Мекен–жай кітапшасы


КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта біздің қоғам ақпараттық ағынның күрт өсуімен сипатталатын заманда өмір сүреді. Бұл тек экономикалық салаға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік салаға да қатысты. Ақпарат көлемінің ең көп өсуі өндіріс, сауда, қаржылық-банктік, салық салу салаларында байқалды. Өндірісте ақпарат көлемінің өсуі өндіріс көлемінің ұлғаюымен, шығаратын өнімнің, қолданылатын материалдардың, технологиялық жабдықтардың күрделенуімен, экономикалық объекттердің сыртқы және ішкі байланыстарының кеңеюімен тікелей байланысты. Нарықтық қарым-қатынастар ақпараттың дер кезділігі, анықтығы, толықтығы сияқты қасиеттеріне жоғары талаптар қояды. Қоғамдық өмірде ақпараттың ролі күрт өзгерді. Ақпараттың өзгерту, анықтау қасиеті пайда болды. Информатика өнеркәсібінің құрылуы және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы қоғамның терең әлеуметтік өзгерістеріне әкеліп, оны өндірістік қоғамнан ақпараттық қоғамға айналдырды. Ақпарат - қоғам өмірінің барлық жақтарын, материалдық өндірістен бастап, әлеуметтік салаға дейін қамтыды. Сапасы жағынан адам іс-әрекетінің ақпараттық процестері жаңа қызмет көрсетуі дербес электрондық есептеуіш техникасын пайдалануымен, телекоммуникация жүйелерін пайдалануымен, ЭЕМ желілерінің құрылуымен байланысты. Бұған байланысты мемлекет деңгейіндегі қоғам бірқатар ақпараттандыру мәселелерін шешуі қажет. Олардың ең маңыздыларының шешу жолдары Қазақстан республикасының Президентінің (“Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаты туралы”) бұйрығында ұйымдық, экономикалық және заңдық шаралар жиынтығымен анықталған. Бұл құжаттың негізгі ережелерін қарастырайық:

  • Қызметтің әр түрлі салаларында халыққа жаппай ақпараттық қызмет көрсету жүйелерін құру және пайдалану.
  • Ақпараттандыру инфрақұрылымының негізгі компоненттерінің құрылуы және дамуы.
  • Халықты ақпараттық мәдениетпен, компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету.

Дипломдық жобаның негізгі мақсаты кез-келген уақытта қажет ақпараттарды тез жүйелейтін бағдарламалық жабдықты құру болып табылады. Сонымен бірге құрылған бағдарлама пайдаланушыға түсінікті және ыңғайлы түрде берілуі қажет.

Дипломдық жұмыс «Мекен-жай кітапшасы» бағдарламалық өнімі Delphi 6 интегралдық ортасында жазылды және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Poradox-та қолданылды.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі Poradox ақпаратты сақтау және өңдеу үшін қолданылады. Қолдану шеңбері әртүрлі: жұмыс тобы деңгейі жүйесінен бастап үлкен өндіріс деңгейіндегі жүйеге дейін. Мәліметтер қорын басқару жүйесі Poradox реляциялық мәліметтер қоры болып саналады және де оны пайдалану жаңадан бастаған пайдаланушыға да, сондай-ақ маманға да қолайлы.

Қазіргі кезде Delphi корпоративтік қолдану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таратылған құрылғы болып есептелінеді. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы. Оның көмегімен әртүрлі клиенттік орындарға арналған тиімді (өнімділігі жоғарғы және салыстырмалы көп емес сиымдылығы) бағдарламалық өнімдер құруға болады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және оның классификациясы туралы жазылды.

Екінші тарау мәліметтер қорын басқару жүйесі Poradox және Delphi бағдарламалау ортасы туралы мағлұмат беруге арналған.

Үшінші тарауда есептің қойылымы, бағдарламаны жазу жолдары және пайдаланушыға арналған нұсқау көрсетілген.

1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

1. 1 ДЭЕМ негізінде жұмыс орнының жағдайы және дамуы

Электрониканың дамуы есептеуіш машиналардың жаңа класының. Дербес ЭЕМ-нің пайда болуына әкелді. Дербес ЭЕМ-ң негізгі ерекшелігі оның төмен бағасы жєне сонымен қатар жоғары сапалылығы. Мысалы, 60-шы жылдардың басындағы үлкен ЭЕМ-дің шығарылуының, 70-ші жылдардың басындағы кіші ЭЕМ-дің жєне 80-ші жылдардағы Дербес ЭЕМ-дің шығарылу сұранысының жоғарылығы бір-бірімен шамалас. Қазіргі кезде Дербес ЭЕМ-ң төмен бағасы, сенімділігі адам тұрмыс тіршілігінің қалып күйіне арналған.

Мұндай облыстарға Дербес ЭЕМ қолданылатын ұжымдық тұрмыста жатады (1-сурет)

1-сурет. Дербес ЭЕМ-нің жалпы схемасы:

1-микропроцессор, 2-негізгі жады, 3-сыртқы жады, 4-дисплей,

5-клавиатура, 6-басып шығару құрылғысы, 7-жүйелік магистраль.

ЭЕМ-нің қолданылуы:

- мамандардың информацияны өңдеумен байланысты еңбек сапасын өсіруге шынымен мүмкіндік берді. Бұл аспект ерекше көзге түсерліктей, өйткені осы уақытқа дейін басқару еңбегі сапасының жоғарылығы өте жай қадаммен өсіп келді. Осылайша ол соңғы 30 жыл ішінде 2-3 есе өсті, ал сонымен қатар өнеркәсіпте 14-15 есе өсті. Қазіргі уақытта әртүлі салалар мамандарының басқару және ой еңбегінің интенсификациясы үшін ДЭЕМ-нің негізінде функционалданатын АЖО өте кең көлемде өңделіп дамып келеді.

- экономикалық қызметтердің жұмысшыларының АЖО-ның негізгі құраушы элементтерін, басқару тұрмысын жєне т. б. олардың қолданылуының жєне дамуының перспективалары. 1-суретте АЖО-ң техникалық негізін құрайтын ДЭЕМ-нің жалпы схемасы көрсетілген.

- Дербес ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы программа құрамындағы әртүрлі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін микропроцессор болып табылады. Қазіргі уақытта ең кең көлемде таралған 32-разрядты процессорлар, бірақ көп кешікпей олардың орнына 64-разрядты процессорлар келеді. Разрядтылық елілік кодтағы жұмысшы сөзінің ұзындығын білдіреді. Микропроцессорлар разрядтылығынан басқа тактілік жиілігімен де ерекшеленеді. Тактілік жиілік пен разрядтылық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым процессордың сапасыжоғары болады. Бір секундта ондаған миллиондаған операцияларды орындау Дербес ЭЕМ үшін қалапты нәрсе.

Дербес ЭЕМ-нің жұмыс істеу шапшаңдығы сонымен қатар жұмыс істейтін жадының көлеміне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болып бөлінеді. Негізгі жады 2 компоненттен тұрады: тұрақты есте сақтау құрылғысы(ROM немесе ПЗУ) және жедел есте сақтау құрылғысы (RAM немесе ОЗУ) ЖЕҚ - да программаның динамикалық информациясы және өңделетін мәліметтер сақталады. Компьютерді сөндіргенде ЖЕҚ құрамындағы барлық информация өшіріліп қалады. ТЕҚ-сы ЖЕҚ-ға қарағанда кішірек, онда информация ұзаққа сақталады және оны өзгерту мүмкін емес, немесе оны арнайы құрылғылардың көмегімен өзгертуге болады (ТЕҚ-прогматтары) . Сыртқы есте сақтау құрылғылары (СЕҚ) сонымен қатар әр түрлі типті болады. Сызықтық жинағыштар информацияны магниттік таспаға жазу үшін қолданылады. Қазіргі кезде бірнеше гигабайтқа дейін информацияны сақтай алады (1гб=1024мгб) . Бұл құрылғылар ертеректе шыққанына қарамастан, олар әлі де кең көлемде қолданылады, оның ең басты себебі көлемінің үлкендігі, олар информацияны резервті түрде көшіруге және ұзақ уақыт сақтауға арналған. Дисктік жинағыштар да қазіргі кезде кең таралған. Оларды бірнеше топтарға бөліп тастауға болады:

а) иілгіш дисктегі жинағыштар (флоппи дисктегі) дискеталар салыстырмалы түрде сыйымдылығының өте төмен болуына қарамастан, бағасының арзандығына байланысты кең таралған.

б) Қатты дискідегі жинағыштар (винчестер) олар иілгіш дискілер секілді көп қолданылады, бірақ қатты дискілердің мәліметтерді жіберу жылдамдығы күшті және сыйымдылығы жоғары винчестер бағасы түсіп келеді, ал жылдамдығы сенімділігі және сыйымдылығы өсуде. Бұл айтылғандардың барлығы қазіргі кез-келген ДЭЕМ-нің ең басты атрибуты болып табылады.

в) Лазерлік дисктегі жинағыштар да осы уақытта жақсы таралып келеді.

(CD-ROM) өзінің кемшіліктеріне байланысты CD-ROM информацияны сақтау орнының үлкендігіне байланысты информацияны сақтау құрылғысы ретінде оның алатын орны ерекше (700 мгб) .

г) Қазіргі кезде көп қолданыс таппаған басқа да көптеген СЕҚ да бар. (Магнитті - оптикалық дисктер Бернулли дисктері, WORM-дисктері, Mobile дисктері және т. б. ) . Кейбір жинағыштар (перфоленталар, перфокарталар, магниттік барабандар және т. б. ) . Қазіргі уақытта ескіріп қалған және соңғы ДЭЕМ-де олар мүлдем қолданылмайды.

- Дисплей информацияны қарауға арналған негізгі құрылғы. Ол экранның өлшемімен сипатталады.

- Клавиатура (пернетақта) информацияны енгізуге арналған негізгі құрылғы. Сонымен бірге оператордың жұмысын жеңілдететін қосымша құрылғылар да бар. Олар тышқан және т. б. Информацияны енгізу үшін сонымен қатар сканер де қолданылады. Информацияны қабылдау және талдау құрылғылары мен бейнені (сақтау) қабылдау құрылғыларының болашағы өте үлкен.

- Дербес ЭЕМ-нің барлық құрылғылары жүйелік магистраль арқылы қатынас жасай алады. Бірақ информация әуелі СЕҚ-ның ЖЕҚ-ның жазылып, содан кейін процессор оған ену мүмкіндігін ала алады. Дербес ЭЕМ-ді қолданудың ең тиімді формасы ол Дербес ЭЕМ-ның негізінде нақты АЖО-ң мамандарын ұйымдастыру, бұл әдіс адам мен машинаның арасындағы қатынастардың психологиялық қабынуларын жоғалтады.

АЖО келесі сұрақтарға жауап беру керек:

- Маманның информациялық есептік сұраныстарын қанағаттандырады.

- Жауаптың минимальды уақытты ал сұраныстар қолданушынікі.

- Қолданушы дайындау деңгейіне және оның профессионалды сұрауларына бейімделу.

- АЖО-да жұмысты тез қабылдау, көмек берудің қарапайымдылығы және сенімділігі.

- Қолданушыға шыдамдылықпен қарау.

- Қолданушыны тез оқытып-үйрету мүмкіндігі.

- Есептеуіш желінің құрамындағы жұмыстың мүмкіндігі. АЖО-ның жалпыланған схемасы 2-суретте көрсетілген.

Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) есептеуіш техниканың функционерленуін және жаңа программалардың қосылуын және өңделуін қамтамасыздандырады. АЖО-ның профессионалды бағытталуы ПҚ-ның функциональдық бөлігімен анықталады. (ФПҚ) дәл осы жерде нақты маманға бағыт анықталады, айқындалған пәндік облыстардың есептері шешіледі. ФПҚ-ды өңдеу барысында үлкен көңіл "адам-машина" қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына аударылады. Қолданушы ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда өз ісінің қажетті, шынайы екендігін сезіну керек. Әйтпесе, адамдар жұмысына деген жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін.

Диалогты жүйелерді талдау осы диалогты ұйымдастырушыларының көзқарасы бойынша оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • Командалық тілі бар жүйелер.
  • "Адам объектілер әлемінде".
  • "Меню" формасындағы диалог.

Қолданбалы желілерді командалық тілді қолдану мини және микро ЭЕМ үшін интерпретатор командаларын құру идеяларын көшіру. Оның негізгі ерекшелігі құрылуының қарапайымдылығы мен жүзеге асырылуына, ал кемшілігі: командаларының олардың параметрлерін еске сақтау, қате енгізулерді қайталау, командаларға әр түрлі деңгейде ену мүмкіндігін шектеу және т. б. Осылайша қолданушы жүйелерде қарым-қатынас тілін меңгеруге тиіс.

"Меню" негізгі менюіндегі форманы диалогы қолданушыға көптеген альтернативті әрекеттерді ұсынады. Ол ішінен өзіне ең керегі таңдап ала алады. Қазіргі кезде ең көп таралған қолданушылар интерфейсі онда барлық жұмыс орны үш бөлікке бөлінеді (объектке) . Біріншісі (жоғарыда орналасқан жол) немесе мәзір жолағы деп аталады. Оның көмегімен қолданушы "қаңқа" программаларын құрайтын әр түрлі мәзірлерді жүргізе алады, олардың жәрдемімен басқа объектілерге ену мүмкіндігін алуға болады. Екінші бөлігі (төменгі жақта немесе кейбір кішігірім программалардың болмауы да мүмкін) қалып-күй қатары деп аталады. Оның көмегімен өте жиі шақырылатын объекттер немесе ағымдағы информация көріну мүмкін. Үшінші бөлігі жұмыс беті (стол беті) деп аталады, ол ең үлкен бөлігі. Мұнда мәзірде немесе қалып-күй қатарынан шақырылатын командалардың көбісі шақырыла алады. Адам мен машинаның арасында мұндай диалог орнату өте қолайлы болып табылады және ол өте жиі қолданылады. Кез-келген жағдайда ол СИА стандартына сәйкес болуы керек.

Енді АЖО-ны өңдеу үшін қолданылатын 2 подходты қарастырайық.

1) функционалдық қарапайым функциялардың автоматтандырылуы:

Функционалдық ПҚ-ны нақты қолдану шарттарына қалай бейімделетіндігін қарастырайық, сол сияқты АЖО-ның әр түрлі мамандықтарының негізінде базалық болып табылатын программаық жабдықтарды атап өткен жөн.

Ең бірінші болып техникалық жеке тұлға еңбегін автоматтандыру үшін қолданатын программалық жабдықтар пайда болады. Бұған ең қарапайым мысал текссік редакторлар (процессорлар) . Олар информацияны тез арада енгізуге, оны редакциялауға, қателерін іздеуге жіне мәтінді басып шығаруға дайындауға мүмкіндік береді. Тексттік редактрлерде қолдану басып шығарушылардың еңбегінің сапасын неғұрлым жоғарылатады.

Мамандарға әр түрлі құжаттарды дайындауға мәліметтерді табу үшін үлкен көлемді информациялармен жұмыс істеуге тура келеді. Осы тектес жұмыстарды атқару үшін, яғни бұл жұмысты жеңілдету үшін арнайы МҚБЖ пайда болады(СУБД: DBASE, RBASE, ORACLE және т. б. ) . МҚБЖ өте үлкен көлемді информацияларды сақтауға және ең қолайлы қажет мәліметтерді дер кезінде табуға мүмкіндік береді. Мысалы, картотекамен жұмыс жасағанда қажетті информацияны табу үшін өте үлкен мәліметтер архивін үзу керек, өйткені кейбір карточкалар дұрысемес ретпен сұрыпталған. Ал МҚБЖ бұл әрекетті санаулы секундтар ішінде орындай алады.

Мамандардың көпшілігі сонымен бірге әртүрлі таблицалармен жұмыс жасайды, өйткені қазір көп жағдайда экономикалық информациялар кестелік құжат түрінде көрсетіледі. КЭТ (ҮЭК) (үлкен форматты электрондық кестелер) осндай құжаттарды дайындауға көмектеседі. Қорытындылық немесе аралық мәліметтерді тез арада енгізіп, кейбір өзгертулерді пайда болған жағдайда автоматты түрде енгізіп отырады.

Көптеген мекемелерде ұйымдардың тұрмысын координациялау және бақылау үшін арналған программалық жабдықтардың АЖО-ның рөлі ерекше. Мұнда барлыќ басќару тұрмысы бір процесс жиынтығы болып есептеледі, олардың әрќайсысының басталу және біту мерзімі бар. Әр жұмысшының тұрмыстыќ іс-әрекеті басќалармен тығыз байланыста, осылайша жұмыстың аяќталу уаќытын еске салып тұрады.

Мекемелік тұрмыста үлкен орынды мєліметтердің оперативті алмасуы алады, ол яғни, басќарушының 95%-ға дейінгі, ал маманның 53%-ға дейінгі уаќытын алады. Осыған байланысты «электрондыќ почта» типті программалыќ жабдыќтары кең тараған. Оларды ќолдану бізге үлкен мүмкіндіктер туғызады: мекеменің ішінде ќұжатарды тарату, жіберу, әртүрлі жұмыс орындарынан хабарламаларды алу жєне оларды өңдеу, мамандардың жиналыстарын өткізу жєне т. б. Мәліметтердің алмасу проблемасы есептеу желісінің ќұрмындағы АЖО-ы ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты.

Ќазіргі уаќытта тексттік редакторлар, кестелер, графиктік редакторларды өзіне сыйдыратын бөліктенген пакеттерге үлкен сұраныс бар.

МҚБЖ көбінесе информацияны саќтау үшін қолданылады жєне олар осы типті мєліметтерді бір бүтіндей етіп саќтайды. Қазір информацияның екі басќа түрінің шапшаң дамуы жүріп жатыр (дыбыстық жєне видео информация) . Олар үшін өздеріне ғана тєн редакторлары құрылған, мүмкін алдағы уақытта информацияның бұл түрлері көптеген МҚ-ң ажырамас бөлігі болып кетер. Қазіргі ФПК қажеттіліктердің барлығын қанағаттандырса, кейбір кемшіліктерін көруге болады. Сондықтан да ПК-ға жаңа өңдеулер мен өзгертулер енгізу өте қолайлы болар еді. АЖО-да жаңа программалық құралдарды өңдеу екі бағыттажүреді: ПК-ң мамандандырылуы мен жаңа мамандыќтар үшін жаңа программалыќ ќамсыз дандыруын құру. Ќазіргі уаќыта АЖО-ны ќұруға бағыт байќалады.

Ол келесі түрде сипатталады:

  • шешілетін мәселелер есебі.
  • басќа жұмысшылармен өзара іс-әрекет.
  • профессионалды әдеттер мен бағыттарды есептеу.
  • тек ФПЌ емес, арнайы техникалыќ ќұрылғыларда да өңдеу (тышќан, желі, телефон номерлерін автоматы түрде алу және т. б. ) .

АЖО-мен мамандарды жабдықтау мекеме жұмысшыларының еңбек сапасын көтеруге, экономикалыќ информацияны өңдеу жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді.

1. 2 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған қойылатын талаптар

Жұмыс орнын автоматтандыру саласы мамандарының айтуы анықтамасы бойынша кіші кәсіптік-бағыттаушы есептеуіш техника деп, мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмысын автоматтандыруға арналған жабдықты айтады. Әрбір объектінің автоматтандырылған жұмыс орнын басқару бекітілген міндеттеріне сай қарастырылуы керек. Дегенмен, автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың жалпы принциптері: жүйелілік , икемділік , орнықтылық , тиімділік - әрқашан орындалуы керек. Автоматтандырылған жұмыс орнының басқарылуы жүйелілік принципі құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек.

Икемділік принципі - қандайда бір модуль арқылы құрылатын жүйе ішінде барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкіншілігі.

Орнықтылық принципі - жұмыс орынын автоматтандыру жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек.

Тиімділік принципі - жүйені жасауға және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты жұмыс орынын автоматтандыру жоғарыда келтірілген принциптерін іске асуын интегралды түрде қарастыру.

Жұмыс орынын автоматтандыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

  • мамандардың ақпараттық және есептеу талабын уақытында қанағаттандыру;
  • автоматтандыру уақытты ұту қажеттілігінен туындайтындықтан қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;
  • пайдаланушының дайындалу деңгейіне және оның профессионалдық сұранысына байланысты келтіру(адаптация) ;
  • автоматтандырылған жұмыс орынының функцияларын үйренудің қарапайымдылығы, сенімділігі;
  • пайдаланушыға байланыс бойынша шыдамдылықты қамтамасыз ету;
  • пайдаланушының тез үйренуінің маңыздылығы;

есептеуіш желі құрамында жұмыс істеуінің маңыздылығы.

Қазіргі уақытта әртүрлі мамандық саласында ойлауды және еңбекті басқаруды интенсивтендіру жасалып, дербес компьютер негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс орныны кең ауқымда таралуда.

Автоматтандырылған жұмыс орнының техникалық негізі болатын дербес компьютердің жалпы схемасын келесідей келтіруге болады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының мамандық бағдары программалық қамсыздандырудың функционалды бөлігімен анықталады. Аймақтың анықталған пәндік есептерін шешу қамтамасыз етіледі. Функционалдық программалық қамсыздандыруда көбінесе «адам-машина» деген сұраққа көңіл бөлінеді. Қолданушы компьютерде өзін-өзі керекті және пайдалы нақты нақты жұмыс істеп жатырмын деп сезінсе, жұмыс істеу қызықты және тартымды болады. Кері жағдайда келеңсіз жағдайға ұшыратуы мүмкін, жаман әсерде қалдыруы мүмкін.

АЖО индивидуальді, толық және ұжымдық болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

  • Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы;
  • Диалогты режимде жұмыс істеуі;
  • Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;
  • Компьютердің жоғарғы өнімділігі;
  • Күрделі процесстерді максималды автоматтандыру;
  • Мамандардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еңбек талаптарының моральді қанағаттануы;
  • Мамандардың өз бетінше оқу мүмкіндігі.

АЖО-да шешілетін мәселелерді мәліметті және есептегіш деп бөлуге болады. Мәліметтік мәселелерге кодтау, сұрыпталу, жинау, құрылымдық ұйым, дұрыстау, сақтау, іздеу және мәліметті беру. Көп жағдайларда мәліметтік мәселелерде арифметикалық және мәтіндік сипат пен қатынастың оңай есепті және логикалық процедуралары болады. Олар негізінен күрделі болады және маман жұмыс уақытының үлкен бөлігін алады.

Есептегіш мәселелерді қалаптастырылатын және қалыптаспайтын болып екіге ажыратылады. Қалыптастырылатын мәселелер формальдік алгоритмдер негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу мәселелері және математикалық үлгі негізіндегі мәселелер. Тікелей есептеу мәселелері қарапайым алгоритм көмегімен шешіледі. Ал күрделі мәселелерге әртүрлі математикалық есептерді пайдалану керек.

1. 3 Мәліметтер қорының жалпы құрылымы

Мәліметтер қоры дегеніміз - бұл алдымен кестелер жиынтығы. Мәліметтер қорына процедуралар және объектілер кіреді.

Кестені қандай да бір жиын атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің характеристикаларына сәйкес келеді, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты - идентификатор. Ол әр түрлі программадағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі мәліметтер өрісінде сақталғандардың типін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен тексттер, әр түрлі кескіндер болуы мүмкін.

Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің біреуіне сәйкес келеді, оны жазба деп атайды және оның құрамына берілген объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын құрған кезде информациялардың қарама-қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік өрісті енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Өрістердің мәнін қолданушы өзі енгізеді және ол мәліметтер қорында сақталады. Бұл өрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін өрістерді енгізуге болады. Мұндай өрістердің мәнін қолданушы енгізбейді, ол автоматты түрде басқа жазба өрістерінің мәні негізінде есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мекемелердегі кадрларды есепке алу құжаттары
Еңбек келісімі
Жинақтаушы зейнетақы қорлаоынан зейнетақымен қамсыздандыру
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі
Медициналық Манипуляцияның тактикасын талдау жиынтығы. Ақпаратты талдау жиынтығы
Корреспондентті шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары
Еңбек келісім шарт
Келісімшарт, жазылу үлгісі
Коммерциялық құпия мазмұнды құжаттар
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz