Орман фитопатологиясы - ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Техникалық зиянкестер
2.2.Сақтауға қойылған ағаштардың аурулары
2.3.Жүйелі түрде күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Орман ауруларының дамуы және таралуы, оларға тигізетін әсері көбінесе топыраққа және басқа жағдайларға көшеттердің құрамына, жасына байланысты. Сондықтан орман фитопатологиясы көптеген орман шаруашылық пәндерімен байланысты, ол топырақты орман, орман шаруашылығы, орман таксациясы және т.б. Болашақ фитопатологиясы өсімдіктердің ауруларымен күрес жолдарын химиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Осы жерден химиямен тікелей қарым-қатынасын көруге болады.
1.«Определитель лесных растений», В.И. Саутин, Москва издательство
«Лесная промышленность»1978
2.«Этюды о растениях», А.С. Удовицкий, Ю.П.Лаптев, Ю.Г. Тринклер,
Алма-ата Қайнар
3.Дьяков Ю.Т., Семенкова И.Г., Успенская Г.Д. Общая фитопатология с основами иммунитета. ─ М. : Колос
4.Соколова Э.С., Семенкова И.Г. Лесная фитопатология. ─ М. : Лесная промышленность

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Техникалық зиянкестер
2.2.Сақтауға қойылған ағаштардың аурулары
2.3.Жүйелі түрде күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Орман ауруларының дамуы және таралуы, оларға тигізетін әсері көбінесе топыраққа және басқа жағдайларға көшеттердің құрамына, жасына байланысты. Сондықтан орман фитопатологиясы көптеген орман шаруашылық пәндерімен байланысты, ол топырақты орман, орман шаруашылығы, орман таксациясы және т.б. Болашақ фитопатологиясы өсімдіктердің ауруларымен күрес жолдарын химиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Осы жерден химиямен тікелей қарым-қатынасын көруге болады.

II. Негізгі бөлім
2.1.Техникалық зиянкестер
Техникалық зиянкестер тобына қоймаларда сақталатын өлі сүректерді және т.б зақымдайтын бунақденелілер жатады. Қабық жегінің, мұртты қоңыздың, зерқоңыздардың кейбір түрлері дің зиянкестерімен қатар техникалық зиянкестер болуы мүмкін.Ең көп тараған сүрек ағаштардың зиянкестеріне жататындар зерқоңыздар, үңгіқоңыздар,мұртты қоңыз.
Сүректің құрғақ болуына қарамастан сүректің ішкі жағы да өмір сүріп, ағаш целлюлозасымен қоректенеді. Техникалық зиянкестердің ұзақ дамуы ағаштың құрғақшылығына және химиялық құрамына байланысты болады. Бірақ та ол1-2 жыл ішінде аяқталады. Үлкен бунақденелілер көбею үшін ғана ағаш діңінен ұшып кетеді.
Бунақденелілерді тез аңғаруға болады. Ағаштың сыртында дөңгелек тесіктері болады және ол тесіктерден ағаш ұны шашылады. Сонымен қатар үңгіқоңыздардың дыбыс шығаруына байланысты болады.Бунақденелілер көбінесе ұрпағын бір жерде салады. Оны уақытында аңғармаса, онда мекеменің құлауына әкеп соғады.
Үңгіқоңызы( точильщики ). Ең көп тараған жиһаз және үй үңгіқоңызы. Үй бөлмелерінде, әйнектерде бунақденелілер наурыз айында шыға бастайды. Ең көбі мамыр-маусым айларында, ал кейбір жәндіктер күзге дейін кездеседі. Үңгіқоңыздардың өмір сүретін сүректердің ішінде ылғалдылығы мен темпера- турасы біркелкі емес болады, сондықтан олардың дамуы баяу жүреді(1-сурет).

1-сурет.Үй үңгіқоңызы. 1-Ересек қоңыз;2-Дернәсіл;3-Дернәсілмен зақымдалған ағаш бөлігі.

Ұшар кезінде олар шағылысады және жұмыртқаларын салады. Жұмырт-қаларын олар боялмаған жиһаздарда салады. Аналықтардың жұмыртқалары 50-ге дейін жетеді. 2-3 жұма өткеннен кейін салған жұмыртқалар дернәсілге айналады. Дернәсілдер кейін қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы 2 жұмаға дейін жүреді, одан кейін қоңыз пайда болады. Даму кезеңі көбіне 6 айдан 3 жылға дейін және сыртқы жағдайларға байланысты болады.
Үй қоңызы(Anobiym perbinax). Көбіне Ресейдің Еуропа бөлігінде, Кавказда және Сібірден Иркутскке дейін жерде кездеседі. Өмір сүруі көбінесе жиһаз үңгіқоңызға ұқсас болады.
Мұртты қоңыз (Сerambycidae тұқымдасы). Табиғатта қоңыздар жазда кез-деседі. Көбіне ұшу уақыты шілденің ортасы мен тамызда болады. Аналығы жұмыртқаны сүректің тесіктерінде салады. Аналығы 1 ай өмір сүре, 50 жұмыртқаға дейін әкеледі.Жұмыртқасын қылқанды ағаш сүрегіне салады. Жұмыртқаның дамуы 2-3 жұма және содан кейін одан дернәсіл шығады. Дернәсілі баяу өседі. Оның дамуы ылғал мен жылуға байланысты болады.
Үй мұрт қоңызының дернәсілі көбіне құрғақ сүректерде және ылғалдылығы 20 пайыздан аспайтын жерде өмір сүре алады(2-сурет). Бірақ та ылғалдылығы 11-12 пайыздан кіші болса, онда дернәсілдердің дамуы баяулайды да, кейде дамуын уақытша тоқтатады. Жақсы жағдай болған кезде дернәсілдер 2 жыл, үй жағдайда 3-4 жыл ішінде өсіп шығады. 8-12 жылға дейін өмір сүрген денәсілдер кездеседі. Қоңыздар жақсы ұшып, көрші үйлерге барады. Олар көбіне боялмаған ағаштарда және ағаштан жасалған үйлерде көп кездеседі. Жиһазбен ол көбею кезінде қоректенеді.

2-сурет. Үй мұртты қоңызы

Термиттер - жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамда тіршілік етуіне байланысты және әртүрлі құрылыстар салуға қабілетті болғандықтан "ақ құмырсқалар"деп атайды. Жанұяларында ерекше топтар-жынысты даралар (топ ұйтқысы-аналық пен жынысты жетілген аталықтар), жұмысшылар, солдаттар(3-сурет). Жұмысшылар - қанатсыз, көздері соқыр, былқылдақ денесінің тұрқы 2-15 мм. Жұмысшылар ғана өз бетімен қоректене алады. Өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтармен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоректенеді. Қалған топтарды жұмысшылар сілекей безінің өнімдері және нәжістерімен қоректендіреді. Термиттер отряды (Isoptera) 10 жыл өмір сүреді. Оның көбеюі жаз айларында ғана(3ай) жүреді. Олар бір күнде 30000 жұмыртқа салады.

3-сурет. Жұмысшы термит
Жылу сүйгіш келеді, алайда көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5 метр биіктікте мұнара тәрізді көтеріледі. Жоғарғы жағында үңгір жолдар орналасқан,оларды топырақты өз нәжістерімен жасырып салған. Тропиктерде өмір сүретін термиттер бірнеше метр биіктіктегі илеулерін салады. Мұнда көптеген басқа да омыртқасыздар тіршілік етеді. Термиттер елді мекендерде құрылыстарға зор нұқсан келтіріп, балшықтан салынған үйлер мен ағаш тіреулерді бүлдіреді.

2.2.Сақтауға қойылған ағаштардың аурулары
Ағаштың шірік ауруы. Ағашты шірітетін көбіне гименомицетке жататын базидиялық саңырауқұлақтар. Бұл саңырауқұлақтар зақымдаған ағаштар өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттерін және түсін өзгертеді. Зақымдалған ерекшеліктері саңырауқұлақтардың түрлеріне байланысты. Олардың біреуі көбінесе целлюлозаны бұзса, екіншісі- көбінесе лигнинді бұзады, сондықтан ағаш шірігін коррозиялық және деструктивтік (құрылымның иүлдем бұзылуы) деп екі түрге бөледі.
Деструктивтік типте ағаштардың целлюлозасы, гемицеллюлозасы бұзылады. Бүкіл клеткалар ішкі жағынан шіріп, қабығы үзіліп, шірік ағашта сансыз жарықтр пайда болады, осы жарықтрдың әсерінен ағаш бөлініп-бөлініп қалады, алақанға салып уқалағанда ұнтаққа айналады.
Шіріктің коррозия типінде саңырауқұлақтар көбінесе лигнинді бұзады. Саңырауқұлақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы
Өсімдіктердің тамыр шірік ауруларын қоздырушылардың терминдер
Долон филиалындағы орман зиянкестері және ауруларымен белсенді күрес шаралары
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Алматы облысы, Қаратал ауданының климаттық жағдайы. Пиязды өсіру технологиясы
Жапырақты орман ағаштарының зиянкес жәндіктерінің түрлері және келтіретін зияны
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Пәндер