Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы


Тақырыбы: «Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы».
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Қазақ әдебиетіндегі публицистика
1. 1 Қазақ публицистикасының қалыптасуы мен дамуы . . . 7
1. 2 Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери публицистика . . . 14
2 Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы . . . 23
2. 1 Сұрапыл соғыс және қаламгер Мәлік Ғабдуллин . . . 34
2. 2 Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми публицистикасы . . . 41
2. 3 Мәлік Ғабдуллиннің эпистолярлық мұрасы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 52
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.
«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз . . . » [1, 147-148] - деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: « . . . Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [2, 38] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін «бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға» әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе - ол публицистика өнері.
Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді.
Бүгінгі дүниедегі қат-қабат өзгерістер заманында публицистиканың орасан зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды
Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер.
Бұл ретте алғаш аталатыны - М. И. Фетисовтың 1961 жылы жарық көрген «Зарождение казахской публицистики» атты еңбегі. Осы кітаптың алғы сөзінде М. Қаратаев пен А. Брагин былай деп жазыпты:
« . . . Фетисов правильно обратился к истокам казахской публицистики. Однако он не довел исследования до конца и оставил за гранью книги возникновение публицистики на страницах первых печатных казахских изданий - «Дала уалаяты» и, прежде всего - журнала «Айкап». «Дала уалаяты» - первая казахская газета, и естественно, что именно она призвала к деятельности и первых профессиональных публицистов. В еще большей мере интересен журнал «Айкап». Главы об этих изданиях могли придать книге окончательную завершенность и еще большую убедительность" [3, 10. ] - деп жазған екен. Қазақ публицистикасының пайда болуына қатысты зерттеуші ойлары кеңестік кезең талаптары тұрғысынан өріледі.
Бұл еңбекте Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары талданады, ал жалпы публицистика теориясына қатысты айқындама жоқ. «Газет жанрлары» деген атпен шыққан ұжымдық зерттеу жинағында публицистика жанрлары ғылыми тұрғыдан жүйеленеді. Онда баспасөз жанрлары орыс ғалымдары еңбектерімен тығыз байланыста қарастырылып, олардың публицистикалық сипатына мән берілді [4] . Қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелерді алғаш рет бір арнаға түсіріп, публицистиканы дербес пән ретінде қарастырып, оның мазмұны, формасы, әдісі, функциялары туралы ғылыми тұжырымдар жасаған профессор Т. Амандосов болды. Оның «Современная казахская публицистика» атты докторлық диссертациясында публицистиканың кейбір ерекшеліктері көрсетілді; Ә. Әлімжанов, Ү. Бағаев, Б. Бұлқышев, Ә. Нұршайықов, К. Қазыбаев сияқты қаламгерлер шығармашылығы негізінде публицистік шеберлік мәселелері зерттелді; қазақ публицистикасының жанрлары айқындалды [5] .
Профессор М. Барманқұловтың «Жанры печати, радиовещания и телевидения» атты оқу құралында баспасөз, радио және теледидар жанрларының салыстырмалы түрдегі талдаулары жасалды [6] .
Р. Ыдырысовтың «Казахская военная публицистика» атты кандидаттық диссертациясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери публицистика мазмұндық жағынан зерттелді [7] .
Журналистика мәселелерін әр жылдары зерттеген Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Қожакеевтің, Ш. Елеукеновтің, Ү. Сұбханбердинаның, З. Тұрарбековтің, С. Имашевтің, С. Матвиенконың, Ә. Ыдырысовтың, Н. Омашевтың, С. Қозыбаевтың, Т. Ыдырысовтың, Қ. Әбілдаевтың, М. Арғынбаевтың, С. Масғұтовтың, Р. Сағымбековтың еңбектерінде де публицистика туралы жекелеген пікір-тұжырымдар кездеседі.
Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А. Байтұрсыновтың, М. Әуезовтің, С. Қожановтың, Б. Майлиннің, Ғ. Мүсіреповтің, Ә. Бөкейхановтың, Н. Төреқұловтың, С. Ерубаевтың, Х. Досмұхамедұлының, Ә. Әлімжановтың, О. Сүлейменовтің, К. Смайыловтың, С. Мәуленовтың, Ш. Мұртазаның, Е. Букетовтің публицистік шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.
Десек те, қазақ публицистикасының гносеологиялық табиғаты, оның қалыптасу, даму арналары кең ауқымда алынып, тұтас зерттелмеді. Оған бірнеше себептер де болды. Кеңестік қоғам кезінде ғылымның басқа салаларындағы сияқты маркстік-лениндік методология публицистиканы тар шеңберде қарастыруға ғана мүмкіндік берді. Қазақ публицистикасының өзіндік тамырын ашудың ұлттық сананы ояту қаупі болды. Ал алғашқы газет-журналдардағы публицистикаға бір жақты баға берілді, ондағы көрнекті публицистер шығармашылығы зерттелмеді. Алаш қайраткер-қаламгерлерінің аттарын атаудың өзі қылмыс саналды. Публицистикадағы ұлттық мәселелер көрінісі туралы сөз қозғау тіптен мүмкін емес еді. Кеңестік дәуірдегі публицистикатану партиялық публицистика тұрғысынан қарастырылумен шектелді.
Қазақ публицистикасының түпқайнарларын айқындап, қалыптасу, даму арналарын ашып- анықтауды және соның барысындағы тақырыптық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді біртұтас бірлікте парықтап- пайымдауды мақсат тұтып, соған сәйкес төмендегідей нақты міндеттерді алдымызға қойдық:
Жұмыстың нысаны. М. Ғабдуллин публицистикасы, автор туындыларындағы тақырып кеңдігі, сан алуандығы, ақын шығармашылығының тілдік, көркемдік қырлары.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мәлік Ғабдуллиннің публицистикалық мұраларын қарастыру болып табылады. Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын зерделеу.
Қаһарман жазушы шығармашылығының ерекшеліктерінің басты сипаттары: көзбен көрген жайттарды очерк, новелла, эпистолярлық туындылар арқылы зерттеп-зерделеуі, өзі танып-білетін мәселе төңірегінде кең көлемді талдау-саралау мүмкіндіктері, ой-сөз жүйесіндегі айқындық, дүниетаным арналарының кеңдігі т. б. жан-жақты назар аудару.
Осы мақсатқа жету барысында төмендегі мәселелерді негізгі назарда ұстау міндет етілді:
- М. Ғабдуллин туындыларын тақырып табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі тұрғысынан қарастыру;
- ақын өлеңдеріндегі адам әлемі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті жайлы авторлық көзқарас арнасына мән беру;
- ақын поэзиясын зерттеу негізінде шығармашылық үрдіске жіті көңіл бөлу, ақын қолтаңбасын, яғни стилін анықтау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
- Ж. Нәжімеденов өлеңдеріндегі көріктеуіш құралдар, сөз қолданысының (өзіндік) сипаты ұлттық-мәдени болмысымен ерекшеленіп, астарлау тәсілі арқылы берілген мағыналар оның саналы мақсатын (прагматикасын) көрсетеді; сөз қолданыс, сөз таңдау, сөз құбылту сияқты көріктеу құралдарының өзіндік дәйектері құм, дала, топырақ т. б. ұғымдармен астасып жатады;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын - «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша, арнаулы курс пен практикалық сабақтарда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ әдебиетіндегі публицистика
1. 1 Қазақ публицистикасының қалыптасуы мен дамуы
Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ. Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді.
Сөйтіп адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы - публицистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың бірі еді.
Көрудің, естудің және сөйлеудің қосылуы негізінде адамдардың қоршаған орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл осы кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси пікір таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары кейінірек парламенттік мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі «парламент» сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда «раrler» «сөйлеу» деген мағынаны білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда болуы - публицистикаға негіз болған екінші бір кұбылыс болып саналады.
Халқымыздың ақындары, батырлары, хандары мен билері, ақсақалдары мен әулиелері тауып айтқан асыл сөздің маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық.
Бүгінгі қазақ публицистикасының бір бастау бұлағы сол халық даналығында жатқандығын жадымызда әрдайым ұстауымыз керек.
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша тарихи деректердің көрсетіп отырғанындай, Еуропа мен Азия кұрлықтарының Ұлы даласын мекендеген біздің бабаларымыз сол кездегі рулар мен тайпалар тек аңшылықпен, мал өсірумен ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа таңбалап, ескерткіш белгі етіп қалдырған.
Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.
Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистолографияның алғашқы көріністері туды.
Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.
«Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн»[8, 8 ] .
Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні жайлы айтсақ, бұл латынның рublic - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бұдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы «қоғамдық» деген сөзге тікелей қатысты.
Публицистика - өмірдің әлеуметтік-экономикалық өндірісті, ғылыми және басқа рухани құбылыстардың, өмір фактілерін өзіне арқау ететін әдеби жанр. Публицистика осы заманғы көкейкесті тақырыптарды қозғайтын қоғамдық-саяси әдебиет. Публицистика - саяси-көркем проза, қаламгерлердің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді толғауы. Публицистика - ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы - шындық. Публицистиканың нысаны - өмір, зерттеу негізі - адам. Публицистиканың қоғамдағы орны ерекше, себебі ол оқырмандарға өмірдің шындығын жеткізеді. Халықтың өмірлік күрес тәжірбиелерін байытып, оны насихаттайды. Публицистиканың жанрлары да әр алуан: газет-журналдардағы бас мақалалар; саяси, насихаттық, проблемалық, шолу мақалалар, очерктер, репортаждар мен интервьюлер, памфлеттер мен фельетондар, рецензиялар, листовкалар, үндеулер, прокломациялар, арнау, ашық хаттар, мемуарлар, т. б. [1, 437] .
А. Байтұрсынұлы әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ тіліндегі тұңғыш зерттеу еңбек болып табылатын «Әдебиет танытқыш» кітабында публицистиканы «көсем сөз» деп аударып: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезінде әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу ыждаһатымен айтылады» деп жазды. Публицистикалық шығармалар фактінің негізінде, өмірдің терең тамырларынан туады.
Публицистика (от лат. publicus - общественный) - род произведений, посвященных актуальным проблемам и явлениям текущей жизни и общества; играет важную политическую и идеологическую роль как средство выражения плюрализма общественного мнения, в том числе формирующегося вокруг острых проблем жизни. Публицист - писатель, журналист, автор публицистических произведений.
Баспасөз Жанрлары - мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат) және көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, публицистика, эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т. б. ) бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т. б. ) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады.
Қазақ публицистикасын тегіне, түріне қарап былайша бөлуге болады:
1. Публицистиканың тектік тұрғыдан алғандағы жүйелерін үш топқа жіктеуге болады:
а) ақпараттық-оқиғалы публицистика;
ә) талдамалы публицистика;
б) көркем публицистика.
2. Публицистиканың түрлік жағынан алғандағы типологиясы:
а) қоғамдық-саяси публицистика;
ә) экономикалык, публицистика;
б) моральдық-этикалық публицистика;
в) әдеби публицистика;
ғ) сыни публицистика;
г) ғылыми-танымдық публицистика;
д) әскери публицистика.
3. Жанрлық тұрғыдан алғанда:
а) ақпараттық-оқиғалы публицистика тобына: заметка, есеп, репортаж, сұхбат;
ә) талдамалы публицистика тобына: корреспонденция, мақала, шолу, рецензия, баспасөзге шолу, хат (эпистолярлық жанр ретінде), түсіндірме (комментарий) ;
б) көркем публицистика тобына: суреттеме, очерк, фельетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.
4. Публицистикалық шығармаларды стильдік тұрғыдан:
а) полемикалық публицистика;
ә) үгітшілік публицистика;
б) насихатшылдық публицистика;
в) сатиралық публицистика;
ғ) эпистолярлық публицистика;
г) талдамалы-сыни публицистика;
д) деректі публицистика;
е) іскерлік публицистика,
- деп жіктей аламыз.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына орай:
а) газет публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика;
ә) радиопублицистика;
б) телепублицистика;
в) фотопублицистика;
ғ) кинопублицистика, - болып жіктеледі.
6. Сондай-ақ кеңестік дәуірдегі қазақ публицистикасы ағартушылық, үгітшілік, насихатшылық, ұйымдастырушылық, әшкерелеушілік, анықтамалық, жарнамалық, танымдық функцияларды атқарды.
Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасының әр жанры әр түрлі деңгейде баспасөзден орын алып отырды. 20, 30-шы жылдары заметка, хат, мақаланың проблемалық түрі, фельетон сияқты публицистика жанрлары көбірек көрініс тапты. 40-шы жылдары публицистикалық мақала, памфлет, үндеу, рух көтеруге бағытталған хаттар түріндегі публицистика ерекше дамыды. 50, 60, 70-ші жылдары очерк өз дамуының биігіне жетті. Очерктің физиологиялық, социологиялық, экономикалық, проблемалық-аналитикалық, портреттік, сапарнама, психологиялық, лирикалық, т. б. түрлері бірінен соң бірі жарқырап көрінді.
Осы жылдары публицистикалық мақаланың «өлеңмен жазылған қарасөз» түрлері ерекше ынта-ықылас туғызды. Фельетон жанры қайта өрлеу жолына түсті. 80-ші жылдары сұхбат жанры мен репортаж кең қолданылды. Сұхбаттың диалог түріне қоса, сұхбат-монолог, сұхбат-хабар, сұхбат-суреттеме, сұхбат-пікір, сұхбаттың анкета түрі, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы сияқты бірнеше жаңа түрлері қолданысқа енді. Кеңестік дәуірдің барлық кезендерінде де заметка, корреспонденция, есеп, бас мақала, рецензия, шолу, баспасөзге шолу, мақала жанрлары баспасөз бетінен түскен жоқ. Мұның бәрі де дәуір мазмұны - сол дәуірдің өзіне тән түрді қажетсінетіндігінің айқын көрінісі.
Тәуелсіздік кезеңінің алғашқы жылдарындағы публицистикалық шығармалар сараланды.
Демократия мен жариялылықтың нәтижесінде тарихтағы көптеген актаңдақтардың беті ашыла бастады, ұлт тағдыры, ұлттық сананың калыптасуы, мемлекеттіктің қалыптасуы сияқты өзекті мәселелерге баспасөз бетінен орын беріле бастады. Публицистер халықтың тарихта кеткен есесін қайтарып беру жолында қалам қайратын жұмсады, ел намысын оятуға, жұрт санасын сілкіндіруге бағытталған рухани серпіліс жасауға көшті. Бұл әсіресе 90-шы жылдардағы қазақ баспасөзінен, онда жарық көрген публицистикалық шығармалардан айқын көрініс тапты.
Дәл осы кезеңде қазак публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол - азат ойлық, еркін сөздің дәуірі еді.
Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді көтергенде ғана, оның әсер-ықпалы зор болатындығы белгілі. Сондықтан 90-шы жылдардағы ең өзекті мәселелерді алға тартқан публицистикалық шығармаларға мынадай ерекшелік тән болды .
90-шы жылдардағы қазақ баспасөзінде көрініс тапқан негізгі тақырыптар мынандай болып келді: 1) тәуелсіздік; 2) Қазақстан территориясының тұтастығы; 3) тіл саясаты; 4) егемендік; 5) қазақтар туралы; 6) қоғамды жаңғырту жолдары; 7) қазақтардың тарихи атамекеніне оралу мәселесі [34, 43] .
Бұл жаңа дәуірдегі жанрлық, түрлік өзгешеліктерге назар аударсақ, әсіресе сыни корреспонденция, корреспонденция-толғаныс, ғылыми-публицистикалық мақала, проблемалық мақала, полемикалық мақала, тарихи-танымдық очерк, сұхбат, шолу, хат, есеп, жолсапар очеркі жанрларындағы шығармалар кездеседі. Дербес және бір тектес заметкалар мол басылды. Мұның өзі шет елдік жеңіл ақпараттық баспасөзге еліктеуден, әрі күнделікті оқиғалар туралы тез хабарлаудан туған қажеттілік еді.
Памфлет, баспасөзге шолу сияқты жанрлар мүлдем көрінбей кетті. Ал репортаж, фельетон, рецензия жанрларында жазылған публицистикалық шығармалар сирек кездеседі. Бас мақала жанрының орнына оның «Редактор бағанасы», «Серкесөз», «Ойтүрткі» сияқты жаңғырған түрлері пайда болды. Сұхбаттың қолданылу аясы кеңейді. Жаңа пішіндер пайда болды. Көп жарияланымдар сұхбаттың монолог, диалог, сұхбат-пікір, сұхбат-толғаныс, баспасөз конференциясы, брифинг, жедел сұрау салу (блиц-опрос), контрвью (қарсы интервью) түрлерінде берілетін болды. Радиопублицистикада, телепублицистикада радиокөпір, телекөпір, телефон арқылы байланыс сияқты сұхбаттың жаңа түрлері кең қолданысқа енді. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі кіл мақтау мен марапатқа құрылатын портреттік очерктер мүлдем жарияланбайтын болды. Оның орнына шағын суреттемелер берілетін болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz