Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері».
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І САН ҚЫРЛЫ Ақын шығармашылығы
1. 1 Ж. Жақыпбаевтың шығармашылық өмірбаяны . . . 6
ІІ ЖЫР ҚАҒАНЫ ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВ
2. 1 Ж. Жақыпбаев поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшелігі . . . 15
2. 2 Ақын тіліндегі оралымдар, авторлық қолданыстар . . . 37
Қорытынды . . . 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Кез-келген ақынның суреткерлік шеберлігін, тілін зерттеу түптеп келгенде сол ақынның өз дәуірінде дарабоз дүлдүл қатарында болғаны мойындау.
Қазақ халқы ықылым заманнан бері ақындық қасиетке бай келіп, ақындарға кенде болмаған. Тіпті, сонау түркі дәуірінде тасқа таңбаланып, қалдырылған жазбалардың өзі поэзия үлгісінде жазылуы да көп нәрсені аңғартса керек. Ал, біздің тоқталып отырған ақынымыз Ж. Жақыпбаев - болмысы мен ақындық мінезі өзгеден ерек суреткер. Ж. Жақыпбаев поэзиясы тарихқа желі тартар тереңдігімен, түйдек-түйдек философиялық ойларға бай данышпандылығымен, өткір тілімен, ой ұшқырлығымен, шығыстық нәзік лирика ұшқынымен, оқымыстылығымен тамсандырып, бас игізеді. Саналы ғұмырын поэзия көгінде қалықтауға арнаған ақын тірісінде лайықты бағасын ала алмаса да, бүгінде өз биігінен орын тепті. Бұл еңбекте ақын шығармашылығын талдап, тілдік ерекшелігін айқындауға арналады.
Ж. Жақыпбаевтың бүгінде қолымызда бары үш-ақ кітабы. Том- томдық кітаптары баспа есігінен төгіліп жатса да, берері күмәнді ақындар бар да, бір шумағына тұтас роман-яэпопея жүгін арқалатқан ақындар бар. Жұматай солардың соңғысының қатарында.
Айтыс ақыны, Жұматай Жақыпбаевтың замандасы Есенқұл Жақыпбек «Тазқара құстың тағдыры» атты кітабында қаламгер жайлы былайша тебіренеді: «. . Өлең үшін ғана өмір сүріп, өлең үшін өліп кеткен бір ақынды көзім көрді. Ол - Жұматай Жақыпбаев! Ғашық жүрегінің ғазалдарын ғана жазып өтті Жұма-ағаң. Басқа нәрсеге бас ауыртқан жоқ. Және тамтұмдап, дәмдеп қана жазды. Дәндеп жазған жоқ. Өзін-өзі көрсетуге асыққан жоқ. Сонымен өзін-өзі сыйлата білді. Ал, қазіргілер өзін-өзі сыйлату үшін түрлі пендешілікке барып жүр» [27, 7] .
Белгілі ақын Темірхан Медетбек «Толғауы тоқсан дүние» еңбегінде ақын жайлы былайша пікір білдірген: «Мен уақыттың, заманның ақынымын. Менің шығармашылығымның көзге көрінбейтін тетік, бұрандалары уақыт пен заманның тетік, бұрандаларымен үздіксіз айналысқа түсіп тұрады. Ол бір жұмбақ механизм. Ал Жұматай табиғатпен тікелей байланысты ақын еді. Дәлірек айтсам, ол табиғаттың, бас әріпсіз-ақ, қарапайым ғана жазылатын жусан, ажырық, раң сияқты жұматай деп аталатын өсімдігі болатын. Дала өсімдігі. Өкінішке орай, қалада жүрді. Дала өсімдігі қалада өмір сүре алмайды ғой. Ол қаланың лас ауасынан, запыран суынан өлді . . . » [28, 17] .
Жұматай поэзиясының өне бойында сәби жүрегінен тарағандай шынайы сезім лебі, кіндік кесіп, кір жуған жерге деген ыстық ықылас, өткір юмор, сатира, шығыстық, нәзирагөйлік сарын, сал-серіліктің де ұшқынын жазбай тануға болады.
Осы кезеңге дейін Ж. Жақыпбаевтың шығармашылығы әдебиетшілер мен зерттеушілердің, сыншы, ғалымдардың баспасөз бетінде жариялаған мақалаларында, бірнеше ғалымдардың ғылыми жинақтарында талданған.
Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрының қарыштап дамып, өсуіне үлес қосқан Ж. Жақыпбаев поэзиясын зерттеп, жүйелеп, шығармашылық еңбегін ғылыми негізде жүйелеу.
Тақырыбы: Ж. Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Ж. Жақыпбаевтың поэзиясының тілін, көркемдік ерекшелігін, көтерген тақырыптарының өзектілігін айқындау мақсат етіледі. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылады.
- Ақын жары З. Елғондинованың «Менің ертегім» эссе- естелігіне сүйене отырып Ж. Жақыпбаевтың шығармашылық өмірбаянын жасау;
- Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу;
- Шығыстық поэзия үлгісі мен ақын поэзиясының үндестігін анықтау;
- Ақын поэзиясындағы ұлттық рух, дәстүр сабақтастығын айқындау;
- Жұматай Жақыпбаевпен тұстас өзге ақындар шығармашылығымен салыстыру, ерекшелігін көрсету.
Зерттеу объектісі: Ж. Жақыпбаев қаламынан туған лирикалық өлеңдер, поэмалары.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы: Диплом жұмысында қамтылған материалдар мен жүйелі түрде топтастырылған, ғылыми тұрғыда тұжырымдалған қорытынды ой-пікірлерді қосымша мәлімет, әдеби теориялық талдау ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіснамасы: жүйелеу, топтау, салыстыру, жинақтау талдау, бақылау.
Жұмыстың зерттелуі: Диплом жұмысын жазу барысында негізгі теориялық әдебиеттерден басқа Ж. Жақыпбаевтың шығармалар жинағы, ақын шығармашылығына, поэзияға қатысты зерттеулер, монографиялар және әр кезеңде, әртүрлі баспасөз беттерінде ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған мақалалар, естеліктер қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ақын шығармашылығы
1. 1 Ж. Жақыпбаевтың шығармашылық өмірбаяны
Жұматай (Жұмағұл -Шора) Сағадиұлы Жақыпбаев - қазақ өлеңінің төрінде ерекше орны бар аса дарынды тұлға. Ж. Жақыпбаев 1945 жылы бірінші қаңтарда Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Абай атындағы кітапхананың меңгерушісі болып бастаған. 1967 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Одан кейін Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» баспасының музыка, поэзия бөлімінде қызмет істеген. 1980-85 жылдары «Жалын» альманағында поэзия бөлімінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болды. Арғымақ ақын 1990 жылы қырық бес жасында дүниеден озған.
Қалмаймын деп мына өмір көшінен,
Жастай зерек ғажайып күй кешіп ем.
Жан адамнан жасқанбай һәм жасымай,
Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем, -
деп өзі жырлағандай, өмірден өткенше «иттен де қалған, құстан да қалған» көңілін күймен әлдилеп, кеудесін жан адамға бастырмай, асқақ еңсесін төмен түсірмеген, асыл жырға адалдығынан айнымаған [ 1, 5] .
Ж. Жақыпбаевтың шығармашылық өмірі жайындағы құнды деректерді талай жыл ыстық-суыққа бір күйіп, бір тоңған аяулы жары, ақын, журналист Зайда Елғондинованың «Менің ертегім» естелік-эссесінен мол ұшыратамыз. Ақын шығармашылығын, өмір бұралаңын әңгіме еткенде де осы еңбекке баса назар аударатынымыз да сондықтан.
Жұматай Жақыпбаев - болмысы бөлек, ерекше ақын. Өлең өлкесі қаншалықты өзгеше келсе, өмір өткелі де ғажайып, сұлу. «Мен қасқа маңдай, бота көз жігітпін ғой. Біз қара шапанбыз, жалпы руымыз Мырза. Төренің қызынан туғанбыз. Әкем Сағади өмір бойы болыс болды. Ауылдық кеңестің бастығы дегенім ғой. Біздің үйде қазыны ит жейтін. Мен туғалы ас та төк молшылық болды. Әкем бала кезінен еркелетіп өсірді. Тіпті әкемнің маған деген мейірімін туған бауырлары да қызғанатын. Әкемнің әкесі Жақыпбай елге сыйлы болыс болған. Жақыпбайдың інісі Шалғынбай батыр болған. Сенің Тоқсанбай атаңа ұқсап, жау қайырған. Жақыпбай би тек төрелермен құда болған. Тұқымдарымен сұлу да сымбатты, ірі екен. Ал қыздары тана көз хас сұлудың өзі болғандығы сонша, хан да, қара да құда түскен» [ 2, 19] .
Ақын сөзінен балалық шағының уайым-мұңсыз, таршылықсыз өткенін, белді, беделді ақсүйек ұрпағы екенін, ата-ана алақанының мейірімін сіңіріп, уайым көрмей есейгенін аңғарамыз.
Бәлкім, сондықтан болар, уақыт тасқыны ақын мінезіне серілік қасиетті бірге дарытқан. Жүйрікті ерттей мініп, қыраны томағасынан қомағайлана қарап, құмай тазысы абалана үрмесе де, өлеңінен серілік дәстүрдің ұшқынын анық, айқын аңғаратынымыз бар. Кейде сол серілігі серік болмай, жарға жығып, ақын маңдайына таяқ болып тиіп, тағдырын тәлкекке салған сәттер де аз емес. «Мені бір әйел өзінше жақсы көрді. Менен бала сүйді. Балалы болып алған соң, мені өзінің жеке меншігі санап бүкіл болмысымды өзгертіп, өзіне лайықтап саз балшықтан сезімсіз, түйсіксіз Жұматайды қайта жасап алғысы келді. Содан менің мойныма атша мініп, ауыздықтамақ болғанда, мен оны иығымнан лақтырып жібердім. Ол шаң қауып құлады. Бірақ одан ешбір қорытынды шығармады. Маған өшіге түсті. Қолымдағы қаламымды қағып түсірді. Жұмысқа барсам, терезеден сығалап қарап тұратын. Ләйләға арнап өлең жаздың деп өлеңдерімді өртеп жіберді. Мен одан енді қашатын болдым. «Жерге кірсең, шашыңнан жұлып шығарамын, аспанға ұшсаң аяғыңнан тартып түсіремін», - деп қыр соңымнан қалмады. Жұмыстан шығартты. Істер айлам болмай, әке-шешемнің қолтығына тығылып ем, тамағыма у салып бермек болып оны әкем біліп қойып, «Балам, сенің ажалың әйеліңнен болайын деп тұр екен, бұл үйден кет», - деді маған. «Қайда кетем? -деп едім. «Орта құмға кет, қой бақ» - деді. Ал шешем байғұс шырылдап жүр: «Шатырға тығып қоялық, қой бақпай-ақ қойсын», - деп»[2, 30] .
Рас. Ақын жаны, жаратылысы тым нәзік келеді. Кейде, көптің байыбына жетпей, жылтырағанға жармаса кететіні де бар. Сол үшін ақын басына әңгір таяқ ойнап, салы суға кетеді. Ақын да пенде. Қате кетіп, шалыс басуға құқы да бар. Десек те, қателік жасау - қылмыс емес, оны түзетуге, қорытынды жасауға талпынбау - қылмыс. Ж. Жақыпбаев қателігі - серілік салдары. Ертеде етек жайған серіліктің кейінгі заман шегіне сыймай, күні өткенінің көрінісі бұл.
Ақиық ақын поэзиясы жайында сөз қозғағанда, үкілеп, ғұмыр бойы әспеттеген Ләйләсі турасында айтпай кету - күнәнің ауыры. Ләйлә - Жұматай Жақыпбаевтың музасы ғана емес, жер басып, төс керіп жүруіне негіз - ауасы секілді. Ләйләсіз ақынды, ақынсыз Ләйләні елестету мүмкін емес. Олар - тұтас организм, бөлінбес галактика. «Менің ылғи да атылып өлгім келетін. Жан-дүниемнің кірлеп, қорланғаны сонша, өмір сүру деген ойыншықтай көрінді. Жан ауруы бір жағынан, жүйке ауруы бір жағынан, Сағидың баласы оқудан шығып, қоңыз теріп қайтып келіпті, - деген елдің сөзі бір жағынан менің ақыл-есімді қамшылай берді. Бір күні әкем шақырып алып, «Балам, жайлауда той болады екен, барып көңіліңді көтеріп қайт», - деді. Көкпар тартып жүріп үйдей тастан ат секіртіп, «Жұматай ажалсыз» атандым. Қайда барсам да өлсем деген бір ой қыр соңымнан қалмады. Жайлаудан етекке түскенім сол еді, танауы желбіреген қарындасым жүгіріп келді:
- Аға, Ләйлә келді, Ләйлә, - деп.
- Балапанның қызы келіпті Мәскеуден, - деп көршідегі апам шешеме сыбырлап жатыр. Сөйткенше болмай, қара Волга біздің үйдің жанынан зу ете қалды. Менің өне бойымды тоқ соққандай болды. Мен жалт қарадым, Ләйлә көңілсіздеу машинаның артында отыр екен. Мен топталып тұрған кісілердің ортасына тығыла түстім. Бұғып қалдым, тақыр басымды сипап мұңайып тұрдым. Оның сұлу дидары, нұрлы жанары мені қайтадан өмірге оралтты», - деп Жұматай махаббаттың құдіретін мойындай келе Ләйләмен алғашқы таныстығын былай баян етеді: « . . . Менімен бала жасынан бір партада отырған Аманбол деген досым бар. Сол бірінші кластан бастап, оныншы класқа дейін есепті менен көшіретін. Оныншы класты бітіріп әркім әр жаққа аттанды.
- Жұмеке, Талдықорғандағы мал дәрігерлік техникумға оқуға түссем деп едім, - деп ол желкесін қасыды.
- Немене, Алешка, сенің орныңа кіріп, емтихан тапсырайын ба?
- Жоқ, Жұмеке. Менімен бірге техникумға оқуға түссеңші, - деді ол қиылып.
Сөйтіп бір топ жігіт сол жылы күзде мал дәрігерлік техникумға оқуға түсті. Келесі көктемде, жатақханада жиі-жиі бас қосулар, би кештері болып тұрды. Ж. Жақыпбаев би билеуді онша сүймеген. Сондай кештердің біріне барып, ішім пысып, шеткерілеу тұрғанда, есіктен бір аққұба, қара көзді, әдемі қыз кірді. Соңында сіңлілері ме, кішірек бір топ қыз бар. Қыз кірген бойда шағын би алаңын көзімен шолып өтті де, ақын тұрған жаққа жалт қарады. Екеуінің көзі ұшырасып қалды. Өне бойынан тоқ соққандай дір етті. Аяғын санап басып, қыз жақындаған сайын жүрегі атша тулады. Өмірінде әйел баласының алдында толқығаны бірінші рет болатын. Көзі оттай жанып, тіп-тік денесін шалқақ ұстап келіп қыз биге шақырды. Жұматай Жақыпбаев би білмейтін еді, орнынан қозғалмай жымиып тұра берді. Тосылып қалған қыз бетіне жалт қарады. Мұндай ғажап жанарды да бірінші рет көрген ақын толқи берді. Өкпелегені ме, әлде кіналағаны ма белгісіз, бетіне тесіле қараған ол, жалт бұрылды да, қасындағы кішкене қыздарға:
- Если он не будет моим, я не буду жить!- деп шыға жөнелді . . .
Ертеңіне өзі жек көретін би кешіне тағы да барды. Ләйлә енді қасына жоламады. Анадайдан ұрланып қарап тұрды. Би біткенше ешкіммен билемеді. Тағы да ұйқысыз түнді бастан кешірді. Таңға жуық Ләйләға арналған алғашқы өлең қағазға түсті:
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойнына жұқа алқызыл шарф байлап ап.
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыстан тұрдың көзқарасыңмен аймалап.
Қарадың солай, қарадың солай, обал не,
Қарамадың ба, жоқ әлде?
(Осы өлеңді оқып болды да, ақын терең күрсінді. Бір қызығы, ақын барлық өлеңдерін дерлік жатқа білетін. )
Бір күні Ләйлә би кештеріне келмеді. Ай күтті, апта күтті, жоқ. Артынан Мәскеуге кетіпті деп естіді» [2, 139 ] .
Міне, осы мезеттен бастап, бір-біріне тіпті ұқсамайтын кесек-кесек шумақтар «дүние есігін айқара аша бастады». Мұң, қуаныш, қайғы, сағыныш - әр шумақтың өне бойын әрлендіріп, көркемдігін еселей түсті.
Ж. Жақыпбаев, сөз жоқ, тума талант. Ал талантты тынымсыз іздену арқылы шыңдай түспесе, су астында тот тұнған темірдей мүсәпір күй кешіп, жауыннан соңғы алаудай жоғалары тағы бар. Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылық ғұмыры да «оқы, оқы және оқы» қағидасымен өлшенді. Бұл қасиет ақын қанына туа біткендей. Оны өзі де аңғаратыны анық. Естелік-эсседегі Зайда апамызбен Жұматай ақынның диалогынан мұны аңғару қиын емес:
- « . . . философияны терең білмеген адам ақын болып жарытпайды. Жалпы, мені түсінгің келсе, көп оқы, әсіресе, классиктерді, шетел әдебиетін оқы. Орыстың ұлы ақындары туралы замандастары жазған естеліктерді оқы.
- Сен өзіңді ұлылар қатарына жатқызасың ба?
- Иә, - деді ол ешбір қысылмастан».
Рас, Жұматай ұлы. Жұматай өзінше ұлы. Оны Абай, Пушкин я Лермонтовтың қатарында қарау әбестік. Ол - оқымыстылығымен, түйдек-түйдек философиялық ойларымен, нәзік лирикасымен ұлы. Десек те, жоқшылық шекпені Жұматайға да еріксіз маталып, шырмайды. Алайда, ақын рухы түспей, болашаққа тұнық көзбен қарайды:
«Мен таң-тамаша қалдым, оған бір, өзіме бір қараймын. Біздің кедейшілік жайлап алған үйімізге бір қараймын.
- Сен ұлымын дейсің, ә? Ұлы адамның тұрағы зәулім сарай болуы керек те, серігі сұлу қыз болу керек. Ол керемет атақты да даңқты болуы керек. Сенде оның үшеуі де жоқ. Жапырайған жаман пәтерде отырсың, айта берсең, істеп жүрген қызметің де уақытша. Ал қасыңдағы серігің мен де оңып тұрғаным жоқ. Не сұлу емеспін, не ақылды емеспін.
- Айтқаныңа қосылмаймын, Зайда. Хан қайда отырса да, оның отырған жері қасиетті болуға тиіс. Мен ұлымын, ханмын. Мен сүйген әйел сұлу болмаса да сұлу, себебі ол менің ханымым. Ал адам берген атақ пен даңқтың қабырғасын ұрмаймын да мен. Маған атақты да, даңқты да құдайдың өзі берген, - деді ол шімірікпестен» [ 2, 140] .
Иә, тек өр ақынның маңдайына ғана біткен бір беткейлік осындай-ақ болар. «Күнге ғана күнбағыс болып бұрылған» ақын тірі пендеге бас иіп, бетін еденге сүйгізбек емес. Дараларға ғана бітетін сара мінез жыр жампозының ерекшелігін екшеп тұрса да, шынайы өмірде, нақтыласақ, ақын өмір сүрген дәуірде біреуге кіріптарлық танытпай асқаққа өрлеу мүмкін емес-тін. Сондықтан болар, ақын өмірінің тұла бойында таршылыққа көп ұшырап, дұшпандарының тырнағына көп ілікті, мертікті. Тек рухы жасымады. Өлеңі де өр, асқақ қалпында қалды, илікпеді. Арқалы ақын аға сәйгүлік-жырдың тізгіні қолына тиісімен бірден жалына жармасты. Көкке шапшыса бірге көтерілді, ентігін басса, қара жерге тік тұра табанын тіреді. Бәрібір байыз таппады. Сөйтсе де, тізгінді күштеп қақпады. Өзін де, өлең образына айналған Кенежиренін де баптаған үстіне баптай берді. Бәрібір көңілі тояттамады. Осы күні көбіміздің аузымызда жүрген әйгілі айшықты жыр жолдары да сол шақта туса керек:
Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде,
Көп кещеге қай бетіммен кектенем.
Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген?
Қаны қара қазандай қаншалықты сақыр-сұқыр қайнаса да, өлеңнен өзге ешбір дүниені көз алдына елестете алмайтындығын бек білді және бұған имандай ұйыды. Намысқа суарылған наркескендей күй кешіп жүріп, өзімен өзі алысты. Алыстағыны да, жақындағыны да жанына медет тұтпады.
Адамзаттың арғы-бергі тарихында тура осы жолмен жүрген таланттылар аз кездеспеген. Керек десеңіз, көздеген осындай мұраты үшін жалғанның жарығымен де қоштасқан.
Кебенекпен жүргенді керексізге жорыма,
Айтқаныңды қосайын ақыл-естің қорына.
Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей,
Ақындарға абырой оралады соңыра.
Жастарды әрдайым қамқорлығына алып жүретін Тұманбай Молдағалиев: «Жұматай! Сен қазақтың болашақ ұлы ақындарының бірісің!» - десе, мұңайғанда маңдайынан сипай білген Олжас Сүлейменов: «Жуматай - истинный и даже редкий поэт!» - деп үлкен баға берген. Өзара сырлас, көп ретте тағдырлас та болған Асқар Сүлейменов: «Оның өлеңдері табиғи бітімі, концепциялық айшықты ойы жағынан да ұлттық поэзиямыздың айтулы олжасы, оқшау құбылысы. Әр шығармасы шыңыраудан су шығарғандай көрінеді”, - деп таңданысын жасыра алмаған.
Рухани игіліктің аспаннан өздігінен жауа бермейтіндігі белгілі. Жұматай Жақыпбаевтың қазақ поэзиясындағы ерекше құбылыс екендігі әлдеқашан айтылған. Ақынның көрсем, білсем, ұқсам деп түнді-түнге, таңды-таңға жалғаған бозторғайдай тынымсыз шырылдаған жүрегі өлеңдерінен сезіледі.
Қалмаймын деп мынау өмір көшінен,
Жастай зерек, ғажайып күй кешіп ем.
Жан адамнан жасқанбай
Һәм жасымай,
Құнанбаев Оспан құсап өсіп ем!
Оқымаған кітабы, тауыспаған ілімі жоқ Жұматай Жақыпбаев әлемдік ақыл-ойдың толғақты жолын көктей шолып қана қоймады, жан-дүниесімен ұғына білді. Сөйтіп, ол танымның сезімдік, түйсіктік және логикалық сатыларын бастан кешіріп барып, өзінің толымды философиялық тоқтамына қазық қақты.
Күледі ел маған. “Күледі жақсы соң күлген”,
Еркек боп тусам, ерітсем дедім тоңды үнмен.
Әдебиет деген әлемге қажет шаруаның
Археологы да, геологы да болдым мен.
Шартараптарға шашатын кейін даңқы нұр,
(Шарапатың мені де келіп шарпығыр) .
Киімі алтын кісіні емес, сені іздеп,
Сені іздеп жүрмін, сері мінезді Алтын ұл! -
деген үзеңгі үзердей тебіренісіне таңқаласыз.
Оның ақын ретіндегі феномені де осы жерде байқалады. Жүрегінің байтақ терезесіне барынша мол кеңістікті ақ-қарасы, бар-жоғымен қатар түсіре білуінде. Соны миының мың градустық пешінде бабына келтіре балқытып, маржанын тере алғандығында. Сезім сергектігі интонацияның нәзік пернелеріне дем беріп, екінің бірінің назарына іліге қоймас шуақтарға малынды, қайсыбір мың жыл міз қақпай тұрған тас қақпалар алынды. Тектілік тегеуріні, жаратылыстың жанартауы деп, асылы осыны айтсақ керек. Және бір үлгіге зер салыңыз:
Қашаған құсап құйғытқан қия жермен де,
Таптатты ма екен табынан жинай келгенде.
Асыққан малшы атынан түспей терген бе?
Тоғайдай қалың таңқурай жатыр тапталып,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz