Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік


Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) - омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар - котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы - сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі - мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты. Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған. Дүние жүзінде 8000-нан астам түрі кездеседі. Қазақстанда 2 отряды (тасбақалар, қабыршақтылар), 2 отряд тармағы (кесірткелер, жыландар), 13 тұқымдасы (тұщы су тасбақасы, құрлық тасбақасы, геккондар, ешкіемер, келес, ұршықсап, сцинктер, кесірткелер, соқыр жыландар, су жыландар, құм айдаһары, сұр жыландар, қалқан тұмсықтылар), 24 туысы, 51 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. Денесінің ұз. бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы) . Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады) . Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 - 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 - 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т. б. ) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. [1]
Аллигаторлар
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Қазбалық ауқымы: Cretaceous - Recent
Американ аллигаторы
Gray, 1844
- Alligator
- Caiman
- Paleosuchus
- Melanosuchus
Аллигаторлар (лат. Alligatoridae ) - қолтырауын отрядының үш тұқымдасының бірі. Аллигаторлар төрт туыс, 7 түрге бөлінеді. Оның үшеуін ( Caiman , Melanosuchus және Paleosuchus ) каймандар деп атайды. Денесінің ұзындығы 1, 5-6, 3 м, салмағы 85 кг-ға дейін жетеді. Тұмсығы жалпақтау, әрі қысқа, алдыңғы аяқтарының саусақтары арасында терілі жүзу жарғағы болады. Аналықтары 20-60 жұмыртқасын арнайы жасалған ұяға салады. Аталықтары өздері тіршілік ететін жерлерді қорғайды, ұрпақтарына қамқорлық жасайды. 85 жылдай өмір сүреді. Ересектері балықтармен, бақалармен т. б. омыртқалы жануарлармен, балалары ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Аллигаторлар Солтүстік, Оңтүстік Американың, Қытайдың тұщы су айдындарында тіршілік етеді. АҚШ-та, Кубада Миссисипи (американ) аллигаторын арнайы фермаларда қолдан өсіреді. Қытай аллигаторы Янцзы өзенінің төменгі сағасында таралған. Аллигаторлар бағалы терісі үшін ауланады. Санының күрт азаюына орай, қатаң қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау
ГаттерияУикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Еркек

Vulnerable (IUCN)
Gray, 1831
(Gray, 1842)

Гаттерия [2], туатара (лат. Sphenodon punctatus ) - бауырымен жорғалаушылар класының тұмсықбастылар отрядына жататын өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан жалғыз түр. [3]
[жасыр]
- 1Сипаттама
- 2Қоректенуі
- 3Көбеюі
- 4Таралуы
- 5Пайдаланған әдебиет
Сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Денесінің ұзындығы 75 см-дей, салм. 0, 5 - 1 кг. Басы үлкен, аяқтары бес саусақты. Жон арқасы мен құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтан тұратын жалы болады. Терісі жылтыр, жасыл түсті, бүйірінде, аяқтарында ірілеу сары дақтары бар. Төбесіндегі тері астында ерекше төбе көзі болады, сондықтан да оны кейде “үш көзді гаттерия” деп те атайды. Төбе көзінде де жарық сезгіш клеткалары болады.
Гаттерия басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі - төменгі температурада (6 - 18 С) белсенді тіршілік ете алады. Құрлықта баяу жүреді, суда жақсы жүзеді.
[өңдеу] ҚоректенуіГаттерия тереңдігі 1 м-дей інінде күндіз тығылып жатып, қорегін аулауға түнде шығады. Көбіне ұсақ жәндіктермен, моллюскілермен, кейде дауылпаз құстың жұмыртқасымен, балапанымен де қоректенеді.
[өңдеу] Көбеюі20 жылда жыныстық жағынан жетіледі, інінің ішіне қатты қабығы бар 8 - 15 жұмыртқа салып, оны көміп қояды. Ұрығының дамуы 12 - 15 айға созылады. Гаттерия 50 жылдан астам өмір сүреді.
[өңдеу] ТаралуыҚазір Гаттерия Жаңа Зеландия маңындағы бірнеше аралдарда ғана кездеседі, сол жерлерде арнайы қорық ұйымдастырылып, қорғауға алынып, Халықараралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет- ↑ Tuatara. Department of Conservation, Wellington, New Zealand. Тексерілді, 28 маусым 2009.
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
† Ихтиозаврлар
Қазбалық ауқымы: 245-90 Ma
ПреК
К
О
С
Д
Кр
П
Т
Ю
Б
Пг
Н
Middle Triassic - Late Cretaceous
Temnodontosaurus trigonodon қаңқасы
Blainville, 1835
Ихтиозаврлар (лат. Ichthyosauria ) - триастың орта шенінен бор кезеңінің соңына дейін да тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың бір класс тармағы. Ихтиозаврлардың пайда болуы жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар котилозаврлардан (Cotylosauria), оның ішінде капториноморфтардан (Captorhinomorpha) пайда болған десе, екінші бір зерттеушілер - тасбақалардың арғы тегі деген жорамал айтады. Дене пішіні балыққа ұқсас, сүйір тұмсықты, тұрқы 15 м-ге дейін болған. Киттерге, әсіресе, дельфиндерге ұксас, бірақ тікелей туыстық қатынастары жоқ. Ескек тәрізді жұп аяқтары - жүзу жарғақтарына айналған, негізінен, денесін тепе-тең қалыпта ұстауға бейімделген. Арқа қанаты жұмсақ, қатты құйрық қанаты тігінен орналасқан. Бұл - сүңгу немесе су бетіне шоршып шығу қабілеттерінің жақсы дамымағанын көрсетеді. Бас қаңқасы ұзын тұмсығымен жалғасқан. Үлкен көздері болған. Әрбір жақ сүйегінде бірқатар орналасқан өткір 200-дей тістері бар. Омыртқа жотасында 40 - 75 арқа омыртқасы, 100-ге тарта құйрық омыртқасы болған. Аяқ сүйектері қысқа, алдыңғы аяғында 5, артқысында 3 - 4 башайы, ал башай буындарының саны 50-ге жеткен. Ихтиозаврлар жыртқыш жануарлар болғандықтан әр түрлі моллюскілермен және балықтармен қоректенген, баласын тірідей туған. Ихтиозаврлардың қазба қалдықтары Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Австралия құрлықтарынан табылған. Ихтиозаврлардың қазба қалдықтарының мезозойда сақталған теңіз шөгінділерінен табылған жануарлар қалдықтары эволюциясын анықтауда маңызы зор. [1]
- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Қолтырауындар
Қазбалық ауқымы: Cretaceous - Recent, 84-0 Ma
ПреК
К
О
С
Д
Кр
П
Т
Ю
Б
Пг
Н
Нил қолтырауыны ( Crocodylus niloticus )
Owen, 1842
Қолтырауындар ареалы
Crocodylidae
Gavialidae
Қолтырауындар (лат. Crocodylia , гр. κροκόδειλος - малта тастай құрт) - бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды.
Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар. Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктеледі. Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді.
Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2 - 7 метр Басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша қолтырауын басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері мен танау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар (остеодермалар) орналасқан. Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі - жүрегі 4 камералы (қуысты) . Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығы жоқ.
Қолтырауындар жыныстық жағынан 8-12 жылда жетіледі. Аналықтары 20-100-дей жұмыртқасын су жағалауындағы құмның немесе батпақтың шіріген жапырақтары мол жерлерге көмеді. Кейбір түрлерінің (Миссисипи аллигаторының) жұмыртқасынан 63 күнде, ал Ніл қолтырауынының жұмыртқасынан 3-4 айда ұрпақтары шығады. 50-85 жылдай тіршілік етеді. Балықтармен, судағы омыртқасыз жануарлармен, кейде құстармен, сүтқоректілермен де қоректенеді. Ніл қолтырауындары, жалды қолтырауындар адам үшін қауіпті. Қолтырауынның барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі кезде біраз елдерде (АҚШ, Куба, Жапония, Мьянма, Кения, т. б. ) қолтырауын арнайы фермаларда қолда өсіреді. Ертеде Мысырда қолтырауындарды киелі санап, оған табынған, әрі арнайы мумиялап, фараонның мүрдесімен бірге жерлеп, пирамидаларда сақтаған. 1903 жылы Шығыс Африкада ұзындығы 7, 6 метр, Мадагаскар аралынан ұзындығы 10 метр қолтырауын ұсталған. Қолтырауынның ең ірісі Индонезияда, Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарында таралған жалды қолтырауындар. Олардың ересектерінің денесінің орташа ұзындығы 4, 2-4, 8 метр, ал салмағы 408-520 килограмм. 1957 жылы ұсталған жалды қолтырауынның ұзындығы 8, 63 метр, салмағы 1 тоннадан астам тартқан. [1] Белсенділігі түнде басталады. ХТҚО Қызыл кітабына 26 түр, оның ішінде 15 түрі нағыз қолтырауындар енгізілген. [2]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиетт- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын - Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Тасбақалар
Қазбалық ауқымы: Late Triassic - Recent, 215-0 Ma
ПреК
К
О
С
Д
Кр
П
Т
Ю
Б
Пг
Н
Terrapene carolina
Macartney, 1802
Линней, 1758
Көк: теңіз тасбақалары, қара: жер тасбақалары
Pleurodira
тағы басқалары
Тасбақалар (лат. Testudines ) - бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz