Тауар- материалдық қорлар есебі


Тауар- материалдық қорлар есебі
- Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты.
- Материалдарды қоймаға қабылдау және оларды өндіріске босатуын құжаттау.
- Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебін ұйымдастыру.
- Материалды жауапты тұлғаның есебі.
- Материалдық құндылықтарды сатып алу және жеткізушілермен есеп айырысу.
- Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша ҚҚС және акциздер есебі.
- Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі.
- Өндіріске жұмсалған материалдарды бағалау тәсілдер есебі.
- Ыдыс пен ыдыс материалдарының есебі
- ТМҚ мүліктік түгендеу және қайта бағалау. Мүліктік түгендеу қорытыныдысын рәсімдеу. Мүліктік түгендеудің нәтижесін қорытындылау есебі.
- ТМҚ шығысқа шығару түрлері, есебі.
- ТМҚ табиғи шығындарының есебі.
- Материалдық қорлардың қозғалысы бойынша есептесу есебі.
Негізгі сөздер: өзіндік құн, өткізудің таза құны, тауарлық жоғалтулар, табиғи жоғалтулар, көтерме, бөлшек, консигнация, қоймашы, сандық, сандық сомалық, ҚҚС, ыдыс.
- Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты.
Материалдық қорлар кәсіпорынның ең маңызды активтерінің бірі және түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Қорлар есебін жүзеге асырудың мақсаттары, ол:
- ТМҚ-ң жіктелуі және оның бағалануы;
- ТМҚ-ның өзіндік құны құрамын және өндіріспен байланысты өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар есебі;
- олардың экономикалық мазмұнына сәйкес өнімдер өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) шығындарды топтастыру, өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығындарды ажырату;
- шығындар есебінің әдістері мен тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау тәсілдері сияқты жағдайлардың есебін жүзеге асыру.
Материалдық қорларды есепке алудағы басты мәселелердің бірі актив ретінде тануға және келесі кезеңдерде тиісті тұсім таңылғанға дейін ауыстыруға жататын шығындардың көлемін айқындау болып табылады. Есепке алу жүйесі материалдық қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар мен өнім өндіруге жұмсалған шығындарды бөліп көрсету.
ХҚЕС № 2 «Қорлар» және ҰҚЕС бойынша - қорлар - бұл:
1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қорлар жіктеледі:
■ 1310 «Шикізат пен материалдар» - шаруашылыққа, өндіріске қажетті шикізат және материалдар
■ 1340 «Аяқталмаған өндіріс» - дайын болу дәрежесіне жетпеген өнім, кейіннен соңына дейін дайындалатын жартылай фабрикаттар.
■ 1320-«Дайын өнім» Кәсіпорын шығарған және сатуға арналған дайын өнім мен тауарлар аяқталған, бірақ сатылмаған тауар бірліктеріне жататын шығындар есептік кезеңнің аяғында қорлар бабындағы.
■1330-«Тауарлар» Қайта сату үшін сатып алынған және сақталған тауарлар.
Қорлар есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында 1300 ден 1360 шоттарда қарастырылған.
Қорлар ұйым айналымында болуы үш процесстен өтеді: - кіріске алынуы;
өңдеуден өтуі (өндіру) және өткізуге дайындалуы;
өткізілуге дайын өнім қалыптасуы және сатылуы.
Қаржылық есеп стандарттар бойынша материалдық қорлар өзіндік құнмен есептелінеді. ХҚЕС және ҰҚЕС сәйкес қорларды кемінде екі шамадан өлшеуге тиіс: өзіндік құн мен аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегерткендегі сату құны.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және олардың ағымдағы жай-күйіне және ағымдағы орналасқан жеріне жеткізу мақсатында шыққан басқа да шығындар кіреді.
Стандарттар бойынша қорлар өзіндік құннан басқа аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегерткендегі сату құны өткізудің таза құнымен есептелінеді, ол өзіндік құннан төмен болуы мүмкін.
ХҚЕС, ҰҚЕС бойынша сатып алуға жұмсалған шығындар:
сатып алу бағасы - сатып алушылық бағасы;
сырт жерден әкелуге баж - импорт бажы және басқа өтелмейтін салықтар;
делдалдық уйымдарға төлеген комиссиялық сыйақы;
көліктік-дайындау шығыстары - тасымалдауға, өңдеуге жұмсалған шығыстар;
қорларды сатып алуға тіке байланысты өзге де шығыстар.
Қайта өңдеуге жүмсалатын шығындар - шығарылатын өнімдердің нақты түрлеріне тікелей байланысты тіке шығындар:
шикізат шығындары;
еңбек шығындары; және т. б. шығындары.
Өзге шығындар - қорларды белгіленген жерге дейін және тиісті жағдайға жеткізуге тікелей байланысты шығындар.
Қорлардың синтетикалық есебінде кіріске алуда осы шығыдар 1310-1350 шоттардың Д-де жазылады солай кіріске алынған қорлардың өзіндік құнын қалыптастырады.
Кіріске алынып болған қорлар кәсіпорын қоймасында әртүрлі қозғалыстарға шалдығады: өңделеді, оралады, бөлінеді (шақтанады), бұлінеді, шашылады, төгіледі, құнсызданады, қайта бағаланады. Сондықтан кейін қорлар аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегерткендегі сату құны (ықтимал құнның ең төмен құнымен (өткізудің таза құнымен) ) есептеледі. Оған ұшырауы мүмкін физикалық тозған, бағалары төмендеп қалған, мөдель, фасондары ескірген тауарлар, қорлар. Сондықтан, бұл тауарлар сату (өзіндік) құнымен сатылмай қалуы мүмкін, өткізу бойынша жасалған шығындар шегертіледі. Мысалы, 1кг. сары май 145тг. сатып алынды, өткізу бойынша шығындар 75тг. құрады, сонда өткізудің таза құны 220тг. болады. Майға сұраныс жоғары болатын болса майдың өзіндік құны 255тг. құрайды, ал сұраныс болмаса 200-220тг. болады.
Өткізудің таза құны тікелей өткізу бойынша шығындар сомасынан байланысты. Қорларды өткізуге жасалған шығындар шотына есепке алынады, яғни 7110 шоттың Д-де жинақталады.
Тауарлық-материалдық қорларды өзіндік құнынан және таза өткізу құнынан төмен анықтау үшін: баптар бойынша, негізгі тауар топтары, қорлардың жалпы деңгейі әдістері қолданылады.
Баптар бойынша әдіс - материалдық қорлардың әрбір атауының баланстық құнынан және таза өткізу құнынан ең аз мәні таңдалып алынады.
Тауар топтары әдісі - тауарлық-материалдық қорлардың әрбір тобының баланстық құнынан және таза өткізу құнынан ең аз мәні таңдалып алынады.
Қорлардың жалпы деңгейі әдісі - барлық тауарлық-материалдық қорлардың баланстық құнынан және таза өткізу құнынан ең аз мәні таңдалып алынады.
Тікелей есептен шығару әдісі - өзіндік құн мен таза өткізу құны өзара тең болған кезде қолданылады.
Баланстық құн мен таза өткізу құны арасындағы айырма шығыс ретінде қаралады және кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
Аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату құны (ықтимал таза өткізу құнын) есептеу кезінде қорлардың қалдықтарын, олардың айналымдылығын, қорларды сақтау талаптарын және т. б. білу қажет. Таза өткізу құны есептері сарапшының есебі немесе арнайы құрылған комиссияның актісі түрінде расталуы тиіс. Есептер мен актілер өзіндік құн мен таза өткізу құны арасындағы айырмашылықтарды есептен шығару үшін негіз болып қызмет ететін болады. Осы құжаттарда құнның төмен түсу себептері мен шамалары көрсетіліп, құндардың өзгеру үрдістеріне болжам жасалатын болады. Кәсіпорындарда, қорлардың есептік құнының мөлшеріне әсерін тигізетін, өтімді емес, құнсызданған және нормативтен тыс қорларды анықтау жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылуы тиіс.
Мысалы:
«А» сауда компаниясында қорлардың үш тобы бар. «А» компаниясы қорларын мүмкін болатын өткізудің өзіндік құны мен таза құны кесте түрінде көрсетілген. Есеп саясатында белгіленгендей, мүмкін болатын өткізудің өзіндік құны мен таза құнының ең азын «А» компаниясы тауарлық топтар (біртектес қорлардың топтары бойынша) әдісімен айқындайды. «А» компаниясы шоттарының жұмыс жоспарында 1360-«Қорлардың өзіндік қүнын ӨТҚ-на дейін жеткізу жөніндегі резерв» шоты және 7210 «Әкімшілік
шығыстар» 7010-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-ға дейін есептен шығару жөніндегі шығыстар» шоты бар.
« А» компаниясының 31. 12. 2016 ж. қорлары
Қорлар тобы
Теледидарлар
Жиыны
Радиоқабылдағыштар
Жиыны
Магнитолалар
Жиыны
Барлығы
ТАУАРЛЫҚ ТОПТАР ӘДІСІ
Тауарлық топтар әдісін пайдаланған кезде «А» компаниясының бухгалтерлік балансында 31. 12. 2015 ж. қорлар компания тауарларының әрбір тобы бойынша ең аз құнның сома 346 900 теңге (290 000 + 28 800 + 28 100) мөлшерінде көрсетілетін болады.
Бухгалтерлік есепте компания бухгалтері 31. 12. 2015 ж. мынадай жазба жасайды:
Д-т 7010 - «Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-ға дейін есептен шығару жөніндегі шығыстар» - 400 теңге (346 900 -347 300),
К-т 1360 - «Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-ға дейін жеткізу жөніндегі резерв» - 400 теңге (346 900 -347 300), егер резерв ашылған болса.
Бухгалтерлік баланста мынадай ақпарат болады:
Қысқа мерзімді активтер:
Қорлар - 347 300 теңге
Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-ға дейін жеткізу жөніндегі резерв - (400) тенге
Жиыны - 346 900 теңге
ТІКЕЛЕЙ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ӘДІСІ
«А» компаниясы қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-ға дейін есептен шығаруды тікелей есептен шығару әдісімен жүргізе алады. Бұл ретте мынадай жазба жасалатын болады:
Д-т 7010 - «Қорлардың өзіндік қунын ӨТҚ-ға дейін есептен шығару жөніндегі шығыстар» - 400 теңге
К-т 1330 - «Тауарлар» - 400 теңге (346 900 - 347 300)
Бухгалтерлік баланста мынадай ақпарат болады:
Қысқа мерзімді активтер:
Қорлар - 346 900 тенге
Кәсіпорын 1300 шоттар бөліміне кіріске алынған құндылықтар актив ретінде танылады, консигнацияға алынған қорлар сатылғанға дейін баланстан тыс шоттарға есепке алынады, бұлар кәсіпорынның меншігінде есептелмейді. Баланстан тыс шоттар қолданғанда бухгалтерлік проводкалар шоттың бірақ жағында жазылады, мысалы Д 002 К - немесе Д - К 003.
- Материалдарды қоймаға қабылдау және оларды өндіріске босатуын құжаттау.
Материалдар қоймаға кез келген жеткізушілерден, жеке және заңды тұлғалардан кіріске алынады, әр қозғалыс тиісті бастапқы құжатпен рәсімделеді. Қоймаға кіріске алынған материалдарға кіріс ордер толтырылады (Қ- 3. « КІРІС ОРДЕРІ») .
Қорлардың қозғалысының күрделігіне қарай бухгалтерлік есепте әр қозғалысы тиісті журналдарға тіркеліп отырады, ол үшін алдымен кіріске алынған қорға номенклатуралық номер белгіленеді.
Өндірісте материалдардың ассортиментінің көптігінен ұйымдарда олардың есебін рационалды ұйымдастыру мақсатымен біркелкі қасиеттері бойынша номенклатура құрастырылады. Әрбір қордың атауына, сортына шартты сандық белгі беріледі - номенклатурлы нөмір, және ол кейіннен қорлардың бар болуы мен қозғалысы жайлы құжаттардың барлығында қойылады.
Қоймадағы қорлардың әр сорты, түрі мен көлемі қозғалысының есебін жүргізу үшін, қорлардың есеп карточкасы қолданады ( Қ-5. « ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ»), және ол материалды жауапты тұлғамен (қоймашы, қойма басқарушысы ) әр қорлардың номенклатурлы номеріне (бар болған жағдайда) толтырылады. Кіріске алынған материалдарды қабылдаған сәтте тексеріп алады: санымен және сапасымен. Санын тексергенде бақылайды бірліктерін, ыдыс жағдайын және көлемділігін (мөлшерін) . Сапасын тексергенде сәйкестік сертификатын бақылайды, келісім шарт бойынша бабтардың орындалуын бақылайды.
Карточкадағы жазулар операция жасалған күні бірінші ретті кіріс-шығыс құжаттары арқылы жүргізіледі.
Жеткізушілерден қорларды алу үшін (Қ-1. « № ___ СЕНІМХАТ», Қ-2 «20__ жылғы
БЕРІЛГЕН СЕНІМХАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ») беріледі. Сенімхат қорларды кіріске алған жағдайда, жеке кәсіпкер немесе ұйымның сенімді адамы ретінде рәсімделген құқығымен өзін қорғау үшін қолданылады. Сенімхатты материалды жауапкершілік келісім шарты құрастырылған адамға ғана беріледі, сенімхаттың жұмыс істеіу мерзімі он күнді қамтиды. Сенімхатқа жеке кәсіпкер немесе ұйым басқарушысы және бас бухгалтер қол қояды.
Берілген сенімхаттардың есеп журналы берілген сенімхаттар мен оларды алғаны жайлы қолхаттарды тіркеу үшін қолданылады, ол сенімхаттардың берілуі мен тіркелуіне жауапты адамда сақталады. Журналдың барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және жеке кәсіпкер немесе ұйымның мөрімен бекітіледі.
Жеткізушілерден түсетін немесе қайта өңдеуден келетін материалдардың есебі үшін кіріс ордері қолданылады. Қоймаға қорлардың түскен күнінде материалды жауапты тұлға бір данада кіріс ордерін жасайды.
Жеткізушінің берілген құжаттары бойынша сандық және сапалық сәйкессіздікте, сонымен қатар, қорларды қабылдау кезінде, құжатсыз қабылданғанда, қорлады қабылдауды рәсімдеу үшін, қорларды қабылдау туралы акт қолданылады. Жеке кәсіпкермен немесе ұйым басқарушысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, екі данада акт жасайды, міндетті түрде материалды жауапты тұлғаның және жіберушінің (жеткізуші) немесе басқа қатысты емес ұйымның адамының қатысуы қажет. Кіріске алғанда бастапқы рәсімделетін құжаттар шот-фактура, чек, сатып алу-сату келісім шарты.
Қорларды ұйым ішінде қозғалысына және оларды сыртқа шығару қозғалыс есебі үшін ішкі орын ауыстыру накладнойы қолданылады .
Қорларды сыртқа шығару есебі үшін қорларды сыртқа шығару накладнаясы қолданылады. (Қ-6 « МАТЕРИАЛДАРДЫ ІШКІ ӨТКІЗУГЕ БЕРІЛЕТІН ЖҮКҚҰЖАТ», Қ-8 « ҚОРЛАРДЫ ШЕТКЕ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ЖҮКҚҰЖАТ», Қ-9 « ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ АКТІСІ») .
Қорларды шығынға жазу актісі қорлардың бүлінген, сынған, құртылған, сонымен қатар дайындау немесе сақтау және өндіру процесінде жүрген, қорлардың жетіспеген және жоғалтқан жағдайында, қорлардың есебін жүргізу үшін қолданылады. Рәсімделген акт жауапты тұлғаның есебінен шығарылғанда да негізгі құжат болып танылады. Комиссия мүшелерімен екі данада жасалады. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберілсе, екінші данасы бөлімшеде қалады.
Ғимараттар мен құрылыстарды демонтаждау мен бөлшектеу кезінде, қолдануға жарамдыларын өндірістік жұмыстарда қолдану үшін қабылданған қорларды, қозғалмайтын мүлік, ғимараттар мен құрылыстарды демонтаждау мен бөлшектеу кезінде, қорларды кіріске алу жайлы акт жасалады. Тапсырыс берушілер мен мердігерлер қатысуымен комиссия құрылып, акт үш данада жасалады. Актінің бірінші және екінші данасы тапсырысберушіге беріледі, ал үшінші данасы мердігерде болады. Тапсырыс беруші өз алдына актінің бірінші данасын мердігерге төлем кезде шотқа қосады.
Қоймадағы қорлар қалдығының есеп ведомості есептің оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдісі бойынша жүргізіледі. Қалдықтардың есеп ведомостін бухгалтериямен тексерілген, қойма есебінің карточкасындағы деректер арқылы толтырады. Ведомостке қалдықтарды көшіру дұрыстығы тексерушінің қолымен расталады.
Кәсіпкерлік ұйым ішіндегі қорлардың қозғалысы - материалдарды (тауарларды) ішке ауыстыру накладной арқылы жасалады.
Заңды тұлғалардан қорларды сатып алған кезде алу-сату келісім шарт, шот-фактура және чектермен рәсімделеді. Жеткізушіден кіріске алған мерзімде қорларды қабылдау туралы актімен растайды.
3. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебін ұйымдастыру.
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дұрыс үйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Койманың үй-жайы тұйықталған, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдың затбелгі бекітіледі. Басшының бүйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдың жауапкершілік шарты жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы жауапты тұлғалар жүргізеді. Материалдың қүндылыңтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда қоймада және бухгалтерияда материалдық күндылықтардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады (Қ-7 « ҚОЙМАДАҒЫ ҚОРЛАРДЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ТІЗІМДЕМЕСІ») .
Материалдық қорлардың қозгалысы жөніндегі қүжаттың әрбір дерегі карточкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдың, сорттың, айналымдық ведомоске көшіріледі. Мүндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалың есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдық қүндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің карточкаларын ашады. Мұндай әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдық сандық өлшеммен еңгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық қүндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы қүжаттар мен карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері тиісті құжаттарға қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы құжаттарды табыс етуімен үштасады (сәйкестіріледі) . Өткізілетін қүжаттардың деректері құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дұрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге асырылады. Мүндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдардың қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізеді. Ведомость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысқа түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол қояды және құжаттарды ресімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттың есеп кітабын жүргізуге рүқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітабы қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдықтарды көшіреді. Бүдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдық құндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады. Бұл әдіс кезінде:
- бухгалтерлік есеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз байланысты;
- қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау жөніндегі қиын жұмыстарды жояды. Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың талдамалы есебінің синтетикалың есептен қалуына жол берілмейді. Сальдолық әдіске тән қасиет - қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі, ал бухгалтерияда қорлар сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескеріледі.
Үшінші әдіс - материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (қүрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта түрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша материалдық есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 1300 (материалдар) -бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесінен есепті айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы бастапқы құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың пайдалану бағыты бойынша толтырады. Материалдардың ай соңындағы қалдығы есептеу жолымен анықталады. Бастапқы құжаттары қоса берілген материалдық есептемеге оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні) бухгалтерияға тапсырылады. Онда оны жасаудың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.
- Материалды жауапты тұлғаның есебі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz