Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы. Өсіру технологиясы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімДақылдың халық шаруашылығындағы маңызыБиологиялық ерекшелігіӨсіру технологиясы
а) алғы дақыл
ә) топырақ өндеу жүйесі
б) себу жұмыстары
в) күтіп баптау жұмыстары
г) жинау
2. 4 Ғылыми зерттеулер
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай , көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Қарабидай (лат. Сецале ) - астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Қазақстанда 2 түрі бар: жабайы қарабидай (Сецале сілвестре) және мәдени қарабидай (Сецале цереале) .
Мәдени қарабидай (лат. Сецáле цереáле ) - қарабидай тұқымдасының бір түрі және тағамдық дақыл. Құнарлы мал азығы ретінде де пайдаланылады. Республикада негізінен күздік Қарабидай Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында өсіріледі. Сабағы - қуыс сабан, биіктігі 110 - 180 см. Жапырағы таспа пішіндес. Тамыр жүйесі - шашақты, топыраққа 2 м-дей тереңдейді. Гүлшоғыры - күрделі масақ. Гүлінің 2 гүл қауызы бар. Жемісі - дәнек. 1000 түйір дәні 15 - 37 г тартады. Қарабидай жел арқылы тозаңданады. Ол күздік дәнді дақылдардың ең суыққа төзімдісі, тұқымы 1 - 2°С жылылықта өніп, 9 - 14°С жылылықта көктейді. Көктегеннен кейін 12 - 16 күн өтісімен түптенеді. Көктемде 5°С жылылықта (кейде одан да жоғары) арамшөптерді басып өсе бастайды. Оңтүстікте вегетац. кезеңі 257 - 272 күн, солтүстікте 345 - 375 күн. Қарабидай сондай-ақ ауыспалы егісте де өсіріледі. Қарабидай егісіне түйіршіктелген суперфосфат, азотты, фосфорлы тыңайтқыштар, калий тыңайтқыштары беріледі. Қосымша қорек ретінде әр га жерге 0, 75 - 1, 0 ц аммиакты селитра және 1, 5 - 2, 0 ц суперфосфат шашылады. Республиканың солтүстік батыс және шығыс облыстарында Қарабидай әдетте, тамыздың 10 - 25-інде қатарлап себіледі; бөлектеп ору әдісімен 4 - 6 күн ішінде жинап алынады. Қазақстанда күздік Қарабидайдың егіс көлемі 49, 3 га (2008) . 1 га-дан орта есеппен 14, 0 ц өнім алынады. Аудандастырылған сорттары: Шолпан, Саратовская 4, Долинская, Харьковская 55, т. б. Негізгі зиянкестері - күздік шыбын, күздік көбелек, астық қандаласы т. б. ; аурулары - қастауыш, қатты және сабақ қаракүйесі, қара зең және склеротиниоз. [1]
- Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын арттырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі - Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Соның ішінде күздік қара бидай маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулары, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптофан), сонымен қатар А, В 1 , В 2 , Е, РР дәрумендері ж. б. элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды.
Қара бидай ұнынан әртүрлі нан сорттарын пісіреді, олар жоғары қоректілігімен, жақсы дәмдік сапасымен, хош иістілігімен ерекшеленеді. Ол техникалық және мал азықтық мақсаттарға да пайдаланылады, арамшөптерден танапты жақсы тазартатын дақыл, әрі бірқатар екпе дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Соныме қатар күздік қара бидай - мал азықтық та дақыл. Оны жем ретінде де пайдаланады. Көктей орылғанда одан сүрлем. Шөп ұнын, пішендеме, көк жем дайындалады. Сабаны малға ірі азық ретінде пайдаланылады және малдың астына төселеді. Күздік қара бидайдың өндірістік те мәні бар, оның сабаны жоғарғы сапалы қағаз, тоқыма себет және қалпақ та болады.
Қазақстанда 2009 жылы күздік қара бидайдың егістік ауданы 59, 8 мың га, ал астық өнімі 13, 1 ц/га болды. Оның негізгі алқаптары СҚО, ШҚО, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған, оларда астық өнімі 10, 8-17, 2 ц/га аралығында. Әлеуетті астық өнімі - 18-20 дан 50-70 ц/га дейін. Өндірістік жағдайда бұл дақылдың астық өнімінің төмендігі оның өсіру технологиясының (тыңайтқыш қажетті деңгейде енгізілмейді, нашар алғы дақылдан кейін орналастырылады ж. б. ) . [2]
- Биологиялық ерекшелігі
Жылуға қажетсінуі. Күздік қара бидай тұқымы жеткілікті ылғал жағдайында 0, 5-2, 0 0 С-да өне бастайды, ал температура 30 0 С-дан асып кетсе - өнуі тоқтатылады.
Күздік қара бидай ауаның, 5 0 С тәуліктік орташа температурасында жақсы түптенеді, жоғарырақ температурада оның түптенуі тездетіледі, алайда өркен саны аз қалыптасады. Күздік дақылдардың ішінде күздік қара бидай төменгі температураға барынша төзімді. Тіпті қар қабаты төмен болған қыстың өзінде ол - 25-30 0 С аязды көтереді, ал қар қабаты 30-40 см болғанда күзгі шынығудан өткен өсімдіктер бір апта бойы - 40-43 0 С аязды көтере алады. Қалыпты масақтану және гүлденуге қолайлы температура 14-15 0 С. Ол гүлдену кезеңінде жоғары температураға өте сезімтал, дегенмен бидай мен сұлыға қарағанда шамалы деңгейде зақымданады. Жоғары температуралар дәннің байлануын күрт төмендетеді де босдәнділік пайызын арттырып жібереді. Пісу кезеңінде күздік бидайға оңтайлысы - 22-25 0 С. Тұқымның өнуінен дәннің пісуіне дейінгі қажетті температура жиынтығы күздік қара бидайдың ерте пісетін сорттарында - 1000-1700 0 С, орташа мерзімде пісетіндерінде - 1200-1800 0 С, ал кеш пісетіндерінде - 1300-1850 0 С.
Ылғалға қажетсінуі . Күздік қара бидайды негізінен ылғалды өңірлерде өсіреді, алайда оны құрғақшылыққа төзімді дақылдар қатарына жатқызады. Ол бидай мен сұлыға қарағанда ылғалды аз талап етеді. Транспирациялық орташа коэффициенті - 400-420, сортына топырақ-климат жағдайлары мен себу мерзіміне байланысты ол көрсеткіш 240-тан 585-бірлікке дейін өзгереді. Ол үшін өте маңыздысы күзде түптену кезеңінде жеткілікті ылғал мөлшерімен қамтамасыз етілуі. Күздік қара бидай алғашқы даму кезеңінде ылғалға қажетсінуі шамалы, бірақ түптену кезеңінде ылғалды 3 есе артық шығындайды. Түптену кезеңінде ылғал жеткіліксіздігі байқалғанда қысқа қарсы жақсы түптеніп үлгермейді де егістіктің селдір болуына және астық өнімінің төмендеуіне әкеліп соғады. Күздік бидайдың ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі түтікке шығудан толық масақтануға дейін созылады, бұл кезеңдегі жеткіліксіз ылғал қоры, дәннің толысу кезеңінде де, босдәнділікке ұрындырады және өнімді төмендетеді.
Жарыққа қажетсінуі . Күздік қара бидай ұзақ күннің өсімдігі. Күзгі шынығуды өткенде ол жарыққа жоғары талап қояды. Күннің пәрменділі жарығы күзгі түптену кезеңінде күздік бидай жапырақтары мен түптену түйінінде көп мөлшерде пластикалық заттарды, әсіресе қантты, жинақтауды қамтамасыз етеді. Бұл уақытта органикалық заттарды белсенді синтездейді, нәтижесінде күздік қара бидайдың аязға төзімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Көктемгі ұзақ ашық күн оның шапшаң өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді және ауаның температурасы 15 0 С-дан жоғары болғанда масақтануы және кейінгі кезеңдері тездетіледі. Органикалық заттарды толассыз түзу үшін басқа кезеңдерде де жарық күннің жеткілікті болғаны абзал.
Топыраққа және қоректік элементтерге қажетсінуі . Күздік қара бидай басқа дәнді дақылдарға қарағанда топыраққа азырақ талап қояды. Оның тамыр жүйесі жоғары сіңіру қабілетімен ерекшеленеді, әсіресе қиын еритін фосфор қосылыстарынан қоректік фосфорды жақсы сіңіреді. Оған жақсысы қара, күңгірт-қоңыр топырақтар, бірақ ауыр саз және батпақтанған топырақтардың жарамдылығы шамалы. Әрбір центнер астық пен соған сәйкес сабанды қалыптастыру үшін күздік қара бидай топырақтан 3 кг азот, 1, 5 кг фосфор және 2, 5 кг калий шығындайды. Күздік қара бидай өсімдіктері фосфор қоректік затын бүкіл тіршілік үрдісінде біркелкі пайдаланса, азот пен калийдің барынша жоғары мөлшерін күзде және ерте көктемде талап етеді.
Күздік қара бидайдың пісуі күздік бидайдан 8-10 тәулік, ал жаздық бидайдан 13-16 тәулік бұрын болады. Ал бұл егін жинаудағы қарбаластықты бәсеңдетіп, техника мен жұмыс қолын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Жалпы оның вегетация кезеңінің ұзақтығы 270-тен 350 тәулікке дейін созылады.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары:
Саратовская 5 - Ресейдің Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Түршесі - вульгаре, орташа мерзімде пісетін сорт, қысқа, құрғақшылыққа, шашылып қалмауға төзімді (Қостанай, Павлодар, СҚО, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстарында) .
Саратовская 4 - Ақтөбе, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстарында.
Чулпан - Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облыстарында.
- Өсіру технологиясы
Ауыспалы егістіктегі орны . Күздік кара бидай қолайсыз жағдайларға төзімділігінің арқасында, күздік бидайға қарағанда, көптеген алғы дақылдардан кейін егіле береді. Ылғал жеткілікті аудандарда оны екпе сүрі жерлерге себеді-ас бұршағы, сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасы, картоп ж. б. Құмдауыт, жеңіл құрамды топырақтарда да екпе сүрі жерлерге себілген күздік қара бидай жоғары өнім түзеді.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтардың қуаңшылық жағдайларында екпе сүрі жерлердің екпе дақылдары толық жетіліп үлгермейтініне байланысты күздік қара бидайды таза сүрі жерге сепкен тиімді.
Күздік қара бидай бір орынға қайтара сепкенде де жоғары өнім түзеді.
Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарында күздік қара бидайды таза сүр танабына, дұрысы ықтырмалы сүрі танабына орналастырған абзал.
Күздік қара бидай басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл: жүгеріге, картопқа, қант қызылшасына, мал азықтық тамыржемістілерге ж. б.
Тыңайтқыш жүйесі . Күздік кара бидай тамыры 2 м тереңдікке дейін кететін, топырақ кұнарлылығын аса кажет етпейтін құмды, сазды жерлерде өсе беретін дақыл. Басқа күздік дақылдарға карағанда қуаңшылық пен аязға төзімді.
Күздік кара бидайдың 1 тонна астығы және соған сәйкес мөлшердегі сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15 кг фосфор жене 20-25 кг калий пайдаланады. Қоректік заттарды түптену кезеңінен бастап түтіктену кезеңіне дейін өте көп мөлшерде қажет етеді.
Негізгі тыңайтқыш ретінде көң пайдаланылады, қуаңшылық жағдайында гектарына 15-20 тонна енгізіледі. Топыраққа көңмен бірге фосфорит ұнын енгізген жақсы нәтиже береді, мұндай компост 10-15 тонна көңнен, 3-4 ц фосфорит ұнынан тұрады.
Азотты ерте көтемде тыңайтқыш түрінде қосымша беру-оның өнімін арттырудың бірден-бір қолайлы шарасы. Күзде топырақта фосфор мен калийдің жеткілікті болуы оның суыққа төзімділігін күшейтеді, бұл дақылдың топырақтағы фосфорды пайдалануы көптеген дақылдардан жоғары.
Қолданылатын тыңайтқыш мөлшері топырақ типіне, алғы дакыл түріне және жоспарланған өнім деңгейіне байланысты. Қазақстанның ылғал жеткіліксіз далалық аймағында азот тыңайтқьшының тиімділігі төмендеп, керісінше, фосфор тыңайтқышының тиімділігі жоғарылайды. Мысалы, таза сүріге берілген 40-60 кг Р 2 О 5 күздік кара бидай өнімін 2-2, 5 центнерге арттырады. Тұкыммен бірге қолданған 10-15 кг P 2 O 5 гектарынан 1-1, 5 центнер қосымша өнім жинауды қамтамасызетеді.
Топырақ өңдеу жүйесі . Топырақты дайындау шамамен күздік бидайға ұқсас. Күздік қара бидай екпе сүрі алғы дақылынан кейін себілгенде оның күздік бидайдың топырақ өңдеу жүйесінен еш айырмашылығы жоқ.
Күздік қара бидай картоп және басқа отамалы дақылдардан кейін себілетін болса жер жыртудың орнына, бірге тырмалаумен 8-10 см-ге сыдыра қопсытылады.
Себу алдында топырақты себу тереңдігіне РВК-3, 6, ВИП-5, 6 немесе басқа агрегаттармен культивациялайды.
Тұқымды себуге дайындау жұмыстары . Себуге жақсы тазаланған, егістік кондициясы I-II классқа жататын тұқым пайдаланылады. Қазақстанда тұқымды себу алдында ауруларға қарсы өңдеуге 80% ТМТД (1, 5-2, 0 кг/т), Винцит, 5% к. с. (1, 5 л(кг) /т), Дивиденд, 030 к. с. (2, 5 л(кг) /т), Фундазол 50% с. п. (2, 0-3, 0 л(кг) /т) препараттарының бірін қолдануға рұқсат етілген, өңдеу ПС-10, ПСШ-5, «Мобитокс» машиналарымен жүргізіледі.
Себуге өткен жылғы өнімнен алынған тұқымды пайдалану керек, өйткені күздік қара бидай тұқымының піскеннен кейінгі физиологиялық жетілу кезеңі күздік бидайдікіне қарағанда біраз ұзақ. К. А. Тимирязев атындағы а. -ш. академиясы ғалымдарының деректері бойынша бастырғаннан кейін бірден себілген тұқымның өнгіштігі 38%, бір жұмадан кейін 69%, екі жұмадан кейін 74, үш жұмадан кейін 89%, бір айдан кейін 96% болған.
Жаңа бастырылған тұқымды себуге мәжбүр болған жағдайда 3-5 күн күн көзінде қыздырған жақсы нәтиже береді немесе тұқым кептіретін қондырғыларда 45-50°С температурада белсенді вентиляция жасау арқылы тұқымның ылғалдылығын 14-15%-ға дейін төмендету керек.
Өте ерте себілген күздік қара бидай егістігі швед және гессен шыбындарымен жарақаттанады. Төменгі температураларға төзімділігін жоғалтады. Тым өсіп кеткен өсімдіктері, нәзік үлкен вегетативтік массасының әсерінен, ақұнтақ (мучнистая роса) ауруымен залалданады да кейіннен ақ зең (снежная плесень) ауруынан зардап шегеді. Мұндай егістіктер күз құрғақ болғанда топырақты кептіріп жібереді. Өте кеш пісетін егістіктер түптеніп үлгермейді. Және өсімдіктері қорғаныштық қорлық заттарды жинақтай алмайды, нәтижесінде күздік қара бидай нашар қыстайды. Көктемде нашар түптенетіндіктен күздік қара бидайдың кеш себілген егістіктері селдір өседі, 5-7 тәулік кешігіп піседі, өнімі төмендейді, әрі астық ысырабы артады және күзгі жұмыстар созылып кетеді.
Себу мерзімі. Күздік қара бидайдың себу мерзімі күздік бидайға қарағанда ұзақ болғанымен, дер кезінде себілгенде ол жоғары өнім түзеді. Көптеген зерттеулер нәтижесіне қарағанда қолайлы себу мерзімі - тәуліктің орташа температурасы 10°С-қа жеткен кезең болып есептеледі. Күзде күздік қара бидай 45-50 тәулік ішінде 420±60°С белсенді температуралар жиынтығын қабылдап, 3-4 сабақ түзіп қысқа кеткен жағдайда оның қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі артып, келесі жылы жоғары өнім түзеді.
Қазақстанда күздік қара бидайдың кең тараған себу тәсілі- жаппай қатардағы тәсіл, тар қатарлап себуге де болады.
Озық өсіру технологияларының маңызды элементтерінің бірі - оңтайлы қоректену алаңын таңдап алу. Ал ол сорттың биологиялық ерекшеліктерін, нақты өсірілетін өңірдің топырақ-климат және өсіру жағдайларын ескере отырып тиісті себу мөлшері, әрі себу тәсілдерімен белгіленеді.
Себу мөлшері . Себу мөлшері топырақ-климат жағдайларына қарай гектарына 3, 0-3, 5 мен 5, 0-7, 0 млн өнгіш дән себу аралығында өзгереді. Ылғалмен қамтамасыз етілген аймақтарда себу мөлшері жоғарылайды, ал қуаңшылық аймақтарда азаяды. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 3, 5-4, 0 тен 6, 0-6, 5 млн өнгіш дән себу мөлшері қолданылып жүр.
Жоғарыда аталған жоғары оқу орнының ғалымдарының ғылыми деректері бойынша (Қ. М. Мұсынов, 2007), күздік қара бидайдың астық өнімі себу мөлшері мен тыңайтқыш аясына байланысты өзгерді. Атап айтқанда, себу мөлшерін 3, 0-тан 4, 5-млн/га өнгіш тұқымға дейін жоғарылатқанда өнімнің арту (13, 5 ц/га-дан 15, 4 ц/га дейін) тенденциясы байқалды, ал бұл күздік қара бидай үшін Солтүстік Қазақстан құрғақ-дала аймағында (жаппай қатардағы себу тәсілінде) бұрын ұсынылған себу мөлшеріне (3-4 млн/га өнгіш тұқым) сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz