Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
КІРІСПЕ
1. Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
1.1 Сүтқоректілердің тіршілігі мен таралуы
1.2 Сүтқоректілердің қоректенуі
2. Сүтқоректілердің экологиялық топтары
2.1 Сүтқоректілердің тіршілік орталары бойынша топтасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Сүтқоректілер өте кең, тараған жануарлар, тек қана Антрактикалық материкте ғана кездеспейді.
Мұзды мұхиттың солтүстігіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілерді бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған. Материктен мүлдем бөлінген Мұзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединениенің өзінен (Қарск теңізі) Сибирь түлкісі мен солтүстік бүғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет байқаған.
Сүтқоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ете тін көптеген түрлері бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауы-ның теңіз деңгейінен 3000—4000 м биіктігінде көптеген найза құйрық сұр тышқандардың (Stепосгапіиs), суырлардың (Маг-тоіа), жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың (Uпсіа ипсіа) тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биіктігіне дейін жабайы қойлар таралған.
Сүтқоректілер класының өкілдері — алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нагыз су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тән ерекшелік, басқа кластың өкілдеріне қарағанда, алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген организмдер екендігі.
Сүтқоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында жүреді — мысалы, үй тышқандары, егеуқұйрықтар, сұртышқандар, кейде қасқыр, түлкі т. б.

1. Moore RT. (1980). "Taxonomic proposals for the classification of marine yeasts and other yeast-like fungi including the smuts". Botanica Marine 23: 361–73.
2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
2 Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
3 Шварцман С.Р., Материалы к истории микофлоры Казахстана, А.-А., 1962;
4 Калымбетов Б., Микологическая флора Заилийского Алатау (Северный Тянь-Шань), А.-А., 1969;
5 Әбиев С., Қазақстан астық тұқымдас өсімдіктерінің сүтқоректілері, А., 2002

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
1.1 Сүтқоректілердің тіршілігі мен таралуы
1.2 Сүтқоректілердің қоректенуі
2. Сүтқоректілердің экологиялық топтары
2.1 Сүтқоректілердің тіршілік орталары бойынша топтасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сүтқоректілер өте кең, тараған жануарлар, тек қана Антрактикалық
материкте ғана кездеспейді.
Мұзды мұхиттың солтүстігіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін
сүтқоректілерді бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған. Материктен мүлдем
бөлінген Мұзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединениенің өзінен
(Қарск теңізі) Сибирь түлкісі мен солтүстік бүғыларының тіршілік
ететіндігін бірнеше рет байқаған.
Сүтқоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ете тін көптеген
түрлері бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауы-ның теңіз деңгейінен 3000—4000
м биіктігінде көптеген найза құйрық сұр тышқандардың (Stепосгапіиs),
суырлардың (Маг-тоіа), жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың
(Uпсіа ипсіа) тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биіктігіне дейін
жабайы қойлар таралған.
Сүтқоректілер класының өкілдері — алуан түрлі тіршіліктік ортаға
тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нагыз
су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз
емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тән ерекшелік, басқа кластың
өкілдеріне қарағанда, алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген
организмдер екендігі.
Сүтқоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында
жүреді — мысалы, үй тышқандары, егеуқұйрықтар, сұртышқандар, кейде қасқыр,
түлкі т. б.
Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында
маймылдардың көптеген түрлері, әсіресе адам тәрізді маймылдар, сол сияқты
бегемоттар, мүйіз тұмсықтар, тапирлар т. б. тіршілік етеді.
Сонымен қатар сүтқоректілердің көптеген түрлері әр түрлі температура
жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жануарларға Европалық бөлікте
тіршілік ететін ақ қоян, Якутия жағдайындағы түлкілер, Мұзды мұхиттың
жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.
Ауа дымқылдығы сүтқоректілердің таралуына жанама фактор болса да әсері
бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана
азап шегеді. Ондай сүтқоректілер бегемоттар мен буйволдар — ылғалдығы мол
тропиктік облыстарда тараған.
Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүтқоректілердің тіршілігіне
өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Формозовтың (1946) мәліметі бойынша, 90
сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды. Еліктер қардың
қалыңдығы 50 см, жабайы шошқалар 30—40 см болғанда тіршілігі қиындайды.
Сүтқоректілердің негізгі сезім органдары — есту және иіс органдары
болып саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтығы немесе қараңғылығы)
олардың мінез-құлқының өзгеруіне, құстарға әсер еткендей әсері болмайды.
Сүткоректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері
бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы “мәңгі” жарыққа тез
үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мәңгі қараңғылығы күндізгі
жануарлардың тіршілігіне нұқсан келтірмейді.
Көпшілік сүтқоректілер топырақ түрін және оның қатты немесе
жұмсақтығын талғарыш келеді. Қосаяқтардың кейбір түрі, мысалы (Рагасііриз
сіепосіасіуіиз) тек қана сусымалы құмда тіршілік етеді, сондай жерді
шанышқы құйрық, саршұнак, тышқандар да (Зрегторһііорзіз Іеріосіасіуіиз)
мекендейді, ал үлкен қосаяқтар (А1асіа§а ]аси!из) топырағы қатты жерлерді
ғана мекен етеді. Жер астында тіршілік ететін соқырлар мен көртышқандар
қатты топырақты жерден де, топырағы жұмсақ жерлерде жиі кездеседі. Өйткені
топырағы қатты жерден ін қаза алмайды. Қойдың түрлері рельефі әр түрлі
горизонты кен, жайылымдарды мекендейді. Ешкілер рельеф жағдайына тіпті
талап қойғыш келеді. Олар жартасты ландшафтыда таралған. Жабайы шошқаларға
тамағын таба алатын жұмсақ, сазды жер керек. Керісінше, жылқылар,
ақбөкендер, түйелер сазды жерлерде болмайды.
Жалпы сүтқоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы құрлықтық түрлеріне
қарағанда жоғары сатыдағыларында өте күрделі екенін атап өтуге болады.
Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі
көбінесе жоғары дамыған орталық нерв системасының қызметіне байланысты. (
Қазақ энциклопедиясы,7- том)
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
2.Сүтқоректілер экологиясы Г. Мәжитов редакциясымен А-1997
3. Зусман М. Биология развития м-1997
4. Общий курс физиологии человека и животных под редакцией А.Д. Ноздрачева-
М: Высшая школа 1991
6..Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.
Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

1. Сүтқоректілердің тіршілігі мен таралуы
Сүтқоректілердің көбеюі. Сүтқоректілердің көбею кезіндегі жалпы
белгілері: 1) іште ұрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы),
3) оларды сақтау үшін арнаулы ұя-үйшік жасау
4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, көп уақытқа дейін
қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің ішінде екінші мен төртінші нағыз
сүтқоректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінші басқа да жер бетінде
тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді.
Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі
сүткоректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүтқоректілерді
төрт биологиялық топқа бөлуге болады.
1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратындар мысалы,
үйректұмсықтар.
2. Ұрықтанған жұмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде
пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жұмыртқадан шыққан
жас особь сүт безінен бөлінетін сүтпен қоректеніп, ересек организмге
айналады. Бұл ехидналарға тән көбею болып саналады.
3. Шала тірі туатындар. Олардын, баласы жатында, нағыз плацента пайда
болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте әлсіз баласын, көбею кезінде анасының
құрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей
етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан
сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мұндай тәсілмен қалталылар көбейеді.
4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала
туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты.
Сондықтан бұл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүтқоректілер деп
атайды.
Жануарлардын бұл группаларының көбеюінде айырмашылық болумен қатар,
жұмыртқаларының сипатында да айырмашылық болады. Жұмыртқа туатындарының
жұмыртқасы ірі (10—20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты,
сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.
Қалталылардың жұмыртқасы ұсақ (0,2—0,4 мм), ал плаценталылардікі
оданда ұсақ (0,05—0,2 мм) болады.
Сүтқоректілердін, буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының
жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бұл бала туатын жағдайға байланысты.
Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған ұяларда
немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың,
зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт
көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады.
Мысалы, сұр аламан (Сгісеtиlиs mіgгаtогus) 11—13 күн, үй тышқандары (Миз
mиsсиlиs) 18—24 күн, сұр дала тышқаны (Місгоtиs агvаlіs) 16—23 күн, ірі
ондатралар (Оndtіга zіЬеtһіса) 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл
түлкілер 52—53 күн көтереді.
Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындардың буаз болу
уақыты ұзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты
мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90—133 күнге дейін созылады.
Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін
сүтқоректілердін, буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы,
бұғылардың буаз болу мерзімі 8—9 айға, ешкі мен қойлардікі 5—6,
жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10— 11 айға созылады.
Сүтқоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық
жетілуіне, алғашқы баласымен соңғы баласын көтеру уақытына, соңында
жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық
жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10—15, мүйіз тұмсықтарда
12—20, бұғыларда 2—4, аюлар мен жолбарыстарда 3—4 жасында жыныстық жағынан
толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін
иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер — кемірушілер
және қоян тәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею
дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей бастайды. Тіпті
тез ержететін ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер — үй тышқандары 2—5
айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2
айлығында көбейе береді.
Сүтқоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі әр түрлі болады.
Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала
туады. Қуыс мүйізділер, бұғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана
бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана
балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар
мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4— 18-ге дейін күшік туады.
Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қояндар бір
жылда 2—3 рет көбейіп, әрбір көжектегенде 3—12-ден көжек туады. Тиіндер
жылына 2—3 рет балалап, әрбір балалағанда 2—10-ға дейін, тышқандар жылына
3—7 рет балалап, әрбір балалаған сайын 2—10-дан көжек туады.
Көбею жылдамдығы сүтқоректілердің өмірінің ұзақтығына және оның
түрлерінің өлу жылдамдығына байланысты. Жалпы ереже бойынша ұзақ
жасайтындар өте баяу көбейеді. Мысалы, пілдер 70—80 жыл, аюлар мен ірі
мысықтар 30—40 жыл, иттер 10—15 жыл, тышқан тәрізді кеміргіштер 1—3 жылға
дейін өмір сүреді.
Тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты көбею жылдамдығы да жыл сайын
өзгеріп отырады. Бүл әсіресе, өсімтал түрлерден айқын байқаладьі. Мысалы,
ауа райы жақсы, тамақтық зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап,
әрбір балалағанда 6—10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары ұрғашылары
ашығып, арықтап жылына 1—2 рет балалап, 2—3-ке дейін ғана көжек туады.
Туатын ұрғашыларының саны азаяды, сөйтіп жылдамдығы құрт төмендегі кетеді.
Бұл сияқты жағдайлар барлық аңдарда да кездеседі.
Сүтқоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрлері болады.
Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен ұрғашысы жұп құрайды.
Мұндай жануарларға қаскырлар, қара бурыл түлкілер, түлкілер мен құндыздар
жатады. Ал, маймылдардың жұбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды
түрлерде балаларың өсіруге ұрғашысы да, еркегі де қатысады. Кебір нағыз
тюленьдер шағылысу кезінде ғана жұп құрайды да, кейін еркегі кетіп қалады.
Полигамдарға — бұғылар, есектер, жылқылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар,
қойлар жатады, Сүтқоректілердің бұл түрлері, яғни жылқылар, бұрылар,
есектер бірнеше ұрғашыларының басын қосып, “үйір” құрады. Бір үйірде бір
ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін ұрғашылары болады. Құлақты
тюленьдердін, еркегі үйірге түскенде маңына 15—80-ге дейін ұрғашыларын
жиып, үйір құрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі
полигамдарға жатады. Бірак, бұлар “үйір” құрмайды.
Сүтқоректілердін, әрбір түрінін шағылысу мерзімі түрліше уақытта
орындалады. Қасқырлар мен түлкілер қыстың, аяқ шенінде, күзендер мен
қояндар көктемнің басында, бұлғындар, сусарлар жаздың ортасында, ал
тұяқтылардың көпшілігі күзде шағылысады. Әрбір түрдің, өзіне қолайлы және
баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эволюциялық дамудың,
нәтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүтқоректілерге жататын
түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын,
мысалы, қасқырлардың буаз болу мерзімі 60 күн болса, ал бұлғындардікі
230—280 күндей болады. ( Сүтқоректілер экологиясы, Г. Мәжитов редакциясымен
А-1997).
2. Сүтқоректілердің қоректенуі.
Сүтқоректілердің тамағының құрамы алуан түрлі болады. Олар тамақтану
үшін алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланады.
Оны жануарлар әр түрлі тіршілік орталықтарынан табады. Осы жағдай
сүтқоректілердің түрінің көп болуына және кеңінен таралуына себепші болған.
Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүтқоректілерді — өсімдікпен
қоректенетіндер және жануарлармен қоректенетіндер деп екі топқа бөлуге
болады. Бұлай бөлу шартты түрде алынбаған, өйткені бірыңғай жануармен
немесе өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің түрлері өте аз. Жалпы
сүтқоректілердің көпшілігі аралас тамақпен, яғни өсімдік тектес тамақпен
де, жануар тек-тес тамақпен де қоректенеді. Тамақтың қандай түрінің басым
болатыны тіршілік еткен жерінің жағдайына, жыл маусымына тағы басқа
себептерге байланысты.
Мезозой дәуіріндегі құрылысы қарапайым сүтқоректілер көбінесе
құрлықта, аздап та болса насекомдармен, моллюскалармен, құрттармен, ұсақ
амфибилёрмен және рептилилермен қоректенген. Осындай қоректену тәсілі
қазіргі құрылысы өте қарапайым топтарда: насеком жемділердің көптеген
түрлерінде (жер тесерлерде, тенректерде, кірпілерде) және көп күрек тісті
қалталылардың кейбір түрінде сақталған. Олар қорегін жер бетінен іздеп
тауып, таяз індерге жияды.
Жоғарыда айтылған топтармен қатар қоректенуі бойынша, насеком
жемділердің өте маманданған бұтағы пайда болған. Бұған насекомдарды ауадан
ұстайтын жарқанаттар, құмырсқалармен, термиттермен және олардың
личинкалармен қоректенетін — құмырсқа жеушілер, кесіртке, түтік тістілер,
ал біртесіктілерден — ехидналар жатады. Құрт-құмырсқаны ұстауға бейімделген
тұмсығы ұзын, желімді тілі, мықты тырнақтары болады. Мұндай маманданған
насеком жемділерге көртышқандар жатады, өйткені олар өзінің қоректік затын
топырақтың қалың қабатынан тауып жейді. Оның қорегі көбінесе жауын
құрттары, қоңыздар, моллюскалар, көпаяқтылар болып саналады.
Биологиялық жыртқыштарға — жыртқыштар, ескек аяқтылар және кит
тәрізділер отрядына топтасатын жануарлардың түрлері жатады. Филогенетикалық
жағынан олар насеком жемділерге жақын, жылы қанды омыртқалылар сияқты ірі
жануарлармен қоректенуге көшкен бір жалпы түбірдің бұтағы болып саналады.
Талдау жасалып отырған топтың аздаған түрлері ғана тек жануарлармен
қоректенеді. Оларға; мысықтар, ақ аюлар жатады. Көпшілігі азды-көпті болса
да өсімдікпен, ал жыртқыштар көбінесе тышқан тәрізді кеміргіштермен,
қояндармен, насеком жемділермен, өлекселермен, құстармен, насекомдармен
және өсімдіктермен қоректенеді.
Су жануарларының көпшілігі жануар тектес тамақпен, мысалы тісті киттер
тек қана балықтармен және теңіз сүт қоректілерімен (тюленьдермен, ұсақ
мұртты киттермен) қоректенеді. Мұртты киттер шаян тәрізділермен, аздап та
болса балықтармен қоректенеді. Су аңдарының бір азғана түрі су түбіндегі
омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Оған ескек аяқтылардан — теңіз
қояндары, тісті киттерден — кашалоттар жатады.
Өсімдікпен қоректенетін жануарлар өте көп. Бұған маймылдардың,
жартылай маймылдардың көпшілігі, мүкі тістілерден — жалқаулар,
кемірушілердің көпшілігі, тұяқтылар, екі күрек тістілер, қалталылар, кейбір
жарқанаттар, ал теңіз аңдарынан — сирендер жатады. Тамағының сипатына қарай
бұларды шөп жеушілер, дән жеушілер және жеміс жеушілер деп бөлуге болады.
Бұл шартты бөлу емес, өйткені орта жағдайына байланысты олар қайсысымен
болса да коректене береді. Нағыз шөп жеушілерге — жылқылар, сиырлар,
ешкілер, қойлар, кейбір бұғылар және көптеген кемірушілер жатады. Шөппен
қоректенетін тұяқтылардың жақтары мен тілдері өте жақсы жетілген және
қозғалмалы болады. Ас қорыту органы да күрделенген. Жұмсақ шөппен
қоректенуіне байланысты жұп тұяқтылардын, күрек тістері жойылып кеткен.
Далалы және шөлді жерде жайылатын, барынша қатты шөппен қоректенетін
жылқылардың жоғарғы күрек тістері сақталған. Кемірушілер, тұяқтылар
секілді, шөпгі ерінімен қамтымай, күрек тістерімен жұлады (ондатралар, сұр
тышқандар т. б.). Сондықтан олардың күрек тістері ерекше жетілген. Шөп
жеушілердің бәріне тән бір ерекшелік ішектері ұзын — күйіс қайыратындарында
қарнының күрделі болуында. Кемірушілердің бүйені өте жаксы жетілген.
Бұғылар, пілдер, кояндар, жалқау аңдар, құндыздар, жирафтар, бөкендер,
бұландар — ағаштың бұтағымен, қабығымен, жапырағымен қоректенеді. Қыста
ағаштың бұтағы мен жапырағын жиі пайдаланады да жазда шөпті пайдаланады.
Өсімдік жеуші жануарлардың көпшілігі тек қана өсімдік тұқымымен
қоректенеді. Мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымымен, ал
шұбар тышқан осымен қатар, дәнді дақылдың және бұршақтың тұқымын да
пайдаланады. Түқыммен қоректенетін жануарлардың тіршілігі тұқым беретін
өсімдіктердің өніміне байланысты. Егер олардың өнімі болмаса жануарлардың
жер аударуына немесе қырылып қалуына себепші болады. Мысалы, біздің тиіндер
қылқан жапырақтыларда дәні болмай қалған жылдары смоласы көп түйіндерімен
қоректенеді.
Жеміспен ғана қоректенуге маманданған сүтқоректілер. Оған маймылдар,
жартылай маймылдар, итбас жарғанаттар крыландар, кемірушілерден — найза
құйрықтылар (Glіs gІіs) жатады. Өсімдіктердің нектарымен тропиктегі кейбір
жарқанаттар қоректенеді.
Солтүстік бұғылары, ақ қояндар және жанат тәрізді иттер сияқты
аңдардың көптеген түрлері жыл мерзімінің, климат жағдайының және азық
қорының өзгеруіне сәйкес бейімделеді. Мысалы, жанат тәрізді иттер біздің
Қиыр Шығыста жазда амфибилермен, моллюскалармен, насекомдармен қоректенсе,
қыста балықты, тышқан тәрізділерді, жемісті және өсімдік тектес басқа
азықтарды көбірек пайдаланады. ( Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-
сыныбына арналған оқулық.)

Омыртқалылардың ішіндегі сүтқоректілер алуан түрлі болып кездеседі.
Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүтқоректілерге жататын организмдер
жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.
Алғашқы сүтқоректілер жерде — орманда тіршілік еткен болу керек,
бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына
себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4)
ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда
көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.
1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында
кездесетін сүт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz