Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Кіріспе.
I. Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
1.1 Сүтқоректілердің тіршілік ету жағдайлары және таралуы
II. Сүтқоректілердің экологиялық топтары
2.1 Жер бетінде мекендейтін сүтқоректі жануарлар
2.2 Жер астында тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар
2.3 Суда тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар
2.4 Ұшып тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар
2.5 Қоректенуі, көбеюі
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Сүтқоректілер өте кең тараған жануарлар тек қана Антрактикалық материкте ғана кездеспейді. Мүзды мұхиттың солтүстігіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған. Материктен мүлдем бөлінген Мүзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединениенің өзінен (Карск теңізі) Сібір түлкісі мен солтүстік бүғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет байқаған.
Сүтқоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ететін көптеген түрі бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауының теңіз деңгейінен 3000-4000 м биіктігінде көптеген найза күйрық сүр тышқандардың, суырлардың, жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биіктігіне дейін жабайы қойлар таралған.
Сүтқоректілер класының өкілдері-алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нағыз су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тэн ерекшелік, басқа кластың өкілдеріне қарағанда. алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген ағзалар екендігі.
Сүтқоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында жүреді-мысалы, үй тышқандары, егеуқүйрықтар, сүртышқандар, кейде қасқыр, түлкі т.б.
Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында маймылдардың көптеген түрлері, эсіресе адам тэрізді маймылдар, сол сияқты бегемоттар, мүйіз түмсықтар, тапирлар т.б. тіршілік етеді.
Сонымен қатар сүтқоректілердің көптеген түрлері эр түрлі температура жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жануарларға Еуропалық бөлікте тіршілік ететін ақ қоян. Якутия жағдайындағы түлкілер, Мүзды мұхиттың жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.
Ауа дымқылдығы сүтқоректілердің таралуына жанама фактор болса да әсері бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана азап шегеді. Ондай сүтқоректілер бегемоттар мен буйволдар-ылғалдығы мол тропиктік облыстарда тараған.
Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүтқоректілердің тіршілігіне өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Формозовтың (1946) мэліметі бойынша, 90 сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды. Еліктер қардың қалыңдығы 50 см, жабайы шошқалар 30-40 см болғанда тіршілігі қиындайды.

1. Константинов В.М., Наумов СП., Шаталова СП., Зоология позвоночных, 3-е издание Москва, 2004,382-386 стр, 405-427 стр.
2. Макенова М.С, Электронды омыртқалылар зоологиясы дэрістер курсы, 206-216 6.
3. Константинов В.М., Наумов СП., Шаталова СП., Зоология позвоночных, 3-е издание Москва, 2004, 386-405 стр.
4. Макенова М.С, Электронды омыртқалылар зоологиясы дэрістер курсы, 193-206 6.

Мазмұны
Кіріспе.
I. Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
1.1 Сүтқоректілердің тіршілік ету жағдайлары және таралуы
II. Сүтқоректілердің экологиялық топтары
1. Жер бетінде мекендейтін сүтқоректі жануарлар
2. Жер астында тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар
3. Суда тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар
4. Ұшып тіршілік ететін сүтқоректі жануарлар
5. Қоректенуі, көбеюі
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе:
Сүтқоректілер өте кең тараған жануарлар тек қана Антрактикалық
материкте ғана кездеспейді. Мүзды мұхиттың солтүстігіндегі аралдарда жер
бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің бірнеше түрі кездесетіндігі
байқалған. Материктен мүлдем бөлінген Мүзды мұхиттың ортасындағы арал,
мысалы, Уединениенің өзінен (Карск теңізі) Сібір түлкісі мен солтүстік
бүғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет байқаған.
Сүтқоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ететін көптеген
түрі бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауының теңіз деңгейінен 3000-4000 м
биіктігінде көптеген найза күйрық сүр тышқандардың, суырлардың, жабайы
ешкілердің, тау текелердің және барыстың тіршілік ететіні белгілі.
Гималайдың 6000 м биіктігіне дейін жабайы қойлар таралған.
Сүтқоректілер класының өкілдері-алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған.
Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нағыз су
жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз
емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тэн ерекшелік, басқа кластың
өкілдеріне қарағанда. алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген
ағзалар екендігі.
Сүтқоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында жүреді-
мысалы, үй тышқандары, егеуқүйрықтар, сүртышқандар, кейде қасқыр, түлкі
т.б.
Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында
маймылдардың көптеген түрлері, эсіресе адам тэрізді маймылдар, сол сияқты
бегемоттар, мүйіз түмсықтар, тапирлар т.б. тіршілік етеді.
Сонымен қатар сүтқоректілердің көптеген түрлері эр түрлі температура
жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жануарларға Еуропалық бөлікте
тіршілік ететін ақ қоян. Якутия жағдайындағы түлкілер, Мүзды мұхиттың
жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.
Ауа дымқылдығы сүтқоректілердің таралуына жанама фактор болса да әсері
бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана
азап шегеді. Ондай сүтқоректілер бегемоттар мен буйволдар-ылғалдығы мол
тропиктік облыстарда тараған.
Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүтқоректілердің тіршілігіне
өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Формозовтың (1946) мэліметі бойынша, 90
сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды. Еліктер қардың
қалыңдығы 50 см, жабайы шошқалар 30-40 см болғанда тіршілігі қиындайды.
Сүтқоректілердің негізгі сезім мүшелері-есіту және иіс мүшелері болып
саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтағы немесе қараңғылығы) олардың
мінез-құлқының өзгеруіне, қүстарға әсер еткендей әсері болмайды.
Сүтқоректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері
бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы мэңгі жарыққа тез
үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мэңгі қараңғылығы күндізгі
жануарлардың тіршілігіне нүқсан келтірмейді.
Көпшілік сүтқоректілер топырақ түрін және оның қатты немесе жүмсақтығын
талғағыш келеді. Қосаяқтардың кейбір түрі тек қана сусымалы қүмда тіршілік
етеді, сондай жерді шанышқы қүйрық саршүнақ тышқандар да мекендейді, ал
үлкен қосаяқтар топырағы жүмсақ жерлерде жиі кездеседі. Өйткені топырағы
қатты жерден ін қаза алмайды. Қойдың түрлері рельефі эр түрлі горизонты кең
жайылымдарды мекендейді. Ешкілер рельеф жағдайына тіпті талап қойғыш
келеді. Олар жартасты ланшафтыда таралған. Жабайы шошқаларға тамағын таба
алатын жүмсақ, сазды жер керек. Керісінше, жылқылар, ақбөкендер, түйелер
сазды жерлерде болмайды.
Жалпы сүтқоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы қүрлықтық түрлеріне
қарағанда жоғары сатыдағыларында өте күрделі екенін атап өтуге болады.
Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі
көбінесе жоғары дамыған орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.
Сүтқоректілердің экологиялық топтары.
Омыртқалылардың ішіндегі сүтқоректілер алуан түрлі болып кездеседі.
Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүтқоректілерге жататын ағзалар жер
бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.
Алғашқы сүтқоректілер жерде-орманда тірішік еткен болу керек, бірақ
эволюциялық бейімделушілік төмендегідей экологиялық топтардың шығуына
себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4)
ү_шатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда
көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.
1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарында қүрлықтың барлығында
кездесетін сүтқоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен
таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа
жажатын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін
деп екіге бөледі.
Орманды және ірі бүталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік
жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің
қалыңдығы, жануарлар мекендерінің түрақты және түрлерінің көп болуына әсер
етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан
түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.
а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады.
Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады,
көбею және дем алу үшін ү_я жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың
өкілдері әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком
жемділерден-оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден-тиіндер, үшарлар;
жыртқыштардан-кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден-жалқаулар,
кейбір. күмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген
түрлері т.б. жатады.
Ағашта тіршілік етуге эр түрлі икемделген көптеген жануарлар ағашқа
шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиіндер, аюлар, сусарлар,
қүмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген
саусақтарының көмегімен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында,
орман қүмырсқа жегіштерінде, қалталылардан-опссумда қармалағыш қүйрық
болады.
Көптеген түрлері-гиббондар мен өрмекші тәрізді маймылдар ағаштан-ағашқа
секіруге икемделген. Кейбір түрлері-үшарлар мен жүн қанаттылар бірсыпыра
жерге қалықтап үшып бара алады.
Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кейбір түрі
өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан
жапырақты ағаштардың түқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе
жемістермен қоректенеді. Орман аюлары эр түрлі тамақты: етті, жемісті,
бұлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік мүшелерін пайдаланады. Жыртқыш
жануарларды да жейді. Мүндай жануарлар (тиіндер, үшарлар) балалау немесе
дем алу үшін ағашқа бүтақтан үя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.
б) Орман жануарларының ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде
тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағының бірсыпырасын ағаштан
тауып, үясын кезкелген жерге салады. Мысалы, бұлғын тамағының көпшілігі
тышқан тэрізді кемірушілерді (20-50%) жерден тапса, 30-60 пайызға дейін
жаңғақ пен бұлдірген, оған қосымша 5-10% қүстарды, 1-15% тиіндерді ұстап
қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, қүлаған ағаштың шіріген
қуысында, тамырының астына үялайды. Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен,
кемірушілермен, бунақденелілермен және араның балымен қоректенеді. Бұлар
ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың
жоғарғы бүтақтарының арасына салады. Қысқы үйқысын ағаштың түбіндегі
үйгірлерінде өткізеді.
Кемірушілерден бұл айтылған топқа шүбар тышқан жатады. Шұбар тышқан
уақытының көбін жерде өткізеді. Бұлдіргенмен, дэнді дақылдармен, бұршақтың
түқымымен және саңырауқүлақпен қоректенеді. Ағашқы жақсы өрмелеп шыға
алады, бірақ тиіндер сияқты ағаштан ағашқа секіре алмайды. Қүйрығы қысқа,
аса жүндісінде болмайды. ¥ясын ағаштардың тамырының астына, қүлаған ағаштың
қуысына салады.
Жоғарыда көрсетілген жануарлар нағыз орман жануарлары болып саналады.
Сонымен қатар көп уақытын жерде де өткізеді.
В) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде
тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бұландар, күзендер,
бүғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен
табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т.б.) немесе
жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т.б.) балалайды. Бұл жануарлар үшін
орман-паналайтын ағашты алқап және қорек ретінде пайдаланатын табиғат
байлығы.
2. Ашық кеңістікті мекендейтін- сүтқоректілердің түрлері де сан жағынан
көп деуге болады. Бұлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай
ерекшеліктері бар. Бірінішіден-мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи
бекіністер аз, ол жануарларды олардың жауларына-жыртқыштарға алыстан
байқауына мүмкіндік береді; екіншіден-өсімдік тектес тамақтық заттар
жеткілікті болады. Бұл экологиялық топқа эр түрлі отрядтың өкілдері
қалталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және түяқтылар
жатады. Осының негізінде олар өсімдікпен қоректенетін-кемірушілер мен
түяқтыларды қүрайды.
а) Түлқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүтқоректілердің ірі түрлері
жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, үзап жайылым қуып
кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы дал алы және
шөл жерлерде өте сирек кездесетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып
қүтылу қажеттігіне байланысты.
Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, бизондарда бір
сағатта 40-45 км, жирафтар-45-50, жабайы есектер-50-55, құландар-65 км жер
жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45-60
км, жолбарыс-80, леопардтар-112 км жер жүреді.
Басқа сүтқоректілерден айырмашалаға түяқтылар түрақты немесе тынығу
үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы
биік, үзын мойыны арқылы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге
өте шыдамды келеді.
б) Қосаяқтарға-аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді
мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және
көп уақыт жүгіреді. Бұлардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы
себепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозғалады. Осы
тэсілмен күм тышқандары да, солтүстік Американың кегуру тәрізділері де,
Африканың үзын сирақтылары да, Африканың насеком жемді секіргіш
қосаяқтарымен, Австралияның ұсақ қалталылары да осы лай жүреді.
Алдыңғы топтарға жататын жануарлардан айырмашылығы тек қана шөппен
қоректеніп қана қоймай, шырынды тамыр түйіндерімен, түйнек тамырмен, ал
кейбір түрлері-бунакденелілермен қоректенеді. Олар ешқашанда суды
пайдаланбай-ақ қорегінің қүрамындағы сумен қанағаттанады.
Екінші бір ерекшелігі бұлардың паналайтын түрақты және уақытша іні
болады. Осындай сенімді паналайтын орындары болғандықтан аз көтеріп, өте
нэзік бала туады.
в) Саршүнақтарға-далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді
мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар
шөппен және оның түқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне
байланысты, олар өзі тұрған мекенінен үзамайды. Түрақты іні болады, сол
жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы үйқыға жатады. Жайылып
шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі
іннің ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да элсіз, көзі
соқыр болып туады. Бұл топқа сарпгүнақтардан басқа суырлар, аламандар
жатады.
г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері
де бар. Бұл кеңінен таралған, эр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін
жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы
шошқалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде,
шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік
азықтарының қүрамы және оларды іздеп табу тәсілдері түрған орталығының
жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі
тттүңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады..
ІІ.Жер астында мекендейтін сүтқоректілерге-көртышқандар, соқырлар,
цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеушілердің отрядына, соқырлар,
цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына
жатады. Бұлардың бэрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы
жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін ағзалар. Сүтқоректілердің бұл
түрлері жердің эр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы, көртышқандар,
соқырлар, цокорлар Еуразияда, көртышқандай Солтүстік Америкада, қалталы
көртышқандар Австралияда тараған.
Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ қүра
алмайды, өйткені сүтқоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге
көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршүнақтардың іні-тұратын мекені ғана,
ал қоректік затын жер бетінен табады. Көптеген тышқандар, дала тышқандары
жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында
мекендейтін кішкентай сүр тышқан тереңдігі 10-20 см жерде 40-қа жететін
ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде
мекендейді. Орта Азияның оңтүстігінде тараған жалпақ тісті егеуқүйрықтар
тіршілігінің көпшілігін жер астында өткізеді және олар өсімдіктің
тамырларымен қоректенеді. Жалпақ тістілер кейде түрлі кезеңде жер бетіне
шығып, тамақтық зат іздейді. жОғарыда келтірілген түрлердің барлығының да
ініде сыртқа ашлатын түрақты аузы болады.
Жер астында тіршілік етуге толық көшкен- көртышқандар, цокорлар жер
бетіне шықпайды. Іні тқрақты мекені емес, жер астымен жүріп өткенде қалған
ізі сияқты жерді қазбай, оның ішінде топырақты жан-жаққа ысырып, жүзіп бара
жатқан сияқты болады. Сондықтан жер астын мекендейтін аңдар індерінің біраз
ғана бөлігін (0,01%) мекен етіп дем алады және балалайды.
Нағыз жер астына мекендейтін жануарлардың құрылысында-ерекше белгілері
болады. Денесі жүмыр, мойын айқын бөлінбеген. Көздері кішкентай, кейде
соқырлардікі тері қатпарымен жабылы, қүлақ қалқаны болмайды.
Кейбіреулерінің қүйрығының жүрнағы ғана болады. Осындай ерекшеліктерінің
барлығы олардың жер астындағы ініде де жүруге бейімделушілігі болып
саналады.
Әр түрлі жануарлардың жерді қазып, ін жасау тэсілдері түрліше болады,
мысалы, көртышқандар-өзінің қалақша тэрізді алдыңғы аяқтарының мықты
тырнағымен топырақты қазып, босаған топырақты жан-жаққа және артқа қарай
ысырып отырады. Вертикаль іедерде топырақты денесінің алдыңғы жағымен
итеріп шығарады. Цокорларда алдыңғы аяқтарының табандарымен қазады.
Соқырлардың алдыңғы аяқтарының табандары мен тырнақтары нашар жетілген,
сондықтан олар жерді өте жақсы жетілген күрек тістерімен қазады. Босаған
топырақты көртышқандар мен цокорлар сияқты иығымен сыртқа ысырып шығарады.
III. Су аңдары. Алдыңғы топтағыдай жер бетінде тіршілік ететін
жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көптеген аралық, жағдайлар бар.
Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүтқоректілерге-ескек
аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы
байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана қоймай,
су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады. Мысалы, сасық күзеннің
бір түрі—норка түщы сулардың жағалауында мекендейді. Ол су жағалауынан
қазған інінің аузын эрқашан күрлықтан шығарады. Өзі су маңындағы
кемірушілермен (әсіресе су тышқандарымен 15-30%), Амфибилермен (10-30%)
және балықпен (30-70%) қоректенеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ оның аяғының
қүрылысында және жүнінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сумен тығыз
байланысты-комшят. Іні судың жағасында болады аузын судың астынан шығарады.
Камшаттар су жағасынан 100-200 метрден артық қашық кетпейді. Негізінен
судағы балықтармен (50-80%) амфибилермен (10-20%) қоректенеді. Камшаттардың
аяқтары қысқа, саусақтарының арасында тері жарғақтары болады. Қүлақ
қалқандары өте кішкене келеді. Терісінің жүні ірі, сирек қылшықтан және
қалың түбіттен түрады. Теңіз камшаттарының бір түрі-Солтүстік Тынық мұхитты
мекендейтін, систематикалық жөнінен ірі теңіз камшаттарына жақын жануарлар.
Олар тіршілігінің көпшілігін суда өткізеді де тыныстау үшін жер бетіне
шығады, сөйтіп судағы кірпілермен, моллюскалармен, краптармен, кейде
балықтармен қоректенеді. Бұлар түнгі ұйқысын су жағасында өткізеді. Суда
жақсы жүзеді, ауа тынық уақытта жүзіп су жағасынан алыстап та кетеді. Олар
су жағасына ешқандай бекіністер жасамайды. Аяғы қысқа, саусақтары бірімен-
бірі тері жарғақ арқылы қосылған, тырнағының нүсқасы ғаңа бар, қүлақ
қалқаны болмайды. Терісінің жүні өте сирек ірі қылшықтан және қалың
түбіттен түрады.
Басқа отрядтың өкілдерінен аздап та болса сумен байланысты түрлерді
кездестіруге болады. Насеком жемділердің ішінде су жертесері судан
тамағының біразын алады, кейде қауіптен қүтылады.
Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген
түрлері бар. Бұларға ондатралар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер
негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса қүрлықтан алады. Жауларынан
қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген
өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді. Қүлақ қалқаны болмайды.
Саусақтарының арасында тері жарғағы болады. Терісі жоғарыда айтылған
жартылай су аңдарынікі сияқты болады. Ондатралар мен қүндыздардың май
бездері жақсы жетілген, бұл қүстың безі сияқты қызмет атқарады.
Ескек аяқтылар барлық тіршілігін суда өткізеді, су ішіндегі заттармен
қоректенеді, су бетінде тынығады. Тек қана шағылысу, күшіктеу, түлеу үшін
жағаға немесе мұзға шығады. Қүрылысында өзіндік ерекшеліктері бар. Аяғы
ескекке айналған, денесі үршық тәрізді жұмыр болады. Артқы ескектері жүзген
және сүңгіген кезде негізінен локомоторлық қүралдың қызметін атқарады. Тері
түгі болмайды, жылуды реттеу қызметін тері астындағы май қабаты атқарады.
Ешқашанда қүрлыққа шықпайтын нағыз су жануарлары-кит тэрізділер мен
сирендер болып саналады. Тері жабындысы (түгі) артқы аяғы болмайды.
Локомоторлық мүшенің қызметін қүйрық қанаты атқарады.
Су-сүтқоректілер үшін екінші тіршілік орта болып есептеледі. Алғаш кү-
рлықта тіршілік еткен жануарлар қайтадан суда тіршілік етуге эр түрлі
дэрежеде бейімделген. Жартылай, кейін толығынан су жануары болуының себебі:
судан қорек іздеу мен жауларынан жасырынатын болған. Осы жолмен
жануарлардың эр түрлі систематикалық топтары шыққан.
IV. ¥шатын жануарларға-қол қанаттылар немесе жарқанаттар жатады. Бұлар
орманды жерді мекендеп, ағаштан-ағашқа секіру, кейін қалықтап барып түсу,
соңында үшуға бейімделген. Мысалы, тиін секіргенде аяқтарын жан-жағына кең
жайып жіберіп, денесі керіліп, ауа кедергісін күшейтеді. Австралияның
цалталы тиіндерініц алдыңғы аяғының басына дейін жететін кішкене үшу
жарғағы болады. Біздің үшарлардың және оңтүстік азиялық жүн цанатының
алдыңғы және артқы аяғының арасында екі бүйірінде үшу жарғағы бар. Бұл
жануарлар он шақты метр жерге үшып бара алады.
Нағыз ұшатын жануарларға-қол қанаттылар немесе жарқанаттар жатады.
Өйткені, бұларда қүстарға үқсас бірнеше жаңа белгілер пайда болған. Мысалы,
үшуға әсер ететін еттері бекінетін, төс қыры болады. Оның кейбір
элементтерінің бірігіп кетуіне байланысты көкірек клеткасы мықты болып
күрылған. Ми сауытының сүйектері де кірігіп кеткен.Тжануарлары болғандықтан
есіту және сезім мүшелері өте жақсы жетілген.
Қоректену. Сүтқоректілердің тамағының қүрамы алуан түрлі болады. Олар
тамақтану үшін алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланады. Оны
жануарлар эр түрлі тіршілік орталықтарынан табады. Осы жағдай
сүтқоректілердің түрінің коп болуына және кеңінен таралуына себепші болған.
Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүтқоректілерді-өсімдікпен
қоректенетіндер және жануарлармен қоректенетіндер деп екі топқа бөлуге
болады. Бұлай бөлу шартты түрде алынбаған, өйткені бірыңғай жануармен
немесе өсімдікпен қоректенетін сүтқоректілердің түрлері өте аз. Жалпы
сүтқоректілердің көпшілігі аралас тамақпен де қоректенеді. Тамақтың қандай
түрінің басым болатыны тіршілік еткен жерінің жағдайына, жыл маусымына тағы
басқа себептерге байланысты.
Мезозой дәуіріндегі қүрылысы қарапайым сүтқоректілер көбінесе қүрлықта,
аздап та болса насекомдармен, моллюскалармен, қүрттармен, ұсақ амфибилермен
және рептилилермен қоректенген. Осындай қоректені тәсілі қазіргі қүрылысы
өте қарапайым топтарда: насеком жемділердің көптеген түрлерінде (жер
тесерлерде, тенректерде, кірпілерде) және көп күрек тісті қалталылардың
кейбір түрінде сақталған. Олар қорегін жер бетінен іздеп тауып, таяз
індерге жияды.
Жоғарыда айтылған топтармен қатар қоректенуі бойынша насеком
жемділердің өте маманданған бүтағы пайда болған. Бүған насекомдарды ауадан
үстайтын жарқанаттар, қүмырсқалармен, термиттермен және олардың
дернәсілдерімен .қоректенетін-қүмырсқа жеушілер, түтік тістілер, ал
біртесіктілерден-ехидналар жатады. Қүрт-қүмырсқаны үстауға бейімделген
түмсығы үзын, желімді тілі, мықты тырнақтары болады. Мүндай маманданған
насеком жемділерге көртышқандар жатады, өйткені олар өзінің қоректік затын
топырақтың қалың қабатынан тауып жейді. Оның қорегі көбінесе жауын
қүрттары, қоңыздар, моллюскалар, көп аяқтылар болып саналады.
Биологиялық жыртқыштарға-жыртқыштар, ескек аяқтылар және кит тэрізділер
отрядына топтасатын жануарлардың түрлері жатады. Филогенетикалық жағынан
олар насеком жемділерге жақын, жылы қанды омыртқалылар сияқты ірі
жануарлармен қоректенуге көшкен бір жалпы түбірдің бүтағы болып саналады.
Талдау жасалып отырған топтың аздаған түрлері ғана тек жануарлармен
қоректенеді. Оларға: мысықтар, ақ аюлар жатады. Көпшілігі азды-көпті болса
да өсімдікпен, ал жыртқыштар көбінесе тышқан тэрізді кеміргіштермен,
қояндармен, насеком жемділермен, өлекселермен, қүстармен, бунакденелілермен
және өсімдіктермен қоректенеді.
Су жануарларының көпшілігі жануар тектес тамақпен, мысалы тісті киттер
тек қана балықтармен және теңіз сүтқоректілерімен (тюленьдермен, ұсақ
мүртты киттермен), қоректенеді. Мүртты киттер шаян тэрізділермен, аздап та
болса балықтармен қоректенеді. Су аңдарының бір азғана түрі су түбіндегі
омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Оған ескек аяқтылардан-теңіз қояндары,
тісті киттерден-кашалоттар жатады.
Өсімдік пен қоректенетін жануарлар өте көп. Бүған маймылдардың,
жартылай маймылдардың көпшлігі, мүкі тістілерден-жалқаулар, кемірушілердің
көпшілігі, түяқтылар, екі күрек тістілер, қалталылар, кейбір жарқанаттар,
ал теңіз аңдарынан-сирендер жатады. Тамағының сипатына қарай бұларды шөп
жеушілер, дән жеушілер және жеміс жеушілер деп белуге болады. Бү_л шартты
бөлу емес, өйткені орта жағдайына байланысты олар қайсысымен болса да
қоректене береді. Нағыз шөп жеушілерге-жылқылар, сиырлар, ешкілер, қойлар,
кейбір бүғылар және көптеген кемірушілер жатады. Шөппен қоректенетін
түяқтылардың жақтар мен тілдері өте жақсы жетілген және қозғалмалы болады.
Ac қорыту мүшесі де күрделенген . Жүмсақ шөппен қоректенуіне байланысты жүп
түяқтылардың күрек тістері жойылып кеткен. Далалы және шөлді жерде
жайылатын, барынша қатты шөппен қоректенетін жылқылардың жоғарғы күрек
тістері сақталған. Кемірушілер, түяқтылар секілді, шөпті ерінімен қамтымай,
күрек тістерімен жүлады (ондатралар, сүр тышқандар т.б.). Сондықтан олардың
күрек тістері ерекше жетілген. Шөп жеушілердің бэріне тэн бір ерекшелік
ішектері үзын-күйіс қайыратындарында қарнының күрделі болуында.
Кемірушілердің бүйені өте жақсы жетілген.
Бүғылар, пілдер, қояндар, жалқау аңдар, қүндыздар, жирафтар, бөкендер,
бұландар-ағаштың бүтағымен, қабығымен, жапырағымен қоректенеді. Қыста
ағаштың бүтағы мен жапырағын жиі пайдаланады.
Өсімдік жеуші жануарлардың көпшілігі тек қана өсімдік түқымымен
қоректенеді. Мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың түқымымен, ал
шұбар тышқан осымен қатар, дәнді дақылдың және бүршақтың түқымын да
пайдаланады. Тұқыммен қоректенетін жануарлардың тіршілігі түқым беретін
өсімдіктердің өніміне байланысты. Егер олардың өнімі болмаса жануарлардың
жер аударуына немесе қырылып қалуына себепші болады. Мысалы, біздің тиіндер
қылқан жапырақтыларда дәні болмай қалған жылдары смоласы көп түйіндерімен
қоректенеді.
Жеміспен ғана қоректенуге маманданған сүтқоректілер. Оған маймылдар,
жартылай маймылдар, итбас жарғанаттар крыландар, кемірушілерден-найза
қүйрықтылар жатады. Өсімдіктердің шірнеліктерімен тропиктегі кейбір
жарқанаттар қоректенеді.
Солтүстік бүғылар, ақ қояндар және жанат тәрізді иттер сияқты аңдардың
көптеген түрлері жыл мерзімінің, климат жағдайының және азық қорының
өзгеруіне сэйкес бейімделеді. Мысалы, жанат тэрізді иттер Қиыр Шығыста
жазда амфибилермен, моллюскалармен, бунақденелілермен қоректенсе, қыста
балықты, тышқан тэрізділерді, жемісті және өсімдік тектес басқа азықтарды
көбірек пайдаланады.
Көбеюі. Сүтқоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері: 1) іште
үрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы), 3) оларды сақтау
үшін арнаулы үя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен
қоректендіріп, көп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің
ішінде екінші мен төртінші нағыз сүтқоректілерге тэн белгі, ал бірінші мен
үшінші басқа да жер бетінде тіршілік ететін.омыртқалыларда кездесе береді.
Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі
сүтқоректілердің бэріне бірдей тэн бола бермейді. Сондықтан сүтқоректілерді
төрт биологиялық топқа белуге болады.
1. Үрықтанған жүмыртқа туып, оны басып бала шығаратындар мысалы,
үйректүмсықтар.
2. Үрықтанған жүмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде пайда
болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жүмыртқадан шыққан жас
ағза сүт безінен бөлінетін сүтпен қоректеніп, ересек ағзаға айналады. Бұл
ехидналарға тән көбею болып саналады.
3. Шала тірі туатындар. Олардың бал асы жатында, нағыз плацента пайда
болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте элсіз баласын, көбею кезінде анасының
қүрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей
етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан
сүтті жүтып, осы қалтада жетіледі. Мүндай тэсілмен қалталылар көбейеді.
4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар.
Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан
бұл топқа жататын жануарларды - плацентарлы сүтцоректілер деп атайды.
Жануарлардың бұл топтарының көбеюінде айырмашылық болумен қатар,
жүмыртқаларының сипатында да айырмашылық болады. Жүмыртқа туатындарының
жүмыртқасы ірі (10-20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты,
сыртында тығыз пергамент тэрізді қабығы болады.
Қалталылардың жүмыртқасы ұсақ 10,2-0,4 мм), ал плаценталылардікі оданда
ұсақ (0,05-0,2 мм) болады.
Сүтқоректілердің буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының
жетілу дэрежесі де түрліше болады. Бұл бала туатын жағдайға байланысты.
Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған үяларда,
немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың,
зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт
көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады.
Мысалы, сүр аламан 11-13 күн, үй тышцандары 18-24 күн, сүр дала тышцаны 16-
23 күн, ірі ондатралар 25-26 күн, тиіндер 35-40 күн, цара бурыл түлкілер 52-
53 күн көтереді.
Қарапайым үяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындардың буаз болу
уақыты үзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты
мысық түқымдастардың буаз болу мерзімі 90-133 күнге дейін созылады.
Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін
сүтқоректілердің буаз болу уақыты оданда үзағыраққа созылады. Мысалы,
бүғылардың буаз болу мерзімі 8-9 айға, ешкі мен қойлардікі 5-6,
жылқылардікі, есектердікі және қүландардікі 10-11 айға созылады.
Сүтқоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық
жетілуіне, алғашқы баласымен соңғы баласын көтеру уақытына, соңында
жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық
жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10-15, мүйіз түмсықтарда 12-
20, бүғыларда 2-4, аюлар мен жолбарыстарда 3-4 жасында жыныстық жағынан
толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін
иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер-
кемірушілер және қоян тэрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-
ақ көбею дэрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей
бастайды. Тіпті тез ержететін ұсақ тышқан тэрізді кеміргіштер-үй тышқандары
2-5 айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сү_р
тышқан 2 айлығында көбейе береді.
Сүтқоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі эр түрлі болады.
Пілдер, мүртты киттер, жолбарыстар 2-3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала
туады. Қуыс мүйізділер, бүғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп бір ғана бала
туады. Ит тэрізділер мен мысық тэрізділер жылына бір рет қана балалағанымен
бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2-8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3-
10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4-18-ге дейін күшік туады.
Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қояндар бір
жылда 2-3 рет көбейіп, эрбір көжектегенде 3-12-ден көжек туады. Тиіндер
жылына 2-3 рет балалап, әрбір балалағанда 2-10-ға дейін, тышқандар жылына 3-
7 рет балалап, эрбір балалаған сайын 2-10-дан көжек туады.
Көбею жылдамдығы сүтқоректілердің өмірінің ұзақтығына және оның
түрлерінің өлу жылдамдығына байланысты. Жалпы ереже бойынша ұзақ
жасайтындар өте баяу көбейеді. Мысалы, пілдер 70-80 жыл, аюлар мен ірі
мысықтар 30-40 жыл, иттер 10-15 жыл, тышқан тэрізді кеміргіштер 1-3 жылға
дейін өмір сүреді.
Тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты көбею жылдамдығы да жыл сайын
өзгеріп отырады. Бұл эсіресе, өсімтал түрлерден айқын байқалады. Мысалы,
ауа райы жақсы тамақтық зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап,
эрбір балалағанда 6-10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары үрғашылары
ашығып, арықтап жылына 1-2 рет балалап, 2-3-ке дейін ғана көжек туады.
Туатын үрғашыларының саны азаяды, сөйтіп жылдамдығы күрт төмендеп кетеді.
Бұл сияқты жағдайлар барлық аңдарда да кездеседі.
Сүтқоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрлері болады.
Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен үрғашысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz