Білім берудің жаңа техналогияларын «Бауырымен жорғалаушылар» тарауын оқу процесінде қолданудың жолдарын анықтау



КІРІСПЕ
1 Тері жабындысы
2 Қаңқасы
3 Ас қорыту жүйесі
4 Тыныс мүшелері
5 Зәр шығару мүшелері
Ел призиденті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» атты Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім. Мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамассыз етіп, оны іске асыратын басты тұлға мұғалім. Болса, бүгінгі таңда мұғалімдерге қойылып отырған талаптар өте жоғары. Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепте кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа техналогияларын меңгерген, кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту теориясы мен тәжірбиесінің көрсетіп отырғандай, педагогикалық үрдіске қатысушылардың кәсіби және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті мектепте инновациялық білім беру техналогияларын пайдаланумен байланысты.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыруда жаңа техналогияларды дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Ел призиденті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында атты Жолдауында ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім. Мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамассыз етіп, оны іске асыратын басты тұлға мұғалім. Болса, бүгінгі таңда мұғалімдерге қойылып отырған талаптар өте жоғары. Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепте кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа техналогияларын меңгерген, кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту теориясы мен тәжірбиесінің көрсетіп отырғандай, педагогикалық үрдіске қатысушылардың кәсіби және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті мектепте инновациялық білім беру техналогияларын пайдаланумен байланысты.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыруда жаңа техналогияларды дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады. Осы техналогия компьютерлік техналогия деп аталады. Оқытудың компьютерлік техналогиясы бұл - оқушының өз бетінше таным қызметін, оқытуды оқу үрдісін басқаруды жеделдетуге бағытталған әдістемелік бағдарлама және компьютер арқылы ақпаратты дайындау, және беру үрдісі.
1970 жылдардың басынан бастап көптеген елдердің жоғарғы оқу орындарында оқу іс - әрекетінің дәстүрлі әдістері мен түрлерін сыни қайта қарау мен модеріндеу іске асырылуда, олардың жаңа және тиімділері іздестірілуде. Содан бері білім беру саласында бірқатар дағдарыстар қоғам талаптарына сай қазіргі күннің қажеттілігін қамтамассыз ететін оқыту әдіс - тәсілдерімен байытылуда. ХХІ ғасырға жаңа аяқ басқан заманда көптеген қазақстандық жоғары оқу орындары еуропалық стандарт бойынша несиелік жүйеге көшуде. Осы жоғары мектеп оқушылары өз бетімен жұмыс жасауына бағытталған жаңа әдістерді оқу - тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалануда. Солардың бірі - оқытудың белсенді әдістері. Жоғары оқу орны оқытушыларының негізгі күш - жігері тәрбиелік жолмен жүзеге асатын танымдық іс - әрекетті белсендіру әдіс - тәсілдерін іздестіруге бағытталған.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында Электрондық оқулықтарды пайдалану жас өспірімдердің танымдық белсенділігін артырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек ұстаздың айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементтің жанында жазуы болады.
Заман талабына сай ой-өріс дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану - оқытудың жаңа техналогиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен ең алғаш рет қазақ тілінде Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы жасалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
* Білім берудің жаңа техналогияларын Бауырымен жорғалаушылар тарауын оқу процесінде қолданудың жолдарын анықтау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер.
* Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша мультимедиялық презентациялар құрастыру.
* Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша интерактивті тақтаны және Smart Board бағдарламалық қамтамассыз етуді қолданудың жолдарын анықтау.
* Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқулықты құрастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ең алғаш рет қазақ тілінде Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы жасалды. Онда бауырымен жорғалаушылардың биологиялық ерекшеліктері, жіктеуі және экологиясы толығымен сипатталған. Осының бәрі омыртқалылар зоологиясы пәнінен білім берудің жаңа техналогияларын қолдануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар осы класқа жататын Қызыл кітапқа енген түрлерінің сипаттамасымен де танысуға болады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
* Электронды оқулықты жоғары оқу орындарында 5В11300-Биология мамандығы студенттері омыртқалылар зоологиясы пәнінде пайдалана алады.
* Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қосымша материалдар ретінде пайдалана алады. Электронды оқулықтан мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алады.
* Электронды оқулықты Интернет желісіне орналастыруға болады.

2 Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғары сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфилдер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, репителлер, құстар және сүтқоректі жануарлар құрылықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар.бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Барлық жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құрылықта, кейбір тірі туатын түрлері ( мысалы, кит тәрізділер ) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбрионалдық дамуындағы бір ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілерде ұрық қабы бала жататан орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық ағзаның арасындағы органикалық байланысты түзеді.
Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омырқалыларға тән белгілер бауырмен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде қайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі амфилдер мен балықтарға қарағанда жақсы жетілген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлігінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғары сатыдағы омыртқалылардың ішінде нашар ұйымдасқан ағза болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес, мысалы кейбір кесірткілердің белсенді қозғалысы кезіндегі дене температурасы- 14-32 градустың арасында болады.
Классификациясы. Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазіргі рептилелердің шамамен 5000-5500 дей түрі белгілі. Олар 4 класс, 9 отрядқа бөлінеді.
1 - класс тармағы. Алғашқы кесірткілер немесе ящерогадылар (Prosauria)
1 - отряд. Тұмсықбастылар (Rhynchocephalia)
ІІ - класс тармағы. Қабыршақтылар (Sguamata)
2-отряд. Кесірткелер (Lacertilia)
3-отряд. Хамелеондар (chamaeleotes)
4-отряд. Жыландар (Ophidia)
ІІІ - класс тармағы. Крокадилдер. ( Crocodilia)
5-отряд. Крокодилдер (Crocodilia)
ІY-класс тармағы. Тасбақалар (Chelonia)
6-отряд.Жасырын мойындылар (Cryptodira)
7- отряд. Бүйір мойындылар. (Pleurodira)
8- отряд, Теңіз тасбақалары (Cheloiidea)
9- отряд. Жұмсақ терілілер (Trionychoidae)
2,1 Рептилилердің дене құрылысы.
Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай репитилилерді үшке бөледі.
Кесіртке тәрізділер. Бұлардың сыртқы құрылысы рептлилердің көпшілігіне тән және біріне бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткілер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
Жылан тәрізділер. Бұлардың денесі цилиндір пішінді, яғни жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі айқын ажыратылмай бір - бірімен жалғасып кетеді. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы топтың арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардың басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Керісінше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
Тасбақа тәрізділер.Тасбақа тәрізділердің денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады.
2,2 Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп отырады. Оны төменгі жатқан қабаты қалпына келтіреді.
Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуының үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткілердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжын, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анықталмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландар да тері бездерінің нұсқасы болады.
2,3Қаңқасы. Омыртқа жотасы. Кесірткелердің көпшілігінің омыртқа жотасы, процельдік (омыртқа денесінің алдыңғы жағы ойық, арт жағынан дөңес) омыртқалардан қалыптасқан. Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді (омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан ойыс келеді). Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық.
Кесірткелердің мойын омыртқасының саны 8. Рептилилердің мойын омыртқалары амфибилердің мойын омыртқаларынан көп және бұлардың алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады.Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын ауыз омыртқа, екіншісін-эпистрофея деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ұлпасы арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Қызыл кітап
Заманауи педагогикалық технологиялар
Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі
Жорғалаушылардың денесінің құрылымы
Биологиядан тест тапсырмаларының түрлері
Ұшатын жәндіктерді жинау әдістері
Құбылғылардың биологиялық ерекшеліктері
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Пәндер