Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері мен ауруларымен күресу



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері
2.2. Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
2.3. Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері мен ауруларымен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Орман бүкіл өмір сүру кезеңдерінде көптеген жағымсыз кері әсер ететін факторларға ұшырауы мүмкін, солардың ішінде зиянкестер мен аурулар үлкен орын алады. Сондықтан орманды зиянды организмдерден қорғау орман шаруашылығының өзекті мақсаттарының бірі болып табылады. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес мықты білім, бақылаулар және болжамдардың нақты мәліметтері арқылы ғана орман шаруашылық шаралары жасалса жақсы қарқындылық береді. Сол үшін жәндік, ауру тудырушы организмдердің еркшеліктерін білу, олардың өмір сүруін, зиянкестердің түрлерін ажырату маңызды.
Көп уақыт бойы орманды қорғау орман зиянкестері және ауруларымен күресу айналасында ғана шектеліп келді. Қазіргі уақытта оның мақсат аясы кеңейіп келеді. Орманның өндірістік қалдықтардың әсерінен құруы, пестицидтерден орман территорияларының улануы проблемалары пайда болды. Сөйтіп, монодақылдар және орман плантацияларының өсу жағдайларын орманпатологиялық бағалау жасалу керектігі туындады. Мониторинг жасаудың дамуы орманды зерттеудің дистанционды әдістерін, экологиялық болжамдардың және есептеулердің жетілдірілуін талап етеді. Орман қорғау шаралары жүйесін интеграциялау кезінде сол шаралардың қолдануды бастауға және нәтижесіне экономикалық бағалану жасалуы керек. Күресу шаралары өз ретімен және уақытылы жасалатын болса, үнемдеу тұрғысынан өзін ақтайды. Орманда өмір сүретін зиянкес жәндіктер ағаш және бұталы өсімдіктердің барлық бөліктері мен органдарын зақымдайды, мысалы, жапырақтарын, бүршіктерін, гүлдерін, одан басқа да дайындалып қойылған ағаштарды және құрылыстардағы сүректерді де зақымдайды. Зиянкес жәндіктер түрлерінің көбі өздеріне қолайлы жағдай туындағанда үлкен көлемде көбейіп – бір ағашқа шаққанда он мыңдаған данаға жетуі мүмкін. Егер қылқан және жалпақ жапырақ зиянкестерін тоқтатудың шаралары дер кезінде жасалмай жаппай көбейсе, орман массивтеріндегі бүкіл қылқанды және жапырақтардың барлығын жоюы мүмкін. Бұл өз кезегінде сүрек діңдерінің өсуінің төмендеуіне, ағаштардың әлсіреуіне, кейде тіпті орманның қурауына алып келеді.
1. Лесная энциклопедия: В 2-х т./Гл.ред. Воробьев Г.И.; Ред.кол.: Анучин Н.А., Атрохин В.Г., Виноградов В.Н. и др. - М.: Сов. энциклопедия, 1985.-563 с., ил.
2. Минкевич И. И., Дорофеева Т. Б., Ковязин В. Ф.М 61 Фитопатология. Болезни древесных и кустарниковыхпород: Учебное пособие / Под общ. ред. И. И. Мин-кевича. — СПб.: Издательство «Лань», 2011. — 160 с.(+ вклейка, 32 с.). — (Учебники для вузов.Специальнаялитература).

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері
2.2. Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
2.3. Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері мен ауруларымен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Орман бүкіл өмір сүру кезеңдерінде көптеген жағымсыз кері әсер ететін факторларға ұшырауы мүмкін, солардың ішінде зиянкестер мен аурулар үлкен орын алады. Сондықтан орманды зиянды организмдерден қорғау орман шаруашылығының өзекті мақсаттарының бірі болып табылады. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес мықты білім, бақылаулар және болжамдардың нақты мәліметтері арқылы ғана орман шаруашылық шаралары жасалса жақсы қарқындылық береді. Сол үшін жәндік, ауру тудырушы организмдердің еркшеліктерін білу, олардың өмір сүруін, зиянкестердің түрлерін ажырату маңызды.
Көп уақыт бойы орманды қорғау орман зиянкестері және ауруларымен күресу айналасында ғана шектеліп келді. Қазіргі уақытта оның мақсат аясы кеңейіп келеді. Орманның өндірістік қалдықтардың әсерінен құруы, пестицидтерден орман территорияларының улануы проблемалары пайда болды. Сөйтіп, монодақылдар және орман плантацияларының өсу жағдайларын орманпатологиялық бағалау жасалу керектігі туындады. Мониторинг жасаудың дамуы орманды зерттеудің дистанционды әдістерін, экологиялық болжамдардың және есептеулердің жетілдірілуін талап етеді. Орман қорғау шаралары жүйесін интеграциялау кезінде сол шаралардың қолдануды бастауға және нәтижесіне экономикалық бағалану жасалуы керек. Күресу шаралары өз ретімен және уақытылы жасалатын болса, үнемдеу тұрғысынан өзін ақтайды. Орманда өмір сүретін зиянкес жәндіктер ағаш және бұталы өсімдіктердің барлық бөліктері мен органдарын зақымдайды, мысалы, жапырақтарын, бүршіктерін, гүлдерін, одан басқа да дайындалып қойылған ағаштарды және құрылыстардағы сүректерді де зақымдайды. Зиянкес жәндіктер түрлерінің көбі өздеріне қолайлы жағдай туындағанда үлкен көлемде көбейіп - бір ағашқа шаққанда он мыңдаған данаға жетуі мүмкін. Егер қылқан және жалпақ жапырақ зиянкестерін тоқтатудың шаралары дер кезінде жасалмай жаппай көбейсе, орман массивтеріндегі бүкіл қылқанды және жапырақтардың барлығын жоюы мүмкін. Бұл өз кезегінде сүрек діңдерінің өсуінің төмендеуіне, ағаштардың әлсіреуіне, кейде тіпті орманның қурауына алып келеді.

2.1. Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері
Орман зиянкестері - өсімдік қоректі жәндіктер түрлері, ағаш текті өсімдіктер және бұталар зиянкестерден толықтай құрып кетуі,немесе белгілі бір маңызды бөліктерінің зақымдануы, өсуінін тоқтауы, әлсізденуі,өнімділігінің азаюына себепші болады.
Зер қоңыздардың көптеген тұқымдастары Қазақстанда 140 түрі табылған. Жалпақ жапырақты ағаштарды - жасыл жіңішке денелі, емендік қолазер қоңызы зақымдайды.
Зер қоңыздар жарық пен жылылықты ұнатады. Олар күннің жарқырап, ашық тұрған кезінде ұшып, ұрпақтанып жұмыртқалайды. Аналықтары жұмыртқаларын діңнің жырашықтарына, қуыстарына және өзіне де тікелей салып, өздерінің құрсағынан шығаратын шырындылармен жабады. Ірі түрлері жқмыртқаларын жерге де сала береді.Пайда болған жас дернәсілдер тамырдың қабығына енеді.
Зер қоңыздардың дернәсілдері өте ұзынша келген, кеуде бөлімі жуандау, тығыз көздері көрінеді және аяқтары жоқ. Кейбір түрлерінің дернәсіл жолдары тек қабық астында, басқаларының дернәсілдері қуыршақтанар алдында сүрекке кетеді, үшіншілері сүректі толық егеп із салады. Дернәсіл іздері сүгендер мен қабық жегілермен салыстырғанда қатты шатастырылған, сонымен қатар үгітілген ұнтаққа тығыз толтырылған.
Көптеген түрлерінің генерациясы 1 жылдық. Ал қылқан ағаштарда және тамырға жақын бөлікте мекендейтіндердің даму циклі 2 жылға дейін немесе оданда жоғары болады.

1-сурет. Зер қоңызы

Мүйізқұйрықтар - өз өмірін ағаш сурегінің ішінде өткізеді. Денесі ұзын, аналықтырының ұзынша жұмыртқа салғышы болады. Ірі ағаштардың қабық астында жұмыртқаларын тереңдетіп салады. Олардың ірі дернәсілдері сүректі дөңгелектеп ойып теседі. Басқа дің зиянкестеріне қарағанда олардың ерекшелігі - қабыққа ешқандай зақым келтірмейді. Себебі, олар тек діңнің қабығы жоқ бөлігінде, сау сүректе дами алады.
Мүйізқұйрықтың барлық түрлері техниқалық зиянкестердің айқын өкілдері. Көптеген түрлердің даму фенологиясы 2 жылдық. Бізде 6 түрі қылқан ағаштары мен жалпақ жапырақтылардың кейбір түрлерінде мекендейді.
Олардың ішінен сан мөлшері жағынан көбі: ірі, көк, сиякөк, қара қылқан және қайыңды мүйізқұйрықтар. Бұлар сүрек ішінде дамиды. Дернәсіл алғаш шетінен ортасына қарай із салып, кейін керісінше қайтып қуыршақтанады. Ересек бунақдене өзі кеміріп сыртқа шығады. Сыртқа шығаратын тесігі дөп - дңгелек болып тұрады. Сонды.тан да сүгендер мен зер қоңыздарының осы белгісі арқылы оңай ажыратып алады.

2-сурет. Мүйізқұйрықтар
Қайың бізтұмсығы -- Scolytus ratzeburgi Jans. Жылтыр қара қабық жегіш, ұзындығы 4,5-6,5 мм. Аталықтарының маңдайы ұзын, қалың түкті, көздерінің жоғарғы бөлігінің ортасында ұсақ ойықтар бар. Аналықтарының маңдайы күмбез тәрізді. Қалқандарында біркелкі майда дақтар бар. Қанат үстінде дөрекі жіңішке сызықтар бар, ал сызықтар арасы ұсақ дақтармен қапталған. Қанаттың артқы ұшы тегіс. Құрсақ сегменттері жоғары қарай көлбеу орналасқан. Аталықтарының құрсағының үшінші сегментінің ортасы түйме тәрізді. Аяқтар мен мұртшалары қоңыр түсті.
Қайың бізтұмсығы әлсіз және ескірген қайыңдарды зақымдайды. Тек шамадан тыс көбейгенде сау ағаштарға көшеді. Ағаштың зақымдану белгісі ағаш бөркінің кебуі және тоқтаусыз бірнеше жыл зақымдану нәтижесінде ағаштың жансыздануы.
Қайыңның зақымдануы діңінде диаметрі 2,5 мм болып келетін қуыстардың айқын байқалады. Бұл қуыстарда аналықтары екінші ұрпағын салады. Алғашында қуыстар дөңгелек пішінді болып, кейіннен сопақ пішінге ие болады.
Ересектері ескі қайың ағаштарының бөрік басындағы жіңішке бұтақтарындағы бүршік жанындағы қабықтарын қосымша қорек етеді. Дернәсілдері қыстап шығады. Қуыршақтарын қабық астына салады. Генерация бір жылдық.
Зиянкес бүкіл Европада, Ресейде, Кавказелдерінде таралған.

3-сурет. Қайың бізтұмсығы
Емен бізтұмсығы - бізтұмсықтар тұқымдасының тінжегіштер түріне жатады. Олар бүкіл Европа елдерінде, Ресей, Кавказ және Крым елдерінде таралған.
Қоңыздар емен ағашы көп жерлерде шоғырланады. Олар еменді орманда тіршілік етеді. Сонымен қатар, еменсңз ормандарда да тіршілік ете береді.Қоңыздарды диаметрі 20 см - ден аспайтын ағаштарда кездестіруге болады. Көбіне олар ескірген, әлсіз емендерде қоныстанады, ал жас ағаштарда сирек қоныстанады.
Дернәсілінде аяқтар бар, ұзындығы 2-2,5 мм - ге дейін.
Ересектерінің денесі жалпақ және қысқа, ұзындығы 2,5-4 мм. Түсі қара-қоңыр, ал қанаттары қызғыш түсті. Қанаттарында симметриялық емесдақтар бар, ал олардың арасы әжімделген болып келеді. Мұртшалары мен аяқтары жасыл түсті.
Аталықтарының маңдайы тегіс және түкті келеді. Аналықтарында маңдайы дөңестеу, түксіз. Қоңыздардың осы белгілері арқылы басқа түрлеріне ажыратуға болады.
Қоңыздардың жаппай ұшуы мамыр айында басталып жаздың аяғына дейін болады. Маусым айында аналықтары еменнің қабығын егеп, кішігірім жолдар салып, сол жерге жұмыртқаларын қояды. Жұмыртқалар саны 70- ке жуық.
10 күннен кейін жұмыртқадан дернәсілдер шығады. Дернісілдері ағаш діңінде ұзын жолдар салып күздің соңына дейңн қоректенеді және сонда қыстайды. Ал сәуір айында дернәсілдерде қуыршақтану фазасы жүреді де 10 күннен кейін ересек қоңызға айналады.
Генерацясы 1 жылдық. Қолайлы жағдайда 2 генерацияға дейін береді.
Еменнен басқа қайың ағаштарында зақымдайды. Сирек жағдайда басқа жалпақ жапырақты ағаштарды да зақымдайды.
Қоңыздар қоректену барысында ағаштарды споралы инфекциямен зақымдайды, нәтижесінде ағаштар тамыр микозына шалдығады. Зиянкестер камбий және тіңін зақымдауы әсерінен ағаштың бұтақтары мен діңдері жансызданады.

4- сурет. Емен бізтұмсығы
2.2. Жалпақ жапырақты ағаштардың дің аурулары
Орман ауруы - бұл патологиялық үрдіс, фитопатогенді ағзалар ықпалы арқылы пайда болуы және дамуы (жұқпалы аурулар) немесе қолайсыз абиотикалық факторлар (жұқпалы емес аурулар),ағаш текті өсімдіктер мен бұталарға физиологилық функцияларына бұрмалаушылықтар алып келеді, өсімдіктің босансуы немесе әлсіреуі, олардың белгілі бір мүшесінің зақымдануы немесе толықтай құруы, өнімділігің төмендеуі.
Қылқанды және жалпақ жапырақты тұқымдардағы діңдік және жараланған шіріктер, олардың қоздырғыштар: қарағайқұлақ, шыршақұлақ, жапырақты құлақ, көктерек саңырауқұлағы, еменқұлақ, нағыз ағаш саңырауқұлағы, қайыңқұлақ т.б. аурула кездеседі.
Ағаштың шірік ауруы. Ағашты шірітетін көбіне гименомицетке жататын базидиялық саңырауқұлақтар. Бұл саңырауқұлақтар зақымдаған ағаштар өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттерін және түсін өзгертеді. Зақымдалған ерекшеліктері саңырауқұлақтардың түрлеріне байланысты. Олардың біреуі көбінесе целлюлозаны бұзса, екіншісі- көбінесе лигнинді бұзады, сондықтан ағаш шірігін коррозиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ аурулары
Долон филиалындағы орман зиянкестері және ауруларымен белсенді күрес шаралары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау
Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Шөлдену және оған қарсы күрес шаралары
Энтомофагтар
Климат және орман
Ағаш бұтақтарын дұрыс кесу
Пәндер