Еңбектің және оның төлемақысының есебі



1. ҚР.сының еңбек кодексінің мазмұны.
Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары
2. Төлемақы нысандарымен түрлері. Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі.
3.Еңбек және оның төлемақысын құжаттау. Кесімді және мерзімді төлемақыларын құжатау
4.Есептік . төлем ведомосін құру. Төлемақы төлеу тәртібі. Депонерленген сомалар есебі.
5.Кезекті демалыс күндердің ақысын есептеу және резервтелетін сомалар есебі.
6.Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндердің ақысын есептеу есебі.
7.Жинақтаушы зейнетақы қорларыны аударымдар есебі. ЖТС есептеу тәртібі.
8.Еңбекақыдан ұстау түрлері мен оны жүзеге асыру тәртібі. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу есебі
9.Еңбекақыға әлеуметтік салық және аударымдар есебі.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік ұйымдарында еңбек және еңбекақы жүйесінің қызметі № 414-V ЗРК 2015ж.25.11 ҚР –сының Еңбек кодексіне сай рәсімделеді. Жұмысқа қабылдану, жұмыстан босатылуы тиісті құжаттармен жүзеге асырылады. Мысалы, қабылдануда қызметкер немесе жұмысшы отініш түсіргеннен кейін екі дана келісім шарт жасалады, оған қосымша жеке төл құжаттар жинақталады. Бұйырық шыққанан кейін Еңбек кітапшасы ашылады. Еңбекақы есептеу барысында қызметкердің немесе жұмысшының категориялары, жұмыс істеген жылдары, біліктілігін білдіретін дипломдары немесе басқа құжаттары ескеріледі. Еңбекақы есептеу тәртібі Салық кодексінің талаптарымен реттеледі.
Еңбек және еңбекақы деректері (факты,данные) өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. Еңбек және еңбекақы төлем жүйесі ҚР –сында Еңбек кодексімен (№ 414 -V ЗРК 2015ж.25.11), ҚР-сының Конститутциясымен және басқада заңнамалы актілер немесе құжаттармен реттеледі. ҚР-сының Еңбек кодексі азаматтардың ҚР-сындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді, екі бөлімнен (жалпы және ерекше), оның ішінде бес бөлімше 204 баптан құрылған.
Еңбек кодексінің қалыптасуы принциптерге негізделген:
- Бостандық еңбек.
- Жасы жетпеген балалар еңбегіне, зорлық немесе мәжбүрлі еңбекке және еңбекке қатысты кесітушілікке - тыйым салу.
- Еңбек қауыпсіздігіне талаптарға сай жағдайды туғызуды қамтамасыз ету.
- Істеген жұмысқа төленетін ақыны ең төмен мөлшерден кемітпеу.
Аталған кодекстің ерекше бөлімінің 2-ші бөлімішесінің 4-ші бөлігіндегі 24-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатысы сәйкес бекітілген келісімшартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес (самостоятельный) болғанмен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Еңбекақыны жұмысберуші өзі белгілегенбен Еңбек кодексіне сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек ( кодекстің 124 бабы). Қызметкердің құқықтары мен міндеттері 23 бабта, жұмыс берушінің құқықтары Еңбек кодекстің 23 бабында қарастырылған.
Еңбек және еңбекақы есебі – бұл жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірісте еңбек және еңбекақы бойынша шығындар, жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы қарымқатынас т.б. күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жатады:
- еңбек ақы қорын және жұмыс уақытының пайдалануында жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақының сомасын белгілеу;
-кәсіпорын басшысының әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу (ең төмен мөлшерден кемітпеу);
- белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу.
Еңбекақы төлеу мерзімі жеке, ұжымды және кешенді шарттарда қарастырылады.
Кәсіпорында еңбек және еңбекақы төлем жүйесі тізімдік құрам бойынша ұйымдастырылады. Тізімдік құрам кәсіпорындағы қызметкермен жұмысшылардың тізімі.
Тізімдік құрамға кәсіпорындағы барлық тұрақты жұмысшылар тізімі есептеледі : штат кестесі бойынша тұрақты, маусымды және уақытша бес күннен артық жұмыс істеушілер құрамы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Еңбектің және оның төлемақысының есебі

1. ҚР-сының еңбек кодексінің мазмұны.
Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары
2. Төлемақы нысандарымен түрлері. Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс
уақытының есебі.
3.Еңбек және оның төлемақысын құжаттау. Кесімді және мерзімді төлемақыларын
құжатау
4.Есептік – төлем ведомосін құру. Төлемақы төлеу тәртібі. Депонерленген
сомалар есебі.
5.Кезекті демалыс күндердің ақысын есептеу және резервтелетін сомалар
есебі.
6.Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндердің ақысын есептеу есебі.
7.Жинақтаушы зейнетақы қорларыны аударымдар есебі. ЖТС есептеу тәртібі.
8.Еңбекақыдан ұстау түрлері мен оны жүзеге асыру тәртібі. Еңбекақы бойынша
қызметкерлермен есептесу есебі
9.Еңбекақыға әлеуметтік салық және аударымдар есебі.

Негізгі ұғым: еңбек, еңбек кодексі, жұмысшы, жұмысберуші, қызметкер,
лауазымды тұлға, бұйырық, жұмыс уақыты, еңбекақы, ең төмен еңбекақы,
тарифтік ставка, есептіу мерзім, орташа еңбңекақы, орташа айлық- бір
күндік ақы, күнтізбелік күн, есептік-төлем ведомос, депоненттелген ақы,
АЕК, уқытша жұмысқа жарәмсыздық күндер –ақылар, кезекті демалыс күндер ,
еңбекақыдан ұсталымдар, еңбекақыға есептелетін салықтармен төлемдер.

1. ҚР-сының еңбек кодексінің мазмұны. Ұйымдардағы еңбек және төлемақы
есебінің мақсаттары.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік ұйымдарында еңбек және еңбекақы
жүйесінің қызметі № 414-V ЗРК 2015ж.25.11 ҚР –сының Еңбек кодексіне сай
рәсімделеді. Жұмысқа қабылдану, жұмыстан босатылуы тиісті құжаттармен
жүзеге асырылады. Мысалы, қабылдануда қызметкер немесе жұмысшы отініш
түсіргеннен кейін екі дана келісім шарт жасалады, оған қосымша жеке төл
құжаттар жинақталады. Бұйырық шыққанан кейін Еңбек кітапшасы ашылады.
Еңбекақы есептеу барысында қызметкердің немесе жұмысшының категориялары,
жұмыс істеген жылдары, біліктілігін білдіретін дипломдары немесе басқа
құжаттары ескеріледі. Еңбекақы есептеу тәртібі Салық кодексінің
талаптарымен реттеледі.
Еңбек және еңбекақы деректері (факты,данные) өндірістік процесті оперативті
басқару үшін қажет. Еңбек және еңбекақы төлем жүйесі ҚР –сында Еңбек
кодексімен (№ 414 -V ЗРК 2015ж.25.11), ҚР-сының Конститутциясымен және
басқада заңнамалы актілер немесе құжаттармен реттеледі. ҚР-сының Еңбек
кодексі азаматтардың ҚР-сындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын
іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді, екі бөлімнен
(жалпы және ерекше), оның ішінде бес бөлімше 204 баптан құрылған.
Еңбек кодексінің қалыптасуы принциптерге негізделген:
- Бостандық еңбек.
- Жасы жетпеген балалар еңбегіне, зорлық немесе мәжбүрлі еңбекке және
еңбекке қатысты кесітушілікке - тыйым салу.
- Еңбек қауыпсіздігіне талаптарға сай жағдайды туғызуды қамтамасыз ету.
- Істеген жұмысқа төленетін ақыны ең төмен мөлшерден кемітпеу.
Аталған кодекстің ерекше бөлімінің 2-ші бөлімішесінің 4-ші бөлігіндегі 24-
бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатысы сәйкес
бекітілген келісімшартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес (самостоятельный) болғанмен заңға сәйкес штат кестесі,
формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Еңбекақыны жұмысберуші өзі белгілегенбен Еңбек кодексіне сәйкес ең аз
шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек ( кодекстің 124 бабы).
Қызметкердің құқықтары мен міндеттері 23 бабта, жұмыс берушінің құқықтары
Еңбек кодекстің 23 бабында қарастырылған.

Еңбек және еңбекақы есебі – бұл жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс
уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірісте еңбек және еңбекақы
бойынша шығындар, жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы қарымқатынас
т.б. күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жатады:
- еңбек ақы қорын және жұмыс уақытының пайдалануында жұмыс мөлшерінің
орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан
жалақының сомасын белгілеу;
-кәсіпорын басшысының әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс
есептеу (ең төмен мөлшерден кемітпеу);
- белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығындарды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу.
Еңбекақы төлеу мерзімі жеке, ұжымды және кешенді шарттарда қарастырылады.
Кәсіпорында еңбек және еңбекақы төлем жүйесі тізімдік құрам бойынша
ұйымдастырылады. Тізімдік құрам кәсіпорындағы қызметкермен жұмысшылардың
тізімі.
Тізімдік құрамға кәсіпорындағы барлық тұрақты жұмысшылар тізімі есептеледі
: штат кестесі бойынша тұрақты, маусымды және уақытша бес күннен артық
жұмыс істеушілер құрамы.
Тізімдік емес құрамға кәсіпкерлік ұйымда келісім шарт бойынша тек белгілі
жұмыс түрін істеп беруге жалданған жұмысшылар тізімі жатады.
Кәсіпорындардың кәсіби шаруашылығына қарай жұмысшылар да екі категорияға
бөлінеді: өндірістік шаруашылыққа қатысты және өндірістік емес жұмысшылар
болып. Бірінші катергорияға негізгі өндірістегі жұмысшылар жатады, екіншіге
басқа салалардың жұмысшылары (комуналды шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, оқу,
автокөлік, денсаулық т.б.)
Жұмыс істеу түріне қарай кәсіпорында қызметкерлер және жұмысшылар болып
бөлінеді. Жұмысшылар – материалды берекені (благо)құрумен шұғылданатын
тұлғалар. Ал, қызметкерлер :
Басшылар – бастық және басқарушылар (управляющие);
Бас мамандар – бас бухгалтер, бастықтың орынбасарлары, бөлім
бастықтары;
Мамандар – салалар бойынша жұмыс орындаушылар.
Жұмысшының еңбегі кәсіпорында еңбекақымен бағаланады және ол оның
материалдық берекесін қамтамасыз етеді. Еңбекақы ол- жұмыс істеген үшін
алынатын ақы, әр жұмысшыға жұмыс беруші міндетті істеген жұмысына еңбекақы
төлеуге. Еңбекқыны жұмысберуші өзі белгілейді, мамандылықтық тарифтік
ставка немесе лауазымдық ақы бойынша. Еңбек кодексінің 120-бабына сәйкес
жұмыс беруші жеке еңбек келсім шарт, ұжымдық келісім шарт бойынша еңбекақы
төлейді. Еңбекақы төлем жүйесі бастапқы құжат – жұмыс істеген мерзімі,
істелген жұмыстың көлемі көрсетілетін табель немесе наряд, бағдарлық парақ
сияқты құжаттармен рәсімделеді
Табельге бес күндік апта жұмыс істелінгенде бес жұмыс күні сегіз
сағаттан, екі демалыс күні болып белгіленеді, ал алты күндік апта жұмыс
істелінгенде алты жұмыс күні жеті сағаттан, бір демалыс күні болып
белгіленеді. Ал, өндірістік, құрылыс, тамақтандыру кәсіпорындарда
өндірілген өнім көлемі, жұмысшының істеген сағаты көрсетілген наряд
жүргізіледі. Автокөлік кәсіпорындарда және жүргізушілері бар кәсіпорындарда
табельмен қоса бағдарлық (путевой лист) парақ жүргізіледі.

2. Төлемақы нысандарымен түрлерімен формалары. Тарифтік тор және оның
разрядтары. Жұмыс уақытының есебі.

Еңбекақы есептеу және төлеу нысанына қарай негізгі еңбекақы және қосымша
еңбекақы түрлеріне бөлінеді. Біріншіге нақты жұмыс істеген уақытқа,
істелген жұмыстың саны мен сапасына, тарифтік сетка бойынша немесе
лауазымдық ақы- төлемдер, ставкалар, кесімді расценкалар бойынша,
сыйақылар, мерзімнен тыс мезгілде істеген үшін, түнгі мезгіл үшін,
жетекшілік үшін, қызметкердің кінәсіз жұмыстың түрып қалғандығы, басқа
жұмысшының орнына орындаған жұмысқа есептелген ақылар т.б. жатады.
Екіншіге – заң бойынша жұмыс істемеген уақытқа есептелген еңбекақы:
негізгі және қосымша демалыс күндергі ақы, пайдаланбаған демалыс үшін
өтемақылар, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен жұмыс
уақытының төлемақысы, уақытша еңбекке жарәмсіздіктің төлемақысы, жұмысқа
жасы жетпеген балардың ақысы, әлеуметтік төлемдер, жұмыстан шығу бойынша
ақылар т.б. жатады, бұл жағдайларда жұмысшының орташа еңбекақысы сақталады.

Еңбекақы төлем формалары.

Негізгі Қосымша еңбекақы
еңбекақы Кәсіпорында жұмыс
Кәсіпорында нақты жұмыс істемеген мерзім үшін
істеген мерзім үшін төленеді
төленеді

1.Мерзімдік еңбекақы
жұмыс істеген мерзімде
белгіленген тарифтік
ставка бойынша төленеді

– жәй мерзімдік
мерзімдік сыйлықақы

2. Кесімді еңбекақы
шығарылған өнімнің
санына бір штук өнімнің
расценкасын қатыстыру
бойынша төленеді

тікелей кесімді;
үдемелі кесімді;
кесімді сыйлықақы;
жанама кесімді;
акордты.

Еңбекақы анықтау барысында – орташа еңбекақы анықталады (бір күндік, бір
айлық).
Мерзімдік еңбекақы (нақты жұмыс істеген уақытқа белігенген тарифтік ставка
бойынша есептелген ақы);
Кесімді еңбекақы (нақты жасалған жұмыстың көлеміне және оның орындалған
бірліктеріне есептелетін ақы), яғни өндірілген өнімнің көлемі мен санына
байланысты белгіленген тариф бойынша есептелінеді кесімді жұмыс наряды
бойынша.
Мерзімдік еңбекақы тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген уақыт
үшін лауазымды ақы болып төленеді.
Мерзімдік-жәй ақы- қызметкердің лауазымды ақысы немесе қызметкердің
лауазымына қарай нақты жұмыс істеген уақытына белігенген тарифтік ставка
бойынша тарифтік мөлшерлеме.Тәжірибеде бұл еңбекақыны есептелуінің 3 тәсілі
бар: сағаттық, бір күндік, бір айлық. Әр салада өз төлем категоряларын
(С,G,D) қолданады.
Мерзімді сыйлықақы – жәй мерзімді ақыға сыйлықақы қосылады, қызметкердің
сапалық немесе сандық көрсеткіштеріне.
Мысал: Жәй мерзімді еңбеақы
1. Қызметкер 2016ж. ақпан айында 15 жұмыс күні жұмыс істеді 4 ақпаннан 22
ақпанға дейін. Қызметкердің лауазымды еңбеақысы 50000тг. Кәсіпорында
бескүндік жұмыс күні. Күнтізбе бойынша ақпан айда 21 жұмыс күні.
Орташа еңбеақысын анықтаймыз: 50000 теңге :21күнге=2380,95теңге.
Нақты жұмыс істеген күндерінің еңбекақысын анықтаймыз:
2 380,95 теңге * 13 күнге= 30952,35 теңге.
Мерзімді сыйлықақы – ол, мерзімді жәй ақы есептелгеннен кейін, жұмыс
істелудің жақсы көрсеткіштеріне қарай сыйақы есептеледі мысалы 30%.
Сонда болады 30952,35 х 30% = 9285,70тг., барлық ақысы болады
30952,35 + 9285,70 = 40238,05тг.
Кесімді еңбекақы:
Тікелей кесімді – шығарылған өнімнің бір бірлігі үшін белгіленген тариф
бойынша есептеледі.
Кесімді сыйлықақы – орындалған көрсеткіштер үшін үстеме сыйлық есептеледі.
Үдемелі кесімді ақы - шектелген мерзімге қолданылады көрсеткіштерді арта
орындағанда жоғары тарифтер қолданылады, әшеінгі тарифтерден көрі.
Жанама кесімді ақы – тапсырманы орындау барысында көмекші цехтардың
жұмысшыларын немесе қосымша жұмысшыларды тартқан жағдайларда негізгі
өндіріс жұмысшылардың расценкалары бойынша есептелінеді немесе негізгі
өндіріс жұмысшылардың еңбекақысынң белгіленген пайызы тартылған
жұмысшыларға есептелінеді.
Аккордты ақы – белгіленген мерзімге біркелкі тарифпен жалпы жұмыс көлемі
орындалғаннан кейін есептелінеді.
Мысалы:
Тікелей кесімді: Кәсіпорында жұмысшыға бір бұйым жасауына 150тенге төлем
бекітілген. Есептік айда жұмысшы 300бұйым жасады, сонда жұмысшының
еңбекақысы болады: 150тг. х 300бұйымға = 45000тг.
Кесімді сыйлықақы:
1. Бір фотосүрет үшін 20 теңге тариф бекітілген. Есептік айда 1300
фотосүрет жасалды. Жұмыс күндері толық жұмыс істелді. Кәсіпорынның ережесі
бойынша 40% сыйлық ақы бекітілген.
Жасалған жұмыстың көлеміне еңбекақы есептеледі:
20 теңге * 1 300 фото = 26 000 теңге.
Сыйлықақы құрады:
26 000 теңге * 40% = 10 400 теңге.
Жалпы еңбекақы құрады:
26 000 + 10 400 =36 400 теңге.
2. 4- рязрядты жұмыскердің мерзімді еңбекақысы тарифтік ставкасы 206,76тг.
2016жылдың науырыз айында 152 сағат жұмыс істеді. Кәсіпорынның ережесі
бойынша жақсы көрсеткіштермен жұмыс істелінген жағдайда 50% сыйақы
белгіленген.
1. Қызметкердің жұмыс істелген сағаттарына еңбекақы есептейміз:
152 сағат х 206,76 теңгеге = 31427,52 теңге.
2. Сыйақы сомасын анықтаймыз :
31427,52 тенге х 50% = 15713,76 теңге.
3. Жалпы еңбеақысы құрайды:
31427,52 + 15713,76 = 47141,28 теңге.
Үдемелі кесімді еңбекақы :
Аяқ киім дүкенінің дүкеншісіне 1 пар аяқ киім сатылған үшін 300 теңге
есептеледі. Ал, 5 пар аяқ ким сатылуынан асса 550 теңге. Дүкенші 8 пар аяқ
киім сатты.
1. 5 пар аяқ киімнің ақысын анықтаймыз:
5 пар х 300 теңге - 1 500 теңге.
3 пар аяқ киім үшін:
3 пар х 550 теңге = 1 650 теңге.
2. Дүкеншінің бір күндегі еңбекақысы болады:
1 500 + 1 650 - 3 150 теңге.
Жанама кесімді еңбекақы:
Өндірістік учаскенің мастеріне негізгі жұмысшылардың бір айлық
еңбекақысының 50% есептеледі. Есептік айда негізгі жұмысшылардың еңбекақысы
450000теңгені құрады.
Өндірістік учаскенің мастеріне есептелді 450 000 тенге х 50% = 225 000
теңге.
Аккордты еңбекақы :
Автокөлік жөндеумен шұғылданатын жұмысшылардың бригадасы 3 адамнан құралды.
Жалпы бригаданың кесімді еңбекақысы 170000тг. Әр қайсысы сағат жұмыс
істеді: Еремин -160 сағат; Сарибаев - 220 сағат; Перчук - 180 сағат.
Барлығы 560 сағат.
Бір сағатқа келетін еңбекақыны анықтаймыз:
170 000 теңге: 560 сағат - 303,57 теңге.
2. Әр жұмысшының еңбекақысы болады:
Еремин: 303,57 теңге * 160 сағат = 48 571,20 теңге.
Сарибаев: 303,57 теңге х 220 сағат = 66 785,40 теңге.
Перчук: 303,57 теңге * 180 сағат = 54 642,60 теңге.
Аталған формалардан басқа кәсіпорындарда еңбекақыға басқа төлемдер
қолданылады:
- Мезгілден тыс жұмыстың еңбекақысы
Еңбек кодекстің 108 бабына сәйкес жұмыс уақытынан тыс жұмыстың
(жалғастырылып) істелуі мезгілден тыс жұмыс болып саналады ( төтенше апатты
жағдайлар, үзіліс жіберуге болмайтын (тоқтатпайтын) жұмыстар, табиғи
оқиғаларда). Мезгілден тыс жұмыстың еңбекақысы мерзімді формасында 1,5есе
мөлшерінен кем болмауы керек, кесімді формасында күндізді еңбекақының 50%
төмен болмауы. Мұндай жұмыстарға жүктілі әйелдермен 18 жасқа толмаған
балалар тартылмайды.
Мысалы: Жұмыскер наурыз айында мерзімді ақы төлемде 8 сағат артық жұмыс
істеді. Жұмыскердің 1 сағаты 315тг., сонда наурыз айындағы ақысы болады
315тг. х 8сағатқа х 1,5 =3780тг. + негізгі ақысы ( 315 х 40) = 12600тг. +
3780тг. = 16380тг.
- Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбекақысы.
Еңбек кодекстің 76 бабына сәйкес сағат 22-ден таңғы 6-дейін түнгі уақыт
болып есептеледі (төлемі 110 баб). Бұл жұмысқа кейбір тұлғаларға қатыстыруы
шектелген (жүкті әйелдер, 18 –ден кіші балалар, денсаулық мекемесінен
анықтамасы бар адамдар). Еңбек кодекстің 110 бабына сәйкес бұл мезгілде
жұмыс істеушілерге әр сағаты үшін 1,5 мөлшерден кем төленбеуі керек. (1,5
күндік еңбекақы)
Мысалы, жұмыскер бір ай ішінде 25 сағат түнге мезгілде жұмыс істеді. Бір
сағаттық тарифі 180 тг., сонда 180 х25 х 1,5 = 6750 тг. + 12600тг. ( 315 х
40) = 19350тг.
- Демалыс пен мереке күндердегі жұмыс және оның еңбекақысы.
Еңбек кодекстің 96 бабына сәйкес демалыс мезгілдер реттеледі. Бұл
мезгілдерде жұмысшылардың келісімімен ғана жіберіледі. Оның себептері:
-төтенше жағдайларды болдырмау немесе өндірістік апатты алдын алу үшін,
шұғыл істелінетін жұмыстарды аяқтау үшін, бектіліген мерзімдерге үлгермей
жатқандарда.Еңбек кодекстің 109 бабына сәйкес демалыс пен мереке
күндеріндегі істелген жұмыстың еңбекақысы әдеттегі жұмыс күнінің еңбекақысы
мөлшерінен 1,5 еседен төмен болмау керек (Мереке күндергі жұмыс 1,5 есе
мөлшерде төленеді. Еңбек ақы орнына демалыс күндерін алуға да құқысы бар).
Мереке күндері істеген сағаттарына қарай төленеді.
Мысалы 2016ж. 30 сәурден 1 мамырға қараған түнде жұмыскер кешкі 20сағаттан
8 дейін ұзіліссіз жұмыс істеді, бұл жерде 20 сағаттан 22сағатқа дейінгі
мерзім әшейінгі төлем болады, ал 22сағаттан 8 дейін мерзім 1,5 есе төлем
болады. Мысалы, жұмысшы 8 наурыз және 22 наурыз күндері жұмыс атқарды.
Аталған күндері, ол (8 наурызда) – 15 бұйым, (22 наурызда) – 20 бұйым
жасады, расценкасы 250тг. бір бұйымға. Қызметкер 8 наурыз күніне демалысын
алуға келісті, сонда жұмыскердің осы күндерінің ақысы болады:
8 наурыз күнінің ақысы 250тг. х 15 бұйымға = 3750тг.
22 наурыз күнінің ақысы 250тг. х 20 бұйымға х 1,5 = 7500тг.
барлығы болады 3750тг. + 7500тг. = 11250тг.
Бос түрып қалу уақытының төлемақысы 112 бабапен қарастырылады – ұжымыдық
келісім шартпен реттеледі ең төмен еңбекақыдан төмен болмау, егер
жұмысшының кінәсі болса жұмысшының орташа еңбекақысың 50% кем болмауы.
Осы кәсіпорында өз жұмысымен қоса басқа жұмысшының жұмысын атқарған үшін
қосымша ақы есептеледі ҚР еңбек кодекстің 111 бабы бойынша, екі жақтың
келісімімен жүзеге асырылады.
Бұлардан басқа қосымша ақылар есептеледі, ол жұмыс істемеген уақыттың
ақылары: кезекті демалыс күндкрдің ақысы, пайдаланбаған демалыс күндердің
ақысы және уақытша жарәмсіз болған күндердің өтем ақысы.
Қосымша еңбекақыны есептеу үшін есепке орташа еңбекақы алынады (ҚР
еңбек кодексінің 114 бабы). Орташа еңбекақыны есептеу үшін есептік мерзімге
дейінгі 12 ай уақыты есепке алынады. Ал, егер 12 ай толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Жердің кадастрлық құнын бағалау
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жерді ұтымды пайдалану
Жалақы төлеу ерекшеліктері
Еңбекақының есебі
Еңбек ақы есебі
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Еңбекақы түрлері
Пәндер