Оқушы темпераменті түрлері және онымен санасу



1 Кіріспе.
2 Темперамент туралы жалпы ұғым.
3. Темперамент түрлері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик
Қолданылған әдебиеттер:
1. Кіріспе. Қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін, әр оқушының темперамент түрлерін анықтап, сол темперамент түрлеріне байланысты оқушылармен педагог жұмыс жасай алуы тиіс. Педагог әр баланың темперамент типін біліп, онымен жекелей жұмыстар жасай алу қажет.
Енді, біз темперамент ұғымы және олардың түрлеріне толығырақ тоқталып кетсек.
2. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл- қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде – ақ айтыла бастады. Ежелгі Грекияның белгілі ғылымы, дәргер Гиппократтың (б.з.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса – сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), шырын басым болса ( грекше «флегма» - шырын) – флегматик темперамент деп, қара өт басым болса, меланхолик ( «мелайне- холе» - қара өт), сары өт басым болса – холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды.
Жүйке жүйесінің типтері мен ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісі - күші, тепе-теңдігі, қозғалғышытығы деп, олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Осы принципті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмендегі түрлерін ажыратады.
1. Әдеп және жантану.Хрестоматия. – Алматы, 1996.
2. Т.Т әжібаев Жалпы психология. – Алматы, 1993.
3. Рувинский Л.И.,Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек? – Алматы, 1989
4. Ж.Аймауытұлы. Психология. – Алматы:Рауан ,1995.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бекболатов Кабдыгали
Реферат
Оқушы темпераменті түрлері және онымен санасу

1. Кіріспе. Қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін, әр оқушының темперамент түрлерін анықтап, сол темперамент түрлеріне байланысты оқушылармен педагог жұмыс жасай алуы тиіс. Педагог әр баланың темперамент типін біліп, онымен жекелей жұмыстар жасай алу қажет.
Енді, біз темперамент ұғымы және олардың түрлеріне толығырақ тоқталып кетсек.
2. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент дегеніміз - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл- қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грекияның белгілі ғылымы, дәргер Гиппократтың (б.з.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса - сангвиникалық (латынша сангиус - қан), шырын басым болса ( грекше флегма - шырын) - флегматик темперамент деп, қара өт басым болса, меланхолик ( мелайне- холе - қара өт), сары өт басым болса - холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды.
Жүйке жүйесінің типтері мен ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісі - күші, тепе-теңдігі, қозғалғышытығы деп, олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Осы принципті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмендегі түрлерін ажыратады.

Жүйке жүйесінің типтері
Күшті тип
Әлсіз тип

Күшті, қозуы Күшті, қозуы Күшті, қозуы
тежелуінен басым мен тежелуі мен тежелуі
Ұстамсыз тип тең баяу
Ширақ тип Баяу тип
И.П. Павлов сангвиниктерді - ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді - жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалуы баяу адамдар десе, меланхоликтерге - жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттама берді.
3. Темперамент түрлері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.
Холериктер темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштығымен, шамданғаштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте- бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі, сангвиник өткір қозғалғыш, қарым-қатынасқа тұрақсыз болып келеді.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезімін білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл-қозғалыстың баулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селқос қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ, мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, жарқырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қозғалады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ, әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не болса, ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ, тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық - темпераменттің ең бір нашар жағы.
Меланхоликті көп нәрсе толқытпайды, әдетте терең, ұзаққа созылған әрі мейлінше күшті сезім болады.
Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді,көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ, біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар.Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым - ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы , қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқтыкейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да, сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы,, орынсыз асып- саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсеқызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса, салпақтап, соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек,тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл- әрекетті сүйеді. Әдетте, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Темперамент туралы жалпы ұғым
Қиын баланы қайта тәрбиелеу
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым-қатынастың ерекшелігі
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Дамыта оқытудың теориялық негіздері
Адам темпераменті
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі
Пәндер