О.Бөкей шығармаларындағы біріккен сөздердің қолданылу сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «О. Бөкей шығармаларындағы біріккен сөздердің қолданылу сипаты»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдері

2. 1. Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі . . . 5

2. 2. Аналитикалық сөзжасам сипаты . . . 12

Сөздердің бірігу арқылы жасалуы немесе сөзқосым

3. 1. Біріккен сөздердің өзіндік ерекшелігі . . . 19

3. 2. О. Бөкей шығармаларындағы біріккен сөздердің қолданылу сипаты. 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49

ҚОСЫМША . . . 51

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикамыздың қоғамдық өмірінде кейінгі кезде болып жатқан қайта құру, жариялылық саясатына байланысты өзгерістер, жаңарулар аз болған жоқ. Солардың ең бастысы - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, Егеменді Республикамыздың тұңғыш Конституциясында тіліміздің мемлекеттік мәртебесінің заңдастырылуы . Біздің мақсатымыз - сол тілді қадірлеу, құрметтеу, тереңіне бойлау, қыры мен сырын жете түсіну, қарым-қатынаста бар мәнінде колдана алу.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай қайта түлеп, казіргі заманғы ғылым мен техниканың, әлеуметтік өмір мен қоғамдық қарым-қатынастың сан түрлі саласы бойынша терминдер жүйесін жасау шұғыл қолға алынып, басқа тілдің ықпалынан арылу барысында ана тіліндегі сөздердің байырғы мағыналарына жаңа мағыналар үстеліп немесе сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қосымша жалғау секілді сөзжасам тәсілдері арқылы жаңа сөздср, терминдер ішінде болып жатқан бүгінгі таңда қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесінен толық және дұрыс мағлұмат беру - әрі әлеуметтік астары бар маңызды, әрі азаматтық борыш саналатын өте жауапты міндет болып табылады.

Қазақ тіл білімі ғылымы іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, тілдік құбылыстары айқындалып, дамуда, толығуда. Сондай сараланған салалардың бірі - сөзжасам. Тілдің сөзжасам саласының морфологиядан бөлініп, өз алдына отау тіккені - соңғы жылдары. Соған орай оның теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттеліп, айқындалған жоқ. Сөзжасамның зерттеу нысанын, тіл біліміндсгі орнын, мән-маңызын ашуда профессор Н. Оралбаеваның, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор С. М. Исаевтың, ғалымдар А. Салқынбайдың, З. Бейсембаеваның, Б. Қасымның тағы басқалардың еңбектерін ерекше атауға болады.

Кейінгі жылдары жарық көріп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлі де зерттей түсуді қажет ететін тұстары бар екендігін көрсетіп отыр. Сондай мәселелердің бірі - жаңа сөз жасау, жаңа мағына туғызудың негізі болып табылатын сөзжасам тәсілдерін әр тәсілдің жасалу жолдарын айқындаудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Аналитикалық сөзжасам нәтижесі ретінде көрсетіліп жүрген біріккен сөздердің жаңа мағыналы лексема ретінде қалыптасуын, жасалу жолдарын зерттеудің қажеттілігі тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Өйткені зерттеу нәтижелері тіліміздегі біріккен сөздердің барлығы да жаңа мағыналы сөз тудырып түрлі сөз табын жасайтынын көрсетеді.

Жұмыстың нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің аналитикалық тәсіл бірігу арқылы жасалған сөздердің көркем шығармада, яғни О. Бөкей шығармаларындағы қолданылу сипаты.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:

  • қазақ тіліндегі сөздердің аналитикалық тәсіл бірігу арқылы жасалуын казіргі қазақ тіліндегі деректер негізінде зерттеп, сөзжасам жүйесінен алатын орның, атқаратын қызметін анықтау, аналитикалық тәсілдің басқа тәсілдер сияқты жаңа лексикалық туындылар жасайтын тілдік процесс екендігін, айқындау;

Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалды:

  • сөзжасамның сөздің жасалу процесінің нәтижесі сксндігін анықтау; сөзжасамның әлемдік тіл білімінде, түркітану ғылымында және қазақ тіл біліміндс зсрттелу денгейін анықтау; сөзжасамның бслгілі бір тәсіл арқылы жасалатындыгы, оның жолдарын, зерттелуін, өзіндік ерекшелігін ашу; біріктіру арқылы жаңа сөз жасау сипатын көрсету; біріктіру арқылы сөз жасау - аналитикалық тәсілдің ең өнімді жолы, тілімізді жаңа мағыналы лексемалармен байытудың, номинация жасаудың қайнар көзі;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- қазақ тіл біліміндегі сөзжасам тәсілдерінің бірі - аналитикалық тәсілдің даму, қалыптасу заңдылықтары ашылып, жасалу жолдары (бірігу, қосарлану, тіркссу) анықталып, сол тәсіл арқылы жасалған жаңа атаулардың тілді байытудағы атқаратын қызметі көрсетілді, сөзжасамның аналитикалық тәсілінің теориялық негізі жасалды;

- біріккен, кос, тіркссті сөздердің сөзжасам тәсілі емес, аналитикалық сөзжасам процссінің нотижесі екендігі дәлелденді;

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері сөзжасам теориясына, сөзжасам тәсілдері, оның ішінде аналитикалық тәсіл бірігу арқылы жасалған күрдслі сөздердің қалыптасу теориясына қосқан үлес деп санауға болады. Зерттеу барысында жасалған практикалық жұмыстар басқа да сөзжасамдық бірліктердің зерттелуіне әсері болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдері

2. 1. Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі

Сөзжасам - тіл білімінің ең жаңа жас саласы. Сөзжасам тілдегі жаңа сөздерді зерттейді. Бұған қарап, жаңа сөздің тілге ену, жасалу сияқты т. б. мәселелері бұрын зерттелмеген, назардан тыс қалған деуге болмайды. Бұған дейін сөз тудыру тәсілдері, жолдары морфологияның, ал сол арқылы тілге енген жаңа сөздер лексикологияның обьектісі ретінде қаралып келді. Соңғы кездері ғана сөзжасам жаңа сала ретінде зерттеле бастады. Сөзжасам мәселесіне қатысты зерттеулер оның тілдің өзге салаларынан бөлініп, жеке зерттеу обьектісіне айнала бастағанын көрсетеді. Дегенмен, сөзжасам қазақ тілінде лингвистиканың фонетика, лексикология, грамматика секілді бір саласы ретінде емес, тіл білімінің әр саласының жеке-жеке тарауларында қаралып жүр. Қазақ тілінде сөзжасамның аналитикалық және синтетикалық тәсіл арқылы жасалған түрлері грамматиканың, ал лексика-семантикалық түрі лексикологияның шеңберінде қаралып, сөз тудырудың негізгі мәні - жаңа сөз жасау процесі көлеңкеде қалып келді.

Сөзжасам ілімінің негізгі обьектісі оның өзіне тән сипаттарын айқындағанда анық білінеді. Оның негізгі сипаты, мәні - жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, сөзжасам ол сөз қалай жасалды (сөзжасамдық тәсіл) қандай, жасалған сөздердің мағынасы қандай (дериваттық мағынасы), сол үлгімен тағы қандай сөздер жасауға болады (сөзжасамдық тізбегі), әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі (типі) қандай деген сұрақтарға жауап береді. Демек, сөзжасамның негізгі обьектісіне туынды сөз жатады да, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық типтер оның негізгі мазмұнын құрайды.

Сөзжасамның негізгі обьектісін анықтау арқылы сөзжасам дегеніміз не деген сұраққа да жауап табуға болады. Сөзжасам өз алдына зерттеу обьектісі болғандықтан, ол - тіл білімінің жеке бір саласы. Ал, зерттеу обьектісінің сипаты жағынан жаңа сөздердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктерін зерттейді. Жоғарыда айтқанымыздай, сөзжасам бұған дейін грамматиканың морфология саласында, жеке сөз таптарының жасалуы ретінде қарастырылып келді. Сөзжасам - грамматикамен де, лексикологиямен де байланысты тіл білімінің жеке бір саласы. Лексикология мен сөзжасамның байланысы екі жақты: Тілдік единица - сөзден жаңа сөз жасалады, әрі жаңа сөз сөздік құрамның қатарына еніп, лексикологияның обьектісіне айналады. Ал «грамматика→ сөзжасам» деп алу қиын. Себебі лексикалық единицасыз құр грамматикалық тұлғадан жаңа сөз жасалмайды. Яғни тілдегі дайын мағыналы сөзден грамматикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасалады. Грамматика лексика мен сөзжасамның аралығында тұрады: лексика→ грамматика→ сөзжасам. Бұл, біріншіден, сөзжасамның лексикамен және грамматикамен байланысын көрсетсе, екіншіден, сөзжасамның лексика, грамматика секілді тілдің жеке саласы екендігін, тіл қабатынан өзіндік орын алатынын танытады.

Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық мағынаны жеке сөз етіп, таптастыруға арналған арнайы зерттеу жоқ. Жаңа сөз тудыру туралы әңгіме болғанда, оның жасалу тәсілі көрсетіледі де, туынды сөздің негізгі мағынасы күңгірт қалып қояды. Мәселен, қойшы, елші, сөздерін зат атауларынан мамандық, кәсіп иесі т. б. мағынасын беретін -шы, -ші жұрнақтары арқылы жасалды деп түсіндіретін болсақ , «жайлау» сөзін етістіктен тұйық етістік жұрнағы арқылы жасалған жаңа сөз - зат есім деуге болмайды. Бұндағы жаңа сөз - субстантивтену (семантикалық) процесінің нәтижесі, осындағы зат атаулары (қой, ел) негізінде қосымша арқылы пайда болған кәсіп, мамандық иесі деген жаңа мағына, жайлау сөзін білдіретін жазғы қоныс, орын деген мағына сөзжасамдық мағына болып табылады.

Ал, сөзжасам тәсілдері көп зерттелгеніне қарамастан, толық шешім таппағандығы көрінеді. Мұның себебі, сөзжасамдық тәсілдерді аналитикалық, синтетикалық, лексика-семантикалық деп бөлудің таза структуралық сипатқа негізделгендігінен болса керек. Мәселен, синтетикалық тәсіл бойынша белгілі бір сөз табын тудырушы қосымшалар көрсетіледі де, олардың дериваттық семантикасы ашылмай қалып қояды немесе белгілі бір дериваттық семантиканы білдіретін сөздер тудыратын қосымшаларды ( -шы, -гер, -ман) топтастыру, кейбір функциялық қосымшалардың сипатын көрсету секілді мәселелер назардан тыс қалып қояды. Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасалмай, сөз түрленуі де мүмкін: (мәселен: біз кел-ді-к. ) . Сондай-ақ, аналитикалық тәсіл бойынша сөздердің қайталануы, қосарлануы арқылы жасалған сөздердің бәрі бірдей жаңа мағына білдіре бермейді. Мәселен, тау-тас, көйлек-көншек, жан-жануар дегендер жинақтық я жалпылық мағына берсе, мая-мая, отыз-қырық дегендер топтау мағынасын берген, демек, бұл сөздер әр түрлі грамматикалық мағына ғана білдіріп тұр. Түркі тілдерінің грамматикаларына ортақ жағдай: аналитикалық тәсілдің сөздердің бірігуі, қосарлануы мен тіркесуі ретінде көрініс табуы. Олардың ішінде тек кейбіреуі ғана сөздердің қысқаруын аналитикалық тәсіл ретінде қарастырады.

Диалектиканың даму зандылығы бойынша, ештеңе жоқтан пайда болмайды. Тіл қоғамда өмір сүреді, қоғамның барлық өмірі тілмен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, ондағы сапалық өзгерістер тілдің құрылымы жағынан дамуына, жетілуіне, саралануына әсер етеді. Тіл құрылымы мен құрылысындағы дамудың нәтижесінде тілдің жаңа саласы - сөзжасам сараланды.

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлінуінің де өзіндік негізі бар. Оның тарихы түркологиялық еңбектерде жатыр. Түркі тілдерінің сөзжасам мәселесін алғаш көтерген «Дивану-лұғат ат-түрк» (XI ғ. ) сөздігінің авторы М. Қашқари. Ол өзінің сөздігінде есім сөздер мен етістіктерден жаңа сөздер жасаған көптеген аффикстерді көрсеткен . Олардың мағынасын нақты мысалдар арқылы ашып берген. Сөзжасамдық қосымшаларды зерттегені туралы алғашқы мәліметтерді XIV ғасырдағы Ибн-Муханнаның, Абу-Хайянның еңбектерінен де кездестіруге болады.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілі А. Казембек грамматикасында кең көрініс тапқан. Түркологиялық еңбектерде, әрине, сөзжасам жеке сала ретінде танылған жоқ, бірақ Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикалардың ешқайсысы сөзжасамға соқпай кетпеген деуге болады. Мәселен, П. М. Мелиоранский (1894), М. Терентьев (1875), Н. И. Ашмарин (1848), И. Гиганов (1801), Г. Махмудов (1897), ал, Архангельскийдің (1894) сңбектеріндс сөзжасам тәсілдері, негізінен, морфология саласында қарастырылып, сөздердің қосарлануы, бірігуі сөз жасаудың бір жолы ретінде беріледі.

XX ғасырдың I жартысында көптеген түркі тілдерінің грамматикалары жарық көрді. Ол кездегі грамматикалардың көпшілігіне тән нәрсе - сөзжасам сөз таптарының құрамында қарастырылып, сөзжасамның екі тәсілі - аффикстік жәнс сөздердің бірігуі мен қосарлануы көрсетіледі. Бұған: А. Самойловичтің (1923), В. Гордлевскийдің (1928), С. Ястремскийдің (1938), И. Батмановтың (1939), В. Насиловтың (1940), А. И. Кононовтың (1941), Н. А. Баскаковтың (1940), Н. К. Дмитриевтің (1940, 1948) . Л. Н. Харитоновтың (1947), Н. Т. Дыренкованың (1940) еңбектері дәлел.

Түркі тілдерінің сөзжасам мәселесі 50-ші жылдардан кейін көпшілік жағдайда дербес сала болып бөлінбей, морфологияның құрамында қарастырылып келді.

60-жылдардағы кейбір зерттеулерде синтетикалық, аналитикалық тәсілдерге қосымша фонетикалық тәсіл туралы мәселе қарастырыла бастады. Оны қолданушылар: С. Джафаров (1960), Г. Гарипов (1959),

Э. Севортян (1962), Л. Покровская (1963), А. Гулямов (1964), С. Усманов (1964), Ф. Ганиев (1971) т. б.

Ал сөзжасамның лексика-семантикалық немесе лексика-грамматикалық тәсілдері А. Н. Кононовтың (1960), А. Гулямовтың (1964), Э. Севортянның (1962), Б. Орузбаеваның (1964) еңбектерінде баяндалады.

Сөзжасамға қатысты зерттеулер 1970-80 жылдары өте көп жазылды деуге болады. А. Нажимов қарақалпақ тіліндегі қос сөздердің жасалуын (1971), Н. А. Шарипов өзбек тіліндегі сөзжасамдық аффикстерді (1972), К. Ахунджанова өзбек тіліндегі сөздердің интернационалдық лексика негізінде жасалуын зерттеді (1973) .

Түркологияда сөзжасам мәселесін жеке қарастырған Б. Орузбаева, Э. Севортян, Ф. Ганиев, Ч. Х. Бакаев, Ә. Қайдар еңбектерін ерекше атауға болады.

Сөзжасам мәселелерін тағы бір қырынан танытатын еңбектер деп көне түркі және ортағасырлық есакерткіштер тілін зерттеген еңбектерді айтуға болады. Оған Ғ. Айдаров, Е. З. Қажыбеков, А. Есенғұлов пен А. Раджабовтың, Ә. Керімовтың, А. Салқынбайдың, Ж. Отарбекованың диссертацияларын айту маңызды.

Сөзжасамның басты мәні - жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, оның өзіне тән жасалу жолдары, арнайы тәсілдері болатыны даусыз.

Қазақ тілі сөзжасамына қатысты жалпы мәселелер Н. И. Ильминский, М. А. Терентьев, П. М. Мелиоранский сияқты орыс ғалымдарының еңбектерінде қысқаша сөз болғанымен, оның ана тілімізде зерттеле басталуы халқымыздың біртуар даңқты перзенттерінің бірі А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады. Мұнда автор сөз тудырушы жұрнақтардың атқаратын қызметі мен қажеттілігі жайында бірнеше құнды пікір келтіреді [13, 56] . Сондай-ақ, ғалым Қ. Жұбанов өзінің «Қазақ тілі грамматикасында» сөз тудыру жолдары жайында бірқатар тұжырымдар айтады [14, 136] .

Кейін жарық көрген Қ. Кемеңгерұлы, А. Ысқақов, К. Аханов, И. Ұйықбаев, Н. Сауранбаев, Н. Оралбаева, Қ. Есенов, С. Исаев, Ғ. Қалиев, Ә. Төлеуов, Е. Ағманов, Е. Жанпейісов, Б. Құлмағанбетова, М. Серғалиев, З. Бейсембаева, А. Салқынбай, Б. Қасым және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен осы құнды бастаманың жалғасын табамыз. Сөзжасам өз алдына сала, құбылыс, жаңа сөз жасау процесі екендігін танып, оның мәнін ашып, ғылыми теориялық негізін айқындауда профессорлар Н. Оралбаева мен С. М. Исаевтың еңбектерінің маңызы зор.

Сөзжасамның қазіргідей дәрежеге жетуінің негізі әріде. Басқаша айтар болсақ, тіліміздің әбден қалыптасқан, орныққан күрделі, өте жүйелі сөзжасамы - ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Сөзжасам мәселесіне қатысты еңбектерге шолу жасай отырып, қазақ тіл біліміндегі сөзжасамның зерттелуін мынандай кезеңдерге бөліп қарастыруды зерттеуші Абдирасилова Ж. Қ. былайша ұсынады:

  1. ХІХ ғасырға дейінгі кезең. Сөзжасам қосымшалары туралы ілімнің негізі қалануы.
  2. ХІХ ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Сөзжасам тәсілдері туралы алғашқы зерттеулердің жарық көруі.
  3. ХХ ғасырдың І жартысы. Көптеген ғылыми грамматикалардың жарық көріп, сөзжасамның морфологияның бір элементі ретінде қарастырылуы.
  4. 1950 жылдардан кейінгі кезең. Негізінен морфологияда қарастырылғанымен сөзжасамның өзіндік қасиеттерінің (өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыздығы) зерттелуі, дербес сала ретінде арнайы зерттеу нысаныңа айналуы, тарихи тұрғыдан зерттеле бастауы [1, 9] .
  5. 1989 жылдан кейінгі кезең. Бұл кезеңде сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде жан-жақты зерттелуі.

Сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оны тұлғалық, құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан қарау керек. Тіл білімінде сөзжасам термині екі түрлі мағынада қолданылады:

  1. Сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жаңа сөз жасау жолы.
  2. Тілдік құбылысты зерттейтін ғылым. Сөзжасам - ғылым ретінде сөз тудыру жүйесін, оның өзіне тән заңдылығын, жаңа сөздің пайда болу әдіс-тәсілін, тілдік құбылыс ретінде жаңа сөз жасау процесін зерттейтін тіл білімінің жеке бір саласы.

Сөзжасам ғылымының да тілдің басқа салалары сияқты зерттейтін нысаны бар, ол - сөз. Мысалы, тілдің лексикология саласы кез келген сөзді мағынасына қарай, морфология құрамына тұлғаларына, сөз табына қатысы тұрғысынан, синтаксис сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылыс материалы ретінде, фонетика дыбыстық құрамына қарай зерттейді. Ал сөзжасам ғылымының негізгі зерттеу нысаны - сөздің жасалу процесін емес, сол процестің жасалу нәтижесін, туынды сөз құрылымын, жасалу жолын зерттеу.

Сонымен, сөзжасам мәселесін тіл білімінің бір саласы деп тануда мынадай деректерге сүйенеміз:

Сөзжасамның өзіне тән зерттеу нысаны бар, ол - туынды сөз; тіл қабатынан алатын орны бар; өзіне тән зерттеу әдісі бар: морфемика мен дериватология (сөзжасам) ; мазмұны бар: оған сөзжасамдық ұғымдар жатады; сөзжасам тәсілдері бар; ғылыми терминологиясы бар.

Сөзжасамды арнайы зерттеп жүрген қазақ тілі мамандары сөзжасам тәсілдерін үшке бөліп көрсетіп жүр: синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтетикалық), лексика-семантикалық. Бұлайша бөлу құрылымдық жағынан алғанда істің жайын дұрыс көрсететін секілді. Сөздердің жасалуының амал-тәсілдері (бірігу, қосарлану, тіркесі, аффикация) әр түрлі болғанымен, жасалған сөздің жаңа мағынаға ие болуы - дериваттық семантикасы жағынан келгенде сөзжасамдық процесті, оның нәтижесін толық көрсетеді дей алмаймыз. Себебі, синтетикалық (морфологиялық) тәсіл арқылы жаңа мағыналы сөз жасалмай, сөз түрленуі де мүмкін. Мәселен : « біз бар-ды-қ» дегенде -ды процестің өткен мерзімін білдірсе, - қ жақтық (жіктік жалғауының І жағы) әрі көптік секілді реляциялық мағына береді. Сондай-ақ, аналитикалық тәсіл бойынша сөздердің барлығы бірдей жаңа мағына білдіре алмайды. Мәселен, мая-мая, тау-тау, жиі-жиі дегендер жинақтық я жалпылық мағына, яғни әр түрлі грамматикалық мағына білдіретін синтетикалық және аналитикалық тәсілдерден сөзжасамдық тәсілдердің өзгешелігі қандай деген сұрақ туады. Кейде тәсілдер таза күйінде кездеспейді. Мәселен, « көсеу, егеу, қашау, бояу, сабау» туынды сөздерін алайық. Бұл сөздер зат атаулары ма әлде қимылды білдіріп тұр ма? Бастапқы қимылды білдірген көсе, еге, қаша, боя, саба сөздеріне етістіктің -у жұрнағы жалғанып, қимыл атауларын білдірген де, бірте-бірте қимыл атаулары зат атауларына айналған. Бұл жерде субстантивтену процесі басты орын алып тұр. Сондай-ақ қазақ тілінде құрамында септік жалғаулары бар, кейіннен адвербиалдану процесіне ұшыраған көптеген сөздер бар. Мысалы: алға, артқа, текке, бекерге, бірге, зорға секілді сөздердің құрамындағы барыс септік жалғауы; осында, мұнда, сонда, баяғыда деген үстеулердің құрамындағы сөз түрлендіруші -да, -де; баяғыдан, бұрыннан, кенеттен, әуелден, етпетінен деген үстеулердегі шығыс септік жалғаулары; күнімен, жөнімен дегендердегі көмектес септік жалғаулары қазіргі кезде грамматикалық мағына беріп, сөздерді байланыстырып тұрған жоқ. Бұл жөнінде үстеулердің сөзжасамына байланысты Қ. Есенов былай дейді: «На первый взгляд кажется, что такие наречия состоят настоящее время потеряли свое первоначальное значение и составляют единое целое с основами данных слов» - дей отырып, бұндай қосымшаларды үстеулердің сөзжасамдық элементі деп көрсетеді [16, 4] . К. Аханов бұл құбылысты декорреляция процесі деп көрсеткен болатын [16, 106] .

Сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған сөздердің барлығы дерлік тілдің сөздік құрамына еніп, сөздік реестрге кірмейді. Өйткені кейбір қосымшалар белгілі бір контексте, белгілі бір жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін. Сондай кейбір қосымшалар туралы С. М. Исаев былай дейді: «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! - деді ( М. Ә. ) сөйлемдегі айтушы, ұқтырушы, болсайшы дегендерді сырт тұлғасына қарап, қосымшалар арқылы жасалған жаңа сөздер деуге болады, бірақ бұл сөздер сырт тұлғасы жағынан болмаса, шын мәнінде жаңа лексемалар емес. Өйткені бұлар сөздік құрамға енген лексикалық бүтін, демек, сөздіктерде жеке берілетін реестрлік сөздер емес. Белгілі контексте ғана қолданылатын және сол контексте ғана түсінілетін тұлғалар. Олардың жасалу шегін, жұмсалу шеңберін туынды сөз ретінде айқындауға болады.

Қандай тәсіл арқылы жасалса да, сөз тудырудың (сөзжасамның) ең басты мәні, ерекше сипаты - жаңа мағыналы сөз (жалаң сөз, туынды сөз, күрделі сөз болсын) жасап, сол арқылы, біріншіден, жаңа ұғымның атауы пайда болып, екіншіден, қазақ тілінің сөздік құрамын байыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оралхан Бөкейдің монологтары
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері;.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер;.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Оралхан Бөкей шығармашылығы
Туынды эмоционалды сөздер
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz