Ақша қаражаттарының түрлері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. 1. Ақша қаражаттарының мәні және олардың эквиваленті.

1. 2. Ақша қаражаттарының түрлері

2. Ақша қаражатын есепке алуды жүзеге асыру

2. 1. Ақша қаражатын есепке алуды ұйымдастыру .

2. 2 Ақша қаражаттарының түрлеріне байланысты есепке алу.

3. 1 Ақша қаражатының заңды түрде бекітілуі немесе легализациялау.

Кіріспе

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз.

Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын бухалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек :

Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

Кәсіпорындармен ұйымдардардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді бақылау;

Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау; кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу;

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі бар кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорының қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Менің курстық жұмысымның мақсаты - кассадағы ақша қаражаттарының, ағымдық жылдағы ақша қаражаттардың мәніне толықтай сипаттама беріп оны талдау . Кез-келген шаруашылық субъектілер ақша қаражатты есебін жүргізу ол есептік саясаттың негізгі баптардың бірі болып табылады. Сондықтан берілген тақырып бухалтерлік есептің көкей кесті проблемаларының бірі болып табылады. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары -бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық жинақтық және коореспонденттік болып бөлінеді.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін, және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат оладың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін. Субъектілердің шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда көзделген басқа жағдайларда ғана берілуі мүмкін. Субъектілердің щоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше өзгертілмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

1. 1. Ақша қаражаттарының мәні және олардың эквиваленті.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айрысуларды жүзеге асырады. Бұл мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиент арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары тенгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Короспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттар - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімнін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Автокредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашылады.

Субъект шоттарындағы ақша қаражатттары олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы ақша қаражатты есептен шығаруға тек қана соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектінің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асуда келесі әдістер пайдалынылады:

1. қолма-қол ақшаны аударуды;

2. төлем тапсыпмасын ұсыну;

3. вексель немесе олардың индосаменттері арқылы беруді;

4. тапсырма -талап төлемдерін ұсынуды;

5. инкассалық жарлығын ұсыну;

Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек;

-ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

-кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және оладың тиімді пайдалануын бақылау;

-есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығындалуын дұрыс есептеу;

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуына қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар менолардың баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін нақты бағалау қажет.

Ақша баламалары (Эквиваленті) - бұлақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Олардың түрлері төмендегідей:

1. қазыналық вексельдер;

2. комерциялық (саудалық) қағаздар;

3. Депозиттік сертификаттар;

4. Ақшалай құнды қағаздар

5. Корпаративтік құнды қағаздар.

Түрлі ұсталымдар мен айып пұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.

Сондықтан да ақша эквивалентін кассадағы ақшалар шотына есептемейді.

Ақша эквивалентін кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншіктігіне пошта маркалары, алынға вексельдер жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлерден басқада дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды оларды бухалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Овердрафт -дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредитторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындармен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдында жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.

Ақшалай құнды қағаздар -ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Құнды қағаздардың бұл түріне вексльдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады

Саудалық құнды қағаздар - құнды қағаздардың бұл түрі белгілі бір комерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Депозиттік сертификаттар дегеніміз - ірі атаулы құнға ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар құнды қағаздар болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхаттың рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттардың өзі атаулы және сұмбалы болып екі түрге бөлінеді.

Сонымен депозиттік сертификаттар дегеніміз- салымшының немесе оның мұрагерінің белгіленген мерзімнің сонында депозит сомасы бойынша пайыз түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақшалай салым туралы эминтент банкінің берген жазбаша куәлігі болып табылады.

Корпаративтік құнды қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын құнды қағаздарды айтады. Құнды қағаздардың бұл түрі көп жағдайларда акционерлік қоғамда шығарып және олар эминитет ретінде, келеді.

Капиталды құнды қағаздар - кәсіпорындар мен ұымдардың қорын құрауға немесе оның ұлғайтуға байланысты шығарылады.

Муниципалдық құнды қағаздар - бұл ақша қаражатының баламаларының бір түрі. Жергілікті бюджетпен эммисияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Ақша қаражаттарының болмаларының бұл түрін шығарудағы мақсаты-құрлыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақша мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы да басқандай аймақтық әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

1. 2. Ақша қаражаттарының түрлері

Қазақстан Республикасының аумағындағы ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссатенттері арқылы беруді төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударады тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; кассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқада әдістерін пайдаланылады.

Ақшасыз есеп айрысудың негізгі нысандары төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеушімен алушылар өз ара есеп айрысу нысандарын келісім шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді есепке жатқыза алады. Ақшасыз есеп айырысу кәсіпорынның банк мекемесіне беретін тапсырмасы негізінде келесідей құжат бойынша жүзеге асады:

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Төлем тапсырмаларымен онда көрсетілген соманы бенифициярлардың пайдасына ақшаны жіберушіке қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызметпен жұмысты және тауарлы-материялдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызметпен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланылады.

Төлем жасаушы банке белгіленген нысанадағы банкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың - шот фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген қүнінен бастап 10 құн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттардың электрондық түрде де, қағаз түрінде де ұсынылуы мүмкін.

Төлем тапсырмасын толықтыру кезінде келесі реквизиттерін (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • Төлем тапсырмасының номері;
  • Төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • Жеке тенестірілген немесе тендестірілген (индефикацияланған) коды (ЖТК немесе ИТК) ;
  • Жіберушімен бенифицияр банкі шоттарындағы номері
  • Бенификациялардың коды (БК немесе Кбе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОД) -бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі резиденттік белгісін, ал екіншісі- экономиканың секторын көрсетеді;
  • Бенифициар-аудару жасалған кезде ақша қаражаттын алушы ;
  • Банк алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен - жайы көрсетіледі;
  • Бенифициар банкісі - бенифициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банкі жіберушімен жасалған келісім шарттың негізінде;
  • Жіберушілердің теңестірілген немесе тендестірілген банк коды;
  • Төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодттық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
  • Бюджеттік класификациясының коды салықтарды кері қайтаруды қолданылатын коды;
  • Валюттельген күні-ақша қаражатын бейнефициялардың банктік шотына ақша қаражаттарын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
  • Төлем құжатына кез-келген жөндеудің түрі жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасыдағы жасалған келісімдер бойынша төлем тапсырмаларын: жедел мерзімде, мерзімінен бұрын және мерзімінен кейінгі қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауар үшін шоттары есептеу үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімнен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардық қаржылық жағдайына зиян келтірілмейтіндей естіп жасалуы керек.

Субъектілер; жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қалам ақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмерін, сондай-ақ қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен номерінің көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымның жалпы сомасы төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскенен кейін төлейді.

Чектермен есеп айырысу - Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесі орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алу кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да . Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндетімен құқығы чекті қолдану туралы жасалған келісім шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім -шартта, банк өз клиенттерінеи чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгіленген ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болды. Чектерге есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқықығына ие тұлғалалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіршегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылданған қүннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімді, жазылған қүнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

Банк чек берушімен чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:

  • жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем құжатында жасанды жазулардың белгілері (немесе түзеулер бар болса) ;
  • чек әртүрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу денгейі бестен кем болмауы керек) ;
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса ;
  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолмен сәйкес келмесе;
  • чектің жабу сомаллары жергілікті болмаса; чектің басқа дефектілері бар болса;

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектің дефектілері табылса, банктің бас бухалтері ол туралы клиригнтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өнделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол төрт данада болады:

Біріншісі - банкте қалса;

Екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;

Үшіншісі-Клиригтік палатаға беріледі

Төртіншісі - чекті беруші банке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады

Вексельдер арқылы есеп айырысу. Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассатка) үшінші тұлғаға (трассатка) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде керсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас болып келеді.

Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиісті тұлғаның атауы - тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.

Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен катар белгіленген орында қол койылған болып танылады.

Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.

Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұскау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген кұні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған қүннен бастап есептелінеді.

Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.

Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес"' немесе осыған ұқсас мағынанда сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.

Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт койылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының шығуы
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
7 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz