Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы



1. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы.
2. Негізгі құралдар түсуі, құрылу көздері және пайдалануының құжаттық ресімдеу.
3. Негізгі құралдарды кіріске алу түрлерінің есебі, ҚҚС есебі.
4. Негізгі құралдардың тозу есебі, амортизация есептеу әдістер есебі
5. Негізгі құралдарды жөндеу түрлері, орындау әдістері және есебі
6. Негізгі құралдардың шығуын құжатты рәсімдеу және есепке алу.
7. Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу және қайта бағалау, олардың нәтижелерін есепте көрсету.
8. Инвестициялар есебі.Қосымша төленбеген капиталды құру және пайдалану тәртібі.
9. Бюджетпен мүлік, көлік және жер салықтары бойынша есеп айырысу есебі.
10. Материалдық емес активтердің түсінігі, маңызы, түрі және бағалануы.
11. Материалдық емес активтердің түсуі, құрылуы және шығың есебі.
12. Материалдық емес активтер амортизациясының есебі
Негізгі құралдар дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір жылдан көп мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі , мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Негізгі құралдар» сәйкес жіктеледі:
салалар бойынша;
бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.
иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда)
пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)
мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)
салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді).
Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;жабдықтар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді.
Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып,басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланым негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Негізгі құралдар қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады:
Бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу (тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар.
Баланстық құн – бастапқы құнның сомасынан жиынтық тозуды алыптастаған құн (есептік (қалдық) құн).
Жою құны – бұл негізгі құралдарды пайдалы қызметінің соныңда пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шығарып тасталады(жобаланған құн).

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі құралдар есебі.

1. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы.
2. Негізгі құралдар түсуі, құрылу көздері және пайдалануының құжаттық ресімдеу.
3. Негізгі құралдарды кіріске алу түрлерінің есебі, ҚҚС есебі.
4. Негізгі құралдардың тозу есебі, амортизация есептеу әдістер есебі
5. Негізгі құралдарды жөндеу түрлері, орындау әдістері және есебі
6. Негізгі құралдардың шығуын құжатты рәсімдеу және есепке алу.
7. Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу және қайта бағалау, олардың нәтижелерін есепте көрсету.
8. Инвестициялар есебі.Қосымша төленбеген капиталды құру және пайдалану тәртібі.
9. Бюджетпен мүлік, көлік және жер салықтары бойынша есеп айырысу есебі.
10. Материалдық емес активтердің түсінігі, маңызы, түрі және бағалануы.
11. Материалдық емес активтердің түсуі, құрылуы және шығың есебі.
12. Материалдық емес активтер амортизациясының есебі

1. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы.

Негізгі ұғым: бастапқы құн, амортизация, жою, жөндеу, құрылыс салу, қайта бағалау, кейінгі шығындар, мердігерлер, жал.

Негізгі құралдар ұғымы, жіктелуі, бағалану есебі.
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір жылдан көп мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі , мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда , сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 Негізгі құралдар сәйкес жіктеледі:
салалар бойынша;
бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.
иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда)
пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)
мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)
салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді).
Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;жабдықтар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді.
Меншікті негізгі құралдар - сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып,басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланым негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Негізгі құралдар қозғалысы №16 ХҚЕС - на сәйкес бағаланады:
Бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу (тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар.
Баланстық құн - бастапқы құнның сомасынан жиынтық тозуды алыптастаған құн (есептік (қалдық) құн).
Жою құны - бұл негізгі құралдарды пайдалы қызметінің соныңда пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шығарып тасталады(жобаланған құн).
Дұрыс құн - екі жақтың келісімі мен жақсы жасалған операциялардың құны (нарықтық құн).
Қайта бағаланған құн - қайта бағалану жасалған мерзімдегі дұрыс құн, осы күнге дейін жасалған шығындармен амортизация шегертілген құн.
Тозу - активтердің құны пайдалану мерзімде үнемі, біргелкі өз құнын азайтып отырудағы есептеме, өзіндік құннан жою құны шегертілгеннен кейінгі.
Кәсіпорындағы активтердің ағымдағы құны - бұл кәсіпорын активтерінің қозғалысынан болжамдайтын құн.
Құнның төмендеуінен болған зиян - сатылған құн баланстық құннан төмен болғаны.

2. Негізгі құралдар түсуі, құрылу көздері және пайдалануының құжаттық ресімдеуі.

Негізгі құралдарды кіріске алынады:
Сатып алғанда ақшаға; басқа ұйымдардан қарызға; айырбас (бартерлік) операциялар бойынша; қайтарымсыз басқа субъектілерден; құрылтайшылардан салым ретінде; құрылыс салу жолымен. Сатып алған кезде жеткізушіден накладной мен шот-фактура келгеннен кейін алған ұйым түгендеп алын алып-беру актісін толтырады. Әр бір кіріске алынған негізгі құралға Инвентарлық карточка ашылады. Инвентарлық карточкаға негізгі құрал туралы әр қозғалысына ақпарат жазылады. Кіріске алынған негізгі құралға келесі айдан бастап тозу есептеледі, инвентарлық карточкаға жазылады.
Кіріске алынған негізгі құралдарға НҚ -1 Негізгі құралдар қабылдап алу-беру № ___ АКТІСІ, НҚ -9 Жабдықты қабылдап алу (түсуі) туралы №___ АКТІ рәсімделеді. Әр бір кірістелген негізгі құралға НҚ -6 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДА ТҮГЕНДЕУ КАРТОЧКАСЫ (инвентарлық карточка) ашылады және қолданыстағы негізгі құралға жүргізіледі. Әр бір әрекеті осы карточкаға жазылып отырады.
Ұйым ішінде болған негізгі құралға болған қозғалыстарға (жауапты тұлғаларға беру, ауысу) НҚ - 2 Негізгі құралдарды ішкі өткізуге берілетін ЖҮКҚҰЖАТ құжат жазылады.
Егер кіріске алу кезде немесе басқа жағдайларда негізгі құралда ақау анықталса НҚ -11 Негізгі құралдарда анықталған ақаулар рәсімделеді. Пайдалану барысында негізгі құрал бұлініп, сынып қалса оны жөндеуден өткізгеннен кейін НҚ - 3 Жөнделген, қалпына келтірілген (жаңғыртылған) негізгі құралдарды қабылдап алу-беру № ___ АКТІСІ толтырылады.
Негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталған кезде НҚ -4 Негізгі құралдарды істен шығару (есептен шығару) №___ АКТІСІ, НҚ -5 Автокөлік құралдарын есептен шығаруға арналған №___ АКТІ, Қ -10 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ БҰЗУ МЕН БӨЛШЕКТЕУ КЕЗІНДЕ АЛЫНҒАН ҚОРЛАРДЫ КІРІСКЕ АЛУ ТУРАЛЫ АКТІ толтырылады.
Басқа ұйымдырдан жалға алынған негізгі құралдарға НҚ -7 Жалға алынған (ұзақ мерзімді жалға алынған) негізгі құралдарды ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ толтырылады.
Жыл сайын негізгі құралдарға түгендеу жасалып отырылады. Осы кезде комиссия НҚ -8 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ ТІЗІМІ (олардың орналасқан, пайдаланылатын жері бойынша) құжатын рәсімдейді.
Түгендеу тізімдеменің мәліметі түгендеу аяқталғаннан кейін Түг - 12. 20 ___ жылғы ___ _______________________ арналған Ұзақ мерзімді активтердің объектілерін (негізгі құралдарға; жылжымайтын мүлікке инвестицияларға; сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерге жататын объектілер (бұдан әрі - ұзақ мерзімді активтердің объектілері)) түгендеу нәтижелерінің САЛЫСТЫРМАЛЫ ВЕДОМОСІ ке көшіріп түгендеу нәтижесін анықтайды. Түгендеудің нәтижесіне АКТ толтырылып жауапты тұлғаны түсініктемесі жазылады, содан кейін ұйым басшысы өзінің шешімін жазады.

3. Негізгі құралдарды кіріске алу түрлерінің есебі, ҚҚС есебі.
Негізгі құралдарды кіріске алуы:
ақшаға;
несиеге;
айырбасқа;
сый ақы ретінде басқа субъектілерден;
құрылыс салу жолымен;
қайтарымсыз
қаржыландырылған жал
құрылтайшылардан салым ретінде
Синтетикалық есебі 2400 бөлімшенің 2410 - 2417 шоттарда жүргізіледі, 2420шот негізгі құралдардың амортизация, 2430 - құнсыздануы, 5420 Қайта бағалауға арналған резерв. 6210 активтердің шығуынан түскен кірістер, 7410 активтердің шығыуынан алынатын шығыстар, қаржыландырылған жал сомасы 4150шот, құрылтайшылардан 5110, 2930 аяқталмаған құрылыс,
6220 Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер, 6230 мемлекеттен субсидия,түгендеу барысында артық шыққан 6280.
Ақшаға сатып алу:
Кәсіпорын жабдықтар сатып алды. Ұсынылған шот бойынша жабдықтардың құны 3450000тг., көлік шығындары - 44000тг., құрастыру шығындары 206500тг..- барлығы 3770500тг. Бастапқы құны - 3700500тг. Д 2410 К 3310, 444060тг. Д1420 К3310
Айырбас бойынша біртектес активтер айырбасталғанда, баға айырмашылығына қол ақша берілсе:
Ескі, бұрын пайдалануда болған жабдықтың (берілсе) баланстық құны 109500тг. Д 1210 К-т 2410, ҚҚС - 13140 Дт 1210 Кт 3130. Төленген ақша қаражаты 899517тг. Д 1210 К-т 1010,1030. Жаңа автокөліктің (алынған) құны 912640тг. Д - т 2410К 3310, ҚҚС - Дт 1420 Кт 3310 109517тг.. Д 1210 К 3310 - 912640тг.

Рет

Шаруашылық операция мазмұны
Бастапқы
құжат
Дт
Кт
1
Құрылтылтайшылардан үлес ретінде түскен негізгі құралдар
Хаттама, алып-беру актісі
2410
5110
2
Еншілес кәсіпорыннан жеңіл автокөлік алынды
Келісім шарт, алып-беру актісі
2410(4)
3220
3
Өтеусіз заңды тұлғалардан компьютерлер есепке алынды
Келісім шарт, алып-беру актісі
2410
6230
4
Мемлекттен субсидия ретінде жиһаздар кірістелді
Келісім шарт, шешім, алып-беру актісі
2410
6220
Негізгі құралдар құрылыс салу жолымен де кірістеледі:
р№
Шаруашылық операция мазмұны
Сома, тг.
Дт
Кт
1
Құрылыс алаңына құрылыс материалдар босатылды
847500
2930
1310
2
Құрылысшыларға еңбекақы есептелді
648800
2930
3350
3
Есептелген еңбекақыға әлеуметтік салық есептелді (648800-64880)х 11%=
64231
2930
3150
4
Есептелген еңбекақыға әлеуметтік сақтандыру төлем есептелді (648800-64880)х 5%=
29196
2930
3210
5
Құрылыстың жарты жұмысын мердігерлер жасап шот ұсынды
1123000
2930
3310

ҚҚС 12%
134760
1420
3310
6
Құрылыс салу барысында жалға пайдаланған жал төлемге шот акцептелді
24600
2930
3360

ҚҚС 12%
2952
1420
3360
7
Құрылыс салу барысында пайдаланған негізгі құралдарға тозу есептелді
17400
2930
2420
8
Құрылыс аяқталып актімен тапсырылды
2574727
2410
2930

Егер кәсіпорын ғимарат тұрған жерді алса, онда ғимаратты жою жұмыстарының шығындары жердің құнына кіреді және жердің құнына жерді кіріске алу жөніндегі құжаттық шығындары да кіреді. Ал, егер кәсіпорынның балансында бұрыннан бар болса, ғимаратты жойып орнына жаңа ғимаратт салынатын болса, онда ғимараттың жойылатын шығындары жердің құнына емес ғимараттың жоюлы шығындарын көбейтеді.
Арай ЖШС-к ғимараты бар жер сатып алды - 2 433 600теңгеге. Сатып алу барысында жасалған шығындар - жылжымайтың мүліктің қызметің атақаратың агентке - 46644тг., заңгерге - 31637тг., түрған ғимаратты жою шығындары - 70980тг., жойылған ғимараттан құрылыс материалдар кірістелді - 24944тг. және алаңды тегістеп тазарту шығындары - 14196тг.
Сонда, жердің бастапқы құны болады: 2433600тг.+ 46644тг.+ 31367тг.+ 70980тг. - 24944тг. + 14196тг. =2572113тг.

4. Негізгі құралдардың тозу есебі, амортизация есептеу әдістер есебі
Негізгі құралдар пайдалану процесінде бірте-бірте тозады.Тозу - негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және осымен қоса құныныңда жоюлуы.
Физикалық тозу- ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық - ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептемелер бойынша амортизацияланады.Амортизация- ол тозудың ақшалай түрде көрсетілуі, негізгі құралдың бастапқы құнын бірте-бірте (нормамен) жояды. Тозудың құнын білдіретін көрініс, яғни барлық негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне олардың құнын жүйелі тарату - амортизация. Амортизация кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде шығындарында жазылады (есептелмейді жерге, фильм қорларына, өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға).
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
ХҚЕС, ҰҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 3 әдісі бар: біркелкі (тікелей); өндірістік (өнім бірлігі); азайтылатын қалдық әдісі.
Тозудың бухгалтерлік есебі 2420 шоттың К-де жүргізіледі.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (тозу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына,оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Бұл әдісті пайдалануы тиімді, егер объектінің пайдалануынан түсетін табысты біркелкігіп болжамдағанда.
Мысалы, компьютердің бастапқы құны 140000тг., жою құны 12000тг., сонда амортизациялық құн болады 140000тг. -12000тг. = 128000тг., компьютердің пайдалану мерзімі 4жыл, амортизация нормасы болады: 100% : 4жылға =25% бір жылда, бір айға келеді 25% : 12айға = 2,0833%.
Немесе, жүк автокөлігігің бастапқы құны- 1000 000 теңге, пайдалану мерзімі 5 жыл, жойылу құны 100 000 теңгеге тең болса. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизация нормасы 20%-і құрайды немесе 1000000тг. - 100000тг. : 5жылға = 180 000 теңге болады. Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 15000 теңгеге тең болады (180 000 : 12).
Өндірістік әдіс - шығарылатын өнімнің көлеміне қарай немесе автокөлік болса оның жүрген шақырымына қарай амортизация есептеледі, бұл жерде негізгі құралдың пайдалану мерзімінің қатысы жоқ.:
Жабдықтың бастапқы құны 1357200тг., техникалық паспорты бойынша жабдық 46800сағ (750кгсағ.) жұмыс істеу қабілеті бар, жою құны -9828тг.Есептік жылда жабдық 9490сағат жұмыс істеді, есептік айда 800сағат. Сонда бір сағаттағы нормасы болады 1357200тг. - 9828тг. = 1347372тг. : 46800тг. = 28,79тг. Жабдық амортизациясы болады 28,79тг. х 9490сағ. = 273217тг., есептік айда 28,79тг. х 800сағ.= 23032тг.
Немесе, өткен мысалдың жүк автокөлігі 2700000шақырым жер жүре алады, бір жылда 200000шақырым жер жүрді. Бұл жерде норма амортизацисы болады 1000000тг. -100000тг. = 900000тг. : 2700000км. = 0,33тг., 200000ш. Х 0,33тг. = 66667тг.
Өндірістік әдіс - негізгі құралдардың тозуы, тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт мерзімі ешқашан рөл атқармайды.
Азайтылатын қалдық әдіс - өндірісте пайдаланылатын негізгі құралдар алғашқы жылдарында өндірілетін өнім көлемі күрт өсіреді кейінгі жылдар негізгі құралдың тозуынан жылдам төмендейді (амортизация сомасы объектіні бірінші жыл қолданғанда бірден көбейеді және сонғысында төмендейді, есептеу ережесі бастапқы құннан емес баланстық құннан жасалады.Бұл әдістің екі түрі болады:
а) Кумулятивті әдісі (ХҚЕС және ҰҚЕС қарастырмайды).
ә) жеделдетілген(азайтылатын) қалдық әдісі.
Жеделдетілген қалдық әдісі - екі еселенген нормасымен есептелініп,азайып отырытын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы екіге көбейтіледі, егер амортизация нормасы 20% болса, амортизация есептеледі 40% болып 40% (20% x 2). Бұл белгіленген ставка (40%) қалдық құнға есептеледі. Жою құны соңғы жылда есептен шығарылады.
Мысалы, жабдықтың бастапқы құны 2574000тг. пайдалану мерзімі 5 жыл, жою құны 29600тг.
І - ші жылдың амортизациясы болады 2574000тг. х 40% = 1029600тг.;
2-ші жылда 2574000тг. - 1029600тг. = 1544400тг. х 40% = 617760тг.;
5-ші жылда 555984тг. - 222394тг. = 333590тг.- 29600;
Немесе жұктасмалдайтын автокөліктің бастапқы құны 1000000 х 40% = 400000тг. , екінші жыл 600000тг. х 40% = 240000тг.
Есептелген амортизация есебі бухгалтерлік есеп шоттардың 2420 К - де шотында жазылады - контрарлық, контрактивті, амортизация кәсіпорынның шығыны болғандықтан және шығарылған өнімнің өзіндік құнына есепке алынатындықтан 7210,8110,8410 шоттар Д-ді. Бұрын пайдалануда болған негізгі құрал амортизациямен бірге кіріске алынса Д 2410 К 2420 деген проводка беріледі, ал жиналған амортизация есептен шығарылса Д 2420 К 2410 деген проводка беріледі.
Негізгі құралдарға амортизация есептелуі пайдалану процесте өзгеруі мүмкін.
Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Әшейінгі нормасы (бірінші әдістегі) 20% (100 :5), сонда азайып отыратын қалдық әдісі 2 коэффициентті ескергенде 40% құрайды, қалдық құнға негізі болып саналады. Бастапқы құн 1400 000тг., жою құны 110000тг. Бұл жерде жылдағы амортизациясы болады:
жыл
бастапқы құн
амортизация сомасы
қалдық құны (баланстық)
1
1400 000
1400 000х40% =560000
1400 000-560000 = 840000
2
1400 000
840000 х40% =336000
840000 - 336000 =504000
3
1400 000
504000 х40% =201600
504000 -201000 =302400
4
1400 000
302400 х40% = 120960
302400- 120960 =181440
5
1400 000
181440 х40% = 72576
181440- 72576 =108864

Негізгі құралдардың амортизация есебі контрактивті 2420шоттың К-де жүргізіледі. Амортизация кәсіпорынға шығын болғандықтан аталған шоттың К-де есептелген тозу жинақталады, Д-де 7-8-ші болімдердің шоттарында жазылады (негізгі құралдардың қатысына қарай - әкімшілікке немесе өндіріске ме). Негізгі цех ғимаратына тозу есептелінді: Дт 8415 Кт 2421; Әкімшілік мақсатта пайдаланылған негізгі құралдарға есептелінген амортизация Дт 7210 Кт 2420; Есептелінген амортизация, жүргізілген қайта бағалау сомасына пропорцианалды қайта есептеу: Дт 5420 Кт 2420; Аяқталмаған құрылыс сомасына кіретін негізгі құралдарға есептелінген амортизация сомасы: Дт 2930 Кт 2420; Негізгі құралдар өтеусіз берген кезде жиынтық тозу сомасы есебінен шығарылды: Дт 2420 Кт 2410; Ағымдағы жалға берілген кеңсе ғимаратына тозу есептелінді: Дт 7210 Кт 2420.

5. Негізгі құралдарды жөндеу түрлері, орындау әдістері және есебі.

Пайдалану барысында негізгі құралдар бірте - бірте физикалық жағынан тозады немесе қандай да бөлшектері сынады, қирайды толық өз қызметін атқаралмайтын жағдайға ұшырайды, сондықтан оған жөндеу жасаға мәжбүр болады. Негізгі құралдардға жөндеу жасаудың екі түрі болады: ағымды және күрделі. Осы жөндеулер жасалуында үш әдіс пайдаланылады: шаруашылық (өз күшімен жасалады), мердігерлерлік (сырт қатысушылардың тартылуы) және аралас. Жөндеулер комиссиямен жасалады, алдын-ала жасалған тексеріс пен кәсіби шеберлердің шешімі негізінде. Кез келген жөндеу жасау алдында дефекті ведомость толтырылады, ол мамандармен, басшылармен талданып шешім қабылданады. Күрделі жөндеу негізгі құралдың құнын ұлғайтады және пайдалану мерзімін ұзартады. Күрделі жөндеу - алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың ең маңызды бөлшектерін толығымен ауыстыруды және жаңартуды айтады. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдың сынып қалған ұсақ бөлшектерін жаңартады немесе сынып қалған бұйымдары ауыстырылады, сондықтап мұндай жөндеулер жасалған мерзімнің кезеніңде әкімшілік шығындарға апарылады. Жөндеу жұмыстардың бәрі негізгі құралдардың бастапқы құнын өсірмесе кәсіпорынның шығындарына жатады. Барлық жасалған қозғалыстар құжаттармен дәлелденіп ұйымның басшысының бекітіледі.
Жөндеуді өз күшімен жасаса барлық жасалған шығындар бухгалтерлік есепте 8310,8414 шоттардың Д-де жинақталады. Мердігерлік әдіспен жасаса жасалған шығындарды мердігерлер жасап жұмысты аяқтап ұйымға актімен тапсырады. Ал, аралас әдісте жарты жұмыстарды мердігерлер жасайды, ал қалған жөндеу жұмыстарды кәсіпорын өзі жасайды. Жөндеу жұмыстар үшін кәсіпкерлік ұйымдар алдын-ала резерв қалыптастырады К 3440шотта, Д 7210,8414, осы резерв қолданған кезде 3440Д-ді К 3310, ал егер резерв қалыптастырылмаса Д 7210,8410 К 3310,8310. Шаруашылық тәсілмен жөндеу бойынша қолданылған материалдар есептен шығарылды: Дт 8311 Кт 1310
Негізгі құралдарды шаруашылық әдіспен жөндеген жұмысшыларға еңбекақы есептелінді: Дт 8312 Кт 3350
Негізгі құралдар шаруашылық әдіспен жөндеген жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салық есептелінді: Дт 8313 Кт 3150
Мердігерлік әдіспен өндірістік негізгі құралдарды жөндеген мердігерлердің шот-фактурасы төлемге алынды: Дт 8414 Кт 3310
Дүкеннің күрделі жұмысы бойынша орындалған жұмыс үшін мердігерлердің шоты акцептелді (негізгі құралдардың жөндеуіне резерв құрылмайды): Дт 7110 Кт 3310

6.Негізгі құралдардың шығуын құжатты рәсімдеу және есебі.

Кәспіорындардың өндірістік шаруашылық процесінде негізгі құралдың құрамында мынандай себептермен өзгерістер болады:
негізгі құралдардың қажет емес объектілерін өткізу(сату);
басқа кәсіпорындарға ақысыз тегін беру(сыйлау);
негізгі құралдар объектілерін халық тұтынатын тауарларға немесе басқа тауар-материалдық құндылықтарға айырбастау;
сынуі, моральдық тозғаны, стихиялық апатқа ұшырауы бойынша жою (шығыстан шығару);
кәсіпорын ішінде жекелеген объектілердің жылжуы;
басқа кәсіпорындарға олардың жарғылық капиталына салым түрінде беру;
негізгі құралдар объектілерінің түгендеу кезінде жетіспеуі немесе бұлінуі;
негізгі құралдар объектілерін арзандату.
Негізгі құралдар объектілерін басқа кәсіпорындарға төлем шартымен (аукциондар мен конкурстарда сату)өткізу келісімді бағамен жүзеге асырылады.Сатып алушыға объектіні беру фактысы Негізгі құралдарды қабылдау-беру (жылжыту) актісімен(нысан №НҚ-1) үш данада рәсімделеді: алғашқы екеуі тапсыратын кәсіпорында (онда бірінші данасы есепке қосылады, екіншісі - беру хабарламасына және акцептке тіркеледі),үшінші данасы негізгі құралдар объектілері қабылдаушы адамға беріледі.Актіге объектінің жағдайы,оның бастапқы құны,тозу дәрежесі көрсетіледі.
Сонымен, негізгі құралдар кәсіпорынның есебінен шығарылады:
Жойылғанда (пайдалану мерзімі аяқталғанда);
Сатылғанда;
Ауыстырылғанда;
Өтеусіз берілгенде;
Сынғанда;
Еншілес ұйымға жарғылық капитал ретінде салынғанда;
Қызметкерге еңбекақы ретінде;
Түгендеу барысында кем шыққанда.
Мысалы : Жабдық жойылады, баланстық құны 105000тг. Жиналған тозу сомасы шығарылады 1345000тг., жою әрекеттері үшін еңбек ақы есептелді 38000тг., салықтар есептелді 3762тг.,1710тг., жабдықты жоюдан металлалом кіріске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ аудиттің жүргізілу тәртібі
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
Қорлар есебінің жүйелері
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орны
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖАЙЫНДА
Табыс көлемі кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік - шаруашылық қызметінің нәтижесіне баға беретін маңызды көрсеткіш
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Бухгалтерлік есептегі негізгі куралдар
Пәндер