Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу
2.2. Оңайлатылған іс жүргізудің тәртібі
2.3. Оңайлатылып іс жүргізудің қоғамда қолданылуы
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2016 жылдың басында қабылданған жаңа Азаматтық процестік кодекспен жұмыс жасаудың артықшылығы көп. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінің кілті де — осы кодексте. Азаматтық процестік кодекстің 13-тарауында оңайлатылған іс жүргізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі жазылған. Судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауы тиіс. Әрбір істі мұндай тәртіппен қараудағы негізгі мақсат – іс бойынша тараптарды сот отырысына шақырмай, сот отырысын өткізбей, олардың алдын ала ұсынған дәлелдемелерін судьяның жеке, ішкі пайымын басшылыққа ала отырып шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу. Ең бастысы судья бапқа сәйкес, қос тарапқа заңнаманы барынша түсіндіріп, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді беруі үшін мерзім белгілейді. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай-ақ, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Яғни, сот шешімді қабылдаған кезде тараптардың ұсынған түсініктеме, қарсылық және дәлелдемелерін басшылыққа алады. Бір айта кетерлігі, істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау барысында хаттама жүргізілмейді және істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
1. Азаматтық іс жүргізу Кодексі;
2. Жуалы ауданыныі Жаңа Өмір газетінен алынған баяндама;
3. Солтүстік Қазақстан облысыні Айыртау ауданы әкімінің ресми интернет ресурсы;
4. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі;
5. Қабидолдина С.С. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясының баяндамасы;
6. Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі;

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу;

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Урисбаева Айнур Аманкуловна

Алматы 2017ж.

Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу
2.2. Оңайлатылған іс жүргізудің тәртібі
2.3. Оңайлатылып іс жүргізудің қоғамда қолданылуы
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
2016 жылдың басында қабылданған жаңа Азаматтық процестік кодекспен жұмыс жасаудың артықшылығы көп. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінің кілті де -- осы кодексте. Азаматтық процестік кодекстің 13-тарауында оңайлатылған іс жүргізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі жазылған. Судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауы тиіс. Әрбір істі мұндай тәртіппен қараудағы негізгі мақсат - іс бойынша тараптарды сот отырысына шақырмай, сот отырысын өткізбей, олардың алдын ала ұсынған дәлелдемелерін судьяның жеке, ішкі пайымын басшылыққа ала отырып шешім қабылдауына мүмкіндік туғызу. Ең бастысы судья бапқа сәйкес, қос тарапқа заңнаманы барынша түсіндіріп, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді беруі үшін мерзім белгілейді. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай-ақ, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Яғни, сот шешімді қабылдаған кезде тараптардың ұсынған түсініктеме, қарсылық және дәлелдемелерін басшылыққа алады. Бір айта кетерлігі, істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау барысында хаттама жүргізілмейді және істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

2.1. Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу
Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын талап Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145 бабында көрсетілген - негіздерде - егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін - жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша; талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; Нотариат туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; азаматтың абыройына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді теріске шығаруды не бұқаралық ақпарат құралында жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен азаматтық істер бір ай мерзім ішінде қаралуға жатады және қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
Алайда тарап бұл туралы өтінішхат берсе; үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса; қарсы талап қою қабылданса; осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса; дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса, қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады. Істі қарау мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі. ҚР АПК 147 бабы негізінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша қысқаша шешім шығарылады, ол осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Сот шешімінің көшірмелері тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жолданады не шешім шығарылған күннен бастап түпкілікті нысанда бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі. Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады. Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда - сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзім ішінде апелляциялық тәртіппен тараптар шағым жасауы немесе прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277, 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.
Сонымен оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің ерекшеліктері тараптарды сотқа шақырмастан бір ай мерзім ішінде ұсынылған дәлелдемелер негізінде қысқаша шешім шығару тәртібімен қаралатындығында.
Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің негізгілеріне тоқталып өтсем. Егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін - жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін -- екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша; талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; азаматтың абыройына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді теріске шығаруды не бұқаралық ақпарат құралында жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша қысқаша шешім шығарылады. Шығарылған сот шешімінің көшірмелері тараптарға шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс. Жауапкердің шығарылған шешімге көңілі толмаса, ол сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз мынадай жағдайларда беріледі. Егер, жауапкер талап қою арызының келіп түскенінен хабарсыз болып, істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатынынан ақпарат алмаса, оның өз мүддесін қорғап арыз жазуға құқығы бар. Сондай-ақ, шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда да жауапкер өз мүмкіндігін пайдалануға құқылы.
Бүгінде соттарда аталған іс жүргізу тәртібімен істер қаралып, оң нәтижесін көрсетуде.
2.2. Оңайлатылған іс жүргізудің тәртібі;
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу Кодексiнде өндiрiстiң жаңа түрi, яғни оңайлатылған (жазбаша) iс жүргiзу тарауы еңгiзiлген болатын. Оңайлатылған (жазбаша) iс жүргiзу түрлерi: сот iстердi осы Кодекстiң 14-тарауының қағидалары бойынша осы тарауда белгiленген ерекшелiктерiмен бiрге оңайлатылған (жазбаша) iс жүргiзу тәртiбiмен қарайды. Судья iстердi арыз қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде оңайлатылған (жазбаша) iс жүргiзу тәртiбiмен қарайды. Iстердi оңайлатылған (жазбаша) iс жүргiзу тәртiбiмен қарау мерзiмi ұзартылуға жатпайды.
Сот, егер: тарап бұл туралы өтiнiшхат берсе; үшiншi тұлғаның iске кiруi туралы өтiнiшхаты қанағаттандырылса; қарсы талап қою қабылданса;осы iс бойынша қабылданған сот актiсiмен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылуы мүмкiн болса; дәлелдемелердi олардың тұрған жерiнде қарап тексеру және зерттеу жүргiзу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса; қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелердi зерттеу қажет болса iстi талап қою iсiн жүргiзу қағидалары бойынша жалпы тәртiппен қарау туралы ұйғарым шығарады.
Iстi талап қою iсiн жүргiзу қағидалары бойынша жалпы тәртiппен қарау туралы ұйғарымда iске қатысатын адамдар жасауға тиiс әрекеттер мен осы әрекеттердi жасау мерзiмдерi көрсетiледi. Iс осы Кодексте тиiстi санаттағы iстер үшiн белгiленген мерзiмдерде қаралуға тиiс. Iстi қарау мерзiмi талап қою арызы алғаш қабылданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден бақылауының нарықтық экономикадағы қажеттілігі
Қылмысты жедел және толық ашу және тергеу
Жергілікті салықтарды есептеу және жинау
Аралық соттардың құзыретін шектеу
Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Кедендік режим
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Пәндер