Пестицидтерді қолдану тәсілдері


Жоспары
- КіріспеАуылшаруашылық дақылдарына сипаттама . . . 3Пестицидтерді қолдану тәсілдерінің жалпы сипаты . . . 4
- Негізгі бөлімПестицидтердің жіктелуі . . . 12Зиянды жәндіктерді жоюға арналған препараттар . . . 14Саңырауқұлақ ауруына қарсы қолданылатын препараттар . . . 17
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізіміАуылшаруашылық дақылдарына сипаттама
Ауыл шаруашылық дақылдарының халық шаруашылығындағы аса жоғары маңызы олардың өнімінің жоғары құндылығы мен жан-жақты пайдалану мүмкіндігімен анықталады.
Астық (дән) адамзатқа азық-түліктің негізгі көзі, ауыл шаруашылық малдарына мал азығы, өнеркәсіпке шикізат болып табылады.
Дәндегі азотта қосылыстар мен көмірсуларының (углеводтар) ара қатынасы 1:5 - 1:6. Дәл осындай құрам адам ағзасының қажетсінуін барынша толық қанағаттандырады. Сондықтан нан негізгі азық-түліктің бірінен есептеледі. Басқа кең тараған азық-түліктік өнімдердегі ақуыз (белок) пен көмірсуларының ара-қатынасы басқаша түрде. Мәселен, картопта - 1:10, дәнді бұршақ өнімдерінде - 1:2, тіпті 2:1 дейін өзгереді.
Дәнді дақылдардың мал шаруашылығындағы маңызы да төмен емес.
Астық өнеркәсіпке шикізат бола отырып сыра қайнату, крахмал, спирт ж. б. көптеген өнеркәсіптік өңдеуде қолданылады.
Әртүрлі бағытта пайдаланумен бірге астық халық шаруашылығында маңызы бар бірқатар қасиеттерімен ерекшеленеді: астық ылғалдылығы 14%-дан аспағанда ұзақ уақыт бойы сақталады және сапасы төмендемейді, жылдық орташа табиғи шығыны 2-3%-дан аспайды. Сондықтан дүние жүзілік азық-түлік қоры негізінен астық есебінен қанағаттандырылады. Құрамында судың мөлшері аз мөлшерде болатындықтан астық кезкелген көлік құралдарымен жеңіл тасымалданады, оның үстіне жоғары және төмен температура әсерінен бұзылмайды.
Астық пен оның өңдеуден кейінгі өнімдерінің жоғары сапалығы ауыл шаруашылығында астық өндірісін алдыңғы қатарға шығарды, ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі етті.
Жер шарында дәнді дақылдардың егістік аумағы жыл сайын бүкіл өңделетін жерлердің үштен бір (1/3) бөлігін алады. Қазақстанда 2009 жылы дәнді дақылдардың егістік аумағы 17, 2 млн. га құрады.
Адамның қоректенуіндегі энергия көздерінің арасында астық құқылы түрде бірінші орынды иеленеді. Ол ақуыздың, В тобы дәрумендерінің және минералды заттардың басты көзі болып табылады.
Көптеген түрлерінің, жаздық және күздік түрі мен сорттарының болуы дәнді дақылдарды әртүрлі топырақ-климат жағдайларында өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстанның жыртынды жерлерінде астық дақылдарының үлесі үлкен және бұл ерекшелік экономикалық жағдайлармен де тікелей байланысты
- Пестицидтерді қолдану тәсілдерінің жалпы сипаты.
Химиялық препараттарды зиянды жәндіктер мен өсімдік ауруларын және арам шөптерді жою үшін пайдаланудың әр түрлі тәсілдері бар. Олар: бүру, тозаңдату, фумигациялау, аэрозоль, еліктіргіш затпен беру, дәрілеу, өсімдіктің ішкі терапиясы (интоксикация) . [2]
Пестицидтердің ертінділерінің, эмульсияларының немесе суспензияларының тамшы, сұйық күйінде өңдеу бүрку деп аталады. Бүркуді жүргізу үшін арнайы қондырғылар (тракторлы және авиациялық бүрку) қолданылады .
Бүрку әдісі басқа пестицидтермен өңдеу әдістеріне қарағанда жұмсалу мөлшерінің аздығымен, бүркілетін ауданға тегіс жұғуымен ерекшеленеді. Бүркуге арналған ерітіндіге жұғу қасиетін жоғарылатқыш заттар қосу арқылы пестицидтердің тиімділігін жоғарылатуға болады. Табиғаттың жағдайларына байланысты бүркуде әртүрлі пестицидтер құрамдарын қолда-нуға болады.
Бүркудің кемшіліктері жұмыс істейтін ерітінділерді жасаудың күрделілігімен, бекітілген жұмсалу мөлшерін сақтау мүмкіншіліктерінің төмендігімен, қондырғының даттануымен сипатталады.
Мысалы, алма бақтарын және сүректі орнатарда бүркуге арналған ерітіндінің мөлшері 2000 л/га құраса, егістік жерлер үшін 400-500 л/га құрайды.
Авиациялық бүркуде ерітінді тамшыларының көлемі бірдей болуы тиіс. Тамшылардың бірыңғай көлемі ауаға және ауадағы булануға байланысты пестицидтердің шығыны төмендейді.
Авиациялық бүрку кезінде дисперсті тамшылардың төрт класы айқындалған: тамшылардың көлемі аэрозольдің диаметрі 50 мкм, 51-150 мкм-ға дейінгі ұсақ тамшылар, 151-300 мкм-ға орташа көлемдегі тамшылар және 300 мкм-дан ірі тамшылы бүркулер.
Авиациялық бүрку кезінде аэрозольді тамшылар көлемінің аздығына, бастапқы түсу жылдамдығына байланысты олар тез буланып кетеді. Мысалы, 1% көлемі 50 мкм ұшқыш емес заттар бірнеше секундтан кейін құрғақ көлемі 11 мкм бөлшектерге айналады. Мұндай ұсақ бөлшекті заттар ауа ағынымен ұшып, белгіленген нысандарға қонбайды. Тамшының диаметрі 200 мкм құраған жағдайда ауадағы жылдамдығы 0, 6 м/с болғанда, оның булануы аз болады. Тамшының диаметрі 100 мкм-ы құраған жағдайда ауадағы жылдамдығы 0, 3 м/с болғанда, оның булануы жоғарылай түседі. Тамшының диаметрі 50 мкм құраған жағдайда, 0, 3 метрден кейін буланып кетеді. Сондықтан, егістік жерлерді бүрку кезінде тамшы диаметрі 200 мкм болуы тиіс.
Ұсақ көлемді бүрку үшін пестицидтердің майлы ерітінділері, концентрат эмульсиялары қолданылады. Ұсақ көлемді бүрку пестицидтердің тиімділігін жоғарылатады.
Авиабүрку кезінде пестицидтердің шығынын төмендету үшін, кері эмульсиялау әдістері қолданылады. Құрамы желе немесе паста тәрізді пестицидтердің ерітінділерін бүрку кезінде, ұшқыштығы төмен майлы орташа ірі тамшыларға айналады. Мұндау бүрку кезінде пестицидтердің шығындары 2-3 есе азаяды.
Ультраұсақ көлемді бүрку (УМО) кезінде пестицидтердің ерітінділерін езбей, дисперстеу арқылы қолданылады. Олардың жұмсалу мөлшерлері 1-5 л/га.
Ультраұсақ көлемді бүрку (УМО) кезінде ұшақтың өнімді-лігін 4 есе жоғарылатады және жұмысты біршама арзандатады.
УМО препараттары аққыш, сүт қоректілер үшін уыттылығы төмен, биологиялық белсенді, өсімдікке зияндылығы төмен, тұрақты қалдықтары болмауы тиіс.
УМО препараттарымен бүрку пестицидтермен өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда сұйытылған эмульсияларға қарағанда тиімділігі әсер ету ұзақтылығымен сипатталады. Сол сияқты УМО препараттарымен бүрку кезінде өңделетін ерітінді дайын, адам терісіне жанасу қауіптілігін төмендетеді.
Жер бетінде бүркудің үш түрі белгілі - көплитрлік, төменгі көлемді және ультра төменгі көлемді .
Көплитрлік бүрку жоғары концентрацияда фитоцидті қасиеттері бар пестицидтер және өсімдікке препараттың тікелей әсер етуі үшін пайдаланылады. Мұндай өңдеулер мөлшері көп емес жерлерге, жеке ағаштарды бүркуде қолданылады. Сол сияқты жоғары мөлшерлер фунгицидтермен жұмыс істегенде пайдаланылады.
Тозаңдандыру - белгіленген ауданды пестицидтің тозаң күйімен бүрку. Бұл әдістің ерекшелігі дайын дусттар болғандықтан бүрку алдында арнайы ерітінділер дайындалмайды.
Тозаңды препараттар дәнді-дақылдардың қалың егістіктеріне оңай енеді.
Тозаңдандырудың кейбір тиімсіз жақтары бар. Ол бүрку кезіндегі ауаның ластануы, адамға зиянды әсерінің болуы.
Тозаңды препараттардың жуып-шайылуы және желмен ұшуы жиі кездеседі. Өсімдік бетіне қонған тозаңдар ауа ағынымен басқа жерлерге ауысады. Дуст бөлшектерінің көлемі 25 мкм болғанда, 10 м биіктіктен бүркілгенде біршама жер-лерге ауысады, ал 100-200 мкм да, 5 м биіктіктен ақырындап ауысады.
Дусттармен авициялық бүрку кезінде олардың бөлшектерінің ауысуын болдырмау үшін оларға 3-5 % (бөлшектерді ірілеп агрегаттайтын) бонификатор ретінде - минералды майлар қосылады.
Дусттармен өңдеудің тиімділігін жоғарылату үшін бүркуді ертеде немесе кеште, желсіз күнде және жаңбырдан кейін жапырақтар ылғалды болғанда жасау керек.
Фумигациялау - зиянды ағзалардың мекендейтін ортасына пестицидті газ немесе бу күйінде жіберу. Фумигациялау дақылдарды сақтаудағы зиянкестермен күресудің негізгі жолы. Фумигациялау әдісі топырақтағы зиянкестермен және кеміргіштермен күресуде пайдаланылады.
Бұл әдістің тиімділігі пестицидтің улы буының немесе газды материалдардың ұсақ тесіктеріне, қуыстарындағы ұялаған зиянкестерді жоюуымен негізделген. Дақылдардың өнімі сақталатын бөлмелерді жақсы ауа өткізбей бүрку жұмыстарын жүргізгенде 100 % тиімділік алуға болады.
Фумигациялау тиімділігі сол сияқты фумиганттың қасиетіне және бүркілетін препараттың физикалық (газ, бу) күйіне байланысты. Фумиганттардың негізгі қасиеттері - ұшқыштығы, булану жылдамдығы, аудағы диффузиясы, жану қасиеті, әртүрлі заттармен сорбциялануы, металдарға әсері, улылығы, дегазациялануы.
Фумиганттың ұшқыштығы белгілі бір температурада және қысымда ауаның бірлік көлемінде көп емес мөлшерінің булануы. Ол миллиграмм литрмен (мг/л) немесе 1м3 (г/м куб) сипатталады және температура артқан сайын жоғарылайды.
Фумиганттардың ұшқыштығы ауа қысымы төмендегенде жоғарылай түседі. Сол үшін фумигациялау вакуумдық камерада жүргізіледі.
Фумиганттың булану жылдамдығы бу көлемімен (1 см кв. 1 мин) анықталады. Булану жылдамдығы ауадағы температура артқан сайын және ашық ортада жоғарылайды Фумигациялау тиімділігі жоғарылатудан фумигациялайтын бөлмеде жылытылады.
Сусымалы заттар сақталған бөлмелерде фумигациялауда препараттың олардың қуыстарына енуі үшін фумиганттың ауадағы диффузия қасиетіне тәуелді әрі диффузиялану температура өскен сайын жоғарылайды және будың серпімділігіне тәуелді. Будың серпімділігі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым ауадағы диффузия жоғары болады.
Фумиганттардың бүркілетін өнімдердің қабатына өтуі үшін вакуумдық камералар немесе басқа да техникалық қондарғылар пайдаланылады.
Фумиганттардың бу немесе газ күйлерінде белгілі концентрация шегінде жанғыш және жарылғыш қасиеттері өте қауіпті. Сондықтан, мұндай заттармен жұмыс істегенде бүркілетін бөлмелерден жанғыш, қопарылғыш заттар алдын-ала тазартылады.
Фумигациялау кезеңінде қорғайтын заттардың фумигантты сорбициялау қасиеті өте маңызда. Адсорбциялану фумиганттың материал бетіне топталуы немесе беткі қабатына сіңірілуі және барлық массасына сіңуі, хемосорбциялау препараттың материалмен әрекеттесуі болып бөлінеді.
Адсорбциялану нәтижесінде пестицидтің шығыны жоғарылай, дегазациялану қиындайды және препараттың қалдық мөлшері белгіленген санитарлық мөлшерден көбейеді.
Сорбциялану беттік ауданы жоғары ауылшаруашылық дақылдары өнімдері ұн, жарма, жемді фумигациялағанда жоғары болады.
Фумигациялау жұмыстарын арнайы қауіпсіздік шараларына сәйкес арнайы фумигациялаушы топтар жасайды.
Фумигациялауда өте улы заттар қолданылғандықтан олардың адам ағзасына және жануарларға уыттылығы жоғары.
Фумигациялаудың бірнеше негізгі түрлері белгілі.
Бөлмелерді (қоймалар, элеваторлар, дән сақтайтын жерлер, т. б. ) фумигациялау. Фумигациялау жұмыстарын жүргізуден бұрын дайындық жұмыстарын (бөлме ауданын анықтау, оны ауа өткізбейтіндей жабу, жылыту) жүргізеді. Фумигациялау кезінде өртену қауіпсіздігін сақтау үшін бүркілетін жерді өртенгіш заттардан тазарту керек.
Дайындалған бөлмелерді газдау үшін қатты фумиганттарды тегіс себеді, сұйық препараттарды бүркиді, фумигант сіңірілген материалдарды іледі және газ күйіндегі пестицидтер толтырылған баллондарды қояды. Сол сияқты газдау жұмыстарын жүргізгенде 2-АГ және 2-АГМ қондырылғылары пайдаланылады.
Фумигациялау кезінде зиянды ағзалар трахея жолдарындағы қосымша оттегімен тыныс алып, тыныс алу жолдарын жауып өмір сүретіндіктен бүрку уақытын дұрыс таңдау керек. Зиянды ағзалардың тыныс жолдарындағы көмірқышқыл газдарының қоспасы тыныс алу процестерін жылдамдата-тындықтан тыныс алу жолдарының тезірек ашылуына себепкер болады. Яғни, пестицидтердің уыттылығын жоғарылатады.
Фумигациялау жұмыстарынан кейін бөлмені желдетіп, дегазациялау жүргізіледі.
Дән сақталатын қоймаларды дегазациялау жұмыстары, тазалау машиналары арқылы кептіру, желдету және орын ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Камералық фумигация. Келесі жылы отырғызылатын материалдарды (алма, пияз, әртүрлі отырғызылатын материалдар) зиянкестерден қорғау үшін камералық фумигациялау жасалады. Арнайы камераларды тиісті температура, герметизациялау, фумиганттың мөлшері белгіленген.
Камералық фумигациялау вакуумдық және вакуумсыз болып бөлінеді.
Вакуумсыз фумигациялау - ауа жібермейтін бөлмеде орналастырылған материалды фумиганттың белгіленген концентрациясымен фумигациялау. Мұндай фумигациялау отырғызылатын көшеттерді және гүлдерді карантиндік нысандардан тазарту үшін көлемі 40-200 м2 бөлмелерде қолданылады.
Вакуумдық фумигациялауда арнайы ауасын сорып шығаратын қондырғылар жасалады. Материалдарды орналастырғаннан соң вакуумнасос көмегімен ауасын сорып шығарады, қысымы 112-125 мм сынап бағанасына жеткізіледі. Кейін газ генератордан жіберілген газ немесе бу тәрізді фумигант диффузия арқылы залалсыздандырылады. Вакуумдық фумигациялау біткен соң улы ауа белгіленген жерге сығылып залалсыздандырылады. Материал желдетілгеннен кейін камерадан шығарылады.
Типтік фумигациялау қондырылғыларында фумиганттың концентрациясын анықтауды, газды ауаны сорғыш түтіктер атқарады.
Фумигациялау қондырғыларында препаратты газ, бу фазаға айналдырылатын бөлігі, газдың тазалық деңгейін анықтайтын индикатор оранатылған.
Фумигациялау қондырғыларын жүргізетін жұмысшылар арнайы газға қарсы маскалар киеді.
Палаталық фумигациялау аса бағалы ағаштар мен бұталар-дың зиянкестерімен күресуде пайдаланылады. Оларды газ өткізгіш материалдардан жасалған палаткалармен жабады және астынан фумиганттың белгілі концентрациясы жіберіледі.
Жылыжайларды фумигациялау - жабық алаңдарды зиянкес-терден қорғау үшін қолданылады. Осы әдістің бұл түрі басқа фумигациялау түрлерінен айырмашылығы шамалы. Жылыжайларды фумигациялағанда препараттардың маусымдық өсімдіктерге тиетін әсері ескеріледі. Жылыжайларды фумигациялауда аэрозольді бүрку де қолданылады.
Топырақты фумигациялау, топырақтағы зиянкестерді жою үшін қолданылады. Топырақты фумигациялау кезінде топырақтың сіңіргіш қасиеттері, фумиганттың сіңгіштік қасиеті, топырақтың ауыр механикалық құрамы, ылғалдылығы ескеріледі. Сол сияқты топырақтағы фумиганттар буланудың нәтижесінде ұшып кетуі мүмкін.
Осы факторларды ескере отырып, фумигациялауда қайнау температурасы жоғары препараттар қолданылады. Топырақты фумигациялауда препараттар 18-20 см тереңдікке көміліп жабылады. Қатты фумиганттар соқа атыздары шұңқырларына металл желіде, сұйық препараттар инжектор торда көміледі.
Аэрозольды пестицидтерді қолдану - зиянды ағзалар мекендейтін ортаға пестицидтердің жоғары дисперсті (түтін, тұман) күйін бүрку. Аэрозольды пестицид бөлшектерінің диаметрі 0, 001-ден 50 мкм, орташалары 20-дан 50 мкм құрайды. Аэрозольды пестицидтердің бөлшектері ауада баяу отырады. П. В. Поповтың санағы бойынша бөлшектердің ауадағы өзгерісі су тамшыларының диаметріне және түсу жылдамдығына байланысты
Аэрозольды бөлшектер заттың қасиетіне байланысты оң немесе теріс зарядталған болады.
Аэрозольдар дисперстілік, конденсация және термомеханикалық әдістермен алынады. Диперстілік әдісте сұйық пестицидтерді ұсақтау аэрозольды генераторлардың ауа ағынында немесе пестицидті сұйық ұшпада жүргізеді. Осы кезде сұйық буланып, тамшылар аэрозольға айналады.
Конденсациялық әдісте аэрозольды генераторлардағы жылу құбыры көмегімен сұйық пестицид қыздырылып, буға айналдырылады, пайда болған бу ауада конденсацияланып, сұйық немесе қатты аэрозольды бөлшектер пайда болады.
Аэрозольдар көбінесе бау-бақшалардың зиянкестерімен күресуде, бидай сақтайтын қоймаларды дезинфекциялағанда қолданылады.
Аэрозольдар қолдану мақсатына байланысты тамшыларының келесі орташа дисперстілігі (тамшылардың орташа көлемі) болуы керек:
- бөлмелерді фумигациялауда препараттардың дисперстілігі 5 жоғары емес (0, 5-10) ;
- ұшып жүрген жәндіктер үшін 20 (10-30) ;
- өсімдіктердің бетіне толығымен қонуы үшін 40 жоғары емес (20-50) ;
- ұсақ тамшылармен бүрку кезінде 100 жоғары емес (50-150) .
Аэрозольдардың кемшілігі желмен тамшылардың ығысуы, ауа ағынымен ауысуы, ұсақ тамшылардың дұрыс қонбауы, бұдыр беттерге дұрыс сіңірілмеуі.
Уландырылған еліктіргіштер - пестицидтерді еліктіргіш жемдермен немесе материалдармен қолдану.
Еліктіргіштерді дайындау үшін ішек арқылы әсер ететін улы заттар, зиянкестер мен кеміргіштер жақсы жейтін жемдер қолданылады. Еліктіргіштерді дайындауда препараттардың мөлшері басқа әдістерге қарағанда төмен келеді.
Еліктіргіш заттар ретінде дәнді-дақылдардың дәндері, талқан, ұн, тары, т. б. қолданылады.
Дымқыл еліктіргіштер пестицид ерітінділерімен немесе суспензияларымен сіңдірілген еліктіргіш материалдардан дай-ындалады.
Жартылай кебу еліктіргіштерді пестицид ерітінділерімен немесе суспензияларымен өңделген материалдарды жеңіл кептірілген түрінде қолданады.
Кебу еліктіргіштер пестицидтердің ұнтақтары мен еліктір-гіш материалдарды араластыру арқылы дайындалады. Еліктіргіш заттар құрамына жабысқақ материалдар - минералды майлар, клейстерлер және т. б. қосылады. Кебу еліктіргіштерді дымқыл және жартылай кебу, уландырылған еліктіргіштерді кептіру арқылы алады.
Тұқым немесе себуге арналған материалдарды улау - пестицидтерді тұқым немесе себуге арналған материалдардың бетінде немесе ішкі қабатында орналасқан зиянды ағзаларға қарсы қолдану. Осы мақсатта инсектицидтерден, жүйелік және жанаспа фунгицидтерден құрамалы дәрілеуіштер қолданылады.
Қазіргі таңда қолданылатын дәрілеуіштер өсімдік бойына енгіш, ондағы инфекцияларды жою сияқты қасиеттер тән.
Ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарын дәрілеу барысында:
- себуге арналған материалдар арқылы берілетін ауру қоздырғыштар жойылады;
- тұқым немесе себуге арналған материалдардың өсіп-өну қасиеттерін сақтайды және зеңденуін болдырмайды;
- топырақта мекендейтін зиянкестермен залалдануын төмендетеді;
- тұқымдардың өну энергиясын жоғарылатады, егістікте көктеуін, өсімдіктің өсіп-жетілуін жақсартады;
- күздік дақылдардың жақсы қыстап шығуына ықпал етеді.
Препарат түріне, ауру қоздырғыштардың биологиясына байланысты дәрілеуіштер құрғақ, жартылай құрғақ, сулы және дымқылдау арқылы қолданылады.
Сулы дәрілеу тұқымдарды пестицид ерітінділеріне немесе суспензияларына малытылып, кейін құрғатылу арқылы жасалады. Бұндай әдістер жасалу технолгиясының тиімсіздігіне байланысты сирек қолданылады.
Құрғақ дәрілеуде ұнтақ тәрізді препараттар тұқымдармен су қоспай араластырылады. Бұл әдіс ауаның тозаңдануына байланысты санитарлы-эпидемиялық талаптардың бұзылуы, препараттар шығынының болуы және құрғақ пестицид тұқымдарының беткі қабатқа нашар жабысуы сияқты кемші-ліктері бар.
Жартылай құрғақ және дымқылдау дәрілеудің кемшіліктерін пестицидтердің сулы суспензияларын немесе тұқымды және ұнтақтарды ылғалдандыру арқылы жоюға болады. Осы жағдайда бүркудің екі түрін айыруға болады:
- тұқымдық материалдарды пестицидтердің сулы суспен-зияларымен немесе ерітінділерімен жартылай құрғақ дәрілеуден соң (20-30 л/т) уақыт оздырып, дымқылдау арқылы дәрілеу жүргізіледі;
- ұнтақ тәрізді препаратпен және сумен дәрілеу жүргізілген (5-15 л/т) соң құрғатылу жүргізілмейді.
Көп жағдайда дәрілеу алдын-ала тұқым себуге дейін 2-3 ай қалғанда жүргізіледі.
Дәрілеудің тиімділігін жоғарылату және жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін әртүрлі жабыстырғыштар - сұйық сульфит-спиртті концентрат (0, 7-1 кг/т), қатты бард концентраты (0, 5-0, 7 кг/т), силикат желім (150-200 г/т) қолданылады. . [3]
- Пестицидтердің жіктелуі
Пестицидтердің көптеген нысандарға әсері, түрлі препараттар мен олардың химиялық құрылымдарына байланысты және де оларды бір-бірінен оңай ажыратып алу үшін оларды жіктейді.
Пестицидтерді қолдану нысанына байланысты жіктеу шартты, өйткені олардың жәндіктерге, кенелерге және олардың жұмыртқаларына әр түрлі әсері бар. Мысалы, карбофос әрі инсектицид, әрі акарицид. Оларды инсектоакарицид деп атауға болады. Көптеген препараттар саңырауқұлақ ауруларын және тағы сол сияқты зиянкес жәндіктерді, кенелерді құртады. (Мысалы, каратан, мороцид, күкірт препараттары) . Бұларды акарофунгицид деп атайды.
Көптеген гербицидтер қолдану мөлшерін жоғарылатқан жағдайда ағаш бұталарды жояды. Оларды арборицид деп атайды.
Пестицидтер қолдану нысанына байланысты олар бірнешетопқа бөлінген:
- Инсектицидтер- жәндіктермен күресу үшін;
- Акарицидтер- кенелерге қарсы;
- Овицидтер- зиянды жәндіктер мен кенелердің жұмыртқаларын жою үшін;
- Ларвицидтер- дернәсілдерді жою үшін;
- Родентицидтер -кеміргіштермен күресу үшін;
- Фунгицидтер -саңырауқұлақ ауруларымен күресуде;
- Бактериоцидтер- бактериялды аурулармен күресуде;
- Гербицидтер -арамшөптермен күресуде;
- Арборицидтер- қажетті емес бұта ағаштарын жою үшін;
- Альгицидтер- балдырлармен күресуде;
- Афицидтер- бітерге қарсы;
- Вирусоцидтер- вирустарға қарсы қолданылады.
Организмге әсер етуіне байланымты келесі топтарға жіктеледі:
Ішекке әсер етуші пестицидер , зиянды нысандарға тамақпен түсу арқылы, организді улайды.
Жанама әсер етуші пестицидтер , организмге сыртқы тері мүшелері арқылы енеді. Бұл пестицидте нысанға токсологиялық мөлшерде бармайды.
Фумиганту инцектицидтері , организмге газ немесе бу күйінде баруы.
Жүйелі әсер етуші пестицидтер , өсімдікке өсімдіктің сөлі немесе ұлпалары арқылы енген токсин мөлшері өңделмеген күйінде жүйке - талшық жүйесімен қозғалады.
Барлық пестицидтер жанама әсерлі, жүйелік болып екі топқа бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағазаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдіктердің ағзасына сіңгіш, ұлпаларымен жылжи отырып, зиянды ағзаларды жояды. [4]
- Зиянды жәндіктерді жоюға арналған препараттар
Әлемдік тәжірибе бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 1/3 бөлігін зиянды организмдер көп шығынға ұшыратады. Әсіресе, зиянкестер мен кенелердің әсерінен өнімнің 13, 8% ысырап етіледі. Осы аталған зиянкестер өсімдіктердің жапы-рағы мен жемістерінің сарғаюына, солуына, өлуіне әкеледі. Зиянкестер мен кенелердің 70 мыңнан астамы ауылшаруашы-лық өнімдерін вегетация кезінен бастап, өнімді сақтауға дейінгі уақытта экономикалық шығынға ұшыратады. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін зиянды организмдерден қорғау үшін, ішекпен әсер ететін препараттар жапырақ жемірқұрттарға, ал жүйелі инсектицидтер кенелерге қарсы қолданылады.
Инсектицидтер (латын сөзінен insectum - жәндік және caedo - өлтіру), зиянкес жәндіктермен химиялық күресу. Инсектицидтердің жәндік организміне енуіне байланысты 4 топқа бөлінеді:
- ішек инсектицидтері , қорек арқылы бунақденелілердің организміне енетін, көбінесе неорганикалық қосылыстар (кальций, магний, барий арсенаты), кремнийдің және металдардың фторидтері, тиодифениламиндер жүн шаруашылығында күйе көбелектен қорғау үшін қолданылады.
- жанаспа әсерлі инсектицидтер , жәндіктердің организміне тері қабаты арқылы енетін фосфордың, хлордың, азоттың және күкірттің органикалық қосылыстары, пиретриндер және пиретроидтар жатады. Жанаспа әсерлі инсектицидтер өсімдіктің тамыры және жапырақтары арқылы бойына сіңіп, сол арқылы таралып, өсімдікті жәндіктерге улы (метилмеркаптофос, фосфамид) етеді.
- жүйелік инсектицидтер (фосфорорганикалық) жануарлардың эктопаразиттерімен күресуде дератизациялау үшін пайдаланады. Адам денесіндегі биттермен күресуде бутадионды қолданады. Инсектицид препаратын адам бір рет қабылдағанда оның инсектицидтік қасиеті 2 аптаға дейін сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz