Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері



Мазмұны:
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстан Респубиеасының транс шекаралық өзендер мәселелері;
2.2. Ертіс өзенінің экологиясы;
2.3. Сырдария өзенінің экологиясы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек.
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3 дейін бағалайды.
Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі – 98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда – 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Теріскей Алатауында (11 км3), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3) болады.
Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі – 44,0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.
Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі – 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27 м және Балқаш – 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл – Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені – 74 км-ге дейін, судың көлемі – 112 км3. Екінші орында – Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі – 56,6 км3. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т.б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі – 190 км3, олардың ішіндегі ең тұщысы – шамамен 20 км3.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасында шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Современные глобальные проблемы мировой политики. Под ред. М.М.Лебедевой. М. 2009. С.33
2.World Water at the Beginning of the 21st Century //Ed.by I.A. Shiklomanov and John C.Rodda. Cambridge University Press. 2003. P.380.
3.Трансграничные реки – стратегический ресурс водообеспечения Казахстана [Электронный ресурс] // Информ. агентство «Казинформ». – 2005. – 21 октября. – Режим доступа: www.inform.kz.
4.Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии: состояние и перспективы. – Алматы: КИСИ, 2008. – С. 323.
5.Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Построим будущее вместе!». Алматы. 2011. С.39
6. Қазақстан Республикасының Су кодексі 09.07.2003 ж., № 481-II ҚРЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Респубиеасының транс шекаралық өзендер мәселелері

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Агыбаев Арыкбай Нусупалиевич

Алматы 2017ж.

Мазмұны:
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақстан Респубиеасының транс шекаралық өзендер мәселелері;
2.2. Ертіс өзенінің экологиясы;
2.3. Сырдария өзенінің экологиясы;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екенідігін бірнеше рет атап өтті. Бұл, бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Сумен қамтамасыз ету өзекті проблема болып табылады. Бізде сапалы ауыз су жеткіліксіз. Бірқатар өңірлер суға өте зәру. Бұл проблеманың геосаяси аспектісі де бар. Қазіргі кездің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтармен бетпе-бет кездестік. Бұл мәселе қаншалықты күрделі болғанымен, біз оның саясилануына жол бермеуіміз керек.
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар, өзендер, көлдер, мұздықтар, су қоймаларын, басқа да жер үсті су көздерін, жер асты суларына енетін бірыңғай су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км[3] дейін бағалайды.
Қазақстан өзендерін қоректендіретін негізгі көздер мұздықтар болып табылады, олардың ауданы 2 мың км[2], ал көлемі - 98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте ыстық болғанда - 6 м-ге азаяды. Ірі мұздықтар Жоңғар Алатауында (көлемі 46 км[3]), Іле Алатауында (28 км[3]), Теріскей Алатауында (11 км[3]), Алтайдың қазақстандық бөлігінде (3,5 км[3]) және Талас Алатауында (2,3 км[3]) болады.
Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т.б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі - 44,0 км[3] шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.
Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр. Орташа тереңдігі - 1 метрден 8 метрге дейін. Неғұрлым терең жерлері де бар, мысалы, Алакөл көлі, тереңдігі 45 метрге дейін, Үлкен Шабақты - 37 м, Шортанды - 31 м, Марқакөл - 27 м және Балқаш - 26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкен көл - Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені - 74 км-ге дейін, судың көлемі - 112 км[3]. Екінші орында - Алакөл көлі, ұзындығы 104 км және ені 52 км, судың көлемі - 56,6 км[3]. Ірі көлдер қатарына Сасық көл, Ұялы, Сілеті, Теңіз, Үлкен Қарой, Шағын Қарой, Шағалалы Теңіз, Теке, Қосмұрын, Марқакөл, Шалқар, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Жалаулы, Қарасор, Индер және т.б. жатады. Қазақстан көлдеріндегі судың жалпы көлемі - 190 км[3], олардың ішіндегі ең тұщысы - шамамен 20 км[3].
Бұдан басқа Қазақстан Республикасында шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.

2.1. Қазақстан Респубиеасының транс шекаралық өзендер мәселелері;
Қазақстан Республикасында шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы бар.
Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда - 200-290 мың м[3]км[2] барынша қамтылған, ең аз қамтылған - Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы - 0,36 мыңға дейін м[3]км[2].
Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км[3]деп бағаланады, соның ішінде тұщысы - шамамен 58 км[3]. Жер асты суларының ресурстары жылына 15,1 км[3] балансталған пайдалану қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз ету үшін - жылына 6,1 км[3]; өндірістік-техникалық - жылына 0,95 км[3]; суармалы жерді суару - жылына 8,0 км[3]; бальнеологиялық (минералды) сулар - жылына 0,01 км[3].
Ең үлкен қор - республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі тау етегіндегі аудандарда жинақталған, ең аз қор - солтүстік және орталық аудандарда, Каспий мен Арал маңында.
Қазіргі кезде орналасқан жер асты сулары деп белсенді түрде қолданылатын суларды атау керек, өйткені қалғандары олардағы судың көтерілуі мен оларды игеруге кететін маңызды шығындарды талап етеді. Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және жылына 1,2 км3 немесе 7,9 % құрайды.
Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.
Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.
2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.
Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.
Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар.
Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК).
Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.
Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.
Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер - ҚХР, Тәжікстан, Түрікме - нстан, Қырғызстан және Өзбекстан - осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.
Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.
Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11,1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада - 18,9, Ақтөбеде - 17,6, Астанада - 16,0 %). Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18,7, Алматы қаласында - 41,0 % құрайды). Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4,0 млрд. м[3] құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы - 1036, Павлодар облысы - 921,1, Маңғыстау облысы - 667 млн. м[3] құрайды).
Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58,3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.
Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді.
Су рөлінің ерекшелігін және адамның жеткілікті мөлшерде, сонымен қатар таза суға құқығының бар екендігі тұрғысынан судың әлеуметтік мәнін түсіну, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізіне айналып келеді. Су қазіргі және болашақ ұрпақтардың меншігі болатын аса шектеулі және құнды табиғи ресурс болып табылады.
Ресейлік ғалым О.Н.Барабановтың пікірі бойынша, бүгін су ресурстарына байланысты көкейтесті мәселелерінің бірі трансшекаралық су ағысын пайдалануды реттеудің проблемасы. Әлемдік су ресурстарының үлкен бөлігі ұлттық шекаралардан өтеді. БҰҰ-ның 2003 жылдық Water for People, water for Life есебінде әлемдегі 263 трансшекаралық су бассейндерінің үштен бірі екіден астам елді бөліп өтетіндігі, ал 19 - бестен астам елді бөліп ағатындығы; жалғыз Дунай өзені ғана 18 мемлекеттің жерімен ағатындығы атап көрсетілген. Африка мен Таяу Шығыстың қөптеген елдері өздерінің суға қажеттіліктерін шетелдік су арқылы қамтамасыз етеді.
Әлемде жаһандық түрде пайдаланатын судың көлемі жылдан жылға артып келеді. Су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде ХХІ ғасырдың басында Жер беті халқының 70 пайыздан астамы тұрады (1950 жылы судың тапшылығынан күйзеліске бір де бір ел түспеген болатын). Су күйзелісі деп судың тапшылығынан қатты ширыққан халді айтамыз, бұл жағдайда мемлекет қолдағы ресурстың 40 пайызынан астамын пайдаланады; және де су пайдалану қарқыны табиғи толықтырылудан әлде қайда жоғары болып тұрады; су тапшылығы елдің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Кембридж университеті ғалымдарының болжамы бойынша 2025 жылға қарай жағдай бұдан да күшейе түсуі мүмкін, сол уақытта дүниежүзі халқының 80 пайызынан көбі су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде тұратын болады. Бұл елдердің үштен бірі апатты күйзеліске түседі, ал өздеріндегі су ресурстарын пайдалану көрсеткіші 60 пайыздан асатын болады.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі ірі өзендердің бәрі трансшекаралық өзен болып есептеледі. Су ресурстары өз жерінде құрастырылатын жалғыз ғана - Қырғызстан, аймақтың басқа елдерінің бәрінде судың қажетті көлемі қандай да болмасын мөлшерде іргелес мемлекеттердің жерінен келетін суға тәуелді. Бұл тұрғыда аса қиын жағдайда Өзбекстан мен Түркменстан қалып отыр, себебі бұл елдерге жаңартылған су ресурстарының 90%-ға жақыны сырттан келеді. Қазақстан бұл жөнінде суға тәуелді мемлекетке жатады, сондықтан трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесіне біз аса жоғары басымдылық береміз. Жылына сумен қамтамасыз етудің үлес салмағы км2 шаққанда 37 мың м3 , бір адамға шаққанда - 6,0 мың м3 болады. Салыстыратын болсақ: Грузияда бұл көрсеткіштер км2 шаққанда 878 мың м3 , бір адамға шаққанда - 11613 мың м3 болады, Қырғызстанда - км2 шаққанда 245 мың м3 , бір адамға шаққанда - 11763 мың м3 болады. Егер Түркменстан мен Тәжікстанды алатын болсақ, бұл салыстырма біздің пайдамызға шешілмейді. Маңызы бар айта кететін жәйт - Қазақстан жеріндегі су ресурстары тіпті де біркелкі бөлінбеген. Шығыс аймаққа су ресуртарының 34,5% тиеді, оңтүстік-шығысқа - 24,1%, оңтүстікке - 21,2%, батысқа -13,4%, солтүстікке - 4,2%, орталық аймақтарға - 2,6%. Ең көп сумен қамтамасыз етілген Шығыс-Қазақстан облысы - км2 шаққанда 290 мың м3 . Сонымен қатар Атырау, Қызылорда облыстары және әсіресе тұшы судың шын мәнінде көзі жоқ Маңғыстау облысы судың тапшылығын аса қатты шегуде.
Экономика салалары сумен 85% жер беті сулар есебіне қамтамасыз етіледі, қалған бөлігі - жер асты, теңіз және сарқынды сулар арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығының қажеттілігіне барлық судың 80-90% пайдаланылады.
Біздің елімізде басты өзендер бассейндерінің жетісі трансшекаралық өзен болып табылады. Жыл сайын жаңартылған жер беті су ресурстарының 40 %-дан астамы көршілес мемлекеттер аумағынан келеді. Қазақстан экономикасының тұтас алғанда да, аймақтық-өндірістік кешен, облыс және бөлек қалалар бойынша алғанда да ары қарай дамуы көп жағдайда елдің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Қазақстан су ресурстарының жартысына жақыны аумағынан тыс жерде болғандықтан су, асырмай айтқанда, көршілес мемлекеттермен халықаралық қатынастар құрудың стратегиялық құралына айналып бара жатыр.
Республикада су ресурстарын басқару жүйесі бассейндік ұстанымға негізделген. Қазақстанда 8 өзендік бассейндер бар: Балқаш-Алакөл, Шу-Талас, Арал-Сырдарья, Жайық-Каспий,Тобол-Торғай, Еділ, Ертіс және Нұра-Сарысу бассейндері. Және де Нұра-Сарысу бассейннен басқа 7 өзендік бассейн трансшекаралық болып есептеледі. Қазақстанның жер беті су ресурстары орташа сулылық жылдары 100,5км3 болады, бұл су көлемінің тек 56 км3 мөлшердегі су республика аумағында құрастырылады. Қалған су көлемі - 44 км3 көршілес мемлекеттерден келеді, атап айтқанда: Қытайдан - 18,9 км3, Өзбекстаннан - 14,6 км3, Қырғызстаннан - 3,0 км3, Ресейден - 7,5 км3.
Қазақстан халқының саны 16 миллионнан астам, осының 43% ауылдық жерде тұрады, осыншама халық үшін 8 су бассейны бар, оның 7-сі - трансшекаралық өзендік бассейндер. Бірақ республикадағы ауыл тұрғындарының тек 60%-зы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып суды пайдалану мүмкідігіне ие болған. Демек, сумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік стратегиялық міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан халқына биылғы Болашақты бірге құрайық! жолдауында қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көкейтесті мәселеге айналғандығы атап өтілді, ал бұл-халықтың денсаулығын жақсартудың маңызды шарты деп табылады. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар 8 жыл бұрын басталған болатын, ал қазір республикада Ауыз сулар салалық бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жолдауда көрсетілгендей орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендердердің саны 41 пайызда дейін өскен, қалалардың саны - 72 пайызға дейін өскен. Сырттан әкелінген суды пайдаланатын адамның саны 4 есе азайған. Орталық Азия субаймағының табиғаты өте нәзік.
1992 жылдың 18 қыркүйегіндегі БҰҰ-ның трансшекаралық су ағындары мен халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөнінде Конвенциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997 жылдың 21 мамырында қабылдаған Халықаралық су ағындарын пайдалану құқығы туралы Конвенциясы бойынша трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету міндеті қарастырылады. БҰҰ-ның шешімдерінде су ағысына ие мемлекеттер ынтымақтастықтарын егеменді теңдік, аумақтық тұтастық, өзара тиімділік және адал ниеттілік негізінде құрады делінген. Залал келтірілген жағдайда оны жою немесе азайту үшін барлық шаралар алынуға тиіс, ал қажет болғанда қарымақы мәселесі қарастырылады. БҰҰ-ның жоғарыда аталмыш конвенцияларының негізгі талаптарына сәйкес беделді халықаралық сарапшылар гидротехникалық нысандардың құрылысы экологиялық жағынан түзелмейтін зардап келтірмейтідігіне, трансшекаралық өзендер бассейнінде орналасқан барлық мемлекеттердің пайдаланатын су ағысының қалыптасқан балансы бұзылмайтындығына кепілдік беруге тиісті.
Бұл талаптар Орталық Азияда гидроэнергетикалық құрылымдарды салу жөнінде тек ұлттық емес сонымен қатар трансұлттық компаниялардың қатысуымен әр түрлі жобалар жүзеге асырылған кезде аймақта экологиялық жағдайдың апаттық дәрежеге дейін төмендеп кетпеуі үшін міндетті түрде орындалуы тиіс.
Өзбекстан Республикасы Президенті Ислам Кәрімов Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері аймақтың барлық елдерінде тұрып жатқан 50 млн. халықтың мүддесін ескере отырып шешілуге тиіс екендігін баяндады. Өзбек сарапшыларының пікірлері бойынша жаңа гидротехникалық жобаларды, мәселен, бөгені бар Рогун ГЭС-ның құрылысының әділ, тәуелсіз, халықаралық сараптамадан өткізу керек, себебі қуаты 3,6 мың МгВт және бөгетінің биіктігі 340 метр болатын Рогун ГЭС-сы сейсмикалық аймақта орналастын болады. 2009 жылы Өзбекстанға ресми іс-сапары шеңберінде екі жақты келіссөздердің қорытындысы жөнінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсүлтан Назарбаев: Біз су-энергетикалық құрылымдарды, соның ішінде Рогун мен Камбаратин ГЭС-ның жобаларын халықтарымыздың қауіпсіздігі тұрғысынан халықаралық сараптамадан өткізуді талап етеміз- деп мәлімдеді. Президент бұл сараптамалардың қорытындылары дұрыс болған жағдайда біз бұл нысандардың құрылысы жөніндегі консорциумға қатысуға дайынбыз деп атап өтті.
Орталық Азиялық мемлекеттерімен қатынасты ары қарай жеделдету маңызды бағыт болып қалып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының (МҮСШК) және оның Сырдарья мен Амударья бассейндері су шаруашылығы бірлестіктері (БСБ) атқару органдарының мәртебесін көтеріп бұл ұйымдарға трансшекара өзендерінің халықаралық әкімшілігі мәртебесі беру керек. Бес орталық-азиялық республикаларының үкіметтері арасында Арал теңізі бассейннің трансшекаралық су ресурстарын басқару, қорғау және дамытудың ұйымдастыру құрылымын нығайту туралы келісімшартқа қол қойылған жағдайда бүл мәселе шешілуі мүмкін. Мәліметтермен алмасу және Арал теңізі бассейнін кешенді түрде пайдалану мен қорғаудың ұлттық, бассейндік және аймақтық мәліметтер базасын құрастыру жөнінде келісімшартқа қол қою қажеттілігінің мезгілі жетті.
Бірақ осы уақытқа дейін орталық - азиялық мемлекеттер аймақтағы су-энергетика ресурстарын пайдалану жөнінде бірыңғай шешім шығарған жоқ. Қырғыз бен тәжік жағы Халықаралық су-энергетка Консорциумын (ХСЭК) электрэнергиясын өндіру мен оны тарату мақсатында суэнергетикалық нысандарды салатын мекеме ретінде қарастырады. Қазақстан мен Өзбекстан үшін Консорциумның құрылуы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге кепілдік беретін шешімнің бірі болып табылады.
Сондықтан ХСЭК идеяларын жүзеге асыру үшін Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің ішкі су қатынастарын реттейтін заңшығарушылық және құқықтық актілерін жақындастыру және барлық тараптардың мүдделерін есепке алатын біріккен ұстанымды қалыптастыру қажет. ХСЭК-тің құрылуы БҰҰ комиссиясы тарапынан ұсынылған болатын. Осы жағдайда қалыптастырылған модельдің жүзеге асырылуы су ресурстарын экономикалық жағынан тиімді және экологиялық тұрғыдан пайдалануға қауіпсіз болып, аймақтағы саяси жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады.

Орталық Азиялық субаймағының табиғаты өте нәзік. Айрықша климат субаймақтың экожүйесін төтенше осал етеді. Орталық Азияның шөлейт жерлерінің 60%-дан астамы шөл далаға айналып кету қаупі бар. Адам үшін маңызды болып табылатын су ресурстарын зерттеу және қорғау мәселесін шешуде көптеген дөрекі қателіктер жіберілуде, соның бастысы - өзен мен көлдердің ірі көлемде ластануы. Су ресурстарының жоқ болуының негізгі қаупі дәл осында деуге болады. Өзендер мен көлдерге ағызылатын ағынды сулардың әрбір текше метрі таза өзен мен көл суларының ондаған текше метрін ластайды. Су мүмкін көп шығар, бірақ ол ластанған болса, мұндай судың пайдасы жоқ, оны пайдалануға болмайды, өйткені ол адам денсаулығына қауіп-қатер төндіреді.
Орталық Азияда туындаған көптеген экологиялық мәсмелелердің аймақтық сипаты бар, олар мемлекеттердің ынтымақтастығы арқасында аса тиімді және аз шығынмен шешілуі мүмкін. Арал теңізі бассейінідегі экологиялық апаттан туындап, Орталық Азия мемлекеттері тарапынан жасалған қадамдар бірлескен іс-әрекеттің өзара тиімді екендігін көрсетеді.
Экологиялық мәселелер мен су энергетикалық кешенінің проблемалары ЕҚЫҰ-ның екінші өлшеміне жатады. Ұйым өзінің мәртебесіне сәйкес, бұл проблемалардың шешілуі мақсатында қаржылық көмек көрсете алмайды, бірақ өзінің бірегей құрамы, далалық миссиясының жан-жақты таралғандығы, аймаққа саяси жағынан әсер етуі арқасында ЕҚЫҰ мемлекеттерге кеңестік көмек көрсетеді, қажетті сараптамаларды қамтамасыз етеді, проблемалардың шешілуіне тартылған мемлекеттік және үкіметтік емес органдарының өкілдерін оқытады. Бірақ бірінші кезекте ұйым бар мәселелердің шешімін ортақтасып, іздеуге бағытталған елдердің саяси еркін реттейді. Ұйымның аймақтық мәселелерін шешілуіне нақты іс жүзінде қатысуы туралы сөз еткен жағдайда, Шу-Талас өзендері бассейнін Қазақстан-Қырғызстан тараптары трансшекаралық суларын бірігіп пайдалану туралы жобаның іске асуына байланысты жұмыстар осы ұйым күш-жігерінің арқасында басталғандығын атап өту керек.
Су мәселелеріне осындай ұстаным халықаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және әділ бөлу үшін былайша айтқанда, елдердің экономикалық дамуындағы белгілі айырмашылықтар, демек, су пайдалануда қалыптасқан деңгей мен болашағы үшін нақты алғышарттар жасалады. Трансшекаралық суларды ортақтасып пайдалану мәселелері осы ұстаным бойынша қарастырылатын болса, әр елдің сапалы суға қол жеткізуге тең құқығы болуға тиісті және бір жақтың қандай да бір табиғи, экономикалық және техникалық басымдылықтары басқа тараптың мүддесіне қарсы қойылмауы қажет екендігін атап өту керек (халықаралық қалыпқа сәйкес). Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, халықтың әл-ауқатын қалыптастыру және экожүйені сақтау мақсатында қажетті су көлемін осы өзендердің төменгі сағасында сақтау үшін трансшекаралық өзендерді пайдалану стратегиясын шұғыл түрде қайта қарастыруды қажет етеді.
Қазақстандағы ПРООН өкілі Стелиана Недера ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары Комитетімен біріге отырып, 2004 және 2008 жылдар аралығында су ресурстарын бірігіп басқару туралы ұлттық бағдарламаны дайындау жобасының орындалғандығын атап көрсетті. Бұл жоба аясында 8 бассейндік кеңес құрылды және суға қол жеткізу мен оны таза сақтау мәселесі бойынша мыңжылдық мақсатқа жету стратегиясын дайындау жөнінде шұғыл техникалық көмек көрсетілді. Қазақстанда бассейндік кеңестің құрылуы бұл елдің су ресурстарын бірігіп басқаруға (СРББ) яғни, халықаралық деңгейде қабылданған ұстанымға тырысуын дәлелдейтіндігін көрсетеді.
Республикадағы су шаруашылығы мамандарының бағалауы бойынша мол минералды-шикізатты, отын-энергетикалық және жер ресурстарын меңгеруге негізделген елдің экономикалық әлеуетінің өсуіне байланысты жуық арада сумен қамтамасыз ету мәселесі көңіл қоюды талап ететін болады. Бұл жағдайда Қазақстан үшін трансшекаралық өзендер суын пайдалану мәселесі, оны халықаралық құқық және өзара ынтымақтастық негізінде шекаралас мемлекеттермен бөлісу проблемасы ерекше маңызды бола бастайды. Қазақстан Республикасы су кодексінің трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық механизмі деген 143 бабында трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету делінген.
2.2.Ертіс өзенінің экологиясы
Су жүйесінде және олардың құрамдас бөлігінде химиялық элементтердің жинақталуының негізгі көздері - түпкі түзілімдер - Ертіс бассейні аумағында тау қазбаларында табылған үстіңгі беттері, олардың үйінділері, байыту фабрикаларының қоймасы және өнімдер қоймасы, үйінді өнімдері, металлургия, химия-металлургия, химия, машина жасау, жылу-энергетика кәсіпорындары және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнеркәсіптік пайдаланылған суларын өзенге ағызу, сондай-ақ олардың өнеркәсіптік шығарындыларын атмосфераға шығару болып табылады, ол шығарындылар кейін жер бетіне шөгеді.
Топырақтан ластану көздерінің келуі, мысалы, Ертіс өзені бассейніндегі жер үсті су ағыстарындағы қорғасын 70 тжыл деңгейде бағаланады. Алаң көздерінен келетін ТМ келу көлемін Ертіс өзені бассейніндегі жер үсті су ағыстарын ластанудың балансын есептеу кезінде ескеру қажет.
ТМ ластаушылары өңірдегі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын химияландыру құралдары болып табылады.
Ертіс өзеніндегі суды және оның ағыстарын өнеркәсіптік ластанудың әмбебап индикатор элементтері мыс, мырыш, қорғасын, хром болып табылады. Көрсетілген ТМ мазмұны Ертіс өзені бойында және оның оң жақ саласында ШРК мүлдем асып кетеді. ШРК артуының қайталануы санитарлық-тұрмыстық және балық шаруашылығы пайдалану есебінен, мыс үшін - 100 %, мырыш үшін - 66 %, қорғасын үшін - 27 %, хром үшін - 82 % құрайды.
Жоғарыда көрсетілген металдар бойынша ШРК қайталануы Қазақстан бойынша алғанда 55-65 %-ға жоғары. Қазақстанда табылған осы ингредиенттер бойынша қауіпті құбылыстардың негізгі бөлігі (85-90 %) Ертіс бассейнінің үлесіне келеді. Әсіресе ТМ ластануымен байланысты қауіпті құбылыстар тек осы бассейнде ғана байқалады.
Ертіс үшін маңызды экологиялық проблема оның суын Қытай жағы өнеркәсіптік мақсаттар және иррагациялық жүйелер үшін жинауы болып табылады. 1999 жылы басында ҚХР ауыз су және өнеркәсіпті сумен қамтамасыз ету үшін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында Қара Ертіс суын Қарамай мұнай кәсіпшілігіне бұрып әкелу үшін канал құрылысы басталды, соңғы кезде жаңа су қоймасының құрылысы туралы белгілі болды.
Алдын ала есептеулер бойынша Қытай каналында суды максимум жинау өзен суының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертіс пен Іле өзендері
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Судың ластану көздері
Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
Шығыс Қазақстан облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен туристік іс - шаралар
Бұру саласындағы қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары..
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Пәндер