Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні

1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі ... ... ... ... ... . 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық
қатынастар үйлесімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні ... ... .. 18



ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау


2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу
обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары 22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері 23

ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,
оны шешу жолдары 29

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.1995 жыл
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алматы-2008жыл
3. Салық салу жүйесі. Бекболсынова А.С. Астана,2003 жыл
4. Салық және салық салу. Алматы-Экономика,2006 жыл.
Үмбеталиев А.Д. Керімбек Ғ.Е.
5. «Қаржы менеджменті» журналы,2008 жыл.№3 наурыз.
6. http://www.salyk.kz.658496
7. «Бухгалтер белютені» журналы.2008 жыл,№18 сәуір
8. Қаржы-Қаражат. 2007 жыл,№12
9. Қаржы-Қаражат. 2007 жыл,№25
10. «Бухгалтер белютені» журналы.2008 жыл,№30 қыркүйек

Пән: Салық
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 39 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық
жүйесінің экономикалық мәні
1.1 Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық
жүйесі..................... 4
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық
қатынастар үйлесімі
............................................................................
.......... 9
1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні.......... 18
ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау
2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу
обьектілері, жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
22
2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық деклорациясы 18
2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері
23
ІІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық дағы проблемалар,
оны шешу жолдары
29
ҚОРЫТЫНДЫ
32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
33
КІРІСПЕ
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы
мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі
– ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің
кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып
табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің
экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар
жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның
ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың
жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың
пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-
пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі
қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-
ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір
мезгілде салық жүйесінің ашықтығын,салық салудағы бейтараптықты, салықтық
әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз
етіп,экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.
Бұл курстық жұмыс жеке табыс салығының мазмұнын ашып көрсету,оның
қалыптасуы мен дамуы туралы мақсаттары мен міндеттерін айқындап
көрсету.Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер жеке табыс салығы
бойынша жалпы мағлұмат береді.
I БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық
жүйесінің экономикалық мәні
1. Cалық салуда Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет
болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне
көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға
қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен
көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып,
өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты-
бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді
қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды
бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып,
қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР
мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты
мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27
жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті
қабылданды.
1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.
I.Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:
1.Қосылған құнға салынатын салық.
2.Пайдаға салынатын салық.
3.Акциздер.
4,Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
5.Экспорт пен импортқа салынатын салық.
6.Кеден тарифі және баж салығы.
7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру
жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұсалатын алым.
8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.
9.Транспорт құралдарына салынатын салық.
10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін
төленетін ақы.
12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
13.Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел азаматтарынан және
азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
14.Мемлекеттік баж салығы.
15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.
16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
II.Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
3.Орман табысы.
4.Су үшін төленетін ақы.
5.Табысқа салынатын салық.
6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
7.Кәсіпкелік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан
алынатын алым.
8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
9.Елтаңбалық алым.
10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын
салық.
III.Жергілікті салықтар мен алымдар.
1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын
салық.
2.Курорттық алым.
3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
4.Жарнамаға салынатын салық.
5.Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы жәнежеке компьютерлерді
қайта сатуға салынатын салық.
6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.
11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған
мәмілелерден алынатын алым.
12.Аукциондық сатудан алынатын алым.
13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.
15.Ит иелерінен алынатын алым.
16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым.
17.Жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін
алынатын лицензиялық алым.
Екінші кезең. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің
Салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық
салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24
сәуірде « Салық және бюджетке төленетін басқа да мінбдетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.Бұл өз қаржы жүйемізді
құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-
ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті
салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
1.Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
2.Қосылған құнға салынатын салық.
3.Акциздер.
4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
5.Жер қойнауын пайдаланушылапрдың арнайы салығы мен төлемдері.
Жергілікті салықтармен алымдар:
1)Жер салығы.
2)Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
3)Көлік құралдарына салынатын салық.
4)Кәсіпкерлік қызметпен айналсатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды
тіркегені үшін алынатын алым.
5)Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
6)Аукциондардан алынатын алым.
Қазақста Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 16 шілдедегі 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасының салықтар, алымдар және басқа да
міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1)Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2)Қосылған құнға салынатын салық;
3)Акциздер;
4)Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін
алынатын алымдар;
5)Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
6)Әлеуметтік салық;
7)Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені
үшін алынатын алымдар;
8)Жер салығы;
9)Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық.
10)Көлік құралдарына салынатын салық;
10-1)Бірыңғай жер салығы;
11)Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12)Қызметтің жекеленген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алым;
13)Аукциондық сатудан алынатын алым;
14)ҚР базарларында тауарларды сату құқығын бергені үшін алынатын алым;
15)ҚР радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
16)Заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық
атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны
үшін алынатын алым;
16-1)Заңды және жеке тұлғалардың «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық»
деген сөздерді өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында,
тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;
17)Жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары
белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
Үшінші кезең. 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық
кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ
қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден
тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу
жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер-Салық кодексінде
белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі
немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақтан Республикасының басқа да заң актілерінің
арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің
нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды
қоспағанда,салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға
енгізуге тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста
болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың
құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы
жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған
жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар.
2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде «экспортталатын шикі мұнайға, газ
конденсатына рента салығы» қосылды.
Салықтың түрлері:
1.корпорациялық табыс салығы.
2.жеке табыс салығы.
3.қосылған құн салығы.
4.акциздер.
5.жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6.әлеуметтік салық.
7.жер салығы.
8.көлік салық.
9.мүлік салық.
Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет
түріне құық берер кезде төленетін міндетті төлем.Сонымен қатар алым-
анықталған құқықтық мәтебені бергені үшін төлем болып саналады.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым»
алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: «жылжымалы
мүлік кепілін мемлекеттік үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін» және «туындылар мен сабақтас
құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу
үшін» алымдары қосылды.
Алымдардың түрлері:
1.заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
2.жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3.жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелердің
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5.механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым.
6.теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
7.азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8.дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені алым үшін.
9.автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы.
10.аукциондардан алынатын алым.
11.елтаңбалық алым.
12.жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым.
13.телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радио жиелік
спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым
Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті
төлем.
Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді.
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде
«қалааралықжәне алықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы»
төлейді.
Төлемақының түрлері:
1.жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2.жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы.
3.қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемақы.
4.жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5.орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6.ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7.радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8.кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9.сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың
немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар і қимылдар жасағаны үшін және
құжаттарды бергені алынатын міндетті төлем.
Мемлекеттік баж салығы-төленетін қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар
мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.
Кеден төлемдері:
- кеден бажы;
- кеден алымдары;
- алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
- алымдар.
1.2. Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар
үйлесімі
Салықтар мемлекет қазынасына қоғамның жиынтық табысының бөлігін мәжбүрлеп
алудың нақты нысаны ретінде мемлекеттік құрылым және басқару жүйесінің
экономикалық кеңістіктің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін
бейнелейді.
Салық реформасы салық салу жүйесінің қызмет ету жүйесін ауқымды қайта
құру және оны басқару механизмін өзгерту негізінде салық қатынастарын
шектеулі немесе түбегейлі қайта құруды білдіреді. Аталған қайта құруды
салық қатынастары мемлекет дамуының экономикалық, әлеуметтік немесе саяси
жадайларының елеулі өзгерістерге сәйкес келмеуімен байланысты салық
саясатының негіздерін қайта қарастыру қажеттілігімен шарттастырылған.
Кез келген салық реформасын жүргізудің, соңғы нәтижесі ел экономикасын
дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталған. Ол- мемлекеттік бюджеттің
кіріс бөлігін толтыру үшін салық түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз
ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру.
Салық кірістерінің қажетті көлемін қамтамасыз ету, салық жүйесінің
фискалды функциясының тиімділігіне тәуелді. Сондай-ақ экономикалық өрлеу
басым дәрежеде салық салу жүйесінің басқа функцияларын, яғни реттеуші және
ынталандырушы функцияларын табысты жүзеге асырумен анықталады. Сондықтан
салық реформалары, ең алдымен, салық жүйесі өзінің функцияларын тиімді
орындауымен тығыз байланысты.
Экономикалық ғылым және тәжірибе салық реформаларының жалпы сыныптамасын
ұсынған. Мазмұны бойынша салық реформалары жүйелік және құрылымдық
реформаларға бөлінеді. Жүйелі салқ реформасы кезінде бүкіл салық салу
жүйесінің тұжырымдамалық және әдістемелік ережелерінің ауқымды құрылымдануы
жүргізіледі. Бұл кезде салықтар тізбесі түбегейлі өзгереді, тікелей және
жанама салықтардың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленеді.
Құрылымдық салық реформалары неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен
және салықты ұйымдастыруға байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді.
Бұл салықты қайта құрулар ең бірінші, салық салу базасын анықтау
бойынша,салық мөлшерлемелерін тағайындау, салық жеңілдіктерін ұсыну
тетіктерін түбегейлі ұайта құру бойынша өзгерістерді қамтамасыз етуге
бағытталған.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру барысындағы Қазақстан Республикасының
салық реформаларына көз жүгіртейік. Бұл реформаларды 4 кезеңге бөліп
қарастыруға болады. Салық реформаларының I кезеңінде, 1991-1994 жылдары
салық жүйесінің негіздері қалыптаса бастады. II кезеңде, 1995-1998 жылдары
салық жүйесі ықшамданып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету,
кәсіпкерлікті қолдау барысындағы шараларға негізделген салық жүйесі қызмет
етті. III кезең, 1999-2001 жылдары экономикалық өрлеу тұрақтылып,
мемлекеттік бюджет кірістерін жоғарлату көзделді. VI кезеңде, 2002 жылдан
бастап нарықтық экономика талаптарына жауап беретін, экономикалық
тұрақтандыруға бағытталған тұжырымдамалық жаңа салық жүйесі қабылданды.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негізі 1991 жылы қаланған, ол
кезде КСРО-ның салық мәселелері бойынша құжаттар пакеті қызмет еткен.
Әдеттегідей өз ережелерінің көпшілік жағдайында ол сол кездегі салық
салудың ешқандай айырмашылығы болмады. Бірақ Қазақстанның тәуелсіздігі
жарияланғаннан кейін, нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауына қарай,
оның салық жүйесі де өзгерді. 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген
«Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» заңына сәйкес келетін
келесі салықтар алынды: Жалпы мемлекеттік салықтар; жалпыға бірдей міндетті
жергілікті салықтар мен алымдар; жергілікті салықтар мен алымдар. Осы
жылдар ішінде салық заңдылығына өзгерістер енгізіліп отырды, бірақ олар
жүйелі болған жоқ және өзінің бағытталуы бойынша нарықтық емес әкімшілік
сипатта болды. Салықтар және бюджетке төленетін жылдар ішінде салық
заңдылығына өзгерістер енгізіліп отырды, бірақ олар жүйелі болған жоқ және
ззінің бағытталуыбойынша нарықтық емес әкімшілік сипатта болды. Салықтар
және бюджетке төленетн басқа да міндетті төлемдердің саны көбейе берді,
сонымен қатар салық заңдылығына жаңа жеңілдік түрлері де толассыз, ретсіз
енгізіле берді. Бірінші кезең, аяғында салық заңдылығы жүйесіз жинақталған,
бір-біріне қайшы келетін және бүкіл салық жүйесінің қызметін қиындататын,
заңдар және ішкі заңдық актілерге айналды. 1995 жылдың басында салық жүйесі
өте күрделі, басқарылмайтын және тиімсіз жағдайға жетті, ал салық
төлеушілерге жүктелетін ауыртпалықтың басымдылығынан, ол экономиканың
барлық өрістеріндегі өндіріске кері әсерін тигізіп, қоғамдағы экономикалық
реформаларының тежеуішіне айналды.
1995 жылдың 1 шілдесінде енгізілген «Салықтар және басқа да міндетті
төлемдер туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
жағдайдың оңалуына септігін тигізді. 1995 жылға дейін салықтар, жоғарыда
аталып өткендей, жалпы мемлекеттік салықтар, жалпыға бірдей міндетті
жергілікті салықтар мен алымдар, жергілікті салықтар мен алымдар болып үшке
бөлінсе жне олардың жалпы саны 45 болса, енді салықтар жалпы мемлекеттік
салықтар және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді және олардың
саны 11-ге дейін қысқартылды. Салық реформасының екінші кезеңінде экономика
субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі үшін ыңғайлы жағдай құрумен,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге жағдайлар жасалды. Салық
жүйесі бірінші кезеңмен салыстырғанда барынша ықшамдалды.
1999 жылы салық заңдарындағы өзгерістерге сәйкес салықтардың жалпы
мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуіне шектеу койылды, Қазақстан
Республикасының аумағында әрекет ететін «Салықтар, алымдар және бюджетке
төленетін міндетті төлемдер» деп аталып, олардың саны 11-ден 17-ге дейін
жетлізілді. 1998 жылы бюджеттен тыс қорлардың қысқартылуына сәйкес, салық
жүйесіне әлеуметтік салық пен алымдардың түрлері енгізілді. Үшінші
кезеңдегі салық реформасы құрылымдық реформаға жатты, өйткені салық салу
базасын кеңейтуге, мемлекттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің мөлшерін
жоғарылатуға бағытталды.
2002 жылғы салық реформасы жаңа, нарық талаптарына жауап беретін
Салық кодексінің енгізілуімен байланысты болды. Салық жүйесі жаңғыртуға
және шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына көшуіне бағытталды. Салық
реформасының төртінші кезеңі ерекшеліктеріне инвестициялық белсенділікті
қолдау, салық салу базасын кеңейту, салық ауыртпалығын төмендету,
интеграциялық ақпараттық салық жүйесін енгізу жатады.
Сонымен кез келген салық реформасының мақсаты, елдің серпінді әлеуметтік
әлеуметтік-экономикалық даму негізі ретіндегі, болашақтық фискалды
тетіктерді қалыптастыру болып табылады. Салық салу реформасы саяси,
экономикалық және құрылымдық қайта құрудан кейін жүргізіледі. Өйткені, ол
нәтижесінің тиімділігі жағынан неғұрлым инерциалы болып келеді. Осыған
байланысты салық реформалары салық жүйесінің қызмет ету аясында анықталған
кемшіліктерді және қателіктерді жою жолымен, тым ұзақ уақыт аралығында
жүзеге асырылады. Аталып өткен Қазақстан салық жүйесінің реформаларын
кезеңдерге бөлгенмен, әрбір кезең барысында тұрақты салық жүйесі қызмет
етпейді, оған үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Салық қатынастарының
жағымсыз жақтары елдің экономикалық дамуының объективті қадамымен
анықталады. Нарықтық экономиканың салық реформалары кезекті және үздіксіз
жүргізіліп отырады.
Салықтар өзінің мәні және мазмұнына қарай жинақтала келіп, әр түрлі
елдердің салық жүйесін құрайтын, ұлттық ерекшіліктердің көптеген нысандары
түрінде болады. Салықтар құрамы, құрылымы, оларды алу тәсілдері,
мөлшерлемелері, қазыналық өкілдіктері, салық базасы, әрекет ету өрісі,
жеңілдіктері бойынша бұл жүйелер бір-бірінен елеулі айырмашылықта болады
және бастапқыда мүлдем салыстыруға келмейтіндей болып көрінеді. Бірақ
неғұрлым мұқият талдау кезінде екі негізгі жалпы белгілерді айқындауға
болады: 1) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерді ұлғайтудың тұрақты нақты
жолдарын іздеу; 2) салық жүйесін экономиканың теориялық жалпы қабылданған
қағидалары базасында құру.
Әр түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және
әлеуметтік шарттар негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл
оңтайлы жүйені құру үшін экономистерге және әлеуметтанушыларға талаптар
ретін өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары мыналар:
- салық ауыртпалығын тарату біркелкілігі немесе басқа сөзбен айтқанда,
әркім мемлекеттік кірістерге өзінің «әділетті үлесін» енгізуі;
- салықтар мүмкіндігінше әр түрлі тұлғалармен экономикалық шешімдерді
қабылдауға әсерін тигізбеуі қажет, немесе мұндай әсер ең аз шамада болуы
қажет;
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін салықтық саясатты
пайдалану кезінде,салық салудың теңдік және әділеттік қағидаларын бұзуды ең
аз шамаға жеткізу қажет;
- елдің экономикалық өсуі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында
салық саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет;
- салық жүйесі әділетті болуы қажет және салық төлеушілерге түсінікті
болуы қажет;
- салықтарды басқару және салық заңдылығын сақтау бойынша әкімшілік
шығындар ең аз шамада болуы қажет.
Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі
критерийлер ретінде пайдалануы мүмкін.
Салық жүйесін құру кезінде әр түрлі салықты қолданудың салдарын қайта
тарату күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бұл салдар салықтарды
алу тәсілінен, салық мөлшерлеме құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және
салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел экономикасының салық жүйесіне
әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан және жаңа
салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер
баға өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және
шығыстарына, салық ауыртпалығын таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың
соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара әсеріне тәуелді
болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды
жасауға болады.
Тұтыну салықтырына қатысты бұл қорытындылар төмендегілерден тұрады:
- салықты енгізу бағаның өсуіне әкеледі және салық салынатын тауарларға
сұранысты қысқартады;
- бағадағы және өндірістегі өзгерістер ауқымы сұраныс пен ұсыныстың
икемділігіне тәуелді болады;
- салық ауыртпалығы сұраныс және ұсыныс икемділігіне қатысты сатушы және
сатып алушы арасында таратылады;
- белгілі шектен жоғары салық мөлшерлемелерін жоғарылату кезінде салықтық
түсімдер төмендеуі мүмкін.
Өндіріс факторына салықтар қатыстылығына қарай бұл ережелер мен
қорытындылар мыналарға бөлінеді:
- салық өндіріс факторында табыстың жалпы нормасын жоғарылатады, осы
факторлардың ұсынысын қысқартады және пайданың таза нормасын төмендетеді;
- салық ауыртпалығын қайта тарату сұраныс және ұсыныстың икемділігіне
тәуелді болады;
- бұл салықтар шешуші әсерді үй шаруашылығының шығындарына емес,
кірістеріне тигізеді;
- өндіріс факторына салық салу өзгерістерінің соңғы нәтижесі нарық
құрылымына, ұжымдық келісімшарттарға және бәсекелестік шарттарына тәуелді
болады.
Салықтық қатыныстар үйлестігі мемлекеттің, салық төлеушілердің және өзге
мемлекеттердің мүдделерін, ұзақ мерзімді және тұрақты теңдігін, қамтамасыз
ететін салықтық қатынастар жүйесін құруды білдіреді. Мемлекеттің қазыналық
мүдделері мен шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығы арасындағы
қатынасты; салық төлеушілер мен мемлекттік орган міндеттерінің және
құқықтарының теңдігін қамтамсыз етуді; барлық деңгейлердің салықтық
мүдделерін үйлестіруді; салық салу жүйесін еларалық бірыңғайландыру үшін
сәйкес негіздерді қалыптастыруды салықтық қатынастар үйлестіру бағыттары
ретінде қарастыруға болады. Алғашқы үш бағытқа салық реформалары негізінде
біршама қол жеткізілді. Ал салықтық қатынастарды еларалық үйлестіру
қажеттілігі, ортақ кеден және салық саясатын жүргізу мақсатында,
мемлекттерді біртұтас халықаралық одаққа біріктіру кезінде пайда болады.
Салықтық қатынастарды үйлестіруді қарастырылатын бағыты салық салудың
белгілі элементтерін бірыңғайландыруды, халықаралық бірлесуге қатысушы
елдердің ұлттық салық жүйесі және салық саясатын құрылымдастыруды
білдіреді. Еларалық үйлестіруді жүзеге асыру мемлекетаралық бірлесу үшін
біртұтас салық жүйесіне бірден көшуді білдірмейтіндігін айта кеткен жөн.
Дегенмен неғұрлым терең саяси немесе экономикалық бірігу, сондай-ақ
тәуелсіз елдердің бірігуі негізінде конфедеративті мемлекетті құру
жағдайында салықтық қатынастардың үйлестіруі бірыңғай салық кеңістігін
құруды қарастырады. Осы уақытқа дейін бірігудің өзара байланыстар жолында
құрылған бірлестіктер және одақтар толығымен құрылмады, әсіресе тарифтік
реттеу, салық заңдарының бірыңғайлылығы бөлігінде. Сондықтан қазіргі кезде
бірігуге байланыстарды жүзеге асыру барысында, салықтық қатынастар
үйлестірілуіне көп көңіл бөлінуде.
Мұндай еларалық үйлестірудің айқын мысалы ретінде 2003 жылдың 23
ақпанында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Қазақстан,
Белоруссия, Ресей және Украина мемлекеттерінің шешімін қарастыруға болады.
Осы тұрғыдан осы елдердегі салық жүйелерінің ерекшеліктеріне тоқталады.
Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар
жүйесі бүгінгі күнге дейін даму үрдісінде. Барлық төрт елдегі салық
реформалары бір уақытта 1990 жылдың ортасында басталған, бірақ салық
жүйесін реформалау қарқыны елеулі айырмашылықта болады. Бұл салықты реттеу
бойынша заңдылытарды өңдеуде айқындалады.
Қазақстан және Ресейде салықтық реформалар 1990 жылдардың ортасында
басталды. Осы екі елде бір команда жұмыс жүргізді, Алматыда қазақстандық
және ресейлік салық кодексін өңдеушілерге бүкіл әлемдік салық мамандарының
тобы кеңес берді. 1994 жылы әлемдік екі топ осы елдер үшін, батыс
стандарттарына негізделген үлгілік салық кодексін ұсынды.Бұл құжаттар сол
кедегі жетекші салықшылар үшін салық заңдарының идеалы сияқты көрінді,
бірақ екі құжат та парламеннтерде талқылаудан өтпеді.
Ресейде салық кодексінің бірінші бөлімі 1998 жылы, ал екінші бөлімі 2002
жылы қабылданды. Осы құжаттардың негізгі нормативтік құжат ретінде
қабылдағанға дейін, 1991 жылғы салық жүйесінің негіздері туралы заң, салық
қатынастарын реттеген, негізгі нормативтік акт болды.
2002 жылдың желтоқсан айында Белоруссияда Салық кодексінің тек жалпы
бөлімі қабылданды. Қазіргі кезде салық салу объектілері, салық төлеу реті,
әрбір салық бойынша мөлшерлемелер және жеңілдіктер, сондай-ақ салық
жүйесінің деңгейлері арасында салықтық алымдарды тарату Белоруссияда
салықтық және бюджеттік заң актілерімен реттеледі.
Украинада да Салық кодексі талқылану сатысында. Салықтық қатынастар
жекелеген заңдар, қаулылар және нормативтік актілер жүйесімен реттеледі, ал
осының нәтижесінде салыққа байланысты заңда салықтық жеңілдіктердің кең
мүмкіндіктерін күрделі және шиелініскен жағдайды көрсетеді.
Сонымен, соңғы уақытқа дейін, қарастырылатып отырған елдерде салық
заңдылығын өңдеуде үйлестіру,ұқсастыру байқалмайды.Украина және
Белоруссияда салық кодексінің болмауы олардың салық жүйелерінің
жетілмегендігін білдіреді.Бұл жағдай, бір жағынан салық заңдарын
бірыңғайландыруда, біпрігу үдерісі шегінде заң жобасын тақылауға
мүмкіндіктер беретін, артықшылықтарды құруы мүмкін.Бірақ бұл артықшылық
дамудың жалпы векторы да болмауы нәтижесінде жойылып кетеді. Қазақстан мен
Ресейдің тек салық жүйелерінде емес, сондай- ақ олардың даму бағыттары
арасында елеулі айырмашылықтары бар.Жеке параметрлер бойынша осы екі елдің
арасындағы алшақтық, олардың әрқайсысын Украинамен немесе Белоруссиямен
салыстыра қарағандықтан, әлдеқайда үлкен. Сондықтан, барлық
республикалардың қабылдау мүмкін, салықтық реттеудің ортақ ережелерін
талқылау,, зерттеу негізгі проблема зерттеу проблема болып табылады.
Мемлекеттік басқару қағидаларындағы айырмашылық, осы елдердің салық салу
жүйесіндегі айырмашылықты шарттайды. Ресей Федерациясында үш деңгейлі салық
жүйесі қызмет етеді. Бірінші- бұл федералды деңгей. Федерадлды салықтар
бүкіл ел аумағында қызмет етеді және жалпы ресейлік заңдармен реттеледі.
Бұл- федералды бюджеттің кіріс бөлігін құрайтын, неғұрлым жоғары кірісті
көздер, олардың есебінен федерация субъектілері бюджеттерінің және
жергілікті бюджеттердің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Екінші
деңгей -федералдық заңдар талаптарынан шығатын федерация субъектілерінің
заң шығарушы органдарымен тағайындалатын, аймақтық салықтар. Бұл
салықтардың бөлігі Ресей аумағындағы міндетті салықтарға жатады, бұл
жағдайда аймақтық өкімет белгілі шекте мөлшерлемелерді реттейді, сондай-ақ
салықтық жеңілдіктерді тағайындайды. Үшінші деңгей-жергілікті салықтар.
Салық салудың екі деңгейлі жүйесі қызмет ететін, Украина мен
Белоруссияда, сәйкесінше, республикалық және жергілікті салықтарға
бөлінеді. Қазақстанда бір деңгейлі салық жүйесі бекітілген.Салықтар жалпы
мемлекеттік сипатта болады, бұл кезде республикалық және жергілікті
бюджеттер арасында салықтық алымдарды бөлудің нормативтері тағайындалады.
Қарастырылып отырған елдердің салық жүйесі салықтар және алымдардың саны
бойынша, айналым салықтарын пайдалану деңгейі бойынша, оларды салық
жүйесінің деңгейлері арасында бөлу бойынша айырмашылықта болады.
Барлық төрт мемлекеттің ортақ белгісіне, қолданылатын жанама салықтары
жиынтығының жалпы мемлекеттік деңгейде болуы және жалпы мемлекттік салықтар
ішінде заңды және жеке тұлғалардың табыс салығының болуы, сондай- ақ
экологиялық салықтың болуы жатады. Ренталық төлемдер барлық төрт елде әр
түрлі болғанымен, олар салық жүйесінің әр түрлі деңгейлеріне сәйкес келеді.
Салықтық кірістердің неғұрлым жақын құрылымы Ресей және Белоруссияда:
олардың бюджетке түсетін үштен бір бөлігін әлеуметтік төлемдермен
қамтаммсыз етіледі. Қосылған құнға салықпен қоса олар кірістердің жартысын
қалыптастырады. Қазақстанда басқа елдермен салытығанда корпорациялық табыс
салығы мен қосылған құнға салық басқа елдермен салыстырғанда үлкен рөл
атқарады, олардың кірістерінің 70% қамтамасыз етеді. Украинада түсімдердің
елеулі бөлігі баждарға байланысты, олар 40% құрайды, ал қосылған құнда
салықтармен бірігіп салықтық кірістердің 2/3 бөлігін құрайды. Сонымен
барлық төрт елдің салықтық кірістерінің құрылымы жалпы сипатқа қосылған
құндық салықтардың елеулі үлесі болып табылады.
Осы елдермен салыстырғанда Қазақстанға салық ауыртпалығының ең төменгі
мөлшері, ал Белоруссияда ең жоғары салық ауыртпалығы тән. Егер Қазақстан,
Украина және Белоруссияда салық ауыртпалығының мөлшерін шамалы төмендету
үрдісі байқалса, Ресейде керісінше, соңғы жылдары ол шамалы жоғарылаған.
2003 жылы Ресейдегі салық ауыртпалығының жалпы деңгейі Белоруссияның салық
ауыртпалығы көрсеткішіне жақындады., ал Украина бұл көрсеткіш бойынша,
Қазақстаннан алға шығып, аралық орын алды.
Халықаралық салыстыруларға сүйенетін болсақ, барлық қарастырылып отырған
мемлекеттердегі салық ауыртпалығы басқа өтпелі экономикалы Еуропа
елдерімен, сондай- ақ дамыған елдермен салыстырғанда төмен. Мысалы, 1997
жылы Шығыс Еуропа елдері бойынша қосылған құнға салықтың орта
мөлшерлемелері 20,6 пайыз, әлеуметтік салық 43,5 пайызды, пайдаға салық
31,4 пайызды құрады. Яғни олар қарастырылыпотырған төрт елдің кез
келгенімен салыстырғанда да жоғары болды. «Төрттік» елдердегі салық
ауыртпалығының мұндай төмендеуі, жоғары тәуекелдіктің орнын толтыру ретінде
қарастырылады. Жоғары экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайчында
мұндай стратегияның дұрыстығы тұрақтану кезеңінде күмән туғызады.Яғни, енді
осы елдердің барлығында салықтық реформалар салық ауыртпалығын төмендету
бойынша емес, оларды ықшамдауға, ынталандыруды нығайтуға, салықтық түсімдер
құрылымын жақсартуға және әділеттілік қағидасын жақсартуға бағытталады.
Барлық төрт елде де салықтық реформалар жүргізілуде, бірақ олардың жалпы
векторлары да сәйкес келмейді. Сонымен қатар, қызмет ететін салық ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Шетел тұлғаларына салық салу44 бет
Салық жүйесінің теориялық аспектілері мен салық жүйесінің қалыптасуы жағдайын талдау негізінде салықтық реформаларды сипаттау, шетелдік салық салу ерекшеліктерін талдау және оларды шешуге бағыттылған оңтайлы шараларды ұсыну65 бет
Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың шетелдік тәжірибесі11 бет
ҚР ауыл шаруашылығының дамуының негізгі бағыттары5 бет
Төлеби ауданының заңды тұлғаларына қызмет көрсету үшін деректер қорын жобалау36 бет
12 жылдық білім беру жүйесінде «қазақ әдебиеті» пәнін оқыту мәселелері5 бет
AutoCAD25 бет
AutoCad бағдарламасы38 бет
CDMA-450 технологиясының негізінде Жамбыл облысы Қаратау қаласында сымсыз желіні ұйымдастыру51 бет
Fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу104 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь