Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
2. Фенокалендарь құру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Орман қорғау – орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдергебөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станцияларықұрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.
Орман шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
1. Ағыбаев а. ж., «Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларының дамуын болжау жəне хабарлау», Алматы, 2015
2. Казенас Л.Д. Болезни сельскохозяйственных растений Казахстана. ─ Алматы: Кайнар, 1965. ─ 348 с.
3. Наумов Н.А. Методы микологических и фитопатологических исследований. ─ Л., 1937. ─ 270 с.
4. Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы.Төменгі сатыдағы өсімдіктер Алматы: -«Ғалым»ғылыми баспа орталығы, 2003.-440б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жосапар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
2. Фенокалендарь құру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Орман қорғау - орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдергебөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станцияларықұрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.
Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.

1. Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілі
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады.
Өсімдік өмір сүру барысында қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Оның өсуі, дамуы міндетті түрде температураға, ылғалдылыққа, топырақтың химиялық құрамына, ауаға, әртүрлі фактілерге байланысты болады. Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдіктің керекті талаптарына сай болса, оның морфологиялық және функционалдық өзгерістері болмас еді. Кез-келген өзінің мөлшерінен асып немесе кем болса, өсімдікке басқа бөгде организмдер әсер етіп, зат алмасуы және физиологиялық қызметтері, анатомиялық құрылысы және өсімдіктің сыртқы бейнесі өзгеріп патологиялық процесс немесе ауруға ұшырауы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы - бұл өте күрделі патологиялық процесс, сыртқы факторлардың әсер етуі. Қоршаған ортаның зиянды факторлары өсімдіктің ауруының дамуына әсер етуін биотикалық және абиотикалық деп бөлуге болады. Биотикалық дегеніміз өсімдікке тірі организмдердің әсері. Абиотикалық дегеніміз тірі емес фактордың әсер етуі.
Егер ауру тірі организммен берілсе, онда ол міндетті түрде ауру өсімдіктен сау өсімдікке беріледі. Бұндай ауруларды жұқпалы деп атайды. Ауру организмді ауруды шақырушы аурудың қоздырғышы немесе патоген деп атайды. Өсімдіктің ауруын шақыратын организмдерді фитопатоген деп атайды. Өсімдікке кіріп, оның тамағымен қоректенетін патогенді - өсімдіктің иесі деп атайды. Өсімдіктің жұқпалы ауруларын көбінесе фитопатогенді микроорганизмдер шақырады: саңырауқұлақтармен (саңырауқұлақпен берілсе, микоз деп аталады), бактериямен (бактериоз), гельминттермен (гельминтоз), актиномицеттермен және вирустармен, микоплазмамен.
Көбінесе ағаш тектес өсімдіктерде кездесетін аурудың типтерін төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
1) Шіру. Аурудың бұл типі саңырауқұлақпен немесе бактериямен шақырылады. Оларға тән мінездеме өсімдік құрылысының өзгеруі және мүшелердің тканьдерінің зақымдалуы. Өсімдіктің әртүрлі бөліктері шіруі мүмкін: жемісі, тұқымы, түйіні, тамыры, діңі және т.б.
2) Ісік. Ісіктер өсімдіктің діңінде, тамырларында және тағы басқа мүшелерінде кездесуі мүмкін. Көбінесе ісікті аурулар ағаш тектес өсімідіктерде саңырауқұлақпен немесе бактериямен беріледі, бірақ ісіктің алғашқы дамуы механикалық зақымдалудан болуы әбден мүмкін, температураның күрт өзгеруі және басқа факторлар әсер еткенде;
3) Вилт. Өсімдіктердің өткізгіш жүйелерін зақымдайтын және өсімдіктің түгелімен немесе кейбір мүшелерінің қурауына әкеп соғатын ауру. Осы аурудың қоздырғыштары саңырауқұлақ арқылы берілсе, онда оны трохеоликоз, ал бактериялар арқылы берілсе - трохеобактериоз деп атайды.
4) Қабық некрозы. Саңырауқұлақпен берілетін аурудың типі қабығымен камбийдің зақымдалуы, түсінің өзгеруі, зақымданған тканьдердің өлуі және арнаулы саңырауқұлақтың өсінділерінің қалыптасуы;
5) Тат саңырауқұлақтары. Осы атаумен көптеген саңырауқұлақтардың тат аурулары белгілі. Кейбір белгілері бойынша тат саңырауқұлақтарында пустул қалыптасып, қызғылт-сары, қоңыр-тат және қара споралармен толтырылуы, сыртқа ол жабын тканьдерін тесіп, эпидермис, жапырақтың кутикуласы, діңі және бұтақтары арқылы сыртқа шығады;
6) Шютте. Осы аурудың типі қылқан жапырақтыларда кездеседі. Неміс тілінен аударғанда schütten, түсу деген мағынаны білдіреді. Шютте арудың типі әртүрлі саңырауқұлақтардың түрлері арқылы беріліп, түсінің өзгеруіне, қылқандарының өліп түсуіне әкеп соғады. Жұқпалы емес аурудан бұл аурудың белгілері бойынша жұқпалы ауруларға қылқанында споратасымалдаушы қоздырғыштардың қалыптасуы;
7) Ақ ұнтақ. Бұл аурудың типі ақұнтақ саңырауқұлақтары арқылы беріледі. Олардың ерекшелігі патогеннің мицелиі өсімдіктің үстіңгі жағында орналасады, өте тығыз ақ түсті дене түзеді. Саңырауқұлақтың спорасы жаппай қалыптасқанда сеуіп тастаған ақ ұнға ұқсайды;
8) Күю. Күюмен берілетін аурудың типі саңырауқұлақпен немесе бактериямен берілуі мүмкін. Олар ағаштардың әртүрлі мүшелерінде кездесуі мүмкін: жас бүршіктерінде, гүлінде, діңнің қабығында, бұтақтарында, жапырақтарында. Гүлдері мен бүршіктері тез арада өліп қарайып кетеді.
9) Теңбілдену. Бұл табиғатта кең таралған өсімдіктердің аурулары. Теңбілдену саңырауқұлақтармен, бактериялармен, вирустармен және қолайсыз абиотикалық факторлармен беріледі. Негізінен теңбілденумен көбінесе жапырақтар зақымдалады, кейбір ағдайларда жемістері, жас бүршіктерінде кездеседі. Бұл аурудың типі тканьдердің өлуіне, түсінің, құрылысының өзгеруіне, саңырауқұлақпен берілсе, патогеннің спорасы пайда болады.
10) Мумификация. Саңырауқұлақпен берілетін осы ауру паразиттің мицелиі барлық мүшелердің тканьдерін зақымдап, оны қара тығыз мумию деген денеге немесе склероциалды стромаға айналдырады. Үнемі көп кездесетін ол жемістер мен тұқымдардың мумификациясы, бірақ өсімдіктің басқа да мүшелері мен жапырақ бөлімдері мумификациялануы мүмкін;
11) Парша. Парша кейбір саңырауқұлақтардың түрлерімен беріледі. Тал, терек, көктеректің жемістерінде кездеседі;
12) Антрокноз. Саңырауқұлақпен берілетін ауру, өсімдіктің мүшелерінде өте тереңге кеткен жаралардың, құрғақ шірудің белгілері осы ауруда кездеседі;
13) Мыстанкемпірдің сыпыртқысы. Осы ауру көбінесе өсімдіктерге саңырауқұлақтармен және вирустармен беріледі. Патогеннің әсер етуі арқылы ұсақ-ұсақ көптеген жіңішке жіпшелердің өсімдікті орап алуы;
14) Деформация (қисаю). Әртүрлі факторлардың әсерінен немесе саңырауқұлақтар мен вирустар арқылы берілуі, өсімдіктердің мүшелердің қисаюына әкеп соғуы мүмкін. Деформацияның типі әртүрлі. Жапырақтардың деформациясы олардың оралуына, әжімденуіне, көпіршікті томпашықтардың пайда болуына әкеп соғады.
15) Хлороз. Хлороз дегеніміз жапырақтарға хлорофилдің жетіспеуінен сарғайып, түссізденуі. Хлороздың пайда болуына себеп - өсімдікте минералдық қоректің бұзылуы, кейбір кезде хлороз вирус арқылы да беріледі;
16) Мозайка. Жапырақтардың түсінің тең болмауы, жасыл түстің орнына ақшыл түстің болуы. Өсімдіктерде бұл ауру вируспен беріледі. Кейбір жағдайда элементтердің қорының жетіспеуімен де байланысты;
17) Плесень. Саңырауқұлақтардың спораларымен мицелилерінен тұратын әртүрлі түсті тор сияқты өсімдік мүшелерінде кездесетін ұнтақ.
Патогенді саңырауқұлақтар өсімдіктердің көптеген түрлерін әртүрлі ботаникалық тқұымдастарды зақымдауда. Мысалы, Sclerotinia graminearum Elen және Nyphula graminearum Tul, астық тұқымдастарын, кейбір шөптксін өсімдіктерді, қылқан жапырақтыларды бүлдіруде. Паразиттердің кең таралған түрлері бір тұқымдастылық өсімдіктердің әртүрлі түрлерін зақымдайды. Мысалы, Plasmodiophora brasscae Woron крестгүлділердің қоздырғыштары.
Саңырауқұлақтардың өсіп жетілуіне паразиттік белсенділіктерін арттыру үшін қоршаған орта жағдайлар: ылғалдылық , температура, қышқылдық , жарық, оттегінің атқаратын қызметі өте зор. Осы факторлардың әсері басқа жағдайлардың өзгеруімен қатысты. Ең негізгісі, жеке факторлардың әсер етуі, әрі қарай жалғасуы сәйкестікті қажет етеді.
Орман ағаштарын потологиялық тексеру ағаш аурулары мен зиянкестер ошағының жағдайын және шегін анықтау мақсатында жүргізіледі. Алынған мәліметтер негізінде техникалық негізделген және экономикалық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар зақымданған орманды сауықтыру үшін шаруашылық шаралары жобаланады.
Ұйымдастыру формасына байланысты патологияылық тексерулер 4- ке бөлінеді.
Инвентаризациялық тексерулер орманды құрудың және орналастырудың негізгі бөлігі болып саналады жіне орман құрудың инструкциясына сәйкес жүргізіледі.
Бұл тексерудің мақсаты - орманның санитарлық жағдайын анықтау және зиянкестермен зақымданған, ауруға ұшыраған аумақты картаға түсіру болыптабылады. Ұйымдастыру - шаруашылық және санитарлы - сауықтыру шараларын өткізу жоспарға алынады.
Экспедициялық потологиялық тексерулер топтық экспедиция түрінде жүргізіледі. Мақсаты - орманның жалпы санитарлық жағдайын анықтау, қауіпті зиянкестер мен аурулардың кобею деңгейін бақылау. Бұл тексерудің нәтижесінде ағаштарды сауықтыру және пайда болған ошақтарды жою бойынша шаралардың жоспары құрылады.
Оперативтік тексерулер аудандық инженер- потологтардың, орманды қорғау бойынша инженерлердің, зиянкестерге және ауруларға қарсы күрес станциясының мамандарының қатысуымен іске асырылады.
Бұл тексерудің мақсаты - орман зиянкестері мен ауруларының тууын қадағалаудан және хабар беруден түскен мәліметтерді тексеру; көктемгі және кұзгі бақылау есептерін жүргізу, әртүрлі факторлардан зардап шеккен алқаптарды тексеру , аурулардан, зиянкестерден зақымдалған алқапты , тұқымжайды тексеру.
Аэронысаналық тексерулер көп аймақтарда авияциялық базаның күшімен жүргізіледі.
Мақсаты - орманның жалпы санитарлық жағдайын және қылқанжапырақты орманда зиянкестер мен аурулардың көбеюін авияциялық инструкцияға сәйкес анықтау.
Орман патологиялық мониторингтің бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік орман қорының аумағында орман патологиялық зерттеу жүргізу оны өткізу міндеттері мен әдістеріне байланысты барлаушылық және толық зерттеу болып бөлінеді.
Барлаушылық зерттеудің мақсаты - осы ауданның жағдайында қауіпті зиянды орман жәндіктері мен аурулардың пайда болу ошақтарын дер кезінде анықтау, екпелерге төнген қауіпті көзбен бағалау және осы ошақтардың жай-күйіне бақылауды қамтамасыз ету. Барлаушылық зерттеу орман шеберлеріне немесе орманшылардың көмекшілеріне жүктеледі және орманшылардың басшылығымен жүргізіледі. Мұндай зерттеуге жалпы техникалық басшылықты орман патологы-инженері жүзеге асырады.
Толық зерттеудің мақсаты - зерттеуге жатқызылған зиянды орман жәндіктері түрлері санының ауытқуын анықтау, мүмкіндігінше осы ауытқулардың себептерін анықтау және алынған деректер негізінде олардың жаппай таралуының дамуына қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар әзірлеу.
Барлаушылық зерттеу зиянды орман жәндіктері ошақтарының пайда болуына тән екпелерге арнайы таңдалған учаскелерде немесе осындай екпелер қиылысатын арнайы мартшруттық жолдар бойынша тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Зерттеу зиянды орман жәндіктерінің барын білдіретін неғұрлым тән белгілер бойынша жүргізіледі.
Орман патологы-инженері барлаушылық зерттеуді орындаушыларға нұсқау береді.
Толық зерттеу кезінде қызмет көрсетілетін орман мекемелерінде орман күзету жөніндегі мамандар зиянкестердің әрбір түрі үшін бірнеше учаскелерді таңдайды, ол зиянкестердің биологиясы ескеріле отырып белгіленген мерзімдерде жылына екі рет тексеріледі. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктерді зерттеу кезінде жыл сайын зиянкестерді есепке алу қысқы фазада оның даму болжамдарын әзірлеу кезінде (қуыршақ құрттар, жұмыртқалар салмағы, салынған жұмыртқалар мен ұялардың мөлшері мен салмағы, зиянкестің еркегі мен ұрғашысының арасалмағы, олардың паразиттері мен ауруларының болуы) пайдаланылатын көбеюдің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтай отырып жүргізіледі.
Болжам бойынша зиянкестердің қандай да бір түрлерінің жаппай көбеюі күтілген жағдайларда осы учаскелер үшін белгіленген толық қадағалау барлық орман алқабы жетік тексеріле отырып зиянкестердің көбеюі болжанған ауданда толықтырылады.
Жекеше орман қоры аумағында орманды патологиялық зерттеуді жүргізу жекеше орман иеленушіге жүктеледі.
Барлық орман шаралары төмендегідей топтарға бөлінеді:
1) аурулармен зақымданушыларға бақылау жасау;
2) өсімдік карантині;
3) орман шаруашылығының шаралары;
4) биологиялық әдіс;
5) химиялық әдіс;
6) биофизикалық және механикалық әдістер.
Орманды потологиялық зерттеу тәсілдері. Бір ғана әдісті қолдану барысында толықтай аурудан немесе зақымданудан құтылу мүмкін емес. Бұл тек бірнеше әдісті қолданып, барлық жағдайды қарастырғанда ғана тиімді болады. Әдіс пен қолданатын құрал аурудың түріне байланысты. Кейбір аурулар жаппай таралып, үлкен зиян келтіреді (тұқым сепкенде гомланд ауруы). Қалғандары аз кездеседі немесе соншама керемет зиян келтірмейді (қарағайдың сұр шютте, мыстан кемпірдің сыпыртқысы, кейбір теңбілдер).
Ауа қауіпті жұқпалы аурулармен күресу жолдары, олардың болуын алдын ала болжау, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтау, аурулардың белсенді дамуына жол бермеу. Ауа қауіпті емес, соншама шығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Долон филиалындағы орман зиянкестері және ауруларымен белсенді күрес шаралары
Жапырақты орман ағаштарының зиянкес жәндіктерінің түрлері және келтіретін зияны
Өсімдік ауруларының белгілері
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері
Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Алма жемісі
Өсімдік қорғау
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Пәндер