жеткізуге, жан- жақты білім алуға баулыйды.
Әрбір ұстаз әр уақытта өзінің бүкіл болмысымен алдындағы шәкірттеріне
бойындағы барлық қуатын жұмсай отырып оны еліміздің еңбеккері, имандылығы
мол, зиялы азамат етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармауы тиіс.
Сондықтан әр ұстаз өзі қызмет етіп жүрген ортасына қарай, алдындағы
шәкірттерінің ұғымы, санасы, тәрбиесіне, мінез- құлқына, өзінің
мүмкіншілігіне қарай сабақ беру түрлерін таңдап алуы тиіс. Биологиядан
сабақ берудің мынадай түрлерін қолдануға болады: алты сатылы сабақ, аукцион
сабақ, дәріс сабақ, жарыс сабағы, кіріктірілген сабақ, ойын сабағы,
панорамалық сабақ, пікірталас сабақ, сайыс сабақ, түрлендірілген сабақ,
үндестік сабақ, элитарлық сабақ. Биологиядан сабақтың түрлендіріп өткізілуі
шәкіртердің ой- өрісін, қызығушылығын, өз беттерін еңбектенуге,
ізденушілігін, шығармашылығын жан- жақты болуға баулыйды.
1. Алты сатылы сабақ
Биология пәнінен сабақ берудің бұл түрін алты сатылы сабақ деп атайды.
Оқушыларға тамыр жүйесін және тамырдың бөлімдерін, түрлерін таныстыру
мақсатында Тамыр. Тамыр жүйесі тақырыбынан сабақты өткізуге болады.
Сабақтың бірінші сатысы – білімге белсендіру.
Бұл сатыда тамыр жүйесі тақырыбында құрылған жоба және тірек- сызбанұсқа
арқылы оқушылардың тамыр жүйесі туралы не білетіндерін еске түсіру
ұсынылады. Жауаптарды оқушылар дәптерлеріне, ал мұғалім тақтаға (ББК- бәрін
білгім келеді) кестесіне толтырылады.
№ Білемін Білгім келеді
1
2
Кестені толтыру барысында оқу мақсаты жүзеге асады, әуелі Білемін
бағанасы толтырылады, оқушылар тамырдың түрлерін сипаттап, тамыр бөлімдері
туралы мәліметтерді тамырдың түрлерін сипаттап, тамыр бөлімдері туралы
мәліметтерді еске түсіреді. Содан кейін Білгім келеді бағанасын
толтырады.
Сабақтың екінші сатысы – этнопедагогика.
Оқушыларға ырым- тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіру тапсырылады. 1.
Өсіп тұрған ағаштың тамырына балта шаппа. Неге? (Мағынасын түсіндіріңіз).
Жауап. Сіз өзінің ағаш сияқты өсіп келесіз, сондықтан өз өміріңізге
жамандық жасағанмен бірдей болады.
2. Үйде, мектепте отырғанда басыңызбен жағыңыздв қолыңызбен таянбаңыз
немесе сүйенбеңіз. Неге?
Жауап. Өз басыңызға, үй- ішіңізге қайғы- мұң әкелгенмен бірдей.
3. Кірдің суын басуға болмайды. Неге?
Жауап. Барлық жаманшылық, кірдің суымен ктеді. Оны басу жаманшылықты
үйіңе әкелгенмен бірдей.
Сабақтың үшінші сатысы - Өсімдік тамыры –жанға шипа, дертке дауа.
Шарты: берілген дәрілік өсімдік тамыры туралы түсінік беру.
1. Ақжелкен- шаршыгүлділер тұқымдас, көп жылдық өсімдік.
Негізінен тамыры арқылы көбейеді. Тамыры- жемтамыр.
Қолданылуы. Емдік мақсатта ақжелкектің тамыры пайдаланылады. Тәбет
ашатын, асқазан мен ішектің қызметін, ас қорытуды жақсартып, қан
айналымын реттейтін, қақырық түсіретін, әр түрлі тері аурулары кезінде
зат алмасудың бұзылуын жақсартады. Спирттегі тұнбасы безгекті емдейді.
Бас, тіс және бел ауырғанда ақжелкек тамырының ұшынан компресс жасап
басады немесе ауырған жерді ысқылайды. Ал судағы тұнбасы мен әр түрлі
жарпаларды жуады.
Химиялық құрамы. Ақжелкек тамырының құрамында синигрин гликозиді, мирозин
ферменті, көміртек, азотты заттар, майлар, дәрумендер, эфир майының
қоспалары кездеседі.
Сабақтың төртінші сатысы – ойлану.
Семантикалық карта (ой жинақтау) пайдаланылады. Оқушыларға таратып беріп,
білімдерін тексеру.
Сабақтың бесінші сатысы – зертханалық жұмыстарды қарастыру.
Оқушыларға бидай, пияз, сарымсақ, сәбіз өсімдіктерін таратып беріп, тамыр
жүйелерімен тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарап,
салыстырып, қорытынды жасаулары сұралады.
Кубизм Бақбақ өсімдігі туралы топтар (оқушылар) сөйлейді.
І топ. Суреттеңіз. Бақбақ өсімдігінің пішіні мен көлемін суреттеу.
ІІ топ. Салыстырыңыз. Бақбақ өсімдігінің ерекшелігі, басқа өсімдіктерден
қандай айырмашылығы бар.
ІІІ топ. Ойыңызбен байланыстырыңыз.
а) ойыңызға не келтіреді?
ә) жәндік пе?
б) жануар ма?
в) өсімдік пе?
г) бақбақ өсімдігі туралы не білуге болады?
ІҮ топ. Саралыңыз.
Бақбақ өсімдігін сипаттаңыз.
Ү топ. Қолданыңыз.
Бақбақ өсімдігінің пайдасы мен зиянына тоқталып өтіңіз.
ҮІ топ. Талқылаңыз.
Бақбақ өсімдігінің тіршілігі мен көбеюін сипаттап беріңіз.
Сабақтың алтыншы сатысы – қорытынды.
Тамыр бөлімдеріне 5 оқушы алып әрқайсысына:
1-оқушыға- тамыр оймақшасы;
2-оқушыға- бөліну аймағы;
3-оқушыға- өсу аймағы;
4-оқушыға- сору аймағы;
5-оқушыға- өткізу аймағы деп атау беріліп, өздерінің атқаратын
қызметтерін айтқызады.
Қорытынды. Мұғалім тексеріп бағасын қояды.
Аукцион сабақ
Оқушыларға дәрумендердің организмдегі рөлі және дәрумендер жетіспегеннен
болатын аурулар, олардың алдын алу шаралары жайлы түсінік қалыптастыру
мақсатында сабақтың келесі түрін қолдануға болады.
Сабаққа Дәрумендер кестесі , Көкөніс құрамындағы дәрумендер мөлшері
буклеті, кітап көрмесі, альбом, дәрілер көрмесі, т.б. көрнекіліктер
пайдаланылады. Сабақты қосымша материалдармен толықтыра отырып, аукцион
түрінде өткізуге болады.
Мұғалім. Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық- түліктерде
болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дурумендерді алып
отырады. Күнделікті ішетін тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам
организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда витаминдер
жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруларға жиі шалдвғады.
Соған қарағанда ас дәмімен тәтті немесе ас жүрген жерде ауру
тұрмайды деп жұрт бекерге айтпаған. Витаминдер адам өмірінің арқауы, онсыз
адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете да алуы да
мүмкін емес. Олай болса дәруменді, қарапайым тілмен айтқанда, тіршілік
нәрі, өмір серігі деуге болады.
1 оқушы. Жеткілікті тамақтанбау салдарынан туындайтын аурудың себептерін
алғаш орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол алғаш рет тағам құрамында
дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдеді. Жас ғалым тағам құрамындағы
минералды заттардың рөлін зерттеді.
2 оқушы. Кейінірек Н.И.Луниннің тәжірибесін голландиялық ғалым
Пекльхаринг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 жылы қайталайды.
1911 жылы поляк Функ күріш қауызының құрамында амин тобы бар кристалл зат
бөліп алады. Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша вита -тіршілік,
ал амин - азотты химиялық қосылыс. Кейін табиғатта химиялық құрамы әр
түрлі витаминдердің болатындығы, кейбірінің құрамында амин тобы
болмайтындығы дәлелденді.
Аукционер:
Енді аукционымызды бастайық. Аукцион мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1. Бір затты сатып алу үшін оның биология пәнінекн қандай да болса
байланысын табу қажет.
2. Заттың құны білім деңгейімен межеленеді (білім деңгейіне қарай
сатылады).
3. Сатып алушылар тәртіппен, кезектесіп сөйлейді.
4. Сатып алғысы келген адам пікірін қол көтеру арқылы білдіреді.
5. тәртіп сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс.
Аукционер:
Сонымен организм үшін бірден- бір қажетті заттар –дәрумендерді сатуды
бастайиыз.
Алашқы садаға А дәрумені түседі, бағасы 500 теңге. Өзін қысқаша таныстыру
үшін А дәруменіне сөз беріледі.
А дәрумені (ретинол)- майда жақсы еритін дәрумендер тобына жатады.
Организмге көбінесе дайын күйінде түседі. Адам тәулігіне 1 мг А дәруменін
қабылдауы тиіс. Ретинолдың жетіспеуінен тері құрғап, көздің нашар көруі
байқалады. А дәруменінің жетіспеуінен тыныс алу мүшелерінің қабынуы, ас
қорыту мүшелері, зәр шығару мүшелері қабынып, ауруға шалдығады.
1 сатып алушы:- мен бұл дәруменді 1000 теңгеге бағалаймын. Себебі
айтылғаннан басқа тағамда А дәрумені жетіспесе, балалардың өсуі баяяулайды,
тістері мен шаштарының қалыптасуы нашарлайды, өкпесі мен ішектері
зақымданады.
Аукционер: А дәрумені 1000 теңгеге сатылады: бір, екі, үш.
2 сатып алушы:- мен А дәруменіне 1500 теңге беремін, себебі А дәрумені
жарық сезгіш пигмент родопсиннің түзілуіне көмектеседі, адамның пәле
ауруына қарсы тұру қабілетін арттырады.
Аукционер: А дәрумені 1500 теңгеге сатылады: бір, екі, үш. Сатылды.
Келесі сөз В1 дәруменіне (тиамин) беріледі, алғашқы бағасы 500 теңге.
В1 дәруменіне (тиамин)- бұл дәрумен организмдегі май, ақуыз, көмірсу және
минералды заттардың алмасуын реттейді. Егер адам ақ ұнды жиі пайдаланса,
организмде тиаминнің жетіспеушілігі байқалады. Тиамин қара нанда, картопта,
сәбізде, орамжапырақта, малдың өкпе- бауырында, сыра ашытқысында кездеседі.
Тәуліктік мөлшері -1,5-2 мг, суда еритін дәрумен. Бұл дәрумен жетіспесе бас
ауырадлы, адам ашушаң болып, есте сақтауы әлсірейді, тәбеті төмендейді.
Аукционер: В1 дәруменіні сатылады: 1000т бір, 1000 т. екі ...
1 сатып алушы:- мен бұл дәруменді 1200 теңгеге бағалаймын, себебі бұл
дәрумен жетіспесе зілді ауру бери- бери пайда болады. Бұл ауру тазартылған
күріші көптеп пайдаланатын елдерде таралған.
Ауру белгілері: асқа тәбеттің жойылуы, арықтау, тез шаршау, аяқ
бұлшықеттерінің әлсіреуі, сосын аяқтың жансыздануы. Тиамин суда еритін
дәрумен болғандықтан, оның артық мөлшері зәрмен сыртқа шығарылып отырады.
Аукционер: В1 дәруменіні сатылады: 1200т бір, екі, үш. Сатылды.
Аукцион соңына дейін дәрумендердің барлық түрлері қойылып, оқушылардың жаңа
сабақтан алған білімдерін тексеруге болады.
1.3 Дәріс сабақ
Биологиядан жаңа сабақ өткенде сабақтың келесі түрі дәріс сабағын
қолдануға болады. Биология пәнінен Жүрек, қан тамырлары аурулары.
Гигиенасы тақырыбында дәріс сабағын өткізуге болады.
Сабақтың мақсаты жүрек және оның құрылысы туралы және онда кездесетін қан
тамырлары аурулары мен туа пайда болатын жүрек ақаулары туралы түсіндіріп,
жүрек, қан айналу жүйесіндегі басты мүше екені және оның негізгі атқаратын
қызметі туралы ғылыми білімдерін кеңейту, оқушыларды өз денсаулықтарын күте
білуге, дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға тәрбиелеу және оларда салауатты
өмір салтын қалыптастыру болды.
Ағаш тамырымен, адам жүрегімен мықты дейді халық. Жүрек тоқтаса, адам
өмірінің де тоқтағаны.
Жүрек қан айналу жүйесіндегі ең басты мүше. Оны біреулер организмнің
моторы десе, енді біреулер биологиялық теңдесі жоқ насос деп жүр.
Аумағы жұддырықтай, салмағы 300-400 г жүректің өмір бойы тынымсыз істейтін
қызметі адам таңқаларлықтай.
Бұл дәріс сабағында мұғалім жүректің құрылысы, қызметі, ерекшеліктері,
жүрек, қан тамыры және ишемиялық аурулар; гипертония; жүрек стенокардиясы-
жүрек талмасы; жүрек инфарктісі; ревматизм; жүре пайда болатын ауру-
перикардит; іштен туа біткен жүрек ақауының көп тараған түрі – Ботали
өзегі, қолқаның коартациясы (тарылуы); жүрекке жасалатын массаж түрлерімен
таныстырып, түсініктеме беру керек.
Сабақ дәріс түрінде түсіндірілгеннен кейін сынып 3 топқа бөлініп, жеке-
жеке тапсырмалар беріледі.
1.4 Жарыс сабағы
Оқушылардың ішекқуыстылар типінен алған білімдерін қайталау,
қорытындылауда өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету,
бірлесіп жұмыс жасау, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында Көпжасушалы
жануарлар ішекқуыстылар типін қорытындылау жарыс сабағын өткізуге болады.
Сабақта сынып оқушыларын екі топқа бөліп, бірінші топ- Құлагер, екінші
топ- Мұрагер деген атау береміз. Бұл қорытынды сабақ төрт кезеңдерден
тұрады.
1. Сұрақ- жауап.
2. Үлестірмелер арқылы сұрақтар беру.
3. Жарнама.
4. Сөзжұмбақ.
1. Сұрақ- жауап.
1. Құлагер тобына сұрақ.
Гидра қалай қозғалады? (бірде табанмен, бірде қармалауыштарымен).
1. Мұрагер тобына сұрақ.
Гидра немен қоректенеді? (ұсақ шаяндармен және балықтармен).
2. Үлестірмелер арқылы сұрақтарға жауап беру.
Екі топтан екі адам кезегімен жауап береді.
1 билет: Көпаяқты жәндіктер – полиптерге сипаттама беріңіз.
2 билет: Еркін тіршілік ететін ішекқуысты жәндік- медузаны сипаттаңыз.
3 билет: Гидраның жынысты және жыныссыз жолмен көбеюінің айырмашылығы
неде?
3. Жарнама.
Екі топтан екі оқушы шығып, біреуі- қызыл маржанға, екіншісі- гидраға
сипаттама береді.
4. Сөзжұмбақ.
1. Гидраның денесін қаптайтын жасуша? (жүйке)
2. Гидраның сыртқы қабатындағы қорегін ұстаушы жасушасы. (атпа)
3. Гидраның ішкі қабаты? (энтодерма)
4. Еркін тіршілік ететін ішекқуысты жәндікке не жатады? (медуза)
5. Амеба неден тұрады? (бактерия)
6. Көпаяқты жәндіктер- полиптерге не жатады? (актиния)
1.5 Кіріктірілген сабақ
9 және 11- сыныптарда өтілетін биология пәндерінің эволюциялық ілімге
арналған тарауында популяция мен түр деген ұғымдарға ерекше көңіл бөлінген.
Популяция дегеніміз- бір түрге жататын және өзара еркін шағылысып ұрпақ
бере алатын даралар жиынтығы. Әрбір популяцияның өзіне тән таралу аймағы
(ареалы) және тіршілік ететін орта жағдайы болады. Ең алғашқы эволюциялық
процесс популяцияның өз ішінде жүреді. Сондықтан да, популяция жеке түрдің
әрі құрылымдық, әрі эволюциялық бірлігі болып саналады.
Әрбір популяцияның ұзақ уақыт аралығында қалыптасқан өзіне ғана тән
белгілері мен қасиеттер жиынтығын популяция критерийлері деп атайды.
Популяций критерийлерін сызбанұсқа түрінде былай көрсетуге болады:
РсПопуляция критерийлері Популяция критерийлерінің өзіне тән
ерекшеліктері
1 Популяциядағы даралардыңЖаңадан өмірге келген ұрпақтар мен
жалпы саны тіршілігін жойған даралардың ара қатынасы
2 Даралардың тығыздығы Белгілі бір аудан немесе көлем бірлігінде
тіршілік етіп жатқан даралар саны
3 Даралардың таралуы а) бәсекелестік арқылы жеке даралардың
біркелкі таралуы;
ә) жекеленген топтар құрып тіршілік етіі
4 Популяцияның құрылымы а) даралардың аналықтары мен аталықтарының
арақатынасы
ә) даралардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
арақатынасы
Құрылымы мен тіршілік әрекеттері өзара ұқсас бірнеше популяциялар бірігіп
түр тармағын құрайды. Ал, бірнеше түр тармақтары бірігіп жеке биологиялық
түрге топтастырылады. Бір түрге жататын даралар өзара еркін шағылысып,
өсімтал ұрпақ берумен ерекшеленеді. Әрбір түрдің өзіне тін географиялық
таралу аймағы және тіршілік ортасы болады. Жеке түрдің құрамындағы
даралардың тұқымқуалаушылық қасиеттері де ұқсас болады. Сонымен бірге, бір
түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылысы, ондағы физиологиялық,
биохимиялық ерекшеліктері анықталады.
Түр критерийлері мен олардың ерекшеліктері
Рс Түр критерийлері Түр критерийлерінің ерекшеліктері
1 Морфологиялық Жеке даралардың сыртқы және ішкі құрылысының
ұқсас болуы. Кейде қосарлы түрлер (құрылысы
жағынан бір- біріне өте ұқсас) кездеседі
2 Генетикалық Бұл түрге тән негізгі қасиет. Осы критерий
арқылы бір түр екінші түрден оқшауланып, бір-
бірімен шағылыспайды
3 Физиологиялық Бір түрге жататын даралардың тіршілік
процестерінің ұқсастығымен ерекшеленеді
4 Биохимиялық Бір түрге жататын даралар организміндегі
химиялық реакциялар бір- біріне өте ұқсас
болады.
5 Географиялық Әрбір тү белгілі бір аймақта ғана таралады.
6 Экологиялық Әрбір жеке түрдің өзіне тән тіршілк ортасы,
қоректік тізбегі, көбею мерзімі, тіршілік ететін
экологиялық орны болады.
7 Этологиялық Бұл негізінен жануарларға тән қасиет.
Жануарлардың бір түрі екінші түрінен мінез-
құлығы арқылы ерекшеленеді.
Қорыта айтқанда, түрге тән әрбір критерий ерекшелігіне байланысты түрді
бір- бірінен ажыратуға болмайды. Сондықтан да бір түрді екінші түрден
ажырату үшін барлық критерийлердің жиынтығын пайдалану қажет, сонда ғана
жеке түрдің табиғаттағы өз орны анықталады.
Популяция мен түр критерийлеріне салыстыра отырып сабақ түсіндіргенде,
оқушылар популяциялар мен жеке түрдің бір- бірімен ұқсастықтарын және
олардың арасындағы айырмашылықтарды айқын түсінеді және ол естерінде ұзақ
сақталады. Біз өз тәжірибемізде осындай кіріктірілген сабақтарға ерекше мән
береміз.
1.6 Ойын сабағы
Грек ғалымы Сократтың Өзіңді өзің біліп, танып ал деген даналық сөзі
адамға ғана айтылса керек. Ендеше өзімізді- өзімізге танытатын ғылым-
биология пәнінің Адам организміндегі жеке мүшелер жүйесі қызметінің
үйлесімділігі мен реттелуі. Ішкі секреция бездер тарауы бойынша
оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында қорытынды, қайталау ойын
сабағын өткіздім.
Сабақта компьютер, суреттер, тірек- сызбалар, Венн диаграммасы, тест
тапсырмалары, ас тұзы, йодты анықтауға арналған арнайы реактив. тест кілті,
үлестірмелер және ұлағатты сөздері пайдаланды.
Сабақ барысында оқушылар болашақ дәрігер- эндокринолог дәрежесінде жету
қажет. Ол үшін оқушылар бірнеше сынақтан өтеді. Қорытынды оқушылардың
биомондарының саны арқылы шығарылады.
І сынақ. Тура жауабын табыңыз
1. Гормон дегеніміз не?
2. Паратгормонды қандай без бөледі?
3. Әйел адамның жыныс гормоны қалай аталады?
ІІ сынақ Кім жылдам?
Сұрақтарға жауапты тақтадағы суреттен көрсетіңіздер.
Эпифиз, гипофиз, қалқанша безі, қалқансерік безі, бүйрек үсті безі, ұйқы
безі, тимус безі, сілекей безі, тер безі, сүт безі, бауыр безі, жас бездері
адам организмінің қай жерінде орналасқан?
ІІІ сынақ Тест.
І деңгей
1. Аралас бездерді көрсетіңіз:
а) қалқан серік безі в) тер безі
ә) бүйрекүсті безі г) сүт безі
б) ұйқы безі
2. Ішкі секреция бездерін көрсетіңіз:
а) қалқанша безі в) сілекей безі
ә) жыныс безі г) сүт безі
б) ұйқы безі
3. Сілекей безінен қандай сөл бөлінеді:
а)тер ә) сілекей б) өт г) сүт в)
қарын сөлі
ІІ деңгей
1.Қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейтің
без:
а) қалқан серік безі в) қалқанша безі
ә) бүйрекүсті безі г) гипофиз
б) ұйқы безі
2. Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер:
а) кардиолог в) гематолог
ә) эндокринолог г) дерматолог
б) невропатолог
3.Қандағы глюкозаны реттейтін гормон:
а) адреналин ә)инсулин б)тимозин г) окситоцин в)
тестостерон
ІІІ деңгей
1.Жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттыратын без:
а) қалқанша безі в) эпифиз
ә) жыныс безі г) тимус
б) ұйқы безі
2.Май алмасуын күшейтетін гормон:
а) пролактин ә)филлотропин б)лютропин г)липотропин в) тиротопин
3. Жыныс мүшелерінің дамуына және қан мен басқа ұлпалардағы натрий,
калий, хлордың қалыпты мөлшерін реттейтін без:
а) эпифиз в) қалқанша безі
ә) бүйрекүсті безі г) гипофиз
б) тимус
ІҮ сынақ Диагностика.
Компьютер экранында базедов, алқымның ісуі, акромегалия, кретинизм,
микседема ауруларымен ауыратын адамдардың суреттері көрсетіледі.
1 топ аурудың атын, 2 топ аурудың белгілерін, 3 топ пайда болу
себептерін, 4 топ емдеу жолын түсіндіреді.
Ү сынақ (тәжірибе) Ас тұзының құрамын тексеру.
Оқушылар тұздың құрамындағы йодтың бар не жоғын арнайы реагент тамызу
арқылы анықтайды.
ҮІ сынақ Тірек- сызба құру.
Төрт топқа төрт түрлі бос торкөзді сызбанұсқа таратылып, оқушылар
торкөздерді толтырады.
1 топқа: Бездер
2 топқа: Ішкі секреция бездері
3 топқа: Сыртқы секреция бездері
4 топқа: Аралас бездер
ҮІІ сынақ Ойлан тап. Бездер сөзжұмбағын шешу.
ҮІІІ сынақ Венн диаграммасын толтыру.
1 топ: ішкі секреция бездерін, 2 топ: сыртқы секреция бездерін, 3 топ:
аралас секреция бездерін, 4 топ: ішкі, сыртқы, аралас секреция бездерінің
ортақ белгілерін тиісті бағанаға жазады.
Ішкі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz