Бухгалтерлік есептің ұымдастырылуы


Бухгалтерлік есептің ұымдастырылуы
- Бухгалтерлік есептің мақсаттары. Кәсіпоры нда бухгалтерлік есептің негізгі принциптері.
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы.
- ХҚЕС, ҰҚЕС, қаржылық есеп шоттарының жоспары, құрылымы.
Негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік ұйым, қаржылық стандарттар, нормативті құжаттар, бастапқы құжаттар, есептіліктің пайдаланушылары (қызығушылары), есеп саясаты, нұсқаулар, ережелер.
Қазақстан Республикасында Азаматтық кодексі бойынша кез келген тұлға кәсіпкерліппен шұғылдануына құқылы (жеке немесе бірлесіп (заңды тұлға ретінде) ), оларға жатады: АҚ (ашық, жабық), ЖШС(бірлескен құрылтайшылар), еншілес ұйымдар (заңды тұлғаның жартылай қызметін атқаратын оқшандырылған құрылым), өндірістік кооперативтер (бірлесіп өнім өндіру), жеке кәсіпкерлер . . . Барлық кәсіпкерлік ұйымдардың мақсаты табыс табу. Осы ұйымдардың шаруашылық процестерінің қаржылық нәтижесін ұйымдастырып есептілігін жасайтын бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, шаруашылық әрекеттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалау ұйым басшысына жүктеледі.
Кәсіпорынның қаржылақ есеп ұйымдастырылуы бірнеше түрден қалыптасады, қаржылақ есеп жүргізу барысында басқа есептер қосарлана жүргізіледі, ол- бухгалтерлік, кәсіпорынның барлық шаруашылық процесттерінің мәліметтері осы есепте қалыптасады;
- салықтық, бухгалтерлік есеппен қатар жүргізіледі, ол салық кодексі негізінде жасалады, сондықтан осы арада бухгалтерлік есептен айырмашылық шығып отырады - міндетті түрде;
- статистикалық, статистика органдарға белгіленген мерзімі сайын кәсіпорын олардың белгілі формалары бойынша есеп жасап беріп отырады.
- басқарушылық есеп, ол да бухгалтерлік есептің ақпараттарымен мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындағы шарушалық процесстер бойынша жасалған шаруашылық операциялар міндетті түрде бухгалтерияның журналдарында (тіркелімдерінде) тіркеліп бастапқы (тиісті) құжаттармен расталады. Құжаттар операция түріне қарай журналдарға тіркелгеннен кейін бухгалтермен бухгалтерлік есеп шоттарда бейнелінеді (бухгалтерлік проводкалар жасалады) . Компьютерлік бухгалтерлік бағдарламасы бар кәсіпорындарда бастапқы құжаттар компьютерлік бағдарламаға бухгалтермен еңгізіледі де есептік кезеңнің бастапқы құжаттарына өз ретімен бухгалтерлік өңдеу жасалып ай соңында жеке шоттар бойынша бухгалтерлік есептің қорытыны жинақталады. Осы есептер бас бухгалтермен тексеріліп айналым ведемос қалыптасып содан кейін баланс құрастырылады да пайдаланушыларға тиісті формалары бойынша таратылады (тапсырылады) .
(синтетикалық)
Баланс - құжаттар - Шоттар Айналым ведомост - Баланс
(аналитикалық)
Сондықтан, бухгалтерлік есептің басты мақсаты кәсіпорында болып жатқан құбылыстарды бухгалтерлік есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде дұрыс бейнелеу және бухгалтерлік есептік регистрларда қатаң жинақтап сақтау, өйткені әр пайдаланушыға мәліметтер, есептіліктер жасалып беріледі. Бастапқы құжаттар із сіз қалмау үшін бухгалтерлік регистрларда (кітаптарға) тіркеліп отырады: кассирдің кіріс-шығыс ордерлері кіріс-шығыс тіркеу журналға, чектер - чек кітапшасында, сенімхаттар - сенімхат тіркеу журналға, шот-фактура - шот-фактураны кіріске алынатын журналға және шығысқа шығарылатын журналдарға жеке тіркеледі . . . Ай соңында есеп жасалғанда осы журналдар бухгалтердің есебімен салыстырылады.
Мысалы: Жеткізушіден тауарлар кіріске алынды:
Кіріске алу үшін алдын-ала жасалған келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік ұйым (сатыпалушы) жеткізушіге сенімхат береді (өз жұмысшы-маманының атына жазып), ол сенімхат алдымен ұйымның сенімхат тіркеу журналында тіркеледі содан кейін жеке типтік формаға толтырылады, алып тұрған тұлға журналға «алдым деген» қол қояды. Жеткізушіге апарып береді. Ол осы құжат негізінде (осы құжатқа жеткізуші басшы бұрыштама соғады) қоймашысы накладной (сенімхатта көрсетілген тауарлар бойынша) толтырып бухгалтериясына жібереді. Бухгалтериясы накладной негізінде шот-фактура жазады (ол да тіркеу журналға тіркеледі) . Осыған қоса тіркелім құжаттар автокөлік жұк құжаты жазылады. Аталған құжаттар бойынша тауарларды әкелгеннен кейін кәсіпкерлік ұйым шот-фактураны бухгалтерияға тіркеу журналға тіркейді, қоймашыға накладнойдың екінші данасы бойынша (тіркелім құжаттармен қоса) тапсырады, қоймашы кіріс ордерді толтырады. Бұл бір (кіріске алу) шаруашылық процесс және бухгалтерлік есепте көрсетілуі.
Бухгалтерлік есептің мақсаттары:
бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдастыру;
бухгалтерлік есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде ақпарат жинақтау;
бухгалтерлік есептің принциптерін қатаң сақтау;
қаржылық есепті пайдаланушыларға дұрыс және мерзімді беру.
Бухгалтерлік есептің есеп саясаты бойынша талап етілетін қағидалары: есептеу, ұздіксіздік, түсініктік, сақтық, орындылық, сенімділік, салыстырмалық, маңыздылық, толықтылық, уақытылық кәсіпкерлік.
ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы.
ХІІІ-ХУ ғасырларда Италияда, нарықтық экономиканың қалыптасқан жерінде, ұлы математик және қазіргі есептің қалаушысы Лука Пачоли (1445-1517) есептің маңызын ашып, дамытуға жол салды. Сондықтан есеп - шаруашылық әрекеттердің тілі, бизнестің тілі.
1493 жылы Лука Пачоли «Арифметика сомасы, геометрия, пропорция мен олардың қатынасы туралы оқу» деген кітабін Венецияда аяқтап, жарыққа шығарады. Осы кітаптің ХІ тарауында «Шоттар мен жазбалар туралы» бірінші рет қос бухгалтерия жөнінде жазылды. Бұл қазіргі кәсіпкерлік ұйымдардың экономикалық әрекеттерінің негізін ашты. Пачоли осы еңбегінде қос бухгалтерияның маңызды байланысы - екі нысанды көздеп көрсетті:
Біріншіден, жасалған іс туралы ақпарат алу, есепті дұрыс жүргізу үшін, міндеттемелер мен қарыздар туралы ақпараттарды кешіктірмей алу керек.
Екіншіден, қаржылық нәтижені анықтау «әрбір көпес өзінің күнгөрісін қамтамасыздандырып, пайда табуды көздейді», бұл жерде пайда көрсеткіш болып танылу емес, ол баға көтерілмеудің құрал ретінде танылу тиіс, әрине ол көпестерді үнемділікке тәрбиелейді және сатып алушыларды пайдалануын тоқтатады. Бұл жерде баға дұрыс болуы керек, өйткені ол көпестің күнгөрісін қамтамасыз етеді. Есептің осы екі бағыты шотпен екі жақты жазу арқылы жүзеге асырылады.
«Шоттар - ол, көпестер (саудагерлердің) өздері қалыптастырылған тәртіппен шарушылықтың әрекеттері жөнінде мәліметтер және оның нәтижесінің жағдайы туралы ақпарат алу көзі», яғни шот жоспарды әкімшілік құрайды, бірақ шаруашылық әрекеттердің талдауы мен басқару мақсатында емес. Шоттар тек жүйенің элементтері, ал элементтер арадағы байланыстарды екі жақты жазумен көрсетіледі. Сондықтан, дебет айналымның сомалары кредит айналымның сомаларына тең, Д-сальдоның сомасы К-сальдоның сомасына тең болады. Л. Пачоли суреттер арқылы есептік регистрларды ойлап шығарды (кітаптар - суреттер) - суретші - бейнелейді, ал есепші - тізімдейді (хаттайды) . Есепшінің ең басты суреті - баланс. Пачолидің көз қарасымен мәліметтерді ақпараттау болса - баланста ол тізімделеді, қаржылық жағдайды нәтижелеу болса, ол - есептілік құжаты болып танылады, бұл саудагерлер кезеңі. Баланс ақпарат құжат ретінде танылуы ХІХ ғасырда қолданған
Осылай ХУ ғасырда Австрияда «бухгалтер» деген сөз пайда болды - «есеп кітаптарды үстаушы» бірінші адам іс жүргізуші (лауазымды тұлға) Христофор Штехер Инсбрукстік есеп палатасынан. Бірінші 1581ж. Венецияда бухгалтерлер ұйымы ашылған.
Ал, кәсіпкерлік кезеңіне (1800-1900ж. ж. ) келсе, мұнда өндірістік бухгалтерия орын алып отыр, шығарылған өнімнің өзіндік құнын анықтауы. Бұдан әрі бухгалтерлік есеп әрі қарай дамып ұйымдастыру кезеңі келді (1900-1950ж. ж. ) - есепті мемлекеттік стандартизациялау, ұлттық бухгалтерлік шот жоспарлардың пайда болуы: бухгалтерлік және басқарушылық есепке бөлінуі. Одан кейін бухгалтерлік есепті жақсарту кезеңі(1950-1975ж. ж. ), жетіліп аяққа нық түрған есепте ЭЕМ және басқада әдістерді қолдану қолдану. Осы кезеңде кәсіби бухгалтерлік ұйымдар мен халықаралық үкімет ұйымдардың бірігуімен талдау жасалып халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыруы басталды. 1975ж. аяқталып халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі және есептілік пайда болды.
1986ж. 1 қантарда бастап бухгалтерлік есептің қағидалары жөнінде нормативті құжат еңгізілді. 26. 12. 1995 жылы №2732 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заң күші бар бұйырық шықты. Одан кейін бухгалтерлік жүйесі дамыған сайын заңдарға өзгерістер жасалып келеді.
Міне сол заманда ойлап табылған ізденістер осы дамыған, жаңарған, жетілген кезеңдерде орын тауып отыр. Қазіргі қаржылық дағдарыс заманында К. Маркстің «Капитал» еңбегі өте маңызды роль атқарады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, дағдарыстары, жедел ақпараттануы - білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осы орайда білім беруді жаңартудың табысты болуы педагогтардың, оқытушылардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне білім беру үрдісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Кейінгі ҚР ҚМ Заңы №231-ІІІ 2007жылы 28. 02. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» бекітілген. Заңның І тарауы «Жалпы ережелер» үш бабтан құрылған: пайдалану ұғымдары, қолдану аясы және заң туралы. Заңның ІІ тарауы «Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілік жүйесі» 9 (4-12) бабтан құрылған: заңның мақсаты, принциптері, бухгалтерлік есеп жүйесі, құжаттамасы, ұйымдастыруы, бухгалтелік қызметтің басшысы, қол қою құқығы, құжаттарды сақтау, ақпарат құпиясы. Заңның ІІІ тарауы «Қаржылық есептілік» 7 бабатан (13-19) бабтан құрылған:қаржылық есептілік элементтері, олардың бағалауы және есепке алынуы, қаржылық есептілік құрамы, шоғырландырылған қаржылық есептілік, есептілікті табыс етуі. Заңның ІУ тарауы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу» 5 бабтан құрылған: бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуі, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік емес реттеуі, кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау шарттары жөнінде, аккредиттеу туралы куәліктен айыруы, ішкі бақылау. Заңның У тарауы «Қорытынды ережелер» 2 бабтан құрылған: заңнамасы бұзған үшін жауаптылық және омы заң қолданысқа енгізілуі.
ХҚЕС, ҰҚЕС, қаржылық есеп шоттарының жоспары, құрылымы.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жалпы құқықтық және әдістемелік басқару және аудит әдістемелігі бойынша Департамент өкілетті органы болып саналатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының Үкіметімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бастапқы нормативті құжаты болып ҚР ҚМ № 234-ІІІ 2007жылы 28. 02. бекітілген «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заң болып танылады, осымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу мақсаттарымен принциптері ХҚЕС №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну», №8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есептіліктің бағалаулар қателіктері және өзгерістері», ҰҚЕС 2 бөлімінің 1 тарауында қарастырылған.
ҚР-сының кәсіпкерлік ұйымдарында бухгалтерлік есеп 4 деңгейлі нормативті-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдастырылады:
І- деңгейлі, ол ҚР ҚМ №234 -ІІІ 2007жылы 28. 02. бекітілген «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заңы;
ІІ - деңгейлі ХҚЕС (41 стандарт 2005-2006ж. ) және 2013ж. 31. 01. № 50 ҰҚЕС.
ІІІ - деңгейлі ҚР ҚМ эдістемелік нормативті актілер, нұсқаулар, ұсыныстар, шоттар үлгісі және 2007ж 22. 06 ҚР ҚМ бектілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі;
ІУ - деңгейлі, ол кәсіпорынның өзінің құрастырып бекіткен бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша есеп саясаты.
Аталған құжаттар 2008жылдың 1 қантарынан бастап ҚР-сының барлық ұйымдарында еңгізіледі, осылармен қоса ҚР ҚМ-мен бекітілген құжаттар жүзеге асырылады:
- № 185 2007ж. 23. 05. ҚР ҚМ бекітілген бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары;
- 2007ж. 21. 06. №216 ҚР ҚМ «Бастапқы құжаттардың формаларын бекіту» бұйырығы;
- Есептік регистрлар формалары.
ҚР-сының кәспкерлік ұйымдарында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы кәсіби шаруашылық түріне қарай ұйымдастырылады. Әр- бір есеп жүргізуші жауапты маман өз лауазымды нұсқаулары, стандарттармен ережелер бойынша өзі ұйымдастырады.
«Бухгалтерлік есеп теориясы» пәнінде бухгалтерлік есеп шоттардың жоспарының құрылымы оқылған, онда кәсіпкерлік ұйымда болып жатқан шаруашылық процесттердің операцияларын бастапқы құжат негізінде есепке алынады, ақпарат бухгалтерлік есеп шоттармен журналдарда жинақталады делінген. Бухгалтерлік есеп шоттардың жоспары 8 бөлімнен қалыптасқан:
І бөлім - қысқа мерзімді активтер - негізгі активті ;
ІІ бөлім - ұзақ мерзімді активтер - негізгі активті;
ІІІ бөлім - қысқа мерзімді міндеттемелер - негізгі пассивті;
ІV бөлім - ұзақ мерзімді міндеттемелер- негізгі пассивті;
V бөлім - капитал мен резервтер - негізгі пассивті;
VІ бөлім - кірістер - транзиттік пассивті;
VІІ бөлім - шығыстар - транзиттік активті;
VІІІ бөлім - өндірістің есеп шоттары - транзиттік, калькуляциялық, активті.
Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың үлгі жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны - бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан, екіншісі - кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды. Әр-бір активке, міндеттемеге немесе капиталға жеке шот ашылады. Шот дегеніміз екі бөліктен құрылыған кесте - теріс жағы «дебет», оң жағы «кредит» деп аталады. Дебет жығына жиналатын сомалар дебет айналымы, кредит жағына жиналатын сомалар кредит айналымы деп аталады. Активті шоттарда сальдо үнемі дебетте, пассивті шоттарда сальдо кредитте болады. Активті шоттардың көбеюі (+) кіріске алынуы дебетте, азаюы (-) шығысқа шығарылуы кредитте жазылады.
Д активті шот-да К
Б-қы с.
Д Капитал шоты К
Б-қы с.
Д Міндет-р шоты К
Б-қы с.
-
Азаюы
+
Көбеюі.
-
Азаюы
+
Көбеюі.
С с-до = Бс + Д а - Ка С с-до = Бс + Ка - Да С с-до = Бс + Ка - Да
Бұл жерде: С с-до - соңғы сальдо (қалдық) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz