Қаржылық есептің ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Қаржылық есептің ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері

  1. Ауыл шаруашылық ұйымдар ерекшеліктері, есебінің мақсаттары.
  2. Ауыл шаруашылық өндірісінің жіктелуі. Өсімдіктер өндірісінің есебі.
  3. Мал шаруашылық өндірісінің есебі, қозғалыстардың құжаттық рәсімдеуі.
  4. Ауыл шаруашылық өндірістің салық есебінің ерекшелігі.

Негізгі ұғымдар: мал шаруашылық, егін шаруашылық, негізгі өнім, ілеспе өнім, қосымша өнім, төл, бордақыдағы мал, ересек мал, табын, суару, азықтандыру, биологиялық активтер.

1. Ауыл шаруашылық ұйымдар ерекшеліктері, есебінің мақсаттары.

Ауылшаруашылық өндіріс саласы өз ерекшелігімен айырықталады және азық түлік, өнімдермен (астық, ет, сүт, тері, жүн т. б. ) қамтамасыз ететін басты буыны болып танылады. Ауылшаруашылық өндірісінің басты ерекшеліктері:

  • ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қатаң бақылауда;
  • ауыл шаруашылық өндірісі жермен байланысты;
  • ауыл шаруашылық өндірісінің циклы табиғи климаттық, мауысымдық жағдайларға тәуелді;
  • егін шаруашылығы сусыз мүмкін еместігі;
  • ауыл шаруашылық өндірісі бөлініп- бөлініп орналасуы;
  • ауыл шаруашылық өндірісінде өзіндік сипатты құралдары түрінде тірі организмдер қатысады.

Өндірістің ерекшелігі қаржылық есепті ұйымдастыруды да ерекшелендіреді. Қаржылық есебі ХҚЕС 41 «Ауыл шаруашылық есебі» және №2 ҰҚЕС 33бөлімі «Мамандарылған салалар» стандарттарында қарастырылады, бірақ осы ұйымдардың активтерін есепке алу және жүргізуі сол стандарттармен рәсімделеді, мысалы ағымдық есептегі сатып алынатын тауарлық-материалдық қорлар ХҚЕС № 2 «Қорлар» және №2 ҰҚЕС 12 бөліміне сәйкес, ал синтетикалық есепте - есепке алу бағасы мен көлік-дайындау шығыстарынан қалыптасатын нақтылы өзіндік құн бойынша көрсетіледі, негізгі құралдар есебі ХҚЕС №16 „Негізгі құрал“ және №2 ҰҚЕС 16 „Негізгі құрал“ бөлімі бойынша жүргізіледі.

Ауылшаруашылық ұйымдардың қаржылық есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:

  • қаржылық есепті нормативті-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдастыру;
  • қаржылық есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде ақпарат жинақтау;
  • қаржылық есептің принциптерін қатаң сақтау;
  • мал шаруашылығында мал басын есепке алуды, азықтандыруда, төл алу операцияларда есептік тіркегіштерге мерзімінде тіркеп қорытынын нәтижелеу;
  • егін шаруашылығында өнімді өсіру әрекеттердің қозғалыстарын дұрыстап есеп тіркегіштерге есепке алу, оны өткізу;
  • қаржылық есепті пайдаланушыларға дұрыс және мерзімде беру;
  • ауыл шаруашылық ұйымдардың қызметін дамыту, үздіксіз атқару.

Ауыл шаруашылықта өнім еңбекпен ғана қамтамасыз етілу емес сонымен қоса табиғаттан да өндіріледі және маусымды болатындықтан қаржылық есепті ұйымдастыру ерекшеліктер туындайды. Еңбек құралдары болып тірі организмдер болғандықтан өндірісте экономикалық және биологиялық факторлар қатар жүреді.

Ауыл шаруашылық ұйымдардың өндірістік шығындар есебін есепке алу үшін қаржылық есеп шоттардың 8110, 8310, 8410 шоттар қолданылады, ал өнімінің есепке алу үшін 2510, 2520 шоттар қолданылады.

2. Ауыл шаруашылық ұйымдардың өндірістік жіктелуі.

Ауыл шаруашылық өндірісі мал және егін (өсімдік) шаруашылық түрлерге бөлінеді. Оның ішінде мал шаруашылық ет өнімін дайындаумен немесе сүт өнімін дайындаумен шұғылданады, бірақ осы өнімдермен қоса еріксіз ілеспе, қосымша өнімдер де дайындалады. Егін шаруашылықта алынатын өнімдер негізгі, ілеспелі және қосымша өнімдерге бөлінеді. Оны алу үшін сол дақылды өсіруден алынатын өнім негізгі өнімге жатады, мысалы, астық, картоп, капуста, мақта және т. б.

Ілеспелі өнім - бір дақылдан алынатын, негізгі өнімдердің бірнеше түрлері. Мысалы, себілген екпе шөптен -пішен, балауса азық, тұқым алады.

Қосымша өнім - бұл дақылды өсірудің биологиялық және өндірсітік жағдайлары арқасында негізгі өніммен қатар бірмезгілде алынатын өнім,

мысалы, сабан, топан, мал азығы, дәнді дақылдардың сабағы және т. б. жатады. Негізгі және ілеспелі өнім өсімдік шаруашылығындағы калькуляция-

лау объектісі болып саналады. Бір дақылдан алынатын әртүрлі өнімдер арасындағы шығындарды бөлу үшін шартты коэффициенттер қолданылады.

Өсімдік шығындардың аналитикалық есебі өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндірстің түрлері, дақылдардың, дақылдар топтарының әрбір атауы бойынша жүргізіледі.

Өсімдіктер бойынша шығындар келесі бабтар негізінде жүргізіледі:

  1. Тұқыммен оны өтырғызу материалдар шығыны.
  2. Ебекақы төлеу және оған салықтармен төлемдер шығындары.
  3. Тыңайтқыш (удобрение) шығыны
  4. Өсімдіктерді қорғау құралдары.
  5. Жұмыспен қызмет көрсету шығындары.
  6. Негізгі құралдарды қалпында ұстау шығындары.
  7. Өндірісті ұйымдастырумен басқару шығындары.
  8. Сақтандыру төлемдер бойынша шығындар.
  9. Басқада шығындар.

Аналитикалық есепті дақылдардың келесі топтары бойынша жүргізу ұсынылады:

- дәнді дақылдар: бидай, сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастар-бұршақ, фасоль;

- техникалық дақылдар: зығыр, сол, мақта қыша (горчица), темекі,

- бақша өнімдері: қарбыз, қауын, асқабақ:

- топырақ бетінде өсетін көкеністер: қияр, баклажан, қызанақ (помидор), бұрыш, асқабақ тұқымдас көкөніс (патиссон), кәді (кабачки) ;

жемдік: сүрлемдік жүгері, жемдік тамыр жемістер (корнеплоды), бір жылдық және көп жылдық шөптер;

- жеміс-жидектер: алма ағашы алмұрт, персик (шабдал), өрік ағашы (аюрикос), таққұрай (малина), қарақат (смородина), қарлыған (крыжовник) ;

- көшет жайлар: көшеттер, жас көшеттер;

- орман шаруашылығы және егістікті қорғайтын белдеулер.

Өсімдіктер өнімінің калькуляциясын жасау кезінде негізгі, ілеспелі және қосымша (жанама) өнімдер арасындағы өндіріс шығындарын жоғарыдағы тәсілдердің бірі бойынша жүзеге асырылады:

- шығындардың жалпы сомасынан белгіленген баға бойынша қосымша өнімдердің құнын алып тастау;

-техникалық -экономикалық есептеулер негізінде, ілеспелі өнімнің бір түрі шартты бірлік ретінде қабылданатын, ал өнімдердің қалған түрлері оған теңестірілетін, белгіленген коэффициенттерді қолдану. Осы тәсіл арқылы өнімдердің барлық түрлері шартты өнімге қайта есептеледі, содан соң соған сәйкес шығындардың жылпы сомасын әрбір өнім түріне бөлетін, әрбір өнім түрінің үлес салмағы анықталады;

- есептік немесе сатып алу бағасы бойынша бағалау арқылы шығындардың жалпы сомасын ілеспелі өнім түрлерінің құнына пропорционалды бөлу.

Өсімдіктер өнімдерге қолданылатын коэффициенттер осы өнімдер шығындарының үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.

Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар.

Негізгі өнім -астық (дән) және ілеспелі өнім - сабан дәнді дақылдар өнімдерінің өзіндік құнын есептеп шығару (калькуляциялау) объектісі болып саналады. Дәнді және бұршақ тұқымдас дықылдар топтары бөлігінде келесідей аналитикалық шоттар ашу көзделеді:

- күздік дәнді дақылдар: бидай, арпа, қара бидай;

- жаздық бидай;

- өзге жаздық дәнді дақылдар;

- жаздық бұршақ дақылдары: сиыр жоңышқа, бұршақ, фасоль, жасымық, ірір бұршақ, бір жылдық бұршақ өсімдік.

Мысал, ұйым күзгі дәнді дақылдар жинау кезінде, толық өндегеннен кейін (яғни кептіру мен пайдаланылмаған қалдықтардың салмағын шегеріп тастағаннан кейін) 62300 ц астық, 3140 ц астық қалдықтарын, 35%, яғни 81400 ц сабақ алды (зертханалық анализ мәліметтері бойынша) . Күзгі дәнді дақылдарды өсіру шығындары 3715 теңгені құрады. Астық қалдығы және сабандар түрінде пайдаланылатын, 1 ц астықтың құнын анықтаймыз.

Ол үшін, толық сапалы астықтың саны (көлемі) анықталады. Астық қалдықтарын зертханалық анализден өткізу негізінде анықталған астық қалдықтарындағы толық сапалы астықтың 35%-ке тең пайызы алынған астық қалдықтарының санына көбейтіледі. Астық қалдықтарындағы анықталған толық сапалы астықтың санына, оны өндеу кезінде алынған (35% х 3140:100= 1099; 62300-3140=59160; 1099+ 59160= 60259ц) толық сапалы астықтың саны қосылады. Сонда барлығы 60259 ц толық сапалы астық алынды. Енді, толық сапалы астық сомасы есептеліп шығарылады (калькуляциаланады) . Алынған жалпы толық сапалы астық пен сабан белгіленген шартты өнімгше айналдыру коэффициентеріне көбейтіледі. Содан соң қосу нәтижелері шығарылып, шартты өнімге қайта есептелген (саналған) астық пен сабан алдаы. (60259ц. х 1+81400 х 0, 08= 66771ц) . Шартты өнімнің саны 66771 ц құрайды. 90, 25% астықты, 9, 7 % сабанды құрайтын (60259цх100: 66771ц = 90, 25; 6512х100:66771ц=9, 75%) негізгі және қосымша өнімдердің пайыздық арақантынастары анықталады.

Пайыздық арақатынас негізінде жеке түрде негізгі және қосымша өнімге жататын шығындар сомасы есептелінеді. Астық шығындары -33618125 теңгені, сабан шығыны - 3631875 теңгені құрады (90, 25 % х 3725тг. :100 = 336181125тг. ; 9, 75% x 3725: 100=3631875тг. ) .

Өндіріс бойынша жалпы шығындарды өнімдердің центнерлермен есептелгендегі шығымына бөле отырып, 1 ц толық сапалы астықтың, астық қалдықтарының және сабанның өзіндік құны есептелінеді.

Өсімдіктер өнімін өсіру барысындағы шығындарды есепке алу үшін қаржылық есеп шоттардың 8-ші бөлім шоттары қарастырылған. Мысалы, тұқымды салу үшін қоймадан босатылды (заборлық карта, накладной) Д 8110 К 1310. Өнімді шығару үшін жасалған шығындарды есепке алу:

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жұмысшыларға еңбекақы есептелінді(есептік-төлем ведомост) Д 8112 К 3350;

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жұмысшылардың еңбекақысына әлеуметтік салық есептелінді (арнайы ведомост, карточка) Д 8113 К 3150;

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жұмысшылардың еңбекақысына әлеуметтік сақтандыру төлем есептелінді (арнайы ведомост, карточка) Д 8113 К 3210;

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты пайдаланған негізгі құралдарға тозу есептелінді (инвентарлық карточка, №10 ж\о) Д 8415 К2420;

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жалданған мүлікке жал шығыны есептелінді (шот-фактура, № 6 ж\о) Д 8417 К 3360;

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты пайдаланған су үшін шығыны есепке алынды (шот-фактура, № 6 ж\о) Д 8415 К 3360;

өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты үстеме шығындар шоты жабылды Д 8110 К 8410

өнімнің өзіндік құны анықталды (калькуляциялық карточка) Д 7010 К 8110;

Дайын өнім кіріске алынды (накладной, кіріс ордер) Д 2510 К 8110

3. Мал шаруашылық өндірісінің есебі, құжаттық рәсімдеуі.

Ауыл шаруашылық өнімдері биологиялық активтер ретінде танылады. Биологиялық актив дегеніміз - жануар немесе өсімдік. Биологиялық актив бастапқы таныған сәтте және баланстың әрбір күнгі жағдайы бойынша әділ құнын жеткілікті сенімді деңгейде өлшеуге болмайтын жағдайлардан басқа есеп айырысу өткізу шығыстарын қоспай әділ құны бойынша өлшенеді.

Мал шаруашылығында мал негізгі құрал ретінде және зат, өнім ретінде де есепке алынады. Сондықтан малдар өнім беретін мал, жұмыс малы, өсірілетін мал, бордақыдағы ересек мал түрлеріне ажыратады, олар іріктеумен анықталады. Өнім беретін мал болуы мүмкін ет беретін болып немесе сүт беретін болып. Жұмыс малын ұйым көлік ретінде пайдаланады (тасымалдауға, жер жыртуға) . Өсірілетін жас мал- ол, алынған төл. Бордақыдағы ересек мал - арнайы салмақ қосу үшін жеке қойылған мал. Іріктеліп негізгі табыннан бөлініп алынған малдар құжаттармен рәсімделіп ведомосттарға жазылады.

Сатып алынған малдар сатып алу, жеткізу мен жол бойында малдарды азықтандыруға жұмсалған шығыстар бойынша есепке алынады. Осы қозғалыстарда малдың арам өлуі ысырап болып танылады.

Малдарды бағып-күту шығындары олардың тірілей артық салмақ қосуының нақты өзіндік құны болып саналады.

Мал шаруашылық кәсіпорындарында малшаруашылығы шығындарының есебі 8110“Негізгі өндіріс” шотында, ал қосалқы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының шығындар есебі - 8310 “көмекші өндіріс” және 841 «үстеме шығындар» шоттарында жүргізіледі.

Өндірісте әр қозғалыс өз бағытындағы құжаттармен рәсімделеді, төл кіріске алу Актісімен ресімеделеді. Оны төл алынған күнге төлдейтін малдар бекітіліп жауапты тұлғаның қатысуымен ферма меңгерушісі, зоотехник немесе бригадир толтырады. Кіріске алынған малдарға нөмірлеп белгі соғады.

Жеткізушілерден малдар сатып алу кезінде жеткізуші шот-фактура жазып береді, ол мал шаруашылық ұйымдарда жүктердің түсуін есепке алу журналында жазылады және накладной арқылы фермаға беріледі. Кіріске алу кезде «1 БА -қабылдап алу-беру актісі» толтырылады. Есепке алынған биологиялық активтерге № 4 «Есепке алу карточкасы» малдар, өсімдіктер бойынша жекелеп ашылады және № 5 «Есепке алу жөніндегі түгендеу карточканың тізімдемесі» жүргізіледі. Ферма меңгерушісі зоотехник және мал дәрігерімен бірге малдарды қабылдайды. Қабылданған малдар шот-фактура негізінде мал басының қозғалысы есеп кітабына жазылады, ал малдар малшының жауапкершілігіне беріледі Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыруы малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру Актісімен ресімделеді. Ол актіні малдарды ауыстыру күні малдарды өткізетін және қабылдап алатын жауапты тұлғалардың қатысуымен ферма меңгерушісі, бухгалтер және зоотехник жасайды. Егер малдарды басқа топқа ауыстыру кезінде материалға жауапты тұлға өзгермейтін болса, ол акті сол жағдайда ғана жасалады. Осы акті негізінде ферма меңгерушісі малдардың ауыстырылуын мал басының қозғалысы есеп Кітабына жазады. Жарамсыз малдарды іріктеу негізгі табыннан жарамсыз малдарды іріктеп алуға арналған Актімен және малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру Актісімен ресімделеді.

Союға жататын малға, құсттарға шығарылу Актісі жазылып беріледі.

Малдың, төлдің, бордақыдағы малдың өлуі, сондай-ақ негізгі құралдар құрамында саналатын малдарды лажсыз сою, аурудан өлуі, кездейсоқ апаттар немесе қарамаудан өлуі жағдайларда комиссия құрылып актімен рәсімделеді. Ішкі қозғалыстың биологиялық активтеріне жауапты тұлғалар арасында № 2 «Ішкі қозғалысы өткізуге берілетін жүкқұжаты» жазылады.

Биологиялық активтерге түгендеу жасалғанда комиссиямен Түг 2 «Түгендеу тізімдемесі» және түг 13 биологиялық активтерді салыстырмалы тізімдемесі толтырылады.

Жыл ішінде түскен малдар мен құстар келесідей бағалаулар бойынша кіріске алынады:

Төл: сүттік табындағы бұзау - 1, 5 центнер сүттің жоспарлы өзіндік құнына теңестірілетін 1 бас төлдің жоспарлы өзіндік құны бойынша; еттік табындағы бұзау - тірі бұзау массасына көбейтілген 1 кг. тірі массаның жоспарлы өзіндік құны бойынша; бота - түйелерді 120 азық-күнде ұстауды бағалау бойынша; аңдар мен қояндардың төлдеуі - әрқайсысының жоспарлы өзіндік құнының 50% мөлшерінде;

Сатып алынған малдар мен құстар - малдарды жолда азықтандыру мен жеткізу шығындарын қоса отырып, сатып алу құны бойынша;

өтеусіз алынған - өткізіп беру құжаттарына сәйкес бағалау бойынша;

өнімді малдардың негізгі табынынан нашарларын іріктеп алған соң бордақыға қойылған малдардың - есепке алу құны бойынша;

жұмыс күші және асыл тұқымды малдар - сатудан және жарамсыздыққа шығарудан (выбраковки) нақты түскен түсім сомалары бойынша;

өлген малдар - жыл басынан өлген кезге дейінгі кезең ішіндегі олардың массасына өнімнің жоспарлы бағасын қосумен есепті жыл басындағы құн бойынша.

Жыл соңында, мал басының тірі салмағы өсімінің нақты өзіндік құнын, жыл ішінде кіріске алған төлдің жоспарлы өзіндік құнын және шығарылып тасталған (кеткен) (өлгеннен басқа) төлдің салмақ өсімі мен құны анықталғаннан соң түзетулер енгізіліп және нақты өзіндік құны шығарылады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында мал басынан өзге тауарлық-материалдық қорлар құрамына: тұқымдар мен отырғызатын материалдар, азық, малдар мен өсімдіктерді қорғау құралдары (тыңайтқыш, улы химикаттар, гербицидтер және т. б. ) кіреді. Есептен шығару барысында № 3 «Есептен шығару актісі» жазылады.

Биологиялық активтер шоттар 2510, 2520 активті, негізгі, инвентарлық шоттар болып саналады; олардың дебеті бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы, есепті кезең ішінде түскен малдардың тірілей салмағының нақты өзіндік құны көрсетіледі, кредит бойынша - шығарылып тасталған (кеткен) малдардың нақты өзіндік құны көрсетіледі.

Мал шаруашылықтың шығындар есебі 8110 шотта жүргізіледі. Ірі қара малдың сауын табыннан алынған сүт есебі 1320 Д-не жазылады К 8110. Төл есебі 1340 есепке алынып 2523 шотқа ауыстырылып жүргізіледі. Жұмыс мал есебі 2522 шотта жүргізіледі, өнім беретін малдың есебі 2521 шотта жүргізіледі, бордағыдағы, жемдеудегі малдың 2524 шотта есептеледі.

Операциялардың мазмұны
Құжат
Шот кор-сы
Дебет
Кредит
№: 1
Операциялардың мазмұны: 2
Құжат: 3
Шот кор-сы: 4
5
№: 1.
Операциялардың мазмұны: Өз шаруашылығында алынған төлдің құны кіріске алынады
Құжат: Малдардың төлін кіріске алу актісі
Шот кор-сы: 1340

8110,

8210

№: 2.
Операциялардың мазмұны: Негізгі табын­нан іріктеліп алынған мал бордақыға қойылды
Құжат: Негізгі та­бын­нан малдарды ірік­теп алу актісі
Шот кор-сы: 8110
2524
№: 3.
Операциялардың мазмұны: сатып алынған малдар :
Құжат:
Шот кор-сы:
№:
Операциялардың мазмұны: Жеткізушілерден сатып алу құнына
Құжат: Шот-фактура, кіріске алу актісі
Шот кор-сы: 2520
3310
№:
Операциялардың мазмұны: малдарды жеткізіп беру шығындары сомасына:
Құжат:
Шот кор-сы:
№:
Операциялардың мазмұны: сырттағы көлікке
Құжат: ТТН есеп айырысу
Шот кор-сы: 2520
3310
№:
Операциялардың мазмұны: Өз көлік шаруашылығына
Құжат: 2520
Шот кор-сы: 8210
№:
Операциялардың мазмұны: жолда малдарды азықтандыруға жұмсаған жем-шөп құнына
Құжат: Жем-шөп шығындары ведомосы
Шот кор-сы: 2520
1310
№:
Операциялардың мазмұны: есеп беретін со­ма­дан төленген мал­дар­ды азық­тан­ды­ра­тын шығындарға
Құжат: Аванстық есеп
Шот кор-сы: 2520
1250
№: 4.
Операциялардың мазмұны: Алынған малдар кіріске алынады:
Құжат:
Шот кор-сы:
№:
Операциялардың мазмұны: өтеусіз тәртіпте жеке және заңды тұлғалардан алынған
Құжат: Шот-фактура, кіріске алу актісі
Шот кор-сы: 2520, 1340
6220
№:
Операциялардың мазмұны: субсидия тәртібінде атқарушы билік органдарынан алынған
Құжат: 1340, 2520
Шот кор-сы: 6230
№: 7.
Операциялардың мазмұны: Сатып алу және жеткізу құны төленген малдар кіріске алынады
Құжат: Шот-фактура, кіріске алу актісі
Шот кор-сы:
№:
Операциялардың мазмұны: кассадан;
Құжат: 1340, 2520
Шот кор-сы: 1010
№:
Операциялардың мазмұны: есеп айырысу шотынан
Құжат: 1340, 2520
Шот кор-сы: 1030
3.
өткізілген мал құны есептен шығарылады
3.:
өткізілген мал құны есептен шығарылады: Сатыпалушыға өткізу құнына
: Шот-фактура
: 1210
: 6010
3.:
өткізілген мал құны есептен шығарылады: қосымша құн салығы сомасына
:
: 1210
: 3130
3.: 4.
өткізілген мал құны есептен шығарылады: Еңбек ақы есебіне өз жұмыскерлеріне өт­кі­зіл­ген мал:
:
:
:
3.:
өткізілген мал құны есептен шығарылады: өткізу құнына
: Есеп айырысу ведомосы
: 3350
: 6010
3.: 5
өткізілген мал құны есептен шығарылады: Өткізілген малдардың нақты құны есептен шығарылады
:
: 7010
:

1340,

2520

3. Ауыл шаруашылық өндірісне салық салу есебінің ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылық ұйымдар үшін мемлекет тарапынан берілген арнай салық режимы - ол, жер салығын төлеуге негізделген. (62 тарау 439бап) . Жер салықтың объектісі болып жер учаскенің бағаланған құны болады. Салық төлеу кезеңі күнтізбелік жыл болып танылады.

Ауыл шаруашылық ұйымдар жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей салықтық органға салықтық есептемені тапсырады, бұл салық бойынша бюджетпен есептесудің келісімі болып саналады. Ол үшін ұйым нотариатпен куәләндырылған жер учаскесін растайтын мемлекеттік ұйымдардың құжаттарының көшірмесін, жер учаскенің бағаланған актісінің көшірмесін тапсырады. Салықтық органмен ауыл шаруашылық ұйымдар жеке табыс салық және қосылған құн салығы (айналым бар болатын болса), автокөлік (бар болса, 364б. ), мүлік салығы ( бар болса, 394б. ) бойынша есеп айырысады. Жер бойынша егістік жерге ставкалар қолданылады:

Рет
Жер учаскелерінің көлемі (гектар)
Салық ставкасы
Рет№: 1
Жер учаскелерінің көлемі (гектар): 2
Салық ставкасы: 3
Рет№: 1.
Жер учаскелерінің көлемі (гектар): 500-ге дейін
Салық ставкасы: 0, 1%
Рет№: 2.
Жер учаскелерінің көлемі (гектар): 501-ден 1000-ға дейін
Салық ставкасы: 500 гектардан бағалау құнының 0, 1% + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0, 2%
Рет№: 3.
Жер учаскелерінің көлемі (гектар): 1000-нан 1500-ге дейін
Салық ставкасы: 1000 гектардан бағалау құнының 0, 2% + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0, 3%
Рет№: 4.
Жер учаскелерінің көлемі (гектар): 1501-ден 3000-ға дейін
Салық ставкасы: 1500 гектардан бағалау құнының 0, 3% + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0, 4%
Рет№: 5.
Жер учаскелерінің көлемі (гектар): 3000-нан жоғары
Салық ставкасы: 3000 гектардан бағалау құнының 0, 4% + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0, 5%

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын ауыл шаруашылық ұйымдар бiрыңғай жер салығын есептеуге жер учаскелерінің бағаланған құнынан 0, 1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік салық салық кодексінің тәртібімен есептеледі. Бірақ, салық кезеңі 1қантардан 1 қазаңға дейін есептелген болса төлем кезеңі 10 қарашадан кешіктірлмеу керек. Егер салық кезеңі 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген болса 10 сәуірден кешіктірілмеу керек. Декларация тапсыру мерзімі 31 наурыз, табыс салық есептеп төлеуге ставка 10%.

Бақылау сұрақтар:

  1. «Негізгі шаруашылық бойынша малды семірту пунктіндегі пайдаланылған жем-шөп есептен шығарылды» операцияға бухгалтерлік жазба.

2 Төл беретін ересек малдың есебі шотта жүргізіледі.

3. «Бағып -күтіп, өсіру үшін жас мал сатып алынды» операцияға бухгалтерлік жазба.

4. «Еншілес кәсіпорыннан сатып алынған төл беретін ересек мал кіріске алынды» операцияға бухгалтерлік жазба.

5. «Есептік кезең ішінде ірі қара малдың сауын табынынан сүт кіріске алынды» операцияға бухгалтерлік жазба.

6. Алдағы сату, жемдеу және сою үшін негізгі табыннан малдарды есептен шығару құжатпен рәсімделеді.

7. Жас малдың арам өлуі, еріксіз сойлуы - аталады.

8. Ауыл шаруашылығы өндірістің басты құралы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы
Мал шаруашылығының дайын өнімі
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық іскерлігін жетілдіру жолдары
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Нарық талабына орай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуының ғылыми негіздері
CAPITAL PROJECTS LTD ЖШС - ның менеджмент жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz