Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары


МАЗМҰНЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАҚСАРТУ
ЖӘНЕ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
КІРІСПЕ
Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы және осымен байланысты түрлі меншік негізінде көп қырлы қалыптасу процесі, нарықтық инфрақұрылымның және оның шаруашылық механизмінің қалыптасуы және дамуы кәсіпорындардың экономикалық, ақпараттық және құқықтық ортасын түпкілікті өзгертіп жіберді. Бұл өзгерістер кәсіпорындардың қызметінің барлық жақтарына әсерін тигізді.
Кәсіпорындар шаруашылықты жүргізуде және басқаруда дербестілік, ресурстармен және еңбек нәтижелерімен пайдалану құқығына ие болды және өздерінің шешімдері мен әрекеттері үшін толық экономикалық жауапкершілік тартады. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың игілік жағдайы және коммерциялық табысы толығымен оның қызметінің тиімділігіне байланысты болады.
Нарықтық қатынастар және бәсекелестік орта кәсіпорындардан ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану, шаруашылықтың тиімді формаларын жүргізу және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру арқылы өндірістің тиімділігін, өнімнің және қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруды қажет етеді.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рольді кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау атқарады. Оның көмегімен кәсіпорынның даму стратегиясы мен тактикасы қалыптасады, жоспарлар мен басқарушылық шешімдер негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүргізіледі, өндірістің тиімділігін арттырудың резервтері анықталады, кәсіпорын қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері, оның құрылымдық бөлімшелерінің және жұмысшыларының тиімділігі бағаланады. Білікті экономист, қаржыгер, бухгалтер, аудитор нарықтық қатынастар жағдайында тек экономикалық дамудың заңдылықтарын және тенденцияларын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзінің кәсіпорнында спецификалық және жеке экономикалық заңдылықтардың пайда болуын көре білуі, өндірістің тиімділігін арттыру тенденциялары мен мүмкіндіктерін көре білуі тиіс. Ол экономикалық зерттеуді қазіргі заманғы әдістерін, жүйелік, кешенді экономикалық талдаудың әдістемелерін, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін тура, уақытылы, жан-жақты талдау шеберлігін игеруі қажет.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің түпкі нәтижесі табыс болып табылады.
Табыс - нарықтық қатынастардың маңызды категориясы, ол негізгі үш функцияны атқарады:
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш;
табысты бөлу және пайдалану барысында көрініс табатын ынталандыру функциясы;
кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі.
Табыс - айналым қаражаттарының өсуін қаржыландырудың, өндірісті жаңартудың және кеңейтудің, кәсіпорынның әлеуметтік дамуының негізгі көзі, сонымен қатар түрлі деңгейдегі бюджеттердің табыс бөлігін қалыптастырудың маңызды көзі болып табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс алу, бизнестің қатысушыларының кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелеріне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған байланысты табысты барынша арттыру кәсіпорынның ең бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Өндірістік қызмет барысында табыстың мөлшеріне субъективті сипаттағы факторлар және объектінің шаруашылық қызметіне тәуелді емес объективті факторлар әсер етеді.
Субъективті факторлар: кәсіпкерлік қызметті басқарудың ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі, өндірілетін өнімнің бәсекелстік қабілеті, еңбек өнімділігінің деңгейі, өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар, дайын өнімнің бағасы.
Объективті факторлар: тұтынылатын материалдардың және энергетикалық ресурстардың бағаларының деңгейі, амортизациялық аударымдардың нормасы, нарықтық конъюнктура.
Бұл дипломдық жұмыста біз кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін және табысты пайдалануды мүмкін болғанша толық әрі жан-жақты қарастыруға тырысамыз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып аталған тақырыптың өте қызықты да өзекті екенін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау арқылы табысты және рентабельділікті арттырудың резервтерін анықтау және қаржылық-шаруашылық қызметті, яғни қаржылық нәтижелерді жақсартуға бағытталған шараларды ұсыну болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей сұрақтарға жауап беру қажет:
- кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдаудың теориялық аспектілерін, ал дәлірек айтар болсақ талдаудың міндеттерін, тәртібін және әдістемесін сипаттау;
- сипатталған талдау әдістемесін практика жүзінде көрсету, яғни «RG Brands» Акционерлік қоғамының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері негізінде талдау жұмыстарын жүргізу;
- жүргізілген талдаудың нәтижелеріне сүйене отырып табысты және рентабельділікті арттырудың, өндірістік шығындарды қысқартудың қолда бар резервтерін анықтау, анықталған резервтерді қолдануға бағытталған шаралардың кешенін ұсыну.
Аталған міндеттердің кезегі дипломдық жұмыстың құрылымына толықтай жауап береді.
Аталған жұмысты орындау үшін отандық және шет елдік авторлардың еңбектері қолданылады.
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАБЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1. Қаржылық нәтижелерді талдаудың мазмұны және міндеттері
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық нәтижелерін талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне көптеген факторлар әсер етеді, оларды келесідей түрлерге бөліп көрсетуге болады:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактика-сының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны орналастыру құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады. /1/
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидендтерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. /2/
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері оның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық мүдделері қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижелерін объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеу мен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдыц көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлем қабілеті төмендейді. Кері байланыс та болады, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін. /3/
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады. /4/
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлем қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері алынған табыстың сомасымен және рентабельділік деңгейімен анықталады. Кәсіпорындар табысты негізінен өндірілген тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды өткізуден, сонымен қатар басқа да қызмет түрлерінен алады (негізгі құралдарды арендаға беру, қаржы нарықтарындағы және валюта биржаларындағы коммерциялық қызмет және т. б. ) .
Өнімді өткізу көлемі мен табыстың мөлшері, рентабельділік деңгейі кәсіпорынның өндірістік, жабдықтауыш, маркетингтік және қаржылық қызметтеріне тәуелді болады, басқаша айтсақ, бұл көрсеткіштер шаруашылықтың барлық жақтарын сипаттайды.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау міндетті элементтер ретінде мыналарды қамтиды: біріншіден, табыстың әрбір көрсеткіші бойынша талдау кезеңіндегі өзгерістерді бағалау (яғни «көлденең талдау») ; екіншіден, табыс көрсеткіштерінің құрылымын және оның құрылымындағы өзгерістерді бағалау (көрсеткіштерді «тікелей» талдау) ; үшіншіден, бірнеше кезеңдер бойынша табыс көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын зерттеу (яғни, көрсеткіштерді «трендтік талдау») ; төртіншіден, табыс көрсеткіштерінің өзгерістерінің факторларын және себептерін анықтау және оларды сандық және сапалық тұрғыдан бағалау. /5/
Қаржылық нәтижелерді талдаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- табыстылықтың деңгейін және оның көрсеткіштерінің динамикасын бағалау;
- өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден түскен табысты факторлық талдау;
- негізгі емес қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау;
- таза табысты пайдалануды талдау және бағалау;
- өндірістік шығындардың, өндіріс көлемінің және табыстың өзара байланысын талдау;
- өнімді өткізу бойынша жоспардың орындалуын және жоспарлы табысқа қол жеткізуді жүйелі түрде бақылау;
- қаржылық нәтижелерге объективті және субъективті факторлардың әсерін анықтау;
- табыстың сомасын және рентабельділікті арттырудың резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның табысты және рентабельділікті арттыру мүмкіндіктерін қолдану бойынша жұмыстарын бағалау;
- анықталған нәтижелерді қолдану бойынша шараларды дайындау. /6/
Шаруашылық субъектісінің қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды. /7/
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі мүмкін.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар - активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді. /8/
1. 2. Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары
Табыс нарықтық экономиканың аса маңызды категорияларының бірі болып табылады. Табысты ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Мысалға, К. Маркс табысты қосылған құнның модификацияланған, көрінбейтін мәні ретінде қарастырады. «Капитал» еңбегінің авторы қосылған құнның көзі ретінде қолданылған, бірақ төленбеген жалдамалы жұмысшылардың еңбек күшін қарастырады. Қазіргі таңдағы экономикалық тұжырымдар табысты, яғни еңбекті, жерді және капиталды қолданудан түскен табыс ретінде қарастырады.
Табысты қолданылған және төленбеген жалдамалы еңбек күшінің нәтижесі деген көзқарастан бас тарта отырып, оған мынадай анықтамалар беруге болады. Біріншіден, табыс - бұл экономикалық жаңалықтар үшін, фирманы басқара білу дарыны үшін төлем. Екіншіден - кәсіпкерлік қызмет үшін төлем болып табылады. Үшіншіден - тәуекел үшін, кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерінің анықталмағандығы үшін төлем болып табылады. Тәуекел қандай-да бір басқарушылық, ғылыми-техникалық немесе әлеуметтік шешімдерді таңдаумен, табиғи-климаттық жағдайлардың қандай да бір нұсқаларымен байланысты болуы мүмкін. Тәуекел адам көріп білмейтін оқиғалармен - табиғи апаттармен, ұлтаралық және мемлекетаралық қақтығыстармен және басқалармен байланысты болуы мүмкін.
Микроэкономикада табыс өндірілген өнімді өткізуден түскен қаражаттар мен жалпы шығындардың айырмасы, табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. /9/
Табыс қолайлы, бухгалтерлік, экономикалық (таза) болуы мүмкін. Қолайлы табыс (нольдік экономикалық табыс) - кәсіпкерлік қабілетті қолданудың альтернативті құны болып табылады. Фирма тек қана қолайлы табыс алған жағдайда, оның барлық кірістері кәсіпорынның барлық шығындарын жабуға ғана жұмсалатын болады. Бухгалтерлік табыс кәсіпорынның сыртқы шығындарын шегеріп тастағандағы табысы болып табылады. Экономикалық табыс - бұл барлық шығындарды шегеріп тастағанда қалатын таза табыс болып табылады.
Маңызды категория және кез-келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты бола отырып, табыс материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты көрсетеді және бірқатар функцияларды орындайды.
Біріншіден, табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған экономикалық әсерді сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде табыс табу кәсіпорынның барлық кірістері оның қызметімен байланысты барлық шығындардан жоғары болады дегенді білдіреді.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функцияны атқарады. Бұл табыстың тек қаржылық нәтиже ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементі болып табылатынымен байланысты. Сол себепті кәсіпорын әрқашан да барынша жоғары табыс алуға ынталанады, өйткені ол өндірістік қызметті кеңейтудің, кәсіпорынның ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылады.
Үшіншіден, табыс түрлі деңгейдегі бюджеттердің кірістерін қалыптастырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорында табыс өндірілген өнімді өткізудің нәтижесінде қалыптасады. Оның мөлшері өндірілген өнімді сатудан түскен табыс пен оны өндіруге және өткізуге кеткен барлық шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Алынатын табыстың жалпы массасы, біріншіден, сталым көлемінен және өнімнің бағаларының деңгейінен, екіншіден - өндірістік шығындардың қоғамдық қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуінен тәуелді болып келеді. /10/
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді: «Табыстар - бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады». /8/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz