«Дарвинизм»


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
I Биологияны оқыту қызығушылығы.
1. 1 Биологияны оқыту әдісі туралы түсінік . . . 7
1. 2 Биологияны оқыту әдісіне қойылатын талаптар . . . 8
1. 3 Биологияны оқыту әдістерін топтастыру . . . 9
ІI Биологияны оқытуды ұйымдастырудың формалары
2. 1 Биологияны оқыту жұмысын ұйымдастырудың формалары туралы түсінік . . . 14
2. 2 Биология. сабағындағы оқушылардың жұмыс істеу формалары . . . 15
2. 3 Биология сабағына қойылатын талаптар . . . 16
2. 4 Биология сабағының типтері, түрлері және құрылымы . . . 20
2. 5 Биологияны оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары . . . 24
2. 6 Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы . . . 26
Қорытынды . . . 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, қоғам дамуындағы жаңа бағыттар мен нарықтық қарым-қатынастар еліміздің болашағы, бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әр мұғалімнен оқу процесін, ондағы мұғалім мен шәкірттің рөлін қайта қарауды, бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыруды қажет етеді.
Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен технологиялары оқушылардың пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын байқау, қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасыр көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды оқытудағы негізгі мақсат-баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру., іздендіру, қосымша пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда, биология оқыту процесінде пайдаланатын әдістердің бірі- қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдаланып отыру. Өз тәжірибемізде биология пәніне қызығатын оқушылардың сабақта түсірдіріліп, оқулықта жазылған деректерге қанағаттарбай, қосымша әдебиеттер мен көпшілікке арналған әр ғылым саласындағы қосымша әдебиеттерден оқығандарын түйіндеп, анық-қанығын біліп отыруды қажетсінетіндіктерін байқап келеміз. «Осы распа?», «Неге?» деген сұрақтарды жиі қойып, табиғаттың сан қилы құпия сырларын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі небір жаратылыстың қыр-сырын білуге ұмтылып, отыратындықтарын күнделікті күнделікті сабақтарда кездестірудеміз. Көп жағдайда тосыннан қойған сұрақтарға бірден жауап қайтару ұстазға да оңай соқпайды. Қызықты қосымша материалдарды оқушыларға көбірек игертіп, олардың табиғатты егжей-тегжейлі түсінуіәне мүмкіндік жасау-әр мұғалімнің міндетті борышы. Оқушылардың пәнге қызығуын қалыптастыру мен дамыту үшін мынадай талаптар қажет етіледі.
1. Оқушылардың бұрыннан қалыптасқан білімдеріне қозғау салып, ғылыми көпшілік -әдебиеттерден оқу материалына байланысты жаңалықтарды пайдалану.
2. Оқу фильмдерін көрсету.
3. Табиғатқа, музейге, зоопарк, жас натуралистер станцасы, тб танымжорықтар, топсеруен жасау.
4. Оқушыларды үйірме жұмыстарына тарту.
Оқушылардың білімге құштарлығын дамытып, оны толық игеруін қамтамасыз ету әр пән мұғалімінің көп ізденуін, еңбектенуін талап етеді. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің біліміне тікелей байланысты. Оқушылардың танымдық құштарлығын арттыруды оқытатын материалдарды оңайлату деп түсінуге болады. Сабақ, материалдың негізгі
білім нәрін қамти отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық қорытынды шығару қабілетін дамытатын негізде ұйымдастырылса, әсерлі болады. Н. Д. Левитов «адам тіекелей де, жанама да қатысы жоқ нәрсеге ешқашан да қызыға алмайды»деген екен. Сондықтан қызықты материалдарды сабаққа пайдаланғанда олардың оқу мақсатына, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім дәрежесіне, нені қызықтайтынына сай болуына ерекше назар аудару керек. Орынсыз пайдаланылған және шектен тыс көп алынған материалдар оқушыларды жалықтырып, олардың қызығу қабілетін төмендетеді. Танымдық сұрақтар, қызықты әңгімелер оқушыларды пәнге қызықтыра түседі.
Оқушылардың сабақта алған білімін жетілдіруде, ұлттық мұралық өнерімізді насихаттауда, табиғатты терең танып білуде қосымша білім беруде, өздігінен іздену негізінде өткізілетін кештердің, ертеңгіліктердің алатын орны ерекше. [1]
Негізгі бөлім
I Биологияны оқыту қызығушылығы.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүние жүзінде білім алуға деген азаматтардың құлшынысы артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болуда.
Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса. Бала білімінің де даму деңгейі төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған уақыт керек. «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзінің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деп, Ж. Ж. руссо бекер айтпаған.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдерінің өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен қарауға мүміндік береді.
Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің негізі бастауыш білім беру стандартындағы дүниетану пәні негізінде құрылады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, эстетика, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі:адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология пәнінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта буында өсімдік құрылысы, өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технолнгиялардың тиімді әдісін жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының субъектіге түсіп ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтандыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күйінің дамуына шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан оулауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлес қосады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдаланып оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Оқушы жүрегіне жол тауып оның білімге құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға деген қабілетін зерттей отырып, тұлғаның негізінің ашылуына жол ашатын-ұстаз.
Ұстаз өзінің құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой, іс
бірлігін қатар дамытуы қажет. Бұл жердегі басты тұлға-оқушы, ал мұғалім-жетелеуші, бағыттаушы болып табылады. Осы әрекетте ынтымақтастық болмайынша оқытудың нәтижесі болмайды.
Биология пәнін оқушыға меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің оңай жолдарын, тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. бұл пәннің мақсаты оқушылардың қызығуын арттырып қоршаған ортаны қорғауға экологиялық сауаттылығын дамыту кезінде ішкі сезімін оятып, өзін танып біліп, кез келген әреектке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізу. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» жобасымен танысып, оның стратегияларын ұстаз тәжірибелерінен қолдануға болады.
Жаңа тақырыпты түсінікті баяндау және ойын элементтерін пайдалану сабақтың мазмұнын аша түсіп, оқушылардың тиянақты да терең білім алуына мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашатын жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. [2]
1. 1 Оқыту әдісі туралы түсінік
Биологияны оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерінен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн қиындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.
Оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? Балалар білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды игере алуы үшін олардың белсенді танымдық қызметін қалай ояту керек? Окушылардың оқуға деген оңды қатынасын тудырып, олардың білімдерін сенімге айналдыру үшін қалай оқыту керек? Ынталы балаларды да, ынтасы жоқтарды да түгелдей қалай оқыту керек? Бұл мәселелерді мүғалім сабаққа даярланғанда күн сайын шешуіне тура келеді. Бұлардың бәрі де, қалай болған күнде оқытудың табысты әдістерін іздестіруге байланысты болады.
Оқыту әдістері деп нені түсіну қабылданған?
Биологияны оқыту әдістері - оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызмет тәсілдері.
Оқушыларды танымдық қызмет тәсілдермен қаруландыру - оқу әдісінің дамытушылық функциясын арттырудың аса маңызды тенденциясы.
Ынтымақтастық, ұжымдық толғану жағдайларын жасау, өзара көмек қатынастары, міндетті өздігінше шешу жауапкершілігі, осы бағытта оқытуды одан әрі жетілдіру әдістері іздестірілуде.
Оқыту әдісі -оқыту процесі сияқты екі жақты процесс дегеніміз -мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, сондай-ақ заттарды, көрнекі құралдармен техникалық құралдарды көрсетеді, ал окушылар тындайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады т. б. таным әрекеттерін жасайды. Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс-әрекетін балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады. Сонымен, оқыту әдісі-оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары. Сабақта берілетін оқу материалын оқушыларға жеткізу ушін әртүрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Тіпті, бір мазмұндағы оқу материалын түрлі әдістері арқылы оқушьшарға ұғындыруға болады. Оқыту әдістерін дұрыс таңдап алып қолдану белгілі шарттарға байланысты болады.
Олар:оқытудың мақсат-міндетері, пән және берілетін білім мазмұнының ерекшеліктері, сондай-ақ балалардың жас және дара психологиялық ерекшеліктері.
Биологияны оқыту әдістерінің тиімділігі мұғалімнің іс-тәжірбиесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты болатынын білу керек. Биологияны оқыту әдістері әр түрлі тәсілдерден құралады. Тәсілдер деп белгілі іс әрекеттің жеке амалдарын айтамыз. Мысалы, оқулықпен немесе кітаппен жұмыс істеу әдісінде мынадай тәсілдер қолданады : мақсат қою, сұрақтарды анықтап беру, мәтінге жоспар құру, оның негізгі мазмұнын айтып беру, өздігінен іштей оқып, сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беру т. б.
1. 2 Биологияны оқыту әдістеріне қойылатын талаптар
Бірінші талап - әдістер қазіргі мектептегі өқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталуы тиісті. Білімнің жаңа мазмұнын оқушыларға ұғындыруда оқыту әдістерінің атқаратын рөлі ерекше.
Екінші талап: әдістер оқытудың тәрбиелік ықпалын арттыруға көмектеседі. Балалардың жалпы дамуына, ақыл-ой қабілеттерін және дүниетанымның қалыптасуына оқыту әдістерінің жасайтын ықпалы зор.
Үшінші талап: мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылым әдістерінің элементерімен таныстыруға міндетті.
Төртінші талап: оқыту әдістері оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және дербес білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Бесінші талап: мұғалімнің әдістерді қолдануды шеберлігіне озат педагогтардың, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжербиесінен үйреніп отыруы пайдалы.
1. 3 Биологияны оқыту әдістерін топтастыру
Биологияны оқыту әдістерінің тиімділігі арттыру сабакқтарда үнемі
біркелкі әдістерді қолдану емес. Әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып қолдана білуге байланысты. Бір әдіс қандай жақсы болса да, ол оқыту процесінің барлық міндеттері мен құрылымның бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі дидактикада оқыту әдістерін топтастырудың қалыптасқан біріңғай жүйесі жоқ. Бұл мәселе туралы әр түрлі көзқарастар бар. Биологияны оқьпу әдістерін топтастырудың түрлі жолдары бар екенін білу керек. Білім алудың көзіне қарай, биологияны оқытудың мақсаттарына қарай, сондай-ақ оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай т. б. белгілерге қарай әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады. Ең көп тарған топтастыру -ол оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай яғни, сөз заттар мен көрнекі бейнелер практикалық әрекет үш топқа бөлу : сөздік, көрнекілік пен практикалық әдістер.
Сөздік әдістерге жататындар: мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері.
Көрнекілік әдістері - бақылау, көрнекі құралдарды көрсету, кинофильмдер.
Практикалық әдістер:лабораториялық, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар.
Биологиядан оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай оқыту әдістері репродуктивтік, яғни түсіндірме, айтып беру, сипаттау т. б. проблемалық баяндау, эвристикалық әңгіме, зерттеу әдістері болып бөлінеді. Оқытудың мақсаттарына қарай әдістерді жаңа білім беру, қайталау, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, білімді тексеру мен бағалау әдістері деп бөлуге болады.
Сөздік әдістер
Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі, ол - мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс процесінде жетекші роль атқарады: биология пәндін оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде, әсіресе, жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алды. "Сөз, - дейді В. А. Сухомлинский, -ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін артыруға (зейін, қабылдау, ойлау т. б. процестерін) байланысты әрекет жасайды. Мұғалім өзінің баяндауын басқа әдістердің тәсілдерімен ұштастырады (бақылау, әңгіме, жазбаша және графикалық жұмыстардың тәсілдері) .
Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады: түрлі көрнекі және техникалық құралдарды көрсету арқылы, сондай-ақ көркем сөзді пайдалану арқылы. Мұғалімнің ауызша баяндауы сұрақтарды анық және түсінікті етіп қоюды, проблемалы сұрақтарды, проблемалы ситуация тудыратындай етіп қоюды, баяндайтын материалдардың ең маңызды жерлерін айырып беруді, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуын керек
етеді.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мөнерлі және бай болғаны қажет. "Мұғалім балалармен жұмыс істеуде: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сәйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылыкден сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек"-деген Ы. Алтынсарин. [3]
Әңгіме әдісі
Бұл әдіс-бастауыш сынынтарда кең қолданатын әдістің бірі. Әңгіме әдісі биологияны оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: өткен материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданады. Осыған орай әңгіменің бірнеше түрін айыруға болады. Мысалы, эвристикалық әңгіме барысында жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім өзінің сұрақтары арқылы оқушылардың өздерін қортындылар мен тұжырымдар жасауға үйретеді.
Пәннің ерекшеліктеріне қарай әңгіме сипаты өзгереді. Ең көп тарағаны: баяндау-әңгіме түрлі приборлардың және аппараттардың құрылысы.
Мұғалім әңгімесінің сөзсіз шарты оның эмоциялылығы мен бейнелілігі болып табылады. Бейнелі сөйлеу құралдарын, көркем әдебиетті, түрлі көрнекі құралдарын кеңінен пайдалану. Табиғаттың түрлі құбылыстары жайында, адамдар, олардың мінез-құлықтары тіршілік туралы оқушыларда толық та көп ұғым қалыптастыру.
Әңгіменің эмоциялылығы оқушыларға мұғалімнің баяндалып отырған материалға қандай қатысы бар екеніне көмектеседі және бұларға үлкен тәрбиелік ықпал жасайды.
Осыған байланысты А. В. Луначарскийдің сөздерін еске сала кеткен орынды: "Тебіренбей, жан-жүйеге тимей, тіпті жәй үгіттеуге де болмайды . . . оның үстіне мұнсыз тәрбиелеуге де болмайды сондыктан да оқушылар материалының эмоциялық екпін, эмоциялар арқылы оқушылардың санасында түрлі өзгерістерін тудырып, қандай да босын сыртқы ықпалдың қабылдау процесінің кез келгеніне тәрбиелік сипат беруге болады".
Мұғалім әңгімесінің күші терең идеялық сенімділігінде.
Баяндалатын мәселеге мұғалімнің эмоциялық қарым-қатынасы, оның сенімділігі оқушылар сенімінің қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Әңгіме кезінде мұғалімнің оқушылардың назарын шоғырландырып және ұстап отыруының да маңызы бұдан кем емес.
Бастауыш мектеп үшін әңгіменің біршама ұзақ еместігі яғни, 15-20 минуттан аспауы-, оның логикалық бөлімдерге мүшеленуі, тілінің айқьндылығы, бейнелілігі, эмоциялылығы аса маңызды, көрнекі құралдарды кеңінен пайдалану тән.
Түсіндіру әдісі
Пән мұғалімі түсіндіруінде әрқашанда көп пайымдаулар, ақыл-ой қортындылары, дәлелдеулер болады. Түсіндіру әдісінің неғұрлым маңызды түрлері оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қою болып табылады және материалды дәйекті етіп айтып беруі керек. Сондай-ақ, түсіндірудің табысты болуы көбіне мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана, оқушыларды тарта білгендігіне байланысты. Биологияны түсіндіру әрқашан да балаларға сұрақтар қоюды көздейді және оларды түсіндірудің барысын қадағалауға, өзінің ой-пікірін, шешімін айтуға, қортынды жасауға көндіреді.
Түсінік соңында биология пәнінің мұғалім қорытындылардың, ережелердің дәл тұжырымын береді. Түсінік пайдаланылған сабақтың міндеті-материалды игеру, сапасын тексеру, балалар келтірген фактілер мен мысалдарды талдау болып табылады.
Әңгімелесу әдісі
Әңгімелескен кезде мұғалім оқушыларда бар білім мен практика негізінде сұрақтарды пайдалана отырып, оқушыларды жаңа білімдерді түсініп, игеруге жетелейді. Әңгімелесу барысында оқушылардың өзіндік пікір айтып, пайымдауы үшін кең өріс ашылады.
Әңгімелесу мұғалімге оқушының тек даярлық сапасы мен оқу материалын меңгеру тереңдігін анықтап қана қоймай, әр окушының қабілетін зерттеуге көмектеседі.
Әңгімелесуді мұғалім өткен материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімдерді хабарлау, сондай-ақ, оларды пысықтау, тексеру үшін пайдаланады.
Оқу материалының мазмұнына байланысты биология сабақтарында әңгімелесудің сан алуан түрлерін қолдануға болады.
Эвристикалық әңгімелесу кеңінен таралған "Эврико" грек сөзі - казақша табамын немесе ашамын деген мағынаны береді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім шебер қойылған сұрақтар арқылы бар білімнің, бақылаудын, өмірлік тәжірибенің негізінде оқушыларды тұжырымдауға көндіреді. Оқушылар жаңа білімдерді өздері ашқандай болады. Мүндай жұмыс оларға үлкен қанағаттану әкеліп, танымдық белсенділігін көтермелейді.
Биологияны оқу процесінде туындайтын әңгімелесудің де маңызы бұдан кем емес. Мұның барысында мұғалімнің сұрақтарымен бағытталған оқушылар бұрын алған білімдерін қалпына келтіреді. Әңгімелеудің бұл түрі пысықтау-қорыту сабақтарында кеңінен пайдаланылады. Туындайтын әңгімелесу эвристикалық әңгімелесумен жиі ұштастырылады.
Жаңа білімдерді хабарлау үшін хабарлаушыға әңгімелесу әдісін пайдалануға болады. Бұл да мұғалімнің сұрақтары, оқушылардың жауаптары түрінде қойылады, оның табысты болуының сөзсіз шарты бастапқы және тірек бола алатын минимум болса да білімнің болуы.
Кітаппен жұмыс
Биологияны оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі -оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта немесе үйде түрлі тапсырмаларды орындайды, алған білімдерін толықтырады.
Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері бірнеше жыл бұрын шыкқан оқулықтарда болмайды. Сондықтан да, оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми мәліметтерді басқа баспа құралдарынан іздестіруі қажет.
Мұғалім сабақ үстінде оқулықпен, кітаппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін үйретуге тиісті. Ең алдымен, оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет. Мәтінмен жұмыс істегенде - оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар, қортынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілді қолдана білмесе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Лекция әдісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz