Тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚР ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ТҰТЫНУ МЕН САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ҚОРҒАЛУЫ ЖАЙЫНДА ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Тұтынушылар мен сатып алушылар ұғымы және олардың заңды мүддесінің ерекшеліктері
1. 2 Тұтынушылар мен сатып алушының құқықтарын ҚР Заңнамалары бойынша қорғалу жағдайлары
2 ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтарының бұзылуы: қорғау, мен реттеу мәселесі
2. 2 Тұтынушылар мен сатып алушыларының құқығын қорғайтын, ұйымдардың құқықтық мәртебесі
2. 3 Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы адвокатураның ролі (Қарағанды облысының адвокатурасы мысалында)
3 ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
3. 1 Тұтынушылар мен сатып алушылардың құқығын қорғау жолдарын жетілдіру және шетел тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда өсы тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктері үлкендей дамып келеді, осы дипломдық жұмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастар мәселеледің шығуы ретінде тұтынушылардың құқығын қамтамассыз ететін пәннің алғашқы қасиеттері типологиялық тұрғыда қаралады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4 мамыр 2010 жылы қабылданған, тұтынушының құқықтарын регаменттейді және осы құқықтар бұзылған кезде қорғауы, сондай-ақ барлық тұтынушылар үшін тең жағдайлар және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың пәрменді тетігін жасауды қамтамассыз етеді.
Қазақстан Республикасы адамның құқығына және бостандығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы тегіне, әлеуметтік, лауазымды және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, намысына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді де кемсітуге болмайды және заң мен сот алдында бәрі тең деп жариялайды.
Осыған сәйкес, құқықтық мемлекеттің және өркениетті қоғамның азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болады. Ал заңдылық азаматтардың заң алдындағы нақты теңдігін қамтамассыз етуге қабілетті қоғам жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Мұндай жағдай барлық азаматтарға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиімді жағдай жасау, нарықтық экономикалық қатынастардағы материялдық игіліктерді өндіру саласында теңдікті қамтамассыз ету арқылы қалыптасады. Әрі бұл құқықтық мемлекеттің басты міндеті.
Ал азаматтардың қажеттіліктерінің ауқымды бөлігі тауар алу арқылы, яғни сауда саласында қанағаттандырылады. Біз күнделікті өмірде азық-түлік, киім, тұрмыстық заттар және өзге де тауарлар сатып ала отырып, бұл қатынастардың құқықтық жағына көңіл аудармаймыз. Өкінішке орай өз әрекетімізді «тұтынушың» әрекеті ретінде және сатушының әрекетін заң тұрғысынан бағалау қажеттігі, біздің қандай да бір құқығымыз бұзылған кезден бастап қана пайда болады. Бірақ өз құқығымызды біле тұрсақ та, оны осындай тұрақсыз экономикалық жағдайда қорғау қиынға соғады.
Еліміз құқықтық мемлекет құру жолына түскен, тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтарын қорғау мәселеі өзекті де қызықты деп ойлаймын. Осы орайда бұл тақырыптың таңдап алғаны бекер бомасы анық және өзектілігін көреміз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтарын қорғау теория және практика мәселелерін зерттеу.
Дипомдық жұмыстың міндеті - қойылған мақсатқа жету, яғни
- ҚР заңы бойынша тұтынушылармен сатып алушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғым беру.
- Тұтынушылармен сатып алушылардың құқықтарын қорғау теория және практика мәселелерін ашу болып табылады.
Дипломдық жұмысының пәні - ретіне тұтынушылар мен сатып алушылардың субъектілердің қарым қатынасын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні - ретінде тұтынушылар және сатып алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын заңнамалар жиынтығы.
Теориялық және әдіснамалық негіздегі зерттелген автор иелері: М. К. Сулейменов, Шевченко Я. О., Бердалин А., Исахова П., Таранов А., Кеуімжаева Қ. К., Жайлин Г. А., Алимжан К. А., Тихомирова Л. В., Тихомиров Ю. М., Әжібаева З. Н. т. б.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚР ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ТҰТЫНУ МЕН САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ҚОРҒАЛУЫ ЖАЙЫНДА ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Тұтынушылар мен сатып алушылар ұғымы және олардың заңды мүддесінің ерекшеліктері
Тұтынушы деген кім?
Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау ісі қазіргі рынокта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:
♦ әлеуетті тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады,
♦ олардың қажеттерін болжауға көмектеседі,
♦ сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады;
♦ тиісті маркетинг стратегиясын тауып, жүргізуге көмектеседі.
Маркетинг көзқарасына сәйкес тұтынушыларды екі топқа бөлуге болады:
1) түпкі тұтынушылар-тауарды өзіне тұтыну үшін алатын тұтынушылар;
2) кәсіпқой-тұтынушылар - тауарды өндіру процесінде қолдану немесе басқаларға сату үшін сатып алушылар.
Осы екі түрлі тұтынушылар тобының қылықтары әрқалай болады. Өйткені олардың:
♦ тауарды сатып алу мақсаттары әртүрлі,
♦ сатып алу туралы шешім қабылдау әдістері басқаша,
♦сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде қолданатын тауардың таным көздері әртүрлі,
♦ сатып алу себептері ұқсас емес,
♦ сатып алу жиілілігі әрқалай,
♦ тауар туралы білім деңгейі басқа,
♦ сатып алғаннан кейінгі сервис талаптары өзге.
Маркетингті тиімді іске асыру үшін фирма барлық күштерін тұтынушының қажетін қанағаттандыруға шоғырландыруы тиіс. Ал адам қажеттері жиі өзгеріп тұрады. Сол өзгерістерге неғұрлым икемді бейімделген кәсіпорындар ғана рынокта көп уақыт сәтті өмір сүре алады. Сондықтан тұтынушыларды зерттеудің маңызды бағыты олардың қажеттіліктерін неғұрлым толық, "түгендеу", талдау, даму бағытын анықтау болады
Тұтынушы - қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым) ; сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы - тұтынушы.
Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат немесе белгілі бір ұйым. Тұтынушылардың негізгі құқықтары:
- негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы;
- адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;
- өзің сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы;
- монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;
- өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын ескеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы;
- сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқығы;
- тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әртүрлі салаларын қамтиды. Бұл нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Конститутциясынан бастау алады. Өйткені Конститутцияның өзінде біздің еліміздің ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары болып табылады деп көрсетілген. Сонымен бірге Конститутцияда азаматтардың дем алуға, денсаулығын, тұрғын үйін зансыз қол сұғушылықтан қорғауға, білім алуға құқығы және өзге де құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамассыз ететін тауарларға, жұмыстар мен мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау орнатылған. Ал тұтынушылардың елеулі түрде бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары қорғайды.
Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтсақ ҚР Азаматтық кодексі нормалары басты рөл атқарады. Азаматтық кодекстің бірінші бөлімінде азаматтардың және ұйымдарың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азамттық құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң шығармашылығының құрамына әртүрлі дәрежедегі нормативтік актілер енеді. Оларға 1991 жылы 5- маусымда қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылар туралы кодексі жатады. Бұл заң шығармашылығының құрамына өзге де актілер кіреді, оларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары бір жерде тоқтап тұрмай үнемі дамып және өзгеріп отырады, сондықтан оны үнемі жетілдіріп отыру керек.
Заң шығармашылығында тұтынушылық қатынастарды әртүрлі реттейтін нормативтік актілер екі тобын бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Осы топқа тұтынушының тауардың, жұмыс пен қызметтің тиісті саласына құқығын, олардың өмірге және денсулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымалдау және өзге де шарттардағы қатынастарды реттейтін актілер жатады, шарттарды орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау салдарын, тауарды дайындаушының, сатушының жауапкершілігін айқындайтын актілер жатады [1, б 282] .
Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге талаптарды анықтайтын және осы талаптардың сақталуына қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға «Сақтандыру туралы», «Сертификаттау туралы», «Табиғи монополия туралы» және өзге де заңдар жатады. Олар тұтынушы үшін маңызды ережелерді орнатады.
Енді бұл жерде бір қатынасты бірнеше нормативтік акт бірдей реттесе және олардың арасында қайшылық болса қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды сұрақ туады. Бұған төмендегідей жауап қайтаруға болады. 1998-жылы 24-наурызда қабылданған «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында төмендегі норма көрсетілген:
- Әртүрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылық туған жағдайда дәрежесі жоғары акт нормасы әрекет етеді
- Бір дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқықтық нормаларында қайшылық туған жағдайда соңғы қабылданған акт нормасы әрекет етеді.
Осы нормаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылуға жатады (Конституцияның 4-бабының 2-тармағы)
Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп көрсетілген (ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабының 2-тармағы) . Бұл нормаларды толықтыра кететін болсақ «Тұтынушылардық құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңында тұтынушылардың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы заңмен және Қазақстан Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң актілерімен реттеледі деп көрсетілген (Заңның 3-бабының 1-матмағы)
Енді осы төрт нормадан шығатын қорытынды: азаматтың негізгі құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы Азаматтық кодексте және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңында бекітілген құқықтарды пайдаланады. Ал Азаматтық кодекс пен осы заң бірлесіп әрекет етеді, әрі бір-бірін толықтырып отырады. Ал басқа нормативтік құқықтық актілер Азаматтық кодекске және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Ал халықаралық шарттарға келетін босақ, онда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының «Соттардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау боынша заң шығармашылығын қодану тәжірибесі туралы» 1996-жылы 25-ші шілдеде қабылданған №-7 Қаулысында бұл мәселеге қатысты былай делінген: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басым болатындығын соттар ескертуі тиіс. Тиісінше, егер республикамыз бекіткен халықаралық шартта тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы республикамыздың заңдарында көзделген құқықтардан өзге құқықтар көрсетілген онда халықаралық шарт ережелері қолданылады»
Енді келесі маңызды мәселе, осы заң шығармашылығын дұрыс түсіну және қолдану үшін біз тұтынушы деген кім екенін және оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу шеңберін анықтап алуымыз керек. Заңға сәйкес тұтынушы - жеке өзі тұтыну немесе өзі жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.
Тұтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады және олардың құқықтары ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес бірдей дәрежеде қорғалады. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы азаматтық заң шығарушылығы нормалары қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер және т. б. ) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігінен түсіндіруге болады.
Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Мысалы, адам сатушыдан тауарды көрсетуді және ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі.
Адам тұтынушы болып есептелуі үшін тауар (жұмыс, қызмет) оған міндетті түрде ақылы жолмен өтуі керек және бұл тұтынушыға қойылатын үшінші талап. Егер тауар басқа жолмен өтсе (мысалы, айырбастау, сыйға тарту) онда мұндай қатынастарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы қолданылмайды [2, б. 615] .
Тұтынушылық құқықтық қатынастың келесі қатысушысы - дайындаушы. Ол туралы өткізу үшін өндіретін кәсіпорын, ұйым, мекеме, не азамат. Бұл жерде тауарларды тұтынушыға өткізу тікелей емес, тек сауда саттық, көтерме сауда кәсіпорындары, делдал арқылы жүзеге асырылатындығын айта кету керек. Егер дайындалушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізсе, онда ол сатушы болып есептеледі. Дайындалушыға коммерциялық та, коммерциялық емес те ұйымдар немесе шетелдік заңды тұлғалар да жатады. Коммерциялық ұйым - бұл негізгі мақсат пайда табу болып табыатын ұйым. Коммерциялық емес ұйым - пайда табу мақсатын көздемейді, бірақ оның құрылтай құжаттарында көзделсе ол мұндай қызметті жүзеге асыра алады. Коммерциялық емес ұйымның кәсіпкерлік қызметіне коммерциялық емес ұйымның құрылу мақсатына сай келетін және пайда түсетін қызмет көрсетулер мен тауар шығару, сонымен бірге бағалы қағаз алу және жүзеге асыру жатады.
Бірақ бұл ұйымдарға ортақ белгі, оларға қызметтің белгілі бір түрімен айналысу үшін лицензия қажет. Тұтынушының тағы бір контрагентіне заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер жатады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азамат жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерге коммерциялық ұйымның қызметін реттейтін ережелер қолданылады. Жалпы аланда дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізуі тиіс, егер ол өнімді басқа тұлғаға өткізсе, мұндай қатынастар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР заңымен реттелмейді.
Тұтынушымен қатынасқа түсетін келесі тұлғаға сатушы жатады. Бұл тауарды сатып алу-сату шарты бойынша өткізілетін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
Ал орындаушы - ақылы түрде жұмыс орындайтын немесе қызмет көрсететін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат. Оның негізгі белгісіне ақылы болу жатады. Тұтынушы мен орындаушы арасындағы қатынастар, олар жасайтын шарт (мысалы, тасымалдау, мердігерлік шарты) негізінде туындайды.
Енді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдар, атап айтсақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңы қандай құқықтың қатынастарды реттейтіндігіне тоқтала кетсем.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдарда, соның ішінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң шығармашылығын соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының №7 қаулысында олардың нақты қандай қатынастарды реттейтіндігі айтылмаған. Бірақ осы нормативтік актілердің нормалардың мәнінен бұл заңмен негізінен келесі шарт түрлерінен туындайтын қатынастар реттелуі мүмкін деген тұжырымға келуге болады:
- Сатып алу-сату шарты;
- Мүлікті жалдау шарты;
- Тұрғын үйді жалдау шарты;
- Мердігерлік шарт, соның ішінде тұрмыстық мердігерлік шарт және абонементтік қызмет көрсету;
- Азаматтарды, жүктерді және қол жүктерін тасымалдау шарты;
- Комиссия шарты;
- Сақтау шарты
Қаржылық қызмет көрсету, сонымен қатар азаматтарға жеке тұрмыстық қажеттіліктер үшін несие беру, клиент азамттарға есеп-шот ашу, азаматтардан бағалы қағаздар және өзге де құнды заттар алу және оны сақтау бойынша, консультациялық қызмет көрсету және т. б.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңымен басқа да қатынастар реттелуі мүмкін. Бұл заңмен нақты қандай қатынастар реттелетіндігі ресми түрде көрсетілмегендіктен, осы мәселе саласында көптеген даулар тууда. Мысалы мұндай дау қаржылық қызмет көрсету саласында туындаған. Банк өкілдері: «Азаматтардың банкке салатын салымына сыйақы төленеді, соған сәйкес бұл қатынас пайда табуға бағытталған және бұл Заңда көрсетілген «тұтынушы» анықтамасына қайшы келеді, сондықтан банк салымына қатысты қатынастар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ ССР Заңымен реттелетін қатынастар аясына жатпайды» - дейді.
Бірақ позиция келесі себептерге байланысты қате болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі қаражаттардың кездейсоқ жойылу қаупін көтеред, сондықтан ол олардың сақталуын қамтамассыз ету үшін белгілі бір шаралар қолдануға мәжбүр болады. Ал ақшаны сақтаудың келесі үш жолы белгілі;
- ақша қаражатын ешкімге бермей өзі сақтау;
- ақшаны мүлікке айналдыру;
- ақша қаражаттарын банкке салым ретінде салу.
Ақшаны бірінші жолмен сақтау тиімсіқ, бұл тәсіл ақшаның құнсыздануынан және ұрлануынан қорғауды толық қамтамассыз ете алмайды. Ақшаны мүлікке айналдыру да тиімсіз, өйткені мүлікті алу, оны сақтау үшін қосымша шығын шығады. Ал ақша қаражатын үшінші жолмен сақтау тиімді. Өйткені банкке салынған салымға сыйақы төленеді, бірақ оны қаржылық құрылымның кейбір өкілдері азаматтың табысы деп есептеп, осы негізде қаржылық қызметті тұтынушылық заңдармен реттелетін қатынастар құрамынан шығарып тастауға тырысады. Бірақ 2002-жылы 1-қаңтарда күшіне енген ҚР Салық кодексінің 144-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың банктердегі салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларға салық салынуға жатпайды. Сонымен, заңның өзі банктегі салымға төленетін сыйақыны пайда табумен байланысты операция деп қарастырмайды.
Қаржылық құрылым өкілдерінің тағы бір келтірілетін аргументі:азамат банкке ақша сала отырып банкке қызмет көрсетеді, ал банк ол қызметті сыйақы төлеу арқылы өтейді, сөйтіп тұтынушы кәсіпкерлік қызметке қатысады дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz