Айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау. Тергеу эксперименті
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері;
2.2. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары;
2.3. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
2.4. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
2.5. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
2.6. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қылмысты істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.
Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан кейін қайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен қамтылмайды.
Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады.
Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.
Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:
1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;
2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;
3. оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.
Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде – эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.
Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін. жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең — мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.
Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.
Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар ретінде – қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұқсас заттар ретінде – қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсіріледі

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Когамов М.Ч.Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части. — Алматы: Жетi жарѕы, 2008. – 888 с;
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 2007;
3. ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу пәні бойынша дәрістер курсы;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау. Тергеу эксперименті
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,2-курс
Тексерген: Бисенғали Лилия
Алматы 2017ж.
ЖОСПАРЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері;
2.2. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары;
2.3. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
2.4. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
2.5. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
2.6. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қылмысты істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.
Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан кейін қайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен қамтылмайды.
Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады.
Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.
Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:
1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;
2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;
3. оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.
Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде - эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.
Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін. жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең -- мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.
Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.
Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар ретінде - қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұқсас заттар ретінде - қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсіріледі

Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, окиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның қалай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды деректерді тауып алып, оларды дәлелдеме есебінде пайдаланады.
Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс ұғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қьілмыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді қарауға тура келеді. Осыған байланысты айта кететін бір жай, оқиға болған жер деген түсінік пен қылмыстың болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке осы тергеліп отырған қылмыстың нақтылы болған жері жатады. Ол - оқиға болған жер деген түсініктің құрамдас бір элементі.
Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.
Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.
Криминалистикалық оқулықтарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бұл тергеу әрекетінің мағынасы, оның міндеттері және маңызы, сонымен қатар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және қандай мақсатпен жасағандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселелер жалпы тергеудің алдында түрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы шешіледі. Сондықтан бұл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни оқиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды.
Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға қатысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар қатарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жұмыстары процесуалды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау ұғымына кіргізу орынсыз. Әрине, оқиға болған жерді қарау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді.
Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі бір криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, қылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құңды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатынасқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, заттай дәлелдемелер ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіпті олардың жойылып кетуі де ықтимал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы керек. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай кезде жарық нашар болып, оқиға болған жерді егжей-тегжейлі ұқыпты қарап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.

Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нұсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне қылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.
Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрғанда тергеуші қарауға қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперті не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін.
Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек.
Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді:
· жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;
· оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;
· полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды;
· қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;
· керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нұсқау береді;
· қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді;
· тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді;
· жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұсқау береді.
Жоғарыда көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын басқа да дайындық жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болған жерді қарауға кіріседі.

Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді және осыған байланысты арнайы әдіс-тәсіл қолданылады.
Тергеу әрекеті оқиға болған жерді жалпы шолып қараудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезеңді оқиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бұл кезеңде тергеуші оқиға болған жерді толығымен, жалпы шолып қарау арқылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі деп те санауға болады.
Бұл кезеңнің негізгі міндеті - оқиға болған жерді нақтылап анықтау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, қарауға күрделі жерлерін алдын ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, заттай дәлелдемелердің неғұрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сұрақтар: қылмыскер бұл жерге (айталық, пәтерге) қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстың ізі қай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау арқылы объектілердің орналасуын, олардың ара қашықтығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, тергеуші оқиғаның болу механизмін болжап, көз алдына елестетіп, болған оқиғаның көрінісін ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда оқиға болған жерді қараудың бұл сатысы тергеушінің шығармашылық талдауын қажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және тергеудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді. Қараудың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада қарау, ситуациялық жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар оқиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта қарау әдісі де қолданылады.
Оқиға болған жердің шетінен бастап, спиральдық әдіспен оның ортасына қарай жүргізілетін қарауды орталыққа шоғырлану концентрлік әдісі дейміз.
Айталық, бөлменің ортасында мәйіт жатса, кіре берістен, мысалы есіктен басталып, бөлменің қабырғасын жапсарлай тұрған объектілер спираль тәрізді оңнан солға, не керісінше, солдан оңға қаралып, бірте-бірте бөлменің ортасына, мәйіт жатқан жерге келіп, мәйітті қараумен тергеу әрекеті аяқталады. Қараудың мұндай түрі оқиға болған жердің шегі (шекарасы) нақты белгілі болған жағдайда қолданылады. Егер де оқиғаның шегі қай жермен шектелетіні белгісіз жағдайда, айталық мәйіт ашық алаңда жатыр, қарау ортадан басталып, спираль тәрізді бағытпен жүріп, оқиға болған жердің, тек аймақтарын қараумен аяқталады. Мұндай кезекпен қарауды оқиға болған жерді эксцентрлік әдісі бойынша қарау дейді. Кейде оқиға болған жердің түйінді тұсы белгісіз, тек бір оқиға болған кеңістікті (алаңды) толық қарауға тура келеді. Егер осындай ситуациялық жағдай туындаса, қаралатын кеңістіктің басынан бастап, бір шетінен екінші шетіне дейін көлденең және алға бір бағытта жүріп, кеңістік толық сыпырыла сүзіліп қаралады. Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жердегі объектілерді қарау кезегінің үш түрі бар: концентрлік - оқиға болған жердің шетінен ортасына қарай шоғырланып қарау; эксцентрлік - ортасынан шетіне қарай қарау, фронтальды - толық сүзіп қарау. Осы айтылған қарау кезегінің қай түрін қолдану керек екендігі қараудың алғашқы кезеңінде шешіледі. Бұл кезеңде тергеуші және қарауға қатынасып жүрген басқа да лауазымды адамдар еш объектіні орнынан қозғамайды, оларды сол тұрған күйінде қарап, тексеру керек. Оқиға болған жер бағдарлау және жалпы шолу әдістерімен фотосуретке түсіріледі. Оқиға болған жерді қараудың бірінші кезеңінде, атап айтқанда, қарайтын жерді жалпы шолып бағдарлау үстінде статикалық тәсіл қолданылады, былайша айтқанда, объектілер қозғалмай өз орнында қаралады.
Жалпы шолып қарау үстінде оқиға болған жерде пайда болуы ешқандай негізсіз жат, бөгде іздер және қылмыстың болу механизміне қайшы келетін жағдайларды байқап аңғаруға болады, Мұны криминалистикада негативті жағдайлар деп атайды. Айталық, қылмыстың белгілі бір жағдайда, я белгілі бір әдіспен жасалғанда міндетті түрде пайда болатын іздердің (заттардың) болмауы, не керісінше жалпы жағдайға жат, осы жерге бөгде іздердің (заттардың) оқиға болған жерде болуы. Мысалы, оқиға болған жерде жатқан мәйіттің денесінде пышақ жарасы бар, бірақ мәйіттің астында (оның жанында) қан өте аз. Асылып тұрған мәйіттің қолы таза, ал асылуға пайдаланылған жіп қара майға былғанған. Егер жәбірленуші өзі асылған болса, асылуға пайдаланылған жіп қара майға былғанғандықтан асылған адамның қолы да лас, қара май болар еді. Осындай келеңсіз жағдайларды тергеудің кейінгі кезеңдерінде тексеріп зерттеу арқылы нақтылы қандай қылмыстың жасалғандығын анықтауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалды жалғастыратын болсақ, жәбірленуші асылмаған, оны біреу тұншықтырып өлтіріп, содан кейін қылмыстың ізін жасыру үшін осы жерде жатқан қара майға былғанған жіптен ілгек жасап мәйітті асып қойған.
Осындай әрекеттермен, әдеттегідей, көбінесе қылмыскерлер қылмыстың ізін жасырып, тергеуді теріс жолға бағыттау үшін басқа бір қылмыстың жасалғандығын бүркемелеп көрсетеді. Осындай, көбінесе асығыс жағдайда қылмыскер қателіктер жіберіп, ол жалпы жағдайға қайшы келіп, теріс көрініс, яғни негативті жағдай ретінде тергеушінің көзіне түседі. Оларды тексеру арқылы нақтылы жасалған қылмысты ашуға болады. Оған дәлелдеме есебінде қарау үстінде анықталып табылған негативті жағдайлар дәлел болады.
Оқиға болған жерді қараудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен жеке-жеке қаралып, зерттеледі.
Мұндай жағдайда, әр объект орнынан қозғалып, басқа жерге қойылады. Осындай қозғалмалық әдістер қолданғандықтан бұл қарау кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динамикалық) әдістер дейді.
Әр объектіні қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәтерді қарағанда бөлмеге кірген есіктен солдан оңға қарай (не керісінше оңнан солға қарай) қабырғада ілініп тұрған жабдықтар қаралады. Қарау үстінде олардың орналасуына, жалпы жағдайына көңіл аудару керек. Қабырға бойындағы нәрселерді қарап біткен соң бірте-бірте спираль тәрізді бағытпен бөлменің ортасында тұрған үй жабдықтары қаралады.
Мәйітті қарау үстінде белгілі бір кезекпен мына төменгі мәселелер анықталады:
· мәйіттің дене тұрысы және жалпы кейпінің белгілері. Мұндайда мәйіттің мүшелерінің күйі және олардың орналасу қалпы жалпы айтқанда мәйіттің тұрқы анықталып, белгіленеді;
· мәйіттің жатқан орны осы жерден тұрақты және көрнекті объект арқылы белгіленеді. Айталық, мәйіт бөлменің ортасында жатқан болса, мәйіттің басы, аяғы бөлменің қабырғаларынан қандай қашықтықта екендігі белгіленеді;
· мәйіттің үстіндегі киім, оның қандай қалыпта екендігі. Мұндай жағдайда мәйіт киімінің жыртылған, былғанған жерлері бар ма, қалталарында не бар, тағы да басқа көрінеу белгілері бар ма, міне осылар анықталады;
· мәйіт денесінде қандай жарақаттар бар, олардың түрі, өлшемі және орналасқан орны;
· мәйіт белгілері, атап айтқанда, мәйітдағы бар ма, жоқ па? Егер бар болса, дененің қай жерінде екендігі.
Мәйіт дағының және мәйіттің дене мүшесінің тырысуының криминалистикалық маңызы зор. Себебі бұл белгілер арқылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер мәйітті қозғаса, бастапқыда ол қалай, қай қалыпта жатқандығы анықталады.
Егер мәйіттің қасында қару (ату қаруы, пышақ) жатса, оның мәйіттен қандай қашықтықта жатқандығы өлшеніп белгіленеді.
Болған қылмыстың механизмін ойша болжау арқылы қылмыскердің белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан, майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мұндай іздер көбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан, оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтақтар пайдаланылады. Криминалистикада көзге көрінбейтін іздерді шығаруға қара және ақ түсті ұнтақтар қолданылады (қара түсті ұнтақтар - жез тотығы, қорғасын тотығы, графит, күйе; ақ түсті - мырыш тотығы, алюминий ұнтағы). Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге иодтың буын бағыттау арқылы майлы терден пайда болған іздерді шығарып, көрінетін жағдайға келтіруге болады. Ұнтақты қолданып шығарған, іздердің үлгісі дактилоскопиялық пленкіге көшіріледі де, иодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі силиконды паста қолдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялық реактивтер де колданылады. Осындай әдістермен ізді шығару және алу ірі, рабайсыз үлкен объектілердегі іздерді тауып алуға пайдаланылады (есікте, шифонерде, столдың үстінде). Егер із оқиға болған жерден алуға ыңғайлы кішігірім объектіде болса (мысалы, стаканда, бөтелкеде т. б.) ол объектінің өзін алып, ондағы іздерді лабораториялық жағдайда көрсетілген әдістермен шығарып алу керек. Оқиға болған жерді қарау үстінде табылған бұзу құралдарындағы іздердің үлгісін алуға да силиконды пасталар (паста "К", СКТН, КЛСЕ -- 305) қолданылады. Мұндай пасталар аяқ киімнің, көлемді іздердің (аяқтың, батпақта қалған етіктің ізі) үлгісін алуға пайдаланылады. Бірақ тергеу тәжірибесінде осындай іздердің үлгісін алуға көбінесе гипстің қоспасы колданылады.
Егер механизмі өте күрделі құлыптар бұзылған болса (мысалы, сейфтің құлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мұндай жағдайда құлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялық сараптамаға жіберіледі.
Көліктің іздерін қарау үстінде зер салып анықтауға жататын мәселелер: доңғалақтың протекторының түрі; екі доңғалақтың (артқы және алдыңғы) ара қашықтығы, доңғалақтың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т.б.). Осы іздер бойынша оқиғаға қатысы бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның қай бағытта кеткенін анықтап, бұл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойынша жол-көлік оқиғасының болу механизмін анықтауға болады. Мысалы, доңғалақтың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдың жағдайын, қалпын, машинаның маркасын және басқа да жағдайларды ескере келіп, автотехникалық - сараптама оқиғаға қатынасы бар машинаның, осы оқиға болар алдында қандай жылдамдықпен келе жатқанын анықтап бере алады. Із қалдырған доңғалақ трасологиялық-сараптама арқылы идентификацияланады.
Қылмыс жасауға ату құралы қолданылған болса, оқиға болған жерде оқтың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде оқтың кірген және шыққан жерін анықтау керек. Оқтың іздерін қарау және зерттеу арқылы атылған оқтың бағытын, қашықтығын және қанша оқ атылғандығын анықтап білуге болады.
Көзге көрінбейтін микроұнтақтар болатын объектілерді ептеп абайлап қарау керек, Микроұнтақтың бар, я жоқ екендігі микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады. Қарау үстінде негізгі қасиеттері, табиғаты белгісіз заттар киімде не басқа объектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін көрсету қажет (айталық, қоңыр түсті, қанға ұқсас дақ деп атап жазу керек).
Оқиға болған жерде қылмыскердің иісі де қалады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірақ адамның иісін осы иіс қалдырушы қылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осындай жұмысқа дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді "ізін суытпай" соңына түсіп ұстауға болады. Осы тәрізді қылмыскерді ұстауға, жалпы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары қарау үстінде және қарау біткеннен кейін де жүргізіледі.
Егер тергеу қарауы түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы тиіс. Мұндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарауда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана қаралады.
Оқиға болған жерді қараудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz